Қазақтың діні жүрек ілімі
1 Ислам діні және ұлттық идентификация
2 Біздің қазіргі ұлттық трагедиямыз
3 Уаххабилік
2 Біздің қазіргі ұлттық трагедиямыз
3 Уаххабилік
«Алла – бір, пайғамбар – хақ», «Дінім – Ислам, кітабым – Құран» деп мақалдайтын қазақ, Ислам дінінің негізгі қағидаларын өлеңге бергісіз аудармаға айналдырған қазақ – бүгін өзінің мұсылман екендігін жұртқа дәлелдеуге мәжбүр болып, трагикомедиялық күй кешіп жатқан түрі бар. Бұл – ащы болса да ақиқат, бүгінгі күннің шындығы. Осы ситуацияға, осындай пұшаймандық халге қазақ социуымы қалай ұрынды, қалай тап болды деген аш бүйірден қадалатын сүйкімсіз сұрақтың туындауы да заңды. Енді осы жайттарды суық ақылдың сарабына салып, ой елегінен бір сәт өткізіп көрелік. Бәрі де жұмыр басты пендені құдайлық деңгейге көтеріп пұтқа табынған коммунистік Совет одағының ыдырауынан басталған. Еліміз егемендік алып, рухани аспанымызды торлаған құдайсыздық идеялары жоққа сайғанда, қазақы жамиғаттың рухани кеңістігі бір сәтке босап қалғандай еді. Ежелден «Имандының ісіне қарап бет берген, //Бір құдайдың дидарын» аңсаған (Бұқар жырау) мың өліп, мың тірілген қазақ жұрты атеистік ауыр соққыдан, дінсіздіктің дойыр қамшысынан есін жия алмай жатқанда елімізге сырттан «шатақ діндердің» (Шәкәрім) лап қойғаны айдан анық, күннен жарық ақиқат еді. Шатақ діндер жері қүйқалы, халқы момын әрі діни сауатсыз, асты-үсті қазына байлыққа мол қазақ жеріне батыстан да, шығыстан да андыздап ат қойды. Батысты қойшы, олардың жарасы жеңіл, қазақ қауымының біраз бөлігі қызды-қыздымен Иса мәсіхті кеудесіне тағып, домбыраға қосып ән ғып айтып шоқынып кеткенімен, «Өзі сары, көзі көк, Бастығының аты боп, Күншығысқа қарайды, Шашын алмай, тарайды, Құдайды білмес, діні жоқ, Жамандықта міні жоқ, Затсыз, тексіз жөн кәпір, аузы-басы жүн кәпір» (Бұқар жырау) жұртты айырып үйреніп те қалды… Қиыны «өзіңмін» деп келіп, өңмеңдеп төрге ұмтылған, Ислам атын жамылып, дінге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын әрекеттерге бара алатын, шектен шығып ата-баба моласын қирата бастаған қауымда болып тұр. Басында шын дін осы екен ғой деп жапа-тармағай ұмтылған аңғал жұрт олардың осы әрекеттерін көріп, шошынып, діннен аяғын тарта бастады. Қазақ жеріне келіп қазаққа дін үйретуді бастап кеткен, өздерін уаххаби, таблиғ жамағат, хизбут тахрир, құраниттер және біз білмейтін тағы да басқа сандаған «шатақ діндер» қазақтың бос қалған рухани кеңістігін жаулауға кірісті. Шыны керек, бұл рухани экспансияға қазақ руханияты, қазақ мемлекеті басында дайын болмай қалды.
Төлен ТІЛЕУБАЙ. Қазақтың діні жүрек ілімі
Жуырда Астанадағы Риксос қонақүйінде Ислам діні және ұлттық
идентификация деген тақырыпта Аманат интеллектуалды пікірсайыс клубының
кезекті жиыны өтті. Сол жиындағы орнықты ойлар мен тұшымды тұжырымдарды
Жас қазақтың ойлы оқырмандарының назарына ұсынуды жөн көрдік.
Берік УӘЛИ, Аманат клубының жетекшісі:
Аманат интеллектуалды клубының бүгінгі отырысының тақырыбы – Ислам діні
және ұлттық идентификация. Өйткені, дін тақырыбы – қазақ қоғамындағы өте
өзекті тақырыптардың бірі. Бұған биліктің өзі аса сақтықпен қарайды.
