Қазақстанға дағдарыстың кері тартпа әсері



1. Аты: Қазақстанға дағдарыстың кері тартпа әсері
2. Ғылыми.техникалық ақпараттың мемлекеттік рубрикаторы: .
3. ЖОО: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ.түрік университеті
4. Жұмыстың аяқталған уақыты: 5/03/2010 жылы
5. Жұмыстың көлемі: 20 бет
6. Қосымша саны: .
7. Иллюстрация саны: .
8. Кесте саны:2
9. Пайдаланылған әдебиеттер саны:
Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс әлем үшін елеулі сынақ болды. Адамзат тарихтың шұғыл бұрылыстарының себебі болған экономикалық құлдырауларды талай рет бастан кешсе де бұл дағдарыстың ауқымы мен салдарлары бұрын-соңды болған емес. Тек соңғы жүз жылда оннан астам әрқилы тереңдіктегі дағдарыстар болды. Бұл – жаһандық соғыстарға соқтырған XX ғасырдың басындағы экономикалық күйзелістер де, Кеңес одағының ыдырауын туындатқан бүкіл социолистік жүйенің 70 – 80-ші жылдардағы дағдарысы да, 90-шы жылдардың аяғындағы Азия дағдарысы да әлемдік экономиканы сілкілеп өтті. Алайда бұл жолғы дағдарыс – жаңа деңгейдегі құбылыс. Ол бүкіл әлемнің экономикасын қамтып отыр. Әлемдік экономиканың осы жолғы жаһандық дағдарыс салдарынан шеккен зардабының көлемі 3,5 трлн. долларға бағаланып отыр. Қазір көптеген сарапшылар, талдамашылар, ғалымдар дағдарыстың туындау себептерін іздестіріп, ең қайран қаларлық болжамдар жасауда. Бірақ та дағдарыстың негізінде адамның мәңгілік кінараттары – ашқарақтық, имансыздық және жауапсыздық жатқанын мойындауға батылы жететіндер табыла қоймас.
2007 жылдың аяғында алыпсатарлық мәмілелердің жалпы көлемі 14 трлн. доллардан астамды құрады. Ондаған олигархтың байлыққа құнығушылығы миллиондар үшін қасірет болып оралды.
Әлемдік қаржы дағдарысы өз түзетуін енгізді. Өтімділік проблемалары, сыртқы қарыздардың қымбаттауы, актив сапаларының нашарлауы, несие рейтингтерінің төмендеуі мен банк жүйесіндегі басқа да бірқатар тәуекелдер әсерінің күшеюі сияқты мәселелер екінші деңгейлі банктердегі несие саясатының қайта қаралуына әкеп тіреді.
Еуразияның ұлы бір ойшылы бұдан бір жарым ғасыр бұрын былай деген екен: “Сыртқы күш дегеніміз – ішкі күштің туындысы”. Бұл ойды басқаша айтсақ, “Сыртқы дағдарыс дегеніміз – ішкі дағдарыстың туындысы” екенін әбден анық пайымдауға болады.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан. 30 қаңтар, 2010.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары www.minfin.kz
3. http://kk.wikipedia.org/wiki/ 26.11.2008.
4. http://www.aikyn.kz/ 21.07.2008 Нұрлытай ҮРКİМБАЙ
5. http://www.bankcaspian.kz/. 14.11.2008
6. http: //www.myoffshoreaccounts.com 09.11.2009
7. «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі» www.enbek.kz
8. «Қазақстан Республйкасының Үкіметі» www.govermet.kz
9. «Қаржы министірлігі» www.mf.minfin.kz
10. http://kz.kazakhstan.neweurasia.net/?p=309
11. http://kaz.newsfactory.kz/
12. http://www.kazakstan.kz/kaz/news/policy/2008_11_04

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Студенттердің кезекті ХVIIІ ғылыми-теориялық конференциясына

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Қазақстанға дағдарыстың кері тартпа әсері

Ғылыми жетекші: магистр оқытушы
Г.Алиева

Орындаған: ЭҚЖ-815 тобының
студенті Б.Ағниязов

Түркістан 2010

Ғылыми жұмысына аннотация

1. Аты: Қазақстанға дағдарыстың кері тартпа әсері
2. Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік рубрикаторы: -
3. ЖОО: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
4. Жұмыстың аяқталған уақыты: 5032010 жылы
5. Жұмыстың көлемі: 20 бет
6. Қосымша саны: -
7. Иллюстрация саны: -
8. Кесте саны:2
9. Пайдаланылған әдебиеттер саны:

Жұмыстың сипаттамасы:
1.Ғылыми жұмыстың мақсаты:
- Қазақстанға дағдарыстың кері тартпа әсерін айқындау

2.Зерттеуде пайдалынылған әдістер:
- ғылыми талдау және сараптама әдістері.

