Қазақстан Республикасы құқық қабілеттіліктері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІКТЕРІ
1. 1 Азаматтардың құқықтық қабілеті және азаматттардың құқықтық субъективтілігі . . . 8
1. 2 Азаматтардың құқықтық қабілеті туралы түсінік, мазмұны және оның шамалары . . . 11
1. 3 Азаматтардың құқықтық қабілеттерінің теңдігі, туындауы мен тоқтауы . . . 16
1. 4 Құқықтық қабілеттің шеттелмеушілігі және оны шектеудің мүмкін еместігі . . . 18
2 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2. 1 Қазақстан Республикасының азаматтық құқығында азаматтардың іс-әрекетке қабілеттілігінің жалпы ережелер . . . 21
2. 2 Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың азаматтық құқық қабілеті . . . 29
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 35
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Құқық қабілеттілік, іс-әрекет қабілеттілік және оларды шектеу» меніңше бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады, өйткені ол қонституциямен танылған адам құқықтарының ең басысының бірі болып табылады және оны шектеуге байланысты мәселелерді шешу өте күрделі мәселеге үштасуда. Себебі ол мәселе жеке адмның ғана емес бүткіл қоғамның мүдделерін қозғап отыр.
Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Құқық қабілеттілік, іс-әрекет қабілеттілік және оларды шектеу мәселелерінің мәнін ашу, құқық және іс-әрекеттке қабілеттігінің шектелуі туралы істер бойынша өндірістері талдау жасау.
Көздеген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді алға қойямыз:
- азаматтардың іс-әрекет қабілеттілігін шектеу жөніндегі істерді қараудың процессуалдық ерекшеліктерін ашу;
- іс-әрекет қабілетінің шектелуі туралы арыздар қабылдау тәртібініне анализ жасау;
- іс-әрекет қабілетінің шектелуі және оны орындау туралы сот шешіміне талдау жасау;
Зерттеу пәні. Құқық қабілеттілік және іс-әрекет қабілеттіліктің өзі болып табылады. Зерттеу жұмысында құқық қабілеттілік және іс-әрекет қабілеттілік сондай-ақ оларды шектеу мәселелерін қарастыру адам құқықтары аясындағы мәселелерді қарастырудың теориялық және тәжірибелік жақтарына жалпы мінездеме беріліп оларға талдау жасалынады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Бұл курстық жұмыста алғаш жалпы құқық қабілеттілік және іс-әрекет қабілеттілік мәселелері қарастырыла келе оларды шектеу мәселелерін ерекшеліктері мен сотта қарау прцедуралары және сот тәжірибесі жан-жақты көрсетілген.
Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтык кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дейтұрғынмен, құкық қабілеттілігінің теңдік принципі нақты субъективтік кұқық шеңберінде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіңдігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек.
Азаматтык Кодекстің 18-бабы 1-тармағында былай деп жазылған: "Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де кұқықкабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігін шектеуге болмайды. " . " Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін.
Қазақстан азаматтарының негізгі конституциялық құқығының сот тарапынан қорғалуына негіз беретін Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына байланысты құқықты қорғаудың сот жүйесін кеңейту мәселелері ерекше мәнге ие болады. Конституцияда «Әркімге құқығы мен еркіндігін сотпен қорғауға кепілдік берілетіні» бекітілген. Кез-келген құқықтық нормаларды қолданудың барлық жағдайларында санкциялар қолдану да туындап, белгілі субъективтік құқықтарды шектеуге әкеліп соғады. Мұны ғалым-заңгерлер әділ соттылық әдістерін қолдануда ең тиімді деп есептейді. Құқықтық қабілет - азамматың субъективтілік құқығына қабілетін аңғартады. Азаматтық заңдылықта құқық нысаны туралы түсінік ең келелі болып табылады. Оның астарында осв құқық саласы мен реттелетін мүліктік және мүліктік емес қатынастарға қатысушы ретінде қатысатын тұлға айтылады. Ең бастысы, оның іс-әрекет қабілеттігі шектеліп, қабілетсіздігі танылған жағдайдағы құқығы мен міндетін осылай анықтауға болады. Себебі, бұл азаматтық құқықтыңбарлық салаларына қатысы бар деп есептеледі. ҚР Азаматтық кодексінің бірінші тарауының екінші тараушасы «Тұлға» деп аталады және оған үш тарау енеді. Олардың біреуі «Азаматтар. Жеке түлғалар» деген атауға ие. Сөйтіп, ол азаматтық құқықтың жеке нысандарына, ал қалған екеуі заңды тұлғаларға және Қазақстан Республикасындағы азаматтық заңдылықтарды реттеуге қатысты құрылымдарға арналады. Біздің заңдарымыз бойынша азаматтық-құқықтық қарым-қатынас нысандары қатарына ең алдымен қоғам мүшелері болып табылатын адамдар кіреді. Оған қоса тұлғаның азаматтық құқықтық жағдайлары жайлы, адам мен азамат құқықтары туралы да аз айтылмайды. Осы аталған түсініктердің ішінде оған азаматтық құқық нысаны түсінігі қайсысы көбірек сәйкес келеді? Осы мақсат үшін «Тұлға» түсінігін қолдану тура емес болар еді, өйткені тұлға психология мен философия ілімдерінде айтылған ұғымдарға белгілі психикалық даму деңгейін иеленетін қоғамдық қатынас нысаны екені ауызға алынады. Белгілі жас деңгейіне жеткен, психикалық салауатты адамға тұлға сапасы оған интеллектуалдық және рухани қырларына, қоғамдық қатынастарға қатысуға, өз бағытын қалыптастыруға, өз іс-әрекеттеріне жауап беруге қабілетін көрсетіп, соған тән екенін байқатады. Сәйкесінше, кез келген адамды тұлға деп есептей алмаймыз. «Тұлға» түсінігі «адам» ұғымымен салыстырғанда өте тар болып табылады. Заң әдебиеттерінде адам тұлға болып тумайды, өмір сүре келе оған қалыптасады деп аталып көрсетіледі. Азаматтық құқық нысандарын тану тек тұлға сапасын иеленбейтін (жас балалар, жүйке дертімен ауратындар) адамдарды ғана танымау екенін аңғартар еді. Мұндай шешім адамның жасы мен денсаулық жағдайына қарамастан әр адамның азаматтық құқығы нысанын танитын азаматтық заңнамаға қарама-қайшы келер еді. Сондықтан “адам” ұғымы құқық нысанындағы мағынада халықаралық әртурлі құжаттар мен заңдарда кеңінен қолданылады. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған “Адам құқығы жалпы декларациясының” 6 бабында “Әр адам, қайда болмасын оның құқықтық субъктивтілігін тануына құқық иеленеді” деп жазылған.
Ал біздің басты заңымыз-конституцияда да бұл талаптар баса назарға алынады. Адам және азамат құқығы мен еркіндігі декларациясында “әркімнің Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға және тоқтатуға құқық иеленетіні” қарастырылады. Демек, адам мұндай жағдайларда өзіне тән психикалық даму формасы-сананың биологиялық және әлеуметтік бастауларын біріктіретін жаратылыс екені анық нәрсе. Адам-қоғамдық зат. Адам құқығы декларациясында айтылғандай, “адамзат отбасының” мүшесі. Осылайша адамды қабілетінен айырып, іс-әрекет кеқабілетін шектеу өте өзекті мәселе деп түсіну керек. Сондықтан осы процеске қатысушылардан азаматтардың конституциялық құқығының және заңдардың нақтылы, қатаң сақталуын талап етелі. Міне, бүгінгі зерттеу жұмысы да алдымен осы мәселелерге назар аударады. Мен де өзімше бұған әрекеттеніп, құқық қабілеті мәселелеріне талдау жасауға тырыстым. Іс-әрекетке қабілеттілік-азаматтың өзінің іс-әрекеттерін иеленуге және азаматтық құқығын жүзеге асыруға, өз іс-әрекетімен азаматтық міндеттерді жасап, азаматтық қоғамның толыққанды мүшесі болып табылатын қабілеті. Іс-әрекетке қабілеттілік негізінен кәмелет жасқа жеткенде, яғни, 18 жасқа толғанда, сол шақтан бастап алады. Іс-әрекетке қабілеттіліктің құқықтық қабілеттен айырмашылығы адам 18 жасқа толуы бойынша, өз іс-әрекетінің мәнін түсініп, оны басқару мен оның салдарларын көру мумкіндігі болатынынан байқалады. Дәлірек айтсақ, осы жастан бастап, азамат шарттар жасасып, өз меншігін басқарып, өзге де заңдық іс-әрекеттерді жасауға және оған жауап беруге дербес қам жасай алады. Шындығында, сот тәртібі де азаматтың іс-әрекет қабілетін шектеу немесе айыру жағдайлары үшін қолданылады. Сондықтан азаматтардың құқықтық қабілеті мен іс-әрекетке қабілеттілігін негізсіз шектеуден соттық кепілдеме тұлғаға жанаспаушылыққа конституциялық ең өзекті бөлшектерінің бірі болып табылады. Дене, ізгілік және әлеуметтік жағынан ғана емес, тұлғаның құқықтық жанаспаушылық жағдайына кепілдік беретін тұлғаға жанаспаушылықтың конституциялық құқығын кеңінен негізгі түрде сипаттау ұсынылады. ҚР Азаматтық Кодексінің 14 бабында заңда қарастырылған жағдайлар мен тәртіптерден басқасында құқықтық қабілет пен іс-әрекет қабілеттілігінен шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодексте (26 бапта) азаматты қабілеттіктен, яғни, іс-әрекетке қабілеттіліктен толық айыру, егер ол жүйке ауруы немесе кем ақылдылық салдарынан болса, өз іс-әрекеттеріне есеп бере алмаса және оны игере алмаса болатыны танылады. Іс-әректке қабілеттілікті шектеу ішімдік ішіп, есірткі затын тұтыну салдарынан өз отбасын қиын материалдық жағдайда қалдыратын азаматқа қатысты жол беріледі (ҚР Азаматтық Кодексі, 27 бап) . Осы зерттелетін жұмыста азаматтық шектелген іс-әрекеті қабілетін тану туралы іс бойынша сот өндірісі тұлғаның өзін игеруі, және еркіндіктерін, ар-ожданын қандай болмасын тараптан заңсыз қол сұғушылықтан қорғау мүмкіндігін мемлекеттік жағынан азаматтық-процессуалдық заң құралдарымен белгіленген тәртібі ретінде қарастырылады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІКТЕРІ
1. 1 Азаматтардың құқықтық қабілеті және азаматтардың құқықтық субъективтілігі
Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құкық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтың құқық қабілеттілігі) барлықазаматтарға бірдей дептұжырымдалады. Конституция-ның 14-бабына сәикес заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдықжәне мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымы-на, түрғылықгы жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтык кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дейтұрғанмен, құкық қабілеттілігінің теңдік принципі нақты субъективтік кұқық шеңберінде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіңдігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азамат (жеке тұлға) азаматтық құқық қатынасының қатысушысы ретінде, оны жекелейтін және оның құқықтық жағдайына әсерін тигізетін қоғамдық және жасанды белгілері мен қасиеттерін иеленеді. Осылайша бұған оның атын, азаматтығын, жасын, отбасы жағдайын, жынысын енгізу қажет етіледі. Азаматтың (жеке тұлғаның) аты. Әрбір адам азаматтық құқық қатынастарына белгілі бір атпен қатысады. Тиісінше жамылғы (ойдан шығарылған атпен) немесе жасырын (атаусыз) есіммен өте аракідік қана салыстырылады. Есім-азаматтың азаматтық құқықтық қатынасына қатысушы ретінде жекелену құралының бірі болып табылады. “Есім” Қазақстан халықтарының көпшілігінде тегін, өзінің аты мен әкесінің атын қамтиды. Бірақ Қазақстанның кейбір халықтарының ұлттық дәстүрлері мұндай түсінікті білмейді, әкесінің аты ретінде және ол ресми жеке құжаттарында көрсетілмейді. 90-шы жылдардың басында еліміздің бұқаралық ақпарат қүралдпрында батыс елдерінде қабылданған дәстүрге көп көңіл бөлініп, жеке тұлғаның тегі мен атын ғана көрсету өмірге ене бастады. Дегенмен, батыстық мұндай үлгі Қазақстан дәстүрлеріне сәйкес келе бермейді жіне біздің жағдайымызда тек белгілі бір ортада ғана қолданылатын “еркіндік” ретінде қалады. Ал ресми құжаттарда азаматтық толық аты: тегі, өз аты иен әкесінің аты (қашан ұлттық дәстүрлер «әкесінің аты» түсінігін білмеген жағдайлардан басқасында) көрсетілуі тиіс. Біздің азаматтық заңдылығымыз ҚР Азаматтық кодексін қабылдағанға дейін азамат атына байланысты қарым-қатынастарды реттейтін нормаларды анықтаған жоқ. Бірқатар нормалар еліміздің Неке және отбасы туралы кодексінде жазылды. Онда ауыспалы аты, әкесінің аты және тегіне қазіргі уақытта заң азаматтық есімі-бұл ең алдымен азаматтық заңдылық дәрежесі екнін таниды. Мұндай шешім азаматтық құқық әрекеті саласын анықтайтын негізгі талаптарға толығымен сәйкес келеді. Заңға сәйкес азамат азаматтық құқық пен міндетті өз есімімен иеленеді және жүзеге асырады. Сондықтан басқа тұлғаның атымен құқықтар міндеттерді иеленуге жол берілмейді. Өз атына құқық-азаматтық (жеке тұлғаның) тұлғаның мүліктік емес құқғы болып табылады. Орыстың көрнекті ғалымы И. А. Покровский тұлғаның ішкі сыры бай болған сайын, ол өз есімін қастерлеп, сақтауға тырысады, деп атап көрсетеді. “Бәріне белгілі, өз есімін қастерлеп сақтайтын ақсүйектер, ол құндылық деп түсінетін, уақыт өте келе адамды өзінің осы құндылықтары арқылы санасын қалыптастыратынын адамның ортақ қағидаларын орнықтырады”. Бұл біздің уақытымызда да толық қолдануға болатын сипат. Азаматқа тиесілі ардақты есімі Азаматтық кодексте және басқа заңдарда қарастырылған жағдайларда және тәртіпте қолданады. Басқа жолмен жекеленбейтін және берілмеітін жақсылықтар қатарына қосылады. Әсіресе, есіміне байланысты құқықтарды қорғау оның атын бұрмалау, не азаматтың есімін оның ар-ожданына немесе іскерлік қасиетке қатысы болатын жүйелер мен түрлерінде қорғау қарастырылады. Азамат 16 жасқа толғанда заңда белгіленген тәртіпте (Азаматтық кодекске сәйкес атын, тегін, әкесінің атын қоса) өз атын өзгертуге хақысы бар. Бұл ретте ол өзінің бұрынғы атына ресімделген құжаттарға сәйкес өзгертулерді немесе оларды ауыстыруды (төлқұжат, туу туралы куәлік, неке туралы куәлік, диплом және т. б. ) өз есебінен енгізуді талап етуге құқылы. Азаматпен атын өзгерту бұрынғы есімімен алған оның құқығы мен міндеттерін тоқтатү немесе өзгерту үшін негіз болып табылмайды. Бұған қоса, азамат өз атының ауысуы туралы қарызгерлері мен несиешілерін хабардар ету үшін қажетті шара қолдануға міндетті. Атының ауысуы туралы мәліметтердің осы тұлғаларда болмауынан туындаған себеп-салдарларға жауапкершілік атқаруға міндетті. Азаматтардың тегін өзгертудің кейбір жағдайлары отбасы заңында да қарастырылады. Мысалы, некеге отырған кезде және некені бұзған шақта тегін өзгерту тәртібі жүйеленеді. Ата-аналар арасында неке бұзылған кезде баланың тегін өзгерту, сондай-ақ балалрдың тегін, атын, әкесінің атын 18 жасқа толмағанда, оларды асырап алғанда да тиісінше шешімін табады. Азаматтың туған кезде алған аты (тегі, аты, әкесінің аты) туралы деректер, сондай-ақ атын ауыстыру азаматтық хал актілерін тіркеу үшін белгіленген тәртіпте тіркеуге жатады. Бұл тәртіп отбасы заңдарында да қарастырылады.
1. 2 Азаматтардың (жеке тұлғалардың) құқықтық қабілеті туралы түсінік, мазмұны және оның шамалары
Құқықтық қабілет туралы жалпы түсінік заңда беріледі. Құқықтық қабілет-азаматтық құқықты иелену және міндеттерді атқару қабілеті. Бұдан, құқықтық қабілет осы құқықтар мен міндеттердің нысаны болу қабілетін, заңда қарастырылған немесе жол берілетін кез келген құқық немесе міндетті иелену мүмкіндігін білдіреді. Аталған жағдайдағы құндылық құқықтық қабілет болған кезде нақтылы субъективті құқықтар мен міндеттер туындау мүмкіндігімен көрініс береді. Ол-оның туындаудың қажетті жалпы алғы шарты, сондай-ақ оны жүзеге асыру құралы. Құқықтық қабілет еліміздің барлық азаматтарымен танылады. Ол адам дүниеге келген сәттен туындап, ол қайтыс болғанда аяқталады. Демек, құқықтық қабілет адамнан бөліп алуға болмайтын нәрсе, ол оның өмірі бойында жасы мен денсаулық жағдайына қарамастан құқықтық қабілетті болады. Бірақ бұдан құқықтық қабілет адамның табиғи сипаты, көз, құлақ және т. б. деп тұжырым жасау да жөн емес. Дегенмен, құқықтық қабілет адам дүниеге келгенде туындайды, ол табиғаттан өз арнасын алмайды, заң қуатынан табады. Осылай өзін заңдық мүмкіндікті анықтайтын қоғамдық-заңдық сипаты екенін ұсынады. Тарихта адамдардың үлкен топтары сол әрекет еткен заңдармен құқықтық қабілетінен айрылған замандарда болған. Бұған құл иеленушілік қоғамдағы құлдарды қосуға болады. Заң әдебиеттерінде азаматтың құқықтық қабілеті азаматқа тән белгілі мінез-құлық (немесе сипаты) ретінде жиі қарастырылады. [6] Бұл заңнан туындаған сипаты, сондықтан құқық пен міндет қабілетіиен көрініс беруі мүмкін. Қабілет заңдық мүмкіндіктен басқаны аңғартпайды ғой. Мұндай мүмкіндік заңмен қарастырылып, онымен қамтамасыз етіледі. Ол өз алдына белгілі субъективті құқықты әрбір нақтылы тұлғада ұсынылады. “Құқықтық қабілет, -деп жазды С. П. Братусь, - ол құқық пен міндет нысаны”. Құқықтық қабілетті белгілі бір субъективті құқық ретінде түсіну біздің заң әдебиеттерімізде сөзсіз негіздемесін алды. Құқықтық қабілет туралы нормалар заңда басқа барлық субъективтік құқықтарға қарағанда ең алдына қойылатынын атап өткен жөн. Сонымен заң шығарушы оны ерекше бағыт екенін баса көрсетіп, субъективтік құқықтардың кез келгені үзіліссіз байланыста болады, ал азаматтың құқықтық қабілетсіз ешқандай субъективті азаматтық құқық мімкін емес. Егер құқықтық қабілет өз алдына субъективтіқұқықты ұсынса, онда оның ерекшеліктерін ашып, басқа субъективтік құқықтарға қарағанда шектеу қажет. Ал басқа субъетивтік құқықтардан құқықтық қабілет ең алдымен осының алдында айтылғандай дербес мазмұнымен өзгешеленеді, заңда қарастырылған азаматтық құқықтыр мен міндеттерді иелену қабілетімен көрініс табады. Бұған қоса, азаматтық құқықтың қабілеті басқа құқықтардан өз бағыты бойынша да ерекшеленеді. Ол әрбір азаматқа заңдық мүмкіндікті қамтамасыз етіп, нақтылы азаматтық құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Үшінші ерекшелігі тұлға мен құқық қабілетінің тығыз байланысымен байқалады. Себебі, заң оны жекелеуге жол бермейді. Азаматтық кодекске сәйкес құқық қабілетін шектеуге бағытталған мәмілелер қағыс қалады. Сонымен, азаматтық құқықтық қабілеті - әрбір азаматқа тиесілі және одан бөліп алуға болмайтын құқық, оның мазмұны кез келген заңмен азаматтық құқық пен міндетке жол берілетін қабілетпен (мүмкіндікпен) ерекшеленеді. Заң құқықтық қабілеті барлық азаматтармен тең дәрежеде танылатын азаматтық құқықты иелену мен міндеттер атқару қабілеті. Сондықтан ол абстрактілікке және жекеленбеушілікке тән болады. Азаматтардың құқықтық қабілеті азаматтық кодекске сәйкес азаматтар иелене алатын құқықтыр мен міндеттер кешені арқылы ашылады. Осыған байланысты азаматтардың құқықтық қабілетіне сипаттама беріп, ол азаматқа психофизикалық ерекшелік ретінде сипатталады. Бұл әлеуметтік-заң жағынан сапалық белгілерін көрсетеді. Құқықтық қабілет субъективті құқық ретінде, оны жүзеге асыру нәтижесінде туындаған нақтылы субъективті құқықтармен араластыруға болмайды. Құқықтық қабілетті бөлу негізінен заңмен қарастырылып, жол берілетін нақтылы құқықтар мен міндеттерді екенін көрсетпейді. Құқықтық қабілет әдебиеттерде аталып көрсетілгендей, бұл құқықты иелену, оның алғы шарты үшін негңз ғана бола алады. Әрбір азаматпен заң көптеген мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иелену қабілетімен танылады, бірақ нақтылы азамат ешқашан олардың барлық жиынтығын иелене алмайды, ол тек осы құқықтардың бір бөлігін ғана иеленеді. Сонымен, әркім ашқан жаңалыққа авторлық құқық ала алады, бірақ мұны барлығы бірдей иелене алмасы анық. Нақтылы субъективтік құқықтарды алу және олармен иелену құқықтық қабілеті жүзеге асыруды білдіреді. Бұл ретте субъективті құқықтар көлемі азамат қалай жұмыс істейді, қанша табыс табады, онда қандай қажеттіліктер бар, соған байланысты болады. Кім көп және жақсы жұмыс істейді, кім табиғи талаптар мен қабілеттерді иеленеді, оларды белсенді жүзеге асырады, кім саналы түрде тапқанын пайдаланады, сол ең жақсы материалдық және өзге де игіліктерге, интелектуалдық шығармашылық нәтижелеріне құқықтарды иеленеді. Бұл кез келген қоғамдағы заңды құбылыс болып табылады. Азаматтардың құқықтық қабілетінің негізін азаматтар заңға сәйкес иеленетін сол мүліктік емес құқықтарды қалыптастырады. Былайша айтқанда, азаматтардың құқықтық қабілетінің негізін құқықтың нақ өзі емес оны иелену мүмкіндігі құрайды. Қазақстан Республикасының азаматтары иеленуі мүмкін мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтардың болжамды тізбесі қарастырылатын азаматтар мүмкін:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz