Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы бойыншакінә түсінігі


Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы бойыншакінә түсінігі

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 4

1-Тарау. Қылмыстың субъективтік жағына жалпы сипаттама

1. 1 Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оның маңызы 6

1. 2 Қылмыстың субъективтік жағының қылмысты дәрежелеудегі маңызы 9

2-Тарау. Қылмыстық құқықтағы кінә мәселесі

2. 1 Кінәнің түсінігі, мазмұны, дәрежесі және көлемі 12

2. 2 Қасақаналық және оның түрлері 31

2. 3 Абайсыздық және оның түрлері 38

3-Тарау. Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын құрайтын белгілері және кінәның екі түрімен істелетін қылмыстар

3. 1 Қылмыстық ниет және мақсат 47

3. 2 Кінәнің екі түрімен істелетін қылмыстар 49

3. 3 Қате және оның маңызы 51

Қорытынды 55

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 58

КІРІСПЕ

Қылмыс құрамының негізгі элементтерінің бірі қылмыстың субъективтік жағы кез келген қылмыстық іс-әрекеттің мәнін ашу үшін және қылмыстың құрамын анықтауда маңызы ерекше болып табылады.

Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамы деп қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті әрекетті сипаттайтын, қылмыстық заңмен белгіленген объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы деп түсіндіріледі.

Қылмыс құрамының түсінігі, теорияда қылмыс құрамының элементтері деп аталатын белгілердің төрт тобын құрайды. Бұл қылмыстың объектісі, объективті жағы, субъектісі және субъективті жағы. Яғни, бұл элементтердің жалпы құрамын құрайтын белгілердің мазмұны бойынша бір қылмыс екінші бір қылмыстан ажыратылады.

Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады.

Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа карағанда субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді. Бұл жерден шығатын қорытынды кылмыстың объективтік және субъективтік жағының белгілері өзара тығыз байланысты, белгілі бір бірлікте болады. Сондықтан да қылмыстың субъективтік жағына барынша тығыз талдау жасау қажет.

Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері: кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді.

Қылмыстың субъективтік жағын құрайтын белгілердің әр қайсысы қылмыстың психикалық мазмұнын сипаттайды, бірақ әр қайсысы өзінше сипаттайды. Мысалы, кінә - бұл тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекетіне (әрекетіне немесе әрекетсіздігіне) және оның қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы салдарына психикалық қатынасы.

Кінә - қылмыстың субъективтік жағының негізгі және міндетті белгісі. Сондықтан, адам өз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті іс әрекеті және одан пайда болған қоғамға қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс.

Кінәнің қылмыстық құқықтық қағидасына және анықтамасына сәйкес, кінә қылмыстық әрекеттің немесе әрекетсіздіктің ажырамас бөлігі және қылмыстық заңмен қарастырылатын, соттың үкімімен мемлекет атынан әшкерленетін, сәйкес нысандарымен анықталатын, адамның өзінің жасаған қоғамға қауіпті әрекетіне және оның зардаптарына деген психикалық қатынасы.

Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағы-ның көрінісі болып табылады. .

Дипломдық жұмыс, кіріспе және қорытындыдан, үш тараудан, сондай-ақ қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-тарауда қылмыстың субъективтік жағының жалпы сипаттамасына тоқталдық.

2-тарауда қылмыстық құқықтағы кінәнің түсінігіне және түрлеріне тоқталдық.

3-тарауда қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын құрайтын белгілеріне тоқталдық.

Қылмыстың субъективтік жағының қылмыстық жауаптылықтың бар жоғын анықтау үшін, істелген қылмысты дұрыс саралау үшін және әділ жаза тағайындау үшін маңызы ерекше.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының көптеген қаулыларында қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын, кінәнің нысандарының, қылмыстық қаскүнемділік пен арам ниеттің және оның мақсатының мазмұны мен бағытын терең зерттеуді талап етеді.

Сонымен қатар дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ арнайы әдебиеттерді қолдандық.

Осы дипломдық жұмысты жазудың негізгі мақсаттарының бірі қылмыстық құқықта қылмыстың субъективтік жағын ғылыми теориялық жағынан талдау болып табылады. Қылмыстың субъективтік жағын зерттеу қылмыстық құқықта қылмыстық іс-әрекеттерді саралауда үлкен маңызға ие.

1-Тарау. Қылмыстың субъективтік жағына жалпы сипаттама

  1. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оның маңызы

Кез келген қылмыстық әрекет немесе әрекетсіздік - бұл тек дененің қимылының болмауы ғана емес, ол адамның сыртқы ортаға, қоғамға, қоғамның өзге де мүшелеріне деген қатынасы. Осы қатынас қылмыстың психологиялық мазмұны болып табылады, яғни адамның өзі жасаған іс-әрекетінің қоғамға қауіпті зардаптарын ұғынуы немесе ұғынбауы, оларға деген ерікті қатынасы, қылмыс жасау кезіндегі субъектінің басшылыққа алатын ниеттері, алдына қойған мақсаттары, сол кездегі сезімдері-бұлардың бәрі қылмыстың субъективтік жағын құрайды. Қылмыстың субъективтік жағы қылмыстың ішкі мәні болып табылады[1] .

«Субективтік жақ» термині қылмыстық заңда қолданылмайды. Алайда, заңшығарушы оның мәнін кінә, ниет, мақсат ұғымдары арқылы ашады. Осы аталған ұғымдардың әрқайсысы қылмыстың психикалық мәнін әр жағынан сипаттайды.

Кінә адамның өзі жасаған қоғамға қауіпті іс әрекетіне деген психикалық қатынасын білдіре отырып, кез-келген қылмыс құрамының міндетті және негізгі белгісі болып табылады. Кінә қасақаналық немесе абайсыздық түрінде көрінуі мүмкін. Алайда, кінәлі адам жауап бермейді. Бұл сұрақтарға жауапты қылмыс қүрамының факулътативиі белгілері болып табылатын қылмыстың ниеті мен мақсаты береді. Ниет бұл адамды қылмыс жасауға итермелейтін ішкі сезім. Ал, мақсат бұл қылмыс жасаушы адамның қылмыс жасау арқылы қол жеткізуге ұмтылатын нәтижесі. Қылмыстың ниеті мен мақсаты қылмыстық заң диспозициясында тікелей көрсетілген жағдайларда қылмыс құрамының міндетті белгілерінің қатарына қосылады. [2] .

Мысалы: Қылмыстық Кодекстің 237-бабындағы «бандитизм» құрамының субективтік жағының міндетті белгісі болып азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсаты табылады.

Қылмыстың субъективтік жағында эмоцияналдық жағдайлар да ерекше орын алады. Заңшығарушы бұл жағдайда қылмыс құрамының белгілерін қоспайды. Дегенмен, Қылмыстық Кодекстің 98-бабы «жан күйзелісі жағдайында адам өлтіру», Қылмыстық Кодексінің 108-бабы «денсаулыққа жан күйзеліс жағдайында зиян келтіру» қылмыстарында жәбірленушінің заңсыз әрекеттері тарапынан туындаған терең эмоционалдық жағдай жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән жай ретінде қарастырылады.

Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің кейбір баптарында субъективтік жақтың белгілері тікелей көрсетілген. Мысалы, Қылмыстық Кодекстің 103-бабы «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» немесе Қылмыстық Кодекстің 101-бабы «адамға абайсызда қаза келтіру» қылмыстары.

Қылмыстың субъективтік жағының қылмыстық-құқықтық маңызы ерекше. Ең алдымен, қылмыстың субъективтік жағының барлық белгілерін нақты анықтау қоғамға қауіпті іс әрекетті дұрыс саралаудың қажетті алғы шарты болып табылады.

Екіншіден, объективті белгілері бойынша бір біріне ұқсас қылмыстарды ажырату кезінде субъективтік жақтың белгілері негізге алынады. Мысалы, Қылмыстық Кодекстің 187-бабы «бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» және 188-бабы «бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру» қылмыстары тек кінәнің нысандары бойынша ғана ажыратылады.

Үшіншіден, қылмыстың субъективтік жағы белгілі бір шамада қылмыстық іс әрекеттің және оны жасаған адамның қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтайды. Мысалы, алдын-ала жан жақты дайындалып жасалған қылмыс кенеттен пайда болған жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмысқа қарағанда жоғары қауіптілік дәрежесімен ерекшеленеді.

Сонымен, субъективтік жақты дұрыс анықтаудың қылмысты саралау және жазаны жеке даралау кезінде құқықтық мағынасы едәуір. Сондай\ақ, субъективтік жақ қылмыстық құқықтың заңдылық, кінәлі жауаптылық, ізгілік, әділеттілік сияқты қағидаларын сақтаудың қажетті шарты болып табылады.

Егер қылмыстың объективті жағы - қылмыстың сыртқы сипаты болса, субъективті жағы оның ішкі сипаты. Бұл қылмыскердің өзі жасаған қылмысқа ішкі, яғни кінәмен, ниетпен және мақсатпен сипатталатын адамның қылмыс жасау кезіндегі психикалық қатынасы

Қылмыстың субъективті жағын құрайтын белгілерге, аталып өткендей, қылмыстың кінәсі, себебі мен мақсаты, сонымен қатар, қылмыс жасау кезіндегі тұлғаның сезім күйі жатады.

Қылмыстың субъективтік жағын құрайтын белгілердің әр қайсысы қылмыстың психикалық мазмұнын сипаттайды, бірақ әр қайсысы өзінше сипаттайды. Мысалы, кінә - бұл тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекетіне ( әрекетіне немесе әрекетсіздігіне ) және оның қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы салдарына психикалық қатынасы.

Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа карағанда субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді. Бұл жерден шығатын қорытынды кылмыстың объективтік және субъективтік жағының белгілері өзара тығыз байланысты, белгілі бір бірлікте болады. Сондықтан да қылмыстың субъективтік жағына барынша тығыз талдау жасау қажет.

Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық, белгілері: кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы къілмыс істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді.

Аталып өткен қылмыстың субъективтік жағының осы белгілерінің зандылық маңызы біркелкі емес, керісінше әр түрлі. Кінә кез келген қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетгі белгісі болып табылады. Кінәсіз қылмыстың құрамы болмайды. Мұның езі кінәсіз жағдайда қылмыстык, жауаптылық туралы сез болуы мүмкін емес дегенді білдірді. Қылмыстық ниет және мақсат, кінәға карағанда, кейбір құрамдар үшін занда көрсетілген реттерде қажетті белгі болады. Ал олай болмаған жағдайларда, ниет пен мақсат қылмыс кұрамының факулътативті белгісі ғана болып саналады.

Істелмекші болған кылмыс жөніндегі абыржу, өкініш білдіру немесе жазадан қорқу психологиялық әрекеттің элементтері болып табылмайды, сондықтан ол қылмыстың субъективтік белгісіне жатпайды.

Қылмыстың субъективтік жағының белгілері - кінәні, ниет пен мақсатты дұрыс анықтаудың маңызы мынада: біріншіден, қылмыстық жауаптылық негізінің құрамдас бөлігі ретінде ол кылмысты қылмыс болып табылмайтын іс-әрекеттен ажыратуға мүмкіндік береді. Екіншіден, қылмыстың субъективтік жағы объективтік жағынан өзара ұқсас құрамдарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қыл-мыстың субъективтік жағының мазмұны істелген қылмыстың, сондай-ақ оны істеген адамның қоғамға қауіптілік дәрежесінің деңгейін анықтауға себеп болады. Мұның өзі жауаптылықтың негізділігін және мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

Қылмыстың мақсаты, себебі мен қылмыс жасау кезіндегі тұлғаның сезім күйінің кінәдан айырмашылығы - олар қылмыс құрамының қажетті белгілері болып табылмайды.

Заң шығарушы оларды барлығы емес, тек кейбір қылмыстардың ғана құрамының белгілерінің қатарына қосады және бұл жағдайларды оларда қылмыстық жауаптылықтың негізіне айналады. Қылмыс құрамының белгілері болмаған күнде де олар жеңілдетуші не ауырлатушы жағдай ретінде, жазаның тағайындалуына айтарлықтай ықпал жасайды.

Орыстың көрнекті әдебиет сыншысы В. Г. Белинский әр түрлі адамдардың қылығын бағалау үшін бірдей тәсіл қолдануға мүлдем қарсы. «Тұлғалар сансыз және алуан түрлі . . . Сондықтан біреудің тұлғасын басқаның тұлғасына шақтаудан асқан әділетсіздік жоқ, ол бәрібір ешқашан дәл келмейді, бәрібір одан өзгешелігі болады» дейді ол. Яғни, қылмыстың субъективті жағын бағалауға біркелкі келу өте өрескел қателерге соқтыруы мүмкін. [3] .

Сонымен қылмыстың субъективтік жағының қылмыстық жауаптылықтың бар-жоғын анықтау үшін, істелген кылмысты дұрыс саралау үшін және әділ жаза тағайындау үшін маңызы ерекше. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының пленумы көптеген қаулыларында қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын, кінәнің нысандарын, кылмыстық каскүнемдік пен арам ниетгің және оның мақсатының мазмұны мен бағытын терең зерттеуді талап етеді. [4] .

  1. Қылмыстың субъективтік жағының қылмысты дәрежелеудегі маңызы

Қылмысты дәрежелеу деп қылмыс жасаған адамның әрекетін немесе әрекетсіздігін қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің, кейбір жағдайда жалпы бөлімінің нормалары бойынша толық және көлемде нақты қылмыс құрамының белгілерін анықтау болып табылады.

Жасалынған қылмыстың шынайы жағдайларын дәл және толығымен анықтау -бұл қылмысты дұрыс дәрежелеудің негізгі талабы.

Қылмыстық әрекетті дұрыс дәрежелеу қылмыстық құқық қағидаларын, сонымен қатар заңдылықты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, ал қылмысты дұрыс дәрежелемеу әділділік қағидасын бұзады, демек, кінәлінің жауаптылығы дұрыс кезделмейді.

Әділділік, жазаның мақсаты тек қылмысты дұрыс дәрежелегенде ғана нәтижеге жетеді. Қылмысты дәрежелегенде қателесу ауыр зардаптарға әкеліп соғады ( негізсіз ауыр жаза тағайындау, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру) .

Мысалы, кінәлі адам өзінің жеке араздықтарына байланысты бір адамға жеңіл түрде дене жарақатын салды, ал оның іс-әрекетін бұзақылық үшін қате дәрежелеген болсақ, онда кінәлі адамға үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалады (257-б. 1-ші бөлігі), ал денсаулыққа қасақана жеңіл түрде зиян келтіргені үшін (105-б. ) бір жылға дейін мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.

Қылмысты дұрыс дәрежелеу қылмыс жасаған адамның құқықтарының сақталуына кепілдік береді.

Қылмысты дұрыс дәрежелеу дегеніміз-бұл қоғамға қауіпті іс-әрекетті қамтитын қылмыстық-құқылық баға беру.

Қайсібір әрекетті дұрыс дәрежелеу үшін ең алдымен кінәлінің істеген әрекетімен толық және түрлі жағынан танысуға қажетті болатын барлық шын мәніндегі жағдайларды, кінәлінің кім екенімен және қылмыс істелген уақытындағы жағдайлар мен толық танысу керек, өйткені қылмысты дәрежелеудің өзі кінәлінің істеген қоғамға қауіпті әрекеттерінің сипатына, кінәлінің жеке басына, оның қылмысты істегені үшін қылмыстық жауапқа тартылып отырған әрекетінің қандай жағдай да істелуіне байланысты.

Егерде қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің қайсы тарауын болмасын зерттегенде, оның ішінде бір - біріне барлық белгілері сай келетін қоғамға қауіпті деп тапқан екі қылмысты әрекетті таппайсыз. Сондықтан қылмысты дұрыс дәрежелеу үшін әр-бір жеке қылмыстың белгілерін білу айырықша қажет болып табылады[5] . Мұны білу қылмысты бір-бірінен ажыратуға, оларды бір -бірімен араластырмауға, сөйтіп қылмысты дәрежелегенде қате жібермеуге мүмкіншілік береді.

Қылмыстың жеке құрамдарын зерттегенде, әрбір қылмыстың неге қарсы бағытталғанын, оның қандай мүддені бұзатындығын, кімге немесе неге зиян келтіру мүмкіндігі барлығын анықтау қажет.

Сонымен қатар қылмыс құрамының барлық элементтері бойынша шынайы жағдайларды қылмыстық -құқықтық нормалармен салыстыру керек.

Жалпы ереже бойынша дәрежелеу процесі ең алдымен қылмыстың объектісі мен объективтік жағын анықтау мен басталып, субъектісі мен субъективтік жағын анықтаумен аяқталады.

Барлық жағдайлар қылмыстық заңда қарастырылған қандай да болмасын қылмыс құрамының элементтері мен белгілері сәйкес келгенде ғана қылмыстық іс-әрекет дұрыс дәрежеленген деп табылады. Қылмыстық іс-әрекетті дәрежелеудің қорытындысы, қылмыстық -құқықтық нормаға сәйкес қылмыс құрамы бар деген қорытынды маңызды қылмыстық іс жүргізу құжаттарын, соның ішінде сот үкімі мен айыптау қорытындысында көрсетіледі. Оларда қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартуға және жазалауға мүмкіншілік беретін, қылмыстық- құқықтық нормаларды реттейтін қылмыстық заңның баптарын дәл көрсету жолымен қылмысты дәрежелеу жүреді. Қылмыстық әрекетті дәрежелеудің маңызы ерекше. Қандай-да болмасын қылмыстық іс-әрекетке сәйкес қылмыс құрамын анықтау дәрежелеу жолымен жүзеге асады, онда соңғысы қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартуға, кінә тағу үшін, сотқа беру, жаза тағайындау, я болмаса қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату үшін құқықтық негіз болады. Барлық жағдайлар да қылмысты дұрыс дәрежелеу дегеніміз соттардың, прокурорлық, тергеу және алдын-ала анықтау органдарының жұмыстарының заңдылығын сақтау болып табылады.

Қылмысты дұрыс дәрежелеу ерекше криминологиялық маңызға ие, себебі, соның негізінде қылмыстық қуылымның дұрыстығы анықталып, қылмыстың алдын-алу және ескерту шаралары жасалынады. [6] .

2-Тарау. Қылмыстық құқықтағы кінә мәселесі

2. 1 Кінәнің түсінігі, мазмұны, дәрежесі және көлемі

Қылмыс, қоғамдық қауіпті әрекет бола тұрып, ол - мінез-кұлықтың сыртқы көрінісі (әрекет немесе әрекетсіздік) және олар туғызған объективтік тіршіліктегі өзгерістердің (қылмыстың объективтік жағы) ішкі белгілермен, яғни адамның мінез құлығын туғызатын, реттейтін және бағыттайтын (қылмыстың субъективтік жағы) психикалық процестсрмен тығыз байланысының психофизикалық бірлігі болып табылады. Сонымен кез келген қылмыстық әрекет немссе әрекетсіздік - бұл тек қана дененің қимылы немесе дене кимылының болмауы емес ол адамның сыртқы ортаға, қоғамға, қоғамның өзге де мүшелеріне деген қатынасы деп түсіну керек. Осы қатынас қылмыстың психологиялық мазмұны болып табылады яғни адамның іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарын ұғынуы немссе ұғынбауы, оларға деген срікті қатынасы, қылмысты жасау кезінде субъектінің басшылыққа алған ниеттері, алдына қойған мақсаттары, сол кездегі сезімдері -бұлардың бәрі қылмыстың субъективтік жақтарын кұрайды, яғни қылмыстың субъективтік жағы қылмыстъгң ішкі мәні болып табылады. Сөйтіп, біздің пікірімізше, кінә қылмыстың субъективтік жағына жатады, бірақ өкінішке орай, заң ғылымында кінә мен қылмыстың субъективтік жағының арақатынасы жөніндегі пікірлер әртүрлі. Кейбір авторлар кінә - қылмыстың субъективтік жағы болып табылады, яғни кінәнің мазмұны қылмыстың субъективтік жағының мазмұнымен бара-бар деген ойды қолдайды[7] .

Өзге авторлар қылмыстың субъективтік жағына қасақаналық пен абайсыздық нысанындағы - кінәмен қатар ниет, мақсат, эмоция сияқты өзге де психикалық кезеңдер кіреді деп есептейді[8] . Бұл пікір көптсген қылмыстық кұқық оқулықтарында келтірілген. Мұны қолдаушылар ниет, мақсат және эмоцияны кінәнің мазмұнына кіргізу кінәнің заң жүзіндегі анықтамасының шегін кеңейтіп жібереді[9], ал екіншіден, ниет пен мақсат әрқашанда әшкерелеуге жататын болуы мүмкін емес, сондықтан олар кінәнің түсінгімен қамтылмайды дейді[10] .

Бұл бағыттардың қайсысы дұрыс деген сұраққа нақты жауап беру кінәнің түсінігін терең зерттеуді қажет етеді. 40-50-жылдарда жарық көрген жоғары оқу орындарына арналған оқулықтардың көпшілігінде кінә - адамның өзінің жасаған қылмысына деген қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы психикалық қатынасы ретінде анықталады. Бұл анықтамамен кейбір ғалымдар келіспеді, олардың ойынша кінәға мұндай анықтама беру оның таза формалъды-психологиялық мәнін ғана ашады, ал таптық-саяси мәні ашылмаған.

Кінәнің түсінігі жөніндегі бұл пікірталастардын барысында кінәні қылмысқа байланысты объективті және субъективті белгілерге, қылмысксрдің жеке басына соттың берген бағасы ретінде түсіну теориясың (өзге сөзбсн айтқанда, бұл теория соттың "мен сенің іс-әрекетіне берген бағам сенің кінәң" дегенін білдіретін еді, мұндай теория, әрине, сот әділдігін жұргізгенде көптеген әділетсіз шешім шығаруға әкелетіні сөзсіз) заң ғылымының ғалымдары сол кезде-ақ жоққа шығарды, сөйтіп бұл теория қылмыстық құқық ғылымында мұлдем жойылды. Кінә түсінгіне соңғы нүкте қойғысы келген А. Я. Вышинский, кінә дегеніміз - "қылмысты жасаушы мен жасалған қылмыстың объектісінің арасындағы себепті байланыс" деген пікір айтты[11] . Алайда, жауаптылықтың негізі ретінде себспті байланысты тану кінәні анықтауда біржақтылыққа әкелер еді, қорытындысында - объективті айыптауды жақтау болып табылар еді, сондықтан бұл көзқарас ғалым-криминалистердің тарапынан колдау таппады.

Соңғы жылдары да кінә мәселесі жөнінідегі пікірталастар толастаған жоқ, солардың ішіндегі В. И. Ткаченконың "кінә адамның жасаған қылмысының объективтік белгілеріне деген психикалық қатынасы ретінде анықтауға болар еді" деген пөзициясы назар аударуға түрарлық[12] . Алайда, "Кінәнін қылмыстык-құқықтық түсінгі ойлау процестерінің сипатына ғана сәйкес емес - оған еріктілік компоненті де кіреді, яғни "кінә- . . . процесс, ал процестің өтуі кезінде қауіпті әрекетті жасауға шешім қабылданады"[13] .

Кінәнің қылмыстық-құқықтық принципіне және зандық анықтамасына сәйкес, кінә - қылмысты әрекетгің немесе әрекетсіздіктің ажырамайтын бөлігі және кез келген қылмыс құрамының міндетті белгісі. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 19, 22- және өзге де баптарында, өзге нормативті актілерінде аталғанмен, бұлардың ешқайсысында кінәнің анықтамасы жоқ. Сондықтан жауаптылыққа тартудағы субъективтік қабілеттілікте кінәнің маңызы мен мәнін есепке ала отырып заңға кінәнің түсінгінің анықтамасын енгізуге болар еді . . .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мамандықтың пәндер каталогы
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
«Қылмыстық атқару-құқығы» пәнінен лекциялар
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жалпы ұғымы
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қылмыстық құқық
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
«ҚР қылмыстық-атқару құқығы» пәнінен лекциялар
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz