Қылмыстық құқықтың дәрістері


15 ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
1 лекция. Тақырыбы: Қылмыстық құқықтың түсінігі, міндеттері, жүйесі, қайнар көздері және принциптері.
Жоспары: 1. Қазақстанның қылмыстық құқығының ұғымы, міндеттері мен жүйесі
2. Қазақстанның қылмыстық құқығының қайнар көздері
3. Қазақстанның қылмыстық құқығының принциптері
Лекция мақсаты. Қылмыстық заң пәнімен тиянақты білім беру, қылмыстық құқықтың жалпы ережелері мен принциптері, оның негізгі ұғымдары мен инстиуттары, қылмыстық заңдардың міндеттері жөнінде, қылмыстық заңның мезгілге және кеңістікке қарай қолданылуы, қылмыстық түсінігі және іс - әрекеттің қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын жоятын мән - жайлар туралы қылмыс істеудің сатылары және оны істеуден өз еркімен бас тарту, қылмысқа қатысу және оған жанасушылық, қылмыстық жазаның түсінігі, оның жүйелері мен түрлері, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру, сотталғандықты жою және одан арылу, медициналық және тәрбиелік сипаттағы еріксіз шаралар туралы толық түсінік беру б. т.
Лекция мәтіні (қысқаша) . 1. Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен (субъекті мен) мемлекет арасында пайда болады. Мұндай құқықтық қатынасқа қатысушылардың әркайсысының өзіне тән құқықтары мен міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуы міндетті болса, екінші субъект әділ сот ортандары (cот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады.
Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.
Яғни, қылмыстық заңның болуы және оны бұзған адамдарға қолданылатын жазаның қылмыстық құқықтық нормаларда көрініс алуы осы көрсетілген құқықтық функцияның толық жүзеге-асырылуына мүмкіндік тұғызады. Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген тәртіппен қорғануға құқылы. Бұл мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі.
Қылмыстық құқық туралы cөз болғанда оның үш түрлі мағынасын ескеруіміз қажет. Қылмыстық құқық - бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пән болын табылады. Осы ұғымдардың бәрінің жиынтығы қосылып қылмыстық құқық курсы деген түсінікті білдіреді.
Қылмыстық құқық пәнің құқық саласы ретінде қарастырғанда жалпы құқық теориясына тән белгілердің, негізгі принциптердің осы құқық саласына да тән екендігін ескеру қажет. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің ерекшеліктерін белгілейтін және өзін жеке құқық саласы ретінде қарастыруға негіз болатын өзіндік мазмұн, өзгешелік белгілері мен принциптері бар құқық саласы болып табылады.
Құқық саласы ретінде қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауашылық негізі, жаза жүйелерін, жазаңы тағайындаудын тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормаларының жиынтығы болып табылады.
Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы - Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқықтың ережелері мен институттарының мазмұны қолданылып жүрген қылмыстық құқықтың нормаларында анық көрсетілген. Қылмыстық құқық нормалары мазмұнына қарай екі түрлі қызметті жүзеге асырады. Оның біріншісі қылмыстық құқықтың жалпы ережелерін, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы негізгі екі ұғым - қылмыс пен жазаны анықтайды.
Бұл нормалар қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің мазмұнын құрайды.
Екінші бір нормалар қоғамға қауіпті әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жататын белгілерін, шеңберін және оны істегені үшін тағайындайтын жазаның түрлері мен шегін белгілейді. Мұндай нормалар қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің мазмұнын құрайды.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде мынадай өзіндік ерекшелік белгілерімен көрініс табады.
Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады.
Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың негізі және одан босату, қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстық заңның келістіктегі және мезгілдегі күші, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын мән-жайлар туралы түсініктер, сондай-ақ қылмыс істеу сатылары туралы ұғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың мәселелері осы Жалпы бөлімде зерттеледі.
Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі. Жалпы және Ерекше белім өзара тығыз байланысты, осы екі бөлімнің жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды. Жалпы және Ерекше бөлімнің бірлігі олардың алға қойған мақсаты мемлекетті, қоғамды, азаматтарды және құқық тәртібін қылмысты қол сұғушылықтан қорғау арқылы айқын көрінеді. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларын қолдану арқылы Ерекше бөлімнің нормалары жүзеге асырылады. Жалпы бөлімнің ережелері мен институттары Ерекше бөлімдегі нақты нормаларды қолданғанда негізгі басшылыққа алынады. Сол себепті осы екі бөлім нормалары бір-біріне сәйкес болуы қажет.
Қылмыстық құқық құқық саласының жеке саласы болуымен бірге ол басқа құқық салалары мен де тығыз байланысты. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің бағыты, атқаратын ролі, мәні мен құқықтық реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты басқа құқық салаларынан оқшауланып, ажыратылады.
Қылмыстық құқық пен қылмыстық істер жүргізу құқығы өзара тығыз байланыста болады. Қылмыстық құқық қандай іс-әрекеттердің қылмыс екендігін және оған қандай жаза қолданылатынын белгілесе, қылмыстық істер жүргізу құқығы қылмыстық жауапқа тартуды жүзеге асырады, қылмыстық істі тергеуді және сотта қараудың тәртібін белгілейді. Яғни бұл жерде қылмыстық құқық пен қылмыстық істер жүргізу құқығы өзара мазмұнымен оның нысанының байланысы ретінде көрсетіліп отыр.
Қылмыстық құқық криминология пәнімен де тікелей байланысты. Бірақ бұл екеуінің бір-бірінен елеулі айырмашылықтары бар.
Егер қылмыстық құқық қылмыс пен жазаны белгілейтін ерекше құқық саласы болса, криминология қылмыстылық, оны тұғызатын себептер мен жағдайлар, қылмыскердің тұлғасы, қылмыстылықтан сақтандыру шараларын белгілейтін ғылым саласы болып табылады. Криминологиялық деректер қылмыстылық пен күресудегі қылмыстық заңдардың тиімділігін, оны жетілдіру жолдарын, қылмыстан сақтандырудың негізгі бағыттарын жасауға мүмкіндік береді.
Қылмыстың кодекстің 2-бабына сәйкес қылмысты заңдардың міндеттері болып:
1. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.
2. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді делінген.
Жаңа Қылмыстық, кодексте қоғамнын саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде орын алған сапалық өзгерістер еске алынған. Яғни, азаматтардың жеке басы, олардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бірінші кезекке қойылған. Қылмыстық-құқылық қорғау объектісінің қатарына қоғамдық тәртіппен қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, Республиканың Конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету міндеттері енгізілген. Яғни, қылмыстық құқықтың негізгі міндеті қылмыстық құқықтық құралдардың көмегімен заңда көрсетілген осы маңызды объектілерді қорғау, қылмыстылықпен барынша пәрменді күрес жүргізу болып табылады. Қылмыстық заңдарда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін Қылмыстық кодекс қылмыстық жауаптылықтың негізін белгілейді. Яғни, қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекеттерді істеген адам осы заңда белгіленген негізде ғана жауапқа тартылады. Ол үшін қылмыстық заң жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қандай қауіпті іс-әрекеттер қылмыс болып табылатынын белгіленді және оларды кінәлі түрде істегендерге жазалар мен өзгеде қылмыстық-құқылық ықпал ету шараларын белгіленді. Жаңа Қылмыстық кодекс бұрынғы кодекске қарағанда ізгілік принципі басшылыққа алына отырып, ізгілік принципі жазаңың өтелмеген белігін жазаның неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру (71-бап), шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (65-бап), жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыруы (72-бап), ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату (73-бап), шартты түрде соттаудың күшін жою (64-бап), рақымшылық немесе кешірім жасау актісі (76-бап) арқылы да жаңа Қылмыстық кодексте заңдылық көрініс тапқан.
2. Құқық теориясы құқықтың материалдық және формальдық көздерін бөліп алады. Қандай да бір құқықтық норма туындататын, оның негізін құрайтын құбылыстар материалдық көздерге жатады. Ал құқықтық материалдық көздері дегеніміз, ол - құқықтық норманың сыртқы сипаттамасы. егер материалдық көздер қылмыстық-құқықтық нормалардың мазмұнын сипаттаса, формальдық-олардың формасын сипаттайды.
Қылмыстық құқықтың бірден бір формальдық көзі - қылмыстық заң, яғни Қылмыстық кодекс. Бұл тұжырым ҚК-нің 1-бабы 1-бөлімінің мазмұнынан туындайды, онда «Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы тек осы Қылмыстық кодекстен тұрады. Қылмыстық жауапкершілік көзделген өзге заңдарды олар осы Кодекске кіргеннен кейін ғана қолдануға болады» делінген. ҚК-нің осы бабының 2-бөлігінің мәніне жүгінсек, ҚР Конституциясы және халықаралық құқықтың көпшілік таныған принциптері мен нормалары, сөзсіз, материалдық көздер болып табылады.
3. Конституция негізінде қылмыстық құқықтың бірқатар принциптері пайда болды, олар жаңа қылмыстық заңнамада көрініс тапты (өзінше бөлек баптарға бөлінбесе де) және құқық қолдану практикасында іске асырылуы тиіс.
Бірінші кезекте, бұл - заңдылық принципі, оның мәні - қылмыскерлік пен іс-әрекеттің жазалануға жататындығы ек қылмыстық заңмен анықталатындығында. Бұл ретте Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 10-тармақшасына сәйкес қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді. ҚК-де бұл принцип 9-баптың 1-бөлігінде бекімін тапқан. Практикада бұл принципті іске асыру жасалған іс-әрекет қоғам үшін қауіпті болғанмен, онда қылмыстың нақты құрамының белгілері болмаса, оны қылмысқа жатқызудан бас тартуға мәжбүрлейді.
Қылмыстық құқықтың келесі принципі - азаматтардың заң және сот алдында теңдігі, ол Конституцияның 14-бабында жарияланған. ҚК-нің 14-бабының 2-бөлігінде: «қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей» делінген.
Қылмыстық құқықтың маңызды принциптерінің бірі - қылмыстық іс-әрекет жасағандық үшін кінәлі жауакершілік.
ҚК-нің 19-бабында бекімін тапқан бұл принципке сәйкес адам өзінің кінәлі екені анықталған, қоғамға қауіпті іс-әрекеті және оның салдары үшін ғана қылмыстық жауакершілікке тартылады. Зиянды кінәсіз келтіргендік үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға жол берілмейді.
Бұл кінәлі жауапкершілік принципінен тікелей жеке жауапкершілік принципі туындайды, бұл дегеніміз, ҚК-нің 14-бабының 1-бөліміне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тек жеке тұлға ғана тартылады, және ол жеке өзі жасағанына ғана жауап береді.
Қылмыстық құқықтың тағы бір негізгі принципі - әділдік принципі. Ол заңның қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, айыптының жеке басын, оның қылмыс жасалғанға дейінгі және одан кейінгі іс-әрекетін, жауапкершілік пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталғанның түзелуіне және оның отбасы мен асырауындағы адамдардың жағдай-тіршілігіне тигізетін әсерін ескеріп әділ жаза тағайындау жөнінде соттарға қоятын талабынан туындайды. сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайтындығы туралы Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 2-тармақшасында жарияланған талап бекімін тапқан. дайды.
Тікелей Конституциядан қылмыстық-құқықтық саясаттың тағы бір принципі туындайды. Бұл гуманизм принципі. Қазақстан өзін ең жоғары құндылық адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы деп жариялаған мемлекет екендігін өз Конституциясында көрсетті. Сондықтан да, қылмыстық қудалаудың қалай да қатаң болатындығын мойындап заң шығарушы оған нақ конституциялық шек қойды. Конституцияның 17-бабының 2-тармағына сәйкес «ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе аамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды».
Қылмыстық қудалауды үнемдеу принципі гуманизм принципіне жақын. ҚК-нің Ерекше бөлігін даярлағанда қоғам үшін қандай да бір қауіптілік тудыратын іс-әрекетті криминалдау немесе криминалға жатқызбау мәселесі біршама осы принцип тұрғысынан қаралады. Нәтижесінде іс-әрекеттердің кейбіеулері криминалдан алынып (мысалы, валютамен жасалатын заңсыз операциялар), әкімшілік құқық бұзушылық санатына жатқызылады. 52-баптың 2-бөлігінде қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс делінген.
Егер жасалған қылмыс үшін тағайындалған жаза аталған мақсатқа жету үшін жетклікті деп саналса, онда қатаңырақ жаза тағайындалады.
Келесі принцип - қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан құтылмаушылық принципі, бұған сәйкес қылмыс жасағаны үшін кінәлі әрбәр адам қылмыстық жауапкершілікке және жазаға немесе ықпал етудің заңда көзделген басқа шарасына тартылады.
Бақылау сұрақтары:
- Қылмыстық құқық пәні және түсінігі.
- Қылмыстық құқықтың міндеттері
- Қылмыстық құқықытың ғылымы;
- Қылмыстық құқықтың принциптері.
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
- Қылмыстық құқық пәні және түсінігі.
- Қылмыстық құқықтың міндеттері
- Қылмыстық құқықытың ғылымы;
- Қылмыстық құқықтың принциптері.
Қажетті әдебиеттер:
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: Юрист, 2008. - 40 б.
2 Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. - Алматы: Юрист, 2008. - 144 б.
3. Оңғарбаев Е. Ә., Смағұлов А. А. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы. Оқулық. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2005.
4. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы: Жалпы бөлім. Оқулық. - Алматы: Жеті жарғы, 2001.
5. Модельный уголовный кодекс стран СНГ. - Санкт-Петербург, 1995.
2 Лекция. Тақырыбы: Қылмыстық заң
Жоспары: 1. Қылмыстық заң ұғымы және құрылымы
2. Қылмыстық заңныңы кеңістіктегі күші
3. Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру
4. Қылмыстық заңның белгілі уақытта қолданылуы
5. Қылмыстық заңға түсініктеме беру
Лекция мақсаты. Қылмыстық заң пәнімен тиянақты білім беру, қылмыстық құқықтың жалпы ережелері мен принциптері, оның негізгі ұғымдары мен инстиуттары, қылмыстық заңдардың міндеттері жөнінде, қылмыстық заңның мезгілге және кеңістікке қарай қолданылуы, қылмыстық түсінігі және іс - әрекеттің қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын жоятын мән - жайлар туралы қылмыс істеудің сатылары және оны істеуден өз еркімен бас тарту, қылмысқа қатысу және оған жанасушылық, қылмыстық жазаның түсінігі, оның жүйелері мен түрлері, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру, сотталғандықты жою және одан арылу, медициналық және тәрбиелік сипаттағы еріксіз шаралар туралы толық түсінік беру б. т.
Лекция мәтіні (қысқаша) . 1. Қылмыстық заң - Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес Республика Парламентті қабылдаған құқылық акті болып табылады. Қылмыстық заңның міндеттері бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті аумақтық тұтастықты, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық заңдар қылмыстық жауаптылықтың негіздерін белгілейді. Жеке адамға, мемлекетке немесе қоғамға қауіпті іс - әрекеттердің қандайы қылмыс болып табылатынын айқындайды. Қылмыс істеген адамдарға қолданылуы мүмкін және өзге де ықпал ету шараларын белгілейді.
Қылмыстық заң жазалау қатерімен тыйым салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады. Қылмыстық заң сонымен қатар тиісті органдарға және лауазымды адамдарға іс - әрекетінде қылмыс белгісі бар кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тарту немесе көрсетілген негізге сүйеніп, оларды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды міндеттейді. Сонымен қылмыстық құқықтық норма бір мезгілде тыйым салушы және міндеттеуші нормалар болып табылады
Бұл нормалардың тағы да сақтандырушылық және тәрбиелік мәні бар Қылмыстық құқықтық норманың сақтандырушылық функциясы - істелген іс- әрекеті үшін тиісті баптардың санкциясында көрсетілген жазаны кінәлі адамға тағайындау мүмкіндігі арқылы өз көрінісін табады, осы арқылы барлық азаматтарды қылмыс істеуден күні бұрын сақтандыру арқылы тәрбиелік ықпал ету шарасы жүзеге асырылады. Қылмыстық - құқықтық норма, сонымен бірге кез келген азаматтарды заңды бұлжытпай орындауға күрес жүргізу рухына баулиды. Қылмыстық құқықтық норма қоғамдық қатынастарды қорғап қана қоймайды, ол сонымен бірге мұндай қатынастарды ретке келтіреді, өйткені қоғамдық қатынастарды қорғаудың өзі соны ретке келтіру арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық белгілі бір қоғамдық мінез - құлық өрелерін белгілеумен бірге, осы өрелерді бұзушыларға қарсы қылмыстық құқықтық нормаларды қолдану арқылы өз міндеттерін жүзеге асырады.
Қылмыстық құқықтық норма өзінің реттеушілік ықпалымен, кез келген азаматтарды қылмысты құбылысқа тқзімсіз болуға, олармен ымырасыз күрес жүргізуге баулу арқылы іске асырады. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың ең негізгі көзі. Сот үкімі, ұйғаруы немесе қаулысы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың нақты қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар. Cондай-ақ Республика Жоғарғы Соты Пленумының басшы қаулыолары да құқық нормасы болып табылады. Мұндай қаулылар белгілі бір қылмыстық - құқылық норманың түпкі мәнін ашып көрсетеді, оларды түсіндіреді. Сондықтан да ондай қаулдылардың Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Сот прецеденті біздің Республикамызда құқық нормасы болып саналмайды.
Ол Ұлыбритания, Канада сияқты мемлекеттерде ғана құқық нормасы болып табылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 52-бабында сот айыпты деп танылған адамға жазаны Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің ережелеріне сәйкес істелінген қылмысы үшін жауаптылық қаралған Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды деп белгіленген. Жаза тағайындағанда сот істелген қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, айыпкердің жеке басының ерекшеліктерін, мінез-құлқын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және отбасының немесе асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын толық есепке алады.
Қылмыс істеген адамға оның түзелуіне немесе жаңа қылмыс істеуден сақтандыруына қажетті және жеткілікті әділ жаза тағайындауы керек. Мұның соттың жаза тағайындауында заң талаптарымен қоса өзінің құқықтық сана-сезімін басшылыққа алатынын көрсетеді. Алайда, құқықтық сана-сезім құқық нормасы болып табылмайды. Ол сотқа тек қана қылмыстық құқықтық норманың мазмұның дұрыс түсінуге жөн сілтейді. Қылмыстық заң, басқа заңдар сияқты барлық лауазым адамдары, азаматтар, заңды тұлғалар үшін міндетті күші бар заң номасы болып табылады. Оны қандай да бір болмасын сылтаумен бұзуға немесе орындамауға жол берілмейді. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтық норманы білдірудің нысаны, ал оның нормасы оның мазмұнының көрінісі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz