Қасақана қылмыс істеу сатыларының қылмыстық құқықтық мәселелері


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Абдуллаев Айдынбек

Қасақана қылмыс істеу сатыларының қылмыстық құқықтық мәселелері.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В030100 мамандығы бойынша - «Құқықтану»

Түркістан 2014

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминология кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Қылмыстық құқық, іс жүргізу және

криминология кафедрасының меңгерушісі

п. ғ. к., доцент м. а. М. С. Молдалиев

15. 05. 2014ж. Хаттама № 10

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қасақана қылмыс істеу сатыларының қылмыстық құқықтық мәселелері.

5В030100 мамандығы бойынша - «Құқықтану»

Орындаған А. Абдуллаев

Ғылыми жетекшісі

з. ғ. к., аға оқытушы Е. П. Мергенбаев

Түркістан 2014

Мазмұны

Кіріспе. . . . 4

1 Қасақана қылмыс сатыларының жалпы ұғымы

1. 1 Қылмыс істеу сатыларының түсінігі және маңызы . . . 7

1. 2 Қасақаналық және оның түрлері . . . 14

1. 3 Қылмыстық-құқықтық аспектісіндегі қасақаналық

және оны қылмыс жасауда табу . . . 21

2 Қасақана қылмыс істеу сатыларының түрлері

2. 1 Қылмысқа дайындалу . . . 26

2. 2 Қылмыс жасауға оқталу . . . 35

2. 3 Аяқталған қылмыс . . . 44

2. 4 Қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту . . . 51

Қорытынды . . . 60

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 62

Қосымша №1 . . . 65

Қосымша №2 . . . 66

Қосымша №3 . . . 67

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қылмыс - қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесі басымырақ екенін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқықтық шаралар қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу - қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздік) көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстың әр уақытта да адамның нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан жолы - 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгеймен ерекшеленуі тиіс[1] . Қылмыстың заңнамалық анықтамасы - Қылмыстық Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) деп көрсетілген (Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі (9-бап) [2] . Қылмыстың осы грамматикалық түсіндірмесінен бұл жерде аяқталған, іске асырылған қылмыс туралы сөз болатыны жөнінде қорытынды жасауға болады. Қылмысты істеу процесі уақыт бойынша созылады және өте ұзаққа созылуы мүмкін.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам қандай да бір әрекетті бастар алдында нақты мақсаттар қойып, өзінің ілгеріде жүзеге асыратын әрекеттерін оған бағындыру қабілетіне ие. Сонымен бірге қылмыстық әрекетті бастар алдында қылмыс субъектісі оның нәтижесін көз алдына елестетеді. Қылмыстық нәтиже мақсатқа айналған немесе соңғы қылмыстық мақсатқа жетудің қажетті сатысына айналған кезде қылмыс субъектісінің санасында қылмыс істеуге деген қасақаналық ниет қалыптасады. Белгілі бір жағдайда осындай қасақаналық ниеттің болуы ауызша, жазбаша немесе субъектінің өз ойын өзге әдістермен көрсетуі нәтижесінде белгілі болуы мүмкін. Қылмыстық ниет қалыптасқаннан кейін қылмыс субъектісі өз ойын іске асыруға бағытталған әр түрлі әрекеттерді жүзеге асырады (қылмысқа дайындала бастайды және одан кейін өз әрекеттерін қылмысты орындауға тікелей бағыттайды) . Бірақ қандай да бір себептерге және жағдайларға байланысты ойлаған қылмыстық нәтиженің туындамауы жиі кездеседі. Мысалы: Қылмыскер банкіден ақша ұрлау үшін құрал-жабдықтар сатып алады, банкіні күзету қызметін атқару тәртібін және дыбыс беру қондырғыларының жүйесін анықтайды, жоспар құрады, қылмысқа қатысушыларды іздестіріп табады, олардың әрқайсысының қылмыс істеудегі рөлдерін бөледі, бірақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің оларды ұстауына байланысты қылмысты ақырына дейін жеткізбейді.

  1. Жоғарыда аталған әрекеттерді орындағаннан кейін қылмыскер банк ішіне кіреді және ақшасы бар сейфті ашпақшы болады, бірақ осыны істей алмай, қылмыс орнынан қашып кетеді. Қылмыскер барлық әрекеттерді орындап, сейфті ашады және ақшаны алады.

Көрсетілген мысалдардан тұлғаның ең алдымен қылмыс істеу үшін қолайлы жағдайлар жасайтынын, содан кейін қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге тікелей қол сұғатын әр түрлі әрекеттерді орындайтынын және ең соңында қылмыстық ниетін толығымен жүзеге асыратынын көруге болады.

Сонымен, қасақана қылмыстық әрекет өзінің қалыптасуында және дамуында бірқатар кезеңдерден өтеді: қасақаналықтың қалыптасуы (табылуы) - қылмысқа дайындалу - қылмыс жасауға оқталу - аяқталған қылмыс.

Бірақ нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған, жүзеге асырылмаған ойлар, пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан қылмыс болып табылмайды. Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет, мақсаттары қоғамға қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқықтың реттеу саласына жатпайды. Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе бірауыздан осылай тұжырым жасалған. Ал қылмыс ақырына дейін жеткізілгенге дейін өтетін әрекеттер (қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу) болса аяқталған қылмыспен қатар нақты қоғамдық қауіпті туындатады. Бұл кезде заңмен қорғалатын тұлғаның құқықтары мен мүдделеріне, меншікке, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке, Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне және өзге де заң қорғауындағы объектілерге зиян келтірілу, оларды бұзу қаупі төнеді немесе осындай зиян ішінара келтіріледі.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде тек жүзеге асырылған қылмыс ғана емес, сонымен қатар кінәлінің еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмеген қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) те айыпты және жазалануға жатады деп көрсетілген.

Қасақана қылмыс істеу сатыларының мазмұны мен ерекшеліктерін зерттеу және талдау тек теориялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік жағынан да маңызды және өзекті мәселе болып келеді. Оның ғылыми маңыздылығы қылмыскер тұлғасының қасиеттері мен ерекшеліктерін ашудан, қылмыс істеуге көмектесетін жағдайлар мен себептерді қалыптастыратын сыртқы әлеуметтік ортаны ашудан және қылмыс істеу сатыларының мәнін анықтаудан көрінеді. Ал тәжірибелік маңыздылығы - қылмыстың алдын алуға қажетті шараларды анықтауда, құқық бұзушы тұлғаның көзқарасын өзгертуде, қылмыс істеген кінәлінің ойластырған қылмыстық ниетінің орындалу дәрежесіне байланысты қылмысты дұрыс саралауда анық көрінеді.

Сонымен қатар 1997 жылы 16-шілдеде қабылданып, 1998 жылы 1-қаңтарда күшіне енген жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі бұрынғы Қылмыстық Кодекстерге қарағанда, аяқталған қылмыс түсінігін және қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту, оның ішінде қылмысқа қатысушылардың өз еркімен бас тартуын жаңадан ашып көрсеткен.

Зерттеудің практикалық маңызы. Республиканың Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистикасы мен арнайы есеп жөніндегі Орталықтың берген мәлімдемесіне сүйенсек, Қазақстан Республикасы бойынша соңғы жеті (2007-2013) жылда 16 млн. халыққа шаққанда жалпы қылмыстар саны төмендегідей: 126433 (2007 ж. ), 125950 (2008 ж. ), 119690 (2009 ж. ), 129323 (2010ж. ), 205131 (2011ж. ), 284897 (2012ж. ), 356952 (2013ж. ) . Бұл жерде тек жалпы қылмыс саны көрсетілген.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Біздің Республикамызда бұл мәселенің жекелеген жақтарын Г. И. Баймурзин, У. С. Джекебаев, Е. І. Қайыржанов, И. И. Рогов, Б. Ж. Жүнісов, Р. Т. Нұртаев, И. Ш. Борчашвили, Р. И. Судакова, Г. Д. Тленшиева, С. М. Рахметов, И. Мауленов, Р. Е. Қайдаров, Е. О. Алауханов және басқалардың ғылыми еңбектерінде көрсетілді. Жоғарыда аталған ғалымдардың зерттеулері сонымен қатар сот тергеу тәжірбиесі көрсеткендей қылмыстың жасалу сатыларын зерттеуді қажет етеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - «қасақана қылмыс істеу сатыларының» түсінігін ашу және қылмыс істеу сатыларының әрбір түрін жеке-жеке қарастыру және талдау.

Дипломдық жұмыстың міндеті - қасақана қылмыс істеу сатыларының жалпы сипаттамасын беру. Сонымен қатар аяқталған қылмыс пен аяқталмаған қылмыс арасындағы, жазалануға жатпайтын қасақаналықты табу және кейбір жағдайларда жазалануға жататын қылмысқа дайындалу арасындағы, қылмысқа дайындалу сатысы мен қылмыс жасауға оқталу сатысы арасындағы, қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту мен шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу арасындағы айырмашылықтарына және аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындалғанда ескерілетін жағдайларға көңіл бөлу.

Дипломдық жұмыстың (эмпирикалық) деректік негіздері. Қасақана қылмыс істеу сатылары туралы мәселені қарастырған кезде Қазақстан Республикасының заң актілері және оған түсініктемелер, қылмыстық істер бойынша Қазақстан Республикасының Жоғары Соты Пленумының қаулылары, оқу әдебиеттері, ғылыми еңбектер және мерзімді басылымдар қолданылды.

Дипломдық жұмыс құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім, жеті бөлімшеден, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және үш қосымшадан тұрады.

1 Қасақана қылмыс сатыларының жалпы ұғымы

1. 1 Қылмыс істеу сатыларының түсінігі және маңызы

Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 3-бабында қылмыс жасау, яғни осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады деп көрсетілген.

Қылмыстық Кодекстің 9-бабының 1-тармағы бойынша осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.

Заң шығарушы қылмыс ұғымын (ҚР Қылмыстық Кодексі 9-бап), қылмыс құрамын қылмыстық жауаптылықтың негізі ретінде (ҚР Қылмыстық Кодексі 3-бап) және қылмыс субъектісін (ҚР Қылмыстық Кодексі 14-бап) анықтау кезінде аяқталған, яғни жасалып біткен қылмыс туралы айтады. Бұл жағдайдың Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөліміндегі баптардың баршасына қатысы бар. Бірақ өмірде қайсыбір себептерге байланысты адамның ойластырған қылмысы аяғына дейін жетпей қалатындығы көп кездеседі. Айталық, қылмыскер адам өлтіремін деп тапаншамен қаруланды, бірақ осыған байланысты ұсталды. Болмаса әлгі тапаншамен жәбірленушіні өлтіру мақсатымен оған оқ атады, бірақ мүлт кетіп, жәбірленуші тірі қалады.

Яғни қылмыс уақыт аралығында және кеңістікте жасалады, басынан аяғына дейін өзіндік дамудың белгілі бір сатыларына ие болады. Көптеген қасақана қылмыстар қылмыскердің еркімен қадағаланатын және бағытталатын күрделі объективтік және психологиялық процестерден құралады. Оны (қасақана қылмысты) жасар алдында ұзақ уақыт дайындық әрекеттері (ой туындайды, қасақаналық ниеттер және мақсаттар қалыптасады, дайындалу іс-қимылдары жүзеге асырылады) жүргізілуі мүмкін, ал одан кейін қылмыс істеу процесінің өзі жүзеге асырылады. Егер кінәлі қылмыстық ойын ақырына дейін жеткізсе (мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлау), онда аяқталған қылмыс орын алады. Ал егер ол өз ниетін толығымен жүзеге асыра алмаса және қылмыскердің әрекеттері оның еркінен тыс мән-жайлар бойынша тоқтатылған болса, онда бұл жерде аяқталмаған қылмыс орын алады.

Дайындалу сәтінен бастап толық аяқталғанға дейін қасақана қылмыс кезеңдерін қылмыс істеу сатылары немесе қылмыстық әрекеттің даму сатылары деп атайды.

Бұрынғы қылмыстық заңдарға қарағанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 24, 25-баптарында алғаш рет қылмыстық әрекеттің үш сатысы атап көрсетілген. Бірақ Қылмыстық Кодексте қылмыс істеу сатылары анықтамасын бермейді және осы терминді тікелей қолданбайды. Осындай түсінікті қылмыстық құқықтың ғылымы және құқық қолданушылық тәжірибе қалыптастырған. Өйткені қылмыс адам іс-қимылының бір түрі ретінде осы іс-қимылдың барлық түрлерін қамтиды. Және адамның кез келген әрекеті сияқты оның қылмыстық әрекеті уақыт аралығында өтеді әрі кеңістікте қолданылады және бірнеше кезеңдерден тұрады, тұлға іс-қимылының барлық психофизиологиялық және психикалық белгілеріне ие болады.

Саты ретінде жасалған әрекет сипаты және қылмыстық іс-әрекеттің тоқтатылу сәті бойынша ерекшеленетін қасақана қылмысты дайындау және жүзеге асыру кезеңдерін түсіну керек.

Қасақана қылмыс істеу сатылары дегеніміз -бұл заңда анықталған қылмысты дайындау және оны тікелей жүзеге асыру кезеңдері (қылмыстық әрекеттің даму кезеңдері) .

Ағыбаев А. Н. пікірінше, қылмыс істеу сатылары деп қылмыстың бір-бірінен тиісті қылмысты жүзеге асырудағы объективтік жағының дамуындағы және кінәлінің қасақаналықты іске асыру дәрежесіндегі айырмашылықтармен белгіленетін қылмыстың белгілі бір даму кезеңдері ұғынылады.

Қасақана қылмыс істеу сатыларының тағы бір анықтамасын беруге болады: бұл қылмыстық ниетті жүзеге асыруға бағытталған кез келген қасақана әрекет.

Қылмыс істеу сатыларының қылмыстық-құқықтық түсінігі қылмыстың нақты дамуына сәйкес келеді және осы объективтік процесті көрсетеді.

Қылмыс істеу сатылары кінәлі әрекет мазмұны бойынша, қылмыстық ниетті жүзеге асыру дәрежесі бойынша және криминалды әрекеттің аяқталу сәті бойынша ерекшеленеді.

Көрсетілген сатыларды анықтау қылмыстың аяқталмаған құрамын құрайтын қандай да бір әрекет (әрекетсіздік) жасаған адамның қылмыстық жауаптылығы және жазалануы жөніндегі мәселені шешу үшін қажет.

Біріншіден, қылмыстық жауаптылықтың бірден бір негізі іс-әрекеттен қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамын анықтау болып табылатындықтан, қылмыс сатыларын белгілеу қылмыстық әрекетті қылмыстық емес әрекеттен айыруға мүмкіндік береді.

Екіншіден, бұл сатыларды құрастыратын іс-әрекеттер қоғамдық қауіптілігінің әр түрлі дәрежесімен сипатталады. Қайсыбір сатысы қылмыстың аяқталуына неғұрлым жақынырақ тұрса, адамның істеген іс-әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік) соғұрлым қауіптірек болып табылады, ал бұл жағдай, әрине, жаза тағайындарда ескерілуі керек [3] .

Кез келген қылмысты істеу үшін адам өзін соған итермелейтін қоғамға зиянды мүдделерді, қажеттіліктерді, зұлымдық пиғылдарды басшылыққа алады. Яғни адам қылмыс істеу үшін, ең алдымен, өзінің психологиялық ой-ниетін қалыптастырады. Бұл адамның ішкі сезімін, ойын, ниетін білдіреді. Бірақ осы сезім, ой-ниет адамның нақты мінез-құлқы, қимылы, әрекеті арқылы сырттай көрініс бермеуі де мүмкін. Сондықтан да адамның мұндай сыртқа шықпаған ішкі жан-дүниесінің белгілі бір іс-әрекет арқылы сырттай көрініс бермеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Яғни мұндай психологиялық сана-сезім, жалаң ой, қиял қылмыстық құқық нормасынан тысқары болады, ол үшін қылмыстық жауаптылық жоқ.

Бірақ көптеген авторлар ой-ниеттің қалыптасуын қылмыс істеу сатыларының алғашқы сатысы ретінде қарастырған. Егер тарихқа көз жүгіртсек, ерте және орта ғасырларда қылмыстық ниетті қылмыс деп тану тәжірибеде жиі кездеседі. Мысалы, 1845 жылғы Жаза туралы ереженің 241-бабында қылмыстық ниет үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.

Қылмыстық құқықтың қазіргі ғылымы осындай қағиданы жоққа шығарады және ниеттің қалыптасуы қылмыстық-құқықтық қатынастардың пәні бола алмайды деп көрсетеді. Жалпыға белгілі қылмыстық құқықтың қағидасы бойынша «cogitationis poenam nemo patitur» («ой жазаланбайды») . Қылмыстық ниет қалыптасудың жазаланбайтындығы ой мен пікір еркіндігі туралы конституциялық кепілдіктен туындайды.

Сонымен қылмыс істеуге ниеттің қалыптасуы қандай да бір қылмысты істеу тілегін білдіру ретінде түсініледі, бірақ оны жүзеге асыруға бағытталған әрекеттер жасалынбайды. Осындай түсінік қылмыс - бұл, ең алдымен, адамның қоғамға қауіпті әрекеті немесе әректсіздігі деп көрсеткен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 9-бабымен («Қылмыс ұғымы») сәйкес келмейді. Яғни сөз жүзінде айтылған, түсінде көрген, қияли пиғылдар қылмыс деп саналмайды. Өйткені мұндай жалаң ойдан, қасақаналық ниеттен қылмыстық заң қорғайтын объектіге ешқандай зиян келмейді және зиян келтірілу қаупі болуы да мүмкін емес. Себебі, жалаң ой, пиғыл, ниет, қиял нақты іс-әрекетпен ұштаспайды, іс-әрекет арқылы сыртқа шықпайды, адамның ішінде ғана қалады. Сондықтан да қылмыстық ойдың болуы қылмыс істеу сатысына жатпайды. Ол қылмыстық заң шекарасынан тысқары жатады және жауаптылық туындатпайды. Мысалы, азамат Б. өзінің жүйелі түрде жұмыстан кешігуіне байланысты кадрлар бөлімінің директорының орынбасары тарапынан бірнеше рет сөгіс алады. Директордың орынбасарына кектенген Б. оны өлтіруді немесе кемтар етуді ойлайды. Бірақ өзінің қасақаналық ниетін жүзеге асыру үшін азамат Б. ешқандай әрекеттер жүзеге асырмайды [4] .

Дегенмен қасақаналық ниетті табу болуы мүмкін қылмыстардың алдын алу тәжірибесінде маңызды орын алады. Әсіресе бұл ерекше ауыр зардап туындататын ұйымдасу, кәсіби, қылмыстың қайталануы, топтасу тәрізді қылмыстылықтың неғұрлым ауыр нысандарына қатысты қолданылады. Негізінде анықтау органдарының міндетіне қылмыстарды ашу ғана емес, сонымен қатар олардың алдын алу және профилактикасы кіреді. Қандай да бір тұлғаның қоғамға қауіпті және заңға қайшы қылық істеу туралы ниет білдіруі аталған орган қызметкерлеріне осындай тұлғаларға қатысты олардың ниеттері қылмыс істеуге айналып кетпес үшін қажетті шаралар жүргізуге мүмкіндік береді [5] .

Қылмыстық ой, ниетті қорқыту арқылы ауыр қылмыс жасаумен шатастыруға болмайды. Қорқыту қоғамға қауіпті әрекетті білдіреді және заңмен қудаланады. Қорқыту жәбірленушіге психикалық зиян келтіретіндіктен қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Мысалы, өлтіремін деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп қорқыту (ҚР Қылмыстық Кодексі 112-бап), өкімет өкілінің өз қызметтік міндеттерін орындауына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз күш қолдану немесе күш қолданбақ болып қорқыту (ҚР Қылмыстық Кодексі 321-бап), істің немесе материалдың сотта қаралуына байланысты судьяға, сол сияқты оның туыстарына қатысты өлтіремін деп, денсаулыққа ауыр зиян келтірумен, мүлкін бүлдірумен немесе жоюмен қорқыту (ҚР Қылмыстық Кодексі 341-бап), куәгерді, жәбірленушіні, сарапшыны, аудармашыны бопсалаумен, өлтіремін, денсаулығына зиян келтіремін деп осы адамдардың немесе олардың туыстарының мүлкін жоямын деп қорқыту (ҚР Қылмыстық Кодексі 354-бабының 2-тармағы), бастыққа, сол сияқты әскери қызмет бойынша өзіне жүктелген міндетті атқарушы өзге адамдарды күш қолданамын деп қорқыту (ҚР Қылмыстық Кодексі 368-бап), т. б. Мұндай қорқытулар аяқталған қылмыстың құрамын құрайды. Осы қылмыстарды істеуші субъектілер жәбірленушіге психикалық зиян келтіру жолымен қылмыстық ойын белгілі бір іс-әрекетпен байланыстыру арқылы аяқталған қылмыстың құрамын жасайды. Сонымен,

- Қылмыс істеуге ниеттің қалыптасуы қылмыстық-құқықтық қатынас шегінен тыс жатады;

- Қылмыстық ой, ниет қылмыс істеу сатысына жатпайды, өйткені қылмыстық нәтижеге жету үшін ешбір қолайлы жағдай туындатпайды. Яғни, адамның ой-пиғылының ашылуы, білінуі, мәлімденуі

өзінен-өзі заңмен қорғалатын объектіге зиянды зардабын тигізбейді. Сондықтан оның қоғамдық қауіптілігі жоқ және қылмыс істеу сатысына жатпайды;

- Қылмыстық ниет пен қылмыстық заңда көзделген қорқыту бір-бірімен шатастыруға болмайтын екі түрлі түсінік.

Қылмыстық заң бойынша қасақана қылмыстың өз дамуында өтетін үш сатысын бөліп қарастыруға болады:

  1. Қылмысқа дайындалу (ілгеріде істеу үшін қолайлы жағдай қалыптастыру), Қылмыс жасауға оқталу (қылмысты істеуге тікелей бағытталған және сондықтан да объектіге зиян келтіруі мүмкін әрекеттер), Аяқталған қылмыс (Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінің тиісті нормасында көзделген нақты қылмыс құрамының барлық белгілерін қамтитын тұлғамен жасалған әрекеттер) . (Қосымша №1) .

Қылмыс сатылары ретінде қылмыстың өз дамуында басынан (дайындалу әрекеттері) аяғына (қоғамға қауіпті салдардың туындауы) дейін өту кезеңдерін түсіну керек [6] . Олар бір-бірінен сипаты және кінәлі әрекет мазмұны бойынша, сонымен қатар криминалды әрекеттің аяқталу деңгейі бойынша ерекшеленеді. Яғни қылмыс істеу сатылары бір-бірінен объективтік белгісі арқылы - қылмыстық әрекеттің аяқталу сәтімен ерекшеленеді.

Қасақана қылмыс сатыларының ғана қылмыстық-құқықтық маңызы бар. Әрине абайсыз қылмыстар да уақыт бойынша созылады. Бірақ қылмыстық-құқықтық қатынастарда белгілі бір салдар туындағанға дейін абайсыз қылықтардың маңызы болмағандықтан, оларды істеу сатылары туралы сөз болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫС ІСТЕУ САТЫЛАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
ҚЫЛМЫС ІСТЕУ САТЫЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІН АНЫҚТАУ
Қылмыс жасау сатыларының түрлері
Қылмысты жасауға дайындалу және оқталу үшін қылмыстық жауаптылық және жазаланушылықтың негіздері
АЯҚТАЛҒАН ҚЫЛМЫС
Қылмыс жасау сатылары қасақана қылмыстың дамуының белгілі бір сатылары
Қылмыстық құқықтағы қылмысты істеу сатылары
Қоғамға қауіптілік - қылмыстың объективтік белгісі
Қылмыс сатыларының түсiнiгi және жалпы сипаттамасы
Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz