Қазақстан Республикасының әскери доктринасы


1. Кiрiспе
2. Қазақстан Республикасы қауіпсіздігінің әскери.саяси негіздері
2.1. Әскери.саяси жағдайды дамыту болжамы
2.2. Қазақстанның әскери қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы саясаты
2.3. Мемлекеттің әскери ұйымы
3. Қазақстан Республикасы қауiпсiздiгiнiң әскери.стратегиялық негіздерi
3.1. Әскери жанжалдардың сипаты
3.2. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдану негiздерi
3.3. Әскери қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге басшылық жасау
4. Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгін қамтамасыз етудiң әскери.экономикалық және әскери.техникалық негiздерi
4.1. Әскери.экономикалық және әскери.техникалық қамтамасыз етудiң мақсаттары, принциптерi, мiндеттерi мен бағыттары
4.2. Экономиканы жұмылдыра даярлау
4.3. Қазақстан Республикасының резервтер жүйесі
5. Қазақстан Республикасының халықаралық әскери ынтымақтастығы
5.1. Халықаралық әскери және әскери.техникалық ынтымақтастық
5.2. Қазақстан Республикасының коалициялық әскери құрылысқа қатысуы
5.3. Бiтiмгершiлiк қызмет
6. Қорытынды
Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы (бұдан әрі - Әскери доктрина) мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар мен қарулы жанжалдарды (бұдан әрi - әскери жанжалдар) болдырмауға, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту мен қолдануға негiз қалаушы көзқарастар жүйесiн бiлдiредi.
Әскери доктрина жоғары әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн, күштер мен құралдарды жылдам өрiстетудi жүзеге асыруға қабiлеттi, Қазақстанның мемлекеттiгiн, егемендiгi мен аумақтық тұтастығын нығайтуға кепiл беретiн кәсiби армия құруды көздейдi.
Әскери доктринаның ережелерi әлемдегi әскери-саяси жағдайды кешендi бағалауға және оны дамытуды стратегиялық болжауға негізделедi.
Әскери доктринаны қабылдау үшiн негiздеме қазақстандық қоғамды әлеуметтiк-экономикалық және саяси жаңарту, сондай-ақ олардың экономикалық және әскери әлеуетiне қарамастан, көптеген елдер үшiн шиеленiскен әлеуметтiк-саяси жанжалдармен және қайшылықтармен, халықаралық тұрақсыздықпен, әлеуеттi қатерлердiң болуымен сипатталатын әскери-саяси жағдайдағы өзгерiстер болып табылады.
Қазақстан Республикасы әскери күштiң мәнi барынша төмендетілген және оның функциялары әскери жанжалдарды тежеу мiндетiне жақындастырылған осындай халықаралық қатынастар жүйесiн құруды дәйектi түрде қолдайды. Алайда, болжамдарға қарамастан, XXI ғасырдың басында халықаралық қатынастардағы әскери күштiң мәнi азайған жоқ: ғаламдық және өңiрлiк қауiпсiздiк саласындағы бiрқатар халықаралық саяси институттардың дағдарысы аясында саяси және экономикалық мүдделердi қамтамасыз етуде оның рөлi күшейе түсуде.

Пән: Алғашқы әскери дайындық
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 26 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 наурыздағы N 299 Жарлығы

"Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 7 сәуір N 87-88

 Қазақстан Республикасының Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында  
жариялануға тиіс           
      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы"
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-
тармағының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы
бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Әскери
доктринасын iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
      3. "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 10 ақпандағы N
334 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., N 7, 76-құжат)
күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Қазақстан Республикасының
      Президентi
Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң      
2007 жылғы 21 наурыздағы 
N 299 Жарлығымен     
БЕКІТІЛГЕН       
 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘСКЕРИ ДОКТРИНАСЫ
Астана, 2007 жыл
МАЗМҰНЫ
1.  Кiрiспе
2.  Қазақстан Республикасы қауіпсіздігінің әскери-саяси негіздері
   2.1. Әскери-саяси жағдайды дамыту болжамы
   2.2. Қазақстанның әскери қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы
саясаты
   2.3. Мемлекеттің әскери ұйымы
3.  Қазақстан Республикасы қауiпсiздiгiнiң әскери-стратегиялық негіздерi
   3.1. Әскери жанжалдардың сипаты
   3.2. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдану
негiздерi
   3.3. Әскери қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге басшылық жасау
4.  Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгін қамтамасыз етудiң әскери-
экономикалық және әскери-техникалық негiздерi
   4.1. Әскери-экономикалық және әскери-техникалық қамтамасыз етудiң
мақсаттары, принциптерi, мiндеттерi мен бағыттары
   4.2. Экономиканы жұмылдыра даярлау
   4.3. Қазақстан Республикасының резервтер жүйесі
5.  Қазақстан Республикасының халықаралық әскери ынтымақтастығы
   5.1. Халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық
   5.2. Қазақстан Республикасының коалициялық әскери құрылысқа қатысуы
   5.3. Бiтiмгершiлiк қызмет
6.  Қорытынды
 1. Кiрiспе
      Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы (бұдан әрі - Әскери
доктрина) мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге,  соғыстар мен
қарулы жанжалдарды (бұдан әрi - әскери жанжалдар) болдырмауға, Қарулы
Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту мен қолдануға
негiз қалаушы көзқарастар жүйесiн бiлдiредi.
      Әскери доктрина жоғары әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн, күштер
мен құралдарды жылдам өрiстетудi жүзеге асыруға қабiлеттi, Қазақстанның
мемлекеттiгiн, егемендiгi мен аумақтық тұтастығын нығайтуға кепiл беретiн
кәсiби армия құруды көздейдi.
      Әскери доктринаның ережелерi әлемдегi әскери-саяси жағдайды кешендi
бағалауға және оны дамытуды стратегиялық болжауға негізделедi.
      Әскери доктринаны қабылдау үшiн негiздеме қазақстандық қоғамды
әлеуметтiк-экономикалық және саяси жаңарту, сондай-ақ олардың экономикалық
және әскери әлеуетiне қарамастан, көптеген елдер үшiн шиеленiскен
әлеуметтiк-саяси жанжалдармен және қайшылықтармен, халықаралық
тұрақсыздықпен, әлеуеттi қатерлердiң болуымен сипатталатын әскери-саяси
жағдайдағы өзгерiстер болып табылады.
      Қазақстан Республикасы әскери күштiң мәнi барынша төмендетілген және
оның функциялары әскери жанжалдарды тежеу мiндетiне жақындастырылған
осындай халықаралық қатынастар жүйесiн құруды дәйектi түрде қолдайды.
Алайда, болжамдарға қарамастан, XXI ғасырдың басында халықаралық
қатынастардағы әскери күштiң мәнi азайған жоқ: ғаламдық және өңiрлiк
қауiпсiздiк саласындағы бiрқатар халықаралық саяси институттардың дағдарысы
аясында саяси және экономикалық мүдделердi қамтамасыз етуде оның рөлi
күшейе түсуде.
      Әскери доктрина Қазақстан Республикасы Конституциясының ереже лерi,
Мемлекет басшысы жарлықтарының талаптары, Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi
даму стратегиясы, Ұлттық қауiпсiздiк стратегиясы, Қазақстан Республикасының
заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар ескерiле отырып
әзiрлендi.
      Әскери доктринада Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiн iске
асыруға терiс ықпал ететiн факторлар қарастырылады, ел қауiпсiздiгiне
ықтимал қыр көрсетулер мен қатерлер жiктеледi, мемлекет қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету жөнiндегi әскери-саяси мiндеттер тұжырымдалады, Қазақстан
Республикасын қарулы қорғауды жүзеге асыру, Қазақстанға да, онымен достас
мемлекеттерге де қатер төндiретiн әскери жанжалдардың алдын алу жөнiндегi
Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қызметiнiң
мақсаттары, мiндеттерi, принциптерi мен бағыттары ашылады.
      Әскери доктринаның қорғаныстық сипаты бар, бұл оның ережелерiнде
бейбiтшiлiкке дәйектi бейiлдiлiк танытудың республиканың ұлттық мүдделерiн
қорғаудың, әскери қауiпсiздiгiне кепiлдiк берудiң қатаң шешiмiмен мәндi
үйлесуiн алдын ала айқындайды. Әскери доктринада асимметриялық қатерлерге:
халықаралық терроризмге, дiни экстремизмге, есiрткi тасымалына, қаруды,
оның iшiнде жаппай қырып-жою қаруын заңсыз таратуға, заңсыз көші-қонға
қарсы күрес ескеріле отырып, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен  әскери
құралымдарды дамыту шарттары мен жаңа бағыттары нақтыланады.
      Әскери доктринаның ережелерiн iске асыру әскери басқару жүйесiн одан
әрi жетiлдiру, өзара байланысты саяси, дипломатиялық, экономикалық,
әлеуметтiк, ақпараттық, құқықтық, әскери және Қазақстанның әскери
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шаралар кешенiн жүргiзу
есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады.
 2. Қазақстан Республикасы қауiпсiздiгiнiң әскери-саяси
негiздерi
 2.1. Әскери-саяси жағдайды дамыту болжамы
      Еуропа мен Азияның сауда және көлiк-коммуникациялық ағынының
қиылысында тұрған Қазақстанның геосаяси жағдайы, елдiң бай табиғи
ресурстары халықаралық және өңiрлiк ынтымақтастықты дамыту саласында елеулi
басымдықтар бередi.
      Сонымен бiр уақытта табиғи ресурстарды бөлудiң әркелкiлiгi, дамыған
және дамушы елдер арасындағы ұлғайып келе жатқан алшақтық, экономикалық
өктемдiк, мемлекеттердiң әлеуметтiк-саяси құрылысына қағидаттардағы
айырмашылықтар және жаһанданудың басқа да терiс аспектiлерi оларды шешу
кезiнде әскери және өзге де қуат құралдарының пайдаланылу мүмкiндiгi
мемлекетаралық қайшылықтарды шиеленiстiруге ықпал етуi мүмкiн.
      Қазақстанның айналасындағы ахуал түбегейлi өзгердi. Өңiрдегi жағдайды
тұрақсыздандыратын және ұлттық қауiпсiздiкке қатер туғызатын жаңа факторлар
туындады, ол әскери қатерлердiң тұрақты мониторингі жүйесiнiң тиiмдiлiгiн
арттыруды талап етедi.
      Жаппай қырып-жою қаруын таратудың өсiп келе жатқан қаупi, трансұлттық
терроризм мен дiни экстремизм, қару-жарақ пен есiрткiнiң заңсыз айналымы,
этникалық және демографиялық шиеленiстiң өсуi, табиғи ресурстардың, ең
алдымен судың тапшылығы, жекелеген өңiрлерде және тұтастай әлемде
экологиялық жағдайдың нашарлауы орта мерзiмдi перспективада Қазақстанның
қауiпсiздiгiне, халықаралық және өңiрлiк тұрақтылыққа елеулi қатер
төндiредi.
      Ядролық қаруы бар мемлекеттер және "соғысқа бейiм тұратын" деп
аталатын елдер санының ұлғаюы белгiлi бiр дәрежеде қалыптасқан халықаралық
қауiпсiздiк жүйесiн бұза отырып, әлемде күштердi орналастыруды түбегейлi
өзгертедi. Бұл ықтимал қатерлерге қарсы iс-қимыл үшiн принциптi жаңа
қағидаттар, оның iшiнде негiзгi ғаламдық күштер орталықтарымен бiрлесiп
тұжырымдауды талап етедi.
      Ықпал ету объектiлерi маңызды экономикалық және әскери орталықтар,
азаматтық халық, ұлттық рәмiздер болуы мүмкiн, ол тек жекелеген
мемлекеттердегi ғана емес, сондай-ақ тұтастай өңiрдегi жағдайды
тұрақсыздандыруға әкеп соқтырады.
      Сөйтiп, қазiргi заманғы геосаяси жағдай саяси тұрақсыздықпен,
экономикалық, демографиялық және әлеуметтік сипаттағы қайшылықтармен
сипатталады, өзімен бірге тұрақсыздандыру қатерін әкеледі.
      Осы жағдайларда бейбiтшілікті, халықаралық және өңiрлiк
қауiпсiздiктi, тұрақтылықты нығайту, ұжымдық негiзде мемлекеттiң
тәуелсiздiгін, аумақтық тұтастығы мен егемендiгiн қорғау Қазақстанның
әскери қауiпсiздігін қамтамасыз ету саласындағы түйiндi мақсаттар болып
табылады.
      Осы мақсаттарға қол жеткiзуде басымдық саяси шараларға және алдын алу
дипломатиясына берiледi. Сонымен қатар әскери-қорғаныстық құрауыштарға
сұраныс сақталып отыр және, демек, Әскери доктринаның жаңа жағдайларға
бейiмделу проблемасы өзектi болып табылады.
      Әскери-саяси жағдайды талдау Қазақстан Республикасының әскери
қауiпсiздiгiне төнетiн негiзгi қатерлер мыналар болуы мүмкiн деп болжайды:
      сыртқы:
      саяси тұрақсыздық, шекаралас елдердегi мемлекеттiк институттардың
жеткiлiктi дамымауы;
      қарулы арандатулар, Қазақстан Республикасына аумақтық кiнә қоюлар;
      шетел мемлекеттерi немесе ұйымдары тарапынан Қазақстан
Республикасының iшкi iстерiне араласу;
      Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздiгiне залал келтiруге
әскери-саяси ұйымдар мен одақтар ықпалының кеңеюi;
      Қазақстан шекарасының маңында қарулы жанжалдар ошақтарының болуы;
      жекелеген мемлекеттердiң жаппай қырып-жою қаруын және оны жеткiзу
құралдарын жасау жөнiндегi бағдарламаларды жүзеге асыруы, оны шығару үшiн
пайдаланылатын жабдықтарды, технологиялар мен құрауыштарды, сондай-ақ
қосарлы мақсаттағы технологияларды заңсыз таратуы;
      әскери  қыр  көрсету,  Қазақстан мен  оған  достас мемлекеттердiң
шекаралары маңындағы қалыптасқан күштер теңгерiмiн бұзуға әкеп соқтыратын
әскер топтарын өрiстету;
      халықаралық радикалдық топтардың қызметi, шекаралас елдердегi дiни
экстремизм ұстанымының күшеюi;
      iшкi:
      конституциялық құрылысты өзгертуге бағытталған күш көрсету iс-
әрекеттерi;
      Қазақстан Республикасының бiрлiгi мен аумақтық тұтастығын, елдегi
iшкi саяси тұрақтылықты бұза отырып, экстремистiк, ұлттық, дiни,
сепаратистiк және террористiк қозғалыстардың құқыққа қарсы қызметi;
      мемлекеттiк билiктiң орталық органдарының жұмыс iстеуiне iрiткi
салуға бағытталған iс-әрекеттердi жоспарлау, дайындау және жүзеге асыру,
мемлекеттiк және басқа да өмiрлiк маңызы бар объектiлерге шабуыл жасау;
      заңсыз қарулы құралымдарды құру, жарақтандыру, дайындау және олардың
жұмыс iстеуi;
      Қазақстан Республикасының аумағында диверсиялар, террористiк актiлер,
өзге де құқыққа қарсы iс-әрекеттер үшiн пайдаланылуы мүмкiн қаруды, оқ-
дәрiлердi, жарылғыш және басқа да құралдарды заңсыз тарату;
      Қазақстан Республикасындағы экономикалық және саяси тұрақтылыққа
қатер төндiретiн ауқымдағы ұйымдасқан қылмыс, контрабандалық және өзге де
заңға қарсы қызмет.
 2.2. Қазақстанның әскери қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
саласындағы саясаты
      Қазақстан Республикасы қызметiнiң маңызды бағыты - мемлекеттiң әскери
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, агрессияны немесе әскери жанжалдар
тұтандыруды болдырмау, тұлға мен қоғамды қорғау, елдiң саяси және
экономикалық мүдделерiн iске асыру үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.
      Қазақстан өзiнiң әскери қауiпсiздiгін қамтамасыз етудi демократиялық,
құқықтық мемлекеттi дамыту, әлеуметтiк-экономикалық және саяси реформаларды
жүзеге асыру, тең құқылы әрiптестiк, өзара тиiмдi ынтымақтастық,
халықаралық қатынастардағы тату көршiлестiк принциптерiн бекiту,
халықаралық қауiпсiздiктiң толық қамтитын жүйесiн дәйектi түрде
қалыптастыру, өңiрде бейбiтшiлiктi сақтау және нығайту тұрғысынан
қарастырады.
      Қазақстан қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң әскери емес шараларына,
бiрiншi кезекте саяси-дипломатиялық, құқықтық, экономикалық, гуманитарлық,
ақпараттық-насихаттау және өзге де шараларына басымдық бередi, ол мынадай
мiндеттердi шешудiң басымдықтарын алдын ала айқындайды:
      әскери саладағы, бiрiншi кезекте Орталық Азиядағы өзара тиiмдi
ынтымақтастық, өзара түсiнiстiк, сенiм мен ашықтық шараларын жүзеге асыру
негiзiнде достас мемлекеттермен байланыстарды және интеграциялық
процестердi күшейту;
      әскери жанжалдарды және агрессия тұтандыруды болдырмаудың халықаралық
тетiктерiн құру жөнiндегi қызметтi жандандыру;
      сенiм шараларын нығайту, мемлекетаралық қайшылықтарды шешу үшiн күш
қолданудан бас тарту, халықаралық дауларды реттеу;
      әлемнiң демократиялық және индустриялық дамыған мемлекеттерiмен
экономикалық байланысты кеңейту және қарым-қатынасты тереңдету;
      халықаралық қоғамдастық тарапынан елдi қолдауды қамтамасыз ету үшiн
халықаралық институттар мен форумдардың көмегi мен жәрдемiн пайдалану;
      жаппай қырып-жою қаруын таратпаудың және қару-жарақты бақылаудың
халықаралық режимдерiн нығайтуға жан-жақты жәрдемдесу.
      Қазақстан бейбiтшiлiк тәртiбiн қалыптастыруға белсендi қатыса отырып
және әскери жанжалдарды болдырмау, ал олар туындаған жағдайда - олардың
бастапқы даму сатысында жанжалдасу ахуалдарын бәсеңдету мәселелерiн шешуде
әрiптестiк және ынтымақтастық құралын, диалогты және басқа да
мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен өзiнiң байланыстарын кеңiнен
пайдаланатын болады.
      Әскери жанжалды реттеуге дәйектi көзқарас барлық сатыдағы саяси
бақылауды мiндеттi жүзеге асыру кезiнде саяси және әскери шаралардың бүкiл
ауқымын қоса алғанда, ден қоюдың тиiстi құралдары мен тәсiлдерiн таңдауды
және үйлестiрудi көздеуге тиiс.
      Қазақстан Республикасы әскери жанжалдарды болдырмау, халықаралық
құқық нормалары негiзiнде халықаралық қауiпсiздiк пен тұрақтылықты нығайту
iсiнде мынадай форматтарда мемлекеттермен ынтымақтастық жасайды: Бiрiккен
Ұлттар Ұйымы, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы, Азиядағы өзара ықпалдастық
және сенiм шаралары жөнiндегi кеңес, Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымы,
Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Солтүстiк Атлантика шарты ұйымы (Ic-қимыл
серiктестiгiнiң жеке жоспары және "Бейбiтшiлiк жолындағы серiктестiк"
бағдарламасы шеңберiнде), Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық
жөнiндегi ұйым.
      Бiр қатар объективтi жағдайларда және әлеуеттi әскери қатерлер
сақталғанда елдiң қорғаныс қабiлетiн нығайту мемлекеттiң өзектi
мiндеттерiнiң бiрi болып қала бередi. Сондықтан әлемдiк стандарттар бойынша
қазiргi заманғы қару-жарақпен және техникамен жарақтандырылған жоғары
кәсiби армияның болуы Қазақстан Республикасының өмiрлiк маңызы бар ұлттық
мүдделерiн сенiмдi қорғау шарттарының бiрi болып табылады.
      Әскери қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi мiндеттерi мыналар
болып табылады:
      бейбiт уақытта:
      мемлекеттiң конституциялық құрылысын, аумағының тұтастығы мен қол
сұғылмаушылығын қорғау;
      елдiң мемлекеттiк басқару органдарын, экономикасын және әскери ұйымын
төтенше және соғыс жағдайларында жұмыс iстеуге дайындау;
      мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн неғұрлым ықтимал әскери қатерлерге
қарсы iс-қимыл жасауды қамтамасыз ететiн деңгейде ұстау;
      энергетикалық, ғылыми-техникалық, ғарыштық және басқа да салалардың
стратегиялық объектiлерiн күшпен қорғауды қамтамасыз ету;
      қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың қазiргi заманғы
үлгiлерiмен, оның iшiнде НАТО стандарттары бойынша Қарулы Күштердi, басқа
да әскерлер мен әскери құралымдарды жарақтандыру;
      әскерлердi жасақтаудың келiсiмшарттық жүйесiн дамыту шарттарында және
әлемнiң озық тәжiрибесiн ескере отырып, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер
мен әскери құралымдар үшiн кадрлар даярлауды жетiлдiру;
      әскери қызметшiлердiң жоғары әлеуметтiк мәртебесiн, әскери қызметтен
босатылған адамдардың әлеуметтiк кепiлдiктерiн қамтамасыз ету, әскери
жанжалдарға және төтенше жағдай зардаптарын жоюға қатысушыларға мемлекеттiк
қолдау көрсету;
      халықтың идеологиялық тәрбиеге, қазақстандық патриотизм мен елдiң
әскери қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге деген саналы көзқарасын қалыптастыру;
      бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қолдау жөнiндегi халықаралық
мiндеттемелердi орындау, оның iшiнде бiтiмгершiлiк қызметке, коалициялық
әскери құрылысқа қатысу;
      ұжымдық және өңiрлiк қауiпсiздiктi нығайту үшiн екi жақты және көп
жақты негiздерде әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты кеңейту;
      қару-жарақты шектеу, қысқарту, таратпау және жою саласындағы
шарттарды өзара орындауды бақылау, сенiм шараларын нығайту;
      қатерлi кезеңде және әскери жанжал басталғанда:
      агрессияны болдырмау немесе бейбiтшiлiктi қалпына келтiру үшiн
агрессорды әскери жанжалды бастапқы сатысында тоқтатуға мәжбүрлеу үшiн БҰҰ-
ның, басқа да халықаралық ұйымдардың әлеуетiн пайдалану;
      қарулы, саяси, дипломатиялық, ақпараттық, экономикалық және басқа да
күрес түрлерiн ұйымдастыру және үйлесiмдi жүргiзу;
      әскери iс-қимылдарды дайындау және жүргiзу жөнiнде шешiмдер қабылдау
және оны iске асыру;
      ел экономикасын, оның жекелеген салаларын, сондай-ақ кәсiпорындар мен
ұйымдарды, көлiк пен коммуникацияларды соғыс жағдайы кезiнде жұмыс iстеуге
ауыстыру;
      агрессияға тойтарыс беру мүдделерiнде мемлекеттiк органдар мен
ұйымдардың қызметiн үйлестiру;
      аумақтық және азаматтық қорғаныс iс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге
асыру;
      әскери саладағы шарттар негiзiнде әскери жанжалдарды оқшаулау және
тоқтату үшiн достас мемлекеттердiң мүмкiндiктерiн пайдалану.
      Әскери қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң басым бағыттары:
      әскери қатерлердi уақтылы ашу, бағалау және жiктеу, оларға барабар
қарсы iс-қимылды қамтамасыз ету;
      мемлекеттiң әскери ұйымына басшылық жасауды оның қызметiн азаматтық
бақылаумен үйлесiмдiкте орталықтандыру;
      мемлекеттiң әскери ұйымының әскери қауiпсiздiкке қазiргi және
әлеуеттi қыр көрсетулерi мен қатерлерiне қарсы тиiмдi iс-әрекет жасауға
әзiрлiгiн қамтамасыз ету;
      әскери қауiпсiздiктi кепiлдi қамтамасыз етуге қабiлеттi күштер мен
құралдардың болуы, оларды ұтымды орналастыру және жан-жақты ресурстық
қамтамасыз ету;
      халықаралық әскери ынтымақтастықты тереңдету, халықаралық және
өңiрлiк қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге белсендi қатысу.
 2.3. Мемлекеттiң әскери ұйымы
      Мемлекеттiң әскери ұйымы мiндеттердi әскери әдiстермен орындауға
арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен
әскери құралымдарын қамтиды. Қазiргi заманғы және тиiмдi әскери ұйым
Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң маңызды
құралы болып табылады.
      Мемлекет өз Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери
құралымдарын дамыту мен жан-жақты қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар
қабылдайды. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды
дамытудың басты мақсаты олардың мемлекеттiң әскери қауiпсiздiгiне қазiргі
бар және әлеуеттi қатерлердi бейтараптандыруға әзiрлiгiн қамтамасыз ету
болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен
әскери құралымдарын дамытудың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
      ғылыми негiздiлiк;
      жоспарланған iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзуге орталықтандырылған
басшылық жасау;
      белгiленген iс-шаралардың уақтылығы, жоспарлылығы мен жан-жақты
қамтамасыз етiлуi;
      жалпы мемлекеттiк және ведомстволық iс-шаралардың кешендiлiгi мен
келiсiлуi, оларды ұйымдастыру мен өткiзудi ұдайы бақылау;
      бiрыңғай мемлекеттiк әскери-техникалық саясат;
      кадрларды оқыту және даярлау жүйесiнiң бiрiздiлiгi.
      Мемлекеттiң әскери ұйымын дамыту олардың қызметiн регламенттейтiн
нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес, үйлестiрiлген және келiсiлген
бағдарламалар мен жоспарлар бойынша, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен
әскери құралымдарды жауынгерлiк қолданудың мiндеттерi мен ерекшелiктерiн
ескере отырып жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiң әскери ұйымын дамытудың мiндеттерi:
      Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметiн
мемлекеттiк және азаматтық бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру;
      мемлекеттiң әскери ұйымының барлық құрауыштарын теңгерiмдi және
үйлесiмдi дамыту;
      әлемнiң жетекшi елдерiнiң армиясын дамыту және қолдану тәжiрибесiн
талдау негiзiнде Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға
технологиялық және кәсiби талаптарды орнату;
      әскери бiлiм беру жүйесiн халықаралық талаптарға сәйкес келтiру,
келiсiмшарттық қызметтi жетiлдiру;
      Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды тылдық
және техникалық қамтамасыз етудiң тиiмдi жүйелерiн арттыру;
      Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар үшiн резервтер
жүйесiн жаңа сапалы деңгейге шығару.
      Мемлекеттiң әскери ұйымын дамытудың негiзгi бағыттары:
      мемлекеттiң әскери ұйымын басқару органдарының қызметiн, Қарулы
Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды даярлаудың нысандары
мен тәсiлдерiн жетiлдiру, бiрлесiп жоспарлау, ведомствоаралық үйлестiру мен
өзара iс-қимыл сапасын арттыру;
      белгiленген жауапты аймақтардағы әскери қауiпсiздiк мiндеттерiн шешу
мәселелерiнде өңiрлiк қолбасшылықтардың нақты дербестiгiн қамтамасыз ету,
стратегиялық бағыттарда өзiне өзi жеткiлiктi әскерлер топтарын құру;
      авиация паркiн, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын
басым жаңартумен басқару органдарын, ұдайы жауынгерлiк әзiрлiктегi
құрамалар мен бөлiмдердi қару-жарақ пен әскери-техниканың жаңа үлгiлерiмен
жоспарлы түрде техникалық қайта жарақтандыру;
      жоғары дәлдiктi қаруды, радиоэлектрондық күрестiң, байланыс пен
басқарудың, оның iшiнде ғарыштық құрауыштарды пайдалана отырып, қазiргi
заманғы құралдарын кеңiнен енгiзу;
      әскери қызмет жағдайларын сапалы жақсарту, әскери қызметшiлер мен
олардың отбасы мүшелерiнiң, сондай-ақ әскери қызметтен босатылған
адамдардың әлеуметтiк кепiлдiктерiн қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы N
200 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық
тәрбие берудiң 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
негiзiнде Қарулы Күштердегi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы
идеологиялық жұмысты жандандыру;
      әскери саладағы ғылыми-техникалық прогрестi қамтамасыз ету, отандық
қорғаныстық-өнеркәсiптiк кешендi одан әрi дамыту;
      аумақтық қорғаныс жүйесiн мемлекеттiң әскери қауiпсiздiгiн қамтамасыз
етудiң жалпы жүйесiне белсендi түрде кiрiктiру;
      армияны жаңғырту, халықаралық және өңiрлiк қауiпсiздiктi қамтамасыз
ету, әскери инфрақұрылымды қалыптастыру және әскери кадрлар даярлау
мүдделерiндегi халықаралық әскери ынтымақтастықты кеңейту.
      Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту
төмен және орта қарқынды жанжалдарда әскери қауiпсiздiк қатерлерiн
бейтараптандыруға әскерлердiң әзiрлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған әскери-
саяси, әскери және әскери-техникалық сипаттағы өзара байланысты шаралар
кешенiн өткiзудi көздейдi.
      Осы шаралар кешенiн мемлекеттiң әскери қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес кезең-кезеңiмен жүзеге асыру
жоспарлануда.
      Бiрiншi кезеңде (2007-2008 жылдар) негiзгi күш-жiгер стратегиялық
бағыттарда мемлекеттiң әскери қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мiндеттерiн
дербес шешуге қабiлеттi әскер топтарын құруды аяқтауға, әскери
инфрақұрылымды дамытуға, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын,
мемлекеттiк маңызы бар объектiлердi күзетудi қамтамасыз ететiн жауынгерлiк
кезекшiлiк атқаратын бөлiмдер мен бөлiмшелердi қазiргi заманғы  қару-
жарақпен, әскери техникамен және арнайы құралдармен жарақтандыруға
бағытталатын болады.
      Екiншi кезеңде (2009-2010 жылдар) негiзгi күш-жiгер әскерлердiң
сапалық параметрлерiн арттыруға және оларды қару-жарақтың, әскери
техниканың, арнайы құралдардың жаңа үлгiлерiмен кезең-кезеңiмен техникалық
қайта жарақтандыруға бағытталатын болады.
      Кейiннен күш-жiгер армияны техникалық қайта жарақтандыруды аяқтауға,
жетекшi өндiрушiлермен бiрлесе отырып, отандық қорғаныстық-өнеркәсiптiк
кешен кәсiпорындарында қару-жарақ пен әскери техниканың қазiргi заманғы
үлгiлерiн әзiрлеуге, олардың халықаралық стандарттарға сәйкес келуiн
қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
      Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды кешендi
дамыту мыналарды қамтамасыз етуге тиiс:
      бiрiншi кезеңде:
      өздерiне жүктелген мiндеттердi шешуге, дербес және басқа
мемлекеттердiң қарулы күштерiмен бiрлесе отырып стратегиялық бағыттарда
Қазақстанның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, өздерi үшiн белгiленген
жауапты аймақтарда қызметтiк-жауынгерлiк мiндеттердi орындауға қабiлеттi
өңiрлiк әскер топтарын құру;
      мемлекеттiң әскери ұйымының құрылымын жаңғырту, әскери қауiпсiздiктi
қамтамасыз ету жөнiндегi функционалдық жүктеменi атқармайтын бөлiмдердi
қысқарту;
      Каспий өңiрiндегi ұжымдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi
мiндеттердi шешуге Қазақстан Республикасы Әскери-теңiз күштерiнiң басымды
қатысуы;
      құрамалар мен бөлiмдердi қазiргi заманғы, оның iшiнде жоғары дәлдiктi
қару-жарақпен және техникамен iшiнара қайта жарақтандыру, қолда бар қару-
жарақ пен техника паркiн толық ауқымды жаңғырту үшiн жағдайлар жасау;
      елдiң әскери қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң басым бағыттарында
әскери инфрақұрылымды басым құру;
      Каспий өңiрiнде қорғаныс әлеуетiн дамыту және тиiстi инфрақұрылым
құру, барлық қуат құрылымдарының үйлескен iс-қимылдары негiзiнде оңтүстiк
шекараларды күзетудi күшейту жөнiнде қажеттi шаралар қабылдау;
      әскерлер мен қаруды басқару жүйесiне ГАЖ-технологияларын, ғылыми-
зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыс нәтижелерiн енгізу;
      жоғары технологиялар мен қарулы қорғаныстың ғылымды көп қажет ететiн
құралдарын пайдаланумен Астана, Алматы қалаларын, басқа да маңызды
өнеркәсiптiк және ғылыми орталықтарды қорғау;
      ведомствоаралық үйлестiрудi және қуат құрылымдарының өзара iс-қимылын
жақсарту;
      әскерлердi келiсiмшарт негiзiнде жасақтауға жоспарлы түрде көшу;
      әскери және арнаулы оқу орындарындағы оқу процесiн озық
технологияларды, оқытудың жаңа әдiстерi мен нысандарын енгiзумен
үйлесiмдiкте оқыту әдiстемесiн жақсарту және Ұлттық қорғаныс университетiн
орналастыру үшiн Астана қаласында қазiргi заманғы кешен салу арқылы
халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру;
      Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамытудың
перспективасына сәйкес келетiн әскери қызметшiлердің бiлiктiлiгiн
арттырудың тармақталған және ынталандыратын жүйесiн құру;
      ғылымды көп қажет ететiн әскери мамандықтар бойынша шетелде ұлттық
кадрларды басым даярлауды жүзеге асыру;
      әскери қызметтiң беделiн, маңыздылығын және абыройын арттыру;
      екi жақты форматта да, көп жақты негiздегi, оның iшiнде ҰҚШҰ, ШЫҰ,
АӨЫСШК және басқалар сияқты ұйымдардың жұмысына белсендi қатысу арқылы,
сондай-ақ халықаралық терроризмге, есiрткi құралдарының, қару мен оқ-
дәрiлердiң тасымалына қарсы iс-қимыл жасау саласындағы ынтымақтастықты
кеңейту;
      Қазақстанның бiтiмгершiлiк, гуманитарлық және өзге де халықаралық
мiндеттемелердi орындауға қатысуы үшiн ведомствоаралық әлеует құру;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзетудiң әскери,
жедел және инженерлiк-техникалық күштерi мен құралдарын кешендi
пайдаланудың қазiргi заманғы жүйесiн қалыптастыру;
      екiншi кезеңде:
      Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың
құрамында жауынгерлiк әзiр, жеке құраммен, қару-жарақпен және техникамен
жабдықталған құрамалар мен бөлiмдердiң санын ұлғайту;
      әуе кеңiстiгiн бақылаудың және басқарудың бiрыңғай жүйесiн құру;
      әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi жұмылдыру дайындығы мәселелерiндегi
жергiлiктi әскери басқару органдарының рөлiн арттыру;
      бөлiмдер мен құрамаларды, ұқсас байланыс құралдарын қазiргi заманғы
цифрлық жүйеге ауыстыруды қоса алғанда, қару-жарақ пен техниканың қазiргi
заманғы үлгілерiмен кезең-кезеңiмен қайта жарақтандыру, ұлттық орбиталдық
топтарға бейiмделген байланыс желiлерiн құру;
      мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерiнiң санын қысқарту және әскерге
шақыру және жұмылдыру резервтерiн даярлау жүйесiн жетiлдiрумен
үйлесiмдiлiкте, жауынгерлiк әзiрлiктi айқындайтын лауазымдарға келiсiмшарт
бойынша әскери қызметшiлердi тағайындау жолымен армияны кәсiбилендiру;
      әскери бiлiм беру жүйесiн халықаралық стандарттарға жауап беретiн
сапалы жаңа деңгейге шығару;
      Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар үшiн кәсiпқой
сержанттарды даярлау жүйесiн құру;
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген нормаларға сәйкес
әскери қызметшiлердiң тұрғын үй проблемаларын шешу;
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымының аясында өткiзiлетiн бiтiмгершiлiк
операцияларына Қазақстанның қатысуын жандандыру.
 3. Қазақстан Республикасы қауiпсiздiгiнiң
әскери-стратегиялық негiздерi
 3.1. Әскери жанжалдардың сипаты
      Халықаралық қатынастар жүйесiндегi объективтi орын алып келе жатқан
үрдiстер Қазақстан Республикасын мемлекеттiң өмiрлiк маңызы бар мүдделерiн
қорғау, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес мiндеттемелерiн орындау
мақсатында әскери жанжалдарға қатысуға әзiрлiкте ұстауға мiндеттейдi.
      Әскери жанжал - әскери күштердi қолданумен мемлекеттер, халықтар,
әлеуметтiк топтар арасындағы қақтығыс, қарсы күресу, қайшылықтарды шешу
нысаны.
      Кез келген әскери жанжалға тараптардың саяси мақсаттарына, әскери iс-
қимылды жүргiзу ауқымына, олардың шиеленiсуiне, қолданылатын қарулы күрес
құралдарына, әскерлер iс-әрекетiнiң тәсiлдерiне негiзделген ерекше
әлеуметтiк-саяси, құқықтық және әскери-стратегиялық белгілер тән, олар
жиналып келгенде оның сипатын айқындайды.
      Қазiргi заманғы қарулы жанжалдардың негiзгi белгiлерi:
      кеңiстiктiк етек алуы, жоғары белсендiлiк пен қарқындылық, асығыстық
пен шектi шиеленiсу, авиацияны, жоғары дәлдiктi қаруды, радиоэлектрондық
күрес құралдарын, ғарыштық құрауыштарды, барлау мен басқарудың
автоматтандырылған жүйелерiн, ақпараттық және психологиялық күрес күштерi
мен құралдарын кеңiнен пайдалану;
      тараптар мен қапталдардың айқын белгiленген түйiсу жолақтарының
болмауы, әскерлердi жедел құруда үлкен аралық пен алшақтықтың болуы;
      кеңiнен маневр жасау, диверсиялық-барлау топтары мен құралымдарын
белсендi қолдану үшiн жағдай жасайтын iс-қимылдың байланыссыз және басқа да
дәстүрлi емес нысандары мен тәсiлдерiн пайдалану;
      тiкелей емес стратегиялық iс-әрекеттердi, оның iшiнде саяси және
психологиялық қысым жасауды, күш көрсетудi, экономикалық санкцияларды,
ақпараттық күрестi қолдану;
      мемлекеттiк және әскери басқару жүйесiне iрiткi салу;
      қару-жарақ пен әскери техниканың қазiргi заманғы жүйелерiн кеңiнен
қолдану;
      энергетика кәсiпорындарын, қауiптi өндiрiстердi, инфрақұрылымды,
коммуникацияларды, тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiн iстен шығарудың
апаттық зардаптары;
      қарулы жанжалдарға тұрақты емес қарулы құралымдардың қатысуы.
      Әскери жанжалдардың түрлерi соғыстарға және қарулы жанжалдарға
бөлінедi.
      Соғыс - мемлекеттер, халықтар және әлеуметтiк топтар арасындағы қарым-
қатынастардың өзгеруiне, саяси, экономикалық және басқа да мақсаттарға қол
жеткiзу үшiн қарулы күш көрсету құралдарын қолдануға көшуге байланысты
қоғамдық-саяси құбылыс. Қарулы күреспен қатар соғыста сонымен қатар
экономикалық, дипломатиялық, идеологиялық және басқа да күрес нысандары
қолданылады.
      Қарулы жанжал - мемлекет соғыс жағдайына өтпеген кезде қарулы күш
көрсету құралдарын қолдана отырып, ұлттық, этникалық, дiни және басқа да
қайшылықтарды шешудiң бiр нысаны.
      Қарулы жанжал қарулы инцидент, қарулы арандатушылық, басқа да ауқымы
шектелген қарулы қақтығыстар нысанында туындауы мүмкiн. Қарулы жанжалдың
ерекше нысаны шекаралық жанжал болып табылады.
      Қазақстан Республикасы тартылуы мүмкiн әскери жанжалдар ауқымы,
ұзақтығы мен шиеленiсуi бойынша төмен, орта және жоғары қарқынды
жанжалдарға бөлiнедi.
      Төмен қарқынды әскери жанжал - шекаралық қарулы инциденттер, ел
iшiндегi заңсыз қарулы құралымдардың және террористiк ұйымдардың қызметi
нәтижесiнде туындаған қарулы жанжал.
      Ол әскерлер iс-қимыл жасайтын аудандардағы әскери-саяси жағдайдың
күрделiлiгімен және бiркелкi еместiгiмен, коммуникациялардың, сондай-ақ
жергiлiктi тұрғындардың әлсiздiгiмен, тұрақты емес қарулы құралымдардың
қатысуымен, диверсиялық және террористiк iс-әрекеттермен сипатталады.
      Орта қарқынды әскери жанжал - қуатты экономикасы мен әскери әлеуетi
жоқ елдер арасындағы соғыс.
      Ол қарсы күресетiн тараптардың шектелген күштер мен құралдарды,
жоғары дәлдiктi қаруды, радиоэлектрондық күрес құралдарын және басқа да
қару-жарақ пен әскери техниканың қазiргi заманғы құралдары кеңiнен
қолданылатын жауынгерлiк iс-әрекеттер ошақтарымен, жанжалдасушы мемлекеттер
шекараларында әскери iс-қимыл жүргiзумен, әскерлердi, тылды, олардың барлық
аумағында экономиканы және коммуникацияларды талқандаумен сипатталады.
      Орта қарқынды әскери жанжалды жанжал ауданында өрiстетiлген әскерлер
топтарының жүргiзуi, олар қажет болған кезде басқа бағыттардан әскерлердi,
күштер мен құралдарды ауыстыру және Қарулы Күштерге iшiнара стратегиялық
өрiстету жүргiзу есебiнен күшейтiлуi мүмкiн.
      Орта қарқынды жанжалда тараптар қарсы күресетiн мемлекеттердiң
шекараларында әрекет жасайтын және шектелген әскери-саяси мақсаттарды
ұстанатын болады.
      Жоғары ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының тұңғыш әскери доктринасы
Қазақстан Республикасының әскери саясаты
Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі және әскери-экономикалық қамтамасыздандыру негіздері
Монро доктринасы
Джефферсонның демократиялық саяси - құқықтық доктринасы
Қазақстан Республикасының Парламенті негізі
Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы
Қазақстан Республикасынының қарулы күштері. әскери қызмет
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі
Қазақстан республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь