Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Қожа Ахмет Яссауидың өмір баяны.
2. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы
3. Қожа Ахмет Яссауидың «Ақыл кітабы»
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Туылмай тұрып қайда едік? Өлген соң қайда барамыз? Болмыс қалай бар болған? Болмысты бар еткен жаратушы бар ма осы? Бар болса, Жаратушы мен болмыс арасында нендей байланыстар бар? Жаратқан Құдірет болмысты жаратқан соң қайда кетті? Әлде тастап кетті ме? Әйтпесе әрдайым бақылап отыр ма? Зат дегеніміз не? Материалды емес нәрселердің мәні не? Идеялар, ойлар қайдан шығады? Сезім, сүю, күю, ашулану, жек көру, кешіру, кек алу бұлардың барлығы қайдан келеді? Міне бұлар адам баласын мазалап келген мәселелер. Осы сияқты сұрақтарға жауап іздеу кейбір ақылдылардың машығына айналған. Олар өздерінен бұрынғы ойшылдардың айтқандарын електен өткізіп, Көкірек көзін ашып, жауап іздей бастайды. Міне фәлсәфаның да, сопылықтың да шығу себебі мен бастауы осылай қалыптасқан. Болмыс туралы мәліметті кітабы бар діндердің бірінен алып, ілімдеріңізді санаңызға ұялатып, жаныңыз жай табуы ықтимал. Әрине иманға келген соң сіз үшін сұрақ қою, жауап іздеудің керегі де болмауы мүмкін. Жаратқан иемізді, абсолюттік болмысты ғарыштың бір жерлерінде, періштелермен жайғасқан өте қуатты көру, сезу, есту қабілетіне ие ежелден бері бар болған, ешқашан жоқ болмайтын, барлық құпияларды білетін бұл фәниге оқтын-оқтын елші- пайғамбарлар жіберіп, адамзат үшін қағидалы заңдар жүйесін ұсынған періштелері арқылы адамзат баласын қадағалайтын бір періштелер арқылы адамзат баласын тәңір ретінде ұғып, осы иманыңызбен жаныңыз жай табуы мүмкін. Бірақ біреулердің дұрыс түсініп түсінбеуіне де ренжуге болмайды. Өйткені, ұлы жаратушы ойлау қабілетін әр түрлі жаратқан. Жоғары ойлау қабілетіне, санасына ие адамдар пайғамбарлардың келген жолдарына қайран қалыап, оларға қызығушылықпен қарайды. Өздерінің кім екендіктерін білгілері келеді. Терең ойға батып, қиялдарға беріледі. Идеялардың түп негізіне жетіп, ойлаудың да шарасынан асып, ақылдың тұтастығына ұмтылады. Осы жолда ілім дамытып, зерттеп, біз біле бермейтін ақиқаттарға ұласып, ерендердің қатарына қосылады. Міне, сопылық деп осыны айтады.
1. Ә.Н.Нысанбаев. «Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымындағы адам проблемасы» 46-бет.
2. Құрбанқоджаев С.Н. «Ясауи кереметтері». Түркістан. 2001. 10-бет,97-бет
3. З.Жандарбек. «Қ.А.Ясауи өмірі мен шығармашылығы.»Түркістан 1991. 24-бет.
4. Құрбанқоджаев С. Н. «Кейбір адамдардың ерекше кереметтері» Шымкент – Түркістан. 1995. 43-бет.
Құрбанқоджаев С. Н. «Яссауитану» Түркістан 2006

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Қожа Ахмет Яссауидың өмір баяны.
2. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы
3. Қожа Ахмет Яссауидың Ақыл кітабы
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Туылмай тұрып қайда едік? Өлген соң қайда барамыз? Болмыс қалай
бар болған? Болмысты бар еткен жаратушы бар ма осы? Бар болса, Жаратушы мен
болмыс арасында нендей байланыстар бар? Жаратқан Құдірет болмысты жаратқан
соң қайда кетті? Әлде тастап кетті ме? Әйтпесе әрдайым бақылап отыр ма? Зат
дегеніміз не? Материалды емес нәрселердің мәні не? Идеялар, ойлар қайдан
шығады? Сезім, сүю, күю, ашулану, жек көру, кешіру, кек алу бұлардың
барлығы қайдан келеді? Міне бұлар адам баласын мазалап келген мәселелер.
Осы сияқты сұрақтарға жауап іздеу кейбір ақылдылардың машығына айналған.
Олар өздерінен бұрынғы ойшылдардың айтқандарын електен өткізіп, Көкірек
көзін ашып, жауап іздей бастайды. Міне фәлсәфаның да, сопылықтың да шығу
себебі мен бастауы осылай қалыптасқан. Болмыс туралы мәліметті кітабы бар
діндердің бірінен алып, ілімдеріңізді санаңызға ұялатып, жаныңыз жай табуы
ықтимал. Әрине иманға келген соң сіз үшін сұрақ қою, жауап іздеудің керегі
де болмауы мүмкін. Жаратқан иемізді, абсолюттік болмысты ғарыштың бір
жерлерінде, періштелермен жайғасқан өте қуатты көру, сезу, есту қабілетіне
ие ежелден бері бар болған, ешқашан жоқ болмайтын, барлық құпияларды
білетін бұл фәниге оқтын-оқтын елші- пайғамбарлар жіберіп, адамзат үшін
қағидалы заңдар жүйесін ұсынған періштелері арқылы адамзат баласын
қадағалайтын бір періштелер арқылы адамзат баласын тәңір ретінде ұғып, осы
иманыңызбен жаныңыз жай табуы мүмкін. Бірақ біреулердің дұрыс түсініп
түсінбеуіне де ренжуге болмайды. Өйткені, ұлы жаратушы ойлау қабілетін әр
түрлі жаратқан. Жоғары ойлау қабілетіне, санасына ие адамдар
пайғамбарлардың келген жолдарына қайран қалыап, оларға қызығушылықпен
қарайды. Өздерінің кім екендіктерін білгілері келеді. Терең ойға батып,
қиялдарға беріледі. Идеялардың түп негізіне жетіп, ойлаудың да шарасынан
асып, ақылдың тұтастығына ұмтылады. Осы жолда ілім дамытып, зерттеп, біз
біле бермейтін ақиқаттарға ұласып, ерендердің қатарына қосылады. Міне,
сопылық деп осыны айтады.

Қожа Ахмет Яссауи.
(1094-1167 ж.ж)

Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы
ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы АхметЯссауи 1093 жылы немесе 1094
жылы көне Исфидзат (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы
Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған.
Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз
заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін
Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфахан, Бағдат қалаларынан
ұстаздар жалдап үйретеді. Он алты жасында-ақ болашақ ақын, шығыс поэзиясын,
әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. Он жеті жасынан бастап, өзі де
өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол
кездегі шойырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі –
түркі тілінде жазған. Иссауи шығармаларының құндылығы осында.
Алғаш рет білімді жергілікті ғұлама Арыстанбап бабадан алады, кейін
Бұхара қаласында дәріс алуға барып, парсының белгілі ғалымы Жүсіп
Хамаданиден білімін тереңдетеді. Соңынан туған жеріне қайта оралып, сопылық
білімін жалғастырады. Сопы ретінде Яссы (қазіргі Түркістан) қаласына келіп,
Яссауишілік атты діни ағымның негізін салады.
Ахмет – ел ішінде әділдігімен аты шыққан адам. Шешендігі мен ақылгөй
даналығы оны жерлестері арасында сый-құрметке бөлейді. Ахмет айтып еді
деген қанатты, ғибратты, діни өсиет-насихатқа толы сөздер елден-елге
тарайды.
Қазақ жерінің ортағасырлық мәдениетінің дамуында Яссауи жазған
Диуани Хикмет (Даналық кітабы). Қожа Ахмет Яссауи ислам дінінің қазақ
арасында кең тарауына үлкен үлес қосқан, шығармасын елге түсінікті етіп,
түркі тілінде жазған. Ол жергілікті халықтардың ескі дінін жоққа
шығармаған, қайта оны ислам дінімен ұштастырған.
Яссауидің Даналық кітабы кезінде Орта Азиядан бастап, Еділ
жағалауына дейінгі көшпенді түркі тайпаларының арасында кеңірек тараған.
Қожа Ахмет өзінің атақты Даналық кітабы аталатын циклді өлеңдерін
жазған. Ақын өз өлеңдерінде:
Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,
Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.
Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен,
Пәрмен болса, өлгенше жырласам мен , - деп даналық сөздердің 4 мың
400 жол екендігін ескерткен.
Қожа Ахмет жырлары әділдік, шапағаттық, мейірімділік, тақуалық,
шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге арналады:
Сөзімді айтам зейін қояр барша жанға,
Жан жылуын, жүрек отын аңсағанға.
Демеу болсын ғарып, пақыр, шаршағанға,
Кекірейген кердендерден қаштым міне.
Диуани Хихмет атты діни-сопылық қағидалармен қатар оқу, білім алу,
адалдық, имандылық, ізгі қасиетті болу, ақыл-парасатқа жету, жақсылық,
жамандық, төзімді болу, достық пен махабатты қастерлеу, әділетті болу, адал
жолмен жүру сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттады.
Қожа Ахметтің даналық сөздерінің көбі ұстазы Арыстанбаб жиі еске
алынады, ақын ұлы ойшылдың айтқандарына құлақ қойып, ой жібере қарауды
ұсынады. Менменділік, көрсе қызар кеудемсоқ, дүниеқоңыз болмауға, тәубаға
келуге ақыл-кеңес береді, яғни бабамыздың кихметтері толған ғибрат, мәнді-
мағыналы пікір, адамгершілік мұраттарына толы.
Қожа Ахмет базбір хикметтерінде надандарға сөзіңді қор етпе,
мейірімсіздерден қайырым күтпе, кісі ақысын жеме, арамдықпен мал жима,
өтірік айтпа, дүние байлыққа қызықпа, оның бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе
жоқ деген адамгершілік құндылықтарды жоғары ұстай отырып, жағымсыз
қасиеттерден адамдарды сақтандырады.
Шам айналып көбелектей түстім күйге,
Жалын атып, от боп жанып күйдім мен де.
Бұрынғыдан күрт өзгеріп бөгде болдым,
Алла түспес ауызымнан, пенде болдым.
Міне, осылай Аллаға деген сүйіспеншілігі арқылы адалдық пен ақиқат
жолын таңдаған ақын ақыры сопылық жолға түсіп, өзі айтқандай әділ сөйлеп,
адал жүрер жолда болып, тазалық тұрағына енген. Ақын баба өз хикметтерінде,
өзінен бұрын өткен даналар сөзіне зейін қойып, олардан үйренгендігін
жасырмағ ан.
Ол дүние жинамаған. Құдайдың құлымын. Мұхамедтің үмбетімін деп
санаған, басқаларды соған шақырған. 1993 жыл ЮНЕСКО шешімімен Қожа Ахмет
жылы болып жарияланды. Ержиес университетінде (Түркия) Қожа Ахметке
арналған халықаралық симпозиум өткізілді. Меккеге бара алмаған адамдар
Түркістандағы кессінесіне келіп, дұға оқытса да, жеткілікті деген сөз де
бар. Қазір Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік
халықаралық университеті жұмыс істейді.
Туылмай тұрып қайда едік? Өлген соң қайда барамыз? Болмыс қалай
бар болған? Болмысты бар еткен жаратушы бар ма осы? Бар болса, Жаратушы мен
болмыс арасында нендей байланыстар бар? Жаратқан Құдірет болмысты жаратқан
соң қайда кетті? Әлде тастап кетті ме? Әйтпесе әрдайым бақылап отыр ма? Зат
дегеніміз не? Материалды емес нәрселердің мәні не? Идеялар, ойлар қайдан
шығады? Сезім, сүю, күю, ашулану, жек көру, кешіру, кек алу бұлардың
барлығы қайдан келеді? Міне бұлар адам баласын мазалап келген мәселелер.
Осы сияқты сұрақтарға жауап іздеу кейбір ақылдылардың машығына айналған.
Олар өздерінен бұрынғы ойшылдардың айтқандарын електен өткізіп, Көкірек
көзін ашып, жауап іздей бастайды. Міне фәлсәфаның да, сопылықтың да шығу
себебі мен бастауы осылай қалыптасқан. Болмыс туралы мәліметті кітабы бар
діндердің бірінен алып, ілімдеріңізді санаңызға ұялатып, жаныңыз жай табуы
ықтимал. Әрине иманға келген соң сіз үшін сұрақ қою, жауап іздеудің керегі
де болмауы мүмкін. Жаратқан иемізді, абсолюттік болмысты ғарыштың бір
жерлерінде, періштелермен жайғасқан өте қуатты көру, сезу, есту қабілетіне
ие ежелден бері бар болған, ешқашан жоқ болмайтын, барлық құпияларды
білетін бұл фәниге оқтын-оқтын елші- пайғамбарлар жіберіп, адамзат үшін
қағидалы заңдар жүйесін ұсынған періштелері арқылы адамзат баласын
қадағалайтын бір періштелер арқылы адамзат баласын тәңір ретінде ұғып, осы
иманыңызбен жаныңыз жай табуы мүмкін. Бірақ біреулердің дұрыс түсініп
түсінбеуіне де ренжуге болмайды. Өйткені, ұлы жаратушы ойлау қабілетін әр
түрлі жаратқан. Жоғары ойлау қабілетіне, санасына ие адамдар
пайғамбарлардың келген жолдарына қайран қалыап, оларға қызығушылықпен
қарайды. Өздерінің кім екендіктерін білгілері келеді. Терең ойға батып,
қиялдарға беріледі. Идеялардың түп негізіне жетіп, ойлаудың да шарасынан
асып, ақылдың тұтастығына ұмтылады. Осы жолда ілім дамытып, зерттеп, біз
біле бермейтін ақиқаттарға ұласып, ерендердің қатарына қосылады. Міне,
сопылық деп осыны айтады.
Келіңіз, қаласаңыз бұл мәселені бірге қарастырайық.
Жаратылғандардың ең жоғарғы сезім мәртебесі болған, көрікті, әдемі Мұхаммед
Оқы деп басталған алғашқы құдайлық аян арқылы қандай жетістіктерге
жетті?! Оған дейін немен айналысты? Құрма бақтарында жүрді ме? Саудамен
айналысты ма? Жоқ әлде Хира тауларындағы үңгірде терең ойларға батып,
сопылық жолды сырларын ұғынып, ақиқатты іздеді ме? Егер осындай тәжірибелер
адамды пайғамбарлық дәрежеге жеткізген болса, Тәңірім басқаларға әулиелік
жолды неге бермесін?! Сопылықтың негізін ескі гректерден немесе үнділерден
іздеушілерге осындай ұсыныс жасасаң бір пайдасы болар ма екен?
Бір кісі Хз. Пайғамбарымыздың мәжілісіне келіп, былайша сұрақ
қойыпты: Ей, Алланың елшісі, иман дегеніміз не? Хз.Пайғамбар оған иманның
мәнісін түсіндіреді. Ол тағы да қайтадан: Ей, Алланың елшісі, ықылас
дегеніміз не? - деп сұрады. Хз.Пайғамбар оған тағы да ықыластың не екенін
баяндап берді. Адам тағы да сұрақ қойды: Ей, Алланың елшісі ихсан
дегеніміз не?. Сонда Пайғамбарымыз былайша жауап береді: Ихсан Алланы
көріп тұрғандай құлшылық ету деген сөз. Сен оны көре алмасаң да, ол сені
көріп тұр. Міне сопылықтың мақсаты осы. Ихсан сопылықты білдіреді. Яғни
Алланы көріп тұрғандай құлшылық ету. Сопылық оңай олжа емес. Ешкім
сопылықты оңай іс екен деп ойламасын! Керісінше өте қауіпті де қиын жол.
Бұл жолда кемелдікке жеткен пірің болмаса, жалғыз жеке қиынға соғады. Кемел
адам дегеніміз – осы жолдың қыр-сырын білетін, өз рухани арылу жолшылығын
бітірген, діннің ішкі-сыртқы жағын әбден меңгерген, Аллаға ұласқан адам
деген сөз. Ол сені жолға салып, бақылап, қауіпр қатерден сақтандырып,
ескертіп отырады. Сопылық жолында кемел ұстазы жоқ адамның аяғы тайып,
құздардан құлауы ғажап емес. Сопылық жолындағы қателіктердің бірі Жолды
мақсат санау болып табылады. Жолды құрғансып ұрандау, теріс түсініктегі
тарихатшылыққа апарып соғады. Ал жол адамға хаққа ашылу жолында рухани
тазару үшін өзінің талап тәсілдерін қояды. Жол тұрақтатушы емес, керісінше
жеткізуші, ұластырушы. Жол көрсетуші, әрі үйретуші. Бірақ ол мақсат емес.
Жол мақсатқа жеткізетін құралдардың жиынтығы. Мұны естен шығарғандар
шайықтың немесе әулиелік батпағына батады. Ондайлар шайықтарын, жолын
ұлылардың ұлысы санап, кейде тәңірдің орнына қойып, ширк қоқысына
малынып, масқара болады. Кейде өзін жол көрсетуші ретінде танытып, өз
жолынан көз жазып, сауда мен саясатты қолдану үшін айналасына шәкірт
жинайды. Өкінішке оай ондайлар да бар. Сопылық жолында Болдым, толдым,
енді басқаларды болдырам деп солдырып жүрген жандар да аз емес.
Әйтсе де мұндай құбылыстарға қарамастан сопылық жолы жалғасып
келеді. Ол шынайы да қажетті жол. Адамның рухани жетілу жолы. Сопылық
діннің мәні, шариғаттың жемісі болып табылады.
Сопылық дүниетанымында болмыс туралы әр түрлі қалыптасқан
түсініктер бар. Бұл жерде сопылық дүниетанымындағы болмыс туралы ортақ
мәселелерді қарастырғалы отырмыз.
Мысалы, қай жерде тұрсақ та, қалай тұрсақ та қоршаған әлемде
бағыттарға қатысты құбылыстарды жоғары-төмен ұығымдарымен анықтаймыз. Бұл
ұғымдар осы феномендер әлемі үшін шындық. Терезеден төмен қарай
қарағанымызда ол жақтың төменгі жақ екендігін білеміз және өзімізді төмен
қарай ешқашан тастамаймыз. Енді өзімізді бұл әлемде емес, ғарышта деп
есептейік, сонда әлгі феномен әлемі үшін қолданатын жоғары – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Яасауи
Қожа Ахмет Ясауи ілімі
Қожа Ахмет Йассауи өмірі
Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті
Қожа Ахмет Йассауи өмірі туралы
Ясауи ілімінің тарихи маңызы
Яссауи мұрасы
Қожа Ахмет Яссауи туындыларының әдеби-көркемдік қуаты туралы ғылыми-теориялық пікірлер
Қожа Ахмет Ясауидың педагогикалық еңбектеріндегі адамгершілік тәрбие мәселелері
Қожа Ахмет Яссауи өмірбаяны
Пәндер