Құқық қорғау органы – Сот жүйесі



І .Кіріспе;
ІІ. Негізігі бөлім;
А) Қазақстан Республикасының соттары;
Ә) Сот жүйесінің негізгі және орта буыны;
ІІІ. Қорытынды;
ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақстанның 1995 жылғы 30 тамыздағы Конститутциясының 30- бабы мемлекеттік биліктің біртұтастығын және оның заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлінуін , сондай – ақ тежемелік әрі тепе – теңдік жүйесін пайдалана отырып, олардың өзара іс – қимыл жасауын бекітіп берді. Сол сәттен бастап сот билігін нығайту процессі шынайы көрініс таба бастады. Бұл тәуелсіз судьялар корпусының тәуелсіз болуына жағдай жасаудан, судьялар мен соттардың материялдық қамтамасыз етілуін арттырудан, сотты сыйламағаны үшін жауапкершілік белгілеуден, сот өкілеттігін айтарлықтай кеңейтуден айқын байқалды. Әсіресе азаматтардың конститутциялық құқығы мен бостандығы шектеу қаупі бар жағдайларда, қылмыстарды іздестірумен және ашумен шұғылдануға жұмылдырылған құқық қорғау органдары әрекеттерінің заңдылығы мен негізділігін бақылауға соттар біртіндеп өкілеттік алуда. Мәселен, тұтқынға алу және күзетпен ұстау сотқа шағымдану мүмкін.
Сот билігі деп соттар жүзеге асратын адамдардың мінез – құлқына және әлеуметтік процестерге ықпал ету мүмкіндігі мен қабілетін айтамыз.
1. Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2003 жыл
2. Бақулов «Құқық негізі» 2004 жыл
3. Ашитов «Қазақстан Республикасының құқық негізі» 2003 жыл
4. Табанов «Салыстырмалы құқық негізі»
5. Дулатбеков «Мемлекет және құқық негізі» 2001 жыл
6. Жоламанов, Мұхтаров «Мемлекет және құқық теориясы» жыл

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазақстанның 1995 жылғы 30 тамыздағы Конститутциясының 30- бабы
мемлекеттік биліктің біртұтастығын және оның заң шығарушы, атқарушы және
сот билігі тармақтарына бөлінуін , сондай – ақ тежемелік әрі тепе – теңдік
жүйесін пайдалана отырып, олардың өзара іс – қимыл жасауын бекітіп берді.
Сол сәттен бастап сот билігін нығайту процессі шынайы көрініс таба бастады.
Бұл тәуелсіз судьялар корпусының тәуелсіз болуына жағдай жасаудан,
судьялар мен соттардың материялдық қамтамасыз етілуін арттырудан, сотты
сыйламағаны үшін жауапкершілік белгілеуден, сот өкілеттігін айтарлықтай
кеңейтуден айқын байқалды. Әсіресе азаматтардың конститутциялық құқығы мен
бостандығы шектеу қаупі бар жағдайларда, қылмыстарды іздестірумен және
ашумен шұғылдануға жұмылдырылған құқық қорғау органдары әрекеттерінің
заңдылығы мен негізділігін бақылауға соттар біртіндеп өкілеттік алуда.
Мәселен, тұтқынға алу және күзетпен ұстау сотқа шағымдану мүмкін.
Сот билігі деп соттар жүзеге асратын адамдардың мінез – құлқына және
әлеуметтік процестерге ықпал ету мүмкіндігі мен қабілетін айтамыз.
Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның
мақсат – міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен
заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конститутциясының заңдарының өзге де
нормативтік –құқықтық актілерінің халықаралық шарттарының орындалуын
қамтамасыз ету. Ол осылардың негізінде туындайтын барлық істер мен
дауларға қатысты болады.
Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының республиканың
бүкіл аумағында міндетті күші болады, оларды орындамау, сол сияқты сотты
сыйламаудың өзге де көріністері заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады.
( Конститутцияның 76 бабы).
Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық қылмыстық және заңмен
белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады (
Конститутцияның 76-бабы,заңның 1- бабы) Сот билігінің Қазақстандағы иелері
құқық қорғау органдары пирамидасының жоғарғы сатысын айғақтайтын соттар
болып саналады.
Құқық қорғау қызметінің жүйесінде сот төрелігі орталық орын алады. Оны
соттар мемлекеттік мәжбүрлеу шаралар қолдана отырып және заңда белгіленген
тәртіп пен рәсімді сақтай отрып, қылмыстық, азаматтық және өзге де істерді
қарау мен шешу жөніндегі құқық қорғау қызметі деп түсіну керек.
Сот төрелігі конститутциялық принцептерге – сот қызметін ұйымдастырудың
және реттеудің мәні мен мазмұнын анықтайтын жалпы басшылық идеялары мен
ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Оған құқық қорғау қызметінің барлық жалпы принцептері жатады.
Бұған қоса , оның тек қана өзіне тән сапалары бар, мәселен:
1. Сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады .
( Қазақстан Республикасының Конститутциясы 75-бабының 1 тармағы) Ол
мыналардан көрініс табады:
соттардың айрықша юрисдикциясына жатқызылған істерді ешқандай басқа
органда қарай алмайды;
соттардың айрықша юрисдикциясының аясын, сот ісін жүргізуді жүзеге
асырудың тәртібін заң белгілейді және оны ешкім өз бетінше өзгерте алмайды:
қандай да бір атаумен төтенше немесе арнаулы соттарды құруға жол
берілмейді;
адамды қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп табуға тек соттын ғана құқығы
бар;
қылмыстық жаза тағайындауға тек соттың ғана құқығы бар;
сот қаулыларын тек жоғары тұрған сот қана белгіленген тәртіп бойынша
бұзуы мүмкін.
2. Судья сот төрелігін жүзеге асру кезінде тәуелсіз және Конститутция
мен заңға ғана бағынады. ( Қазақстан Республикасы 77 – бабының, 1 және
2 тармақтары). Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне
қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша
жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп
бермейді. Бұл принцептің мәні сотқа бөгде біреулердің араласуынсыз,
қандай да бір қысымсыз немесе өзге де сырттан жасалатын ықпалсыз өз
бетінше жауапты шешімдер қабылдауға шынайы мүмкіндік беретіндей жағдай
туғызуға ұмтылу болып табылады.
3. Сот төрелігі тараптардың тартысы және тең құықтылығы негізінде
жүзеге асырылады. Қылмыстық қудалау, қорғау және қылмыстық істі сот
арқылы шешу бір – бірінен бөлінген және әр түрлі органдар мен
лауазымды адамдар арқылы жүзеге асырылады. Мұның азаматтық процестерге
тараптарға да бірдей қатысы бар. Сол құқық мүддесінен басқа
біреулердің сойылын соқпайды және қандай да бір мүдделерді қолдамайды.
Ол әділдік пен алалықсыз қағиданы сақтай отырып, тараптардың
процесуалдық міндеттерін орындауына және өздеріне берілген құқықтарын
жүзеге асрылуына жағдай жасайды. Тараптарға өз көзқарастарын
қорғайтындай бірдей мүмкіндіктер берілген. Олар дәлелдер
тапсыру,қолдаухат беру, наразылық білдіру, дәлелдерді тексеруге қатысу
және сотта сөз сөйлеу жөнінде бірдей құқықтарды пайдаланады. Сот
олардың бірінші және наразылық шағымы, сот үкімін бұзу инстанциясы
бойынша қаралатын істерге қатысу құқығын қамтамасыз етеді.
4. Қылмыстық істер бойынша да, азаматтық істер бойынша да сот төрелігі
сот актілерін қайта қарау мүмкіндігіне жол береді. Сот үкімі мен
апелляциялық қадағалау тәртібімен немесе жаңадан ашылған айғақтар
бойынша шағым берілуі және наразылық келтіруі мүмкін.
5. Барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар
мен азаматтар үшін сот төрелігі актісінің міндетті күші бар. Заңды
күшіне енген сот қаулылары Қазақстан Республикасының барлық аумағында
орындалуы тиіс.
6. Сот төрелігі жүзеге асыруда судья мынандай ережелерді басшылыққа
алады:
• сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы:
• бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан
қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды.
• Қылмыстық заңды ұқсастығына қарап қолдана беруіне жол
берілмейді.
7. Сот төрелігінің кінәсіздік презумпиясы принцепін ерекше атап өту
керек. Оның мәні кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен
танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Қазақстан Республикасының соттары
Өздерінің құзіретіне және алдына қойылған мақсаттарына сәйкес , орналасақан
соттар жиынтығы сот жүйесін құрады. Қазақстан Республикасы 75 – бабының 3
және 4 тармақтарына және Қазақстан Респпубликасының сот жүйесі мен
судьялардың мәртебесі туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы заңнын 3- бабына
сәйкес республикадағы сот жүйесін Жоғары сот және жергілікті соттар
құрайды.
Жергілікті соттарға жататындар:
1) Облыстық және соған теңестірілген соттар
2) Аудандық соттар, біріккен күштердің әскери соттар;
Ешқандай орган, лауазымды немесе өзге адам сот міндетін мойына алуға хақысы
жоқ. Қандай да бір атаумен арнаулы төтенше соттарды құруға жол берілмейді.
Республикада сотардың мамандандырылуы және осы мақсатпен :
экономикалық, салықтық, әкімшілік және өзге де мамандандырылған соттардың
құрылуы мүмкін.
Сот жүйесі мынандай тұтастықты сипаттайды:
• Сот төрелігінің конститутциялық принцептері;
• заңдарда бекітілген сот ісін жүргізу нысандарында сот
билігін жүзеге асыру;
• соттардың бірыңғай заңдарды қолдануы;
• соттар құрудың тәртібі;
• заңды күшіне енген сот шешімдерінің бүкіл Республика
аумағында орындалу жүйесі;
Сот жүйесін шартты түрде үш буынға бөлуге болады:
1) негізгі (аудандық,қалалық,құрамалар,әскери соттар;)
2) орта ( облыстық, республикалық маңызы бар қалалық
соттар);
3) жоғары ( Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты);
Сот буыны ұғымынан айыра қарауды қажет ететін сот инстанциясы ұғымы да бар.
Сот жүйесінің буындары ұйымдық құрылым принцептерін сипаттайды, ал сот
инстанциялары шешілетін міндеттердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық қорғау органдарының қызметі
Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ҚР-ның құқық қорғау органдары
Мелекеттік билік органдарға жататындар
Құқық қорғау қызметі туралы
Мемлекеттік механизм
Мемлекеттiң механизмi оның анықтамасы және түсiнiгi
Қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымы мен оның құқық жүйесіндегі орны
Сот немесе құқық қорғау органдары
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің жүйесі
Мемлекет механизмі және мемлекеттік аппараты. Қазақстан Республикасының Үкiметi
Пәндер