Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу сатылары



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу.

2.2. Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу сатылары.

Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында көрсетілгендей мемлекеттің ең басты байлығы адам болып табылады. Сол себепті Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының міндетіне адам және азаматтардың құқықтары мен бұзылған мүдделерін қорғау мен қалпына келтіру болып табылады.
Қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғау және құқықтық тәртіпті нығайту үшін мемлекет жүзеге асыратын шараларды орындауда басты роль атқаратын құқық қорғау органдары (прокуратура, алдын ала тергеу және анықтама жүргізетін органдар) мен сот болып табылады. Бұл мемлекеттік құқық қорғау органдары мен соттың атқаратын қызметтері бірдей емес болғанмен, олардың қызметтерін сипаттайтын негізгі мәселелерге, жалпы алғанда, мыналар жатады: қылмыстарды ашу, қылмыс істеген адамдарды толық әшкерелеу, кінәлі адамдарға заңмен көзделген ықпал ету шараларын қолдану, айыбы жоқ адамдарды ақтау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу шараларын жүргізу.
Аталған органдардың қызметтері бір-бірімен байланысты болса да, олардың өкілеттіктері бірдей емес. Мысалы, алдын ала тергеу органы істелген қылмысты ашып, оны істеген адамдарды әшкерелейтін дәлелдемелер жинағанының өзінде айыпталушының кінәлілігі жөнінде мәселені шешуге және оған жаза тағайындауға құқылы емес. Яғни, заңмен орнатылған тәртіп бойынша, алдын ала тергеу аяқталған соң қылмыстық іс заңдылықтың сақталуын қадағалайтын прокурорға жіберіледі. Ал прокурор өз құзыреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға. (Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 62-бап). Сонымен қатар тергеу органының жасаған тұжырымдарымен келіскен жағдайда бұл қылмыстық істі тиісті сотқа жіберуге міндетті. Содан кейін сот алдын ала тергеу жүргізу барысында жиналған дәлелдемелердің және айыптаушы мен қорғаушы жақтарының келтірілген дәлелдемелерінің негізінде сотталушының кінәлі немесе кінәсіздігі және оған жаза қолдану немесе қолданбау жөнінде шешім шығарады. Сөйтіп, бұл қызмет тек қана заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады және қылмыс жөнінде заңды қолданумен байланысты болғандықтан қылмыстық процесс, яғни қылмыстық іс жүргізу деп аталады.
Конституцияда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндірістік сатыда адамды тұтқынға алу және қамауда ұстау прокуратураның құзырында деп белгіленген.
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі сұрақтары, оның ішінде қылмыстық іс бойынша кездесетін ахуалдары, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру, іс жүргізуде тергеу әрекеттерінің, тоқтамға алудағы аспектілері, іс жүргізудің қалыптары және алдын ала тергеудің аяқталуы, прокурордың қадағалауының ролі және қылмыстық іс жүргізу бойынша сотқа дейінгі сот бақылауы.
Қылмыстық iс қозғауға қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар болмай, қылмыс белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы негiз болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 1997
2. Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан. - Алматы, «Жеті жарғы», 2000. Институт специальных научных знаний. Научно-практический комментарий. Выпуск 2. Алматы, 2000
3. Ү. Нұрмашев «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы», Алматы,«Жеті жарғы», 2008
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 1997
5. Закон Республики Казахстан. От 6 января 2006 г. № 121-III. О присяжных заседателях. Введен в действие с 1 января 2007 г
6. Сборник Постановлений Пленума Верховного Суда Казахской ССР, Пленума Верховного Суда Республики Казахстан, Нормативных Постановлений Верховного суда Республики Казахстан (1968-2006 г.г.). Алматы, 2007

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу.

2.2. Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу сатылары.

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында көрсетілгендей
мемлекеттің ең басты байлығы адам болып табылады. Сол себепті Қазақстан
Республикасының құқық қорғау органдарының міндетіне адам және азаматтардың
құқықтары мен бұзылған мүдделерін қорғау мен қалпына келтіру болып
табылады.

Қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғау және
құқықтық тәртіпті нығайту үшін мемлекет жүзеге асыратын шараларды орындауда
басты роль атқаратын құқық қорғау органдары (прокуратура, алдын ала тергеу
және анықтама жүргізетін органдар) мен сот болып табылады. Бұл мемлекеттік
құқық қорғау органдары мен соттың атқаратын қызметтері бірдей емес
болғанмен, олардың қызметтерін сипаттайтын негізгі мәселелерге, жалпы
алғанда, мыналар жатады: қылмыстарды ашу, қылмыс істеген адамдарды толық
әшкерелеу, кінәлі адамдарға заңмен көзделген ықпал ету шараларын қолдану,
айыбы жоқ адамдарды ақтау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу шараларын
жүргізу.

Аталған органдардың қызметтері бір-бірімен байланысты болса да, олардың
өкілеттіктері бірдей емес. Мысалы, алдын ала тергеу органы істелген
қылмысты ашып, оны істеген адамдарды әшкерелейтін дәлелдемелер жинағанының
өзінде айыпталушының кінәлілігі жөнінде мәселені шешуге және оған жаза
тағайындауға құқылы емес. Яғни, заңмен орнатылған тәртіп бойынша, алдын ала
тергеу аяқталған соң қылмыстық іс заңдылықтың сақталуын қадағалайтын
прокурорға жіберіледі. Ал прокурор өз құзыреті шегінде жедел іздестіру
қызметінің, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің, анықтаудың,
тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық
процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде
жүзеге асыратын лауазымды тұлға. (Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс
жүргізу кодексі 62-бап). Сонымен қатар тергеу органының жасаған
тұжырымдарымен келіскен жағдайда бұл қылмыстық істі тиісті сотқа жіберуге
міндетті. Содан кейін сот алдын ала тергеу жүргізу барысында жиналған
дәлелдемелердің және айыптаушы мен қорғаушы жақтарының келтірілген
дәлелдемелерінің негізінде сотталушының кінәлі немесе кінәсіздігі және оған
жаза қолдану немесе қолданбау жөнінде шешім шығарады. Сөйтіп, бұл қызмет
тек қана заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады және қылмыс
жөнінде заңды қолданумен байланысты болғандықтан қылмыстық процесс, яғни
қылмыстық іс жүргізу деп аталады.

Конституцияда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндірістік сатыда
адамды тұтқынға алу және қамауда ұстау прокуратураның құзырында деп
белгіленген.
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі сұрақтары, оның ішінде қылмыстық іс
бойынша кездесетін ахуалдары, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру, іс
жүргізуде тергеу әрекеттерінің, тоқтамға алудағы аспектілері, іс жүргізудің
қалыптары және алдын ала тергеудің аяқталуы, прокурордың қадағалауының ролі
және қылмыстық іс жүргізу бойынша сотқа дейінгі сот бақылауы.
Қылмыстық iс қозғауға қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi болдырмайтын
мән-жайлар болмай, қылмыс белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң
болуы негiз болып табылады.

1 Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу.
Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу түсінігі мен оның құқықтық жүйесі.
Қылмыстық іс жүргізу – заңға негізделген, құқықтық қатынастар түріне
айналдырылған, қылмыстық істі жүргізетін органдардың, сонымен қатар ерекше
қылмыстық іс ретінде жүзеге асырылатын және қылмыстың жылдам әрі толық
ашылуына қол жеткізуге, оған кінәлі адамдарды анықтап, оларды жазаға
тартуға әділ сот шешімін шығарып, қылмыстық заңның дұрыс қолданылуы үшін
қызмет ететін тұлғалардың іс-әрекеті.
Процесс (лат. Procedure - ілгері жылжу), яғни бұл қылмыстық процеске
тән, қылмыстық істің бірінші кезеңнен екінші кезеңге өту, істі қозғаудан
үкім шығаруға дейін болатын, т.б. қозғалыс әрекеті.
Әдебиеттерде қылмыстық процесс және қылмыстық сот ісін жүргізу
ұғымдары ұқсас сәйкестендіріле анықталған, дегенмен, соңғысы қылмыстық
процесс ұғымын толық қамти алмайды және қылмыстық істі қозғауға, алдын ала
тергеу барысында төменгі сатыда жүзеге асады.
Осы пікірге әбден келісуге болады, себебі, бұл терминдерді ұқсас,
сәйкес, қатар қолдана отырып, заң шығарушы мынадай қорытындыға келеді: іс
жүргізу қылмыстық процестер ішінде негізгі орталық звено болып табылады. Ал
барлық басқа іс жүргізу кезеңдері (істі қозғау және тергеу) қылмыстық істі
сотта қарау кезеңдерімен тығыз байланыста болады.
Қылмыстық іс жүргізу қызметі анықтау органдары, тергеуші, прокурор,
сот, сондай-ақ жеке (азаматтық) және занды түлғалар арасындағы өзара
қүқықтық қатынас нысанында жүзеге асырылады.
Қылмыстық іс жүргізу - бұл анықтау органдарының қызметі, прокурордың
алдын ала тергеу, қарау, шешім шығару, сот төрелігінің міндетін тарату
әрекеті болып саналады.
Сот органдарының іс жүргізу кезендері үнемі қылмыстық іс қозғау
әрекеттері мен қылмыстық істің жолын кесу, тыю, ұстау, тінту, қамау,
мәжбүрлеу сияқты түрлі шараларды іс жүргізуде қолдану әрекеттерімен тығыз
байланысты.
Әрбір аталған шара, яғни осы қызмет әрекеттері адамның бостандығы мен
конституциялық құқығына нұқсан келтіреді және әрқашан қылмыстық іс жүргізу
нормаларының мүлтіксіз және қатаң сақталуын талап етеді. Себебі, бүл
нормалар сот төрелігі органдарының заңды әрекеттерінің кепілі болып
табылады.
Қылмыстық процестің басқа процестерден (азаматтық, арбитраждық
(төрелік), т.б.) айрықша белгісі мынадай жағдайларда көрініс табады:
— тек жасалған қылмысқа байланысты;
— қылмыстық істерді тергеу және ашу үшін;
— мемлекеттік орган және лауазымды тұлға атағына арнайы қүқық алған
жағдайда;
— қылмыстық іс жүргізу заңдық нормаларының қатаң тәртібінің сақталуы
мен оны мүлтіксіз орындалу жағдайында;
Осы тұрғыдан алғанда қылмыстық процесс бұл қылмыстық іс жүргізу
зандарында қарастырылған, яғни қылмыс жасаудағы тұлғаның кінәсі бар не жоқ
екендігін белгілейтін сот төрелігі субъектілерінің атқаратын қызметтерінің
жиынтығы (жауап алу, тергеу, жолын кесу, тыю шаралары, қылмысты ашу, сот
тергеуі, үкім шығару, т.б.).
Қылмыстық процестің міндеттері - қылмыстық іс жүргізу кодексінің
8-бабында былай айтылады: қылмыстық процестің міндеттері қылмыстарды
тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық
жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып
табылады.
Қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі адамды
және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың қүқықтары мен
бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған
немесе сотталған жағдайда — оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуі,
сондай-ақ заңдылық пен қүқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға,
қүқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс. Жалпы
алғанда, қылмыстық процесс кінәлі адамды әділ жазалау және кінәсіз адамды
толық айыптау міндеттерін шешуге негізделген.
Бүл міндеттер бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бірінен екіншісі
туындап отырады, нәтижесінде олар занды сот шешімін қамтамасыз етуге және
жазалау шарасын әділ тағайындауға бағытталады.
Уақытқа, кеңістікке, тұлғаның айналасына қатысты қылмыстық іс жүргізу
заңының әрекеті.
Қылмыстық іс жүргізу процесінің қайнар көзі (бастамасы) Қазақстан
Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 1-бабында айқындалған. Онда
Қазақстан Республикасы аумағына қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібі
Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық зандарымен,
Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы
жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген Қазақстан
Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен айқындалады деп
көрсетілген. Қылмыстық іс жүргізу құқығының негізгі қайнар көзі заңды күші
бар Қылмыстық іс жүргізу кодексі болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу
заңнамаларына мынадай нормативтік актілердің жиынтығы енеді:
- Қазақстан Республикасы Конституциясы (онда қылмыстық құқық негіздері,
яғни адам мен азаматтың бостандығы мен құқығы, жеке тұлғалық қол
сұқпаушылық, кінәсіздік презумпциясы, т.б. белгіленген).
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі;
Конституциялық заңды күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы:

— Қазақстан Республикасындағы сот пен сот мәртебесі туралы;
— Казақстан Республикасының прокуратурасы;
— Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы;
— Жедел іздестіру қызметі туралы;
— Адвокат қызметі туралы, т.б.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот пленумының Қаулысы қылмыстық іс
жүргізу құқығының негіздеріне жатпайды, бұл Қаулы оның нормаларына сот
талқылауын береді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздеріне сондай-ақ заңға тәуелді
нормативтік құқықтық актілер де, ведомстволық нормативтік актілер де (ҚР
Бас прокурорының бұйрықтары, Әділет министрлігінің нормативтік актілері,
Ішкі істер министрінің бұйрықтары, т.б.) жатпайды. Олар қылмыстық іс
жүргізу нормаларының таратылуы мен орындалуы тұрғысынан қолданылады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексі — бұл қылмыстық іс жүргізу құқығының
жүйеленген негізі, ол 1997 жылдың 13 желтоқсанында қабылданып, 1998 жылдың
1 қаңтарында күшіне енді. Негізінен Кодекс Адам мен азамат құқығы
Декларациясының идеясын танытады және қылмыстық процеске қатысатын
тұлғалардың занды мүддесі мен құқығын қорғауға бағытталады. Ол жалпы және
Ерекше бөлімдерден тұрады.
Жалпы бөлім 5 бөлімнен (1-5), 21 тараудан және 176 баптан тұрады.
Ерекше бөлімде 8 бөлім (6—13), 40 тарау, 400 бап (177— 577) енеді.
Ескерте кету керек, 2007 жыддың 1 қаңтарында Қылмыстық іс жүргізу
кодексіне Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу деп аталатын,
57—62 тараулардан, 542—577-баптардан тұратын жаңа 13-бөлім еңгізілді.
Бірінші бөлім жалпы (негізгі )ережелерді сипаттайды, екінші бөлім
қылмыстық іске қатысушы субъектілер мен олардың құқықтары мен міндеттерін,
процесс субъектісі ұғымын айқындайды, үшінші бөлім дәлелдемелер мен
дәлелдеу ұғымдарын, төртінші бөлім іс жүргізулік мәжбүрлеу шаралары мен
тәртібін анықтайды, бесінші бөлімде қылмыстық процестегі мүліктік
мәселелерді шешу ережелері белгіленген.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің Ерекше бөлімі алтыншы бөлімнен
басталады, онда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу ережелері
реттелініп берілген, жетінші бөлімде бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу
әрекеттері көрсетілген, сегізінші бөлім соттың заңды күшіне енбеген
үкімдері мен қаулыларын қайта қарау мәселелерін шешеді, тоғызыншы бөлімде
сот шешімдерін орындау мәселелері қарастырылады. Оныншы бөлім соттың заңды
күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу тәртібі туралы
түсінік береді, он бірінші бөлімде қылмыстық істердің жекелеген санаттары
бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері (кәмелетке толмағандардың,
артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың,
яғни Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, соттар, дипломаттар,
т.б.) берілген. Он екінші бөлім ессіз күйдегі адамдарға медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша сот ісін жүргізу
тәртібін және шет мемлекеттердің қылмыстық істер бойынша құзыретті
мекемелермен, лауазымды адамдармен өзара іс-қимылының тәртібін анықтауға
арналған. Соңында жаңадан енген он үшінші бөлім алқабилердің қатысуымен іс
жүргізу тәртібін көрсетеді.
Қылмыстық іс қозғау себептері мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сотта істі қараудың ауызшалығы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ
Қылмыстық процестің сатылары мен нысандары
Қылмыстық жауаптылықтан жəне жазалаудан босату
Қылмыстық процесс ұғымы мен міндеттері
Азаматтық процестік құқықтың міндеттері
Оқиға жері күзетімтінін тексеру
Қылмысты алдын ала тергеу сатысы
Қылмыстарды алдын ала тергеу сатысы
Қасақана қылмыс істеу сатыларының қылмыстық құқықтық мәселелері
Пәндер