Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі ұлттық қуатты нығайтудың негізгі факторы ретінде


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі ұлттық қуатты нығайтудың негізгі факторы ретінде

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХХI ғасырдың басында Қазақстан Республикасында болып жатқан күрделі саяси, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық үрдістерден туындайтын әралуан қайшылықтардың мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның жан-жақты дамуына кедергі жасайды.

Әртүрлі қайшылықтардың алдын алу және оларды болдырмау тек мемлекет деңгейімен шектелмейді, сонымен қатар менталитет шеңберінде де айқындауды қажет етеді. Әйгілі АҚШ ғалымы Т. С. Кун парадигма мәселені таңдауды ғана емес, ол бойынша қабылданатын шешімдердің де сипатын реттеуге тиіс деген.

Осы орайда, экономикалық қауіпсіздік мәселесі әлем бойынша ХХ ғасырдың екінші жартысындағы «постиндустриалдық қоғам» кезеңінде пайда болды. Ол үш бірдей ғылыми бағыттың - «экономика», «қауіпсіздік теориясы» және «саясаттану» - түйіскен жерінде (триада) орналасқан.

1999 жылы «АҚШ ұлттық қауіпсіздігінің жаңа 100 жылдық стратегиясы» әзірленіп, онда басты үш мақсат көзделген: әскери дайындық аясында қауіпсіздікті нығайту; Американың экономикалық гүлденуіне және басқа елдерде демократияның дамуына ықпал жасау.

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - ел тәуелсіздігінің кепілі, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін сақтаудың маңызды тетігі. Экономика әлсіз әрі тиімсіз болса, ішкі және сыртқы қатерлер қысымына шыдау, елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын мықты әскерді құру, оны ұстап тұру қиын болады.

2008 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламентінің ІІ сессиясын ашқанда «Ендігі біздің міндетіміз - экономикалық қауіпсіздіктің әлде қайда жоғары деңгейін қамтамасыз ету», деп басып айтқан болатын.

Әлемдік дағдарыс кезінде экономикаға қолдау көрсетуге Президенттің тапсырмасы бойынша 540 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл - 2008 жылғы болжанып отырған ІЖӨ көлемінің 3, 5 пайызынан асады. Тұрғын үй рыногын тұрақтандыруға 175 миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп, бұл қаражат бірінші кезекте үлескерлерге қолдау білдіруге жұмсалды. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығын дамыту үшін 2008 жылы 135 миллиард теңгедей бөлінген.
Шағын және орта бизнесті қолдауға 2008 жылы барлық көздерден 165 миллиард теңгеден астам бөлінді.

2004-2005 жылдары Қазақстан адам дамуының индикаторы бойынша әлемнің 177 мемлекетінің ішінде 78 орында иеленсе, 1990 жылы 54 орында болды. 2009 жылы қазақстандықтардың өмірдің күтілетін ұзақтығы 68, 4 жас (әйелдер - 73, 3 жас; еркектер - 63, 4 жас) болды.

2009 жылғы Қазақстан халқына «Дағдарыстан даму мен жаңаруға» атты жолдауында Елбасы Н. Ә. Назарбаев ұлттық қуат пен экономикалық қауіпсіздікке бағытталған ойларын ортаға салды.

Тұтастай алғанда ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсаттарда қосымша 2 триллион 700 миллиард теңгеден астам жұмсалды1.

2010 жылғы Қазақстан халқына жасаған Жолдауында Мемлекет басшысы 2020 жылға қарай қазақстандық жол мыналар деді: экономиканы дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу; жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу; адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін болашаққа белсенді инвестициялау; Қазақстандықтарды сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету; ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық қарым-қатынасты одан әрі дамыту2.

Сайып келгенде, елдегі әлеуметтік шиеленістің сақталуы, экономикалық қылмыс, елден капиталдың кетуі және сыбайлас жемқорлықтың мемлекетке тікелей қауіп төндіретіні рас. Сондықтан осы жағдай 1998 жылы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңының 18 бабында көрсетілгендей, экономикалық қауіпсіздікті ұлттық, қоғамдық, экологиялық, ақпараттық, әскери қауіпсіздіктер сияқты қауіпсіздіктің маңызды түрі деп есептеудің қажеттігін туғызды.

Заңнамада қолданылатын «экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету», «экономикалық қауіпсіздіктің нормалары», «экономикалық қауіпсіздіктің талаптары», «экономикалық қауіпсіздіктің қауіп-қатерлері» тәрізді ұғымдар күнделікті тәжірибеде қолданыла бермейді, өйткені бұл терминдердің нақты құқықтық анықтамалары жоқ.

Бұдан шығатын қорытынды, қазіргі кезде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту талабына сай келмейді және ол жетілдіруді қажет етеді.

Осыған байланысты ұлттық қуаттың басты элементі экономикалық қауіпсіздікті мемлекеттік тұрғыда қамтамасыз ету мәселесін зерттеуді талап ету туындады.

Сонымен қатар, диссертациялық зерттеудің өзектілігі бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне қауіп-қатерді болдыртпау мәселесінің әлі күнге дейін толық шешілмей отырғанында. Бұл мәселе Қазақстанға экономикалық (материалдық) зиян келтірмеу мақсатында сауықтыру (профилактикалық) шаралар жүргізуді көздейді. Осыған байланысты әлеуметтік-экономикалық үдерісті мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін бақылаудың тиімді жүйесін жасау қажеттігі туындайды.

Түптеп келгенде, экономикалық қауіпсіздік мәселесінің өзектілігі мынадан туындайды.

Біріншіден, Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне бүгінгі күні төніп тұрған қатерлер Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне төніп тұрған қатерлі қауіптердің біріне айналып отыр.

Екіншіден, еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне бүгінгі күнгі қауіптен келіп отырған материалдық шығынның көлемі мен деңгейі (мысалы, экономикадағы қылмыстық іс, экономикалық қылмыстың деңгейі, шет елге кеткен «капиталдың» көлемі) қауіптің басқа түрлеріне қарағанда анағұрлым жоғары. Мысалы, Қазақстанның төлем балансының көрсеткіші бойынша елімізден капиталдың заңсыз кетуі 2004 жылы - $1, 1 млрд., 2005 жылы - $1. 8 млрд., 2006 жылы - $2, 3 млрд., 2007 жылы - $3, 2 млрд. 2008 жылы - $10, 1 млрд., ал 2009 жылдың 9 айында $2, 8 млрд. құрады.

Үшіншіден, қазіргі заманғы қауіп-қатердің бұдан әрі де сақталып қалуы мен таралуының әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастың бұзылуына және экономикалық ортада әлеуметтік тәртіп нормаларының жойылуына әкеліп соқтыратыны ең басты қауіп болып отыр. Осының нәтижесінде нарықтық реформаның векторында ғана өзгеріс болып қоймайды, сонымен қатар Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекеттің қалыптасуының да негізі бұзылады.

Дегенменде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы Заңының 1 бабында экономикалық қауiпсiздiк - Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының оның тұрақты дамуы мен экономикалық тәуелсiздiгiне қатер төндiретiн iшкi және сыртқы жағдайлардан, процестер мен факторлардан қорғалуының жай-күйi делінген. Бізді қызықтыратын ең басты ұғым қорғалу екендігі рас. Тіпті осы қорғалудың жай-күйi тек экономикалық қауіпсіздік емес, сонымен қатар Заңда көрсетілген ұлттық, сыртқы, әскери, ақпараттық және қоғамдық қауіпсіздіктерге тән ұғым болып отыр.

Ұлттық және экономикалық қауіпсіздіктер кез келген ұлттың, мемлекеттің қорғалған жай-күйі болып, барлық мемлекеттік органдар жүйесі қорғану іс-шараларына жұмылдырылады. Ал ұлттық қуаттылыққа келетін болсақ, қолда бар ресурстарды ұтымды пайдаланып, керісінше, өзге мемлекеттерге қауіп төндіретін элементтермен ерекшеленеді.

Егер ұлттық және экономикалық қауіпсіздік теориясы бойынша басты мәселе Қазақстанға жұдырық көрсететін субъектілер мен мемлекеттерден қорғанудың жай-күйі болса, ұлттық қуаттылық теориясына сәйкес басқа мемлекеттерге Қазақстанның өзі жұдырық көрсетуі керек және оған қажетті ресурстарды жоғары деңгейде үнемі ұстап отыру қажет.

ХХI ғасырда экономикалық жаһандану тек қана әлемдік экономиканың бірігу процесін емес, сондай-ақ елдер арасындағы, әсіресе ірі мемлекеттер мен көршілес мемлекеттер арасындағы бәсекелестікті тереңдетті. Кез келген мемлекеттің халықаралық аренадағы жағдайы, оның ұлттық қуатының өрлеуі мен құлдырауы аса өзекті мәселеге айналуда.

ХХ-ХХI ғасырларда аса қажетті стратегиялық ресурстар мен олардың сипаты елеулі түрде өзгеру үстінде. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанның ұлттық қуатының, оның деңгейін анықтау тәрізді өзекті мәселелер әлі де болса шешілмей келеді. Әрине ұлттық және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейінде қажетті іс-шаралардың қабылданып жатқандығын жоққа шығаруға болмайды. Бізше, ұлттық және экономикалық қауіпсіздіктер ұлттық қуаттылықтың қандайда бір компоненттері болып табылады.

Дегенменде іс-шаралар ағымдағы қордаланып қалған мәселелерді шешуге бағытталып отыр. Қазақстанның ұлттық қуат деңгейін қалай көтеру, қалайша өзіміздің стратегиялық ресурстарымыздың артықшылықтарын пайдалану және жетпейтін стратегиялық ресурстардың орнын қалай толтыру керек іспеттес сауалдар бар.

Ұлттық қуат мәселесін халықаралық деңгейде қарастырғанда мынаны ескеру керек. Жалпы қуаттылық пен күштің астарында кез келген ұлт пен мемлекеттің тағдыры жатыр. Қуатты елдер өз күштеріне сеніп, әлсіз елдерге қыр көрсетіп, қажет болғанда оларға қарсы әскери немесе экономикалық соғыстар ашып, державаға айналуда3.

Мәселен, держава дегеніміз қандайда бір мемелекеттің алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу қабілеті болып табылады. Әлемдік билікте державалық мемлекеттің басқа елдер жасай алмайтын, қодарынан келмейтін іс-қимылдарды жасау қабілеті делінген4.

Мемлекеттің басқа мемлекетті басқару қабілеті, соңғы мемлекеттің аса қажетті ресурстарын басқару (иелену) қабілеті болып табылатыны сөзсіз. Сондықтанда басқа елдерді басқару дегеніміз сол елдердің ресурстарын басқару немесе иелену дегенге саяды. Бұл ресурстарға халық, территория, табиғи ресурстар, экономика, Қарулы Күштер және тағы басқалары жатуы ықтимал.

Қолданыстағы пікір бойынша мемлекеттің қуатын халықаралық деңгейде бағалағанда дәстүрлі болып келген география, жергілікті халық және шикізат сияқты факторлардың маңызы төмендеп, керісінше маңызы жоғарлаған факторлар пайда болуда. Олар - технология, білім және экономикалық өсу5.

АҚШ ғалымы А. Теллистің ойынша ұлттық қуаттылық кез келген тәуелсіз мемлекеттің қолда бар барлық ресурстарды пайдалана отырып басқа елдерге ықпал етудің стратегиялық қабілеті болып саналады6.

ХХ ғасырдың 80-жылдарында Жапон ғалымдары мемлекеттің ұлттық қуатын бағалаудың аналитикалық тәсілін әзірлеп, ұлттық қуатты үш компонентпен белгілеген. Біріншісі - мемлекеттің халықаралық қауымдастыққа үлес қосу қабілеті (экономика, қаржы және ғылыми-техникалық салаларда) ; екіншісі - халықаралық аренада дағдарысты және қысылтаяң ахуалдар жағдайында мемлекеттің өмір сүру қабілеті (халық саны, мемлекеттің географиялық жағынан орналасуы, табиғи ресурстар, экономикалық және қорғаныс күштері, ұлттық мораль, дипломатия мүмкіндіктері) ; үшінші компонент - ұлттық қуаттың барлық ресурстарын пайдалана отырып ұлттық мүдделерді мемлекеттің басқа елдерде жүргізу қабілеті 7.

Ұлттық қуат пен ұлттық қауіпсіздік ұғымдарының байланысына назар аударсақ, ұлттық қуат аясы ұлттық қауіпсіздік аясымен салыстырғанда әлдеқайда кең. Мәселен, ұлттық қауіпсіздік әскери, сыртқы, экологиялық, ақпараттық, қоғамдық және экономикалық қауіпсіздіктерден тұрса, ұлттық қуат сонымен қатар стратегиялық ресурстардан, сол ресурстарды тиімді қолдану мүмкіндіктерінен құралады.

Жоғарыда айтылған мәселелердің жиынтығы, ұлттық қуат пен экономикалық қауіпсіздік ұғымдарының арасындағы елеулі айырмашылық диссертациялық зерттеудің өзектілігін және зерделеу бағыттарын анықтады.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Отандық ғалымдардың ішінен экономикалық қауіпсіздіктің негізгі факторлары мен кейбір аспектілерімен айналысқан ғалымдарға Баймұратов О. Б., Байтұрсынұлы А. Б, Бердәлиев К. Б., Медельханова М., Кенжеғозин М. Б., Қошанов А. К., Нигматуллина М. Е., Никитина Г. А., Сағадиев К. Ә., Спанов М. У. және т. б. жатады.

Ұлттық қуат мәселесін зерттеген ғалымдар санатына шет елдердің ғалымдары мен мамандары Joseph S. Nye, Jr. Robert A. Dahi, Kenneth Waltz, Tellis Ashley, Hans Morgenthau, Klaus Knorr, Clifford German, Huang Suofeng, Ray Steiner Cline және тағы басқалары болса, экономикалық қауіпсіздікті зерделегендер қатарында С. Tomas пен D. Lambert болды.

Экономикалық қауіпсіздік проблемасы бойынша Ресейдегі Л. И. Абалкин, А. В. Архипов, Е. А. Бухвальд, С. А. Глазьев, А. М. Городецкий, А. Н. Илларионов, Б. В. Мильнер, А. А. Петров, В. К. Сенчагов, Е. А. Олейников, В. В. Тамбовцев, И. И. Фоминский және тағы басқаларының еңбектері зерделенді.

Бірақ экономикалық қауіпсіздік ұлттық қуатты нығайтудың шешуші факторы ретінде әлі де болса толық зерделенбей отыр. Қазақстанда ұлттық қуаттың құрамы, белгілері, жағдайы және стратегиялық ресурстары туралы зерттелген жұмыстар кешенді түрде жүргізілмеген. Экономикалық қауіпсіздіктің кейбір аспектілері дара-дара қарастырылған. Постиндустриалық парадигманың даму үдерісінде экономикалық қауіпсіздік пен әдістемелер жасау мәселесін ғылыми жолмен шешу қажет.

Қазақстанда әлі күнге дейін еліміздің экономикалық қауіпсіздігі бойынша жазылған монографиялық зерттеулер мен диссертациялық жұмыстар тым аз. Тек 1990-жылдардың аяғына таман Қазақстан даму институты (М. Спанов) «Экономикалық қауіпсіздік: жүйелі талдау тәжірибесі» атты еңбекті шығарды. Алайда бұл жұмыста қарастырылып отырған мәселенің тек кейбір маңызды жақтары ғана ашылды. Ұлттық қуаттың элементі ретінде қарастырылмады.

Осылайша, экономикалық қауіпсіздік мәселесінің аз зерттелуі, «ұлттық қуаттың» экономикалық аспектілерінің еш зерттелмеуі осы диссертациялық зерттеудің тақырыбын анықтап берді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасының ұлттық қуатын нығайтудың негізгі факторы экономикалық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу болып табылады. Зерттеудің мақсаты төмендегідей міндеттерді шешуді алға қояды:

1. Ұлттық қуат және экономикалық қауіпсіздік айқындамасының негізі мен мазмұнын ашу және оларды айқындайтын маңызды факторларды талдау.

2. «Экономикалық қауіпсіздік», «экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету», «экономикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің механизмі» т. б. ұғымдарға анықтама беру.

3. Қазақстан Республикасы экономикалық қауіпсіздік субъектілері мен объектілерін логикалық тұрғыда тұжырымдау.

4. Қазақстан Республикасындағы, шет елдердегі экономикалық қауіпсіздіктің конституциялық аспектілерін талдау және Қазақстан Республикасындағы экономикалық қауіпсіздікті басқару мен бақылау бойынша ұсыныстар жасау.

5. Жүргізіліп отырған экономикалық саясатты ұлттық қуат өлшемдері мен экономикалық қауіпсіздік тұрғысынан зерттеп, оның тиімділігіне баға беру.

6. Қазақ халқының рухани көсемі А. Байтұрсынұлының ұлттық қуат пен қоғамның экономикалық даму сатыларына арналған еңбектерін зерттеу.

7. Ұлттық қуат пен экономикалық қауіпсіздіктің институционалдық механизмдерін зерделеп, оларға тиісті баға беру.

Зерттеудің объектісі - ұлттық қуат пен экономикалық қауіпсіздіктің жай-күйін сипаттайтын Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Зерттеудің пәні Қазақстан Республикасында «ұлттық қуаттылықты» нығайтудың негізгі факторы ретінде экономикалық қауіпсіздіктің жай-күйі мен оны қамтамасыз етудің негізгі бағыттары.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі мен эмпирикалық базасы ретінде интегративті (пәнаралық) қатынастың теориялық принциптері алынды, ол сондай-ақ философиялық, тарихи, әлеуметтік, құқықтық және саяси алғышарттарды қамтиды. Мұнан өзге, жұмыс барысында талдау және синтез, сондай-ақ кешенді қарастыру сияқты жалпы ғылыми әдістемелер қолданылды. Бұл, зерттеу әдістемелерін жинақтай келіп, экономикалық талдаудың сенімділігін және тұжырымдамалардың негізділігін қамтамасыз етті.

Ең бастысы зерттеу барысында эконометрикалық (регрессиялық) талдау кеңінен қолданылып, олардың корреляция коэффициенттері есептелінді.

Зерттеудің ақпараттық негізі. Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік баспасөз және ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарлардың материалдары алынды. Жұмыста зерттеліп отырған мәселені реттейтін Қазақстан Республикасының заң актілері мен басқа да құқықтық-нормативтік құжаттар пайдаланылды. Зерттеудің эмпирикалық базасын Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттіктің, Халықаралық валюта қорының, Дүнижүзілік банктің, БҰҰ-ң деректері, ғылыми-зерттеу институттарының салалық және академиялық еңбектері, мерзімді басылымдар құрады.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диссертациялық зерттеу барысында ғылыми жаңалық ретінде ұлттық қуат пен экономикалық қауіпсіздік мәселесін шешуге бағытталған теориялық және практикалық ұсыныстарды атауға болады. Диссертациялық зерттеу барысында ғылыми жаңалық ретінде келесі нәтижелер қорытындыланды:

I. Қазақстан Республикасы ұлттық қуаттың теориялық және әдістемелік тұжырымдары жасалынып, жүйелендірілді:

  • нарықтық қатынастар жағдайында ұлттық қуаттың анықтамасы, формуласы, белгілері әзірленді; ұлттық қуаттың стратегиялық ресурстары анықталынды, постиндустриалдық парадигманың талаптарына сай олардың көрсеткіштеріне баға берілді; ұлттық қуатты нығайтудың жолдары көрсетіліп, өзекті проблемаларына назар аударылды; ұлттық қуаттың стратегиялық ресурстарын зерделеу барысында олар мен экономикалық қауіпсіздік арасындағы өзара тығыз байланыстың бар екендігі анықталды; Қазақстан Республикасы әлеуметтік және экономикалық дамуының стратегиялық құжаттарының элементтері ұлттық қуаттың стратегиялық ресурстарына сәйкес келе бермейтіндігіне баға берілді.

II. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің теориялық және әдістемелік тұжырымдары жасалынып, мемлекеттік және құқықтық реттеулеріне талдау жасалынды:

  • тәуелсіздік жылдары мемлекет тарапынан жіберілген экономикалық және құқықтық сүрінулер анықталып, оларға тиісті баға берілді; экономикалық қауіпсіздіктің басты компоненті «макроэкономикалық барлау», «микроэкономикалық барлау», «экономикалық қарсы барлау» теорияларына назар аударылып, әлемдік тәжірибеге баға берілді; Қазақстанда дербес сыртқы экономикалық барлау қызметін құру және сырттан әкелінген технологиялық жаңалықтарды өндіріске енгізетін немесе кәдеге жарататын орталықтар ашу керек екендігі көрсетілді.

III. Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты талданып, оның кейбір аспектілері тұжырымдалды:

  • экономикалық саясатты жүргізуде даму сатыларының шарттарын қатаң орындау керектігі көрсетілді; сыртқы экономикалық саясаттың көмірсутегі ресурстарына тәуелді болып, оның ұлттық экономикаға деген әсеріне баға берілді; ішкі экономикалық саясатта, оның ішінде бюджет саясатын компаративтік талдау жасағанда реформаларға зәру салалар анықталды.

Жұмыста экономикалық қауіпсіздікті мемлекет тарапынан қамтамасыз етудің бағыттарын дамытуда, ұлттық қуатты нығайтудың маңызы зор теориялық нәтижелер ұсынылған.

Диссертацияның қорғауға ұсынатын негізгі тұжырымдары:

1. Ұлттық және экономикалық қауіпсіздіктер кез келген ұлттың, мемлекеттің қорғалған жай-күйі болып, барлық мемлекеттік органдар жүйесі қорғану іс-шараларына жұмылдырылады. Мұндай үдеріс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік заңы бойынша да байқалып отыр. Ұлттық қуаттылыққа келетін болсақ, ол қолда бар ресурстарды ұтымды пайдаланып, керісінше, өзге мемлекеттерге қауіп төндіретін элементтермен ерекшеленеді.

Егер ұлттық және экономикалық қауіпсіздік теориясы бойынша басты мәселе Қазақстанға жұдырық көрсететін субъектілер мен мемлекеттерден қорғанудың жай-күйі болса, ұлттық қуаттылық теориясына сәйкес басқа мемлекеттерге Қазақстанның өзі жұдырық көрсетуі керек және оған қажетті ресурстарды жоғары деңгейде үнемі ұстап отыру қажет.

2. Қазақстан Республикасы ұлттық қуатының стратегиялық ресурстары екі бөлімнен яғни қатаң және жұмсақ (идеационалдық) факторлардан құралуы керек.

Қатаң факторларға экономикалық ресурстар; қаржы ресурстары; территория; табиғи ресурстар; Әлемдік мұхитқа шығу жолы; білім, ғылым және технология саласындағы ресурстар, басқару ресурстары және әскери ресурстар жатады.

Жұмсақ (идеационалдық) факторлар мынаны қамтиды: саяси жүйенің икемділігі мен тұрақтылығы; адам капиталы, оның ішінде ұлттық мораль мен ұлттық рух; дағдарысты ахуалдарда мемлекеттің өмір сүру қабілеті, дипломатиялық және басқа да ықтимал ресурстарды ұтымды пайдаланып, ұлттық мүдделерді басқа елдерде жүргізу қабілеті, халықаралық қауымдастыққа үлес қосу қабілеті.

Батыс пен Шығыс елдерінің басты қағидаттарын ескере отырып, АҚШ ғалымы Рэй Клайнның интегралдық сандық әдісін басшылыққа алғанда, Қазақстан Республикасы ұлттық қуатының теңдеуі төмендегідей көрініс тапты: P=P 1 +P 2

P - Қазақстан Республикасы жалпы ұлттық қуатының индикаторы;

P 1 - ұлттық қуаттың қатаң факторлар жиынтығының көрсеткіші;

P 2 - ұлттық қуаттың жұмсақ факторлар жиынтығының көрсеткіші.

Сайып келгенде, Қазақстан Республикасының ұлттық қуаты дегеніміз - стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін қолда бар қатаң және жұмсақ факторларды, оның ішінде экономикалық және қаржы ресурстарын жан-жақты дамытып, олар арқылы басқа елдерге ықпал ету және сол елдердің аса маңызды ресурстарын басқару (иелену) қабілеті.

3. 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасы Стратегиялық даму жоспарын ұлттық қуатттың стратегиялық ресурстарына (қатаң факторлар) сәйкес келтіріп, тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізген абзал.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік атқару органдар жүйесі өтпелі кезеңде құрылып, өзіне жүктелген транформациялық функциясын орындап аяқтады.

Сол себептен жаңа заман талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік атқару органдар жүйесінің архитектурасына өзгерістер енгізу қажет. Олар сондай-ақ, ұлттық қуаттың стратегиялық ресурстарын нығайту тұрғысынан құрылуы керек.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қауіпсіздік Кеңесі туралы» 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, ұлттық қуатты және оның стратегиялық ресурстарын нығайту мәселелері жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдарға арналған негізгі бағдарламалық құжат ретінде Қазақстан Республикасы ұлттық қуаттың және оның стратегиялық ресурстарының жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Президентіне жыл сайынғы Баяндаманы әзірлеу деп аталатын тармақты қосымша енгізу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік саясатта мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
Ұлттық мұрат
Қазақстан-2030 даму стратегиясы туралы ақпарат
Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік контекстіндегі әлеуметтік саясат мәселелері
Геосаяси сана мен саяси мәдениет
Қазақстан және Халықаралық қауіпсіздік
Көлемді Орталық Азия жобасының саяси - экономикалық мәні терең
Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты
Қазақстан мен халықаралық ұйымдар қарым-қатынасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz