Демократиялық мемлекет идеясы
1. Кіріспе
Демократиялық мемлекет идеясы
2. Негізгі бөлім
2.1. Қазақстан Республикасындағы демократия және оның белгілері
2.2. Саяси партиялар Қазақстанда демократиялық қоғам құру жолында
2.3. Стратегиялар мен бағдарламалар
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаты демократиялық мемлекет құру болды. Бұл мақсат әлемдік өркениетті адамзатқа тән ортақ мақсат. Сол себепті адамзаттың озық ойы демократиялық мемлекет құрудың тиімді жолдары мен әдістерін үнемі іздестіріп келеді. Ал демократия ұғымына тоқталсақ (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздің қолданылу аясы кең:
• Мемлекет түрі.
• Тендік, сайлау, көпшілік дауыспеншешімқабылдаупринциптеріненегізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
• Қоғамдық құрылымның мұраты.
Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заңшығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократиядасонымен қатар бостандық, еркіндік болуыкерек.
Демократия деп халықбилігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принцип-теріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.Демократияның түрлері:
Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г.О'Доннелмен демократия мен авторитаризм белгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.
Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).
Тікелей демократия- халықтың жалпы мемлекеттік және жергіліктіауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесесайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.

1. А.С. Рахымбаева «Саясаттану» - Алматы,2006 ж.
2. «Ғасырлар тоғысында» - Н.Ә.Назарбаев
3. Е.С. Қуандық «Саясаттану негіздері» - Алматы, 2000 ж.
4. http://www.sarap.kzақпараттық сайты
5. «Қазақстан -2050»Стратегиясы http://www.akorda.kz

Жоспар:
Кіріспе
Демократиялық мемлекет идеясы
Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасындағы демократия және оның белгілері
Саяси партиялар Қазақстанда демократиялық қоғам құру жолында
Стратегиялар мен бағдарламалар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаты демократиялық мемлекет құру болды. Бұл мақсат әлемдік өркениетті адамзатқа тән ортақ мақсат. Сол себепті адамзаттың озық ойы демократиялық мемлекет құрудың тиімді жолдары мен әдістерін үнемі іздестіріп келеді. Ал демократия ұғымына тоқталсақ (гр. demos - халық және гр. kratos - билік) деген сөздерінен шыққан, яғни "халық билігі" деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздің қолданылу аясы кең:
Мемлекет түрі.
Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
Қоғамдық құрылымның мұраты.
Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада - заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек.
Демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принцип-теріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.Демократияның түрлері:
Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г.О'Доннелмен демократия мен авторитаризм белгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.
Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).
Тікелей демократия- халықтың жалпы мемлекеттік және жергіліктіауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.
Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады.
Демократияның ерекшелігі оның әмбебап сапаларымен қатар барлық елдерде біркелкі жүрмеуі және қайталанбауы. Әрбір мемлекет демократияға өз жолымен барады. Ол жолдар әлемдік ортақ құбылыстар мен қатар өзіндік ерекшеліктерді міндетті түрде әкеледі. Демократиялық мемлекет құрудың қиын да күрделі болуы әлемдік заңдылық. Ешбір мемлекет демократиялық қоғамды оңай орната салмайды.
Тұңғыш демократиялық мемлекет б.з.д. V ғасырда Афиныда дүниеге келген. Мұнда "халық кеңесі" жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с.Афинылық демократия Периклдің (б.з.б. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афиналық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінді. Демократия Ежелгі Римде де болған. Мұнда "халықтық мінбе" жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған.
Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты.
Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешелігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады.
Иозеф Шумпетер (1883-1950) демократияның "Шумпетерлік" теориясын жасады. Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет:
Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай билікті, маман өкілдері тобы болу тиіс.
Саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек.
Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек.
Демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.
Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізіндегі принциптері:
Билік органдарын сайлау.
Биліктің бөлінуі.
Саяси пікірдің әртектілігі.
Бостандық, жауапкершілік бірлігі.
Заң.
Қоғамдық пікірді ескеру.
Азшылықтың өзіндік көзқарасқа хұқы.
Жариялылық.
Жүзеге асыру формалары
Сайлау өткізу, есеп беру.
Жобаларды бүкілхалықтық талқылау.
Референдум өткізу.
Митинг, жиналыс.
Съезд, конференция, пленум.
Шеру, бой көрсетулер.
Сессия
Шетелге сапарлар.
Ереуілдер

Қазақстан Республикасының Конституциясында: Конституция "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық, әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу" деп көрсеткен (Жалпы ережелер, 1-бап).1990 жылы 25 қазанда, КСРО тарамай тұрғанда-ақ, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Одан кейінгі мерзімде бұл Декларация конституциялық, күші бар Жарлықтармен толықтырылды. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум нәтижесінде Жаңа Конституция қабылданды. Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иеленіп кете алмайды. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін билік пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
"Қазақстан халқы" деген конституциялық ұғым жергілікті қазақ ұлтымен тарихи тағдыры бір және ежелгі қазақ жерінде тұрақты дамыған көп сатылы біртұтас экономика мен жарқын өмір салтының негізінде ортақ тілекпен топтасқан адамдардың саяси этностық бірлігі болып табылатын Қазақстан халқының әлеуметтік ерекшелігін; Конституциялық жолмен белгіленген ұлттық, кәсіптік және азаматтық теңдігін, тең қолданылатын мемлекеттік және ресми тілдерді - сан қырлы қазақстандық мәдениет пен туысқандық менталитетті барынша нығайта түседі.
Қазақстан Республикасы - демократиялық мемлекет.
Біздің Республикамыздың жағдайында демократиялық мемлекет - ең алдымен Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлайды, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықты құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Басқару тәртібінің нысанына (президенттік, парламенттік) қарамастан, мемлекеттің жоғарғы органдары арқылы көпшіліктің еркін анықтауға және барынша жүйелі қорғауға қажетті жағдайлар жасайды.
Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жекелеген азаматтардың өз мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сөз, ар-ұждан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу ереуілге шығу құқығымен қоса, жекелей және ұжымдық, еңбек дауын шешу, сондай-ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік, тағы басқа да істерді басқару қызметіне қатысуға тең құқықтар беріледі.
Демократиялық мемлекеттің сипаттық ерекшелігі республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады. Мемлекеттік қызмет институтын реттеу 1995 жылғы Конституцияда қарастырылды.
Демократиялық мемлекет ретіндегі Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі - қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық. Демократиялық мемлекет саяси тәртіп жүргізудің демократиялық тәсілдері мен әдістерін көбірек қолданады.
Қазақстандық демократияның ажырамас конституциялық институты, сонымен бірге мемлекеттік жоғары лауазымды адамның (Президенттің) орнын алмастыру мен өкілдік органдарды (Парламентті, мәслихаттарды және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын) құру тәсілі - ерікті сайлау.
Ерікті сайлау үшін негізгі үш жағдай сақталуы тиіс. Біріншіден, баламалы ұйғарындылық, (альтернативтік), сайлаушының бірнеше кандидаттың біреуін ұйғару мүмкіндігін; екіншіден сайлау науқанының барлық сатысындағы қоғамдық бақылау үшіншіден, сайлаушылардың өз еркімен дауыс беруі. Қазақстан Республикасындағы сайлау өткізудің принциптері Конституцияда бекітіліп, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заң күші бар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Жарлығында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының құқықтық-нормативтік сипаттағы актілерінде егжей-тегжейлі белгіленген. Осы ереже бойынша, 1995 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының сайлауы өткізілді. Мемлекеттік биліктің бірлігін, үстемдігі мен тәуелсіздігін анықтайтын - елдің егемендігі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің біртұтастығы, аумағының бөлінбейтіндігі іске асырылды. Республика мемлекеттік билігінің тәуелсіздігі оның мемлекетаралық қатынастағы егемендігі болып табылады. Қазір Қазақстан Республикасын бүкіл әлем елдері танып отыр. Шекара туралы шарттарға қол қойылады.
Республика егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығына қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді деп көрсетілген Конституцияда.
Сонымен, біз алдыңғы тақырыптарда демократия ұғымына халықаралық көлемде сипаттама бердік. Қазақстан жағдайына демократияның әмбебаптық дәрежесіне оның әлемдік стандартқа сәйкестігіне тоқталдық.
Қазақстан егемендігі, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасты, ол қамтамасыз етілді. Демократия және құқықтық дәрежеге өту процесі одан әрі жалғасуда. Жергілікті атқарушы органды Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылатын тиісті әкімшілік аймақтың әкімі басқарады.
Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады. Олар Қазақстан Республикасының Конституциялық соты, Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты.
Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады, яғни:
Саяси пікірдің әралуандығы;
Көппартиялылық
Демократиялық сайлау жүйесі
Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдар, оларды іс жүзінде қолдану;
Қоғамдық ұйымдар жүйесі;
Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігі;
Оппозицияның болуы;
Қазақстан демократиялық қоғам құруда асыққан жоқ. Демократия Қазақстанда эволюциялық табиғи үрдіс ретінде қалыптасуда болды. Қазақстан өзі конституциялық мақсаты ретінде айқындаған демократиялық мемлекетке қарай біртіндеп жылжи бастады. Саяси партиялар мемлекеттік биліктің демократияға бет-бұрыс жасауды жеделдету процесін қуаттауын қалады.
Саяси партиялар - Қазақстанда демократиялық қоғам құру жолында
Қазақ халқының саяси тарихы саяси өмірді реформалауға бағытталған ой-пікірлерге кенде емес. Саяси шешімдерге тірек болған, тағдырлық мазмұндағы құжаттар қатарына көне дәуірдегі күлтегін жазуларын, орта ғасырлар кезеңіндегі Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Жеті жарғы заңдар жинағын жатқызуға болады. Қазақ халқының саяси өмірде бұл құжаттардың қолданылуы рулық-тайпалық ала-ауыздықты тыйды, қазақ мемлекеттілігін күшейтті, елдің саяси тұрақтылығымен біртұтастығын нығайтты. Ал Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң егемен ел болған Қазақстан халқын жаңа жасампаздық істерге бастаған, азаматтардың зор құлшынысын тудырған саяси маңыздағы құжат Қазақстан 2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы атты ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 1997 жылы жасаған Жолдауы болды .
Қазақстан 2030 Жолдауында Президент Қазақстанның алдындағы 7 басымдылықты атап көрсетті. Солардың қатарындағы 1,2,4, және 7-ші басымдылықтардың іске асуы елдегі саяси партиялардың да ат салысып, араласуына қатысты болды. Қазақстандағы саяси партиялар Қазақстан 2030 стратегиясындағы ұлттық қауіпсіздік мәселесін қуаттады. Аумақтың тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету мәселесі әрбір саяси партия үшін маңызды міндеттер қатарында болды. Сонымен қатар өздерінің саяси мақсаттарының әр түрлілігіне қарамастан елдің саяси партиялары ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жақтады. Қазақстанға бүгін және алдағы орнаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру мәселесі маңызды болды. Қазақстан саяси партиялары түгелдей дерлік Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімін және материалдық әл-ауқатын көтеруді жақтады. Саяси партияларды біріктіретін келегі мәселелердің бірі-экологиялық ахуалды жақсарту болды. Қазақстандағы саяси партиялар ұзақ мерзімді басымдылықтар қатарына мемлекетілікті күшейтуді де жатқызады. Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлерінің ықпалы жене осы заманғы корпусын жасақтау мәселесі де елдегі саяси партиялардың ортақ мақсаттары деп атауға болады.
Аталып өтілген 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясының бағыттары елдегі саяси партиялардың басым көпшілігінің саяси бағдарламаларын ортақ міндеттер аясында таптастырады. Әсіресе билік партиялары болып табылатын ҚХБП, Азаматтық, Руханият, Асар, Отан және Нұр Отан партияларының бағдарламаларында мемлекеттік стратегиялық міндеттер шешуші орын алды.
Қазақстан халқы үшін тағдырлық маңызы бар мемлекеттік ортақ міндеттерді елдегі оппозициялық партиялар мен қозғалыстар да жоққа шығарған жоқ. Мысалы, 2003 жылы желтоқсанда құрылған Қазақстанның демократиялық таңдауы (ҚДТ) партиясының бағдарламасында билік партиясы күн тәртібіне қойып отырған мәселелер өзінше орын алды. ҚДТ партиясы Біріккен демократиялық қозғалыс Азат негізінде құрылған. ҚДТ-ның мақсаттары: Биліктің үш тармағының бөлінуі; Азаматтың және азаматтар бірлестіктерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету; Экономиканың дамуына сай халықтың әл-ауқатын көтеру; Ұлттық байланыстарды қоғам мүддесіне сәйкес игеру; Корупция мен қылмыскерлікке қарсы тиімді күрес; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Аталған міндеттерді, құндылықтарды ресми билік те демократиялық қоғам құрудағы басымдылықтар ретінде белгіледі. Саяси партиялардың биліктің мақсаттарын айқындауға көзқарастары бірдей болғанымен сол мақсаттарды орындау әдіс-тәсілдерін басқаша түсінеді. Оппозициялық партиялар биліктің халық алдында толық ашықтығын және есептілігін жақтаса билік партиялары мемлекеттік міндеттерді өз күшімен, өздерінің саяси шараларымен шешкенді дұрыс көреді. Билік партиялары Қазақстан халқы алдындағы ашықтықты және толық есептелікті міндетті емес деп санады. Билік көптеген мәселелерді өз бетімен шешуге құштар болды. Халыққа есеп формалды жағдайға қалды. Билік партияларының халық алдында нақты есеп бере бастауы, әкімдердің есебі, министрлер кабинетінің есебі саяси практикада 2000-ші жылдардың басында Отан және Нұр Отан партияларының қызметіне қатысты кірді.
Қазақстаның саяси партияларының демократиялық мемлекет құруға қатысуы мәселесін зеттегенде естен шығарылмайтын маңызды мәселе мемлекеттің мүдделі топтардан елдің конституциясы мен заңдары шеңберінде ғана қызмет етуін талап етуі болды. Бұл талап өз бастауын 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақ ССР Мемлекеттің егемендігі туралы Декларациядан алады. Кеңес Одағы күйреуі жағдайында қабылданған бұл тарихи құжатта Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық бірлестіктер, өзге де топтар немесе жекелеген адамдар тарапынан Қазақ ССР-нің конституциялық құрлысына қарсы жасалатын кез келген күштеу әрееттері, оның территориясының тұтастығын бұзуға шақыратын, сондай-ақ ұлт азадығын қоздыратын жария ұрандар заң бойынша жазаланады ,- деп көрсетеді.
Қазақстандағы басқарушы билік ел егемендікке қол жеткізе салысымен түрлі полярлық позициядағы саяси күштердің жас мемлекеттің тәуелсіздігін шайқалтпауын назарға ерекше ұстады. Себебі, саяси партиялар қызметінің заң шеңберінен шығуы сол жылдарда белсенділік көрсеткен сеспаратистік қозғалыстарға дем берген болар еді. Әсіресе Қазақстанның солтүстігі мен шығыс региондарындағы сеспаратистік, шовинистік пиғылдағы орыс тілді топтар белсенділік көрсете бастаған болатын. Сонымен бірге саяси тұрақтылыққа тым ұраншыл ұлтшыл- патриоттық партиялар да кері ықпал етті. Бұл жағдайда мемлекет саяси партиялардың өзара күресін заңмен қатал реттеуді дұрыс деп тапты.
Бұл талап Қазақстан Республикасының 1993 жылы 28 қаңтарда қабылдаған тұңғыш Конституциясынан көрініс тапты. Онда партиялар азаматтардың саяси еркін қалыптастыруға және іске асыруға ықпал етеді. Саяси партиялардың құрылуы, қызыметі және тоқтатылуы заңмен белгіленеді. Қазақстан Республикасы аумағында басқа мемлекеттердің саяси партияларының құрылуына жол берілмейді- делінген .
Мемлекет саяси партиялар қызметіне ерекше мән береді. Демократиялық қоғамның қалыптасуының міндетті сегменті ретінде көппартиялық дамытылды. Бірақта Қазақстан олардың қызметіндегі қоғамдық келісімге және этникалық татулыққа жат пиғылдардың бірден жолын кесті. Мемлекеттік саяси тұрақтылық саясаты шеңберінде қызмет ететін саяси партиялар ғана ресми танылды. Қазақстанда ұлтшылдық, сеспаратистік, экстремистік саяси бағыттағы партиялар өз қызметтерін бастай да алмады.
1995 жылғы Конституция Қазақстандағы саяси партиялар қызметін нақты белгілері. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады. Мемлекеттік органдарды партия ұйымдарын құруға жол берілмейді делінеді. Конституцияның осы 5 бабында Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының қызметтеріне, діни негіздегі партияларға сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалармен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландырылуына жол берілмейді,- деп нақтыланды . Осы талаптардан 1995 жылғы Конституция елдегі саяси реформаларға ғана емес, саяси партияларда да заңдық кеңістікте қызмет етуіне жағдай туғызғандығын көреміз. Конституциялық ережелер аз ғана мерзім ішінде саяси партиялардың қазақстандық ішкі саяси ахуалға байланысты құрылуын және дамуын қамтамасыз етті. Жас мемлекеттің жаңа саяси партиялары жүйелі өмірге келді. Олар елдің экономикасына, саясатына және әлеуметтік қатынастарына ықпал жасай бастады.Ірі саяси партиялар билік үшін күресіп қана қойған жоқ. Олар елдегі саяси тұрақтылықтың және этносаралық келісімнің берік бола түсуіне жағдай жасады.
Екінші 1995 жылы қабылдаған Конституция ел өмірінің саяси реформалауы үшін және демократия эволюциясына жол ашты. Көзқарастардың әр-алуандығына, саяси дискуссияларға жағдай туғызатын, саяси мүдделі топтардың заңнамалық шеңберде еркін жұмыс істеуіне қажетті құқықтық-нормативтік алаң қалыптаса бастады. Конституция әр азаматтың саяси көзқарасын білдіруіне, саяси партиялар қызметіне қатысуға және өз құқықтары үшін күресе білуіне тең жағдай жасап кепілдік берді. Азаматтардың заң алдында теңдігіне конституциялық кепілдіктердің берілуі олардың саяси белсенділігін арттырды. Осындай саяси құқықтық ахуал елдегі саяси жүйенің демократиялануының теңдігіне және көппартиялықтың саяси шындыққа айналуына әкелді. Саяси партиялар жүйесінде оппозициялық партиялар да өз орнын алды. Алайда үшінші шақырылымдағы Парламент депутаты Н. Жылқышиев айтқандай Оппозиция бұқарадан алыс. Уақытында Ленин айтқандай, бұл қозғалыс ел талабынан өте алыс. Сосын демократиялық партиялар бірнешеге бөлініп кетті. Атаулары да және өзгеріске ұшырайды. Жаңа атаумен халыққа танылып, сеніміне ие болғанша да ұзақ уақыт керек. Бұл оппозициялық күштерді одан сайын әлсірете түсуде .
Қазақстандағы саяси партиялардың дамуы 1995 жылдан елде қалыптасқан президенттік республика жағдайында жүргенін естен шығармау керек. Саяси партиялардың елдегі қызметіне президенттік биліктің ықпалы күшті болады. Сондықтан Қазақстандағы саяси партиялар құбылысын зерттегенде бұл жүйеге президенттік билік әсерін, президенттің жеке басының және оның дүниетанымының ықпалын назардан сырт қалдыра алмаймыз. Себебі, бүкіл саяси реформаның негізгі бағыттары, Қазақстан қоғамын демократияландыру үрдістері, саяси партиялардың қызметтерінің заңдық негіздерін анықтау, азаматтық қоғам институттарына мемлекеттің көзқарасы және қатынасы сияқты келелі мәселелерде президенттің позициясының өте ықпалы болғаны ақиқат. Н.Ә. Назарбаев бұл жағдаят туралы 1995 жылы шынайы президенттік республиканы құруға бара отырып, мен дамудың осындай нұсқасында елді басқару мүмкіндігі күшейетіндігін және жанға бататын реформалар нәтижесінің көп күттірмейтіндігін түсіндім. Реформаны жүзеге асыру барысында президенттің тікелей жауапкершілігінің артуы, сол сияқты оның бірқатар өкілеттілігін арттыруды да талап етті, - деп жазады .
Экономикалық реформаларды пәрменді жүргізу талаптарынан туған президенттік вертикалды биліктің күшеюі жергілікті жерлердегі әкімшілік-атқарушылық билігінің күшеюіне әкелді. Бұл шаралар экономикалық даму талаптарынан туғызғанымен елдегі саяси жүйенің демократиялану үрдісін біршама кідіртті. Саяси партиялардың аймақтарда еркін дамуына жергілікті әкімшіліктер мүдделі болған жоқ. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында саяси партиялар тек ірі мегаполистер Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Өскемен сияқты қалаларда ғана дами алды. Саяси өмірдің белсенді ортадығы ретінде Алматы қаласының орны ерекше болды. Елдегі 90-жылдарда ресми тіркеуден өткен жиырмаға тарта саяси партиялардың барлығының орталық аппараты Алматы қаласында орналасты. Алматы саяси дискуссиялардың, саяси күрестің және саяси партиялардың бәсекелесуінің орталығына айналды. Қазақстандағы демократияландыру үрдісінің локомотиві Алматы қаласы болды,- деп батыл айтуға болады. Сондықтан саяси партиялардың Қазақстан қоғамын демократияландыру үрдісін зерттегенде Алматы қаласының саяси тартыстардың негізгі аренасына айналғанын атап өтеміз.
Қазақстандағы саяси реформалар Батыс демократиясының негізгі бағыттары мен стандарттарын қабылдады. Алайда олар сол қалпында қайталанылған жоқ. Қазақстанның демократияға жылжуының және саяси партиялары құрылысының өз жолы болды.
Президенттік биліктің демократиясының эволюциялық жолын таңдағанын анық көреміз. Саяси партиялардың кейбірі Батыс демократиясына тән шектеусіз сөз бостандығын, ереуілдер мен жиналыстар бостандығын, дін бостандығын талап етуі Қазақстанның жас демократиясы үшін қауіпті екендігін басқарушы элита біледі. Ғасырларға созылған тоталитарлық саяси жүйе мемлекеттің жеке адам өмірін реттеуі әкімшілдік-әміршілдік ойлауға бейімділік қазақстандықтар үшін із түссіз кеткен жоқ. Ел басшылығы мен электорат саяси қызметтің әкімшілдік әдістеріне бейім болады. Биліктің демократиялық тетіктерінен гөрі, әкімшілдік тетіктері басым жұмыс істеді. Тоталитарлық, әкімшілдік ойлауға бейімділік Қазақстандағы саяси партиялар құрылысына міндетті түрде өзінің кері ықпалын жасады. Партиялар Қазақстанда халықтық әлеуметтік тамырлардан қарағанда, әкімшілдік жүйемен көбірек қатыста болды.
Өтпелі кезеңдегі саяси және әлеуметтік шындықтарға адекватты прзиденттік билік күшейе түсті. ТМД мемлекеттерінің транзиттік қоғамдарын зерттеушілер пікірінше Қазақстандағы әкімшілдік жүйенің осы жылдарда нығаюы өзін ақтады. Ал демократиялық әдістерге барлық есіктерін ашып тастаған Қырғызстан, Грузия, Украина сияқты мемлекеттер саяси тартыстардың перманентті күресу алаңына айналды. Осындай құбылыстар Ресейде, Молдавада да байқалды. Демократияның эволюциялық дамуын әкімшілдік жүйенің сақталуымен оңтайлы ұштастыра білген Қазақстанда саяси тұрақтылық сақталып, экономикалық модернизация саясатының құлаш жаюына қолайлы ахуал туды. Қазақстандағы саяси партиялардың пайда болуы мен дамуындағы ерекшеліктер ретінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz