Құқық шығармашылықтың негізгі қағидалары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

1. Құқықшығармашылықтың негізгі қағидалары . . . 5

2. Құқықшығармашылық кезеңдері . . . 6

Қорытынды . . . 9

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 10

Құқықшығармашылық түсінігі, оның қағидалары мен түрлері

Құқықшығармашылық мемлекеттін жұмысының ең күрделі, өте жауапкершілікті түрі Норма шығармашылық қоғамдағы қарым-қатынастарға тікелей ықпал ететін негізгі жол, құқыққа мемлекеттік күш беретін құрал. Құқықшығармашылықтың үш түрі бар.

  1. Тікелей мемлекеттік органның нормативтік актілерді қабылдауы, бекітуі, шығаруы;
  2. Өмірде көп жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік нормаларды қабылдап, бекіту;
  3. Нормаларды референдум арқылы бекіту;

Құқықшығармашылық заңдық нормаларды шығаруға бейімделген, осыған сәйкес, арнайы құзыретке иелі субъектілердің қызметі. Әдетте, бұл күрделі жұмыс белгілі бір қалыптасқан принциптерге сүйеніп жүргізілуі тиіс. Олар жалпы айтқанда демократиз, заңдылық, ізгілік, жариялылық, ғылыми сипаты, кәсібилік, жобаларды дайындаудағы ұқыптылық пен мұқияттылық. т. б.

Құқықшығармашылықтын негізгі қағидалары:

1. Демократизм мен жариялылық - шығармашылық процесіне қалын бұхара қоғамдық ұйымдар бірлестіктер, еңбек ұжымдары, саяси партиялар, бұхаралық аппарат құралдары, заңгерлер, ғалымдар қатысып, өздерінің пікірін айтып, ұсыныстарын береді. Өте құрделі мәселе бойынша жалпы халықтық референдум жүргізіледі.

2. Заңды кәсіпқойлық - мемлекеттін заң шығармашылық органдарының кәсіпқойлық сапасын көтеру, оның жұмысына заңгерлерді, ғалымдарды, социологтарды, политологтарды т. б. тәжірибелі азаматтарды қатыстыру. Заң шығармашылық процестің сапасын көтеру үшін: біріншіден-қысқа және ұзақ мерзімді заң шығару жоспары болуы керек; екіншіден-заң және заңға тәуелді нормаларды шығарудың көп жылғы тексерістен, тәжірибеден өткен ережелері болу қажет; үшіншіден - заңның жобасын тәуелсіз ғылыми сараптамадан өткізіп барып, қабылдау, төртіншіден- парламенттегі депутаттардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру қажет.

3. Құқықшығармашылықтағы зандылық - жаңа қабылданатын нормалар Конституцияның талаптарына сәйкес өмірге келуі қажет. Құқықшығармашылдық процесінің ғылыми сапасын көтеру- бұл үшін коғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйелерін жан-жақты зерттеп, олардың ғылыми тұрғыдан талаптарын анықтап, қорытынды тұжырымдар жасап, оны қалай сапалы заңға айналдыру жолдарын, бақыттарын белгілеу. Ол ғылыми тұжырымдарды тәжірибеден, тексерістен өткізіп алу керек[1] .

Құқықшығармашылық кезеңдері

Құқықшығармашылық сатылары төрт кезеңнен турады:

  • нормативтік акт жобасын дайындау;
  • нормативтік акт жобасын талқылау;
  • нормативтік актіні қабылдау;
  • нормативтік актіні жариялау /басып шығару/;

Қазақстан Республикасының заң шығару процесінің өз ерекшеліктері бар. Бұл процесс, әдетте заң шығару қызметінін сатылары және олардын бірізділігі арқылы дамып отырады.

1. Заң жобаларын Парламенттің қарауына ресми еңгізу. Мұндай құқыққа кез келген азамат немесе адамдар тобы ие бола алмайды, оған тек ҚР Конституциясында көрсетілген ресми өкілетті органдар мен лауазымды адамдар ғана иелі. Ата Занның 61 бабының 1-тармағында «Заң шығару бастамасы құқығы ҚР Парламентінің депутаттарына, Республика Үкіметіне беріледі және тек қана Мәжілісте жузеге асырылады», -делінген. Ресей Федерациясында заң шығару бастамалығына иелі органдар мен лауазымды адамдарға, яғни мұндай құқыққа иелілердің қатарында РФ Президент!, Федерация Кеңесі, Федерация Кеңесінің мүшелері, Мемлекеттік Думаның депутаттары, РФ Үкіметі, РФ субъектілерінің өкілді органдары және бұкіл Жоғарғы Сот органдары бар.

2. Заң жобаларын талқылау. Заң жобасы Мәжілістің тұрақты комитеттерінде алдын-ала қаралғаннан кейін Мәжілістің пленарлық отырысында талқыланады. Талқылауда екі оқылым өткізіледі. Бірінші оқылымда қаралған заң жобасы жөніндегі шешім, егер ол Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен бекітілген болса, қабылданды деп есептеледі. Мұндай шешім Мәжілістің қаулысымен рәсімделіп, екінші оқылым басталғанға дейін 10 күннен кешіктірілмей бас комитетке береді. Бас комитет заң жобасына енгізілген түзетулерді қарап, оның екінші оқылымға әзірлейді. Екінші оқылым барысында заң жобаларын қарау кезінде жазбаша түрде енгізілген түзетулер ғана қаралады. Палата Депутаттарының талап етуі бойынша енгізілген түзету дауысқа салынады. Әрбір түзету Дауысқа жеке-жеке салынады.

3. Зан қабылдау. Мәжіліс заң жобаларын Мәжіліс Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен мақұлдайды. 10 күннің ішінде заң жобасы Парламент Сенатының қарауына жолданады. Заң жобасы Сенатта қаралуы тиіс. Ұсынылған заң жобасымен Сенат келіскен жағдайда онын депутаттарының копшілік даусымен қабылданып, ол заңға айналады және 10 күннін ішінде Президенттін қол коюына жіберіледі.

4. 3аңдарды бекіту. ҚР заңдарына Республика Президент; 15 жұмыс күні ішінде қол Қояды немесе заңды және жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін өз қарсыластарымен кері қайтарады.

5. Заңдарды жариялау. Заңдар ресми түрде жарияланады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы "Егемен Қазақстан", "Заң газеті" т. б. ресми басылымдарда заңдардың " мәтіндері жария етіледі[2] .

Нормативтік-құқықтық актілерді жүйеге келтіру.

Қазіргі құқық тәжірибесінде нормативтік-құқықтық актілерді жұйелеудің үш тәсілі қолданылады: заңдар мен өзге де нормативтік актілердің түрлі ыңғайдағы жинақтарын шығару; бір немесе біпрнеше өзара байланысты мәселелер бойынша ұсақ-тұйек актілерді мәніне қарай бір ірі актіге біріктіріп шығару; жаңа акт - қолданылып жүрген құқық / актілерін/ нормаларын өндеу, сондай-ақ оларды тын нормалық нұсқаулармен толықтыру арқылы кодекс немесе өзінің зандық сапасы жағынан кодекске жақын өзге акт жасау.

Нормативтік актілерді жұйелеудің аталған тәсілдеріне орай үш түрі бар:

  • сұрыптау / кодификация/,
  • реттестіру /инкорпорация/
  • топтастыру /консолидация/.

Заңдарды /кодификациялау/ сұрыптау - белгілі бір қолданылып жұрген нормаларды бекіту және оларды жұйелеу қана емес, сонымен қатар жаңа құқықтық нұсқауларды әзірлеу, заңдардың мәнісін жетілдіру болып табылады. Сұрыптаудың нақ осы қасиеті оны құқықшығармашылық қызметтің мейлінше жетілген тұрлерінің бірі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Сұрыптау заңдар жүйесінде өз төңірегінде топтастырылған актілерден екшеленіп, іріктелген өзінше бір ірі топтамалар қалыптастыруға жағдай жасайды. Мұндай тұрғыдағы топтамалар заңдардың тұрақтылық сипатын кұшейтіп, оның жүйелерінің әлдеқайда берік құрылымын қамтамасыз етеді.

Сұрыптаудағы, әдетте, жүйелеу және ең бастысы заң актілерін жетілдірумен байланыстырады. Сондықтан оның нәтижелері тек өзіне тән ерекше қасиеттермен сипатталатын негізгі әрі мейлінше заң күші бар сұрыпталған акт тұрінде көрінеді. Сұрыпталған акт сонымен қатар қоғамдық қатынастардың тиісті салаларын реттейтін барлық негізгі мәселені шешеді, қоғамдағы барынша елеулі де орнықты қатынастарды заң тұрінде рәсімдеп бекітеді. Бұдан шығатын қорытынды, сұрыпталған актіде айтарлықтай ұзақ уақыт кезеңіне арналған тұрақты нормалар болуы тиіс[3] .

Заңдарды сұрыптаудың белгісі мынаны көрсетеді:

Сұрыптаушы акт сипаты жиі өзгерістерге түсе бермейтін әрі айтарлықтай тұрақты қоғамдық қатынастардың бірыңғай кағидаттары негізінде реттелген өзара байланысты қалыпты /нормативті/ нұсқаулардың жиынтығын /жүйесін/ білдіреді. Сөйтіп, сұрыптаушы акт - бұл мемлекеттік буынның ең беделді, әрі жоғары заң күші бар шешімі. Сондықтан, сұрыптау ең алдымен заң актісін шығарумен аяқталады. Алайда, бірқатар жағдайда ұкіметке актінің, жекелеген минситрліктер, мемлекеттік комитеттер актілерінің де сұрыптаушы сипаты бола береді. Сұрыптаушы актінің ең үлгі нысаны кодекс болып табылады. Кодекстер бір сипатты қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын егжей-тегжейлі реттеуге мүмкіндік беретін ірі жиынтық акт болып табылады. Кодекс қолданылып жүрген заңдардың белгілі бір тақырып бойынша көптеген нормаларын қорытып, жүйелеуге мүмкіндік береді. Кодекстер жасау-бір мәселе жөнінен қолданылып жүрген актілердін көптігін жою мәселесін шешудін тиімді жолдарынын бірі. Сұрыпталған актілер жарғы, ереже, қағида нысанында да қабылдануы мүмкін.

Нормативтік актілерді реттестіру / инкорпорация/ түрлері.

Нормативтік-құқықтық актілерді реттестіру түрінде жүйелеу, қолданылып жүрген актілердін тұрлі жинақтарын, жиынтықтарын әзірлеу мен басып шығаруды білдіреді. Реттестірудің мақсаты субъектілердін олар үшін оңтайлы тәсілдер арқылы заңдардың және өзге де нормативтік-құқықтық актілердін мәтіндерімен қамтамасыз ету.

Реттестіру ұғымының аса маңызды мынадай белгілерін тұжырымдауға болады:

1) жүйелеу түрлерінің бірі ретінде реттестірудің белгісі-нормативтік актілерді тәртіпке келтіру болып табылады;

2) реттестіру дегеніміз - нормативтік актілерді әлдебір жұйе бойынша зая шығарушының жариялаған мәліметтері;

3) мұндай актілердін мазмұнындағы өзгерістерда көрсетілмеуі;

4) актілерге сыртқы реакцияның техникалық өндеу жүргізу: барлық соңғы ресми өзгерістерді енгізу, лауазымдағы адамдардың қойған қолын алып тастау, күші жойылған деп танылған нормативті емес, уақытша бөліктерді алып тастау және т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық шығармашылығы
Тұрғылықты халықтың мемлекеттің құқық шығармашылығына қатысуы қай кезеңнің болмасын негізгі мәселесі
Нормативтік - құқықтық акт
Құқық шығармашылығы туралы
Құқық шығармашылығының қағидалары
ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Құқық шығармашылығының негізгі қағидалары
Құқықтық шығармашылық
Құқық және мемлекеттік - құқықтық. Құбылыстардың негізгі түсінігі
Құқықтық шығармашылықтың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz