Қазақстанда діни тақырыптағы экскурсиялық туризмді дамыту


ҚАЗАҚСТАНДА ДІНИ ТАҚЫРЫПТАҒЫ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ
Джумагазиева А. С., Өмірзақов К. Ө.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекттік университеті, Орал қ. zhasern@mail. ru, ainatour@ok. kz, business@wksu. kz
ХХ ғасырда, әсіресе, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған кейін, туризм индустриясы қарқынды дамыды, транспорт және байланыс жүйесі мейлінше жетілдірілді. Осы кезде адамдардың да өздерінің діни әулие орындарына баруға үлкен мүмкіндіктері туды. Cонымен қатар басқа елдердің халықтарының рухани жетістіктеріне араласу ниеті туды, олар бір - бірінің дінінің мәнін түсінгісі келді. Адамзаттың соңғы он жылдықта өмірінің барлық жағы қарқынды өзгеріске ұшырауымен байланысты діндерде де белгілі бір қиындықтар туды.
Діни мақсаттағы туризм географисының нақ белгіленген шектеулері бар, ол мынадай негізгі діндердің болуымен байланысты: христиандық, мұсылмандық, иудаизм, буддизм. Басқа кішігірім діни бағыттардың топтары туристік ағымның көп бөлігін құрамайды.
Діни бағыттағы саяхаттар ежелде басталды. Ежелгі Греция мен Ежелгі Рим құдайлары өз тұрғындарын ұлы орындарға баруға мәжбүрлеген. Ерте ортағасырларда діни себептегі миграция ерекше бір жаңа белгілерге ие болды. Осы кезде қажылық формасы Крестілер жорықтары кеңінен таралды.
Олар мұсылмандарға қарсы бағытта жүргізілді. Жорықтарға кедей батырлар мен саудагерлер барған.
Әлемде қажылықтың 11 макроаймағы бөлінеді:
1, Христиандық Еуропа
2. Христиандық басымдылығымен және көптеген діндерімен Солтүстік Америка
3. Христиандық басымдылығымен және жергілікті дәстүрлі діндерімен Латын Америкасы
4. Ислам дінінің басымдылығымен Солтүстік Африка
5. Ислам, христиан және дәстүрлі діндер басымдылығымен Батыс және Шығыс Африка
6. Христиан, иудаизм бағыттары және ислам басымдылығымен Батыс Азия
7. Оңтүстік Азияда иудаизм, буддизм таралған және христиан, джайнизм, сикхизм, ислам орталықтары бар
8. Ислам, христиан, иудаизм діндерімен және буддизм басымдылығымен Оңтүстік Шығыс Азия
9. Буддизм, конфуций, синтоизм басымдылығымен Шығыс Азия
10. Буддизм басымдылығымен негізінде ламаизм бағытымен Орталық Азия
11. Ислам басымдылығымен Орта Азия
Әрбір аймақ қажылық орталықтарымен танымал. Олар сенушілердің халықаралық туристік ағымын қабылдайды және көбіне діни мамандануды, әкімшілік, кәсіптік, мәдени, туристік орталықтар қызметтерін біріктіреді. [5 б. ]
Діни (қажылық) туризм қазіргі уақытта жақсы танымал. Оның бірнеше түрі бар:
1. Қажылық (қасиетті жерлерге саяхат)
2. Танымдық саяхат (діни ескерткіштермен, дін тарихымен танысу)
3. Ғылыми саяхат (дін сұрақтарымен айналысатын тарихшылардың, басқа мамандардың саяхаттары)
Бұл ғылыми жұмыста діни тақырыптағы экскурсиялық туризм туралы айтылады. Бұл мақсатта сапарға шығатындарды монастырлерге, храмдарға, мұражайларға, ескерткіштерге, көрмелерге бару бағытындағы экскурсиялар қызықтырады.
Діни тақырыптағы экскурсиялық туризмді дамытуға байланысты төмендегідей мақсаттар қойылады:
Экскурсиялық туризмді дамыту үшін мүмкіндіктерді зерттеу.
Діни туристер, бірінші орында қажылар саяхатқа өздері өмір сүретін үйреншікті жағдайлардағы діни іс әрекеттен артығырақ бір нәрсе жасау қажеттілігіне байланысты шығады. Ал адамдардың діни әулие орындарға сапарға шығуы да әр түрлі себептермен туындайды: сиынып жалбарынуға, жеке басының мәселелерін шешуге, құндылықтар жүйесін иемденуге, рухани бағытын бекіту, елдің мәдени мұрасымен танысу.
Туристердің сапарларға шығуы төмендегідей формада жүзеге асады:
― жеке немесе топтық
― турфирмалардың немесе діни ұйымдардың қатысуымен ұйымдастырылғае және ұйымдастырылмаған
― әр түрлі орналасу түрлері - қонақ үйде және басқа жерде
― өз елі ішінде немесе шетелде қысқа мерзімге немесе ұзақ мерзімге т. с. с.
Ұйымдастырылған туризмнің нағыз кең тараған формасы - бұл туристік-экскурсиялық мекемелер ұйымдастырған маршруттар бойынша сапарға шығу. Жасы, кәсіби мамандығы, тілек - талабы, қоғамдық жағдайы әр қилы адамдар жыл сайын жақын және алыс туристік сапарларға да шығып отырады.
Қазіргі кезеңде туристік маршруттың белгілі бір классификациясы қалыптасты. Ең алдымен олар ұйымдастыру ерекшелігіне қарай, діни туризм жоспарланған және жоспарланбаған болады. Кейбір туристер жоспарланған турларды қалайды. Мұндай турлардың қалыптасқан немесе ұйымдастырылатын тур жоспары болады. Ұйымдастырылмаған турларда туристер туристік фирмалардың көмегіне жүгінбейді. Олар турды өздері жоспарлап, өздері жүзеге асырады.
Саяхатқа қатысушылар санына қарай турлар жеке және топтық болып бөлінеді. Жеке турға қатысушы адамның саны 1-5 адам, топтықта 6 адам және одан да көп болуы мүмкін.
Ұзақтығына қарай сапарлар: біркүндік, екікүндік, көпкүндік болады. Біркүндік сапарлар ұзақтығына қарай: 3 сағаттан аз уақыт, 3-5 сағат, 6-8 сағат, 9-11 сағат, 12 сағат.
Саяхатшылар жас ерекшелігіне байланысты: балалар, олар көбіне ата-аналарымен саяхаттайды; жастар (15-24 жас) ; орта жастағы жастар; экономикалық белсенді адамдар (25-44 жас) ; орта жастағы экономикалық белсенді адамдар (45-64жас аралығы) ; зейнеткерлер (58-63 жастан) болып бөлінеді. [1. с. 14-15]
Діни тақырыптағы экскурсиялық туризм әр түрлі жастағы саяхатшыларды қызықтыруы мүмкін.
Құрылуына қарай туристік маршруттар линиялы, айналмалы, радиалды болып бөлінеді.
Линиялы маршрут бір пункте басталып, екіншісінде аяқталады, ең аз дегенде екі, көбіне бірнеше туристік шаруашылықтарды ( пунктерді) басып өтеді. Линиялы маршруттың міндетті шарты туристердің бастапқы пунктісіне келуінің және ақырғы пункттен кетуінің ыңғайлы қалыптасуы.
Айналмалы маршрут та бірнеше туристік базадан өтеді, бірақ оның бастапқы және ақырғы пункті біреу.
Радиалды маршруттың ерекшелігі мынада - туристер барлық уақытта бір базада тұрады, осы жерден жаяу, автобуспен немесе теплоходпен сапарға шығады және базаның жақын айналасындағы экскурсияға шығады. Барлық туристік маршруттарды қозғалыс тәсіліне қарай төмендегіше бөлуге болады: бір жағдайда ол транспорттың, автобустың, поездың, теплоходтың, ұшақтың көмегімен атқарылады, ал екінші бір жағдайда туристер жаяу жүреді, немесе шаңғыны, қайықты пайдаланады, барлық жағынан өздерін - өзі қамтамасыз етіп, палаткаларда түнеп шығады.
Қозғалыс тәсілі бірнеше жағдайға: сапардың ұзақтығына, маршруттың алыс - жақындығына, табиғат жағдайына т. б. байланысты да болады.
Туристік маршруттар табиғат және климат жағдайларына, материалдық базаның жағдайына, сондай - ақ туристердің қажет етуіне қарай жыл бойғы және маусымдық болып бөлінеді. Кейбір жағдайда маршрут жыл бойы жұмыс істейді, бірақ оның жұмысының бағыты жыл маусымдарына қарай өзгеріп отырады. [2. б 57-61]
Туристік саяхат - белсенді демалудың ең жақсы түрлерінің бірі, туған елімізді білу, тану және тәрбие беру формасы. Дегенмен, туристік маршруттың әрқайсысының өзіндік дара қайталанбас ерекшеліктері болады, бұлар ең алдымен бір тақырыпқа, табиғи және климаттық факторларға, тағы сол сияқтыларға тәуелді өте сирек кездесетін экскурсиялық обьектілердің болуына байланысты.
Кез - келген маршруттың тартымдылығы 3 факторға байланысты:
1. демалу мүмкіндігіне;
2. экскурсияның мазмұнына;
3. экскурсияның бағдарламасына болады.
Экскурсиялық мекемелер туристер үшін экскурсия ұйымдастярады. Жоспарлы экскурсияның құны туристік жолдама құнына кіреді. Туристердің қалауы бойынша олардың өздері қаржысы есебінен қосымша экскурсия ұйымдастырылуы мүмкін. Оның басты маңызы мынада:
• Діни туризм арқылы халықаралық инвестицияның тартылуын қамтамасыз етеді;
• Шетел валютасының ел қазынасына түсуіне мүмкіндік береді;
• Халықты жұмыспен қамтамасыз ету жүзеге асырылады;
• Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытады;
• Экспорттың дамуына оң әсерін тигізеді;
• Әлеуметтік - саяси жағдайға оң әсер етеді;
Діни туристерді қызықтыру обьектілері әулие орындар және діни орталықтар болып табылады. Мұндай сапарлар жылдың бір мезгілінде болатын мейрамдармен, фестивальдармен түсіндіріледі. Халықаралық сапарларда туристерге кеден, валюттік, визалық және т. б. тексерулерден өтуге тура келеді.
Діни туризм ұғымын қызмет түрін ұсыну және туристердің қажеттілігін қанағаттандыратын, әдеттегі ортадан тыс жерде, әулие орындарға және діни орталықтарға бағытталған шаруашылық түрі деп түсіну керек.
Діни туризмнің бірнеше формасы бар, олар: қажылық, діни тақырыптағы экскурсиялық турлар, мамандандырылған турларда қажылар мен экскурсанттар бірігеді. Халықаралық статистика мәліметі бойынша әр жыл 200 млн-нан артық адам қажылыққа барады. Соның ішінде 150 млн. христиан, 20-30 млн. индуистер, 40 млн. буддистер, мұсылмандар, синтоистер және т. б.
Сенушілер әулие орындарына жан дүниесін тыныштату үмітінде, ауыр сырқаттан арылу, жан дүниесі жақын адамдармен бірлікті сезінуге, тағзым етуге барады. Олар сапарға кесілген жазаны орындауға, жоғарғы күштерге иемденген игіліктер үшін немесе өмірлерін мәнді ететін діни - сенімге алғысын білдіру үшін барады.
Қажылыққа бейім топтар діни тақырыптағы экскурсиялық туризмнен құралады, оның мақсаты мәдениет пен салт - дәстүрін тану және т. с. с. Мұндай сапарлар әдетте сенушілердің саяхаттауы сияқты ұзақ емес, жылдың кез - келген мезгілінде ұйымдастырылады және діни мейрамдарға қатысы жоқ, балалар мен ересектерге арналған. Маршруты бойынша олар діни әулиелер орнын және бұрынғының архитектуралық ескерткіштерін көруге барады, ол жаны таза ақсүйек адамдарға рухани дәстүрлерге араласуға мүмкіндік туғызады.
Соңғы жылдары Қазақстанда діни және қажылық турларды ұйымдастыратын туристік фирмалардың қалыптасуы байқалады. Кейінгі жылдары республикамыздағы әулие орындарға қажылыққа баратын туристер және де жақын шетелге діни - танымдық мақсатта барушылар саны көбейді.
Статистика мәліметтері Қазақстанда айрықша таралған мынадай діни бағыттарды айтуға болады, олар:христиан (православтық және католиктік), ислам және иудаизм.
Ертеректе ( 2000 - 2002 жылдары) жүргізілген зерттеулер бойынша респонденттер, әсіресе шетелдік туристер рекреациялық туризмнен кейін мәдениетін зерттеп білу туризмін екінші орынға қоятынын көрсетті. [ 2. б. 57-61] Бұл Қазақстанда туризмнің жоғарыда айтылған түрін қалыптастыру және дамыту қажеттілігін тағы да дәлелдейді. Діни ескерткіштер, тарихы және мәдени орындар ﴾мешіттер, соборлар, діни мұражайлар, діни орталықтар т. с. с. ﴿ - бұлар әрқашанда туристер баратын туристік обьектілер болып саналады. Өкінішке орай, бүгінгі күнгі аймақтың туристік нарығында осындай ерекше турөніммен жұмыс жасайтын, өңделген маршруты бар, арнайы дайндалған гидтары т. с. с. бар турфирмалар өте аз. Сондықтан да бұл әлеуметтік - экономикалық зерттеу бағытын әлі нашар зерттелген және сөзсіз өзекті мәселе деп есептейміз. Бұл жерде сонымен қатар таза экономикалық зерттеудің аспектілері қорында рухани - адамгершілік бағыт байқалады.
Жеке зерттеу нәтижесінен, арнайы әдебиеттерді зерттеу, статистикалық мәліметтерді талдай отырып, төмендегідей қорытындыға келуге болады:
1. Көп ғасыр бұрынғы кезеңдегідей бүгінгі күні де дін саяхаттаудың басты себептерінің бірі болып табылады.
2. Ұйымдастыру және діни - экскурсиялық туризмнің табысты функциялануы үшін кең көлемде зерттеулер жүргізілу.
3. Қазақстан базасында діни туризмді, соның ішінде діни тақырыптағы экскурсиялық туризмді дамытуға болатын орындар көп.
Осыған орай, төмендегідей ұсыныстар беріледі:
Қожа Ахмет Ясауи (1103 - 1166) қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар тұлға, ұлы ақын. Ахмет Бұхар қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған софылық, діни - тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналды.
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы-«Диуани Хикмат»(«Хикмет жинақ») . Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен (рубаят) жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейінгі өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың (билердің) жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, және бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.
Халық арасында Қ. А. Ясауи туралы аңызға айналған әңгемелер көп. Соның бірінде оның 63 жасқа келгенннен кейін, өзінің пайғамбар жасынан асып, мына жарық дүниені көруін асылдық санап, жер астынан мекен жасатып, қалған ғұмырын қылуетте өткізді делінеді.
Түркістан қаласында жерленген Қ. А. Ясауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады. Бертінде Қ. А. Ясауидің өзі түрік халықтарының рухани атасына, ал күмбезі түрік дүниесі табынатын кіші Меккеге айналды. [3. б. 60-61] . Қазіргі күні кесенеге келіп жатқан туристер саны аз емес, шамамен мың турист барып қайтады. Ол өте қуантатын жағдай, бірақ бұл жеткіліксіз. Мен еліміздегі екінші Мекке атанған Түркістан қаласындағы Қ. А. Ясауи кесенесіне экскурсия жасауға, зерттеуге «Екінші Меккеге сапар» деген радиалды туристік маршрут ұсынамын. Тур бір күнге созылады. Турдың жалпы құны 5600 теңге. Бұл тур жоспарланған, жеке, ұзақтығы 6-8 сағатты қамтитын тур.
Туристік маршрут аты Қолданылатын транспорт түрі Жүргізілетін жұмыс Бағасы
Екінші Меккеге сапар Поезд, бағыты - Орал - Алматы Түркістанға бару 2500 теңге
Кесене аймағы бойынша саяхат:
А) тарихымен;
В) Қожа Ахмет Ясауи өмірімен танысу; 200 теңге (1 адам)
Түркістаннан Оралға келу 2500 теңге
Маршрутта Түркістан өңірімен танысу жүргізіледі. Негізгі мақсатқа Қ. А. Ясауи кесенесінің тарихымен, кесене иесімен танысу т. с. с. жатады.
Мұхаммед Пайғамбардың құрметіне 63 жастан кейін жер асты үй салып, өмірінің соңына дейін сонда өмір сүрген әулие Қ. А. Ясауи кесенесіне шетелдік туристердің қызығушылығын арттыру және дүниежүзіне қажетті деңгейде танылуы үшін Түркістанда діни тақырыптағы экскурсиялық туризмді дамыту қажет.
Қортынды:
Туризм жыл сайын өріс алып келе жатқан экономиканың ең ірі қызмет көрсету салаларының бірі. Қазіргі таңда әлемдегі әрбір 7 - ші жұмысшы туристік салада жұмыс жасайды. Ол жедел даму үстіндегі ең жас экономикалық сала. Болашақта біздің еліміз әлемдік стандартқа сай туристік қызмет көрсете алатын елдер қатарына қосылады деп сенемін. Ол үшін бізде көптеген мүмкіндіктер ( қолайлы географиялық жағдайы, тарихи - мәдени обьектілер, рекреациялық аудандар, ең маңызды факторлары - саяси тұрақтылық пен бейбітшілік және т. б. ) бар. Ең бастысы сол құндылықтарды ел жастары тек біздің елде бар ерекше турөніммен жұмыс жасай білуі, табиғатты экономикалық мақсатта тиімді пайдалана білуі тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Т. Т. Христов. Религиозный туризм. М. : «Академия», 2005. 14-15 беттер
2. Актуальные проблемы экономики Западно - Казахстанского региона. БҚМУ - дың баспа орталығы, Орал 2005. 57-61 беттер.
3. А. Сейдімбек, М. Жолдасбекұлы, К. Салғараұлы. Ел тұтқа ( ел тарихының әйгілі тұлғалары) . «Күл тегін», 2001. 60-61 беттер.
4. А. Е. Биржаков. Введение в туризм. М., 2000.
5. Е. Л. Драчева, Ю. В. Забаев, Д. К. Исмаев и др. Экономика и организация туризма: международный туризм.
Қазақстан Республикасының қорықтары
Ақсу-Жабағлы (Оңтүстік-Қазақстан облысы) . 1927 жылы құрылған. Атауы екі өзеннің атынан құралған: Ақсу және Жабағлы. Әсіресе Ақсу өзені өзінің өтуге ыңғайсыз тік жағасымен (300-500 метрге дейін) ерекшеленеді. Жалпы ауданы 85, 3 мың га. Мұнда Талас Алатау солтүстік-батыс шатқалы мен Угам шатқалының көркем биіктаулы ландшафты кіреді. Қорықта өсімдіктің 1404 түрі, аңдардың 47 түрі, 239 түрлі құс мекен етеді. Мінезді тіршілік иелері - сібір тауешкілері, еліктер, малар, қабан, аққұлақ, грифтер, сирек кездесетін қар барысы, түркістан сілеусіні, арқар, тянь-шань аюы, бүркіт, балобан, улы жыландар. Қорықтың Қаратау тауларының еңісінде Қарабастау және Ақбастау палеонтологиялық қабірлері бар. Онда осыдан 120 млн. жыл бұрын теңіз бассейнінде тіршілік еткен сирек кездесетін түрлі балықтар,, моллюска, тасбақа, юр кезеңінің жәндіктерінің іздері бар.
Наурызым (Қостанай облысы) . 1934 жылы Қазақстанның ең оңтүстік массивіндегі қарағай орманы орналасқан Нааурызым қарағайлы орманын, және суда жүзетін жұмыртқалы құстардың мекені көлдерді сақтау мақсатында құрылған. Аумағы - 87, 7 мың га. Қорықта өсімдіктің 961 түрлері, 39 түрлі аңдар мен 239 түрлі құстың түрлері кездеседі. Ерекше тіршілік иелерінің қатарына өте сирек кездесетін ақ қарқара жатады.
Қорғалжын қорығы (Ақмола облысы) . 1968 жылы сирек кездесетін жұмыртқа салатын - қызғылт фламингоны сақтау мақсатында құрылған. Қызғылт фламингоның ең солтүстік отаны Теңіз көлінда. Қорықтың жалпы ауданы - 243, 7 га., акваториясы 199, 2 га алып жатыр. Мұнда 42 түрлі аңның түрлері, 298 түрлі құс, 331 өсімдік түрлері тіршілік етеді. Авиафауна құрамы өте бай. Сирек кездесетіндер қатарына пеликан, фламинго, шипун-аққуы жатады.
Тенгіз-Қорғалжын көлі - көктемгі ұшып келу кезеңінде суда жүзетін құстардың мыңдаған санының бірігетін орны, соның арқасында қорық дүниежүзілік атаққа ие болды. Ол ЮНЕСКО тізіміне айрықша қорғалатын батпақты-көл ландшафт есебінде кірді.
Алматы (Алматы облысы) . 1961 жылы құрылды. Аумағы 73, 3 га құрайды. 137 өсімдік түрлері, 39 жануарлар түрі мен 200 ге жуық құстың түрлері бар. Сирек кездесетіндердің қатарына тянь-шань қоңыр аюы, қар барысы, түркістан сілеусіні кіреді.
Қорыққа Іле өзені жазығының бос бөлігі қызықты табиғи нысаны - 150 метрлік «Ән салғыш құмдар» құмды төбе жатады, оның ерекшелігі құмдық еңістермен қозғалғанда қатты дыбыс береді. Табиғаты өте көркем. Мұнда мұздар, қарлар мен құздар да бар.
Марқакөл (Шығыс-Қазақстан облысы) . 1976 жылы Оңтүстік Алтайдың табиғи кешенін қорғау мен тану үшін құрылған. Жалпы ауданы 75 мың га. Қорықта 721 өсімдік түрлері, 59 аң түрлері мен 254 құстың түрлері бар. Негізгі түрлері - марал, аю.
Тектоникалық текті Марқакөл таулы көлі ерекше қызығушылық танытады: теңіз деңгейінен 1485 м биіктікте орналасқан, ауданы 544 шаршы метр, тереңдігі 27 м. Онда сирек кездесетін сиг-ускуч балығы тіршілік етеді.
Үстірт қорығы (Маңғыстау облысы) . 1984 жылы құрылған. Аумағы - 223 га. Үстірт шоқысының батыс бөлігін алып жатыр. Тұрақты ағынсуы жоқ. Ағынсыз ойыстар бар, олардың ең ірісі - Барсакелмес, өлшемі 70x30 км. Қорықта 261 өсімдік түрлері, 27 түрлі аңдар, 111 түрлі құс және бауырымен жорғалаушылардың -27 түрі тіршілік етеді. Сұр кесіртке Қызыл кітапқа енгізілген. Сирек кездесетіндер қатарына үстірт муфлоны, ұзынаяқты кірпі, жайран, қарақал, бүркіт, улы жылан, құзғын, балобан жатады.
Батыс-Алтай (Шығыс-Қазақстан облысы) .
1992 жылы құрылған. Жалпы ауданы 56 мың га. Қорықта 564 өсімдік түрлері, 30 түрлі жануарлар түрлері, 120 құстың түрлері бар. Ондағы жарыққылқанды (сібір балқарағайы) және қараңғықылқанды (шырша және пихта) тайга табиғи кешені ерекше назар аударады.
Барса-Келмес (Қызылорда облысы) . 1939 жылы құрылған. Арал теңізінің біратаулы аралында орналасқан. Аумағы - 30 мың га. Флорада 250 түрлі өсімдік саны бар. Жануарлар әлемінде 56 түрлі жануарлар түрлері - құлан, жайран, сайғақ, қарсақ, қасқыр тіршілік етеді. 203 түрлі құстың түрі бар.
Сонымен қатар, 1997 жылы Баян-ауыл табиғи бағы ұйымдастырылды. Оның аумағы - 45 мың га жуық. Оны «жазық дала араындағы таулы-орманды оазис» деп аталады. Гранитті, желді, қарағай мен қайың орманымен көмкерілген Баянауыл таулары Қазақ ұсаққұмды жартылайқуаң жазықтармен биіктейді, олардың арасында Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл көлдері жатыр.
Бұдан басқа, Қазақстанда табиғат ресурстарының бөліктерін шектеулі шаруашылыққа пайдалану қарастырылған режимдегі жалпы ауданы 4600 га 83 кіші қорықтар бар. Аң аулау орындары, геологиялық, ботаникалық, зоологиялық, көлді, батпақты, ландшафты кіші қорықтар да бар.
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Алтайдың шығысында Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан. Ол солтүстігінде Күршім, оңтүстігінде Азутау жоталарының арасында орналасқан Алтайға тән тектоникалық ойпатты алып жатыр. Көл 1 449, 3 метрлік абсолюттік биіктікте жатыр. Ең биік нүктесі - 3304, 5 метр (Ақсу-Бас тауы) .
[өңдеу]
Марқакөл көлі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz