Қаржы шоты


ҚАРЖЫ ШОТЫ
Қаржы шотынын оң жағында ресурс бөлігінде қаржы мшдеттемелерш қабылдауға байланысты операциялар, ал сол жағында пайдалану бөлігіне қаржы активтерін сатып алуға байланысты операциялар тіркеледі.
Қаржы шотында қаржы активтері мен міндеттемелерінің өздері емес, олардың есепті мерзімдегі өзгерістері көр-сетіледі. Кейбір операциялар шоттың екі бөлігіндегі статья-ларды өзгертеді. Мысалы, ресурс бөлігіндегі қарыз алу және несие статьясы пайдалану бөлігіндегі депозиттер статьясын өзгертеді. Ал кейбір операциялар шоттың тек бір бөлігіндегі көрсеткіштерді өзгертеді. Мысалы, шоттың пайдалану бөлі-гіндегі қарыз беру және несие статьясы осы бөліктегі депо-зитті азайтады. Шоттың үлгісі 15-кестеде көрсетілген.
15-кесте Қаржы шоты
Қаржы шотында мынадай 7 қаржы құралы болады:
1. Монетарлық алтын және қарыз алудың арнайы құқығы.
2. Қолма-қол ақша және депозиттер.
3. Акциялар. 4. Акциялардан басқа бағалы қағаздар.
5. Қарыздар.
6. Сақтандыру ұйымдарының техникалық резервтері.
7. Басқа кредиторлық/дебиторлық қарыздар. Монетарлық алтын және қарыз алудың арнайы құқынан
басқа статьялар шоттын екі бөлігінде де кездеседі.
Монетарлық алтын деп ақша-несие жүйесіндегі же-текші роль атқаратын мекеменің, оның бақылауындағы ме-кемелердің иелігіндегі алтынды айтады. Монетарлық алтын шетел валютасы қорының бір бөлігін құрайды және қаржы активі болып саналады.
Басқа экономикалық бірліктердің алтыны (орталық банктін алтынынан басқа) қаржы активі болып есептелмейді, олар тауар ретінде қарастырылады.
Қарыз алудьщ арнайы құқы деп Халықаралық валюта
қоры шығарған резервтік активтерді айтады. Бұл активтер Халықаралық валюта корының міндеттемелері деп саналмай-ды. Қарыз алудың арнайы құқы берілген Халықаралық ва-люта корының мүшелері өздеріне бөлінген қаржыны төлеуге міндетті емес. Қарыз алудың арнайы құқы тек Орталық банктерге беріледі.
Төлем ретінде колданылатын айналымдағы металл және қағаз ақшаны қолма-қол ақша дейді.
Депозит - бұл белгілі бір шартты уақытта алу үшін не-сие мекемелеріне, сақтау орындарына сақтауға берілген ақша немесе бағалы қағаз.
Акция деп акционерлік қоғам капиталына белгілі бір мөлшерде үлес қосқандығын куәландыратын бағалы қағазды айтады. Ол дивиденд түріндегі пайданың бір бөлігін алуға құқық береді. Акция иесі өз акцияларын бағалы қағаздар рыногында сата алады. Акциялар жай және артықшылығы бар акциялар болып екіге бөлінеді. Артықшылығы бар ак-циянын иесі акционерлік қоғамның табысының аз не көп болуына қарамастан тұрақты дивиденд алады, бірақ акция-ның бұл түрі акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқық бермейді. Ал жай акция иесінің дивиденді акцио-нерлік қоғамның пайдасына тікелей байланысты болады.
Оның иесінің акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқы болады. Акциядан басқа бағалы қағаздарға вексельдер, облигациялар, мшлекеттік қазыналық міндеттемелер, серти-фикаттар жатады.
Қарыз (заем) деп белгілі шарт бойынша ақшаны қа-рызға алуды қамтамасыз ететін қаржы операциясын айтады. Қаржы мекемелерінің кәсіпкерлерге, үй шаруашылығына, үкіметке беретін қарыздары тұтыну мақсаттары үшін бе-рілетін ссудалар, сауда несиесін қаржыландыруға бөлінген ссуда, халықаралық валюта қорына қойылатын талаптар, бағалы қағаздарды сату туарлы келісімдер, қаржы лизингі туралы келісімдер, т. б. осындай келісімдер осы категорияға
жатады.
Қарыздар қысқа және үзақ мерзімді болып 2-ге бөлінеді.
Қысқа мерзімді қарыздарды төлеудің алғашқы мерзімі -1 жыл немесе одан ерте болса, ұзақ мерзімді қарыздарды 2 жылдан кейін төлеу қажет.
Қаржы шотындағы келесі көрсеткіш - сақтандыру ұйым-дарының техникальщ резервтері.
Сақтандыру полистерінің иелері үшін бұл көрсеткіш қаржы активтері, ал сактандыру үйымдары, зейнетақы қор-лары үшін міндеттеме болып саналады.
Басқа кредиторлық (дебиторлык) қарыздар - бұл сауда несиесі, аванс түріндегі қаржы активтері. Қаржы шо-тында баланстық статья болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz