Халықты қорғаудың негізгі әдістері мен жолдары



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Қорғаныс ғимараттары.
2. Халықты қорғаудың негізгі әдістері мен жолдары туралы
3. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздері.
4. Төтенше жағдайлардың салдарын жою.
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жау шабуылының зардаптарын жоюдағы барлық жұмыстар құтқару және күттіруге болмайтын аварияны түзету болып бөлінеді. Олардың негізгі мақсаты жаппай қарудан зақымданудың әсерінен адамдарды тез құтқару.
Адамдарды құтқару күрделі жұмыс компоненттерінен тұрады. Радиацияның және өрттің жайын анықтау; қорғану құрылым жайында анықтау; азап шеккендерді іздеу; өртті таратпау; жою және құлаған үйінділерден өтетін жол жасау; бүлінген баспаналар мен панажайларды үйінділердің астынан жанып жатқан үйден, газ бен түтін толған бөлмеден азап шеккендерді шығарып алу; оларға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіп, қала сыртындағы емханаларға жіберу; радиациямен зақымданған және радиоактивті заттар жайылып кеткен аудандардан ауыл тұрғындарын шығару; адамдарды санитарлық қараудан өткізу және олардың киімдерін залалсыздандыру; территорияны дезинфекциялау.
Кезек күттіруге болмайтын аварияны түзету жұмыстары құтқару жұмыстарымен бір мезгілде жүргізіледі.
Олардың негізгі міндеттері адамдарды өте аз мерзімнің ішінде құтқаруы. Мұндай жұмыстарға қауіпсіз болу үшін үйлердің бүлінген конструкцияларын құлату және бекіту. Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру өрт сөндіруде сумен қамтамасыз ететін құрылыстар мен негізгі магистралдық тораптарды қалпына келтіру, газ, канализация, энергетикалық тораптардағы аварияларды, байланыс линияларындағы зақымдануды жою.
Әрбір жасақтың зақымданған жерге және құтқару жұмыстарын жүргізетін объектіге баратын маршруттарын күні бұрын анықтайды.
Жаудың ядролық соққысынан кейін алғаш құтқару жүмыстарын жүргізетін объектідегі және маршруттағы радиацияның дәрежесін қорғану құрылыстарының күйін, зақымданған объектілермен орналасқан жерін, оларды құтқару жағдайларын, оларға жақындайтын барлау бөлімшесін жібереді.
Барлаудан соң әрбір маршруттағы жол қатынасы қамтамасыз ететін отрядтар құрылады. Ол әдетте инженерлік техникамен жабдықталған әскери бөлімдердің немесе құтқару, медициналық және өрт сөндіру жасақтарының құрамына кіреді. Олар өртті тоқтатын көпірлер мен жолдарды жөндейді; үйінділерден өтетін жолдарды жасап, залалсыздандырады. Әрбір маршруттағы жол қамтамасыз ететін отрядтың соңынан 1 – 2 алғашқы дәрігерлерге жол көрсететін отряд жүреді.
1. Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы, Астана 3 сәіур 2002ж.
2. Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы, Астана, 22 қараша 1996ж.
3. Қазақстан Республикасының еңбек қорғау бойыша нормативтік актілерінің жинағы / Н.Д. Спатаевтің, К.А. Абдабаеваның ред. – Қарағанды,- 356 б.
4. Тіршілік қауіпсіздік негіздері А.С. Гинин., В.Н. Новиков. Москва-2002 ж. ФАИР-ПРЕСС, 2002 – 228 б.
5. Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері. Негізгі талаптар (ҚР ӨҚЕ 08-97), Алматы, 1999ж.
6. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы.
7. «Өмір қауіпсіздігі негіздері» / Тайжанов С. – Алматы-2010 ж.

Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Қорғаныс ғимараттары.
2. Халықты қорғаудың негізгі әдістері мен жолдары туралы
3. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздері.
4. Төтенше жағдайлардың салдарын жою.
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Жау шабуылының зардаптарын жоюдағы барлық жұмыстар құтқару және күттіруге болмайтын аварияны түзету болып бөлінеді. Олардың негізгі мақсаты жаппай қарудан зақымданудың әсерінен адамдарды тез құтқару.
Адамдарды құтқару күрделі жұмыс компоненттерінен тұрады. Радиацияның және өрттің жайын анықтау; қорғану құрылым жайында анықтау; азап шеккендерді іздеу; өртті таратпау; жою және құлаған үйінділерден өтетін жол жасау; бүлінген баспаналар мен панажайларды үйінділердің астынан жанып жатқан үйден, газ бен түтін толған бөлмеден азап шеккендерді шығарып алу; оларға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіп, қала сыртындағы емханаларға жіберу; радиациямен зақымданған және радиоактивті заттар жайылып кеткен аудандардан ауыл тұрғындарын шығару; адамдарды санитарлық қараудан өткізу және олардың киімдерін залалсыздандыру; территорияны дезинфекциялау.
Кезек күттіруге болмайтын аварияны түзету жұмыстары құтқару жұмыстарымен бір мезгілде жүргізіледі.
Олардың негізгі міндеттері адамдарды өте аз мерзімнің ішінде құтқаруы. Мұндай жұмыстарға қауіпсіз болу үшін үйлердің бүлінген конструкцияларын құлату және бекіту. Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру өрт сөндіруде сумен қамтамасыз ететін құрылыстар мен негізгі магистралдық тораптарды қалпына келтіру, газ, канализация, энергетикалық тораптардағы аварияларды, байланыс линияларындағы зақымдануды жою.
Әрбір жасақтың зақымданған жерге және құтқару жұмыстарын жүргізетін объектіге баратын маршруттарын күні бұрын анықтайды.
Жаудың ядролық соққысынан кейін алғаш құтқару жүмыстарын жүргізетін объектідегі және маршруттағы радиацияның дәрежесін қорғану құрылыстарының күйін, зақымданған объектілермен орналасқан жерін, оларды құтқару жағдайларын, оларға жақындайтын барлау бөлімшесін жібереді.
Барлаудан соң әрбір маршруттағы жол қатынасы қамтамасыз ететін отрядтар құрылады. Ол әдетте инженерлік техникамен жабдықталған әскери бөлімдердің немесе құтқару, медициналық және өрт сөндіру жасақтарының құрамына кіреді. Олар өртті тоқтатын көпірлер мен жолдарды жөндейді; үйінділерден өтетін жолдарды жасап, залалсыздандырады. Әрбір маршруттағы жол қамтамасыз ететін отрядтың соңынан 1 - 2 алғашқы дәрігерлерге жол көрсететін отряд жүреді.
Объектілердегі барлаушылар тобы барлау жүргізуден басқа азаматтық қорғаныстың арнайы қызметшілері радиациялық, химиялық, өртті сөндіру, инженерлік, медициналық, бактериялық барлау ұйымдастырылады.
Зақымданған жерлердегі құтқару жұмыстарын ұйымдастыратын жетекші бастық барлаудан соң зақымдалған жерде болып, жағдайды көзімен көріп, адамдарды құтқару жұмыстарының ретін және көлемін белгілейді, жасақтардың міндетін айтады және басшылық етеді.
Құтқару жұмыстарын жүргізу туралы міндеттеме алғаннан кейін жасақтар командирлер құрамындағы адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізетін белгіленген жерге шығаруды.
Зақымданған жердегі адамдарды құтқару жұмыстарын құтқарушы отряды жүргізеді.
Әрбір халық шаруашылығындағы объектілердегі мұндай отряд бірнешеу және олардың әрқайсысы бірнеше қорғаныс құрылыстарында құтқару жұмыстарын жүргізуге міндеттер алады.



II Негізгі бөлім
Халықты авария, апат, зілзала салдарынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. Паналау ғимараттары толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан -- ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚӘУЗ) ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар панаханадағы адамдар жоғары температурамен өрт жағдайындағы азық-түліктің жануына, құлаған ғимараттың бөлшектерінің зақымдануынан қорғана алады.
Паналау ғимараттары бейбiт кезде шаруашылық, мәдени-тұрмыстық қажеттерге пайдаланылады. Мұндай екi жақты пайдалану оларды жобалау кезiнде-ақ көзделенуi қажет. Бейбiт кезде паналау ғимараттарын өндiрiстiк және шаруашылық-тұрмыстық қажеттерге пайдалану олардың қорғаныстық қасиеттерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс. Паналау ғимараттарын соғыс уақытының жағдайына, яғни оны тiкелей арналған мақсатына пайдалануға көшiру мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде iске асырылуы керек. Паналау ғимараттарына жасырынушылар үшiн қажеттi санитарлық-гигиеналық жағдайлар қамтамасыз етiлуi қажет. Бұл жағдайлардың негiзгi қажеттерiне көмiр қышқыл газының мөлшерi, температура, ауаның ылғалдылығы жатады.
Паналау ғимараттары әдетте жасырынатын адамды орналасуға арналған негiзгi және қосалқы бөлмелерден (сүзгi-желдеткiш камерадан, санитарлық тораптардан, тамбур шлюздерден, қорғануға кiретiн және шығатын есiктерден су құйылған кеспектер, аспаптар, қалдықтар салынатын ыдыстар тұратын бөлмелерден тұрады. Сыйымдылығы үлкен паналау ғимараттарында қорғалатын дизель қондырғылары артезиан скважиналарына, азық-түлiк сақтауға және медициналық көмек көрсетуге арнаулы бөлмелер бөлiнедi.
Паналау ғимараттарына адамдар азаматтық қорғаныстың "Әуе шабуылы қаупi!", "Радиациялық қауiп!" сияқты дабылдары берiлгеннен кейiн жасырынады. Адамдарды жасыруды дер кезiнде және ұйымшылдықпен жүргiзу мақсатында паналау ғимараттары цехтарға, учаскелерге, тұрғын үй басқармасына, үйлерге, подъездерге алдын-ала бекiтiлiп ерiледi.
Паналау ғимаратын бейбiт кезде пайдаланғанда, оны тiкелей арналған мақсатына көшiретiн, сондай-ақ соғыс кезiнде онда адамдардың жасыруына қажеттi жағдайды қамтамасыз ететiн барлық талап орындалуға тиiс. Зақым ошағынан өткен адамдарды, көшiрiлгендер колоннасы белгiленген жерде келгеннен кейiн олар транспорт құралдарымен қауiпсiз аймаққа жеткiзiлiп, қажеттi медициналық көмек көрсетiледi.
Халықты қорғаудың негізгі әдістері мен жолдары туралы
Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана (убежище) ғана сақтай алады.
Жарықтық сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады: ағаштың көлеңкесі, үйдің тасасы.Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз кезінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.
Өткір радиация -- әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғырлым ол әлсірей береді. Мысалы, ашық траншея - 3 есе азайтады; жабық траншея - 7-10 есе азайтады; бір қабатты ағаш үй - 10-15 есе; Жер астындағы үй - 7-15 есе (земляка), арнай дайындалған жер асты үйі - 400 есе; Көп қабатты үй подвалы - 100-400 есе; арнай салынхан баспахана - 1000 есе; темір бетоннан салынған баспана, шахта, тау қуысы - түгел қорғайды еш зиянсыз.
Радиоактивті ластану - жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп жетмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ластайды. Ол 3 зонадан тұрады:
қауіпті зона;
күшті ластанған зонасы;
аздау ластанған зонасы.
Ластау мөлшеріне байланысты:
жарылыс түрінен (бомбаның);
оның күшінен (неше мегатонна);
жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан;
эпицентрден қашықтығынан;
жер бетінің рельефінен (таулы, жазық дала т.с.) убежище), радиацияға қарсы панаханалар (РҚП) және қарапайым панаханалар жатады.
Арнайы қорғану құрылымы бұл соғыс және бейбіт уақыттағы ядролық және химиялық қауіп қатерде пайдаланатын герметикалық қорғау құрылымы. Арнайы қорғану құрылымында паналайтын адамдар тері мен тыныс жолдарын қорғайтын құралдарды пайдаланбайды.
Радиацияға қарсы панахана бұл адамдарды жедел сәуле мен радиоактивті заттар және биологиялық аэрозольдерден қорғайтын құрылым. Қарапайым панахана бұл жер қабатындағы саңлау, арық, траншея, арнайы қазылған үңгір (землянка). Бұларды жасауға көп уақыт кетпейді және оларда адамдар тиімді қорғана алады. Қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне және сиымдылығына байланысты топталады.
Қызметіне байланысты қорғаныс құрылымы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі қорғаныс құрылымы қаладағы халықты қорғау үшін, ал арнайы қызметтегі құрылымы басқару органдары қызметіндегі қызметкерлер, байланыс және хабарлау жүйелері және емдеу мекемелерінің қызметкерлерін олардың құралдарымен қоса қорғау үшін пайдаланады. Себебі бұл органдар тоқтаусыз жұмыс жасау керек.
Көпшілікті қорғау құралдарына арнайы қорғану құрылымы орналасуы бойынша қосылып салынған және жеке тұрғызылған қорғану құрылымы болып бөлінеді. Қосылып салынған құрылымға ғимараттың подвалын жатқызуға болады. Бұл қорғаныс құрылымдардың ішінде кең тарағаны. Қорғану құрылымының жеке тұрғызылған түрі ғимараттан бөлек орналасады.
Тұрғызылу уақтысы бойынша алдын ала тұрғызылған және тез арада тұрғызылған болып келеді. Алдын ала тұрғызылған қорғаныс құрылымы жанбайтын құрылыс материалдарын пайдаланып салынған салынған тұрғылықты құрылым. Ал тез арда тұрғызылатын қорғаныс құрылымы қолдағы бар материалдармен төтенше жағдай туындағанда ғана тұрғызылатын құрылым.
Қорғаныс қасиеті бойынша қорғану құрылымы (убежище) бірнеше топқа бөлінеді. Атап айтқанда қорғану мүмкіншіліктеріне, оның қабырғаларының конструкциясына және оның соққылы толқынының қысымының белгілі бір шамасына шыдамдылығына байланысты болуы.
Сиымдылығына байланысты олар кіші сиымды (600 адамға дейін), орта сиымды (600-2000 адамға дейін) және үлкен сиымды (2000 адамнан артық) болып бөлінеді.
Жеке қорғаныс құралдары теріні және тыныс алу органдарын радиоактивті, улы заттар және биологиялық құралдардан қорғау үшін пайдаланады. Осыған орай жеке қорғаныс құралдары қызметіне байланысты тыныс органдарын және теріні қорғау, сонымен қатар медициналық қорғау құралдарына бөлінеді.
Тыныс органдарын қорғау құралдарына противогаздар, респираторлар және қарапайым қорғау құралдары жатады.
Противогаздар изоляциялық және фильтрлік болып бөлініп, азаматтық, жалпы әскерлік және балаларға арналған түрлерден тұрады. Изоляциялық противогаздар адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан қорғаса, ал филтрлік противогаздар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды. Фильтрлік противогаздардың ГП-5, ГП-7(азаматтық), РШ-4, ПМГ-2 (жалпвәскерлік), ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға арналған) және т.б. маркалары пайдалануда. Изоляциялық противогаздардың ИП-4, ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т.б. маркалары бар. Респераторлар тыныс алу логагын радиоактивті шаңдардан қорғайды. Мата және маталы-дәке таңбалар да тыныс алу жүйесін радиоактивті шаңдардан, бактериялық заттардан қорғайды.

Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары
Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету және қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.
Төтенше жағдайдың зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соған байланысты төуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет- адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді.
Адамдарды құтқару төтенше жағдайды әсерін жоюдың бір бөлігін құрайды, сонымен қатар, төтенше жағдайды зардабын жою жұмыстары арнаулы үш топқа жіктеледі:
құтқару;
арнаулы (жедел);
қосалқы.
Құтқару жумыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:
басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;
зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);
зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;
зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру мыналарды қамтиды;
өрт сөндіру ;
коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;
тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;
осал құрылыстарды күшейту.
Арнаулы жұмыстардың атқарылу нәтижесінде құтқару жұмыстарының орындалуына және адамдардың қосымша зардап алмауына жағдай туындайды.
Қосалқы жұмыстар құтқару жұмыстарын алаңына және жұмыс орындарын инженерлік пен ұйымдастырушылық дайындығына байланысты. Оларға мыналар жатады:
аландарды тазалау;
техника орнату;
қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату;
жұмыс орындарын жарықтандыру т.с.
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі шараларында зандылыққа сәйкес азаматтық қорғаныс күштері қатысады.
Төтенше жағдай зардаптарын жою мынаны қамтиды:
халық пен ұйымдарды төтенше жағдай қауіпі туралы құлақтандыру;
барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де меліметтерді анықтау;
тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау;
құтқару және басқа жұмыстар үшін іске қосылған күш топтамасы мен құралдар санын анықтау;
төтенше жағдай аумағындағы күш-құралдарды басқаруды ұйымдастыру;
зардап шеккендерге дәрігерлік көмек пен оларды емханаларға жеткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз орындарға шығарып қоныстандыру;
құтқару жұмыстарды жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру;
төтенше жағдай аумағында және оған шекаралас аудандарында коменданттык қызметті ұйымдастыру.
Сондай-ақ, төтенше жағдай зардабын жоюға және құтқару жұмыстарды қамсыздандыру мен даярлауға бағытталган материалдық және басқа шараларды ұйымдастыру кіреді.
Күрделі зақымдану ошағындағы құтқару жұмыстарды тек өрттер мен кирауларды ғана емес, сондай-ақ радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зақымдауды ескере отырып ұйымдастырылады. Бұл жағдайда бактериологиялық зақымдану түрлері аңықталғанға дейін барлық шаралар аса қауіпті жұқпалы аурулардан қорғану режимінде ұйымдастырылады. Ауру қоздырғыштар түрі аңықталысымен зақымдану ошағында және оған жапсарлас аудандарда тиісті оқшаулау-шектеу және жұқпалы ауруларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Облыстың аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттар, дүлей зілзалалар және олардың халық пен ұйымдар үшін салдары
Төтенше жағдайлар кезіндегі тұрғындарды қорғаудың негізгі әдістері мен принципдері
ТЖ тұрғындарын қорғау формалары
Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйесі туралы
Адам өмір қауіпсіздігінің негіздері
Қорғаныс ғимараттары
Төтенше жағдайда халықты қорғау
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі
«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсынан дәрістер кешені
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі әлеуметтік саясаттың негізі
Пәндер