Адам және саясат туралы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

АДАМ ЖӘНЕ САЯСАТ

Қарапайым демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылы жасалады. Себебі, әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс-әрекетінен тұрады. Сондықтан, саясаттың бас сүбъектісі адам деп аламыз. Адамдарды саяси жұмысқа итермелейтін негізгі себеп - мұқтаждық пен мүдде. Мұқтаждыққа өмірде керек, бірақ қолда жоқ зәрулік жатады. Ол табмғм және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи зәрулікке тамақ ішу, киім кию, баспана және т. с. с мұқтаждықтар жатады. Әлеуметтік мұқтаждық қоғамда пайда болады. Оған еңбек ету, басқа адамдармен қатынаста болу, қоғамдық өмірге араласу және т. б. қажеттіліктер кіреді. Мұқтаждықты адам сезініп, оны өтеуге тырысса, ол - мүддеге айналады.

Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуының жан-жақты маңызы бар. Мұндай қатынас арқылы адамның барлық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалады. Азаматтық қоғам мен саяси институттар арасында тығыз байланыс орнайды.

Саясатпен кәсіби айналыспайтын «орташа адам саясаттың толық субъектісі болуы үшін ол әлеуметтік мұқтаждықтар мен мүддені, ондағы қайшылықтардың неден туғанын және оларды жою жолдарынөз басының пайдасы әлеуметтік мүдденің мүмкіншілігімен қаншалықты сәйкес келетінін білу керек. Сонымен қатар ол саяси «ойындардың» ережелері мен тетіктерінен хабары болуы керек.

ҚОҒАМ ЖӘНЕ САЯСАТ

Саясат социологиясы - саяси қатынастарды, саяси институттар іс-әрекетін зерттейтін әлеуметтанудың саласы, саяси құбылыстар мен процестерді зерттеудің теориялық негізі. Күнделікті өмірде саясат туралы көптеген сөз тізбегі қолданылады. Олар коғам саясаты, экономикалық, мемлекегтік, партиялық саясат, нарықтык, рухани, діни, халыкаралык саясат, т. б. Демек, қоғам көлемінде сан алуан саясаттар іске асырылады екен, ал осы саясатгарды қоғамда жүргізетін адам жай адам ғана емес, әлеуметтік мүддені, материалдық және рухани құндылыктарды билік аркылы белетін, өзара қатынаста болатын адамдар. Олай болса адамдардың әлеуметгік бірлігі, нақтылы адамның саяси өмірі белгілі қоғамдык. салада өзара байланыстылықта өтеді. Олардын нәтижесі - мүддені, адамның іс-әрекетін материалдандыру. Сонымен қатар саяси сала қоғамның дамуы мен өмір сүруінің факторы есебінде коғамдық және саяси өмірдің процестеріне де әсер етеді.

Саяси сала адам іс-әрекетінің шартты, дербес, көп қырлы және күрделі саласы. Ол саяси билік қатынасының мына түрлерін қамтиды - зандылық, аткарушылық және соттық. Саяси сала қоғамдық өмірдің және оның дамуының қозғаушы күшінің бірі. Бірақ оның ерекше саяси мазмұны мен формасы бар. Саяси билікті анықтау және қайта бөлу адамдардың әлеуметтік бірлігін іске асырудың нақтылы механизмін табуға негізделеді. Саяси саланың, басқа да салалардың өзара қарым-қатынасының мазмұнын анықтау көп жағдайда байланысты. Сондықтан саяси режим және саяси сала іштей өзара байланысты құбылыс. Саяси режим - саяси және қоғамдық өмірді ұйымдастырудың және оның өмір сүруінің тәсілі. Мәселен, тоталитарлық саяси режим коғамдық өмірді күштеп реттеумен, қысым көрсетумен, қоғам мен жеке адамды мемлекеттің жұтуымен, коғамдық сананың саяси билікке бағынуымен, халыкты саяси биліктен, меншіктен, жалпы адамзаттық мәдениеттен ажырату мен сипатталады. Біз 70 жылдан астам уақыт осындай режимде өмір сүрдік.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік өкімет билігі оның заң шығару, аткару және сот билігіне бөлу принципіне негізделген. Соған сәйкес мемлекеттік органдар өз өкілеттігі ауқымында іс-әрекет жасайды.

Әлемнің өркениетті елдеріндегі өмір тәжірибесі коғамның саяси жүйесінің тұрақты өмір сүруі үшін билікті ажырату кажеттігін көрсетті. Биліктің әр саласы занда көрсетілген тиісті қызметін нақтылы атқаруы керек, сонымен катар дербес, баска биліктерді толықтырушы, екінші жағынан олардың қызметінің занда көрсетілген дәрежесінен ауытқымауын қадағалаушы да болуы керек. Адам тумысынан анархист, монархист, либерал болмайды. Мүндай мінез-кұлықтар адамда жүре-бара қалыптасады.

Адамның саяси көзқарасы оның қандай ортада өскендігіне тікелей байланысты. Оның саяси көзқарасына әсер ететін факторларды екі кезеңге бөлеміз.

Бірінші кезеңге адамға бала кезінде ете зор әсер ететін ортаны - отбасын, ойнайтын достарын, мектепті жатқызуға болады. Қазіргі мектептерде авторитарлық тәртіп басым. Еліміздің атақты адамдары, олардың балалық шактары, елдін тәуелсіздігі туралы, баска да оқиғалар мәтін аркылы оқытылады. Біздің мемлекеттік кұрылысымыз (ол қандай болса да), оның басшылары, жеке адамдар мадақталатын әндерді айтып, өлеңдерді оқушылар жаттайды. Мектептерде әсіресе сыныптарда билік иелерінің атына сын айтылуы мүмкін емес. Мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде билік қатынасы диалог тұрғысында емес, жалпыға бірдей қатаң орныкқан тәртіп түрінде әтіледі.

Мектептің езінде билікті бөлісу үлгісін оқушылар міндетті, кажетті деп қабылдайды, солай болуы да тиіс. Ал бұл қатынас мемлекет құрылымы туралы болашақтағы көзқарасты да қалыптастырады.

Бұл кезенде саяси әлеуметтенуге әсер ететін факторлар - құрбы-құрдастары, коғамдық ұйымдар, бұқаралық акпарат кұралдары.

Екінші кезенде саяси әлеуметтенудің факторлары өзгереді. Бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік орта басты орын алады. Теледидар және радио арқылы берілетін хабарлар алғашкы және шындық, ретінде қабылданады.

Саяси әлеуметтенуде маңызды орын алатын фактор тікелей қоршаған әлеуметтік орта: оқудағы, жұмыстағы сыбайластар, жақын туысқандар, т. б. Шығармашылык интеллигенция ортасы маңызды рөл атқарады. Еңбексүйгіш, тәртіпті, үлкенге, отбасына ізетті адамдармен қатынаста болудың да үлкен манызы бар.

Арнайы социология

Арнайы социология - тұтас қоғамның және әлеуметтік процестердің белгілі дәрежеде тәуелсіз, өзіндік жүйелерін зерттейтін социология ғылымының дербес салаларының жиынтық атауы. А. с. тұжырымын алғаш рет америкалық социолог Р. Мертон енгізген. Мақсаты - социол. білімнің эмпирикалық (қолданбалы) және теориялық бөлімдері арасындағы ерекше, белгілі дәрежеде тәуелсіз жүйелерін зерттеу. Әрбір әлеум. теория әр түрлі әлеум. қоғамдар мен салаларды, ин-ттар мен процестерді, олардың жалпы және өзіндік байланыстарын, сипаттарын, пайда болу жағдайларын қарастырады. Қазіргі социол-да арнайы әлеум. -психол. зерттеу салаларының бірнеше топтары пайда болған: 1) . адамның негізгі қызмет ету формалары мен түрлерін зерттейтін салалар (бос уақыт социологиясы, еңбек социологиясы, тұрмыс социологиясы т. б. ) ; 2) . социология және гуманитарлық ғылымдар шекарасында қалыптасқан салалар (құқық социологиясы, экон. социологиясы, саясат социологиясы, мәдениет социологиясы, дін соцоилогиясы т. б. ) ; 3) . қоғамның әлеум. құрылысын, құрамдас бөліктерін және өзара қатынастарын зерттейтін салалар (әлеум. топтар теориясы, қала социологиясы, ауыл социологиясы т. б. ) ; 4) . әлеум. ин-ттар қызметін зерттейтін салалар (басқару социологиясы, отбасы социологиясы, білім беру социологиясы, ғылым социологиясы т. б. ) ; 5) . Кертартпа әдет пен мінез-құлықты зерттейтін салалар.

Жастар социологиясы

Жастар социологиясы - жастар әлеуметтік топтарының әлеуметтік сана сезімі мен мінез - құлқын, жастар әлеуметтануы үрдісін, аға ұрпақтармен қарым - қатынастарын, қоғамдық түйінді мәселелерді шешу ролі мен орнын зерттейтін ғылыми сала. Жастар социологиясы жеке ғылыми сала ретінде 1970жылы Варна қаласында өткен Халықаралық әлеуметтанушылық конгресте мойындалды. Бұд осы салада теориялық та, қолданбалы-тәжірибелік те мазмұндағы ақпараттар көп жиналғанын көрсетті. Жастар әлеуметтік мәселелері әлемдік әлеуметтану ғылымының ең белсенді зерттеліп жатырған бағыттарының негізгісі болып табылады. Бұған 1960 жылы кеиін бірқатар елдерде орын алған бұқаралық жастар шерулері үлкен әсер еттік. Социологиялық ғылыми зертттеу бағыттары жастар қозғалыстары, жастар субмәдениеті, жастардың еңбек және қоғамдық белсенділігі, жастардың тәуелсіз еңбек жолына түсуі, құндылықтық танымдардағы өзгерістер, жастардың бейрәсми бірлестіктері, жастар әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктері және т. б. көптеген мәселелерді қамтиды. Жастардың негізгі мәселелерін зерттеумен Л. Розенмайер, К. Штарке, Э. Гидденс сияқты белгілі социологтар айналысты.

Жастар социологиясы көптеген арнайы социологиялық теориялармен тығыз байланыста дамиды. Көптеген әлеуметтік мәселелер жастар социологиясының дамуына үлкен әсер етті. Әлеуметтік ғылымда жастар өзекті мәселелері бүкіл қоғамның негізгі құрылымдық өзгерістерімен байланыстағы ерекше әлеуметтік топ ретінде зерттеледі. Қазақстандық жастар мәселелері бүкіл әлемде жүріп жатырған ғаламдастыру, урбанизация, ұлттардың қартайуы, дуниеге бала әкелудің кемуі мәселелерімен байланысты.

Социология негізін салушы Эмиль Дюркгейм

Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (158-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардың арқасында оның негізгі туындыларына « Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы», « Өзіне -өзі қол салу», «Әлеуметтанулық әдістің ережелері», «Діни өмірдің қарапайым формалары» жатады. Э. Дюркгейм қоғамдық өмірде болатын құбылыстарды индивидуалдық және психологиялық тұрғыдан түсіндіруге қарсы шықты. Бұл көзқарастар бойынша адамның мінез-құлқы мен жалпы тарихи процесті саналы түрде ұғыну, психологиялық факторлар, яғни адамдардың әуестігі, талаптануы және мүдделері негізгі рөл атқарады. Ол өзінің әлеуметтік реализм теориясында қоғамдық құбылыстардың табиғатын әлеуметтік факторлармен түсіндіру керек деп пайымдайды, индивидтердің, әлеуметік топтардың және әлеуметтік институттардың өзара әрекет ету жүйесі ретінде қоғам адамдардың мінез-құлқына, олардың сан салалы қызметіне талдау жасаудың түп-төркіні, бастауы болады деп санады. Мұнда әлеуметтік орта үлкен рөл атқарады. Дюркгеймнің әлеуметтік реализм көзқарасының негізгі ережелері осылар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әйелдердің саясаттағы рөлі
Қылмыстық саясат
Саясаттану пәні - әрі ғылым, әрі өнер ретінде
Құқық және саясат
Қазақстандағы гендерлік саясат ұғымы
САЯСАТТАНУ, ОНЫҢ ПӘНІ, ӘДІСІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
Жалпы ақпараттық саясат туралы түсінік
Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат
Қылмыстық құқық бұзушылықтан сақтандыру - қылмыстық саясаттың құрамдас бөлігі
Саясат тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz