Қазақстан Республикасының қазіргі экологиялық мәселелері


Қазақстан Республикасының қазіргі экологиялық мәселелері

Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы кең-байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай - 2, 925 км ( Каспий теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін) . Солтүстіктен Оңтүстікке қарай - 1, 600 км. Батыс сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін. Қазақстанның жалпы ауданы (2, 7 млн. шаршы км) Франциядан бес есе артық. Бірнеше ландшафтық белдеулер мен тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала(6 %), дала(28 %), шөлейт(18 %), шөлді(40 %) . Қазақстанның Оңтүстік және шығыс шекараларын биік таулар көмкеріп жатыр. Қазақстан халқы 16 млн-нан астам адамды құрайды. Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайы қанағаттанарлық деп айта аламыз. Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады.

А аймағы - Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы приоритетті мәселе - табиғи ортаның мұнаймен ластануы.

А аймағына Қазақстанның негізгі мұнай өндірушілері болып табылатын Атырау мен Мағыстау облыстары жатады. Халқының саны 1, 47 млн. адам, немесе халықтың 5% -ынан кем бөлігін құрайды. Ал ұлттық өнімнің шамамен 16 % -ын береді. Каспий маңы аймағында мұнайгаз өнеркәсібінің айтарлықтай дамуы жоспарланып отыр. Каспий теңізінің солтүстігіндегі мұнай қоры - 3-3, 5 млрд. тонна және газдың - 2-2, 3 метр куб. Ағымдағы мұнай өндіру барлық қордың 1% құрайды. 1996 жылы елдің мұнай өндіру саласын қаржыландыру жүргізілді, жақын жылдары одан да артады.

Каспий теңізінде бекіре балығы мекен етеді. Ол ең жоғары сапалы уылдырықтың 95%-ын береді де, оның беретін табысы 10 млн. долларды құрайды. Шектен тыс аулаумен қатар, теңіз суының мұнаймен ластануы оның санын кемітеді. Сондықтан, биокөптүрлілікті сақтау мәселесіне көңіл аудару керек.

Қазақстанда мұнай өндіру 100 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ескірген технологияларды қолдану орасан зор экономикалық шығындар мен қоршаған ортаның бұзылуына әкеліп соқтырады. Топырақтың деградациясы, судың мұнаймен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шәлдену процестерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкеледі. Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандардағы орташа саны облыспен салыстырғанда жоғары. Канценогенді көмірсутектердің концентрациясының жоғары болуы бұл зонадағы қатерлі ісіктен болатын өнімнің басқа аймақпен салыстырғанда 2-4 есе жоғары болуына әкелді. Жас баланың өлімі мың балаға шаққанда 37 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.

Мұнай өндірілген жылдары 5 млн. тоннаға жуық мұнай төгілген. Бұл грунт пен беттік судың ластануына, өсімдіктердің жойылуы мен адамның ұшқыш органикалық қосылыстармен ластануына әкелді. Жыл сайын шамамен 740 млн. метр куб серіктес газдар жатады. Бұл тек бағалы шикізаттың жойылуына әкеліп соқтырмайды, сонымен қатар атмосфераның азот және күкіртсутектерімен ластануы мен осы маңдағы температураның жоғарылауына әкеледі.

В аймағына еліміздің шығыс облыстары жатады. Қазақстан Республикасының өнеркәсібі жоғары дамыған аймағы. Түсті және қара металургия, энергетикалық комплекс шоғырланған. Бұл аймақтағы мәселелер - қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы, урбанзацияланған территориядағы атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградациясы, ерекше қорғауға арналған территориялардың жеткіліксіздігі.

В аймағына солтүстік-шығыс облыстар - Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола жатады. Халқының жалпы саны 7 млн-нан астам. Аймақ тау-кен өндіру, көмір өнеркәсібі мен жылу энергиясын өндіретін орталық болып табылады. Аймақтың экономикасына ауыр өнеркәсіп: мұнай өндіру, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп маңызды орын алады. Территорияның басым бөлігін (4 млн. га) ормандар алып жатыр, бұл бүкіл Қазақстанның орман ресурстарының 50%-ын құрайды. Ресурстардың көп бөлігі Шығыс Қазақстан облысына кіреді.

Ертіс, Нұра, Есіл өзендерінің бассейндерінің су ресурстары-негізгі су көзі.

Республикамыздың астанасы Астана қаласы осы мәселелер аймағында жатыр. Шығыс Қазақстан облысында Семей ядролық полигоны орналасқан.

Аймақтың экономикасының дамуына ресурстардың күйі әсер етеді. Ертіс және Нұра өзенінің бассейндері 4, 1 млн. халықты сумен қамтамасыз етеді және ішкі өнеркәсіптік қажеттілік үшін 1700 Мвт энергия өндіреді. Бассейнаралық су беруді жоспарлау, қара Ертістен суды Қытай халық Республикасына беру мәселені шиеленістіруі мүмкін.

Тек бір Шығыс Қазақстан облысында 1, 5 млрд. тонна улы өнеркәсіп қалдықтары ( елде жиналғанның 90%) сақталған. Олар 32 мың га жерді алып жатыр. Бірнеше жыл бұрын Нұра өзенінің суын пайдалану, 25 жылдан бері сынаптың жиналуы себепті тоқтатылған. Су түбінде ластану мөлшері 200мг/кг құраған.

Ертіс өзеніне жалпы ластану және шығыс Қазақстан мен Павлодардағы керосиннің төгілу қауіпі төндіруде.

Өнеркәсіптік қызмет нәтижесінде ауа күкірт тотықтарымен, фенолдармен, формальдегидтермен, қатты бөлшектермен және қорғасынмен ластанған.

Семей ядролық полигоны 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс жасалып, 300 мың га территорияда радиоактивті жауын-шашын түскен.

Республикамызда жалпы сынақтан өткен ядролық жарылыстың 354-і жер астында, 87-і ауада, 26-сы жер бетінде сыналған. 1949 жылдың 29 тамызында ең алғаш атом бомбасы сынақтан өткізілген.

1995 жылы Шығыс Қазақстанда Орталық бөлігінде жүргізілген аэрограмма, спектрографиялық суреттер жер бетіндегі цезий-137 болғанын көрсетеді.

Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатындағы жер асты ядролық жарылыстар. 1995 жылға дейін Қазақстан территориясында әскери полигондардан тыс 32 жер асты ядролық жарылыстары жасалған. Олар әр түрлі халық шаруашылық міндеттерін шешу үшін, соның ішінде жер қыртысын сейсмикалық зерттеулер, Каспий маңы ойпатында тұзды мұнараларды жер асты кеңістіктерін жасау үшін жүргізілген. Қазіргі уақытқа дейін бұл жерлердегі жер асты суларының ластану дәрежесі мен маниторингі бойынша ешқандай жұмыстар жүргізілмеген.

1997 жылы бағалы қылқанжапырақтардың ормандардың үлкен теттиториясы (елдің ормандарының 10%-дан астамы) өрттер әсерінен жойылды. Бұл биоалуантүрліліктің кемуіне әкеліп соқтырды.

Экологиялық мәселелердің халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен денсаулығына әсері орасан зор: жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 300 млн. доллар ауаның ластануы - 266 млн. доллар. Аймақта қатерлі ісікпен ауыратындардың деңгейі өте жоғары аймағына - оңтүстік аймақтар жатады. Тұрақты сумен қамтамасыз етуді қажет ететін ауыл шарушылық бағытымен сипатталады. Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары жатады. Халық саны шамамен 5 млн. негізгі қызметі - ауыл шарушылығы. Ол суару үшін Арал және Алакөл - Балқаш бассейнінің өзендерінің суын пайданады. Аймақтың біраз бөлігінде ауа райы күртконтиненталды шөл аймағына жатады.

Ауыл шаруашылығының ұлттық өнімдегі үлесі 12%. 1990 жылы мал шарушылығы ауыл шаруашылық өнімнің 61%-ын құраса, ал 1996 жылы бұл көрсеткіш 38%-ға дейін кеміп отыр. Суармалы жерлер 17 млн. га жерді алып жатыр (Қазақстандағы суармалы жерлердің 70%-ы) . Бірақ оның көлемі тұздану мен өнімділігін жоғалту нәтижесінде үнемі кеміп келеді.

Аймақтың экологиялық мәселелері: негізінен су ресурстарын тиімсіз пайдаланумен, ластанумен байланысты. 1990-1996 жылдар аралығында 10 млн. га-дан астам жайылымдық жерлер өнімділігін жоғалтып, 17 млн. га егістік жерлер өндірістен шығарылды.

Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе - Арал теңізі.

Амудария мен Сырдария өзендерінің суын егістік жерді суару мақсатында тиімсіз пайдалану Арал теңізі деңгейін күрт төмендетіп, бұл аймақтың табиғи жағдайын нашарлатып жіберді.

Арал теңізінің таяздануы мен су айдыны көлемінің кемуі бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Арал жағалауы шөлге айналу қауіпі бар. Кеуіп қалған теңіз түбінен көтерілген тұз желмен ұшып, басқа жерлердегі жерлердің тұздылығын арттыруда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық құқықтың тарихы. Экологиялық құқықтың қайнар көздері
ҚР табиғатты қорғау туралы заңдары
Экологиялық қауіпсіздік ұғымы және оның экономикалық аспектісі
Қазақстанның экология саласындағы қозғалыстары, оның даму перспективалары
Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблемалар және оларды жоюдың құқықтық жолдары
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары
Қазақстан Респбуликасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру жолдары
Каспий аймағының экологиялық құқықтық мәртебесі
Өндіріс саласында қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері
Жергілікті деңгейдегі тұрақты даму саясаты мен стратегиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz