Кәсіпорындардың экономикалық тиімділігігінің көрсеткіштері және оған әсер ететін факторлар



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

1.1 Нарық экономикасына көшудегі ең басты мәселелері ... ... ... ... ... ... ...8

1.2 Кәсіпорындардың экономикалық тиімділігігінің көрсеткіштері және оған әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

1.3 Кәсіпорындағы жоспарлаудың рөлі мен орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ШАРАЛАРЫ ... ... ... ..27

2.1 Нарықтық экономика тұсындағы кәсіпорындардың экологиялық таза өнім өндірісінің әлеуметтік.экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

2.2 Экономикалық . математикалық модель арқылы кәсіпорынның экономикалық тиімділігін зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
3. «Үштөбе.Айдын» ЖШС.нің экономикалық тиімділігін арттыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42

3.1 Бизнес.жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
КІРІСПЕ

Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіру, өндіруші сектордың тиімділігі мен макроэкономикалық қайтарымдылығын едәуір арттыру қажет. Сондай-ақ әртараптандыру, инфрақұрылымдық дамыту және жоғары технологиялық одан әрі индустрияландыру негіздерін жасау арқылы Қазақстан экономикасының өсуі мен тұрлаулылығын басқаруға көңіл аудару қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің клубына қарай ілгерілеуі үшін Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту қажет.
Бұл жолда Қазақстан мен өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрі әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзімізде іске асыра отырып, біздің:
Біріншіден, қандай да бір табыстарға қолымыз жетіп үлгерген секторларды жаңғырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет;
Екіншіден, жаңғырта жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек [1].
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi, шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге болады. Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
Шикізаттық ресурстар өндірісі мен экспортын белсенді дамыту ұлттық экономиканың дағдарыстан шығуына және экономикалық өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күннің басты стратегиялық міндеті – экстенсивтіге негізделмеген, жоғары технологиялы өндіріске және ұлттық экономикалық жүйенің жаңа ұйымдық құрылысының бәсекелі артықшылықтарына шығу есебінен экономиканың өсу сапасына көтерілу.
Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің орта мерзімді кезеңдегі стратегиялық мақсаты орнықты даму қағидаттарының негізінде еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады [2].
Үкімет күш-жігерді Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және еліміздің азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы институционалдық және экономикалық жағдай жасауға барынша бағыттайды. Бұл Қазақстанның таяу он жылда әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық міндетті шешуді қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді. Ғылыми жұмысымыздың мақсаты – жалпы жоспарлаудың экономикалық тиімділігін анықтау.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:
- экономиканы жаңарту жағдайында өңдеуші кәсіпорындардың жоспарлау мәселелерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасында «Үштөбе-Айдын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. тиімділігін арттырудың өзекті мәселелерін анықтау;
- кәсіпорынның экономикалық тиімділігін бағалау;
- Қазақстанда өңдеуші кәсіпорындардың тиімділігін арттыру тетіктерін анықтау;
- «Үштөбе-Айдын» компаниясының жоспарын жақсарту жолында симплекс әдісін қолданып, оптималды шешімін табу,
- кәсіпорынның экономикалық тиімділігін арттыру үшін нақты бизнес-жоспарды құру.
Ғылыми жұмысымыздың зерттеу объектісі ─ «Үштөбе-Айдын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
теориялық және әдістемелік негізін кәсіпорынның жоспарлау мәселелері және оны математикалық мадельдеу арқылы оптималдау бойынша мәліметтерді отандық, бірқатар шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық құжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері, сүт өнімдері саласында қызмет ететін «Үштөбе-Айдын» ЖШС-нің жылдық есептемелік құжаттары құрайды.
Ғылыми жұмысымыздың құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер көздерінен тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ

1. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық
дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы
2. «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылдың 28 ақпанындағы Қазақстан халқына Жолдауы
3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын дамытудың 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасы
5. «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан халқына Жолдауы
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
7. ҚР-ның статистикалық жинағы - 2005ж.
8. ҚР-ның статистикалық жинағы - 2006ж.
9. Алшанов Р. «Жаңа экономикаға барар жолда». Егемен Қазақстан -2004ж. 24 желтоқсан
10. Алшанов Р. «Қазақстан және даму өрісі». Егемен Қазақстан - 2002ж. 31 шілде
11. Алшанов Р. «Қазақстан экономикасы дамудың жаңа кезеңінде». Егемен Қазақстан - 2004ж. 5 мамыр
12. Арыстанбеков Қ. «Қазақстанның дамуы қай деңгейде?: Әлем және Қазақстан». Егемен Қазақстан – 2005ж. 13 қыркүйек
13. Ашанұлы Қ. «Экономикамыздың дамуына инвесторлардың да үлесі бар: Елбасы Жолдауына орай». Ана тілі – 2005ж. ақпан №6
14. Әбдірахман Н. «Біз бәсекеге қабілетті ұлт бола аламыз: Қазақстан Республикасының премьер-министрі Д.Ахметов». Жетісу – 24 қыркүйек
15. Әліпбай С. «Экономикамыздың даму қарқыны күткендегімізден де жоғары». Егемен Қазақстан – 2003ж. 30 сәуір
16. Әшімбаев М. «Жаһандану дүниесі және Қазақстан». Егемен Қазақстан – 2004ж. 28 сәуір
17. Байсақалова Н. «Көрер көз болса жетістіктер жеткілікті». Алматы ақшамы – 2006ж. 29 шілде
18. Еспаев Сәкен «Қазақстан экономикасы: нәтижелер, басымдықтар, міндеттер». Егемен Қазақстан 2006 ж. 31 қаңтар
19. Есполов Т. «Бәсекелестік бағытымен – орнықты экономикаға». Егемен Қазақстан – 2006ж. 14 сәуір
20. П.М.Нестерев «Экономика природопользования и рынок» Учебник для Вузов –М: 1997-413 стр.
21. Райхан Н. «Қазақстан экономикасы жедел жаңармақ». Абай – 2005ж. №3
22. Сағадиев К. «Жедел жаңару жолында: Жаңа экономика және әлеуметтік мемлекет туралы». Егемен Қазақстан – 2005ж. 23 ақпан
23. Глухов В.В «Экономические основы экологии» Уч. специальная материала СПГ: 1995-280 стр.
24. Барнгольц О.Б. «Экономический анализ хозяйственной деятельности предприятий и объединений». М, 1986г.
25. И.Л. Акулич «Математическое моделирование в примерах и задачах» 1998ж , 7-5 бет
26. В.А.Калемаева «Математическая экономика» Учебник второе издание М: 2002ж, 5-13 бет
27. Годин А.М. «Маркетинг». Учебное пособие - М.: Прогресс, 2001г.
28. Голубков Е.П. «Маркетинговые исследования». М: Филипресс, 1998г.
29. Дәуренбекова А.Н. «Қазақстан өнеркәсібінің деңгейін көтерудің экономикалық механизмі». Монография – Алматы: Экономика, 2005ж.
30. Жолдасбаева Г.Ө. «Кәсіпорын экономикасы». Алматы: Экономика, 2002ж.
31. Ихданов Ж.О. «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері». Алматы: Экономика, 2002 ж.
32. Ковалев А.И. «Маркетинговый анализ». Учебное пособие - М.: Контакт, 2000г.
33. Козлов Е.Н. «Товар и товарная политика». Экономика строительства, 2001г.
34. Нұрғалиев Қ.Р. «Қазақстан экономикасы». Оқу құралы - Алматы: Қазақ университеті, 1999ж.
35. Савицкая В.Г. «Анализ финансово - хозяйственной деятельности». Москва, 2000г.
36. INTERNET: www.Google.kz

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1. кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттырудың теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

1.1 Нарық экономикасына көшудегі ең басты мәселелері ... ... ... ... ... ... ...8

1.2 Кәсіпорындардың экономикалық тиімділігігінің көрсеткіштері және оған
әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

1.3 Кәсіпорындағы жоспарлаудың рөлі мен орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

2. Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың қызметін және экономикалық
тиімділігін талдау ШАРАЛАРЫ ... ... ... ..27

2.1 Нарықтық экономика тұсындағы кәсіпорындардың экологиялық таза өнім
өндірісінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

2.2 Экономикалық - математикалық модель арқылы кәсіпорынның экономикалық
тиімділігін зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

3. Үштөбе-Айдын ЖШС-нің экономикалық тиімділігін арттыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42

3.1 Бизнес-
жоспар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КӨЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57

КІРІСПЕ

Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында
айтылғандай, қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-
ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық
экономикаға ойдағыдай кіріктіру, өндіруші сектордың тиімділігі мен
макроэкономикалық қайтарымдылығын едәуір арттыру қажет. Сондай-ақ
әртараптандыру, инфрақұрылымдық дамыту және жоғары технологиялық одан әрі
индустрияландыру негіздерін жасау арқылы Қазақстан экономикасының өсуі мен
тұрлаулылығын басқаруға көңіл аудару қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті
елу елдің клубына қарай ілгерілеуі үшін Қазақстанды жеделдете жан-жақты
жаңғырта жаңарту қажет.
Бұл жолда Қазақстан мен өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрі әлемнің
озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзімізде іске асыра отырып, біздің:
Біріншіден, қандай да бір табыстарға қолымыз жетіп үлгерген
секторларды жаңғырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет;
Екіншіден, жаңғырта жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы
мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек [1].
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет
көрсетулер өндiрiсi, шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика
салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге; ұзақ
мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге болады.
Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа
шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi
өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және
баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
Шикізаттық ресурстар өндірісі мен экспортын белсенді дамыту ұлттық
экономиканың дағдарыстан шығуына және экономикалық өсудің жоғары қарқынын
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күннің басты стратегиялық міндеті – экстенсивтіге
негізделмеген, жоғары технологиялы өндіріске және ұлттық экономикалық
жүйенің жаңа ұйымдық құрылысының бәсекелі артықшылықтарына шығу есебінен
экономиканың өсу сапасына көтерілу.
Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің орта мерзімді кезеңдегі
стратегиялық мақсаты орнықты даму қағидаттарының негізінде еліміздің
бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады [2].
Үкімет күш-жігерді Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін
және еліміздің азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы
институционалдық және экономикалық жағдай жасауға барынша бағыттайды.
Бұл Қазақстанның таяу он жылда әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50
елдің қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық міндетті шешуді қамтамасыз
етуге
мүмкіндік береді. Ғылыми жұмысымыздың мақсаты – жалпы жоспарлаудың
экономикалық тиімділігін анықтау.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:
- экономиканы жаңарту жағдайында өңдеуші кәсіпорындардың жоспарлау
мәселелерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасында Үштөбе-Айдын жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі. тиімділігін арттырудың өзекті мәселелерін анықтау;
- кәсіпорынның экономикалық тиімділігін бағалау;
- Қазақстанда өңдеуші кәсіпорындардың тиімділігін арттыру тетіктерін
анықтау;
- Үштөбе-Айдын компаниясының жоспарын жақсарту жолында симплекс
әдісін қолданып, оптималды шешімін табу,
- кәсіпорынның экономикалық тиімділігін арттыру үшін нақты бизнес-
жоспарды құру.
Ғылыми жұмысымыздың зерттеу объектісі ─ Үштөбе-Айдын жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі.
теориялық және әдістемелік негізін кәсіпорынның жоспарлау
мәселелері және оны математикалық мадельдеу арқылы оптималдау бойынша
мәліметтерді отандық, бірқатар шетелдік ғалымдардың еңбектері,
монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі
мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық құжаттар,
нормативтік-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының Президенті мен
Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық
агенттігінің мәліметтері, сүт өнімдері саласында қызмет ететін Үштөбе-
Айдын ЖШС-нің жылдық есептемелік құжаттары құрайды.
Ғылыми жұмысымыздың құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер көздерінен тұрады.

1 кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттырудың теориялық
негіздері

1. Нарық экономикасына көшудегі ең басты мәселелер

Елбасының 2007 жылдың ақпанындағы Жолдауында көрсетілгендей: Біз
мүлдем жаңа экономикалық жүйенің, демократиялық құқықтық мемлекеттің
іргетасын қалыптастырып, осы заманғы қоғамдық институттарды нығайттық, өмір
сапасы мен ұстындарын елеулі түрде өзгерттік. Біз ішкі тұрақтылыққа қол
жеткіздік, дамудың әлеуметтік базасының сенімділігін қамтамасыз етіп,
өңірдегі үздік экономиканы құрдық. Қазақстан өңірде геосаяси тұрақтылық пен
халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі маңызды міндеттерді
атқаратын халықаралық қоғамдастықтың толыққанды және жауапты мүшесі ретінде
орнықты [3].
Дегенмен оған жету үшін талай қиындықтарды бастан кешіруге тура келді.
Ауқымды реформалар жүргізілді. Егемендіктің алғашқы жылдарында ең қиын
жағдайлар экономика саласында болды, ең ауқымды реформалар да осы салада
жүргізілді.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдағы реформалардың алғашқы
басталар шағында алдымен экономикаға көңіл бөлу керек екендігін айтты.
Егемендік алғаннан кейінгі іс-қимылдың ең басты бағыты, шешуші басымдылығы
осы экономика саласы деп атап көрсетті. Бұл дұрыс пікір еді. Өйткені жеке
басты ғана емес, әр елді, әр халықты тұрмыс билейді. Ал тұрмыстың негізі
экономикада, оның тиімділігі немесе тиімсіздігінде. Сондықтан қоғам алдына
қоятын мақсаттың, оның орындалуы ел экономикасының мүмкіндігіне байланысты.
Саясат та экономиканың шоғырланған келбеті.
Егемендік алардың қарсаңында, Қазақстанда өндірістің өңдеуші салалары
өте мардымсыз дамыды. Жер астынан алынған, жер үстіндегі байлық та басқа
республикаларда, әсіресе, Ресейде өңделіп жатты. Сол кездері Қазақстан
экономикасына керек құрал-жабдықтардың 34 бөлігі Одақтың басқа өңірлерінен
келетін еді. Біз осындай Одақ экономикасына деген шексіз тәуелділіктің,
оның бұйымдарына деген үлкен мұқтаждықтың шеңберінде болдық [4].
Сонымен, республикааралық экономикалық байланыстар үзілді, басқа
жерлерден келетін жабдықтар тоқтады, өз еліңде жасалған бұйымдар да
бұрынғыдай басқа республикалардан көлемді сұраныс таппады. Соның салдарынан
республикадағы экономикалық кеңістік күрт шектеліп, азайды. Мысалы, 1992-
1993 жылдары Қазақстан халық шаруашылығының көптеген салаларында
кәсіпорындардың жартысына жуығы, ал жеңіл өнеркәсіп пен кейбір өңдеуші
салаларда 60-тан 80% дейіні жартылай жұмыс істеп немесе толық тоқтап тұрды.
Елде жұмыссыздық барынша өсіп, экономика дағдарысқа кірді [2].
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары экономикада орын алған қатты
күйзелістің себебі мен сипаты осылар болды. Қазақстандағы жалпы ішкі
өнімнің (ЖІӨ) жылдағы көлемі 40 пайызға жуық азайды. Осындай құлдыраудың
80% себебі елдің экономикалық байланыстарының үзілуінен болды. Тек бізде
ғана емес, басқа республикалардыңФ мамандары да осындай тұжырымға тоқтады.
Кешікпей нарыққа көшудің ауқымды реформалары басталды. Нарық
экономикасына көшудің ең басты мәселесі мемлекеттік мүлікті ыдыратып,
меншікті жекешелендіру болды. Қай елде болса да бұл өте жауапты науқан,
көптеген елдерде осы саладағы реформаларға жылдар емес, ондаған жылдар
кеткенін әлем тарихынан білеміз. Үш-төрт кезеңмен жіктелген меншікті
жекешелендіру науқаны бізде, Қазақстанда, 8-9 жылдың ішінде орындалды. 1995-
1997 жылдар мемлекеттік мүліктің 60%-на жуығы жекешелендірілді, 2001 жылы
елдің жекеменшік секторында кәсіпорындардың 74,4%, елдегі жұмыскерлердің
60%-нан артығы жұмыс істеп, олар республикадағы жалпы өнімнің 83%-ын
шығарып отырды. Кейін бұл көрсеткіштер тағы да өсті. Ал қазір Қазақстан
экономикасының қай саласын алсақ та олардың негізін қалайтындар
жекешеленген кәсіпорындар мен ұжымдар [5].
Қазақстандағы жедел реформалар негізінде нарық экономикасы қалыптасты,
олардың тиісті тетіктері жасалды, институттық орындары мен байланыстары
құрылды. Даму үрдісінде тұрақтылық орнай бастады. Әлем экономикасында
қалыптасқан өркениетті үлгі негізінде шетелдермен сауда-саттық қатынастары
орнап, олар жылдан-жылға кеңейе бастады. Нәтижесінде Еуропа Одағы, басқа
елдер Қазақстан нарық экономикасының елі деп танып, мойындады.
1997-1998 жылдардағы әлемдегі, әсіресе, Оңтүстік Азия елдеріндегі,
Ресей Федерациясындағы қаржы саласындағы күйзелістер Қазақстанға да теріс
әсерін тигізді. Дегенмен, 1999 жылы кейбір көріністері белгі беріп, 2000
жылдан бастап Қазақстан экономикасы үзбей тұрақты даму жолына шықты. Содан
бері әр жылда республиканың ЖІӨ 10% шамасында өсіп, даму қарқыны жағынан
ТМД елдерінің алдына шықты. Нәтижесінде, ЖІӨ-нің екі есе өсуіне
жоспарлағанымыздай 10 жылда емес, 8 жылда қол жеткізуімізге мүмкіндігіміз
толық бар [4].
Тұрақты даму жолы экономика саласында бұрынғыдан да ауқымды шаралар
белгілеп, оларды іске асыруға жол ашты. Қазақстанның табиғи байлығын,
өндіргіш күштерін, шетелдіктермен қатынастардан туған мүмкіндіктерді
пайдалана отырып, жаңа экономиканы түбегейлі және жан-жақты жасақтау осы
тұрақты даму жолына шығудан басталды.
Соңғы жыл мәліметтері тұрақты даму мысалы бола алады. 2005 жылы
Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің көлемі Орталық Азия мен Кавказдағы жеті
мемлекеттің ЖІӨ-дерінің жиынтық көлемінен асып түскен. Жан басына
шаққандағы ЖІӨ 5 есеге жуық – 1994 жылғы 700 доллардан 2005 жылғы 3400
долларға дейін өсті. 2006 жылы ЖІӨ-нің жылдық өсімі болжамды мәннен 2,1
пайыздық пунктке арта түсіп, 2005 жылғы деңгейге қарағанда 10,6%-ды құрады.
Бұл ретте халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 2006 жылдың қорытындылары
бойынша 5083 АҚШ долларын құрады.
Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсімі 2006 жылы 2005 жылмен
салыстырғанда 7%-ды құрады, өңдеуші өнеркәсіпте – 7,3%, тау-кен өндіруде –
7%. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсімі 2006 жылы өткен жылмен
салыстырғанда 7%-ды құрады. Көлік қызметтері 5%-ға, байланыс қызметтері
20,4%-ға ұлғайды. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 10,6%-ға
ұлғайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 20,1%-ға ұлғайды.
Сыртқы сауда айналымы 2006 жылы 37%-ға, оның ішінде экспорттың көлемі
37,3%-ға, импорт 36,4%-ға өсті.
Жұмыссыздардың саны 2,4%-ға азайды. Жұмыссыздық деңгейі
2005 жылғы 8,1%-ға қарағанда 7,8%-ды құрады. Халықтың нақты ақшалай
кірістері бағалау бойынша 10%-дан астам өсті.
Қаржы секторы экономиканың ең серпінді дамып келе жатқан салаларының
бірі болып табылды. Алдын ала деректер бойынша экономикаға кредиттердің
көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 82,7%-ға - 4736 млрд. теңгеге
дейін ұлғайды. Банк жүйесіндегі депозиттердің көлемі 2006 жылы 88,4%-ға
ұлғайып, 2007 жылғы 1 қаңтарда 3115 млрд. теңгені құрады.
Ұлттық Банк пен Үкімет қабылдап жатқан шараларға қарамастан,
2006 жылы инфляция деңгейі жеткілікті түрде жоғары деңгейде сақталды –
8,6%. Инфляция өсімінің түйінді факторларының ішінде банк жүйесінің жоғары
өтімділігі, кірістердің және халықтың тұтынуының өсуі, мемлекеттік бюджет
шығыстарының едәуір қарқынды өсуі, инфляция импорты байқалып отыр.
Ұлттық қордың активтері 14 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. Алтын-
валюта резервтерінің көлемі олардың есебінен 33 млрд. АҚШ долларынан
асты [4].
Соңғы 10 жылда ең төменгі жалақы 25 есеге жуық өсті; зейнетақылардың
орташа айлық мөлшері 4,6 есе ұлғайды; жеке тұлғалардың банктердегі
депозиттері мен бір тұрғынға шаққандағы салым көлемі іс жүзінде 36 есе
өсті. 2005 жылы бюджет саласы қызметкерлерінің: мұғалімдердің,
дәрігерлердің, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің, сондай-
ақ мемлекеттік қызметшілер жалақысының мөлшері орташа есеппен 30 пайызға
ұлғайтылды. Қазіргі кезде Қазақстандағы жалақы ТМД елдерінде Ресейден кейін
ең жоғарылардың бірі екенін атап өту қажет [6].
Қолымыз жеткен жетістіктер әрбір қазақстандықты қуантады. Алайда
дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар
проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға
болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың
әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың
босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының
мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның
дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан
артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың
болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан
әрi - ЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану
процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне
сәйкес келмеуi.
Осы кедергілерді жеңу үшін ашық экономиканы дамыту және оны жаңарта
отырып жетілдіру қажет. Осы жөніндегі Қазақстанның басым міндеттерінің
біріншісі - ел экономикасында қазір орын алып отырған сыңаржақтықтан
шығарып, тек қана табиғи ресурстарды игере беру емес, өңдеуші салаларды,
жаңа технология, техникамен жарақталған, өнімді өте терең өңдейтін өндіріс
салаларын дамыту. Екіншісі – тек қана нарық экономикасы емес, оның әлемнің
озық елдеріндегі ең тиімді үлгілерін енгізу, қазіргіден де жаңа, білім мен
ғылым, инновациялық технологиялар негізінде жұмыс істейтін экономиканы
жасақтау. Яғни жаңа экономика құру. Жаңа экономика дегеніміз білім мен
ғылым негізінде дамыған экономика, яғни тек өнім, тауар шығаратын экономика
емес, білімге білім қосып, ол ғылыми жаңалыққа айналып, ғылым жаңалығы жаңа
технология туғызып, соның негізінде дамитын экономика. Сондықтан да ол
бұрынғымен салыстырғанда дамудың ең тиімді жолы. Әлем тәжірибесіне
сүйенсек, қазіргі таңда дамыған елдерде жаңа технология, жаңа білім
негізінде ұлттық ішкі өнімнің 75-80%-ы жасалынады. АҚШ-та, Жапонияда,
Германияда, Канадада, Швеция, Финляндия, Норвегия елдерінде осы сипаттағы
жаңа экономика жан-жақты дамып келеді. Осы жолға Азия елдері де түсу
қамында.
Мемлекет басшысының соңғы екі Жолдауы осы олқылықтардың орнын
толтыруға, яғни өңдеуші өнеркәсіп салаларында бәсекеге түсуге қабілетті
және экспортқа негізделген тауарларды шығаруға бағытталды. Президент ұлт
алдына орасан үлкен мақсат қойып отыр: біз әлемнің бәсекелестікке қабілетті
ең мықты деген 50 елінің қатарына кіруіміз керек. Бұл нақты және шынайы
мақсат. Қазір біз бәсекелестік қабілет жағынан Ресейден кейін тұрмыз.
Әлемнің бәсекелестікке қабілеті алғашқы 50 елінің қатарына қосылу үшін —
бәсекелестік қабілет бойынша жоспар қажет. Елбасы Жарлығымен
Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру
мақсатында келешекке есептелген бірнеше бағдарламалар қабылданып, іс-
шаралар жүзеге асырылуда.
Қабылданған бағдарламалардың бастысы ретінде Қазақстан
Республикасының Индустриялық- инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
арналған стратегиясын атап айтуға болады.
Бұл Стратегия Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай
туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi
бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан
кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес
әзiрлендi.Тұтас алғанда Стратегияны iске асыру үш кезеңде: бiрiншi - 2003-
2005 жж., екiншi - 2006-2010 жж., үшiншi - 2011-2015 жж. жүзеге асырылады.
      Бiрiншi кезең (2003-2005 жж.) басты түрде дайындық сипатындағы iс-
шараларды жүзеге асыруға байланысты болады. Стратегияны табысты түрде iске
асыру мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, жаңа заңдар әзiрлеу, инвестициялық және
инновациялық жобаларға мемлекеттiң қатысуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк
институттар құру, мамандарды даярлау, мемлекеттiң қатысуымен iске
асырылатын тиiмдi жобаларды айқындау көзделедi.
Екiншi кезең (2006-2010 жылдар) Стратегия iс-шараларын экономиканың
барлық салаларында белсендi iске асыру кезеңi болады. Бұл халықаралық
стандарттар бойынша ғылым мен техниканың жетiстiктер негiзiнде қуаттарды
құру, сондай-ақ қажеттi мамандарды даярлау жөніндегі мәселелерiн кешендi
шешуге мүмкiндiк бередi.
Жеке сектордың, шетел инвесторларының, мемлекеттiк бюджет пен
мемлекеттiк қаржы институттарының қаржы ресурстары бiрыңғай бағытта жұмыс
iстеп, инфрақұрылымды дамыту, қайта жаңғырту, жұмыс iстейтiн кәсiпорындарды
кеңейту және жаңа өндiрiстер құру проблемаларын кешендi түрде шешедi. Бұл
ретте iрi, орта және шағын кәсiпорындарды үйлесiмдi дамыту қамтамасыз
етiледi.
Кейбiр кәсiпорындар құру нормаларын ескере отырып, индустриялық-
инновациялық даму стратегиясын iске асырудың алғашқы нәтижелерiн көредi.
      Экономиканы әртараптандыру саласындағы бiрқатар iлгерiлеуге
қарамастан экономиканы дамыту негiзiнен мұнай мен газды өндiру және
экспорттаудың өсiмi есебiнен қамтамасыз етiледi.[7]
Болжам бойынша 2010 жылы 2000 жылмен салыстырғанда ЖIӨ екi еселенуi
саласындағы стратегиялық мақсат мұнай мен газды өндiрудi дамыту қарқынының
өсуi есебiнен iске асады.
Yшiншi кезең (2011-2015 жылдар) Стратегияны iске асыру бөлiгiнде аса
өнiмдi болады. Осы кезеңде iске қосылған қуаттарды және жаңа салалар мен
рыноктардағы ҚҚТ дамыту жүзеге асатын болады. Тауарлар мен қызметтер
өндiрiсiнiң және экспорттаудың өсу қарқыны мұнай мен газ өндiрудiң өсiмiнен
асып түседi. Экономика салалары мен экспорт құрылымын әртараптандыру
жүредi.[1]
Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу кезінде күтілетін
нәтижелерді атап өтсем. Экономиканың өсу қарқыны жылына кемiнде 8,8-9,2%-ды
құрайды. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемiн 3,5-3,8 еседей
ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық
өсу қарқынын 8-8,4%-ке дейiн жеткiзуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы
еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыруға және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2
есе төмендетуге мүмкiндiк бередi.
Стратегияны iске асыру:ЖIӨ құрылымында өнеркәсiптiң үлестiк салмағын
2015 жылы 46,5%-тен 50-52%-ке дейiнгi мөлшерде ұлғайтуға;
ЖIӨ құрылымында ғылыми және ғылыми- инновациялық қызметтiң үлестiк
салмағын 2000 жылғы 0,9%-дан 2015 жылы 1,5-1,7%-ға
арттыруға;
ЖIӨ құрылымында өңдеушi өнеркәсiп үлесiнiң төмендеу қарқынын 2000
жылғы 13,3%-тен 2015 жылы 12-12,6%-ке дейiн төмендеуiн бәсеңдетуге
(салыстыру үшiн бұл көрсеткiш индустриялық саясат жүргiзiлмесе, 2015 жылы
10,9%-тi құрайтын едi).
Сонымен қатар Стратегия iске асырылмаса, өнеркәсiптiк өндiрiстегi кен
өндiру салаларының қосылған құнының үлесi, оның iшiнде мұнай өндiру 2000
жылғы 31,0 және 25,6% қарағанда 2015 жылы тиiсiнше 55-56% және 50-51%-ке
жетуi мүмкiн. Стратегияны iске асыруды есепке алғанда кен өндiру
кәсiпорындары 46-47%-тi ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды көп қажет ететiн
және жоғары технологиялық өндiрiс орындарының үлесi 2000 жылғы ЖІӨ 0,1%-нен
2015 жылы 1-1,4%-ке дейiн артады.[2]
Өңдеушi өнеркәсiптiң қосылған құнының құрылымында сапалық өзгерiстер
болады. Металлургияның және металдарды өңдеу үлесi
өңдеушi өнеркәсiптiң қосылған құнының жалпы көлемiнiң 40,1%-нен 27-28%-ке
дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiн
өңдеу үлесi 38,1%-тен 45-46%-ке дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды көп қажет
ететiн және жоғары технологиялы өнiмнiң үлесi 2000 жылғы
0,6%-пен салыстырғанда 9-11%-тi құрайды.[1]
Стратегияның бірінші кезеңінде Қазақстанның даму банкі, Инвестициялық
қор, Инновациялық қор, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру
жөніндегі корпорация сияқты даму институттары құрылды. Осы институттардың
қызметтеріне тоқталсам,       Қазақстанның инвестициялық қорының (ҚИҚ)
мақсаты Қазақстанда да, шет елдерде де кәсiпорындардың жарғылық капиталына
үлестiк және бақылаусыз қатысу арқылы жеке сектордың экономиканың
шикiзаттық емес секторындағы бастамаларына қаржылай қолдау көрсету болып
табылады.
      Қазақстанның Даму Банкiнiң негiзгi мiндетi ұзақ мерзiмдi және
орташа мерзiмдi төмен проценттi банк кредиттерiн, оның iшiнде экспорттық
кредиттер беру арқылы, сондай-ақ басқа кредиттiк институттар беретiн
заемдар мен кредиттер бойынша кепiлдi мiндеттемелер беру арқылы жеке сектор
мен мемлекеттiң бастамаларына (инфрақұрылымдық жобалар бөлiгiнде) қаржылай
қолдау көрсету болып табылады.
Ұлттық инновациялық қордың (ҰИҚ) мақсаты- технопарктер, бизнес-
инкубаторлар салу, венчурлы қорларды ұйымдастыру. Қазіргі кезде ҰИҚ - ның
құрамында 9 венчурлы қордың қаржысы бар, олардың бесеуі отандық та қалған
төртеуі- шетелдік.[4]
Қазіргі кезде Қазақстанда венчурлық қор жүйесін қалыптастыру үлкен
маңызға ие болып тұр, бұл әсіресе заңдық шығармашылық барысында өте тиімді.

ҰИҚ өз жұмысының төрт бағытын анықтады; мұнай-газ секторына
технологиялық қызмет көрсету, информациялық технология, ауыл шраушылығы
өнімдерін қайта өңдеу. Сондай-ақ биотехнология мен фармакология саласында
да жұмыстар жүргізу. Бұл мақсаттарға қаржының жетпіс пайызы бөлініп отыр.
Қалған ақша ұқсас технологияларға, энергетикаға, нанотехнологияға,
космостық технологияға жұмсалатын болады.
ҰИҚ түрлі деңгейдегі талдау жұмсытарын жүргізу, Озық жетістіктер
орталығын құру, экономиканың нақтылы секторымен тығыз байланыс орнатып,
озық жетістіктерді ғылым мен техниканы дамытуға кеңінен пайдалану
мақсатында Бүкіләлемдік банкпен бірлесіп жұмыс істеуде. Бұл жоба 2005 жылы
Қоғамдық форумда қабылданған болатын.[8]
Қор өз жұмысын Азаматтық зерттулер мен талдаудар жасау жөніндегі
белгілі американдық қормен байланыс орнатып, қазақстандық қор ғылыми-
зерттеу бағдарламасын да жасады. Осының барысында бірігіп түрлі семинарлар,
жиналыстар, ғылыми- зерттеу шараларын жүргізу жөнінде өзара келісімге қол
қойылды. ИНТАС Европалық Одағымен бірлесе отырып, 2006 жылы ҰИҚ
инновациялық гранттардың халықаралық байқауын өткізді. Оның бюджеттік қоры
500 мың евро болды. Бұл қаржы екі жақтан бірдей бөлінді. Осы байқау
барысында 10 жоба қабылданып, оларды іске асыру үшін 50 мың евро
бөлінді.Жобалардың мерзімі- бір жылдан үш жылға дейін. Кейін, тәуелсіз
талдау жасаушылар түскен жобаларды ғылыми жағынан зерттеп, нәтижесінде үш
жоба ғана қаржыландырылатын болды. ҰИҚ жүргізіп отырған бұл байқаулар
еліміздің инновпациялық дамуының қайнар көзіне айналады десек, артық
айтқандық емес. Ең алдымен бұл жас, тәуелсіз мемлекетіміздің халықаралық
аренада беделін көтеруге септігін тигізеді.
Соңғы кездері қор шетелдік КИСО - систем, КИФАЛ және басқа да
технологиялық компаниялармен байланыс жасауда. Германиядағы және Ресейдегі
Мәскеу мемлекеттік университеттерімен қолданбалы технологияларды
Қазақстанда дамыту мақсатында келісім шаралар жүзеге асты. Бұл екі үлкен
серіктестер қорға аса үздік технологияларды тиімді пайдаланудың жолдарын
көрсетеді, ғалымдарды тәжірибе- конструкторлық жұмыстаға кеңінен тартатын
болады. Жалпы инновациялық ұлттық қор қосымша құн алу мақсатында ізденістер
жасап, жоғары технологиялық жобаларды еліміздің индустриясына енгізуге
ұмтылатын болады.
ҰИҚ-ның қазіргі кезде алдында тұрған бірден-бір міндеті - ғылым мен
инновация саласында Қазақстан және ЕС аймағында орасан зор жұмыстар
жүргізу. Осы мақсатта Европалық Комиссияның Қазақстандағы өкілдіктерімен
келіссөздер жүріп жатыр.
Қор ең үздік инновациялық шешім жасау жөнінде байқау ұйымдастыруда,
оның жүлдегері 50 мың доллар көлемінде сыйақы алатын болады. Сондай-ақ ең
үздік экологиялық жобаға да конкурс ұйымдастырылды, оның құны - 25 мың АҚШ
доллары. Сондай–ақ Сауд Арабиясының Мұнай университетінде магистратура және
докторантурада оқу үшін де грант бөлінді.
Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорацияның негiзгi мiндетi саяси
және регулятивтiк қатерлердi сақтандыру және қайта сақтандыру арқылы
қазақстандық өндiрушiлердiң тауарлары мен қызметтерiнiң экспортына тiкелей
жәрдемдесу болады. Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация қазақстандық
өнiмнiң экспортын дамыту, ықтимал өткiзу рыноктары туралы ақпаратты
зерделеу және кейiннен тарату үшiн маркетингтiк зерттеулер жүргiзетiн
болады. Бұл жалпы әлемге танылған тәсiл болып табылады әрi қаржылық және
әкiмшiлiк тұрғыдан алғанда экспорттық трансакцияларды жеңiлдетуге тиiс.
Отандық сақтандыру рыногының өсуi және оның экспорттық-импорттық
операциялармен байланысты тәуекелдердi сақтандырудың дайындығы бойынша
Экспортты сақтандыру корпорациясы коммерциялық сақтандыруды қысқартып,
саяси тәуекелдердi сақтандыру мен халықаралық рыноктар туралы коммерциялық
ақпаратты таратуға баса назар аударатын болады [9].
Қазақстанда 2015 жылға дейінгі кезеңде индустриалды-инновациялық даму
бағдарламасын жүзеге асырудың тетігі кластерлерді пайдалану.
Президент Жолдауында осы заманғы ғылыми орталықтар мен технологиялық
парктер құру мен дамыту, жаңа технологияларды игеру үдерісіне қолдау
көрсету мен кадрлардың білігін бағдарлаудың икемді жүйесін жасауға айрықша
маңыз берілді. Материалдық базасының артта қалғанына қарамастан Қазақстан
ғалымдары өнеркәсіптің көптеген салалары үшін бәсекеге қабілетті
технологиялық жетістіктерді жасап шығарды. Мына жағдай оған дәлел бола
алады, 2002 жылға дейін ғалымдар жаңа жабдық сатып алған емес. Бірақ соған
қарамастан, көптеген салада, айталық, тау-кен - металлургия кешенінде,
мұнай-химиясы, биотехнология, ядролық және ғарыштық технология салаларында
айтарлықтай жетістіктерге ие болып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының
академиялық институттар миссиясы 1995 жылы технологияларға ішінара
сараптама жүргізгенде қазақстандық ғалымдардың 23 жұмысы әлемдік деңгейде
жоғары бағаланды.
Үкімет 2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ұлттық
инновациялық жүйесін қалыптастыру мен дамыту бағдарламасын бекітті. Бұл
Бағдарламаның басты мақсаты – отандық, сондай-ақ шетелдік ғылыми әлеует пен
технологияларды пайдалану негізінде бәсекеге қабілетті түпкі өнім шығаруды
қамтамасыз ету. Осы бағдарлама негізінде университеттер мен технопарктер
жанынан бизнес-инкубаторлар жүйесін құру көзделген. Өңірлік және ұлттық
технопарктерді ашу, еліміздегі кәсіпорындардың мүмкіндіктері және олардың
инновациялық мақсатта қажеттілігі туралы деректерді жинақтайтын “виртуалды
технопарк” құру ісі де сол бағдарлама шеңберінде жүзеге аспақ. Инновациялық
инфрақұрылымды дамыту және инновациялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында
былтыр даму институттарының жарғылық қоры көбейтілді. Тұтастай алғанда 2004-
2005 жылдары республика бойынша қаржыландыру көздері есебінен 1,5 млрд. АҚШ
долларына жуық сомаға 395 жоба іске асырылды. Олардың 83% экономиканың
өңдеуші салаларында жүргізілді. Нәтижесінде 18 мыңдай жұмыс орны ашылды.
Венчурлық индустрияны енгізудің арқасында Кассат қазақстандық спутнигі
ұшырылды. Стратегия қабылданғанға дейін елімізде 19 технопарк пен 16 бизнес
инкубаторлар жұмыс істеп, экономикамыздың дамуына өз үлестерін қосқан,
Солтүстік Қазақстан облысы мен Астана қаласында тағы да 4 өңірлік технопарк
құрудың техникалық негіздемесі әзірленген. Инжиниринг және тхнологиялар
трансферті орталығы дейтін акционерлік қоғам ізденісімен Орал, Қарағанды,
Алматы қалаларында өңірлік технопарктер іске қосылды [18].
Дәл осы бағыттар Қазақстан экономикасының жаңа өсу нүктелері
болатындығы даусыз. Осы кластерлерді, мұнай-химия саласын, оларға ықпал
етуші ғылымды дамыту арқылы біз әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнімдер
мен қызмет түрлерін ұлғайта аламыз.

2. Кәсіпорындардың экономикалық тиімділік көрсеткіштері және оған әсер
ететін факторлар

Кәсіпорын тиімділігі – белгілі бір уақытта өндіріс ресурстарының
барлығын пайдаланғандағы соңғы нәтижелердің кешенді немесе жалпы көрінісі.
Кәсіпорын тиімділігі шығындардың ең төмен деңгейін сақтай отырып,
еңбек өнімділігін жоғарылатуды, өндірістік қуаттарды, шикізат пен материал
ресурстарын толық пайдалануды және ең жоғары нәтижелерге жетуді сипаттайды
[10].
Экономикалық тиімділікті бағалау үшін өндіріс нәтижелері шығындармен
салыстырылады:
Тиімділік ═ Нәтиже Ресурстар (Шығындар)
Өндіріс нәтижелері деп өндірістің пайдалы соңғы нәтижесін түсінеміз.
Ол келесі түрлерде болады:
1) натуралды және құндық сипаттағы өнім көлемімен өлшенетін өндірістік
үрдістің материалды нәтижесі;
2) кәсіпорын қызметінің халықшаруашылықтық нәтижесі. Ол тек
шығарылған өнім санын ғана емес, сонымен қатар оның тұтынушылық құнын да өз
құрамына кіріктіреді.
Белгілі бір уақыт кезеңіндегі кәсіпорынның өндірістік – шаруашылықтық
қызметінің соңғы нәтижесі болып таза өнім саналады, яғни жаңадан құрылған
құн. Ал коммерциялық қызметінің қаржылық нәтижесі болып пайда саналады.
Өндіріс тиімділігін өлшеу экономикалық тиімділік критерийлерін
анықтауға мүмкіндік береді. Бұл экономикалық тиімділік кәсіпорыннан жалпы
халық шаруашылығына дейінгі барлық сатыларда біркелкі болу керек.
Өнім динамикасы мен ресурстар динамикасы (шығындарының) арақатынасы
экономикалық өсу сипатын анықтайды. Өндірістің экономикалық өсуіне
экстенсивтік немесе интенсивтік тәсілмен қол жеткізуге болады. Өнімнің өсу
қарқынының ресурстардың немесе шығындардың өсу қарқынынан артық болуы
экономикалық өсудің басым интенсивті екендігін дәлелдейді [11].
Өндірістің экономикалық тиімділігінің жеткілікті жоғары қарқынды және
бірыңғай өсуін қамтамасыз ету мүмкіншілігі тек дамудың интенсивті түріне
өтуге жағдай жасайды. Бұдан шығатын қорытынды, өндірісті жан-жақты
интенсивтендіру – оның тиімділігін арттырудың шешуші себебі. Сөз ең
алдымен, әрбір материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының бірлігінің
қайтарымын арттыру үшін негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану туралы
болып отыр.
Өндіріс тиімділігі көрсеткіштердің бір-бірімен байланысқан жүйесінде
нақты сандық мағынаға ие. Бұл көрсеткіштер өндірістік үрдістің негізгі
элементтерін пайдалану тиімділігін сипаттайды. Өндірістің экономикалық
тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі келесі қағидаларға сәйкес келуі керек:
-өндіріс тиімділігінің нақты көрсеткіштерінің жүйесі мен критерийлері
арасындағы байланысты қамтамасыз ету;
- өндірісте қолданылатын ресурстардың барлық түрлерін пайдалану
тиімділігінің деңгейін анықтау;
- басқарудың әртүрлі деңгейлеріндегі өндіріс тиімділігін өлшеуді
қамтамасыз ету;
- өндіріс тиімділігін жоғарылатуға бағытталған өндірісішілік
резервтердің мобилизациясын ынталандыру.[8]
Аталған қағидаларды ескере отырып өндіріс тиімділігінің
көрсеткіштерінің келесі жүйесі анықталды:
1 Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалау
көрсеткіштері
Бір еңбеккерге шаққандағы орташа жылдық шығарым ═ Өнімді өткізуден
түскен түсім Еңбеккерлердің орташа тізімдік саны
Бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық шығарым ═ Өнімді өткізуден
түскен түсім Жұмысшылардың орташа тізімдік саны
Бір жұмысшыға шаққандағы орташа күндік шығарым ═ Өнімді өткізуден
түскен түсім Барлық жұмысшылардың еңбек еткен күн саны
Бір жұмысшының орташа сағаттық шығарымы ═ Өнімді өткізуден түскен
түсім Барлық жұмысшылардың еңбек еткен адам-сағат саны
Қор қайтарымдылығы ═ Өнімді өткізуден түскен түсім Негізгі
өндірістік қорлардың орташа жылдық құны
Қор сыйымдылығы ═ Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны
Өнімді өткізуден түскен түсім
Материал қайтарымдылығы ═ Өнімді өткізуден түскен түсім Шығындалған
материалдар ресурстарының орташа құны
Материал сыйымдылығы ═ Шығындалған материалдар ресурстарының орташа
құны Өнімді өткізуден түскен түсім
Базистік деңгеймен салыстырғанда бір жұмысшының орташа жылдық өнім
өндіруінің өзгеруіне нақты мына себептер ықпалын тигізеді:
* бір жұмысшының орташа жұмыс күнінің саны;
* жұмыс күнінің орташа ұзақтығы;
* бір жұмысшының орташа сағаттық өнім өндіруі.
Орташа жылдық және орташа күндік өнім өндіру бойынша жоспардың
орындалу пайызындағы алшақтық, жұмыс уақытының толық күндік жоғалуын
немесе есеп беру кезеңіндегі бір жұмысшының істеген жұмыс күні санының
өскенін бейнелейді. Орташа күндік және орташа сағаттық өнім өндіру бойынша
жоспардың орындалу пайызындағы алшақтық ауысым ішінде жоғалту болуымен
немесе керісінше, күні бойғы жұмыс уақытының ұзақтығы артқанымен байланысты
болуы мүмкін.[9]
Қор қайтарымы – негізгі өндірістік қорларды пайдалануды
қорытындылаудың көрсеткіші. Оның шамасы мен динамикасына кәсіпорынға
байланысты және байланыссыз себептер әсер етеді. Шаруашылықты интенсивті
жолмен жүргізу негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнының 1
теңгесіне өнім шығаруды жүйелі көбейтуді болжайды, оған механизм, машина
мен жабдықтардың өнімділігін арттыру, олардың босқа тұруын азайту,
техниканы оңтайлы жұмыс істету, негізгі өндірістік қорларды техникалық
мейлінше жетілдіру арқылы жетуге болады.
Шаруашылықпен айналысушы субъект қызметінің тиімділігін сипаттайтын
маңызды көрсеткіш, материал қайтарымы болып табылады, ол тауар өнімі
құнының жұмсалған материалдық ресурстар құнына қатынасымен анықталады.
Бұған кері көрсеткіш – материал сыйымдылығы, оған жұмсалатын материал
сомасы мен тауар өнімі шамасына әсер ететін себептер ықпал жасайды.
2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау көрсеткіштері.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық
тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің
қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз
етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын
деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып,
табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның
дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы. Қаржылық тұрақтылықтың мәні –
қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады.

Тәуелсіздік коэффициенті - меншікті капиталдың кәсіпорын активтерін
қалыптастыру көзінің жалпы көлеміндегі үлесін сипаттайды. Ол бойынша
кәсіпорынның қаншалықты деңгейде қарыз қаражатқа тәуелді екендігін және
меншікті қаражатын қалай пайдаланатынын білуге болады.
Тәуелділік коэффициенті – қарыз қаражаттарының жиынтық капиталдағы
үлесін сипаттайды. [11]
Қарыз және меншікті құралдардың арақатынасы – кәсіпорын активтерінің
қай бөлігі қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылғандығын көрсетеді, 1
теңгеге қанша қарыз тартылғандығын көрсетеді.
3. Кәсіпорын активтерінің өтімділігін мен төлем қабілетін бағалау
көрсеткіштері. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, активтер мен
міндеттемелер арасындағы жалпы сомасы бойынша, келіп түсу уақыты бойынша
әрдайым теңдікті өтімділік көрсетеді. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы
белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа
мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама
бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға
дайындығы мен жылдамдығы. Ал кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер
кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын
түсіну керек. Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін
кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және
дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен
пайдаланылады.
Абсолютті өтімділік коэффициенті - баланс жасалған мерзімінде немесе
жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.
Жедел өтімділік көрсеткіші – ағымдық міндеттемелердің қандай бөлігінің
тек ақша қаражаттары есебінен ғана емес, сонымен қатар жасалған жұмыс,
көрсетілген қызмет, тиелген өнім үшін келіп түсетін түсім есебінен
өтелетіндігін көрсетеді.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті – ағымдағы активтер мен
міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және
дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу
жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарын сату
жағдайындағы төлем мүмкіндігін көрсетеді.
4. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның
қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар
кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды
көрсеткіштер.
Өткізілген өнімнің рентабельділік коэффициенті
Қордың рентабельділік коэффициенті
Негізгі қызметтен алынатын табыс.
Сату көлемінің табыстылығы коэффициенті
5. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін
бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Іскерлік белсенділікті талдау кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді
пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық
коэффициенттерінің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті - жылына қанша рет айналу
мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі
сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгендігін көрсетеді.
Негізгі құралдардың айналымдылығы қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни
кәсіпорынның кезеңдегі өндірістік қорларын пайдалану тиімділігін
сипаттайды.
Меншікті капиталдың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан
сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе
жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың
айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншік иелері
(акционерлер, мемлекет немесе басқадай меншік иелері) тәуекелдік етіп салып
отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді.[12]
Тиімділіктің өсуіне әсер ететін факторлар:
Өнеркәсіптегі экономикалық тиімділік деңгейі бір-бірімен байланысқан
факторлардың көптүрлілігіне байланысты. Өнеркәсіптің әрбір саласы үшін
тиімділіктің арнайы факторлары сәйкес келеді. Бұл оның технико-экономикалық
ерекшеліктеріне байланысты.
Тиімділіктің өсуіне әсер ететін факторлардың барлығын үш белгі
бойынша классификациялауға болады:
1) тиімділікті жоғарылату көзіне байланысты, олардың негізгілері: өнім
өндірісінің материал-, еңбек-, қор-, капитал сыйымдылығын төмендету,
табиғат ресурстарын рационалды пайдалану, уақытты үнемдеу және өнім сапасын
жақсарту;
2) өндірісті жетілдіру және дамытудың негізгі бағыттары бойынша,
оларға: ғылыми-техникалық прогрессті жылдамдату, өндірістің технико-
экономикалық деңгейін жоғарылату, өндіріс құрылымын жетілдіру, басқарудың
ұйымдастырушылық жүйелерін енгізу; өндірісті жоспарлау мен мотивацияны,
еңбек қызметін ұйымдастыру әдістері мен түрлерін жетілдіру жатады;
3) өндірісті басқару жүйесіндегі сату деңгейі бойынша, ал осы жердегі
өндіріске байланысты факторлар келесі түрлерге бөлінеді:
А) ішкі (өндірісішілік), олардың негізгілері: өнімнің жаңа түрлерін
ойлап табу; механизациялау және автоматизациялау; жаңа құрал-жабдықтар мен
прогрессивті технологияларды енгізу; шикізатты, материалды, сондай-ақ отын
мен энергияны пайдалануды оңтайландыру; басқару стилін жетілдіру;
Б) сыртқы – бұл өндіріс пен өнеркәсіптің салалық құрылымын жетілдіру,
мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаты; нарықтық инфрақұрылым мен
нарықтық қатынастарды қалыптастыру.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең
бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен
көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты
және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз
байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі –
активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару
стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару
өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын
қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Маңызды факторлардың бірі – бұл қаржы ресурстарының құрамы мен
құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып
алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты
көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге, тек таза табыстың көлемі ғана емес, оны тарату
құрылымы, әсіресе, өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды
болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы
қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді.
Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық
мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, қаржылық тәуекелдік те
өседі – яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ
па? – деген қауіп туады.
Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық
кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
- шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем
қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындардың көлемі, олардың олардың ақшалай табыспен
салыстырғандағы динамикасы;
- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы
мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
- кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының
әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар
сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие
саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы
экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз
контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып
алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер
етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу –
жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине,
акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді
ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық
тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да
кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Сондай-ақ бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен
алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта – облигация құнын толық
өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық
кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие
алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру
туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық
жағдайын банктер осы кәсіпорынға несие беру орында ма, жоқ па, ал бұл
сұрақты дұрыс шешкен жағдайда – қандай пайызбен және қанша мерзімге деген
сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары
кәсіпорындармен келісімшартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы
органдары, әсіресе, салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын
қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті
төлемдерді уақытылы және толық төлей алады [10].
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және
оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің
және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы
экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгендігін
бағалайды.

1.3 Кәсіпорындағы жоспарлаудың ролі мен орны

Бастапқыда айтылғандай, яғни нарық экономикасына көшу кезіндегі
мәселелер кәсіпорынның тиімділігінің өсуіне әсер етеді, кәсіпорынның
тиімділігінің өсуі үшін жоспарлауды жетілдіру керек. Алайда бізге анығы
кәсіпорынның жоспары әрқашанда дәлме –дәл келмейді, яғни әрқашанда
ауытқушылық мәселесі туады. Демек кәсіпорын үшін жоспарлаудың маңызы зор.
Қандайда бір істің бастар алдында кәсіпкер өзінің не істейтінін қандай
мерзімге қандай әдістермен және оған қандай құралдар қолдану қажеттгін
ойлап алу қажет, керсінше жағдайда оның іс-әрекеті жүзеге аспау керек. Кез-
келген мақсат бағыттылық қызметті басқарудағы бірінші және негіз қалаушы
стадиясы болып мақсат қою процесі және оны жүзеге асыру әдістерін табу.[15]
Алдын ала көру, жоспарлау болжамдау процестерін мақсат қою стадиясына
жатқызуға болады. Кәсіпорынның басты мақсатына арналған идеалды өндірістік
моделді құру қортынды стадия болып табылады.
Кәсіпорынды басқару процесі үрдісі көптеген функциялардан арқылы
құралады. Функциялар түрлері жоспарлау мен болжамдау; ұйым, ұйым реттеу,
бақылау және тандау. Әр функция басқару обектісіне әсер ететін ақпараттар
мен тәсілдерін жасау технологиялық үрдістермен сипатталады.
Басқару фунциясы әрқашанда басқару мақсатына жетуге бағытталған.
Басқару функциясы жоспарлаумен, болжау функцияның шегінде қалыптасады.
Сондықтан жоспарлау мен болжау функциясы басқару жүйесінде артықшылық болып
табылады.
Басқару процестері техникалық процестің өзара әрекетін қамтамассыз
етеді деп те айтуға болады және де осы өзара әрекет технологиялық және
ұйымдық болуы мүмкін. Өндіріс технологиясында шығарылатын бұйымның ,
материалдың, өңдеу режимінің, құрал – жабдықтардың және т.б модельдері мен
құрылымдары үйлеседі. Технологияға қарағанда, өндірістік ұйым барлық
өндірістік кәсіпорын бөлімшелерінің қызметін уақытта және кеңістікте
үйлестіреді (цехтерді,учаскілерді,жұмыс орындарын және т.б)
Өндірістік процестің құраушы бөліктері өзара храналогиялық (алғашқы
процестің нәтижесі келесі процестің бастапқысына қызмет етеді) және
ирархияға (жоғарғы сатыдағы процестер төмегі сатыдағы процестерге белгілі
бір шектеулер қояды) байланысты, бұл кәсіпорында жоспарлаудың обьектісі
болып табылады.
Құрамына қарай өндірістік процесс, жоспарлау обьектісі ретінде
негізігі, көмекші және қызмет етуші еңбек процестерінің өзара байланысты
жиынтығын көрсетеді .Негізгісіне, өнімді дайындау процесі жатады, ол
кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын және сәйкесінше кәсіпорынның
мамандануын құрайды .Негізгі өндірістік процестің жиынтығын құрап, өзін
кәсіпорын жоспарлауында негізігі обьектісі ретінде ұсынады.Оның негізгі
мақсаты- өзара 3 кезеңді үйлестіру:дайындаушы, өңдеуші және жинаушы.
Көмекші прцестерге өнімді дайындаумен айналысатын және кәсіпорынның
негізгі өндірісінде тұтынылатын процестер жатады.Мұнда технологиялық
құралдар, штамптерді, модельдерді дайындау кіреді. Көмекші процестердің
жиынтығын көмекші өндіріс құрайды, бұның құрамына аспаптық, жөндеуші,
энергетикалық және тағы басқалары кіреді.Осы жұмыстың жоспары негізгі
өндіріспен тығыз байланыста өндіріледі және өз бетінше обьект болып
табылады.
Практика жүзінде ішкіфирмалық жоспарлаудың негізгі және қосымша
үрдістері нақты жағдайда жай және күрделі болып бөлінеді.
Жай деп- күрделі емес еңбек құралдарын жасау үрдісі, сонымен қатар
жеке алынған құрастыру үрдістерін айтамыз, мысылы, детальдарды жасау,
бірліктерді құрастыру және тағы басқалары. Жай үрдіс бұйым жасау кезіндегі
қатарлы тізбектес операциялар болып табылады.
Күрделі үрдіс деп- жай үрдістерді уақытында және орнында орындау
кезіндегі координаталған жиынтық.
Жай үрдістерді жоспарлау кездегі негізгі элемент ретінде операциялар
алынады. Операциялар адам арқылы (еңбектік операциялар) және адамсыз да
(табиғи операциялар) жасалады. Табиғи операцияларға мысал ретінде беттерді
бояғаннан кейін олардың кебуі, құймалардың ескіруі, соғылған дайындаулар
суын жатқызуға болады..
Қызмет көрсетуші үрдістер негізгі өндіріске өндірістік қызметтерді
қосады. Оған транспорттық қызметтер, материалдар мен жартылай фабрикатарды
қоймалау және сақтау, негізгі және қосымша өндірісте қолданылатын құрал,
инструмент, құрылғылардың нақтылығын бақылау және т.б.
Негізгі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МҰНАЙ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДА
Нарық экономикасына көшудегі ең басты мәселелері
Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері
Кәсіпорын қызметінде өнімді өткізудің әдістемесі
“Казхром” акционерлік қоғамының экономикалық жағдайы мен тиімділігін бағалау
Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі және мазмұны. Факторлық талдау әдісі
Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі
Кәсіпорын қызметінің маңызы және мақсаты
Аймақтық экономиканын бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау және бағалау
Өндірістік кәсіпорынның өзіндік құнын төмендету және пайданы көтеру жолдары
Пәндер