Сондықтан, біз бұл мәселе бойынша өз ойларымызды ортаға салып, үн қосуға
ұмтылып отырмыз. Бас баяндамашы – белгілі философ Омар Жәлелұлы.
Омар ЖӘЛЕЛҰЛЫ, философ-ғалым:
Алла – бір, пайғамбар – хақ, Дінім – Ислам, кітабым – Құран деп
мақалдайтын қазақ, Ислам дінінің негізгі қағидаларын өлеңге бергісіз
аудармаға айналдырған қазақ – бүгін өзінің мұсылман екендігін жұртқа
дәлелдеуге мәжбүр болып, трагикомедиялық күй кешіп жатқан түрі бар. Бұл –
ащы болса да ақиқат, бүгінгі күннің шындығы. Осы ситуацияға, осындай
пұшаймандық халге қазақ социуымы қалай ұрынды, қалай тап болды деген аш
бүйірден қадалатын сүйкімсіз сұрақтың туындауы да заңды. Енді осы жайттарды
суық ақылдың сарабына салып, ой елегінен бір сәт өткізіп көрелік. Бәрі де
жұмыр басты пендені құдайлық деңгейге көтеріп пұтқа табынған коммунистік
Совет одағының ыдырауынан басталған. Еліміз егемендік алып, рухани
аспанымызды торлаған құдайсыздық идеялары жоққа сайғанда, қазақы жамиғаттың
рухани кеңістігі бір сәтке босап қалғандай еді. Ежелден Имандының ісіне
қарап бет берген, Бір құдайдың дидарын аңсаған (Бұқар жырау) мың өліп,
мың тірілген қазақ жұрты атеистік ауыр соққыдан, дінсіздіктің дойыр
қамшысынан есін жия алмай жатқанда елімізге сырттан шатақ діндердің
(Шәкәрім) лап қойғаны айдан анық, күннен жарық ақиқат еді. Шатақ діндер
жері қүйқалы, халқы момын әрі діни сауатсыз, асты-үсті қазына байлыққа мол
қазақ жеріне батыстан да, шығыстан да андыздап ат қойды. Батысты қойшы,
олардың жарасы жеңіл, қазақ қауымының біраз бөлігі қызды-қыздымен Иса
мәсіхті кеудесіне тағып, домбыраға қосып ән ғып айтып шоқынып кеткенімен,
Өзі сары, көзі көк, Бастығының аты боп, Күншығысқа қарайды, Шашын алмай,
тарайды, Құдайды білмес, діні жоқ, Жамандықта міні жоқ, Затсыз, тексіз жөн
кәпір, аузы-басы жүн кәпір (Бұқар жырау) жұртты айырып үйреніп те қалды...
Қиыны өзіңмін деп келіп, өңмеңдеп төрге ұмтылған, Ислам атын жамылып,
дінге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын әрекеттерге бара алатын, шектен шығып
ата-баба моласын қирата бастаған қауымда болып тұр. Басында шын дін осы
екен ғой деп жапа-тармағай ұмтылған аңғал жұрт олардың осы әрекеттерін
көріп, шошынып, діннен аяғын тарта бастады. Қазақ жеріне келіп қазаққа дін
үйретуді бастап кеткен, өздерін уаххаби, таблиғ жамағат, хизбут тахрир,
құраниттер және біз білмейтін тағы да басқа сандаған шатақ діндер
қазақтың бос қалған рухани кеңістігін жаулауға кірісті. Шыны керек, бұл
рухани экспансияға қазақ руханияты, қазақ мемлекеті басында дайын болмай
қалды. Олар Ата заңымызда жазылған діни сенім бостандығы мен дін туралы
заңнамадағы әлсіз тұстарды шебер пайдаланып бүгінде Қазақстанда орнығып та
үлгерді. Орныққаны былай тұрсын, тамырын тереңге жіберіп, күннен-күнге
күшейіп ықпалды топқа айналу үстінде. Осының нәтижесінде осыған дейін
біртұтас болып келген қазақ қоғамы діни негізде бөлшектеніп, жіктеле
бастады. Бұл – өте қауіпті құбылыс, егер тап осылай кете беретін болса, Ата
заңымызда жазылған мемлекетіміздің унитарлығына, біртұтастығына нұқсан
келері сөзсіз. Осы қауіпті сезінген мемлекет, ҚМДБ дабыл қағып бұл
құбылысқа қарсы тұра бастады. Не нәрсенің де болса екі жағы бар: қазақ бұл
өмір заңдыдығын жаман айтпай жақсы жоқ деп тұжырады. Бір жағынан қазақ
жеріне шатақ діндердің келуі кесірін тигізіп жатса, екінші жағынан рухани
жағынан әлсіреп, өзінің бары мен жоғын бағамдай алмай жатқан, медициналық
терминмен айтқанда – терең прострацияда жатқан қауымның тез есін жиып
алуына септігін тигізуде.
Кез келген дін, идеология белгілі бір қоғамға кірігіуі үшін өзіне рухани
плацдарм дайындап алуы шарт. Ол үшін міндетті түрде осы қоғамның бұрыннан
ұстанып келе жатқан құндылықтары жоққа шығарылып, жарамсыз етілуі қажет.
Шатақ діндер де американы ойлап тауып бастарын қатырмай, осы дайын ежелгі
сценарийге кірісті: қазақ қоғамын жаулап алу үшін олар ең алдымен дәстүрлі
қоғамның дәстүрлі түсініктері мен идеяларын қирата бастады. Ең алдымен:
қазақта өзі дұрыс дін жоқ, қазақ деген Алла тағалағы серік қосады, яғни
мүшріктер, сондықтан да ата-бабаларың адасқан деген қазақ қоғамының
іргетасын шайқалтып, тамырын қиятын, бастау бұлағының көзін бітейтін
идеяларды жастардың санасына құя бастады. Табанды да дәйекті жүргізілген
бұл рухани экспансияның нәтижесінде шынында да ата-бабаларымыз адасқан
екен дейтін жастар пайда болды. Жастар ғана емес, қоғамның консервативті
деп есептелетін орта жастағы контингенттерінің өздері бұл тартымды әрі
жаңашыл идеяға бас шұлғыды. Ситуацияының ең сорақылығы сонда, өз қағынан
өзі жеріген, ата-бабасын мансұқтап, қазақ мемлекеттігінің негізгі іргетасы
– қазақ болмысына мұрнын шүйіріп, жиіркенішпен қарайтын қауымның пайда
болуы. Бұл басқыншылықты діни негізде жасалан неоотаршылдық, неоколониализм
демеске еш лажымыз жоқ. Ежелден мұсылман саналатын қазақ жеріне дендеп ену
үшін де ұлттың қорғаныс қабілетін айғақтайтын үлттық болмыс пен ұлтшылдықты
теріске шығару ауадай қажет еді. Сондықтан сырттан келген теріс ағым
өкілдері ұлт болу міндетті емес, мұсылман болсаң болды деген сыңайдағы
діникосмополиттік идеяларды таратуға кірісті. Өзі шығайын деп тұрған көз
еді, түртіп қалған соң не сорым демекші, орыс отаршылдығынан есеңгіреп,
ана тілінің асыл қайнарларына орала алмай, орысша шүлдіреп жүргендерге бұл
идея майдай жақты. Осылайша бұл қауымның негізгі бөлігі орыс тілді
қазақтардан құралып, бір-бірін брат, сестра дейтін жамағат дүниеге келді.
Қалай болғанда да бұл басқыншылық – қазақ қоғамына үлкен сын болып тұр:
ағылшын ханзадасы Гамлеттің не боламыз, не бордай тозамыз деген атушулы
сұрағы алдымыздан шықты.
Жыланды үш кессе де кесірткелік қауқары бар деп мақалдайтын дана қазақ,
басынан талай құқай мен басқыншылықты өткерген қазақ, бұл басқыншылыққа да
төтеп беруге тырысып-ақ жатыр. Қазақ қоғамы ышқынып, бар рухани потенциалын
жинап, әлсіреп кеткен дінін қалпына келтіруде. Бұл тарапта ҚМДБ –ның да
атқарып жатқан игі істері баршылық. Басында өздері де осы басқыншылыққа бой
алдырып, рухани ахуалды анық бағамдай алмаған олар бүгінде есін жиып,
желдің қай жақтан соғып тұрғанын анық саралай бастады. Бұл істердің бір
парасы – шет елдерге шәкірт жіберуді қадағалау, дін мамандарын өз елімізде
дайындау мәселелері. Өйткені, жасыратыны жоқ, шатақ діндер мен теріс
ағымдардың кеңінен таралуына осы шет елде оқып келген қазақ жастарының да
үлесі аз болмағанын да айтуымыз керек. Бірақ, шет елден оқып келген қазақ
жастарының бәріне бірдей күйе жағудан аулақпыз, олардың ішінде адал сүт
емген нағыз дінтанушы мамандар да баршылық. Олар бүгінде өздерінің алған
білімдерін тиімді пайдаланып, қалың жұртшылықтың діни сауатын ашып,
жамағаттың ықыласына бөленуде. Олардың қатарына дінтанушы бауырларымыз
Қайрат Жолдыбайұлын, Құдайберген Бағашарды және т.б. жатқызуға болады.
Шатақ діндер мен теріс ағымдарға қарсы тұрудағы елеулі көмекті бұл істе
азуы шыққан, мол тәжірибелі түрік бауырларымыз көрсетіп жатыр. Олар шатақ
діндердің шығу тегі мен мақсатын түсінуге көмектесетін Ағылшын тыңшысының
мойындаулары сынды кітаптарды аударып басып, қазақ руханиятына көп
септігін тигізуде. Әрине, жалғыз ҚМДБ, немесе бізге тілектес дін
қарындастарымыз көп болып жұмылуды талап ететін бұл істе жалғыз-жарым жүріп
нәтижеге жетпек емес. Кейінгі кезде осыған дейін белгілі бір деңгейде
бейтараптылық сақтап келген Қазақстанның БАҚ өкілдері де дабыл қағып, бұл
іске кәдімгідей атсалыса бастады. Өйткені қоғамдағы болып жатқан өрескел
жағдайлар кімді де болса бейжай қалдырмасы анық еді. Қазақстандағы діни-
рухани ахуалды осылайша бір бағамдап алып, енді негігі мәселеге көшейік.
Осы мәселеде күшіміз бен шамамыз жеткенше пікір қалыптастырып көрелік.
Алдымен: Қазақ өзі шынымен мұсылман ба?, Қазақ ұғымы мен мұсылман
ұғымы бір-біріне тең бе? Әлде алшақ па? Әлде кеше келген тоқалдар, шөміш
алып қоқаңдар демекші, басымызға әңгір таяқ ойнатып жүргендердің
сөздерінің жаны бар ма? Бұл сұраққа біз жауап беруіміз керек, жауап
бермесек болмайды...Әйтпесе, біздікі көп көпірме қызыл сөздің бірі болып
қалмақ қаупі бар. Осы сұраққа жауап беру үшін мұғалімдік тәжірибемнен
байқаған мына бір жайтпен Сіздермен бөліскім келіп отыр: әдетте мен бірінші
курсқа келген студенттерден: – Сендер мұсылмансыздар ма? – деп сұраймын. –
Олар бірауыздан: – мұсылманбыз – деп жауап береді. Сұрастыра келс олар
Исламның бірде-бір парызын орындамайтын боылып шығады. Тіпті ол жайлы
олардың түсініктері де болмайды. Мәселенің қызығы да осында - олардан:
енді қалай мұсылмансыңдар? – деймін ғой баяғы. – Олар еш іркілместен: – Ой,
ағай, сіз қызық екенсіз ғой, өйткені қазақпыз ғой! – деп нық сеніммен жауап
береді. Осы мысалдан байқағанымыздай, қазақ халқының санасында мұсылман
үғымы мен қазақ үғымы әлдеқашан бірігіп кеткенін көреміз. Оларды бөле-
жара қарастыру тіпті де мүмкін емес. Сондықтан қазіргі кейбіреулер айтып
жүрген дін таңдау бостандығы да бос, күмәнді, негізсіз нәрсе деп ойлаймын.
Өйткені дінін сатқан адам, автоматты түрде қазақ болудан да қала бастайды.
Бұл – абсолютті ақиқат. Және де тағы бір айтарым, бүгінгі күні кейде қылаң
беріп қалатын Қазақ пен Исламды бір-біріне қарсы қоюды тоқтату керек.
Біздің мұсылман болғанымыз кеше емес, бүгін емес, аттай он үш ғасыр болды.
Сондықтан да Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер
денең дегендей (Абай), Ислам қағидалары мен заңдары біздің салт-
дәстүрімізге кірігіп кеткен. Кірігіп кеткені соншалық, оларды айыру –
сүттің құрамындағы су мен сүтті айыруға ұмтылған аңғырттық пен ақымақтыққа
тең болады. Сол себептен де бүгінгі күні қазақтың дәстүрінде былай,
Исламда былай деп, қазақ дәстүрі мен дінді қарсы қою де негізсіз деп
ойлаймын.
Қазақ дәстүрінде Исламға қайшы бірде-бір элемент жоқ, олай болатын болса
Ислам діні қазақ қоғамына ене де алмаушы еді. Әлбетте, қазақы исламның
өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес: ол сол халықтың өмір сүру ерекшелігі мен
менталитетінен туындаған ерекшеліктер; табиғи жағдайы мен шаруашылық
түрлері, экожүйе өзгешелігіне байланысты қалыптасқан ерекшеліктер. Ал
осының бәрін ескермей өзге орта мен жағдайда қалыптасқан шатақ дінді
қазаққа тықпалау қаншалықты орынды? Қаншалықты ақылға, әділеттілікке
сыйымды?! Ашығын айту керек, кез келген ұлттың қалыптасуында белгілі бір
дін ұйыстырушылық қызмет атқарады. Тіпті қазіргі шатақ діндер тарапынан
сөгіліп жүрген ұлт ұғымы, олардың жолына кесе-көлденең тұрып алып, өз
мақсаттарының кедергісіз іске асуына тосқауыл болып отырған ұлттық сана –
барлығы құдіреті күшті Алла тағаланың ісі. Өзгеше ойлап, әртүрлі өмір
салтын ұстанатын ұлттар мен ұлыстардың болуы – Алла тағаланың теңдесіз
шеберлігінің көрінісі. Қасиетті Құранда бұл туралы: Әй адам баласы!
Шүбасыз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хаудан) жараттық. Сондай-ақ бір-
біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық делінеді (Хұжрат
сүресі 4913). Егер біз баз біреулер армандап жүргендей, мұсылман боламыз
деген желеумен ұлттық ерекшеліктерімізден бас тартып, ұлттығымызды жоғалтар
болсақ, онда Алланың әміріне қарсы шыққан болар едік. Қазақтың игі
жақсылары арттарында мұсылман болайын десең, ең әуелі қазақ болып ал!
деген ғибратты асыл сөз қалдырған. Ислам дінінің қазақ ұлтының ұйысуында,
ел болып етек жабуындағы қызметінің өлшеусіздігі сондай, ол оның болмысына,
тіліне, діліне , әдет-ғұрпына сіңіп кеткенін аңғарамыз. Сондықтан қазір
біздің алдымызда қазақтықтықты меңгеру, қазақтықты меңгеру арқылы ғана шын
мұсылман болу перспективасы тұр. Сонда ғана біз жан-жақтан анталап, ұлттық
нәріміз бен барымызды шайып кетуге дайын тұрған әлемдік жаһандану
үрдістеріне қарсы тұра аламыз.
Біздің қазіргі ұлттық трагедиямыз – қазақтыққа қайта алмай жатырмыз. Бізді
қазір не қадірсіз – қазақтық қадірсіз. Біз көп жылға созылған отаршылдықтың
кесірінен қазақтықтын тым алшақтап кеттік, қазақтықты қадірлеп дәмін
сезінуден қалдық; қазақтыққа тұшынбағалы қашан! Біздің бар іс-әрекетіміздің
берекесіздігі де осыдан деп білу керек. Бұл проблеманы алғаш сезген Алаш
арыстары ұлттық негізді ту етіп көтерді, оны бір жоғалтып алғаннан кейін
оған оралудың қиынға соғатынын анық аңғарды. Қазақ жанының білгірі, жазушы
Жүсіпбек Аймауытов өзінің Ұлтты сүю атты мақаласында бұл жайында былай
дейді: Естеріңізде болсын: қара халықтың мәдениетті болуынан, мәдениетті
кісінің қазақ болуы қиын, баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ
өміріне жақындатып тәрбиелеу керек (Қазақ альманағы, №2, 2009 ж.). Шынында
да қазақ болу қиын, қазақ болу – өнер: қазаққа қатысты қандай тірлік
болмасын, тек қана қазақтықтың аясында ғана ашылып, баян таппақ. Осы
қағиданың ішіне дін де кіреді. Әйтпесе құр Құран жаттағаннан, құр хадис
жаттағаннан қазаққа еш пайда жоқ, Құран, хадистің өзі қазақтану ғылымы ғана
өз өрісін тауып, жүйелі түрде ашылмақ. Бұл менің айтып отырғаным әсіре
ұлтшылдық немесе әсіре астамшылық емес, сөздің шыны, ақиқат істің мәнісі.
Сөзімізге дәлел ретінде қазақ ғұламасы Мәшһүр Жүсіпті тыңдайық, ол кісі не
дейді екен: Алла тағала ғалам жаратты. Оның ішінде адам жаратты. Адамнан
асыл жаратқан еш мақұлық жоқ, ғылым мен ақыл адамның озығасы (озғаны – О.Ж)
болды. Оның шындығына Ағуз биламин ал ражим – ұғлы адам Ласма каһа
аятпен беріктелді. Жетпіс екі тіл бар. Сол жетпіс екі тілдің ішінде ғараб
тілінен асыл тіл жоқ. Оның асылдығы: Ағузу биламин ал шайтан ал ражим ана
низалынан Құран ғарабина лығылкім тоқылын – аят бірін дәлел келді. Онан
соңғы тілде қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата-
бабасының тілі болған қазақ тілін осы күнгі жүрген қазақтың жалғызы
білмейді. Егер қазақ тілін білсе еді: дін де осында, ғылым, білім де
осында, әулиелшілік те осында. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата-
бабаларымыз бәрі жақсы болып, әулие болып өтті. Не үшін - ақжүрек, ақкөңіл
болғанлықтан. Бұған дәлел болуға Мығной Мышнойдың (Мағнауи Мәснәуидін,
Жалаладдин Румидің шығармасы – О.Ж.) бір сөзін тәбәрігіне сөйлейік. Жаһыл
Раббы ғылты ғалым кінд ғылым рағылт зыдлыһа біркіз: Оқымаған Әліфті –
таяқ деп білмейтін наданды жүрегінің ғаллатсызлығы ғалым қылады. Қанша
ғылым иесі болса да, жүректе ғаллат болса, ол ғыллат ғылымды жоқ қылып
жібереді – деген. Жүректе болатұғын ғыллат не? – десең: дүние махаббаты.
Кімде кімнің көңілінде дүние махаббаты болса, онда ғылым-білім бар деп
ойлама. Кімде кімнің көңілінде дүние махаббаты болмаса, ғылым-білім сол
көңілде, – деп ойла. Жарқырап тұрған күннің көзі меңдей бұлт шықса, жоқ
есебінде болмақшы емес пе?! Ғылым күннің көзі болса, дүние махаббаты бұлт
есепті. Оның бетін алған соң, енесінің ...кетті де қой. Бұрынғылар көңілнде
дүние махаббаты жоқтығы айдан анық, күннен раушан (Мәшһүр Жүсіп, 11 т., 73-
74 б.). Міне, бабалар ғибраты осындай. Мәшһүрдің бұл айтып отырған сөзінің
мәнісін - надан болу керек деп теріс ұғып қалмау керек, мәселе – жүректі
кірлетпей таза ұстауда. Жалпы қазақтың діні – осы Жүрек ілімі. Қазақ осы
Жүрек ілімін жетік меңгергендіктен де діннің асылына, тазасына жете білген.
Жүрек ілімін меңгермеген жан оқыды не, оқымады не –еш пайда болмайды; қайта
білімін дүние табудың жолына жұмсап, шайтан лағынның темірдей қақпанына
түседі.
Сөзіміз түсінікті һәм дәйекті болу үшін де енді діннің негіздері туралы
біраз сөйлейік. Дін ілімі жалпы үш үлкен нәрседен тұрады. Біріншісі – иман
ілімі – иман иғдиқат, немесе Ақида деп аталады. Екіншісі – амал ілімі –
фиқх деп аталады. Үшіншісі – көңіл ілімі немесе жүрек ілімі – Ахлақ деп
аталады. Баяғыда пайғамбарымыз сахабаларымен отырғанда бір кісі келіп
сұрады дейді: Иман деген не, Ислам деген не, Ихсан деген не? Деп. Сонда
пайғамбарымыз: иман ол Алла тағалаға сену, періштелерге сену, кітаптарға
сену, пайғамбарларға сену, тағдырға, жақсылық пен жамандық Алла тағладан
деп сену, ақіретке сену; ислам – ол иман келтіру, намаз, ораза, зекет,
қажылық; ихсан – ол әрбір ісіңді Алла тағала көріп тұрғандай қыл, немесе
Алла тағала сені көріп тұрғандай қыл деген екен. Сахабалар: бұл кісі кім
дегенде? Бұл – Жебірейіл ғ.с. деп жауап беріпті. Ислам әлеміне мәшһүр бұл
хадис осылай, Жебірейіл хадис деп аталып, Діннің үш асыл негізінен бізге
хабар береді. Жоғарыда сөз болған діннің негіздерінің бірі болмаса, дін
толық болмайды, дін онда дін болмай, шатақ дінге айналады. Бірақ барлық
нәрсе ақидадан басталады, ақидасы дұрыс болмаған адам шайтанға ереді.
Ұстазы жоқтың ұстазы шайтан деген қанатты сөз осыдан шықса керек.
Арифтердің сұлтаны құл Қожа Ахмет Ясауидің жолын жалғастырушы Софы
Аллаярдың шағатай тілінде жазылған Сабатул Ажизин кітабына қазақ тілнде
түсініктеме ретінде жазалған Рисалаи Азиза кітабында бұл туралы былай
делінеді: Ал әһлүс сүнә уәл жамағаттың шарғи мәзхабы шариғат жолы)
төртеу. Олардан өзге барлық ағымдар мен топтардың сенімі батыл (азғындаған)
екеніне дау жоқ. Ол адасқан мәзһабтардан сақтану үшін ақаид ілімін білу
қажет. Мұны білмегенді Сопы Аллаяр ұялтпақ үшін мынадай деп дәріптеген.
Ақида білмеген шайтанға илдір.
Егер мың йыл амал деп қылса, елдір
Қазақша;
Ақида білмеген шайтанға ел,
Егер мың жыл амал деп істесе – жел.
Біз базбіреулер айтып жүргендей дінсіз де, мүшрік те емеспіз. Құдайға
шүкір, қазақтың ақидасы берік, амалы – кемел, ахлағы – көркем. Олай болатын
себебі бізді осы айтылған үш негіз бойынша да ұстаздарымыз бар. Мін, он үш
ғасыр болды, қазақ әһлі сүннә уәл жамағат қатарында. Ақида іліміндегі
ұстазымыз – Имам Әбул Мансур Матуриди, амалдағы, яғни фиқх ілімі бойынша
ұстазымыз – Имам Ағзам Әбу Ханифа, ахлақтағы, яғни жүрек іліміндегі, немесе
мінез түзету іліміндегі ұстаздарымыз – тасаввуф ілімінің өкілдері:Қожа
Ахмет Ясауи, Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Йүгінеки, Жүсіп Баласағұн, Хорезми,
Сәйф Сарай, Бұқар жырау, Майлықожа, Дулат, Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім және
т.б.
Енді аз-кем қазақты дінсіз, мүшрік деп жүрген шатақ діндерге келейік.
Бағана айттық, бәрі ақидадан басталады деп. Естеріңізед болар, Кетбұға
жырау хан Шыңғысқа ұлы Жошының өлімін естірткенде: Теңіз бастан бұлғанды,
а ханым демеуші ме еді. Ендеше, дін теңізін басынан былғайтын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz