Қазақстанның саяси жүйесі институттарының тарихи-эволюциялық тарихы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ОБ-001/033

Тақырыптың өзектіліг:

Қазіргі таңда қазақ халқы өзінің басты мақсатына жетуге, ұлттық мемлекеттігін қайта қалыптастыруға мүмкіндік алды. Біздің алға қарай тұрақты жылжуымыздың басты шарты-біздің қоғамымыздың алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі біртұтастығы, халықтың барлық жіктерімен топтарының ортақ міндеттерді шешуге бағытталған стратегия айналасында топтасуы. Егер біз қоғам мен халықтың түрлі топтарының қажеттіліктерін дұрыс ескеруге, басымдықтарды дәл айқындап, олардың іске асырылуын қамтамасыз етуге қабілетті болсақ, онда бұл ақиқатқа айналады. Мұны мемлекет халықтың жекелеген топтарымен және жекеше сектормен ынтымақтастығы негізінде іске асыруы қажет. 1

Жұмыстың мақсаты: Қазақстанның саяси жүйесі институттарының тарихи-эволюциялық тарихы.

Жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер алға қойылды.

1. Қазақстан тарихындағы мемлекеттердің саяси-билік структурасының құрылу тарихына талдау. Түрік, монғол Қазақстанның Ресей құрамындағы кезеңі, Кеңестік дәуірдегі Қазақстан.

2. Қазақстан территориясындағы тарихи саяси жүйелерінің байланыстылығын, ерекшелігін саяси процесстерге байланысты ашып көрсету.

3. Ғылми әдебиеттерде қалыптасқан ғылыми концепциялар айқындалды.

4. Қазіргі таңдағы қалыптасқан саяси институттар, тарих ғылымы талабына қарай бағалау, тұжырымдамалар жасау.

5. Теориялық негізінде енгізіген саяси инстуттарының іс жүзінде жүзеге асырылғандығын көрсету.

6. Қазақстан Республикасы Президенті, Парламенті, сот жүйесінің тарихын баян ету.

7. Қазіргі таңда Қазақстан тарихында ресми саяси билікке қарсы ұсынған модельдеріне талдау жүргізу.

Ф-ОБ-001/033

Үлкен тарихи құбылыстар мен тағдыры қасірет пен кереметке толы ХХ ғасыр өз межесіне келді. Ғасырлар бойы Ресей империясының отары болып келген, дүниежүзілік қауымдастықта сұлбасы бар, өзі жоқ ел едік.

16 жыл бұрын сол кез үшін кәдуілгідей көрінетін оқиға болды. Оған дейін ешкім біле қоймайтын Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы, заманында күші кернеп тұрған кеңес империясының шеткері аймақтарының бірі өзінің егемендігін жария етті.

Арада бір жыл өткенде көне дүниенің ортасында жаңа мемлекет - Қазақстан Республикасы өмірге келдң.

Алтайдан Атырауға дейінгі аралықтағы алып даланы жайлап жатқан Қазақстан үшін мемлекеттілікке қол жеткізу аса маңызды оқиға еді. Оның маңыздылығы сондай өтпелі кезеңнің саяси абыр-сабырымен жүргенде ол оқиғаға қатысушылар тарапынан шындап ой елегінен өткізіліп, бағаланған жоқ. .

Адамның болмысы сондай ғой: ол тап осы сәттегі мүдделерімен шектелген тіршіліктің тар шеңберінің аумағында өмір сүріп, ой кешіп жатады. Тарихтың Ұлы спиралінің үлкен орамының заңдылықтарын замандастары айыра бермейді.

16 жыл бұрын Қазақстан, осынау аса ауқымды және көп ешкім біле қоймайтын Terrа incognita әлемдік үрдістерде елеулі орын иеленеді, өмір сүруге қабілетті, өз күнін өзі көре алатын және шын мәнінде тәуелсіз мемлекет болады деп ешкім де болжам жасай алмайтын еді. Ел ретінде жас көрінетініне қарамай, мәдени - тарихи тұтастық ретінде Қазақстан тақыр жерде пайда болған жоқ. Оның тарихы Еуразияның Ұлы көшпелі өркениетінің үш мың жылдық тарихынан ажырағысыз. Оны түсіну бүгінгі Қазақстанда жүріп жатқан үрдістердің терең мәнін түсіну деген сөз.

Батыстан шығысқа қарай, шығыстан батысқа қарай бірін-бірі қуалаған толқындай болып қазақ даласының төсінен көшпелі жұрттар

Ф-ОБ-001/033

жөңкіліп жатты. Үндістан мен Иранға, Миддия мен Қырымға, Еділ мен Кавказға, Еуропа мен Қытайға арййліктер, сақтар, ғұндар, түркілер, қыпшақтар, монғаолдар ағылды. Шайқаса және жасампаздық таныта, ұрпақ өсіріп, тәжірибе жинақтай жүріп олардың бәрі де өздерін мәңгілік жадында сақтап қалған осынау жердің бетінде өздерінің ізін қалдырды.

Хуанхэден Еуропаның ортасындағы Дунай бойы пушталарына дейінгі аралықта созылып жатқан Ұлы даланың көшпелі мәдениеті-адамзат тарихындағы ерекше құбылыс. Мыңдаған жылдар бойында бұл мәдениет мәдение ойкуменаның байланыстырушы тіні қызметін атқара отырып, басқа да жаһандық жүйелерімен бірге Көне дүниенің өркенниеттік қаңқасын құрап келді. Бұл еңбектің мақсаты-Қазақстанның саяси тарихының жаңа көкжиектерінің жаңа ғылыми парадигмасын жасау. Бұл еңбекте ұзақ тарихи кезеңге саяси талдау жасалынады.

Бірінші тарау «Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің құрылу тарихы» екі бөлімнен тұрады.

1. 1. Қазақстанның дәстүрлі қоғамының саяси жүйесі.

1. 2. Тоталитаризм кезеңіндегі Қазақстанның саяси жүйесі.

Қазақстан территориясында өмір сүрген көшпелі қоғамның саяси билігін ұйымдастыру мәселесі соңғы уақытқа дейін тарихи тұрғыда қаралып келді. Бұл еңбекте қазақтардың көшпелі өмірінің әртүрлі асспектілері зерттелді. Бұл қоғамды жүзге бөлгендегі таптық иерархия Бұл тарауда схема түрінде саяси басқарудың принциптерінің дамуын сызба-кеспе түрінде береді. Сақ, үйсін тайпаларынан бастап 1867-1868жж. реформа жағдайына дейінгі кезеңді қамтиды.

Қазақ қоғамының дәстүрлі әлеуметтік ұйымдасуының жойылуы сөз болады.

Екінші бөлімде-«Тоталитаризм кезеңіндегі Қазақстанның саяси жүйесі» деен бөлімде Қазақстанның Кеңес Одағы құрамындағы жетпіс жылдық кезеңі қарастырылды.

Ф-ОБ-001/033

Екінші тарауда мемлекеттік билік және басқару формаларының даму тарихы жайлы сөз болады. Қазақстандағы Президенттік институттың қалыптасу сипаты туралы жазылады. Қазақстан жерінде өмір сүрген көшпелі қоғамда саяси билікті ұйымдастыру проблемасы соңғы уақытқа дейін терең тарихи жоспарда жүргізілді. Бұл жағдай саяси билікті зерттеу саяси ғылымнан бөлектенуіне алып келді. Қазіргі таңда бұл алшақтық қайта орнына келіп саяси ғылым тарих ғылымының негіздеріне сүйеніп отыр.

Біздің дәуірімізге дейінгі VІІ-ІV ғасырларда Қазақстанның қазіргі аумағында сол кездегі аса қуатты сақ бірлестіктері және олармен тектес басқа да тайпа одақтарының құрылғанын көреміз. Бұл тайпалардың өз территориясы, шекарасы болғанын дәлелдейді. Б. з. б. І мың жылдықтың орта шеніндегі тайпалық одақтар мемлекеттіліктің тууының алғашқы сатысы болды. Сайланып қойылатын көсемдердің қолына азаматтық және олардың басшылығымен әскери билік шоғырланды, әскери жасақтар құрылды.

Қазақстан аумағындағы тайпаларда таптық қоғам мен мемлекет құрылуының тарихи үрдісі баяу жүріп, бірнеше жүздеген жылдарға созылды, ол таптардың құрылу қарқынына тұрақты деуге келмейтін мал шаруашылығы жағдайларында қосымша өнімнің алғашқы қорлануының ерекшелігі шешуші ықпал жасады деген пікір бар. Алайда археологиялық материалдар бұл онша дұрыс емес және проблеманы шешуде Қазақстанның әрбір аймағын саралап қарау қажет деп топшылауға негіз береді.

Есік обасынан жазбасы бар күміс тостағанның табылуы мемлекеттіліктің пайда болғанын дәлелдей түседі. Жазуды көне түркі және парсы арамей әліп биі негізінде ажыратып оқудың ғылымда бірнеше нұсқасы бар.

Кез келген қоғамда жазудың болу фактісі әлеуметтік-экономикалық ұйым дамуының жоғарғы деңгейін білдіреді. Мемлекеттік құрылым үлгісіндегі қоғамдық құрылыс түрі осындай орган болуы мүмкін. Мемлекетте жазудың пайда болу үрдістері өзара байланысты болған,

Ф-ОБ-001/033

тегінде, жазу мемлекет туып, қалыптасқаннан кейін әлдебір аз уақыттан соң пайда болса керек.

Б. з. б. ІІІ-ІІ ғасырлардағы сақ, үйсін этникалық мәдени қауым арасында, ежелгі әлеуметтік хроникаларда хабарланғандай, сол кезде ақ төрт-бес мыңдаған жылқысы бар шонжарлар болған. Хроникаларда «Усунь-го»-сөзі үйсін мемлекеті және «Син-го» көшпелі мемлекет деген сөздер барлық жерде қолданылады. «Бу - цзу»-тайпа, тайпа одағы деген сөз өте аз пайдаланылған.

Сақ заманы қоғамдық құрылысының құрылысын саяси билігін схемалық тұрғыдан былайша елестетуге болады.

Сызба 1.

Сақ тайпаларының әлеуметтік-саяси ұйымы.

Жоғарыдағы сызбадан саяси рөл, әлеуметтік рөлден бөлінбегенін көрсетеді, және сақтардың тайпалық одағының басшысы, жауынгерлер тобының жоғарғы деңгейіне жатты және территорияны қорғау сияқты әлеуметтік - саяси рөлді орындады. Сақ патшасы құдайлардың таңдаулысы, аспан мен жердің арасындағы билеуші, барлық бақытты әкелуші есептелінді.

Ф-ОБ-001/033

Сызба 2.

Үйсіндердің әлеуметтік-саяси ұйымы.

Ғұн мемлекетінде саяси билікті ұйымдастыру күрделендірілді. Деректемелерге қарағанда ғұндар 24 руға бөлінген, оларды ру басылары басқарған. Себебі территория үлкен болғандықтан мемлекет басшысы шаньюй қосымша көмексіз елдегі саяси билікті тиімді ұйымдастыра алмайтын еді.

Рулық құрылыстың ақсақалдар кеңесі және халық жиналысы сияқты институттары сақталды. Деректемелерде былай деп айтылған: ғұндарда жылына үш рет пунция жиналатын әдет болды, олар бірінші, бесінші және тоғызыншы айларда өткізіледі, «Сюй» деп аталатын күні көк рухына құрбан шалынды . . . сол жиналыстарда ру басылары мемлекеттік істерді талқылап бітті ат жарысы мен түйелердің жарысын қызықтайды.

Елді Шаньюй басқарды, оның қолында шексіз дерлік билік болды.

Үйсіндер, ғұндар қоғамдарының үлгісіндегі ежелгі көшпелі, ертедегі таптық бірлестіктердің басқа бір сипатты белгісі өзінше бір әкімшілігімен күштеу аппараты бар мемлекеттіліктің қалыптасуы болып табылады.

Ф-ОБ-001/033

Сызба 3.

Ғұн мемлекетіндегі саяси биліктің ұйымдастырылуы.

Олар рулық-тайпалық құрылыс органдарының сол кезде ақ ішінара алмастырып, ішінара солардың бейнесін алып оларды жаңа жағдайларға бейімдеді.

Орталық Азияның далалық бөлігінде құрылған келесі мемлекеттік құрылыс-түрік қағандығының саяси билігін ұйымдастыруда ғұн империясынан көптеген айырмашылықтары болған. Мемлекет басшысының қол астында үлкен билік аппараты болған. Қатаң бағыныштылықта болды.

Төмендегі сызбадан қоғамды басқарудың барлық құралы болған көреміз, нәтижесінде биліктің мықты тік сызығы қалыптасқан. Атақты түрік танушы Л. И. Бужилер «Ертедегі түріктер» деген кітабында ішкі басқару жүйесіндегі ру тайпалық қатынасты былай сипаттайды: Мемлекеттегі ханнан кейінгі бірінші адам Ябгу болды.

Ф-ОБ-001/033

Былайша айтқанда Ябгу вице король болды, бұл қызметке көбіне билік етуші тайпаның өкілдері сайланды. Мысалы: Иль-хан Бумын тұсында Ябгу қызметін оның туған ағасы Истени атқарды. Сонымен қатар Ябгу тақтың мұрагері болып есептелген жоқ: мұрагер «тегин» деп аталды.

Көп халықты қағанатына өзінің сот жүйесін реттеу қажет болды, бірақ ол билік жүйесінен бөлінген жоқ. Бірақ түрік қағанатында сот мәселелерін шешетін адамдардың белгілі бір тобы болды. Сот тәжірибесінің бір бөлігін қаған және бірқатар жоғары басшылар атқарды.

Саяси биліктің былай күрделі болуы халықтың көптігінен үш территорияның үлкендігіне байланысты. Территорияны кеңейтуге деген талпыныс қажеттіліктен туындаған еді. Н. А. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» деген кітабында былай түсіндіреді: «Түрік тайпаларының жерін кеңейтуі, менің көзқарасым бойынша географиялық факторға байланысты болған еді» дейді. Орта Евразия кеңістігінде әртүрлі өлкені бөліп тұрған географиялық шекарасы жоқ Дала қыраттан және Солтүстік Қара теңізден сонау Тынық мұхитқа дейін созылып жатыр. Дала халықтары көршілерінен өтуі қиын географиялық қиындықтармен қоршалмаған, Европа мемлекеттері сияқты бұл жерде өмір сүріп өңірлік кеңістікті кеңейтуімен тікелей байланысты. Территорияның кеңдігі төтенше шабуыл жасалған кезде территорияның ішкері жағына кетуге, немесе шабуылға дайындалуға мүмкіндік берді.

Бұл келесі сызбадан нақты көрініс тапқан, саяси билік соғыс мұқтаждықтарының негізінде құрылған.

Батыс түрік қағанатының этикалық саяси өзегі «Он тайпа (он оқ будун) болды, олар Қарату баурайынан Жоңғарияға дейінгі аралықта жатқан ежелгі үйсін жерін жайлайды. Шу өзенінің шығыс жағында дулының бес тайпасы, ал оның батыс жағында бес тайпалы Нушибилер тұрып жатты. Батыс түрік қағанатында топтардың пайда болу процессі ерте феодалдық қоғамдық қатынастардың құрылуы жедел жүріп жатты.

Ф-ОБ-001/033

Қарауындағы халықтар мен тайпаларды ұдайы бағынышты етіп ұстап отыруға Батыс түрік қағанаты Орталық өкіметінің әскери-саяси ресурсы жетіспейтін болып шықты.

Қағанат ішінде өзара тартыс үздіксіз жүріп, билеушілер жиі-жиі ауысып жатты, бұл ыдыраушылықты асқындырып жіберді. Он алты жылға созылған тайпалар арасындағы соғыс әлеуметтік- ішкі қырқыстар (640-657) Жетісуға Тан империясы әскерінің баса көктеп кіруіне әкеп соқты.

Түріктердің орнын басқан Түркештер, VІІІ ғасыр күшейіп Батыс түрік қағанатының «Мемлекеттік әкімшілік, әскери және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерін» жалғастырды. Түркеш қағанатында саяси билік әскери-әкімшілік негізінде жүзеге асырылды.

Ф-ОБ-001/033

Сызба 6.

Батыс-түрік қағанатының әскери-әкімшілік құрылымы.

Сызба 7.

Түркеш қағанатында саяси биліктің ұйымдастырылуы.

Ф-ОБ-001/033

Көшпелі және жартылай көшпелі түрік тайпалары Батыс түрік қағанатының ойрандалған орнында төрт бірдей құдіретті мемлекет орнатады. Хазар қағанатын қоспағанда, төменгі Еділ өңірінен Солтүстік Кавказды, Қазақстан жерінде үш этникалық әлеуметтік бірлестік пайда болады: Сырдарияның төменгі және орта ағысының бойын, арал өңірі даласын Оғыз

мемлекеті жайлады, ал Қазақстанның Солтүстік, Шығыс және Орталық аймақтарында, астанасы орта ертісте болған, Қимақ мемлекеті дүниеге келеді,

Батыс түрік қағанатының байырғы жері-Жетісудың мұрагері болып қарлұқтар қала береді.

Орта ғасырлық көшпелі қоғамда титулдарды қабылдаудың белгілі бір жүйесі болғанын байқауға болады. Елтебер атағы жергілікті басшы деген мағынаны білдіреді, қаған атағын алушы даланың барлық саясатын анықтайды сондықтан бұл атақ тек қана ең мықты мемлекеттің басшыларына берілді.

Сызба 8.

Қарлұқ қағанатында саяси билікті ұйымдастыру.

Оғыздардың этникалық қауымдастығы құрылуы ұзақ жыл күрделі процесс болды. Оғыз көптеген рулық тармақтарда бірсыпыра тайпаларға бөлінетін. Махмуд Қашғаридің айтуынша (ХІғ), әуелгі кезде олар 24 тайпадан құрылып, екі фроторияға бузуқтар мен ушұқтарға бөлінеді. Бузуқтар көптеген артықшылықты пайдаланған.

Ф-ОБ-001/033

Осынау екі топтың әрқайсысына 24 тайпа енген. Олардың өзі тепе-тең екіге бөлінген. Оғыздардың қарлұқ, печенег, башқұрт, қимақ, қыпшақ сияқты түркі тілдес көрші тайпалармен, қауымдармен тығыз байланыста болуы-уақыт өткен сайын олардың өзара жақындасуына жол ашады. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер билікті мұрагерге беріп отырған. Оғыз хандарын сайлау кеңестерде өткізіледі екен. Бұл әлгі әскери демократия дәуіріндегі халық жиналыстарының өзгертілген журнағы еді. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбши» деп аталатын бас қолбасшы маңызды рөл атқарған. Солжықтармен жүргізілген ұзақ жылғы соғыстар мен соқтығысулар оғыздар жабғысының бірлестігін қатты қансыратады. Ішкі терең қайшылықтардан қатты әлсіреген жабғы мемлекетті қыпшақ тайпалары көсемдерінің соққысынан біржолата құлайды.

Карахандар мемлекеті бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың жай ғана қайталануы еместі. Қазақстан жеріндегі көшпелі қоғандардың саяси құрылымдарынан мұның бір айырмашылығы - әскери басқару әкімшілік басқарудан бөлінген болатын. Мемлекеттік әкімшілік құрылыс иерархиялық принципке негізделген еді.

Қарахан әулеті мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік - саяси институт әскери - мұралық жүйе болған. Хандар өздерінің туысқандары мен жақындарына белгілі бір ауданның, облыстың не қаланың халқынан, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына алынып келген салықты өзіне жинап алу хұқын тарту етеді. Мұндай салық «икта» деп аталады, ал оны берушіні муқта немесе иктандар деп атаған. Кимек тайпаларының конфедерациясы өзінше бір полиэтникалық құрылым болған, ол өз құрамына түрік тілді тайпалармен бірге түріктенген татар топтарында тартқан сияқты, Орталық Азияның тоғыз оғыздарымен тығыз байланысты болған.

Ф-ОБ-001/033

Сызба 9.

Оғыз мемлекетінде саяси билікті ұйымдастыру.

(X ғ басы . XI ғ басы)

территориялық - әкімшілік қоран-қатынас принциптеріне сүйенеді. Әлеуметтік жағынан қарағанда, кимектер бірлестігі рулық тайпалық құрылыстан жоғары тұрған, ондағы тайпалар өзара қоғамның қатал шектелген тіреулері - нерархиялық және рассалдық қатынастар арқылы байланысты болған. Кимақ билеушісінің құдірет-күші айтса айтқандай-ақ болған. IX ғ. Аяғы мен X ғ. Бас кезінде Кимақ

Ф-ОБ-001/033

Сызба 5.

Түрік қағанатында саяси билікті ұйымдастыру.

Ф-ОБ-001/033

Сөйтіп кимек қоғамынынң тайпадан бастап мемлекеттік құрылымға дейінгі әлеуметтік және саяси өсуіне сәйкес, олардың басшыларының лауазымы да төменгі сатыдан жоғарыға, шад тутатқан қоғанаға дейін тиянақты түрде өсіп отырған Кимек мемлекетінің қалыптасып өсуіне орай, олардың тайпаларынан да құрамы өзгеріп отырған. «Худуд әл-олам» мен Әл - Идрисидің деректеріне қарасақ, кимек мемлекетінің өзегі 12 тайпа болған.

Кимектер қағамының қолында шын мәніндегі билік болған; өз мемлекетінің ішінде ол тайпалар ақсүйектерінің өкілдерінен билеушілерді тағайындаған өкімет билігін мураға қалдыру институты қоғамның отбасы мен хан әулетінің ішінде ғана емес, тайпалар ақсүйектерінде де болған. Мәселен, кимек қоғамының 11 басқарушысының емшіліктері сол басқарушылардың балаларына мура ретінде беріліп отырған.

Емшілік - тайпалық жүйенің тууы кимек қауымында патриархалды - феодалдық қатынастың қалыптасуына байланысты шыққан қоғамдық құрылыстағы аса ірі өзгерістердің нәтижесі еді. Емшілердің иелері әдетте кимен қоғаныша бағынады. Әскери және әкімшілік жүйесінің бірігуі себепті аса ірі тайпалық бірлестіктер басында тұрған басқарушы көсемдер жеке меншігіндегі көшпелі шаруашылығын нығайтып, саяси солнағын арттыруға тырысады. Олардың кейбіреулері реті келіп, жағдай көтеріп жатса, мемлекеттегі жоғарғы өкіметті басып алуды көздейтін жартылай тәуелді хандарға айналған еді.

Қыпшақ хандығы да кимех қағанаты сияқты көптеген тайпалардан тұрды. X-XII ғ. Қыпшақтар конфедерациясының тайпалық құрамының құрылымы өте күрделі және әртектес болатын. Қыпшақ этникалық қауымдастығы өз құрамына түрік тілді кимек, куман, ежелгі башқұр, оғыз тайпаларымен бірге, иран тілді этникалық қауымның түріктендірілген топтарын да қабылдайды.

Ф-ОБ-001/033

Қыпшақ хандарының өкімет билігі мұра болып әкеден балаға қалдырылып отырған. Хандар шығатын әулеттік ру ел - бөрілі екен. Орда деп аталатын хан қонысында ханның дүние мүлкі мен армиясының ісін жүргізетін басқару аппараты болған. Әскери - әкімшілік жағынан қыпшақ хандығы көне түрік дәстүрлерін сақтап, екі қанатқа бөлінген оң қанат қонысымен Жайық өзені бойында, Сарайшық қаласының

Орнында сол қанат қонысымен сығанақ қонысында тұрған.

Шыңғыс ханның жаулап алуы даладағы жағдайды түбірімен өзгертті, мемлекеттіліктің даму кезеңдеріне өз ізін қалдырды. Монғол шапқыншылығы көп нәрсені өзгертті, көшпелі халықтар тарихында оған ұқсас оқиғалар болмаған еді. Бұрында соғыстар болған, бірақ монғол шапқыншылығына дейін олар табиғи болып есептелетін, түбірінен еш нәрсені өзгертпеген . Бірақ Шыңғыс ханның жаулап алуы өзінің көлемі жағынан өзгеше еді.

Шыңғыс хан монғол қоғамының құрылымын түбірінен өзгертті, әскери ұйымдастыруды күшейтті. Шыңғыс ханға бағынышты және толық қол астындағы әскер керек еді. Ол бұған мемлекетті басқарудың әскериленген жүйесі арқылы қол жеткізді. Жаңа құрылымының негізгі элементі ретінде әкери ондық жүйесі енгізілді.

Әскери элемент мемлекеттік және саяси ұйымның негізі болды және оған бүкіл басшылық сүйенді. Нәтижесінде халық әскери тәртіп бойынша түменге, мыңдыққа, жүздікке және ондыққа бөлінді. Биліктің тік сызығы өте қатал болды және орталық билікпен тығыз байланысты болды. Әрбір әскери басшыға белгілі бір қараша үйлерді бөліп берді, олар әскерлердің белгілі бір бөлігін беруін тиіс болды. Басқарудың бұл жүйесінде рулық элемент толық жойылды.

Алтын орданың мемлекеттік құрылымын тұтас алғанда Шыңғыс хан енгізген үлгінің ізімен жүрді. Мемлекет Жошы ұрпағынан шыққан хандардың меншігі сыналды. Аса маңызды мемлекеттік мәселелерді

Ф-ОБ-001/033

шешу үшін билеуші әулет мүшелері бастаған ақсүйектердің жалпы жиналосыс - құрылтай шоқырылатынболған. Армияны, басқа мемлекеттермен арадағы елшілік қарым-қатынасты бектебегі басқарған. Атқарушы өкіметтің орталық орыны - диуан басында уәзірі тұрған. Қалалар мен бағынышты ұлыстарға доруғалар мен басқақтар тағайындалған, олардың міндеті - салым-салық жинау болған. Ең маңызды қызметтерді хан отбасының мүшелері атқарған. Ірі-ірі нояндар бектер, әмірлер, баһадүрлер әскербасы - түмен-басы, мыңбасы, жүзбасы, болып тағайындалған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақстандық парламентаризмнің саяси- құқықтық институт ретінде қалыптасуы
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТУСЫ
Қазақстан Республикасының азаматтық институттарың анықтау
Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі
Мемлекеттік басқарудың теориялық-әдістемелік негіздері туралы ақпарат
Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау
Орыс тілі мен әдебиеті
Сайлау қарсаңындағы саяси партиялардың ахуалы
Саяси бәсекелестік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz