28 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ



1 Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар
2 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
3 ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ АЛУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ
4 АҚПАРАТТЫ АШУ
1. Осы Стандарт қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестицияларды есепке алу үшін қолданылуға тиіс. Алайда ол:
(а) тәуекелді капиталы бар ұйымдар,
немесе
(b) инвестициялық сақтандыру қорларын қосқанда, өзара қорлар, пайы бар инвестициялық қорлар және осы секілді құрылымдар қауымдасқан ұйымдарға салған инвестицияларға қолданылмауға тиіс,
олар бастапқы танудан кейін пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағаланады не 39-«Қаржы құралдары – тану және бағалау» ІAS сәйкес саудаға арналған ретінде жіктеледі. Мұндай инвестициялар 39 IAS Халықаралық стандартына сәйкес әділ құн бойынша бағалануға тиіс, ал әділ құндағы өзгерістер осы өзгерістер орын алған кезеңдегі пайдалар мен залалдар туралы есепте танылуға тиіс.
АНЫҚТАМАЛАР
2. Осы Стандартта терминдер төменде аталған мағыналарда пайдаланылады:
Қауымдасқан ұйым - инвестордың елеулі ықпалы бар және ол не еншілес кәсіпорын, не инвестордың бірлескен қызметтегі азшылық үлесі болып табылмайтын ұйым, оның ішінде серіктестік сияқты корпорацияланбаған ұйым.
Шоғырландырылған қаржы есептілігі – топтың біртұтас экономикалық ұйым дайындағандай болып ұсынылатын қаржы есептілігі.
Бақылау – ұйымның қаржылық және операциялық саясатын оның қызметінен пайда алатындай етіп басқару мүмкіндігі.
Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі - соған сәйкес инвестициялар бастапқыда өзіндік құны бойынша ескеріледі де, ал содан соң инвестициялар объектісінің таза активтеріндегі инвестор үлесі алынғаннан кейін болған өзгерісіне түзетілетін бухгалтерлік есепке алу әдісі.

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
28 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ

Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар

Бұл нұсқа 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін шығарылған түзетулері
енгізілген жаңа IFRS-нан туындайтын түзетулерді қамтиды.

28 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1. Осы Стандарт қауымдасқан ұйымдарға салынған
инвестицияларды есепке алу үшін қолданылуға тиіс. Алайда ол:
(а) тәуекелді капиталы бар ұйымдар,
немесе
(b) инвестициялық сақтандыру қорларын қосқанда, өзара
қорлар, пайы бар инвестициялық қорлар және осы секілді құрылымдар
қауымдасқан ұйымдарға салған инвестицияларға қолданылмауға тиіс,
олар бастапқы танудан кейін пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша
бағаланады не 39-Қаржы құралдары – тану және бағалау ІAS сәйкес саудаға
арналған ретінде жіктеледі. Мұндай инвестициялар 39 IAS Халықаралық
стандартына сәйкес әділ құн бойынша бағалануға тиіс, ал әділ құндағы
өзгерістер осы өзгерістер орын алған кезеңдегі пайдалар мен залалдар туралы
есепте танылуға тиіс.
АНЫҚТАМАЛАР
2. Осы Стандартта терминдер төменде аталған мағыналарда
пайдаланылады:
Қауымдасқан ұйым - инвестордың елеулі ықпалы бар және ол не еншілес
кәсіпорын, не инвестордың бірлескен қызметтегі азшылық үлесі болып
табылмайтын ұйым, оның ішінде серіктестік сияқты корпорацияланбаған
ұйым.
Шоғырландырылған қаржы есептілігі – топтың біртұтас экономикалық
ұйым дайындағандай болып ұсынылатын қаржы есептілігі.
Бақылау – ұйымның қаржылық және операциялық саясатын оның
қызметінен пайда алатындай етіп басқару мүмкіндігі.
Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі - соған сәйкес
инвестициялар бастапқыда өзіндік құны бойынша ескеріледі де, ал содан
соң инвестициялар объектісінің таза активтеріндегі инвестор үлесі
алынғаннан кейін болған өзгерісіне түзетілетін бухгалтерлік есепке алу
әдісі. Инвестордың пайдасына немесе залалына оның инвестициялар
объектісінің пайдалары мен залалдарындағы үлесі кіреді.
Бірлескен бақылау шарт бойынша экономикалық қызметке бақылауды
бөлуді білдіреді және мұндай қызметпен байланысты стратегиялық қаржылық
және операциялық шешімдер олардың арасында бақылау бөлінген тараптардың
(кәсіпкерлердің) ортақ келісімін талап ететін жағдайларда ғана орын
алады.
Жеке қаржы есептілігі – бас ұйым, қауымдасқан ұйымның инвесторы
немесе бірлесіп бақыланатын ұйымның кәсіпкері ұсынатын есептілік, мұнда
инвестицияларды есепке алу есептілікте ұсынылатын нәтижелердің және
инвестициялар объектілерінің таза активтерінің негізінде емес, тікелей
қатысу үлесі негізінде жүргізіледі.
Елеулі ықпал - инвестициялар объектісінің қаржылық және операциялық
қызметі бойынша шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігі, бірақ осындай
саясатты жеке өзі немесе бірлесіп бақылау емес .
Еншілес ұйым – басқа ұйым (бас ұйым деп аталатын) бақылайтын ұйым,
оның ішінде серіктестік сияқты корпорацияланбаған ұйым.
3. Жеке қаржы есептілігі үлестік қатысу бойынша есепке алу
әдісі қолданылатын қаржы есептілігі де, не еншілес ұйымы, не қауымдасқан
ұйымы, не бірлескен қызметке қатысу үлесі жоқ ұйымның қаржы есептілігі
де болып табылмайды.
4. Жеке қаржы есептілігі шоғырландырылған қаржы есептілігіне
инвестицияларды есепке алу үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін
пайдалана жүзеге асырылатын қаржы есептілігіне, бірлескен қызметтегі
кәсіпкерлердің үлестері теңбе-тең негізде шоғырландырылатын қаржы
есептілігіне толықтыру ретінде ұсынылатын қаржы есептілігі. Жеке қаржы
есептілігі осындай қаржы есептілігіне ілесе жүруі мүмккін немесе
ілеспеуі де мүмкін.
5. 27-Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі IAS Халықаралық
стандартының 10-параграфына сәйкес шоғырландырудан, сондай-ақ 31-
Бірлескен қызметке қатысу IAS Халықаралық стандартының 2-параграфына
сәйкес теңбе-тең шоғырландырудан немесе осы Стандарттың 13 (с)-
параграфына сәйкес үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісінен
босатылатын ұйымдар тек қана жеке қаржы есептілігін ұсына алады.
Елеулі ықпал
6. Егер инвестор инвестициялар объектісінің дауыс беру құқығы бар
акцияларының кемінде 20%-ына тікелей немесе жанама иелік етсе (мысалы,
еншілес кәсіпорындар арқылы), бұл керісінше жағдайдың айқын дәлелдері
болмаған жағдайда, инвестордың елеулі ықпалы бар екенін білдіреді. Және
керісінше, егер инвестор инвестициялар объектісінің дауыс беру құқығы
бар акцияларының 20%-ынан азына тікелей немесе жанама иелік етсе
(мысалы, еншілес кәсіпорындар арқылы), бұл керісінше жағдайдың айқын
дәлелдері болмаған жағдайда, инвестордың елеулі ықпалы жоқ екенін
білдіреді. Басқа инвестордың акциялардың ірі немесе бақылау пакетіне ие
болуы инвестордың елеулі ықпалы бар екенін жоққа шығаруы міндетті емес.
7. Инвестордың елеулі ықпалының болуы, әдетте, төменде келтірілген
тәсілдердің бірімен немесе бірнешеуімен расталады:
(а) инвестициялар объектісінің директорлар кеңесіндегі немесе
сондай басқару органындағы өкілдігі;
(b) дивидендтерге немесе басқа бөлістерге қатысты шешімдерді
қабылдауға қатысуды қосқанда, саясатты әзірлеу барысына қатысуы;
(с) инвестор мен инвестициялар объектісі арасындағы ірі
операциялар;
(d) басқару қызметкерлерімен алмасуы;
не
(е) маңызды техникалық ақпарат беруі.
8. Ұйым жазылу сертификаттарына, акциялар алуға арналған
опциондарға, жай акцияларға айырбасталатын борыштық және үлестік
құралдарға немесе орындау немесе айырбастау жағдайында компанияға дауыс
құқығын беруге, немесе басқа ұйымның қаржылық және операциялық саясатын
айқындауға қатысты мәселелерде басқа тараптың дауыс құқығын азайтуға
(әлуетті дауыс құқығы) қабілетті сол секілді құралдарға ие бола алады.
Ағымдағы сәтте іске асырылуы және айырбасталуы мүмкін әлуетті дауыс
құқықтарының болуын және оның ықпалын ұйымның елеулі ықпалын бағалау
кезінде есепке алу қажет. Егер, мысалы, әлуетті дауыс құқықтары
болашақтағы белгілі бір күн немесе болашақ оқиға басталғанға дейін іске
асырыла немесе айырбастала алмайтын болса, онда олар ағымдағы сәтте
жүзеге асырылатын немесе айырбасталатын болып табылмайды.
9. Әлуетті дауыс құқықтарының елеулі ықпалға үлес қосатын-
қоспайтынын бағалай отырып, ұйым басшылықтың талап-тілектерін және
осындай құқықтарды жүзеге асыру мен айырбастау мәселелеріндегі қаржылық
мүмкіндіктерді қоспағанда, әлуетті құқықтарға ықпал ететін фактілер мен
жағдайларды (әлуетті дауыс құқықтарын іске асыру талаптарын және кез
келген шарттық келісімдерді қосқанда жеке-жеке, сол сияқты бір-бірімен
байланыста) зерделейді.
10. Ұйым инвестициялар объектісінің қаржылық және операциялық
саясатының мәселелерінде шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігін
жоғалтумен бірге инвестициялар объектісіне тигізетін елеулі ықпалын
жоғалтады. Елеулі ықпалды жоғалту абсолютті және салыстырмалы ие болу
деңгейінде өзгерістер болған кезде де, сол сияқты осындай өзгерістер
болмаған кезде де орын алуы мүмкін. Мұндай жоғалту, мысалы, қауымдасқан
ұйым мемлекет тарапынан, сот, әкімшілік немесе реттеуші орган тарапынан
бақылау объектісіне айналғанда орын алуы мүмкін. Ол сондай-ақ шарттық
келісім салдарынан да болуы мүмкін.
Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі
11. Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісіне сәйкес,
инвестициялар бастапқыда өзіндік құны бойынша танылады және олардың
баланстық құны инвестордың алынған күннен кейінгі инвестициялар
объектісінің пайдасы мен залалындағы танылған үлесіне ұлғайтылады немесе
азайтылады. Инвестициялар объектісінің пайдасы мен залалының инвесторға
тиесілі үлесі инвестордың пайдасы мен залалында танылады. Инвестициялар
объектісінен алынған табыс инвестициялардың баланстық құнын азайтады.
Инвестордың инвестициялар объектісіне қатысуының теңбе-тең үлесінің
инвестициялар объектісінің меншік капиталындағы өзгерістердің
нәтижесінде туындайтын, оның пайдалары мен залалдары туралы есебіне
кіргізілмеген өзгерістерін көрсету үшін баланстық құнды түзету қажеттігі
туындауы мүмкін.
12. Әлуетті дауыс құқықтары болған жағдайда инвестордың
инвестициялар объектісінің пайдасы мен залалындағы және инвестициялар
объектісінің меншік капиталындағы өзгерістердің үлесі ағымдағы ие болу
үлестерінің негізінде айқындалады және әлуетті дауыс құқықтарын ықтимал
орындауды немесе айырбастауды көрсетпейді.
ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ АЛУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ
13. Қауымдасқан ұйымға салынған инвестиция:
(а) мұндай инвестиция 5-Сатуға арналған ұзақ мерзімді
активтер және тоқтатылған қызмет IFRS Халықаралық стандартына
сәйкес сатуға арналған ретінде жіктелген;
(b) 27 IAS Халықаралық стандартының 10-параграфында
көзделген, қауымдасқан ұйымға салған инвестициясы бар бас ұйымға
шоғырландырылған қаржы есептілігін тапсырмауға мүмкіндік беретін
ерекше жағдай қолданылатын;
не
(с) төмендегі:
(і) басқа ұйымның толық немесе ішінара меншігіндегі
еншілес ұйым және оның басқа иеленушілері, оның ішінде басқа
жағдайларда дауыс құқығы болмайтын, инвестордың үлестік қатысу
бойынша есепке алу әдісін қолданбайтыны жөнінде хабардар
етілген және қарсы болмайтындары да инвестор болып табылған;
(іі) инвестордың борыштық немесе үлестік құралдары
ашық нарықта айналыста болмаған (ішкі немесе шетелдік қор
биржасында немесе жергілікті және аймақтық нарықтарды қоса
алғанда, биржадан тыс нарықта);
(ііі) ашық нарықта кейіннен қандай да бір құралдар
класын айналысқа шығару мақсатында инвестор өзінің қаржы
есептілігін бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға немесе басқа
реттеуші органға ұсынбаған немесе ұсыну барысында болмаған;
және
(іv) инвестордың соңғы және кез келген аралық бас
ұйымы ашық қол жету үшін Халықаралық қаржы есептілігі
стандарттарының талаптарына сәйкес келетін шоғырландырылған
қаржы есептілігін шығарған жағдайлардың бәрі қолданылатын
жағдайларды қоспағанда, үлестік қатысу бойынша есепке алу
әдісі пайдаланыла отырып есепке алынуға тиіс.
14. 13 (а)-параграфында сипатталған инвестициялар 5 IFRS Халықаралық
стандартында көзделген тәртіпке сәйкес есепке алынуға тиіс.
15. Бұрын сатуға арналған ретінде жіктелген қауымдасқан ұйымға инвестиция
мұндай ретінде тану критерийлерін қанағаттандыруын тоқтатқан кезде, ол
сатуға арналған ретінде жіктей бастаған күннен бастап үлестік қатысу
әдісін пайдалану арқылы есепке алынады. Тиісінше осындай қатысу үлесі
сату үшін арналған деп жіктелген кезден басталатын кезеңдер үшін қаржы
есептілігі тиісті түрде түзетілуге тиіс.
16. [жойылған]
17. Алынған түсімдер негізінде табысты тану инвестордың
қауымдасқан компаниянға салған инвестициясы бойынша алған табысының
мөлшерлеріне сәйкес келмеуі мүмкін, себебі алынған табыстың қауымдасқан
компания қызметінің нәтижелерімен байланысы шамалы болуы мүмкін.
Инвестор қауымдасқан компанияға айтарлықтай ықпал ететіндіктен, ол оның
қызметінің нәтижесіне, яғни, инвестицияның рентабельділігіне де
мүдделі. Инвестор бұл мүдделілікті есепте өзі ұсынатын қаржы
есептілігіне осы қауымдасқан ұйымның пайдалары мен залалдарындағы өз
үлесін кіргізу арқылы көрсетеді. Қорыта келгенде, үлестік қатысу
бойынша есепке алу әдісі есептілікте инвестордың таза активтері және
таза пайдасы немесе залалы туралы егжей-тегжейлі ақпарат болуын
қамтамасыз етеді.
18. Инвестор үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін
қауымдасқан ұйымға елеулі ықпал етуді жоғалтқан күннен бастап тоқтатуға
міндетті және осы күннен бастап инвестицияны қауымдасқан ұйым 31 IAS
Халықаралық стандартының анықтамасына сәйкес еншілес ұйым немесе
бірлескен қызмет мәртебесін алмайды деген шартпен 39 IAS Халықаралық
стандартына сәйкес есепке алуға тиіс.
19. Инвестицияның қауымдасқан қатынастар тоқтаған күнгі
баланстық құны 39 IAS Халықаралық стандартына сәйкес қаржы активі
ретінде бастапқы бағалау кезіндегі оның өзіндік құны болып
қарастырылуы тиіс.
20. Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін қолдану үшін
лайықты көптеген рәсімдер 27 IAS Халықаралық стандартында сипатталған
шоғырландыру рәсімдеріне ұқсас келеді. Оның үстіне, еншілес ұйымды
алғанда есепке алу кезінде қолданылатын рәсімдердің тұжырымдамалық
негізі қауымдасқан ұйымға инвестиция алғанда есепке алу кезінде де
пайдаланылады.
21. Топтың қауымдасқан ұйымдағы үлесі бас ұйымның немесе оның
еншілес ұйымдарының осы қауымдасқан ұйымға қатысу сомасына тең болады.
Топтың құрамындағы басқа қауымдасқан ұйымдардың немесе бірлескен
қызметтің иелену үлестері осы мақсаттарда ескерілмейді. Қауымдасқан
ұйымның еншілес, қауымдасқан компаниялары немесе бірлескен қызметі
болғанда үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін қолданған кезде
пайдалар немесе залалдар және таза активтер ретінде шоғырландырылған
қаржы есептілігінде танылатын (қауымдасқан ұйымның қауымдасқан ұйымдары
мен бірлескен қызметінің пайдалары мен залалдарының және таза
активтерінің оған тиесілі үлесін қосқанда), бірыңғай есеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
34 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Шетелдік валютамен жүргізілетін операциялардың салдары
1 ІAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
14 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
8 IAS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
21 IAS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
10 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Қарыздар бойынша шығындар
Активтерге жататын субсидиялар туралы ақпарат беру
18 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Пәндер