«Философия менің өмірімде»



1.«Байлық бақыт емес, байлық . проблема».
2.«Тәуба.тоқтық өлшемі».
3.«Адамға сабырлылық керек, болмаса өзіңді ұмыта бастайсың»
Философия – ерекше ғылым. Философияның маңыздылығы дүниеге көзқарасы мен методологиясында. Ол ұлттық шеңберде немесе белгілі бір ағым аясында тұйықталып қалмайды. Философия – қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің, рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі.
Қандай да бір адам болмасын, ол дүниеге белгілі бір көзқарассыз өмір сүрмейді. Өмірді танып, білу арқылы адам белгілі қорытындыға келеді: қабылдайды, теріске шығарады, қолдайды, ұнатпайды, т.б. Міне философияның методологиялық, дүниеге көзқарастық рөлі деп осыны айтамыз. Философия – адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді. Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Адам баласының ой – өрісі кеңейген сайын философия да дами түседі. Философияны дінге жақын, өйткені ол дін сияқты догмаға сүйенеді дейтіндер де бар. Бірақ ол дін емес. Дегенмен, философия нақты фактілерге жүгінеді. Сондықтан философия басқа ғылымдар сияқты қашанда обьективтік факторларға сүйенеді. Басқа ғылымдар сияқты оның заңдары мен категориялары бар. Философия – дін мен ғылым екеуінің арасындағы дәнекер дейтін көзқарастар да кездеседі. Әрине, философия - өз алдында ғылым. Философия бүкіл әлемді, оның басты салалары – табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, обьективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Сол мақсатқа жетуде ол басқа ғылымдар сияқты қоғам тарихында өз орны бар ғылым ретінде өмір сүреді.
Философия ғылымын талқылаған ғалымдардың еңбегімен таныса келе, менің де өзіндік ой танымым қалыптасты. Менің философиялық пайымдауларым бойынша, Ғарифолла Есім айтқандай: «Дүниеде бағасы жоқ нәрсе болмайды. Сөздің де, ойдың да, идеяның да бағасы бар. Бағасы жоқтың мәні жоқ. Бостандықтың бағасы оның растығында, идеяның іске асқанында.» Осы кісінің ой толғамымен толықтай келісемін, себебі қазіргі қоғамымыздағы әр іс бағалылығымен құнды. Еліміз тәуелсіздік алып, мемлекетіміздің іргетасы қалаған сәттен бастап, аспан көгінде еркін самғаған сұңқардаймыз! Тәуелсіздік, яғни бостандық - бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы. Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш десе де болады. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды.Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Авторы: Бесимбаева Асель Мейрамовна
Философия менің өмірімде
Философия - ерекше ғылым. Философияның маңыздылығы дүниеге көзқарасы мен методологиясында. Ол ұлттық шеңберде немесе белгілі бір ағым аясында тұйықталып қалмайды. Философия - қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің, рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі.
Қандай да бір адам болмасын, ол дүниеге белгілі бір көзқарассыз өмір сүрмейді. Өмірді танып, білу арқылы адам белгілі қорытындыға келеді: қабылдайды, теріске шығарады, қолдайды, ұнатпайды, т.б. Міне философияның методологиялық, дүниеге көзқарастық рөлі деп осыны айтамыз. Философия - адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді. Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Адам баласының ой - өрісі кеңейген сайын философия да дами түседі. Философияны дінге жақын, өйткені ол дін сияқты догмаға сүйенеді дейтіндер де бар. Бірақ ол дін емес. Дегенмен, философия нақты фактілерге жүгінеді. Сондықтан философия басқа ғылымдар сияқты қашанда обьективтік факторларға сүйенеді. Басқа ғылымдар сияқты оның заңдары мен категориялары бар. Философия - дін мен ғылым екеуінің арасындағы дәнекер дейтін көзқарастар да кездеседі. Әрине, философия - өз алдында ғылым. Философия бүкіл әлемді, оның басты салалары - табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, обьективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Сол мақсатқа жетуде ол басқа ғылымдар сияқты қоғам тарихында өз орны бар ғылым ретінде өмір сүреді.
Философия ғылымын талқылаған ғалымдардың еңбегімен таныса келе, менің де өзіндік ой танымым қалыптасты. Менің философиялық пайымдауларым бойынша, Ғарифолла Есім айтқандай: Дүниеде бағасы жоқ нәрсе болмайды. Сөздің де, ойдың да, идеяның да бағасы бар. Бағасы жоқтың мәні жоқ. Бостандықтың бағасы оның растығында, идеяның іске асқанында. Осы кісінің ой толғамымен толықтай келісемін, себебі қазіргі қоғамымыздағы әр іс бағалылығымен құнды. Еліміз тәуелсіздік алып, мемлекетіміздің іргетасы қалаған сәттен бастап, аспан көгінде еркін самғаған сұңқардаймыз! Тәуелсіздік, яғни бостандық - бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы. Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш десе де болады. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды. Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз.
Қазіргі таңда, Қазақстанның өзіндік үні, пікірі, мәртебесі бар. Біз әлемдік деңгейде аяғымызды сенімді басып, басқа елдер бізбен санасатын мемлекетке айналдық. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үлкен шараларды, іс-әрекеттерді талап етеді. Яғни, ішкі және сыртқы саясатты дұрыс жүргізу, халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендеуін, дүниежүзілік қауымдастықта өркениетті мемлекеттермен білікті қарым-қатынас жасау, әрине бір адамның қолында емес. Бірақ, халық атынан үлкен деңдейде сөйлей алатын, сөзін құлақ салып тындайтын, мемлекетке бағыт-бағдар беріп отыратын, ерекше тұлға, мемлекет басшысы - Президент. Тәуелсіздік жариялаған сәттен бастап, Қазақстанды күтіп отырған оқиғалардың мән-жайын түсіну, ұғыну, мемлекеттің одан әрi даму үрдiсiн болжау және халықтың талғамына сай, ең тиiмдi даму стратегиясын таңдауда жан-жақты, қайсар, жігерлі, саясат жүргізуде көшбасшы және ой-өрісі кең, интеллектуалды тұлға қажет еді. Мұндай тарихи міндетті, Жаратушы осы қасиеттерге сай Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа табыстағандай! Елбасының болмысына сай байыптылығының арқасында, тәуелсіз елімізде әрбір адамға жағдай жасалған.
Мен сіздерге өзімнің философиялық ой тұжырымдамаларымды белгілі философ Ғарифолла Есімнің ұлағатты сөздерін талдай отырып, жеткізгім келеді.
1.Байлық бақыт емес, байлық - проблема.
Қазіргі заманда байлыққа қызығатын адамдар өте көп. Көбінесе жастар. Неге? Себебі, олар еліктегіш. Машина мініп, зәулім сарайда тұрсақ деп армандайды. Бар болған, бай болған жақсы ғой. Бірақ арманның ең биігі сол ғана ма? Ақшасы бар адамдар бақытсыздық кешпейтіндей, қиындық көрмейтіндей ойлайды. Мен оларды бақытты байлық пен шатастырып жүргендер дер едім. Өз еңбегіңмен, ащы теріңмен келмеген ақша бақытты етеді дегенге сенбеймін. Сондықтан адамның таңертең менен қара күн батқанша тыным таппай еңбек еткені, одан келетін табысының арқасында бақытты өмір кешкені қандай жақсы.. Біз, адамдар көбіне Бақыттымын деп айтпаймыз... Уақыт өте келе барып, сол күндердің бақытты шақ екенін байқаймыз. Көңілімізге сәл қаяу түссе, өзімізді бақытсыз сезінеміз, өз өміріміздегі, жеке басымыздағы шешімі табылмай жүрген маселелерді ғана ойлап, абыржу хәлін тудырамыз. Осы тұста жиырмасыншы ғасырдың көрнекті жазушысы, психолог Дейл Карнегидің афоризміне тоқталсақ: Өзімізді бақытсыз деп сезінуіміздің себебi, басымыздағы бақытымызды тіршілікпен алысып жүріп, байқамауымызда. Бақыт - атақ та емес, мансап та емес. Байлық, әр жанның түсінігінше әрқалай. Мысалы, ата-ана үшiн - баласының амандығы, мүгедектер үшін - денсаулық амандығы, зағиптар үшін - әлемнің жарығын бip көру, кейбір жандар үшін-ақша,қымбат көлік, дүние. Ал, мен ушін бақыт - ата-анамның және бауырларымның амандығы, үміттерін ақтап, оқуымды аяқтап, өз бетіммен жұмыс жасап, еңбегімнің жемісін ата-анама таттыру. Міне, осының өзі мен үшін бip бақыт болып саналады.
2.Тәуба-тоқтық өлшемі.
Қазір қоғамымызда небір жан түршігерлік оқиғалар адамдарды қорқытуда. Қай жағдайды алмасақ та барлық істің бастаушысы - адам баласы. Көп адамдардың мемлекетіміздің заңдарына қайшы әрекеттерге баруы, қазағымның жалпақ тілімен айтқанда, тойынғандықтан. Бұл жаман әрекеттерді істеуге алып келіп соғатын себептер өте көп. Соның бірі - ата - ананың тәрбиесі.
а) Ата-ананың тәрбие беруі. Үнемі ата-ана үшін бала бірінші орында. Баласы үшін қандай орта болмасын алаңдайды. Мерейлі отбасында тәлім-тәрбие алған бала саналы болары хақ.
ә) Ата-анасының тәрбие беруі, бірақ... Бұл жағдайда енді керісінше, отбасы жағдайы өте жақсы, не ішем, не жеймін дейтін бала. Барлық қалауы қолында тұрған адамға басқа не керек деп ойлайсыз ғой? Керек, әлі де бір нәрсе қажет. Ол жақсы тәрбие алды, ең беделді білім ордаларында оқыды, астында қымбат көлік, бірақ кейде адам басқарылмайтындай болып кетеді, сол кезде ол жаман әдеттерді көруге бейім болады. Бұлай болу себебі, кей кездері ортаға тікелей байланысты деп ойлаймын.
б) Ата-ананың тәрбие бермеуі. Бұл дегеніміз ата-ана тікелей түрде тәрбие бермейді деген сөз емес, олар тек балаларының қазіргі жағдайын, болашағын ойлаймыз деп күні - түні жұмыстан бас алмай жүр. Бір жағынан алып қарасақ, бұл да дұрыс әрине. Алайда, тәрбие қайда қалмақ?! Тәрбие беру керек екені баланың жаман әдеттерге жолыққаннан кейін ғана есіне алады. Кінәні не ата-анаға, не балаға қоя алмайсың?! Сол себептен ата-аналар өзінің уақытын барынша көбірек баласының қасында өткізіп, туындап жатқан мәселелері жайлы сөйлесіп, оларды шешуге дұрыс бағыт бағдар беру керек.
Менің қазіргі ашық қоғамдағы философиялық мәселелерді айтқандағы ойым, әр күнімізге шүкір дейік, парасатты, ойы ұшқыр, ата-анасына жаны аши алатын, мемлекет алдында өтелер парызы бар екенін білетін, қазақ болып туғанына мақтана алатын ұрпағымызды тәрбилеп шығару үшін тәрбие мәселесіне көңіл бөлуіміз қажет. Бүгінгі жастарды ең болмаса, қазақ халқының "тура биде туған жоқ" деген даналығының рухында тәрбиелесек, нұр үстіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология менің өмірімде және кәсібімде
Менің өмірімдегі білімнің орны
Қазіргі жаһандық мәселелерді түсінудегі және шешудегі философияның рөлі жайында
Психология адам өмірінің ажырамас бөлігі
РАЙМОНД КЕТТЕЛ: ЖЕКЕ ҚАСИЕТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТЕОРИЯСЫ
Кеңістіктің еркін ұлы
Қазіргі психология салалары
Альбер Камю шығармасындағы өмірдің мәні
Өмірдің мәні адам өмірінің барлық аспектілерін біріктіреді, материалдық жағынан рухани әлемге және адам рухының алып батылдығына дейін
Психология менің өмірімде және кәсібімде туралы
Пәндер