3.Ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелері (ғылыми тәжірибелік)
- Қазақстанның дағдарыстан шығу жолдарын талдау

4.Ғылыми зерттеуді қолдану туралы құжаттар жиынтығы (иә, жоқ): жоқ

Автор қолтаңбасы: Б.Ағниязов

Студенттің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсына ұсынылған ғылыми-зерттеу
жұмысының авторы мен ғылыми жетекшісі туралы
МӘЛІМЕТ

Авторы

1 Фамилия Ағниязов
2 Аты Біржан
3 Әкесінің аты
4 Курс 2
5 Мекен-жайы ОҚО Түркістан қаласы

Ғылыми жетекшісі

1 Фамилия Алиева
2 Аты Гүлнұр
3 Әкесінің аты Дәрібайқызы
4 Қызметі Магистр оқытушы
5 Мекен-жайы ОҚО Түркістан қаласы,

Ғылым және халықаралық
қатынастар жөніндегі
вице-президент, тех.ғ.д., профессор: Т.П.Раимбердиев

Ғылыми жетекші: Г.Д.Алиева

Автор, ЭҚЖ-815
тобының студенті Б.Ағниязов

Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс әлем үшін елеулі сынақ болды.
Адамзат тарихтың шұғыл бұрылыстарының себебі болған экономикалық
құлдырауларды талай рет бастан кешсе де бұл дағдарыстың ауқымы мен
салдарлары бұрын-соңды болған емес. Тек соңғы жүз жылда оннан астам әрқилы
тереңдіктегі дағдарыстар болды. Бұл – жаһандық соғыстарға соқтырған XX
ғасырдың басындағы экономикалық күйзелістер де, Кеңес одағының ыдырауын
туындатқан бүкіл социолистік жүйенің 70 – 80-ші жылдардағы дағдарысы да, 90-
шы жылдардың аяғындағы Азия дағдарысы да әлемдік экономиканы сілкілеп өтті.
Алайда бұл жолғы дағдарыс – жаңа деңгейдегі құбылыс. Ол бүкіл әлемнің
экономикасын қамтып отыр. Әлемдік экономиканың осы жолғы жаһандық дағдарыс
салдарынан шеккен зардабының көлемі 3,5 трлн. долларға бағаланып отыр.
Қазір көптеген сарапшылар, талдамашылар, ғалымдар дағдарыстың туындау
себептерін іздестіріп, ең қайран қаларлық болжамдар жасауда. Бірақ та
дағдарыстың негізінде адамның мәңгілік кінараттары – ашқарақтық, имансыздық
және жауапсыздық жатқанын мойындауға батылы жететіндер табыла қоймас.
2007 жылдың аяғында алыпсатарлық мәмілелердің жалпы көлемі 14 трлн.
доллардан астамды құрады. Ондаған олигархтың байлыққа құнығушылығы
миллиондар үшін қасірет болып оралды.
Әлемдік қаржы дағдарысы өз түзетуін енгізді. Өтімділік проблемалары,
сыртқы қарыздардың қымбаттауы, актив сапаларының нашарлауы, несие
рейтингтерінің төмендеуі мен банк жүйесіндегі басқа да бірқатар тәуекелдер
әсерінің күшеюі сияқты мәселелер екінші деңгейлі банктердегі несие
саясатының қайта қаралуына әкеп тіреді.
Еуразияның ұлы бір ойшылы бұдан бір жарым ғасыр бұрын былай деген
екен: “Сыртқы күш дегеніміз – ішкі күштің туындысы”. Бұл ойды басқаша
айтсақ, “Сыртқы дағдарыс дегеніміз – ішкі дағдарыстың туындысы” екенін
әбден анық пайымдауға болады.
Солай болып отыр, біздің бүкіл әлеміміз күтпеген ретте және
байқаусызда жаһандық дағдарыс туннелінің “кіреберісінен” өтіп кеткен, ал
одан “шығар есік” бүгінде ешкімге дерлік көрінбей тұр.
Бүгінгі дағдарыс өзінің бастауын Американың жылжымайтын мүлік
нарығындағы проблемалардан алады. Ол қазіргі таңда әлем жұртшылығын, оның
ішінде қазақстандықтарды да алаңдатып отыр.
2007 жылдың тамыз айында басталған, қазір дүниежүзін алаңдатып
отырған дағдарыс алғашында әлемдік өтімділік дағдарысы деп аталды. АҚШ-тан
бастау алған өтімділік дағдарысын ипотекалық нарықтан басталды дейтіндер
бар. Шын мәнісінде, ол ипотекалық нарықтан басталды ма, не болмаса нақты
өндірістік сектордан басталды ма, осыған байланысты сарапшылардың ой-пікірі
әртүрлі. Негізінен әлемдік өтімділік дағдарыстың себебі ипотекалық нарықтан
басталған жоқ. Оның себебі әріректе, алғышарттарының тамыры тереңде жатыр.
Біріншісі – Американың сыртқы экономикалық саясаты. Екінші – Американың
сыртқы дипломатиялық саясаты. Үшінші – Американың басқа мемлекеттермен
экономикалық қарым-қатынасы. Төртінші – Америка банктерінің сыртқы дамушы
елдерге, төмен пайызбен ипотекалық несие беруінде. Соңғы кездері Американың
сыртқы саясаты көптеген алдыңғы қатардағы және жаңа дамып келе жатқан
мемлекеттердің наразылығын туғызды. Оның ішінде Қытай да кезінде Америкаға
оң көзбен қараған жоқ. Мысалы, Билл Клинтон президент болып тұрған кездері
Қытай өзінің Америкамен теріс сальдосына ренжіп, өз юанын девальвация
жасағысы келді. Қытай юаньді девальвация жасайды деген күннің ертеңінде
Билл Клинтон Қытайға ұшып барды. Неге? Себебі юаньнің девальвациясы
Американың импортына үлкен соққы тигізетін еді. Өйткені Американы киіндіріп
отырған – Қытай, тамақтандырып отырған – Қытай, тіпті бүкіл әлемдегі
трансұлттық брендтердің барлығы Қытайдың территориясына орналасып, арзан
жұмыс күшін пайдаланып, тауар өндіруді, басқа да қызмет түрлерін халыққа
ұсынуды әбден дәстүрге айналдырған.
– Негізі, АҚШ-тың өзге елдерге әлімжеттік жасауы, соғыс ашуы да
экономикалық жағынан алып қарағанда қып-қызыл шығын емес пе?
– Расымен де, өтімділік дағдарысының екінші бір себеп-салдары әсіресе,
Кеңестер Одағы құлағаннан кейін Америкада сыртқы саясатта үлкен бір
арандатушылық қадамдар басталып кетті. Бұрын Америкаға саяси, әскери
күшпен, экономикалық қуаттылығымен КСРО ғана баланс ұстап тұратын. Ол
құлады. Содан келді де Америка сыртқы саясатын, соғыс әскери саясатын
ешкіммен санаспай жүргізе бастады. Соның айқын дәлелі – Иракқа, Ауғанстанға
соғыс ашуы. Бұл соғыстың бәрі Америка экономикасына салмағын түсірмей
қоймайды. Мысал үшін, Пентагонның жылдық әскери бюджеті 700 миллиард
доллар деген ресми мәлімет бар. Бұл – ресми ақпарат көздерінде жарияланған
цифрлар. Ал біз білмейтін әскери соғыс шығындары қаншама?!
Бүгінгі таңда Америка экономикасы баяулай бастады. Бұл – осы
факторлардың әсері. Бұл елде рецессия (экономиканың баяулауы) құбылысы
айқын байқалып отыр. Егер мемлекеттік бюджеттің бәрі әскери шығындарды
қаржыландыруға кететін болса, нақты секторға, өндіріске, халықтың
әлеуметтік жағдайын жақсартуға жұмсайтын бюджеттің үлес салмағы азаяды.
Осының бәрі келді де Американың экономикасын бүгінгі таңдағы қиындыққа
әкеліп соқтырды. Мысал үшін, Ирактағы соғысты алайық. Бұл Америка
экономикасына тікелей ықпал етеді. Нобель сыйлығының лауреаты, белгілі
экономист Джозеф Стиглицтің есебі бойынша Ирактағы соғыстың құны 3 триллион
долларға тең екен. Осы қаржыны Ирактағы соғыстың болған уақытына бөлсеңіз
жыл сайын қаншама қаржыны Америка өз қалтасынан Ирактағы соғысқа жұмсауға
мәжбүр болғанына көз жеткізуге болады. Мұның барлығы АҚШ өнеркәсібінің
баяулауына, жалпы, экономикасының құлдырауына әкеліп соқты.
Қазір бұрынғы Кеңестер Одағынан тараған ТМД мемлекеттері пайда
болды да, ол мемлекеттер өз аяғынан тұру үшін талпына бастады. Әу бастан
Қазақстан да өз экономикасын ашық деп жариялады. Қытай үшін АҚШ-тың
нарығынан да өте тартымды нарық пайда болды. Қытай тауардың, инвестицияның
бір бөлігін осы елдерге бұрды. Бұл да Америка экономикасына оңай тиген жоқ.
Осының нәтижесінде салмақ коммерциялық, ипотекалық банктердің несиесіне
түсті. Үй сатып алайын десе, халықтың тауып жатқан жоғары жалақысы жоқ.
Олар, амал жоқ, банктік несиеге қарады. Алғашында банктік несиенің пайыздық
ставкасы төмен болды. Елдің бойы несиеге біраз үйренгенде пайыздық ставканы
көтеріп жіберді. Себебі экономика баяулап, инфляция күш алып бара жатты.
Өзі қаржы нарығы деген өндірістік сектормен салыстырғанда конъюнктуралық
өзгерістерге тез сыңай танытатын сезімтал сектор. Осыдан келді де
Америкадағы ипотекалық дағдарыс басталды. Халық алған несиелерін қайтара
алмайтындай жағдайға жетті. Өйткені жалақысы азайды. Олар өзі аз жалақысын
10-15 жылға алған несиесіне қайтара ма, әлде нанға жұмсай ма? Бұл процесс
бізде 2007 жылдан бері орын алғанмен, АҚШ-та ертерек басталды. Бұл –
халықтың табысының төмендеп кетуінің, өндірістің құлдырауының нәтижесі.
Себебі өндіріске келіп жатқан жаңа инвестициялар жоқ. Бар болған күннің
өзінде оның мөлшері азая түсті. 2007 жылдың тамыз айында дүниежүзілік сипат
алған дағдарыстың себептері осындай.
2008 жылы өтімділік дағдарысы АҚШ-та асқына түсті. Ол, біріншіден,
ипотекалық компаниялардың құлдырауына, екіншіден, банктердің банкротқа
ұшырауына әкеліп соқты.
Әрине, Америка қол қусырып қарап отырған жоқ. Өтімділік
дағдарысымен күресуді Үкімет қолға алып жатыр. Американың қаржы министрі
Генри Полсон өз бағдарламасын ұсынды. Ол ел арасында Полсон бағдарламасы
аталып кетті. Бағдарлама бойынша мемлекеттік бюджеттен 700 миллиард доллар
Америка экономикасына, банк секторына инвестиция жасау жөніндегі ұсыныс
енгізді. Сенаторлар біраз тартыншақтағанмен экономикадағы жағдай тым ушығып
бара жатқан соң олар да қолдауға мәжбүр болды. Оның бер жағында Америкадағы
кейбір ипотекалық банктердің үлкен сақтандыру компанияларының акцияларын
мемлекеттің өзі сатып алды. Мысал үшін, үлкен сақтандыру компаниясы AІG
(Amerіcan Іnternatіonal Grouf) акцияларын 85 миллиард долларға сатып алды.
Осы компания акциясының 79,7 пайызы Федералдық резервтік жүйенің меншігіне
айналды. Ал кейбір банктерге тиіскен жоқ. Ағайынды Лемондардың 150 жылдық
тарихы бар Lehman Brothers Holdіng Іnc банкі банкротқа ұшырады.
Дағдарыстың салдары, әлем елдерінде. Әлемдік қаржы дағдарысының жер
бетіндегі барлық мемлекеттерді шарпып өткен, өтіп қана қоймай, олардың
кейбіреуін банкроттық жағдайға жеткізгені мәлім. Түрлі елдердегі бұған
дейін таза пайдасының есебін ғана алып, дағдарыс емес-ау, сәл кідіру
дегеннің не екенін білмей келген небір алып компаниялар мен фирмалар аман
қалудың амалдарын қарастырып, фабрикалар мен зауыттарын жабуда немесе
жұмысшыларын қысқартуда. Көптеген дамыған елдер миллиондаған жұмыс
орындарының қысқаруына байланысты әлеуметтік ахуалды ушықтыруға жол бермеу
мақсатында қысқарған жұмысшылардың жағдайларын ойластыруда. Тарих
табалдырығын аттаған 2009 жылды әлем жұртшылығы бір күдік, бір үмітпен
қарсы алды. Жаһандық қаржы дағдарысы талай елдің экономикасын тығырыққа
тіреп, қаржы жүйелерін қақыратып өтті. Бұл дағдарыс қиындығынан кешегі
кеңестік кеңістіктен шыққан елдер де сырт қала алмады.
2008 жыл әлем нарығына, соның ішінде мұнай саласына оңай тиген жоқ.
2008 жылдың желтоқсанында қара алтынның 1 баррелі Нью-Йорк биржасында 35
доллар 35 центке дейін төмендеді. Сөйтіп, шілде айында 147 долларға жеткен
шикізат жыл соңында 112 доллар жоғалтып отыр. Бұған себеп – дүниені
жайлаған экономикалық дағдарыс пен сұраныстың аздығы. Әсіресе, АҚШ-та
сұраныс кемігендіктен, жанармайдың нарқы осыдан 5 жыл бұрынғы деңгейге
түскен.
2008 жыл әлемнің қор нарықтарын да теңселтіп кетті. Американың орталық
банкінің бұрынғы басшысы Алан Гринспеннің есебіне жүгінсек, биыл қаржы
дағдарысы басталғалы, дүниежүзі компаниялары жалпы алғанда 30 триллион
доллардан айрылыпты. Соның 7 триллионнан астамы Нью-Йорк биржасында желге
ұшты. Жаңа жыл қарсаңында планетада жаңа ұйым пайда болды. Ол – Газ
Экспорттаушы Елдер Форумы. Мұндай келісімге 14 мемлекеттің энергетика
министрлері сейсенбі күні Мәскеуде қол қойды. Жиынның кіріспесінде Ресей
премьер-министрі Владимир Путин сөз сөйлеп, көгілдір отынның арзан дәуірі
өткенін ескертті.
Жапон үкіметі рекордтық бюджет қабылдады. Оның көлемі - шамамен 1
триллион долларға жуық. Премьер-министр Таро Асоның министрлер кабинеті
қаржылық құжатты мақұлдады. Ал, парламент оны қаңтарда дауысқа салды. Ел
тарихындағы ең қомақты бюджет әлемдік дағдарыс кезінде халықтың тұрмысын
нашарлатпай, ел экономикасын қорғауға арналған. Яғни, 990 миллиард
доллардың бір бөлігі жұмыссыздыққа жол бермеуге, экономиканың құлдырауын
тежеуге жұмсалды. Бұл бюджеттің негізгі мақсаты - халықтың тұрмысын
нашарлатпау. Әлем елдері мұндай рецессияға бір ғасырда бір рет душар
болады. Сондықтан, ерекше дағдарыспен күресу үшін ерекше әрекет қажет.
Дағдарыс қыспағы 2008 жылдың өзінде бірнеше елдерге өзінің әсерін
тигізбей қоймады. Сөйтіп, азуын айға білеген Америкада 67 компания шаш-
етектен шығынға батып, шаңырағы ортасына түскен. Америка компанияларында
жұмыс орындарының қысқаратыны айтылған Wall Street journal былай деп
хабарлайды: АҚШ-тың шетелдердегі 20 компаниасы жұмыс орындарын қысқарты.
Олар Руминиядағы тыңайтқыштар өндіру жөнінен екінші орын алатын Amonil SA-
lfy бастап, АҚШ-та денсаулық сақтау жөнінен екінші орындағы Fiat Spa Magnet
Marelli-ге дейін 1,5 мың вакансия қысқарды. Әрқайсысы осыншалықты
қысқартып, 30 мыңдай қызметкер жұмыссыз қалды. Болжам бойынша АҚШ-та 2009
жылы 2,1 миллионға жуық жұмыс орны қысқарды.
Ал, Украина статистика жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметтеріне
қарағанда, елдің 2008 жылғы 7,6 пайыздан 2,1 пайызға дейін түсіп кеткен.
Қытай бюджетінің тапшылығы 100 млрд. доллар болуы мүмкін. Қытай
экономикалық дамудың арнасын өзгертуді қалайтын сыңайлы. Онда тауар шығару
енді сыртқа емес, ішкі нарыққа бағдарлануда. Экспорт құрылымы өзгеріп,
жеңіл өнеркәсіп тауарларын ғылымдық мұғдардағы өнімдер алмастырмақшы.
Сондай-ақ мұнда азық-түлік секторын дамыту да ұтылыссыз бағыт деп саналуда.
Расында, ешкім де тамақ жемей тұра алмайды ғой. Осы қытайлық бағыттың
бірсыпыра орайда қазақстандық тұрақтандыру жоспарымен үндестігі атап
көрсетілді.
Қаржы дағдарысы Жапонияны да қыспаққа алды. Жапонияның беделді
компаниясы Panasonik шетелдердегі 37 компаниясының жабылатынын мәлімдеді,
соның нәтижесінде 15 мың жұмыс орны қысқаратын болды. Nissan компаниясы 20
мың жұмыс орнын қысқартты.
Арап елдері 2,5 триллион доллар жоғалтқан Франс-престің жазғанына
қарағанда Кувейттің сыртқы істер министрі Мохаммед ас-Собах Арап
экономикалық самитінің қарсаңында мәлімдегеніндей, қаржы дағдарысының
салдарынан Арап елдері өздерінің сыртқы активтері құнының 40 пайыздайын,
немесе 2,5 трлн. доллар жоғалтқан.
Қаржы дағдарысының Қазақстанға тигізген әсері. 2007 жылдың екінші
жартысында басталған әлемдік қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық Қазақстанның
даму қарқынына әсер етті. Бұл отандық банктердің сыртқы қаржылық
ресурстарды тарту мүмкіндіктерін төмендетуде, ал, ізінше, ішкі экономикаға
несие беру көлемін қысқартуда көрінді. Бұдан басқа, әлемдік нарықтағы азық-
түлік тауарлары бағасының шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға
инфляциялық қысымды едәуір күшейтті.
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі мен Қаржы
нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік қаржы
және тауар нарықтарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға
бағытталған бірінші кезектегі шаралар кешенін жедел қабылдады және іске
асырды.
Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші
толқыны әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шықты және нақты секторға едәуір
теріс әсер етті. Осының нәтижесінде әлемдік экономиканың өсу қарқынының
едәуір және ізінше, тауарлар мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың
баяулауы байқалады. Бұл отандық экономиканы тұрақтандыру және оңалту
жөнінде жаңа қосымша шаралар қабылдауды талап етеді.
2008 жылы дағдарысқа қарамай бағдарламаларының нәтижесінде
елімізде 12 өндірісті іске қостық. Олардың қатарында Қарағанды облысындағы
металл кремнийін өндіру зауыты, Ақтөбе мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы
құрылыс материалдары өндірістері, Алматыдағы көлік-логистикалық орталығы,
Ақтаудағы металл-прокат өнімдерін өндіру зауыты, Ақмола облысындағы ет
өнімдері комбинаты, Оңтүстік Қазақстандағы тоқыма өндірісі бар.
Солтүстік-Оңтүстік электр желісінің құрылысы бойынша жобаның
бірінші кезегі жүзеге асырылды, Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы жоғары
кернеулі желісі пайдалануға берілді, Өзен-Жетібай газ құбыры тармағы
тартылды. Қысқасы, барлық қиыншылықтарға қарамастан, 2008 жыл біздің
банкіміз үшін табысты болды.
Ал егер толық жүзеге асыра алмаған істерге тоқталар болсақ, біз барлық
несие өтінімдерін қанағаттандыра алған жоқпыз. Бұл капиталдың сыртқы
рыногының жабылуымен байланысты. Біз сараптама жұмыстарын жүргізіп, электр
энергетикасы, металлургия, химия сияқты маңызды салаларда 29 жаңа жобаны
мақұлдаған. Дейтұрғанмен, қорлардың жасалуын қамтамасыз еткенше, оларды
қаржыландыруды кейінге қалдыруға тура келді.
Олардың несие саясатын қатайтуы елдегі банктік несие көлемінің күрт
төмендеуіне әкелді. ҚР Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, 2008 жылы
екінші деңгейлі банктер берген несиелердің көлемі, 2007 жылғы көрсеткіштен
екі есеге аз. Әсіресе, негізгі капиталға салынатын инвестициялардың маңызды
көзі болып табылатын ұзақмерзімдік несиелер үлесінің азаюы экономикаға
қатты әсер етіп отыр. Тағы бір айта кететін жайт, банктік несие дағдарысы
құрылыс саласынан гөрі, өңдеу саласындағы ең әлсіз өндірушілерге қаттырақ
әсер етуде
Басқаларға қарағанда, Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе
жатқан құрылыс саласы мен сыртқы қарыздарға тәуелді. Бұл екі қаржы көзіне
де қауіп төніп тұр. Қаржының кері қайтарылуы жаңа басталғанда біз қиындықты
бірінші сезіндік.
Дағдарыс сауда саласын да тұралатты. Алматы көшелеріндегі экономикалық
өсудің басты белгісі ретінде шетелдіктердің көзіне түсетін қымбат
машиналардың да саудасы тоқтады.
BMW-нің Алматыдағы өкілдігінің коммерциялық кеңесшісі Константин
Быков: Өткен жылы осындай уақытта біз 200 машина сатқанбыз, биыл 100-ін
ғана саттық, -дейді.
Сұраныс тек жаңа машина сияқты қымбат тауарларға ғана төмендеген жоқ.
Қара базардағы сатушылардың айтуынша, тіпті Қытайда әзірленген арзан тұтыну
тауарларының өзіне сұраныс күрт кеміп кеткен.
Қазақстандық дағдарыс барлық аймақтың экономикасына кері әсер етеді.
Қазақстандағы экономикалық өсудің тежелуі оның көршілеріне де сезілді.
Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғызстанның еңбек мигранттары Қазақстаннан
табатын кездейсоқ табыстарына тәуелді. Мұның кесірінен Қазақстаннан көрші
елдерге кететін қаржы көздері сарқылып, ол елдердегі жалдамалы
жұмысшылардың отбасылары тіршілік көзінен айырылады.
Алдағы жылы ЖІӨ өсу қарқыны 3 пайызға азаймақ. Әлемдік дағдарысқа орай
шикізатқа деген сұраныстың төмендеуінен туындаған өзгерістен үркудің қажеті
жоқ, – дейді осыған орай нарық сарапшысы Елена Дудко. ЖІӨ-ның өсуі 3 пайыз
болады деп, Еуропадағы даму және қайта құру банкінің сарапшылары мәлімдеді.
Қазақстанға да әлемдік дағдарыстың салқыны еліміздің Халықаралық
валюталық позициясы арқылы міндетті түрде тиді. Оның бірнеше себебі бар.
Мысал үшін, соңғы мәліметтер бойынша еліміздің сыртқы қарызы – 100 миллиард
623 миллион доллар. Соның ішінде 41,8 миллиарды банк секторының үлесіне
тиеді екен.
Сыртқы қарыз, халықаралық инвестициялық позиция арқылы міндетті түрде
өтімділік дағдарысы Қазақстан экономикасына әсерін тигізеді. Сыртқы
өтімділік дағдарысқа әсерін тигізуші еліміздің халықаралық инвестициялық
позициясы мен халықаралық валюталық позициясы. Бірақ Қазақстанның өзге
мемлекеттермен салыстырғанда өтімділік дағдарысына қатысты артықшылығы -
2007 жылдың тамыз айынан бастап қамданғандығы. Ертерек қолға алды. Сол
кезден бастап Үкіметтен банк секторына қосымша өтімді активтер бере
бастады. Қазақстан өткен жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батысты бүрістірген қаржы дауылы Қазақстанды гүлденуге итермелейді
Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстанға әсері және оның тереңдігі
«АҚШ-та басталған Қаржы дағдарыстың Қазақстан Республикасына тигізер әсері»
Әлемдік қаржы дағдарысы
Әлемдік қаржы дағдарысының алғышарттары
Инвестиция саясаты туралы
БЕСІКТІҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ МЕН МӘНІ
«Қазақстан мен ресейдегі көші қон мәселесінің бақ тағы көрінісі»
Қазақстан қаржы экономикасының дамуы
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы
Пәндер