Қылмыстық құқықтық пәні


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

  1. Қылмыстық құқықтық пәні, түсінігі. Қылмыстық құқықтың міндеттері
  2. Денсаулыққа қарсы қылмыстар, қасақана ауыр қылмыстар жалпы сипаттамасы және түрлері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Әрбір жеке адамның денсаулығы - адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Адам денсаулығы - оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі - жалпы мемлекеттің, қоғамның әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек. Қазіргі кезде мемлекетімізде Қазақстан республикасының конститутциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдармалар әзірленген, Қазақстан республикасы Конститутциясының Адам және азамат бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, Қазақстан республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

Денсаулық дегеніміз-адам ағзасының дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі. Яғни адам ағзасының әрбір органы, әрбір мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір қызметті атқаруы. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі - бұл қылмыстарды жасаған кезде бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қауіпті іс - әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады. Мысалы, адам денсаулығына зиян келуі-оның міндетті әскери қызметке шақырылуына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ақ әскери немесе басқа да арнайы қызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау тек жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туысқандары үшін де үлкен залал. Жәбірленушінің денсаулығына зиян келу салдарынан оның жақын туысқандарына да белгілі бір көлемде материалдық немесе моральдық залал келуі мүмкін. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзінді, оның еңбекке, қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бермейді. Адам денсаулығы-адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылатындығы сондықтан. Қазақстан республикасының қылмыстық кодекісінде адам денсаулығына қарсы қылмысқа қандай қылмыстар жататындығы нақты көрсетілген. Адам денсаулығы-адам өмірінің негізгі қуанышы.

Криминологиялық тәсіл қылмыстың себептері мен жағдайларын, қылмыс жасаған адамның мінездемесінің ерекшеліктерін, қылмыстық әрекеттің әлеуметтік салдарын анықтауға бағытталған.

Қылмыстық құқықтың пәні, түсінігі қылмыстық құқықтың міндеттері.

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекеті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.

Мұндай реттеу 3 түрлі жолмен жүзеге асырылады.

  1. Қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу.
  2. Қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс - әрекеттерді істеуге тыйым салынған қоғамдық қатынастар реттеледі.
  3. Қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтіргенде олардын адам қорғауға байланысты қатынастарын ретке келтіреді.

Қылмыстық құқық - бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пәні болып табылады. Осы ұғымдардын бәрінің жиынтығы қосылып қылмыстық құқық құрса деген түсінікті береді. Басқа құқық саласы сияқты қылмыстық құқықтында негізгі болса-Қазақстан Республикасының конституциясы.

Қылмыстық құқық нормалары мазмұнына қарай 2 түрлі қызметті жүзеге асырады.

  1. Қылмыстық құқықтың жалпы ережелерін, принциптері мен институттарымен белгілеу арқылы негізгі екі ұғым- қылмыс пен жазаны анықтайды. Бұл нормалар Қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінің мазмұнын құрайды.
  2. Нормалар қоғамға қауіпті әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жататын белгілерін, шеңберін және оны істегені үшін тағайындайтын жазамен түрлері мен шегін белгілейуі. Мұндай нормалар қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінін мазмұны құрайды.

Қылмыстық Кодекстің 2 бабына с/с қылмыстық заңдардың міндеттері

болып:

  1. Адам мен азаматтын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен занды мұдделерін қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, ҚР Конституциялық құрылысы мен аумақтың тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатың мүдделерін қылмыстық қол сұғышылықтан қорғау бейбітшілік пен азаматтың қауіпсіздігін қорғау, с/қ қылмыстардың алдын алу болып табылады.
  2. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгілінеді жеке адам қоғам немесе мемлекет үшін қаупі қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзгеде қылмыстық құқық ықпал ету нормаларын белгіленді делінген. Қылмыстық занның басты міндеттерің бірі қылмыстың сақтандыру болып табылады.

Қылмыстық құқық жалпы және арнаулы сақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жалпы сақтандыру-қылмыстық заң арқылы кез келген қылмысты істеуге тиім салу, қылмысты істеген адамдарға әділ жаза тағайындауда белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Арнаулы сақтандыру қылмыстық заң тйым салған әрекет пен әрекетсіздікті істеген адамға қылмыстық құқықтық нормалар арқылы белгіленген тиісті ықпал ету шараларын қолдану ретімен іске асырылады.

Қылмыстық құқыққа сондай ақ тәрбиелік функция тән. Қажетті қылмыстық заңдардың болуы, оның іс жүзінде әділ қолдануы, азаматтардың, олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, қылмысты істеген адамның лайықтық қылмыстық жауаптылыққа тартылуы азаматтарды заңды құрметтеуге тәрбиелетуі және олардың заңға деген сенімділігін арттырады. Қылмыстық құқық өзінің алға қойған қорғаушылық, сақтандырушылық және тәрбиелік міндеттерін тек қана белгілі бір қылмыстық -құқықтық принциптерді сақтау арқылы ғана жүзеге асыра алады. Қылмыстық-құқықтық принциптер заң шығарушыға, ғылымға, құқық қорғау және қолдану органдары мен азаматтарға қылмыспен қарсы күрес жүргізу саласындағы қажетті, негізгі және міндетті ережелердің көрінісі болып табылады.

Заңдылық қағидасы Парламент немесе Президент қабылдаған қылмыстық заңнын құқық қолдану тәжірибесінде де заң нормаларын қабылдау саласында да, сөз жоқ үстемдік ету арқылы көрініс табады. Бұл көрініс бірнеше құқықтық талаптардын жиынтығынан құралады. Оның біріншісі республика қылмыстық қодексінің халқаралық қылмыстық құқықтың жұрт тасыған принциптері мен нормалары басшылыққа алуы болып табылады.

Қазақстан республикасы конституциясының 4-бабынаң үшінші тармағында республика бекіткен халықаралық шорттардың республика зандарынан басымдылығы болады деп көрсетілген. Тәуелсіз Қазақстан республикасы осындай халықаралық құқық нормаларын қастерлетуі және осындай халықаралық шорттар республикада бекітілген уақыттан бастап басшылыққа алмады. Заңдылық қағиданың екінші бір талабы- қылмыстық заңнын Конституциялық заңға негізделді болып табылады. Конституцияда көрсетілген негізгі ережелерді қылмыстық заң сөзсіз басшылыққа алды тиіс өйткені Конституциянын ең жоғары заңдық күші бар және республиканын бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады (4 бап-2 тарнақ) мыс. Конституциянын 15 бабынын 2 тармағында алған жазасы ерекше ауыр қылмыс жасаған үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді делінген. 17 бап адамнын қадір- касиетіне қол сұғылмайтыны, ал 16 бапта әркімнін жеке басымен бостандығына құқығы бар екендігі көрсетілген. Қылмыстың көптеген баптары осы конституциялық заңдарға негізділіп қабылданған.

Денсаулыққа қарсы қылмыстар, қасақана ауыр қылмыстар жалпы сипаттамасы және түрлері.

Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі-бұл қылмыстарда жасаған кезде, бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни (өмірі) кінәлы қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен қоғам алдыңдағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады. Мысалы: адам денсаулығына зиян келуі-оның міндетті әскери қызметке шақырылуына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ақ әскери немесе басқада арнайы қызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау-тек жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туысқандарына да белгілі бір көлемде материалдық немесе моральдық залал келуі мүмкін. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсеңді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы-адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады.

Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстарды топтастырайық. Қазақстан республикасының қылмыстық кодексінде адам денсаулығына қарсы қылмысқа қандай қылмыстар жататыны нақты көрсетілген. Сонымен адам денсаулығына қарсы қылмыстарға мыналар жатады:

  1. денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап) ; 2) денсаулыққа қасақана орташа (104-бап) ; 3) денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап) ; 4) ұрып-соғу (106-бап) ; 5) азаптау (107-бап) ; 6) денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап) ; 7) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап) ; 8) қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап) ; 9) денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап) ; 10) қорқыту (112-бап) ; 11) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын, тінін алуға мәжбүр ету (113-бап) ; 12) медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап) ; 13) соз ауруларын жұқтыру (115-бап) ; 14) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру. (116-бап) ; 15) заңсыз аборт жасау (117-баптың 4-тармағы) ; 16) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап) ; 17) қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап) .

Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың обьектісін, обьективтік жағын, субьектісін, субьективтік жағын жеке-жеке талдайық. Дене жарақатының обьектісі-бөгде адамның қалыпты денсаулығы болып табылады. Адам денсаулығына қарсы қылмыстардың обьективтік жағы басқа адамның денсаулығына, құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктер арқылы зиян келтірумен көрініс табады. Көбінесе дене жарақаты әрекет арқылы жасалынады. Кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына әр түрлі жолдармен, атап айтсақ, механикалық әсер ету арқылы (мүшелерге зақым келтіру), химиялық жол арқылы (улау, қышқылмен күйдіру), электрлік жолмен, (токпен ұру), термиялық әсер ету (ағзаға инфекциялы ауруларды жұқтыру) арқылы, сонымен қатар психикалық әсер ету арқылы (гипноз) және басқа да тәсілдер арқылы дене жарақатын келтіреді. Әрекетсіздік арқылы да дене жарақаты келтірілуі мүмкін, егерде белгілі бір адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса.

Кейбір кездері дене жарақатын келтіру қылмыстық жауаптылықтан босатылуға негіз болып табылады, егер бұл жарақат мәжбүрлік қажеттілік жағдайында, яғни емдеу мақсатында болса. Мысалы, егер жәбірленуші өзінің ағзасына хирургиялық операциялар жүргізуге келісімін берсе, онда хирургтер осы хирургиялық операциялардан туындайтын белгілі бір зардаптарға жауап бермейді, себебі жәбірленуші хирургиялық операциялардан туатын салдарға қарсы болмайды. Дене жарақатын келтіру спорт жарыстары кезінде де орын алуы мүмкін. Спорттың нақты түріне қатысты жалпы ережені сақтамау салдарынан туған дене жарақаты денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде сараланады. Мысалы, футбол кезінде футбол ережесін өрескел бұзған кінәлі бөгде адамға дене жарақатын келтірсе, онда оның әрекеті денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде танылады.

Дене жарақатын келтірудің субьективтік жағы 2 нысаннан тұрады:

1. Қасақана (тікелей және жанама), 2) абайсызда (пинмендік және немқұрайдылық) . Тікелей қасақана дене жарақатын келтіру бір адамның екінші бір адамға дене жарақатын келтіруді тілеп, алдын ала ойластырып, жоспарлы түрде мақсаттар жасауы, ал жанама қасақаналықта кінәлі сондай зардаптың болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді. Абайсыздық нысананың өзінде сенімділік түрде кінәлі өзінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен туатын салдардың, яғни дене жарақатының болуын көре алады, бірақ ол салдар бола қоймас-ау деген өзіне сенімділік ниетте болады, немқұрайдылық түрінде адам дене жарақатының болатынын көре алмайды, бірақ көруге тиісті болатын.

Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың субьектілері туралы мәселеге тоқталайық . Қазақстан республикасының қылмыстық кодексінің 15-бабының 2-тармағында көрсетілген дене жарақатын салумен байланысты мына қылмыстарды жасаған есі дұрыс субьектілер үшін 14-жас белгіленеді:

1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап) : 2) ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіру (104-баптың 2-тармағы) .

Ал мына дене жарақаттарын салғаны үшін заң бойынша есі дұрыс субьектілер үшін 16 жас белгіленеді: 1) Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап) ; 2) ұрып-соғу (106-бап) ; 3) азаптау (107-бап) ; 4) денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап) ; 5) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап) ; 6) қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап) ; 7) денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап) ; 8) қорқыту (112-бап) ; 9) соз ауруларын жұқтыру (115-бап) ; 10) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру (116-бап) ; 11) заңсыз аборт жасау (117-бап) ; 12) қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап) ;

Ал мына төмендегі дене жарақаттарын салумен байланысты қылмыстарды жасаған есі дұрыс арнаулы субьектілер заң бойынша жауапкершілікке тартылады: 1) заңсыз аборт жасау (117-бап) : 2) медицина қызметкерінің өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап) : 3) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету (113-бап) : 4) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап) . Осы жоғарыдағылардан айқын болғандай кейбір дене жарақатын салған есі дұрыс субьектілер үшін 14-жас, ал кейбір субьектілер үшін 16-жас.

Қылмыстық кодексте денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендік үшін ауырлататын мән-жайларсыз (КК-тің 103-бабының 1-бөлігі) ауырлататын мән-жайларда (КК-тің 103-бабының 2, 3-бөліктері) және жеңілдететін мән-жайларда (КК-тің 108-бабының 2-тармағы, 109-бабы, 110-бабы) жауаптылық көзделген. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың ең қауіптісі КК-тің 103-бабында көзделген қылмыс-денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық - атқару құқығының түсінігі
Қылмыстық заң, қылмыс пен жаза қылмыстық құқықтың негізгі ұғымы
Мамандықтың пәндер каталогы
Қылмыстық құқық жүйесі
Қылмыстарды алдын ала тергеу сатысы
Қазақстан Республикасының қылмыстық - атқару құқығы
Қылмыстық - атқару құқығы ғылымы
Қылмыстық процесте кепіл бұлтартпау шарасын қолданудың теориялық және практикалық мәселелері
Қылмысты объекті бойынша саралау
Қылмыстық құқық міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz