Құқықтың дамуы және түрлері
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Құқықтың пайда болуы
1.1 Құқық түсінігі, пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Құқық және мораль нормаларының арақатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Қасым, Есім және Тәуке хандардың қалдырған
құқықтық бастаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.4 Құқықтың қайнар көздерінің сипаттамасы және түрлері ... ... ... ... ... ... ...12
2 Құқықтың дамуы және түрлері
2.1 Құқықтың дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Құқық жүйесінің құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.3 Конституциялық құқық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.4 Міндеттемелік құқық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғанына биыл 20 жыл болады. Біздің елімізде құқықтық жүйе енді қалыптасып жатыр.
Конституцияның 4-бабында “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады” деп жарияланды.
Қазіргі заманда құқықтың қайнар көздері туралы көптеген ғылыми көзқарастар бар. Осы ғылыми көзқарастарға байланысты ерте заманнан қазіргі уақытқа дейінгі негізгі ойды қалыптастырады. Құқықтың қайнар көзі туралы негізгі бағытта тарихи тұрғыдан қарасақ бірнеше ой-пікірлер туындатады. Соның барлығын бірнеше монография, оқулық, ғылыми статьяларда орын табуда.
Демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құрып жатқан Қазақстан бүгінгі таңда жауапты да тарихи кезеңді бастан кешіруде. Әлеуметтік – экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқан ел өмірінде көптеген маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық өзгерістер орын алды. Қатынастар жаңа қарқын алып, олардың мәні түбегейлі өзгерді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік, саяси, құқықтық және экономикалық өмірінің барлық саласы түгелімен өзгерді. Қоғамның жан жақты даму процесінде ерекше орынды құқық, яғни Конституция мен нормативтік құқықтық актілер иеленеді. Онсыз құқықтық, демократиялық, әлеуметтік, зайырлы мемлекеттің құрылуы мүмкін емес.
Курстық жобаның өзектілігі. Қазақстанның демократиялық дамуы әсерлі қызмет ететін, логикалы түрде құрылған, қарама-қайшы келмейтін және теңестірілген қазіргі уақыттағы Қазақстан құқығының қайнар көздерінің жүйесінсіз мүмкін емес.Заң құқықтың қайнар көзі ретінде оқу өзектілігін жоғалтпай қазіргі таңда теориялық және тәжірибелік тұрғыда ерекше зерттеліп жатқан ғылыми зерттеулердің бағыты болып табылады. Себебі мұның барлығы объективті факторларға, яғни соның ішінде маңызды болып табылатын Қазақстан қоғамының құқықтық жүйесінің қайта құрылуы, азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз ететін әсерлі механизмдердің және мемлекеттің қағидаларын нақты бекітілуіне байланысты.Құқық қайнар көздері туралы мәселе құқық теориясы ғылымында басты орын алады және құқық түсінуде басты орынға ие. Кеңестік құқық ғылымында бұл мәселе кластық құқықтық түсінік төңірегінде зерттеліп, құқық қайнар көздерінің жүйесі нормативтік құқықтық актілердің жиынтығымен, яғни заң шығару жүйесімен алынып тасталып отырды.Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясында заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерімен қатар халықаралық шарттардың құқық қайнар көзі ретінде халықаралық құқықтың нормасы мен жалпы танылған қағидаларын бекіту барлық жалпы теориялық түсініктер мен құқық қайнар көздерін қайта саралауға себеп болды. Жоғарыда айтылған факторлар жиынтығы курстық жоба тақырыбының өзектілігін анықтайды.

1.Өсерұлы «Жеті жарғы» Алматы «Жеті жарғы» 1995 жыл
2.Мемлекет және құқық теориясы. –Алматы, ҚазМу баспа орталығы. 1999.
3.Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. Алматы. «Заң әдебиеті» 2004ж.
3.Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. – Алматы: «Наз» баспа компаниясы, 2003.
4.Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы, «Жеті жарғы».
2000ж.
5.Амандықов С.К. «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Оқу құралы. – Астана. 2001ж.
6.Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы.
Пайдаланған дерек көздері:
• www.google.kz
• http://e.gov.kz
• www.zakon.kz
• www.akorda.kz
• www.parlam.kz

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Құқықтың пайда болуы
1.1 Құқық түсінігі, пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 5
1.2 Құқық және мораль нормаларының
арақатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Қасым, Есім және Тәуке хандардың қалдырған
құқықтық
бастаулары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..10
1.4 Құқықтың қайнар көздерінің сипаттамасы және
түрлері ... ... ... ... ... ... ...1 2
2 Құқықтың дамуы және түрлері
2.1 Құқықтың
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .15
2.2 Құқық жүйесінің
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 17
2.3 Конституциялық
құқық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...22
2.4 Міндеттемелік

... ... ... ..25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғанына биыл 20 жыл болады. Біздің
елімізде құқықтық жүйе енді қалыптасып жатыр.
Конституцияның 4-бабында “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық
Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық
актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де
міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және
Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.
Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында
ол тікелей қолданылады” деп жарияланды.
Қазіргі заманда құқықтың қайнар көздері туралы көптеген ғылыми
көзқарастар бар. Осы ғылыми көзқарастарға байланысты ерте заманнан қазіргі
уақытқа дейінгі негізгі ойды қалыптастырады. Құқықтың қайнар көзі туралы
негізгі бағытта тарихи тұрғыдан қарасақ бірнеше ой-пікірлер туындатады.
Соның барлығын бірнеше монография, оқулық, ғылыми статьяларда орын табуда.
Демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құрып жатқан Қазақстан
бүгінгі таңда жауапты да тарихи кезеңді бастан кешіруде. Әлеуметтік –
экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам
басқан ел өмірінде көптеген маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық
өзгерістер орын алды. Қатынастар жаңа қарқын алып, олардың мәні түбегейлі
өзгерді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алуына байланысты еліміздің
әлеуметтік, саяси, құқықтық және экономикалық өмірінің барлық саласы
түгелімен өзгерді. Қоғамның жан жақты даму процесінде ерекше орынды құқық,
яғни Конституция мен нормативтік құқықтық актілер иеленеді. Онсыз құқықтық,
демократиялық, әлеуметтік, зайырлы мемлекеттің құрылуы мүмкін емес.
Курстық жобаның өзектілігі. Қазақстанның демократиялық дамуы әсерлі
қызмет ететін, логикалы түрде құрылған, қарама-қайшы келмейтін және
теңестірілген қазіргі уақыттағы Қазақстан құқығының қайнар көздерінің
жүйесінсіз мүмкін емес.Заң құқықтың қайнар көзі ретінде оқу өзектілігін
жоғалтпай қазіргі таңда теориялық және тәжірибелік тұрғыда ерекше зерттеліп
жатқан ғылыми зерттеулердің бағыты болып табылады. Себебі мұның барлығы
объективті факторларға, яғни соның ішінде маңызды болып табылатын Қазақстан
қоғамының құқықтық жүйесінің қайта құрылуы, азаматтардың бостандықтары мен
құқықтарын қамтамасыз ететін әсерлі механизмдердің және мемлекеттің
қағидаларын нақты бекітілуіне байланысты.Құқық қайнар көздері туралы мәселе
құқық теориясы ғылымында басты орын алады және құқық түсінуде басты орынға
ие. Кеңестік құқық ғылымында бұл мәселе кластық құқықтық түсінік
төңірегінде зерттеліп, құқық қайнар көздерінің жүйесі нормативтік құқықтық
актілердің жиынтығымен, яғни заң шығару жүйесімен алынып тасталып
отырды.Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясында заңдар мен басқа да
нормативтік құқықтық актілерімен қатар халықаралық шарттардың құқық қайнар
көзі ретінде халықаралық құқықтың нормасы мен жалпы танылған қағидаларын
бекіту барлық жалпы теориялық түсініктер мен құқық қайнар көздерін қайта
саралауға себеп болды. Жоғарыда айтылған факторлар жиынтығы курстық жоба
тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Құқық қайнар көзімен байланысты мәселелер революциға дейінгі
заңгерлердің еңбектерінде ғана зерттеліп қоймай, кеңес дәуірінде де
зерттелді. Атап айтсақ бұл зерттеулерге Н.Г. Александров, Л.И. Дембо, С.Л.
Зивс, Д.А. Керимов, С.Ф. Кечекъян, Н.М. Коркунов, А.В. Мицкевич, П.Е.
Недбайло, А.С. Пиголкин, В.К. Райхера, Г.Ф. Шершеневич, А.Ф. Шебанов және
т.б. авторлар да өз үлестерін қосты. Олардың еңбектерінің мәні болып құқық
қайнар көздерімен байланысты мәселелерді терең ғылыми анализ жасаумен ғана
емес, сонымен қатар нақты шарттарға байланысты қолданылатын күрделі
теориялық мәселелерді шешудің жолдарын табу болды. Құқық қайнар көздерінің
құқықтық табиғатының жүйесі, оның ерекшеліктері, түрлері, бір-бірімен өзара
байланыстылығы.
Курстық жобаның теоретикалық базасы келесі авторлардың еңбектері негіз
болды:С.С. Алексеев, М.Т. Баймаханов, Г.С. Сапаргалиев, А.К. Котов, Л.И.
Антонов, А.Н. Бабенко, М.И. Байтин, В.М. Баранов, С.В. Боботов, И.Ю.
Богдановский, Ю.В. Гаврюсов, П.А. Гук, Н.А. Гущина, В.М. Жуйков, В.Д.
Зорькин, А.С. Пиголкин, С.В. Поленина, В.В. Лазарев, Д.А. Керимов, В.С.
Нерсесянц, Е.А. Лукашева, Ю.А. Тихомиров сияқты авторлардың еңбектерінде
зерттелді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Бітіру жұмысымның мақсаты – құқық
бастаулары мен құқықтың пайда болуын жете білу, заңды құқықтың қайнар көзі
ретінде зерттеу, түрлерін анықтау және қәзіргі кездегі жетілдіру
мәселелерді анықтау.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған:
- Заң әдибетінде айтылған қайнар көздерді түсіну және құқық нысандары
туралы көзқарастарды түпкілікті зерттеу;
- Құқық қайнар көзі және құқық нысаны түсініктерінің мазмұнын
зерттеу (олардың арасындағы өзара байланыстар мен ерекшеліктерді табу);
- Заң актілер жүйесін қарастыру, сонымен қатар ерекшеліктеріне тоқталу;
- Заңды қарастыру және оның жетілдіру жолдарын табу.
Курстық жобаның зерттеу пәні. Осы курстық жобада бірқатар құқық қайнар
көздері (нысаны) тұжырымдарының теориялық ережелері, сот прецеденті,
нормативтік келісім шарт, нормативтік құқықтық актілер, құқықтық әдет-
ғұрыптар, заңдар және заң актілері, Қазақстан Республикасының құқықтық
нормативтік актілерінің алатын орны ой елегінен өткізіліп, сараланған.
Курстық жобаның құрылымы. Кіріспе, екі бөлім, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Құқықтың пайда болуы
1.1 Құқық түсінігі, пайда болуы
Құқық дегеніміз — мемлекет белгілеген немесе санкциялаған жал-пыға
бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормаларының) жүйесі, олар арқылы
қоғам мен жеке тулғалардың аса маңызды мүдделері жүзеге асырылады.Құқықты
анықтаудың нормативтік және кең ауқымды амал-тәсілдері бар.
Нормативтік амал-тәсілдер тұрғысынан құқықты анықтағанда аса маңызды
белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: құқық нормала-рының мемлекеттік-
ерікті, нормативтік, шартты анықталған және биліктік сипаттары.
Кең ауқымды амал-тәсілдер тұрғысынан құқықты анықтаған кезде аса
маңызды белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: міндетті мінез-құлық
ережелерінің өзара пайдалылығы, олардың әділдігі; құқықтық қатынастарға
құқық ұғымына әлі шартты түрде бекітілмеген нормаларды енгізу, қолдану;
құқық пен заңдарды бөлу.
Құқық қоғамдық қатынастарды реттеу мен тәртіпке келтіруде маңызды рөл
атқарады. Құқық қағидаттары — оның мән-маңызын айқындайтын және білдіретін
негізгі бастаулар. Құқықтың негізгі қағидаттарына: құқық теңдігі, құқықтар
мен міндеттердің бірлігі, гуманизм, әлеуметтік әділеттілік, демократизм
жатады.
Құқық функциясы дегеніміз қоғамдық қатынастарға құқықтың ықпал етуінің
негізгі бағыттары. Құқық; функциялары ішінара ішкі және сыртқы болып екіге
бөлінеді. Ішкі (жалпы) функцияларға мыналар жатады: саяси-экономикалық,
әлеуметтік, тәрбиелік. Сыртқыларға (заңдық) мыналар жатады: реттеуші және
қорғаушы. Құқықтың реттеушілік функциясы арқылы мінез-құлық ережелері
белгіленеді және олардың жүзеге асырылуы үйлестіріледі. Құқықтың
қорғаушылық функциялары аса маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға
(сақтауға) бағытталады. Қорғаушылық функциялары негізінде ең алдымен мінез-
құлықтық рұқсат етілмейтін ережелер жатады корпоративтік нормалар, әдет-
ғұрыптар, құқық нормалары және мінез-құлықтың басқа да ережелері
ерекшеленеді. Морал нормалары дегеніміз — ізгілік пен зұлымдық, әділет пен
әділетсіздік, ар-ождан және т.б. тұрғысынан алып қарағанда қоғамда
қалыптасқан мінез-құлық ережелері. Корпоратмвтік нормалар дегеніміз —
мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған шешімдерде, ережелерде және басқа
құжаттарда белгіленген мінез-құлық ережелері. Әдет-ғұрыптар — тұрғындардың
етене тұрмыстық сұраныстары болып келетін және көп рет қайталануы себепті
қалыптасып кеткен мінез-құлық ережелері. Құқық нормаларын барлық басқа
әлеуметтік нормалардан мыналар ерекшелейді: нормативтік құқықтық акт
түріндегі шартты анықтылықтығы; мемлекеттің мәжбүр етушілік күшімен
қамтамасыз етілген әлеуметтік қатынастардың барлық субъектілері үшін
жалпыға бірдей міндеттілік; мінез-құлықты құқықтылық немесе құқықсыздық
тұрғысынан, заңдылық немесе заңсыздық тұрғысынан бағалау.
1 Құқықтық реттеу заңдық жүйе арқылы жүзеге асырылатын қоғам-дық
қатынастарға нәтижелі түрде құқыктық ықпал етуді білдіреді құқықтық реттеу
әдістері бірыңғай сапалы қоғамдық қатынастарды реттеуді жүзеге асыратын
амал-тәсілдер ретінде ерекшеленеді. Құқықтық реттеудің негізгі әдістеріне
мыналар жатады:
1) императивтік (авторитарлық, өзара қатынасты берік ұстау, билік пен
бағыныштылық), мұны пайдаланған кезде бір тараптан билік жүргізуші субъект
регінде мемлекет, екінші тараптан — оның ерік-жігерін орындауға міндетті
құқықтың басқа субъектілері әрекет етеді;
2) диспозициялық (автономиялық, үйлестірушілік, тепе-теңдік), мұны
пайдаланған кезде өзара клісім негізінде субъектілер өз қалаулары бойынша
қққықтар мен міндетгерді белгілейді, өзгертеді және тоқтатады. Құқықдың
бастаулары деп материалдық тұрғыда қоғам өмірінің материалдық жағдайлары,
ғылыми тұрғыда— осы уақытқа дейін сақталып келген, заңдық нормалардан
тұратын тарихи құжаттар ұғынылады. Шартты-заңдық тұрғыда бұл құқық
нормаларын білдірудің сыртқы формасы. Құқық нармалары регінде: құқықтық
әдет-ғұрыптар, заңдық прецедент, нормалық келісім-шарт, нормативтік
құқықтық актілер ерекшеленеді. Құқықтық әдет-ғұрып дегеніміз — мемлекетпен
рұқсат етілген және қамтамасыз өтілген әдет-ғұрыптар. Заңдық процедент —
мемлекеттің нақтылы мәселе бойынша, осыған ұқсас мәселелер бойынша одан
кейінгі шешімдер үшін үлгі болған және құқық нормасы ретінде мойындалған
шешімі. Нормативтік келісім-шарт нормативтік құқықтық актілердің ерекше бір
түрі, ол екі жақтың келісімге келуі нәтижесінде құқықтық норма мазмұнына ие
болады. Нормативтік құқықтық акт— құкық нормалары мазмұнына ие, тиісті
мемлекеттік органның құжаты. Нормативтік құқықтық актілер заңдылықты және
заңға бағынышты болып ішінара екіге бөлінеді. [1]
Құқық мемлекет сияқты, қоғам дамуының белгілі бір кезеңдегі өнімі болып
табылады. Жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік нормалардың пайда болуы
белгілі бір әлеуметтік топ үшін нысандарға мүлік ету және пайдалану
мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Осылардың көмегі
арқылы аталған әлеуметтік толтың сұраныстары қанағаттандырылып, мүдделері
жүзеге асырылады. Құқықтың дамуы мемлекеттің дамуымен тығыз байланысты:
мемлекет белгілі бір кезеңде аса маңызды әлеуметтік нормаларды, оларды
құқықтық нормаларға айналдыра отырып, қамтамасыз етеді, сонымен бірге
құқықтың және нормаларын аныктау бойынша жұмыс жүргізеді.
Құқықтың пайда болуы
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті
реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына
сүйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік
бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы
реттеп, басқарды.
Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті
мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне
бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты
орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан
пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми
зерттеулер жасап келеді.
Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың
мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.
Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып,
дамып келеді деп түсіндіреді.
Табиғи теория – бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті,
құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау
алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды.
Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан
бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.
Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен
қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске
асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы
басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған.Отбасы басшысы - әке,
мемлекеттің басшысы – монарх.
Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-
әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген
тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.
Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып,
ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді.
Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға
созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден
келе жатқан ауызша заңдар жүйесі “әдет” заңына бағынып келген.
1.2 Құқық және мораль нормаларының арақатынасы
Құқықтық норма ұғымы. Норма дегеніміз – бір қатынасты ретеп, басқаратын
ереже.
Құқықтық норма құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы
дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің
шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып
отырады.
Құқықтық нормалардың белгілері:
1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды
күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады, өйткені ол
нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
2. Нормада субьектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық
әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субьектілер өз еркімен іс-әрекет
етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек.
3. Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.
4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет
қамтамасыз етеді.
5. Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс
істейді.
Сонымен, құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субьектілерінің құқықтары
мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен
қамтамасыз етілетін ереже-қағида.
Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозициция – қатынас мазмұны мен субьектілердің құқығы мен
міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен
шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі.
Диспозицияның үш түрі болады:
Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттері мен құқығы айқын
көрсетілмейді.
Толық айқын түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық
кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі.
Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы,
Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады.
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім
қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін
жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның
жалпылама күрделі , альтернативтік түрлері бар.
Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын
жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет
қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның
түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытырмалы.
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
1. Қоғамның әр саласныа қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс,
мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.
2. Құқықтың әр саласныа қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек,
отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-прцессуалдық, қылмыстық-
процессуалдық, т.б. саладағы нормалар.
3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар,
қорғаушы нормалар.
4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы,
ерік беруші нормалар.
5. Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының
қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық,
заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағытында. [2]
1.3 Қасым, Есім және Тәуке хандардың қалдырған құқықтық бастаулары
Қасым ханның қасқа жолы
Қасым ханның ел басқарудағы кемеңгерлігіне, қол астындағы халқының
қамын ойлар даналығына тәніт болған көрші елдердің тынымсыз қақтығыстан
мезі болған ру-тайпа көсемдері әр кезеңде ақырын жылысып, мұның қарамағына
еніп жатқан. Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери
күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай, ол өзінің бейбітшілік
сүйгіш саясатымен халықтың махаббатына бөленді. Осы бейбітшілік
сүйгіштігімен Қасым хан халықтар араснда ерекше әйгілі болды деп жазады
Әлихан Бөкейханов.
Керей хан мен Жәнібек хан тарихта Қазақ хандығының іргесін қалап,
шаңырағын көтеруімен ерекшеленсе, Қасым хан сол хандықты нығайтып, халқын
көбейтіп, жерін кеңейтіп, даңқын алысқа жаюымен, Қасым ханның қасқа жолы
деген атпен халық жадында сақталған қазақтың тұңғыш конституциялық
құжатының негізін жасауымен әйгілі болған ұлы хан.
XVI ғасырдың бірінші ширегінде қазақ атын жер жүзіне жеткізген Қасым
хан есімі қазақ халқының тарихи санасында мәңгі орын алып, жарты мың жылдан
аса сақталып келе жатты. Қасым ханның қасқа жолы - осының куәсі.
Қасқа жол - деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан
әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Оның жасалуына
себеп болған жағдайлар мыналар:
1. Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жәнібек және Бұрындық хандар
кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді;
2. Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді;
3. Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты;
4. Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы
сай келмейді.
Міне, осы аталған себептер Қасқа жолды дүниеге әкеледі. Бұл заңның
жазбаша мәтіні болмаса да қазақ есінде заң атының жарты мың жыл бойы
сақталуы Қасқа жолдың қазаққа өте қонымды, қоғамдық қатынастарға
үйлесімді болғанын көреміз.
"Есім ханның ескі жолы" - дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдардың
жиынтығы. Оның негізін Қасым хан салған болатын (1511 - 1523). Заң
жинағында Қыпшақ, Шағатай, және басқа ұлыстарда қолданылатын әртүрлі
жарғылар енгізілді. Есім хан өзіне дейін көп өзгеріске ұшырай қоймаған
Қасымның заңдарын іс жүзінде қолдануды өзі билік жүргізгенде қатаң талап
етті. Қасымның заңы Есімнің арқасында сол дәуірдің әскери-саяси және
әлеуметтік қажеттіліктеріне, халықтың тұрмысы мен дәстүріне сәйкес
жетілдірілді, соның нәтижесінде бұл заң халық арасында кеңінен тарады. Бұл
заң ережелері жермен, малмен байланысты материалдық тарап-арыз, қылмыстық
іс туралы (ұрлық, кісі өлтіру және т.б.), әйелдердің жағдайы, әскери
міндеттілік, дәстүрлі шаралар, кедейлерге көмектесу және т.б. туралы
мәселелерді қарады. Халық бұқарасы Қасым хан заңының ережелерін ұстауды
қалады. Бұл заң жиынтығы Есім ханның құрметіне "Есім ханның ескі жолы" деп
аталды.
Тәуке ханның Жеті жарғысы
Жарғы сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні
жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан
шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: Қара қылды қақ жарған деп
мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.
Бізге белгілі, Қысам ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы және
Тәуке ханның жеті жарғысы осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып,
елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке Қасым ханның қасқа жолын, Есім
ханның ескі жолын өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелеродің жеті түріне
күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер Тәуке ханның Жеті жарғысы
(Жеті жарлығы) аталып кеткен делінеді. [3]
Бірінші жарлығы: Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан
өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн
төленсін.
Екінші жарлығы: Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе,
олардың әрқайсысына (ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны
төленуі тиіс.
Үшінші жарлығы: Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын
босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе бүтін құн, үйдің жапсарына
байлаған ат теуіп өлтірсе жарты құн, ал үйдің артына байлаған ат теуіп
өлтірсе тек ат-тон айып тартады.
Төртінші жарлығы: Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол
жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз
болады.
Бесінші жарлығы: Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп
сөккені үшін (қол тигізбесе) – қара сиырға немесе қара есекке теріс
мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек.
Алтыншы жарлығы: Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң – ақ баталы
жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып,
оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін.
Жетінші жарлығы: Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа –
атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып
төлейді.
1.4 Құқықтың қайнар көздерінің сипаттамасы және түрлері
Азаматтық құқық - бұл тауар- ақшалай және қатысушыларының теңдігіне
негізделген өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүлікпен байланысты
жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқық саласы.
Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері - жеке тұлға және заңды
тұлғалар.
Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп
атауға болады.
Тұлғаның 2 категориясы болады: жеке тұлғалар және заңды тұлғалар.
Жеке тұлға дегеніміз ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы
жоқ адамдар.
Заңды тұлға - меншік, шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығында
оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін,
өз атынан мүліктік жіне мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие
болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын
ұйым. Оған мекеме, ұйым, кәсіпорын жыне т.б. жатады.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен
бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға
бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен
жүзеге асырылады.
1. Қылмыстық құқық нолрмасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу
функциясы – ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет
арасында пайда болады.
2. Қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тиым салған іс-
әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.
3. Қылмыстық құқық нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат
келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке
келтіреді.
Бірақ қылмыстық құқық өзге құқық салаларынан функциясы бойынша оқшау
сала. Себебі, ол қоғамдық қатынастарды реттеп қана қоймайды, сонымен қоса,
пәрменді кушпен қорғайды. Ал оның қорғау аясына, ең алдымен басқа құқық
салаларымен бұған дейін реттеліп қойған қоғамдық қатынастар енеді.
Мысалы,мүлікті қалай пайдалану, иелену, билік ету мәселесіне қылмыстық
құқық араласпайды, оны азаматтық құқық реттейді. Ал алдын-ала біреу осы
құқықтарды бұзатын болса (ұрылық, тонау, қарақшылық т.б.) онда оны
қылмыстық құқық қорғайды.
Қылмыстық құқық жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.
Жалпы бөлім қылмыстық жауаптылықтың негіздерін, міндеттері мен
принциптерін, жекелеген жаза түрлерінің қолдану шегін, оларды тағайындау
тәртібін белгілейтін нормалардан, шартты түрде жаза қолдануды, қылмыстық
жаза мен жауаптылықтан босатуды, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды
реттейтін институттарды орнықтыратын нормалардан, сондай-ақ, сотталғандарды
түзеу ісін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын
көрсететін нормалардан тұрады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың
қылмыстық жауаптылығы мен оларды жазалаудың ерекшеліктері де, соттылықты
жою мен алып тастау шарттары да жалпы бөліммен реттеледі.
Жалпы бөлімнің нормалары өзара ерекше бөлімнің нормаларымен тығыз
байланысты.
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің нормалары жаза түрлері мен оның
қолдану шегін көрсете отырып, нақты жекелеген қылмыстарға сипаттама береді.
Қылмыстық құқықтың қағидалары деп – қылмыстық құқықты басшылыққа алатын
оның нормаларының негізгі мазмұны мен бағытын анықтайтын бастауларды
айтамыз.
Қылмыстық заң – Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес
республика Парламенті қабылдаған құқықтық ережелер болып табылады. Жеке
адам мен қоғам арасындағы қақтығытардың қайсысының қоғамға қауіптілік
дәрежесінің басым екенін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқықтық
шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу қылмыстық заңның негізгі
міндеттерінің бірі болып табылады.
Қылмыстық заң қандай әрекеттер (іс-әрекеттер немесе әрекетсіздіктер)
қылмыс болып табылатынын, оларды жасаушылар қандай жаза қолдану керектігін,
қылмыстық жауапкершіліктің маңызды принциптері мен жалпы ережелерін
анықтайды. [4]
Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық
базасы Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық
құқық режимдері жоғарғы соттың нормативтік қаулыларында және 1997 жылы
қабылданған Қылмыстық Кодексте тура көрсетіледі.
Қылмыстық заң Қылмыстық кодекстің 1 бабында көрсетілгендей, қылмыстық
құқықтың бірден-бір қайнар көзі болып табылады.
Қылмыстық заңның негізгі міндеттеріне қылмыстық жауатылықтың талаптары
мен принциптері, негізін, қылмыс түсінігінің жалпылама белгілердің, қоғамға
қауіпті іс-әрекеттер мен әрекетсіздіктер шәңберін, қолданылатын жазалардың
түрлерін анықтау жатса, осы міндеттерді орындау арқылы қылмыстың алдын алу,
яғни қылмыстарды болдырмау мақсатын көздейді.
Қылмыстық заң әр түрлі мазмұнда болуы мүмкін. Ол көлеміне байланысты
жеке нормалардан тұратын, бірқатар нормалардан тұратын, қылмыстық құқықтық
нормалардың аяқталған жүйесінен тұратын қылмыстық заң болып үшке бөлінеді.
Халықаралық құқық түсінігі, салалары және қайнар көздері
Халықаралық құқық - бұл халықаралық құқықтың субъектілері туындататын
және халықаралық құқықтың субъектілері (мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін
күресуші халықтар, халықаралық ұйымдар арасындағы, сонымен қатар кейбір
жағдайларда, жеке және заңды тұлғалар қатысатын) арасындағы қатынастарды
реттейтін халықаралық- құқықтық қағидалар мен нормалардың жиынтығы.
Қазіргі уақытта, халықаралық келісімге қатысушылардың ауқымы кеңейіп
келеді және мемлекеттің ішкі құзырлығына кіретін көптеген қатынастар
мемлекеттердің ортақ мүдделерінің сферасына көшті.
Мемлекеттер арасындағы емес халықаралық қатынастар:
а) мемлекет пен халықаралық ұйымдар арасындағы;
б) халықаралық ұйымдар арасындағы;
в) бір жағынан мемлекететр, халықаралық ұйымдар, екінші жағынан жеке
және заңды тұлғалар арасындағы;
г) жеке және заңды тұлғалар арасындағы.
Халықаралық бұқаралық құқық және халықаралық жеке құқық бар.
Халықаралық бұқаралық құқық- халықаралық құқықтың субъектілері
арасындағы саяси сұрақтар бойынша туындаған қатынастарды реттейді.
Халықаралық жеке құқық – мемлекеттер арасындағы, заңды тұлғалар
(ұйымдар мен мекемелер) мен жеке тұлғалар (азаматтар) арасындағы
халықаралық жобадағы жеке сұрақтар (авторлық құқық, мұрагерлік құқық,
отбасы-неке сұрақтары) бойынша туындаған қатынастарды реттейді.
Халықаралық құқық – бұл ерекше құқық жүйесі болып табылады. Ғылым және
оқу пәні болып табылады.
Халықаралық құқық құқық жүйесі ретінде барлық мемлекететрдің, барлық
адамзаттың иглігі болып табылады, ол барлығына біреу. Бірақ та халықаралық
құқық ғылымы барлық мемлекеттерге бірдей бола алмайды. Әрбір мемлекеттте
өзінің халықаралық құқық ғылымы болады,мысалы, халықаралық құқықтың
қазақстандық ғылымы.
Халықаралық құқық, кез келген мемлекеттің ұлттық құқығы сияқты
салаларға бөлінеді. Халықаралық құқықтың салалары халықаралық
қатынастардың белгілі бір тобын реттейді және халықаралық –құқықтық
институттар мен нормалардың жиынтығы болып табылады. Мысалы, Халықаралық
қауіпсіздік құқық саласы халықаралық пен қауіпсіздікті қамтамасыз
етудегі қатынастарды реттейді;
Халықаралық құқықтың қайнар көздері – бұл халықаралық -құқықтық
нормаларды көрсететін формалар.
Оның 4 түрі бар:
1) Халықаралық келісімшарт;
2) Халықаралық – құқықтық әдет – ғұрыптар;
3) Халықаралық конференциялар мен мәжілістердің Қорытынды Актілері;
4) Халықаралық ұйымдардың резолюциялары.
2 Құқықтың дамуы және түрлері
2.1 Құқықтың дамуы
Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі
обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып,
қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың
(әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде
бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі
қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді
келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.

1. Теологиялық теория – (Оның авторлары 13 ғ. Фома Аквинский, қазіргі
замандағы Маритен, Мерсье). Осы теорияны жақтаушылар мемлекетті құдай
жаратты, құдайдың еркімен пайда болды және мәңгілік болған деп түсіндіреді.
Жердегі тірішілік атаулының барлығы құдайдың еркімен туындаған, олай
болса мемлекетте адамдарға жерде тәртіп орнату үшін құдайдың жіберген
құралы. Мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуын құдаймен
байланыстыруды жақтайды. “Билік құдайдан (жаратушыдан)” деген тезисті
уағыздайды және қорғайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан, Ежелгі Иудейде
пайда болған бұл теория, нақты болмысты бейнелейді (көрсетеді), атап
айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық нысандарын – абыздардың
билігін, храмның рөлін, діни және әкімшілік орталықтардың арасындағы
биліктің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz