Күйіктік ауру көріністері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

I. Кіріспе . . . 3

1. Өрт сөндіру техникасы . . . 4

1. Күйіктегі ағзаның бүзылыстары: шок, токсикоз, плазморея . . . 5

2. Күйіктік ауру көріністері . . . 6

3. Жаралардың ерекшеліктері . . . 8

4. Күйік және электрзақымдар науқастарға мед бикенің күтім ерекшеліктері. 9 II. Қорытынды . . . 11 III. Әдебиеттер тізімі . . . 12

Кіріспе

Түрлі жағдайларға байланысты тұрмыста да, өндірісте де, кездейсоқ апаттардың салдарынан бейбіт өмірде де кенеттен күйіп қалу оқиғалары кездеседі. Олардың оттан да, будан да, қайнап тұрған судан да, сан алуан химиялық заттардан да (күйдіргіш қышқылдар мен сілтілер тәрізді) болуы мүмкін. Бұрын өзі түгілі, таныстары мұндай қауіп-қатер, қасіретке ұшырап көрмегендіктен, оқыс күйік оқиғасы кезінде көп адамдар абдырап сасып қалады, қандай алғашқы көмек көрсету керектігін білмей уақыт өткізіп алады. Осыған орай біздің бүгінгі әңгімеміз күйік шалғанда көрсетілетін алғашқы көмек, күйікті емдеу, күйік түрлері хақында болмақшы.

Күйік деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті айтады. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады.

Өрт сөндіру техникасы

Өрттен адамдарды құтқаруға, материалдық және табиғи байлықтарды қорғап қалуға арналған техникалық құралдар. Өрт сөндіру техникасының негізін өрт сөндіру машиналары (өрт сөндіру автомобилі, өрт сөндіру пойызы, өрт сөндіру кемесі, өрт сөндіру ұшағы мен тікұшағы) құрайды. Өртенген жерлерге от сөндіргіш заттар шашуға арналған өрт сөндіргіш орнықты қондырғылар, өрт сөндіргіштер, өрт гидранттары, т. б. өрт сөндіру құрал-жабдықтары Өрт сөндіру техникасы қатарына жатады. Өрт сөндіру техникасын жасау ісі өте ерте кезден-ақ қолға алынған. Б. з. б. ежелгі грек механигі әрі өнертапқышы Ктесиби суды жоғары қарай шашатын машина жасаған. Бұл - су сепкіш машинаның ең алғашқы үлгісі еді. 16 ғасырларда өрт сөндіргіш қол насостары жасалды. Бу машинасы шыққаннан кейін онымен жұмыс істейтін өрт сөндіргіш қондырғылар жасалды. Бұлар ат арбамен тасылды. Кейіннен ат арбаның орнына бу автомобилі пайдаланылды. Алғашқы кезде іштен жанатын қозғалтқыш өрт сөндірушілерді ғана тасыса, бертін келе оған өрт сөндіру сорғылары орнатылды. 1907 жылы автомобильге механикалық өрт сөндіру сатысы орнатылды. Өрт сөндіру ісінде автомобильді пайдалану өрт сөндіру техникасына түбегейлі өзгеріс әкелді. Ұзақ уақыт бойы өрт сөндіруге су пайдаланылып келді. Кейбір жағдайларда, яғни май мен мұнай жанған кезде сумен өшіру мүмкін болмады. 20 ғасырлардың бас кезінен өрт сөндіру ісіне химиялық көбіктер пайдаланылуда.

Күйіктер, даму, жіктелуі, себептері, қалыптасу екешеліктері.

Күйік ауруы, кезеңдері, емделу жолдары. Күйік жарасы, клиникалық сипаты, жалпы және хирургиялық емдеу жолдары. Асқынулар, ерекшеліктері, алдын алу шаралары.

Біздін елімізде жєне шет елдерде соңғы он жылдықта күйіктердің даму және қалыптасу ерекшеліктері мен клиникалық емделу жолдарын зерттеуге ерекше көңіл бөлінуде. Күйіктердің мәселесіне деген кең қызығушылық жоғарғы деңгейдегі қызудан қалыптасатын жарақаттың жиілігіне емес, кең көлемді күйіктердің әсерінен адам денесінде ерекше туындайтын күйік ауруының ауыртпалығы мен күрделілігіне байланысты болса керек.

Күйіктер мәселесі медицинаның барлық саласын ежелгі уақыттан - ақ қызықтырған болатын. Зақымдалған ұлпалар мен бүкіл ағзадағы болып жатқан өзгерістердің мәні жайындағы мағлұматтардың, ұлпалардың жазылу ерекшеліктері туралы деректердің жетіспеушілігінен күйгендерді емдеу тек жақында ғана көне-ескі ұғымдар тұрғысынан арыла бастады.

Күйіктер жалынның, қызған металлдың және газдың, жанар сұйықтардың, жанар май қоспалары мен сәулелер энергияларының әсерінен пайда болады. Сондықтан әсер етуші себептерге байланысты күйік мынадай түрге жіктеледі:

  • жоғарғы деңгейдегі қызудан - 83% (жалын, бу, қайнаған су) ;
  • химиялық - 8% (қышқылдар, негіздер, олардың қоспалары) ;
  • электірлік -6% (тиген жерінде терең күйік тудырады, өте жоғары жылу пайда болады) .
  • cәулелік - 3% (күн сәулесінен, кварц, рентген, радиоактивті заттардың әсерінен) .

Күйіктерді қалыптастыратын ерекшеліктеріне байланысты: өндірістік және тұрмыстық, - деп екіге бөледі. Ер кісілерде өндірістік күйік көп те, ал әйелдерде - тұрмыстық күйік жиі кездеседі. Ер кісілерде балқыту, жылыту цехтарынан, өндірістік пештерден күйік басым келеді - 78%, ал асханалық пештерден, қайнаған ас пен судан, тұрмыстық жағдайларда әйелдерде 12% кездеседі.

Жаппай зақымдану мен оған қарсы ұйымдық күресті талап ететін соғыс уақытындағы күйіктердің маңызы өте зор және оларды ғылыми-тәжірибелік тұрғысынан игеруге деген көңіл тез өсіп келеді.

1945 жылғы АҚШ пен Жапонияның арасындағы болған соғыста алғаш күштілігі 20 мегатонналы атомдық бомба қолданылды (Хиросима, Нагасаки) . Күйгендер саны 110 мыңға жетіп, олардың жартысына жуығы атомдық бомбаның жарылысынан болған күйіктен өлген.

Күйікке жиі ұшырайтын жер көбінесе тері қабаты, бірақта жоғарғы тыныс жолдарының күйігі де жиі кездеседі, одан да сирек кездесетіні - өңеш күйігі (химиялық) .

Қышқылдарды әдейілеп қастандықпен қолдану - ол адамның өзін-өзі өлтіруге жасайтын (суицидный) әрекетпен байланысты болады. Дененің ашық бөліктерінің зақымдалуы өңдірістік жұмыстарда және тұрмыста өте жиі кездеседі.

Күйік жарасының орналасуына байланысты: Б. Н. Постников, Ю. Ю. Джанелидзе бойынша бас және мойын аймағы - 32, 3%, қолдар - 29. 2%, аяқтар - 26%, дене - 12% құрайды.

Күйік кезінде зақымданудың ауырлығы көп себептерге байланысты: сыртқы ортаның қызу деңгейі күйік тудыратын деңгейге жеткенімен адамның қалыпты температурасы өзгермейтіндігі белгілі. Адам сыртқы ортаның 60°-қа дейінгі қызу деңгейінде жүмыс істеп, өмір сүре алады және 100°ты құрғақ ауаның қысқа мерзімді әсерімен жанасуын көтереді. Сондықтан қызу деңгейі жайында айтқанда сыртқы емес, ішкі ұлпалық қызу деңгейін, температураны ойлағанымыз жөн.

Күйік жарасының тереңдігі мен көлемі мынадай себептерге байланысты:

1. Қызу (температура) деңгейіне, қызулық әсердің түріне (қайнаған су, сәуле, металл, химиялық заттар) .

2. Олардың жылу сыйымдылығына: қызу көздерінің әсер етуіне (ұзақ әсер) .

Терінің жоғарғы және беткей қабаттарында алғашқы кезде ұю (коагуляция), құрғақтай шіру қалыптасып, әртүрлі қалыңдықта қабықшалар пайда болады.

Терінің тереңірек орналасқан қабаттарыңда күйік жарасы 45° немесе одан да жоғарғы қызу деңгейінде пайда болады. Мұндай қызу деңгейі ұюға (коагуляция), шіруге соқтырмай, қан мен қан тамырларына қатты әсер етіп, кейіннен шірудің толық жетілуіне жағдай жасайды. Күйік кезінде ұлпалардың зақымдалуы қызу деңгейінің жоғарылауы мен оның ұзақтығы артқан сайын көбейе береді.

Мысалы: 5 сек әсер етуші 70° қызу деңгейі терінің қызаруын (эритема) тудырады, 10 сек - сулы ісік, 25 сек- ұйып күю мен шіруді қалыптастырады (коагуляция, некроз) . Ыстық металл әсерінен болған күйікте тері қабаты, тері астылық май қабаты, сіңір, ет, сүйектер зақымдалады.

Жіктелуі .

Күйік жарасын сипаттап, анықтаудың кең тараған әдісі - терінің зақымдалу тереңдігіне байланысты әртүрлі дәрежелерге бөлу болып саналады. Осы уақытқа дейін күйіктің барлық даму және қалыптасу ерекшеліктерін ескеріп жалпылама жіктелуі болған жоқ. 1814 жылы Буайе күйіктің клиникалық белгілеріне негізделген үш дәрежелі күйік жарасының жіктелуін ұсынды.

1- ші дәреже - қызару (combustio eritemo - эритема) және домбығып ісінуі байқалады, тек терінің беткей қабығы (эпидермис) зақымдалады. Жайылып қызарған жерлерде шаншып, ашып ауырсыну сезіледі. Терінің қызарған және ісінген жерлерінде тері капиллярларының кеңеюінен плазма, сұйық тер бөлініп шығады. Тері қабатындағы нерв талшықтарының қысылу мен сығылу әсерінің көріністері және 1- ші дәрежелі күйіктің барлық белгілері көпке созылмай тез қайтады. 4-5 күннен соң қызару мен ісік басылып, тері қабығы (эпидермис) құрғайды, кей кезде ұзақ уақыт терінің өңі көкшіл қоңыр болып, пигментация қалады. Көлемді 1-ші дәрежелі күйіктер ағзада айқын, жылдам өтетін әртүрлі өзгеріс, асқынуларды тудырады. Егерде дененің жартысынан көп көлемі зақымдалса күйіктік талу, «шок» байқалуы мүмкін.

2-ші дәреже - combustio bulesa - күйіктен соңғы кезеңде түрлі мөлшердегі «сулы көпіршіктер» пайда болуымен сипатталады. Бұл кезеңде тамырлардың кеңеюі ұзаққа созылады, плазманың сулы тер болып шығуы өте күшейеді, сондықтан терінің беткей қабығы «эпидермис» көтеріліп, «сулы көпіршіктер» байқалады. Алғашында, «сулы көпіршіктің» ішінде кілегей сұйықтық болып, кейіннен оның түсі бөлек, фибрин және лейкоциттер санының көбеюіне байланысты қоюланып, сарғайыңқырап, тұнықтығы бұзылады. Кейінірек «сулы көпіршіктер» қоздырғыш микробтармен залалданып, іріңдеп, қабынуы мүмкін. Зақымдалмаған «сулы көпіршіктердің» ауыртпалық сезімі 2-4 күнде басылып, бойындағы сұйықтығы таралып, сіңіп кетеді. «Сулы көпіршік» залалсызданбаған, асқынбаған жағдайда ажыраған тері қабығы құрғап, тартылады.

Тері беткейінің (эпидермис) өскінді (ростковый) қабатының бөлігі шіріген жағдайда күйік жарасының жазылуы 3-4 аптаға созылады. Бұл жағдайда терінің беткейінде бұжырланып, түйіршіктенген үлпалар мен жұқа қабатты тыртықтар пайда бола бастайды. Дене бойының 15%-дан аса бөлігін жайлаған күйік жаралары да әсіресе жас балалар мен қарттарда өте ауыр өзгерістерге соқтыруы мүмкін.

3-ші дәреже - тері беткейінің (эпидермис), тері қабатының (дерма) және тереңде жатқан үлпалардың зақымдануымен сипатталады. Қан тамырларында ұйыған қанның болуы (тромб), тері тамырларындағы қан айналысының тоқтауы ұлпалардың өлеттеніп, шіруіне әкеліп соғады. Клиникалық жағынан кейбір науқастарда 3-6- ші күндері жара бетінде қабыршақтың қалыптасуы байқалады. Кейбір кездері тек терінің беткі қабаты мен бүртікті Мальпигиев қабаттың жартылай зақымдалуы кездеседі - бұл үшінші «А» дәрежелі тері беткейінің күйігіне жатады және жылдам көкеттенеді, жара бетінде жаңадан жас тері қалыптасып (эпителий), жазылып кетеді. Енді бір кездері жарадағы өліеттеніп шіру өзгерістері терінің тереңірек қабатына жайылады - бұлар күйіктің үшінші «Б» дәрежесіне жатады. Осыған байланысты күйік жарасының ІІІ - «А» дәрежесінде беткейлі күйік өз бетімен жазылып кетеді, ал ІІІ - «Б» дәрежесінде кездесетін тереңдеу күйік жарасы хирургиялық өңдеу (некрэктомия), құрақ тері қиығын жапсыру (кожная пластика) операцияларын қолдануды керек етеді.

Бірінші сағаттарда, кейде алғашқы күндері күйіктен кейін жараның клиникалық белгілеріне қарап тері бойындағы өліеттеніп, шірудің тереңгі қабаттарға жайылуын тәжірибе жұзінде болжау қиынға соғады. Қалыптасқан қабыршақ қызыл - қоңыр түсті, сезгіштігі мүлдем нашар болып келеді. Күйік жарасының жоғарыда келтірілген бұл жіктелуі қарапайым, тиімді және кеңінен қолданалып жүр. Сонымен, күйік жарасының үшінші дәрежесіне тері қабаттарында толық шіру қалыптасқан жараны жатқызады. Бұл - Буайе бойынша жіктелудің жетіспеушілігі - терінің бүртікті Мальпигиев қабатқа жетер - жетпес зақымдалуы және дененің кей бөліктеріндегі терінің толық күюін бір дәрежеге (ІІІ-ші дәрежесі) біріктіруінде болып отыр.

1929 ж. Крэйбих үсынған күйік жарасының бес дәрежеге бөлініп жіктелуі күрделірек болса да, түсінуге анағұрлым анық болды. І - ІІ -дәрежелері Буайе жіктелуіндегідей, ал ІІІ дәрежесінде тек бүртікті Мальпигиев қабаты ғана зақымдалады. Терідегі бездердің және шашты түптердің (фолликул) сұйық немесе май шығарушы түтіктері зақымдалмайды. Тәжірибелік жұмыстар жүзінде мұның маңызы өте зор.

Дәрігерлердің байқауынша терінің беткей қабығы (эпидермис) үлдіреп, жұлынып түскеннен соң 7-10 күннен кейін шағын-шағын аралдар тәріздес көкеттеніп, ернеулерінде жаңа жас тері (эпителизация) қалыптаса бастайды. Мұндай күйік жаралары хирургиялық емді қажет етпей, тез өз бетімен жазылып кетеді.

ІV- нші дәрежесі - терінің беткейі (эпидермис) мен барлық қабатының (дерма) зақымдалуы байқалады және оның бойындағы барлық торшалары жойылады. Мұндай күйік жарасының жазылуы ұзаққа созылады, өз бетімен көкеттеніп, жара бетінде терінің жаңадан қалыптасуы байқалмайды.

V- нші дәрежесі - тері мен тері астындағы қабаттардың күйіп, зақымдалуы, барлық ұлпалардың жаралануы байқалады. Бұл кезде күйік жарасы теріде ме, болмаса терендеу жатқан ұлпаларда ма, соны тексергенде анық клиникалық түсінік бермейді. Сондықтан, бұл Крейбих жіктелуі де тәжрибелік түрғысынан жеткілікті, - деп айта алмаймыз.

1960 ж. хирургтардың ХХVІІ сьезінде А. А. Вишневский, Г. Д. Вилявин еңбектеріне байланысты күйіктерді ІV дәрежеге, ал үшінші дәрежесі қосымша екі топқа - ІІІ А және ІІІ Б тобына бөлінген жіктелуі ұсынылған болатын.

І және ІІ дәрежесі - жоғарыда талданғандай, ІІІ дәрежесі ІІІ А және ІІІ Б болып екі топқа бөлінеді.

ІІІ А дәрежесінде - тері беткейінің шіруі бүкіл осы қабатты қамтып, бүртікті Мальпигиев қабатқа да жетуі мұмкін, бірақ соңғысы толық зақымдалмайды.

ІІІ Б дәрежесінде терінің барлық қабаты зақымдалып, шіру бүкіл Мальпигиев қабатымен тері астына жайылады. Күйіктің ІІІ дәрежесін екі топқа бөлуге байланысты жазылу өзгерістерінің әртүрлі ағыммен анықталатындығы байқалады.

Күйіктің ІІІ А дәрежесі кезінде емдеуге байланысты тек «ернеуленген» ғана емес сонымен қатар «аралданған» көкеттелу (эпителлий) де байқалуы мүмкін. ІІІ Б дәрежелі күйікте емдеу уақытына қарағанда көкеттелу мүлдем болмайды, сондықтан теріден құрақ салу операциясын қолдануымызға тура келеді.

ІV - нші дәрежесі - тері мен түрлі тереңдікте жатқан шелді ұлпалардың, шандыр, ет, сіңір және сүйектердің де күюімен сипатталады. Күйіктің бұл түрі жалынның әсерінен көп кездеседі. Күйіктің беті қара түсті, қатты, құрғақ, қураған («мумификат») тәріздес болады. Күйіктің ІІІ Б және ІV дәрежесінде өлі және тірі ұлпалардың аралық кеңістігін бойлай шекаралық сызық пайда болады. Біртіндеп өлі ұлпалар тіршілік белгісі бар тері, майлы шел, шандыр, ет бойынан бөлектеніп, ажырай бастайды. Әдетте бұл құбылыс асқынумен және іріңдеумен қабаттасады. Күйікті қабыршақтың бөлініп, ажырауы ұзаққа созылатын өзгеріс. Әрбір жеке күйген адамда күйіктің түрлі дәрежелерінің аралас болып, қосарласуы байқалады.

Біз клиникада хирургтардың ХХVІІ- сьезінде қабылданған күйіктің ІV дәрежелі жіктелуін қолданамыз.

Сырқаттың жағдайының ауырлығы мен аурудың клиникалық даму бағытын байқау үшін зақымдалудың көлемін анықтағанның да маңызы зор:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үсік - температураның ұзақ уақыт әсер етуінде пайда болатын патологиялық синдром
Жоғары температураның жалпы әсері
Жақ бет күйіктері
Күйік аурулары туралы
Терминалды жағдайлар. Күйіктер, электрожарақаттар, үсіктер
Жарақаттану және қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем
МИКОЗДАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Терминалды жағдайлар
Жүйке жүйесінің жалпы патологиясы
«ЖҮРЕК –ҚАНТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz