Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі



1 Демократияның түрлері
2 Демократияның антикалық, классикалық теориялары
3 Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі
3.1 Жүзеге асыру формалары
4 Демократиялық қоғам белгілері
4.1 Экономика саласында
4.2 Саяси салада
4.3 Рухани салада
4.4 Әлеуметтік салада
5 Демократияның алуан түрлі элитарлық теориясы
6 Қазіргі кезеңдегі демократиялық қозғалыстар
7 Қоғамның саяси жүйесін демократияландыру
8 Қазақстан Республикасындағы демократия
8.1 Оның негізгі принциптері:
9. Пайдаланған әдебиет
Қазақстан Республикасының қазіргі даму ерекшелігімен, тәуелсіз елдердегі саяси үдерістерді ғылыми тұрғыдан талдау қажеттілігімен, демократия жолында ілгері жылжу үшін міндеттер мен тәсілдерді анықтау қажеттілігімен негізделеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан тәуелсіз егемен мемлекет ретінде орнықты дүниежүзінің саяси картасынан өз орнын тапты. Мемлекеттілікті нығайту мен күшейту мәселелерін шеше отырып, ұлтаралық келісімдер саяси тұрақтылыққа, демократиялық үрдістердің дамуына, жаңа саяси иснтиуттардың қалыптасуына ерекше мән берілді. Сондай-ақ елімізде азаматтық құқықтар мен адам бостандығына басымдылық берілген» - деп атап көрсеткен болатын [1].
Қазақстанның қазіргі дамуын саясаттану дискурсінде көбінесе «демократияландыру» ұғымымен байланыстырады. Қазақстанның демократиялық мемлекет ретіндегі сипаттамасы Қазақстан Республикасы Конституциясының көптеген бөлімдерінің мазмұнынан айқындалады. Мемлекет құрудың негізгі қағидаларының бірі – мемлекет басшысын, Парламент, жергілікті өкілеттік органдар депутаттарын сайлау. Демократиялық мемлекеттің тағы бір негізгі қағидаларының бірі – маңызды мемлекеттік мәселелерді демократиялық әдістер арқылы шешу. Оған көбінесе референдум өткізу, парламентте дауыс беру жатады. Қазақстанның демократиялығы Конституцияның демократиялық нормаларды белгілеуінен көрінеді, ол азаматтарға өкілеттік органдарға тұтас бір халықтың мүддесін, азшылдықтың әлеуметтік және ұлттық мүдделері мен жеке азаматтардың заңды мүдделерін таныта алатын өз өкілдерін ұсыну мен сайлауға мүмкіндік береді.
1. Назарбаев Н. Қазақстан жолы.- Астана, 2007 – 27 б.
2. Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі – еркін демократиялық қоғамды жедел дамыту. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. - Астана, 2007.
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы: білім, 1997. – 256 б.
4. Нысанбаев Ә.Н. Қазақстан. Демократия. Рухани жаңару: Казахстан. Демократия. Духовное обновление.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. - 419 б.
5. Бижанов А.Х. Республика Казахстан: демократическая модернизация общества переходного периода. - Алматы: Өнер, 1997. - С.256.
6. Иренов Г.Н. Консолидация общества. – Павлодар, 2003.
7. Алияров Е.К. Информационный фактор модернизации на постиндустриальном этапе развития. // Казахстанская цивилизация: проблемы адаптации и социализации человека: Материалы международной научной конференции.- Алматы: КазНУ им. аль-Фараби, 2005.- С.136-141.
8. Основы политологии: Курс лекций / Под.ред. В.П. Пугачева. – М., 1992. - С. 231.
9. Хантингтон С. Третья волна. Демократизация в конце ХХ века / Пер. с англ. – М.: «Российская политическая энциклопедия» (РОССПЭН), 2003. – 368 с.
10. Ильин М.В., Мельвиль А.Ю., Федоров Ю.Е. Демократия и демократизация // Полис. – 1996. - №5. – С.151.
11. Дегтярев А.А. Основы политической теории: Учебное пособие. – М.: Высшая школа, 1998. - С. 212.
12. Шейнис В. Политическая интерлюдия. Россия между 93-м и 96-м годом // Независимая газета. – 1994. – 13 июля.
13. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында.- Алматы: Өнер, 1996. –178 с.
14. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
15. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1 Демократияның түрлері
2 Демократияның антикалық, классикалық теориялары
3 Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі
3.1 Жүзеге асыру формалары
4 Демократиялық қоғам белгілері
4.1 Экономика саласында
4.2 Саяси салада
4.3 Рухани салада
4.4 Әлеуметтік салада
5 Демократияның алуан түрлі элитарлық теориясы
6 Қазіргі кезеңдегі демократиялық қозғалыстар
7 Қоғамның саяси жүйесін демократияландыру
8 Қазақстан Республикасындағы демократия
8.1 Оның негізгі принциптері:
9. Пайдаланған әдебиет

Кіріспе
Қазақстан Республикасының қазіргі даму ерекшелігімен, тәуелсіз елдердегі
саяси үдерістерді ғылыми тұрғыдан талдау қажеттілігімен, демократия
жолында ілгері жылжу үшін міндеттер мен тәсілдерді анықтау қажеттілігімен
негізделеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан тәуелсіз
егемен мемлекет ретінде орнықты дүниежүзінің саяси картасынан өз орнын
тапты. Мемлекеттілікті нығайту мен күшейту мәселелерін шеше отырып,
ұлтаралық келісімдер саяси тұрақтылыққа, демократиялық үрдістердің дамуына,
жаңа саяси иснтиуттардың қалыптасуына ерекше мән берілді. Сондай-ақ
елімізде азаматтық құқықтар мен адам бостандығына басымдылық берілген -
деп атап көрсеткен болатын [1].
Қазақстанның қазіргі дамуын саясаттану дискурсінде көбінесе
демократияландыру ұғымымен байланыстырады. Қазақстанның демократиялық
мемлекет ретіндегі сипаттамасы Қазақстан Республикасы Конституциясының
көптеген бөлімдерінің мазмұнынан айқындалады. Мемлекет құрудың негізгі
қағидаларының бірі – мемлекет басшысын, Парламент, жергілікті өкілеттік
органдар депутаттарын сайлау. Демократиялық мемлекеттің тағы бір негізгі
қағидаларының бірі – маңызды мемлекеттік мәселелерді демократиялық әдістер
арқылы шешу. Оған көбінесе референдум өткізу, парламентте дауыс беру
жатады. Қазақстанның демократиялығы Конституцияның демократиялық нормаларды
белгілеуінен көрінеді, ол азаматтарға өкілеттік органдарға тұтас бір
халықтың мүддесін, азшылдықтың әлеуметтік және ұлттық мүдделері мен жеке
азаматтардың заңды мүдделерін таныта алатын өз өкілдерін ұсыну мен сайлауға
мүмкіндік береді.
2007 жылдың 16 мамырында Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының
Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі – еркін демократиялық
қоғамның жеделдетілген дамуы атты бірлескен мәжілісінде Президент Н.Ә.
Назарбаев мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық ұйымдар назарын
қазақстандық қоғамды әрі қарай демократияландыру міндеттеріне аударды [2].

Біздіңше, демократияландыру ұғымының мазмұнын ашуға Р.Дальдің анықтамасы
сәйкес келеді: Демократияландыру – еркін және ашық сайлаумен, нақты саяси
бәсекелестік және азаматтық құқықтарды қорғаумен, жиналыстар, ақпараттар,
коммуникация, сонымен бірге саяси қалауларды таңдау бостандығымен
сипатталатын, идеалды демократиялық режимге бағытталған қозғалыс [3].
Қоғамның экономикасы мен саяси өміріндегі түбегейлі құрылымдық жаңартулар
кезеңіндегі әлеуметтік-саяси ғылымдардың басты міндеттерінің бірі әлемдегі
ауыспалы үлгідегі мемлекеттерді реформалау тәжірибесін талдау және сыни
тұрғыдан қайта қарау негізінде өтпелі саяси үдерістерді әзірлеу болып
табылады. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан – 2030
стратегиялық бағдарламасында әлеуметтік-саяси ғылымдар назарын осы
міндетке аударды: Енді жағдайды терең ойластыру біздің дамуымызды әлемдік
тәжірибе тұрғысынан талдау, біздің реформалардың жүзеге асуы мен жаңа
институттардың қалыптасуын үздік әлемдік тәжірибемен салыстыру маңызды
[4]. Осыған орай модернизация мен демократиялық жаңартулар мәселелеріне
деген зерттеушілер қызығушылығы арта түсті. 2008 жылы Қазақстан
мемлекеттік тәуелсіздіктің 17 жылдығын атап өтті. Мемлекет басшысының
сөзімен айтар болсақ, тарихи үдерістер жеделдетілген қарқын және өнімді
сипат алды. Қазақстан макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді, бизнесті
табысты жүргізуге қажетті заңнама қалыптасты, елдің орта және ұзақ дамуына
мықты негіз салған құрылымдық реформалар жүргізілді. Республикада
динамикалық түрде даму үстіндегі жеке сектор пайда болды.
Қазақстан Республикасы қазіргі уақытта толыққанды демократиялық
мемлекет болып саналмағанымен, демократиялық үрдістердің даму болашағы
өркениетті елдерге тән демократияға негіз қалануда екендігін нақты
дәлелдейді.
Демократияның шынайы тұжырымдамалары мейлінше күрделі және көп қырлы.
Сондықтан зерттеушілер барлық теориялар мен үлгілерді бір жүйеге келтіру
үшін оларды белгілі бір өлшемдер бойынша жіктейді. Кең тараған жіктеліс
бойынша демократияның барлық тұжырымдамалары билік жүргізуде басымдылықты
кімге беретіне, яғни тұлғаға ма, әлеуметтік топқа ма, әлде халыққа
беретініне байланысты шартты түрде үш үлкен топқа бөлінеді:
ұжымдық тоталитарлық теориялар;
индивидуалды (либералды);
плюралистік (топтар теориясы).
Бүгінгі күні демократиялық дамудың тәжірибесі жинақталып, өкілеттік және
тікелей (тура) демократия сияқты формаларын қолдану практикасы
болғандықтан, плебисцитарлы және партиципаторлы демократия (қатысу
демократиясы) теориялары кең тарады.
Демократияның негізгі тұжырымдамаларын талдаудан байқалғандай, олардың
ешқайсысы әмбебап емес. Сонымен бірге демократиялық теориялардың ешқайсысы
кемшіліктерден кенде емес. Дегенмен, бүгінгі күнде демократия – басқарудың
ең бір танымал формасы, ал оның идеалына ұмтылу – адамзаттың игі мақсаты.
У. Черчил айтқандай, демократияның кемшілігі көп, бірақ оның бір жетістігі
бар, ол – әлі күнге дейін ешкім одан жақсы ештеңе ойлап тапқан жоқ. Біздің
пікірімізше, демократия мәңгілікке қалыптасқан дайын ақиқат, рецептер
жиынтығынан тұрмайды. Демократия – тетік (механизм), оның көмегімен
адамдар, олардың топтары, институттар идеялар қайшылығы мен ымыраға келу
арқылы бірлікте өмір сүріп, ақиқатты тани алады.
Демократияландыру үдерісі барысындағы саяси өзгерістерді зерттеп,
сипаттауға саяси даму мен транзитологияның әртүрлі тұжырымдамалары бар.
Мысалы, саяси теорияның мынандай ғылыми бағыттарын бөліп көрсетуге болады:
1) модернизация; 2) даму; 3) артқа қалу (немесе субдаму) және 4)
тәуелділік [14]. Транзитологиялық тәсілдер аясында 70-ші жылдардың
ортасынан бастап бірқатар елдер мен аймақтарда болған,
демократияландырудың үшінші толқыны атауын алған өзгерістер
тұжырымдамасын бөліп алуға болады.
Демократияландырудың үшінші толқынын зерттеушілердің маңызды
интеллектуалды мақсаты – оптимизм, әртүрлі елдердің демократияға бағыт
алатынына деген мықты сенім. Осыған байланысты адамның демократиялық
табиғаты туралы идея негізделеді. Демократия бағыты мен әлемдегі мәдени
шиеленіс, мәдени гетерономияның қарқын алып келе жатқан тенденциясын қалай
біріктіруге болады және қалай бірігеді деген мәселе екінші орынға шығады.
Осы орайда Н. Назарбаевтың Қазақстан халықтары ассамблеясының VІІ
сессиясында айтылған демократияландыру – Қазақстандағы ұлтаралық
татулықтың шарты, тек шарты, кепілі емес деген сөзі қазіргі Қазақстанның
тұрақты дамуы үшін өзекті болып табылады.
Демократияландыру авторитарлы басқарудан босану және демократиялық
институттарды өз бетінше құру шараларына бөлінуі мүмкін. Шын мәнінде бұл
кезеңдер бір-біріне сәйкес келеді, алайда аналитикалық тұрғыдан оларды
ажырату керек.
Билікке жаңадан келген топ алдынан шығатын басты таңдаулардың бірі жүйенің
ашықтығы мен оның демократияландырылуы саяси тұрақтылыққа әсер етеді ме
деген мәселеге байланысты. Бұл мәселеге байланысты саясаттанушылардың
пікірі әрқилы. Негізінен демократияландыру тұрықтылыққа аз қауіп төндіреді
және ол саяси элиталар арасында бәсеке институты тамыр жайған жерлерде
сәтті өтеді деген пікір кең етек алған. Сонымен қатар демократияландыруды
біртіндеп жүргізбеу керек деген де пікір бар: демократиялық ойынның
ережелері тезірек белгіленсе, оларды негізгі саяси авторлардың қабылдау
мүмкіндігі де жоғары болады.
Демократияға өту үдерісі сызықты немесе бір бағытты емес. З. Бжезинский
бұрынғы коммунистік елдердегі демократияға өтудің үш негізгі сатысын бөліп
көрсетті. Бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімді қамтитын бірінші сатыда
саяси жүйе ауысып, экономикалық жүйе тұрықтанады. Бұл – негізгі
демократиялық институттарды орнату кезеңі, яғни баспасөздің партиялық
бақылаудан арылуы, полициялық мемлекет жүйесінің тоқтатылуы, демократиялық
өзгерістерді қолдайтын коалицияның пайда болуы. Екінші кезеңде (3-10 жыл)
енді экономикалық жүйе ауысады да, саяси тұрғыдан тұрақтану, жаңа
конституция мен сайлау туралы заң қабылдау, демократиялық сайлау жүргізу,
мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру мен көп билікті аймақтарға
беру мақсаты шешілсе, үшінші 5-15 жылдарда қамтитын кезеңде саяси жүйе
шоғырланып, демократиялық моделіне түседі, экономика да өзіндік даму
қарқыны күшейеді.
Сондай-ақ, демократиялық өту үдерісінің қызықты да бөлшекті жіктелісін
американдық зерттеуші К. Менгес ұсынды. Ол он сатыны бөліп көрсетті, ол
үшін алты негізгі елдің дамуын мысалға алды.
Сипаты жағынан циклдік болатын кезеңдер жіктелісін В. Шейнис ұсынды:
Біріншісі – дағдарыс пен бұрынғы режимнің моральды-саяси оңашалануы;
Екіншісі – осы коалициялардың жеңісі немесе жартылай жеңісі;
Үшінші фаза – бұрынғы режиммен гендік жағынан байланысы бар, бұқара көңілін
қайта өзіне аудара алған көшбасшылар мен ұйымдардың билікке қайта оралуы
[15].
Осылайша, қазіргі көптеген әлемдік тұжырымдамаларға сәйкес, егер саяси
демократияландыру экономикалық реформаның мақсаты болып табылатын
әлеуметтік-экономикалық дамуға бағыт бере алса, ал соңғысы саяси реформасыз
сәтті алға жылжымаса, онда демократиялық үдеріс екі реформаға да негіз
болуы керек. Қоғам мүшелерінің мемлекет басқаруға қатысуы қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуы шаралары бойынша демократиялық үдерісті талап
етеді. Әлеуметтік-саяси ойдың озық жетістіктеріне сүйене отыра,
демократияландырудың өзіндік, қазақстандық жолын Елбасы Н.Ә. Назарбаев
ұсынды: Халықтың көпшілігі қолдаған қазақстандық жол – сызбаны көз жұма
көшіре салу емес, өзіндік жолды іздеуге ұмтылу. Мұнда біз басшылыққа алатын
басты қағида – қан мен хаосқа толы демократия бізге керек емес. Біздің
демократиямыздың негізі – саяси, әлеуметтік және халықаралық тұрақтылық.
Демократиялық құрылым үрдісін анықтайтын және бағыттайтын саяси
институттардың бірі – демократиялық сайлау институты. Қазіргі саяси жүйенің
тәуелсіздігі мен құқығын жүзеге асыруға электоралдық демократия қызмет
етеді. Шынында, демократияның негізгі құндылықтарының бірі теңдік принципі
болып табылады, оған адамның негізгі саяси құқығының бірі - бір адам – бір
дауыс принципі енгізілген. Теңдік принципінің іс жүзіне асуын әділетті
сайлау өткізуді жолға қою қамтамасыз етеді.
Қазіргі саясаттануда демократияның болуының қажетті негізгі шарттарының
бірі, электоральдық терминіне біріктірілген келесі аталған шарттар
есептеледі:
азаматтардың жалпы сайлау құқығын қамтамасыз ету;
азаматтардың сайлау қызметін алуға талаптануы;
сайлауды тәуелсіз, ақиқат, бәсекелестікпен жүйелі жүргізу;
Конституцияда бекітілген үкіметтің шешімін бақылау құқығы берілген
тұлғаларды бөліп тастау;
саяси оппозицияға қатысты қиындықтарды болдырмау;
азаматтарға тәуелсіз ассоциация және ұйымдарға кіруге және құруға құқық
беру;
азаматтарға ақпараттар алуға еркіндік беру.
Ашық сайлау институттары әртүрлі саяси жүйелердегі авторитарлы құрылымның
пайда болуына қарсы тұрып, саяси жүйенің жауапкершілігін арттыру негізінде
демократиялық қоғамның саяси үрдісіндегі басты рөлді атқарады.
1998 жылы Конституцияға сайлау өткізу құқығын өзгертуге арналған
толықтырулар енгізілді. Саяси партияның рөлі күшейді, олар дауыс берудің
пропорционалдық жүйесін енгізу нәтижесінде заң шығару жұмыстарына
араласатын болды.
Қазақстандағы партиялық-электораттық демократияның даму динамикасы
мемлекеттің саяси тұрақтылығын қамтамасыз етті. Бірақ, барлық заңдардың
орындалу қажеттігі күшейді. Қазақстанда сайлау құқығының мжиі-жиі
бұзылғандығынан парламент жұмысы әлсіреді. 1995 жылғы конституциялық
дағдарыс осының айғағы. Қазіргі кезеңде бұрынғы кеткен кемшіліктерді
қайталамау және сайлау жүргізуде демократиялық нормаларда шығып кетуге жол
бермеу маңызды. Қазақстанның сайлау заңы бойынша қалыптасу динамикасына сай
өзгерістер енгізуді қажет етеді. Оның ішіндегі саяси реформалардың басты
бағыты демократияландыру болды. Оны саяси партиялар және қоғамдық
бірлестіктер қолдады. Саяси құқықтың күшеюі, ерікті ақпарат құралдарының
рөлін арттыру демократиялық жаңару динамикасын күшейтті. Жаңа мүмкіндіктер
2007 жылдың конституциялық реформасына сәйкес ашылды.
2012 жылдан кейін Президент билігі мерзімінің 7 жылдан 5 жылға
қысқартылуы Қазақстан қоғамына тиімді болады. Сенатта депутаттардың 8
адамға көбеюі Елбасының нұсқауы бойынша Сенатта ұлттық- мәдени және басқа
да қоғамның маңызды мүдделерінің жетіспеушілігінен болды. Қос палаталы
Парламенттің күшейтілуі Қазақстанның саяси имиджін күшейтті. Парламенттің
саяси потенциалының күшеюі оның мүшелерінің және саяси партиялардың
биліктілігіне, беделділігіне және қоғамдық саяси мәдениетіне байланысты
бола түсті.

Демократия
Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген
сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз
бірнеше мағынада қолданылады:
Мемлекет түрі.
Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген
ұйымның ұйымдастырылу түрі.

Қоғамдық құрылымның мұраты.
Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті
демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті
басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады.
Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп
отырады.
Демократия' теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң
шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы
керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс.
Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен,
демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне
негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.[1]
Демократияның түрлері
Демократия - алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер,
қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне
негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының
негізгі түрлерінің бірі, халық билігі.
Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл
ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен
демократия мен авторитаризм белгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін
енгізілген.
Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне
негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтын
қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо),
сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің
теориясы мен тәжірибесі).
Тікелей демократия- халықтын жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда
билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы
азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай
форманың негізгілерінің бірі референдум.
Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар
арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі
тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-
бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия
жолымен қабылданған шешімдер ие болады.[2]
Демократияның антикалық, классикалық теориялары
Тұңғыш демократиялық мемлекет б.з.д. V ғасырда Афиныда дүниеге келген.
Мұнда “халық кеңесі” жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын
жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с. Бірақ
халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға
Афиныға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен
құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды
басқару қиындыққа түседі деп қорықты.
Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны
“бесжүздік” деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді
дайындады.
Сонымен қатар “халық соты” жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап
отырды. Афинылық демократия Периклдің (б.з.б. 490-429) басшылық еткен
дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афинылық демократияның алтын ғасыры
болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі
бөлінді. Демократия Ежелгі Римде де болған. Мұнда “халықтық мінбе” жұмыс
істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған.
Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық
адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты.
Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешелігі
болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз
көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады.
Иозеф Шумпетер (1883-1950) демократияның “Шумпетерлік” теориясын жасады.
Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай
қажет:
Маңызды мемлекттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай билікті, маман
өкілдері тобы болу тиіс.
Саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын
шешімдер қабылдауы керек.
Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын
дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек.
Демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда топ өкілдері
қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.
Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі
Принциптері:
Билік органдарын сайлау.
Биліктің бөлінуі.
Саяси пікірдің әртектілігі.
Бостандық, жауапкершілік бірлігі.
Заң.
Қоғамдық пікірді ескеру.
Азшылықтың өзіндік көзқарасқа хұқы.
Жариялылық.
Жүзеге асыру формалары
Сайлау өткізу, есеп беру.
Жобаларды бүкілхалықтық талқылау.
Референдум өткізу.
Митинг, жиналыс.
Съезд, конференция, пленум.
Шеру, бойкөрсетулер.
Сессия
Шетелге сапарлар.
Ереуілдер
Демократиялық қоғам белгілері
Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік
салаларына қарай бөлуге болады.
Экономика саласында
Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы;
Меншік түрлерінің әркелкілігі;
Ауқымды өндіріс демократиясы қажет;
Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қоғауы;
Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы;
Мүгедектермен,табысы төмен топтарға қамқорлық жасау;
Саяси салада
Саяси пікірдің әралуандығы;
Көппартиялылықтың болуы;
Демократиялық сайлау жүйесінің болуы;
Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы;
Оларды іс жүзінде қолдану;
Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы;
Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы;
Оппозицияның болуы;
Рухани салада
Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық, т.с.с. бостандықтар жүйесінің
болуы;
Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы;
Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы;
Оқу-ағарту мекемелер жүйесінің болуы;
Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол
жеткізу;
Зұлымдық, қаталдық, нәсілшілдік насихатынын шектелу;

Әлеуметтік салада
Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім
қатынастарының болуы;
Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы;
Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы;
Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;
Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы;
Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған
еркін қол жеткізу;
Демократияның алуан түрлі элитарлық теориясы
Демократияның тобы топ (элитарлық) теориясы бойынша халық саясаттан
шеттетіледі. Ал саяси шешімді аз ғана топ қабылдайды. Ол іріктелген,
қалаулы топ болуы қажет.
Демократияның марксистік теориясында тапқа үлкен мән береді.
“Ақпараттық демократияның” негізін салушы Франция саясатшысы М.Рокар. Оның
демократиясы сайланған адамдар, ақпарат құралдары және сайлаушылар
арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Халық өзінің таңдау құқығын
ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады.
Демократияның экономикалық теориясында саясат билік қатынастарын нарықтық
қатынастармен байланыстырады. Тура демократияда халық маңызды саяси
шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге тікелей қатысады. Оның ұтымды
жақтары:
халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың
ұтымдылығын арттырады;
халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол
ашады;
саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз
етеді, билік мұратын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың
халықтан алшақтануына, шенеуніктердің бюрократталуына жібермейді. Тура
демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң
шығару немесе ішкі және сыртқы мәселені шешу үшін сайлаушылардың көңілін
білдіруі жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасында референдум арқылы
Президенттің өкілдігі ұзартылады.
Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді оларға сайлау
арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау
құқығы беріледі. Оны президент, үкімет, партия, т.с.с. дайындайды. Мұнда
халықтың жобаны дайындауға қатынасу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП АРАҚАТЫНАСЫ
Азаматтық қоғамдағы мемлекеттік саясат
Мемлекет, теориялық негіздері
Демократиялық режимнің белгілері
Саяси құндылықтар жүйесі
Азаматтық әңгіме мен үкіметті, саяси партияларды біріктіретін қажетті байланыс
Заңдылық құқықтық мемлекеттегі қоғам өмірінің жағдайы ретінде
Қазақстан Республикасын құқықтық әлеуметтік мемлекет ретінде қарастырып, оның әлеуметтік құқықтық деңгейін анықтау
Құқықтық мемлекет: түсінігі,түрлері және белгілері
Заңдылықтың түсінігі және қағидалары
Пәндер