Қоғамдық өндірістің негіздері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

2-тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері

2. 1. Адам және экономика

2. 2. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы және нәтижелері

2. 3. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары

2. 1. Адам және экономика

Адамдар экономикалық әрекеттерін белгілі бір жағдайларда немес орталарда жүзеге асырады. Басты жағдайларда әлеуметтік және табиғи орталар жатады.

Адамның әлеуметтік ортасы:

1. меншік қатынастары

2. қоғамның әлеуметтік құрылысынан тұрады

Меншік қатынастарына байланысты адамның қоғамдағы алатын орны, қоғамдың өнімдегі оның үлесі, адамның ролі анықталады. Меншік формалары іскерлік белсенділікке әртүрлі әсер етеді. Жеке меншік жеке мүдделер тұрғысынан анағұрлым нәтижелі еңбекке жетелейді. Алайда әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарастырсақ, кейде ол барлық жағынан жақсы емес. Біреулердің қолына түскен нәрсе екінші біреулер үшін қол жеткісіз болады. Байлық пен кедейлік жіктеліп, эгоизм қалыптасады. Қоғамның мүліктік жіктелуі өсіп, бұл әлеуметтік шиеленісті туғызады. Сондықтан қолайлы әлеуметтік орта қалыптастыру мақсатында мемлекет игіліктердің бір бөлігін жалпыға ортақ игіліктер ретінде қалдыруы қажет.

2. Қоғамның әлеуметтік құрылысы әлеуметтік заңдарға, яғни жұмыс істейтін азаматтар, жұмыссыздар, әртүрлі себептерге байланысты жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ адамдардың жағдайын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығына негізделеді. Әлеуметтік заңға елдегі зейнетақы, жәрдемақы, мүгедектерге, ауруларға, қарияларға басқа да еңбекке жарамсыз халыққа қызмет көрсетуді көздейтін әлеуметтік сақтандыру жағдайына тәуелді. Қоғамның әлеуметтік ортасының деңгейін өмір сүру мен еңбек етудің, тұрғын үй, коммуналдық және тұрмыстық жағдайлары, бос уақытты пайдалану мүмкіндіктері, денсаулық сақтау, білім беру, мәдените және т. б. деңгейлері сияқты көрсеткіштерге қарап бағалайды.

Табиғи ортаға табиғи және еңбек ресурстары мен басқа да өмір сүру жағдайлары жатады.

Материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалынады. Қажеттілік - бұл жеке тұлғаның немесе қоғамның өз өмір жағдайын немесе дамуын қалыпты деңгейде жүргізуге қажет қандай да бір нәрсеге талабы. Ол жоғарғы және төменгі деңгейлі, әлеуетті және төлем қабілетті және тағы басқа болып келеді. Әдетте қажеттіліктерді үш топқа бөледі: материалдық, рухани, әлеуметтік.

Материалдық қажеттілік - бұл адамның киімге, тамаққа, тұрғын үйге, сондай-ақ фирмалар мен мекемелердің ғимараттарға, құрылыстарға, транспорт пен басқаларға деген сұраныстарын жатқызамыз. Рухани қажеттіліктер - бұл ғылыммен, өнермен шұғылдану, білім алу және т. б Қоғамның дамуына орай қоғамдық және ұжымдық қызмет формаларына қатысуына байланысты әлеуметтік қажеттіліктерді кеңейту мен қанағаттандыру мүмкіндіктері де өседі. Олар материалдық та, рухани да болуы мүмкін, бірақ ең бастысы олар қоғамдық сипатта және көптеген адамдардың бірге өмір сүруі мен ынтымақтасуы қажеттігіне байланысты.

Қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесі екі сфераның даму деңгейімен анықталады: материалды және материалды емес өндіріс. Материалды өндіріс сферасында заттық игіліктер өндіріледі (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және т. б. ) және материалдық қызметтер көрсетіледі (транспорт, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету) . Материалдық емес сферада рухани және басқа да құндылықтар жасалынып, сәйкес қызметтер көрсетіледі (білім беру, мәдениет және т. б. ) . Бұл екі сфера да ұдайы қарым-қатынаста болады және адам өмірінің негізін құрайды.

2. 2. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы және нәтижелері

Күнделікті өмірде "экономика" және "өндіріс" - ұқсас ұғымдар. Бірақ экономикалық теорияда олар әртүрлі мазмұнға ие. Өндіріс бұл экономиканың тек бір бөлігі ғана. Экономика әрқашан өндірістен тұрады, бірақ өндіріс әрқашан экономика бола бермейді, демек, экономика ұғымының көлемі өндіріс ұғымынан әлдеқайда ауқымды.

Экономика өзінің құрылымы бойынша қоғам өмірінің болашақ ерекше сферасы бола отырып, әлеуметтік сипатқа ие. Ал өндіріс тек ғана технологиямен байланыстырылуы мүмкін. Өйткені оның қалыптасуы үшін әлеуметтік байланыстар міндетті емес (мысалы, Робинзонның шаруашылығын өндіріс ретінде сипаттауға болады, бірақ ол экономика болып табылмайды) .

Экономикаға синоним адамдардың біріккен іс-әрекеті формасында жүзеге асырылатын "қоғамдық өндіріс" категориясы бола алады. Шындығында біріккен өндірістік қызмет туындаған кезде экономикалық қатынастардың барлық буыны пайда болады: егер бірігіп өндірген болсақ, онда сол өндірген өнімді қалай бөлуге, айырбастауға, тұтынуға болады? Біріккен шаруашылық іс-әрекетте өндіріс әрқашан экономикаға ұласады. Өйткені өндірістің қатысушыларына тұрақты түрде қандай жағдайларда олар өндіреді (яғни өндіріс жағдайы кімге тиесілі болады), өндірілген өнім қандай принципке сай бөлінеді, өнімнің жеке үлесі мен айырбастау принциптері қандай, тұтыну формалары қалай болмақ деген мәселелерді шешу қажет. Міне, сондықтан да саяси экономиялық теорияда "өндіріс" түсінігі екі жақты тұжырымға ие: біріншіден, ол экономиканың фазалық сипаттамасында ерекше, дербес және басты фаза, екіншіден, ол қоғамдық болып табылады, бұл жағдайда "бөлу", "айырбас" және "тұтыну" өндіріс жүйесіне оның ажырамас құрамдас бөлігі ретінде енген.

Адам мен қоғамның өмірінің негізінде өндірістің шаруашылық қызметі жатыр. Өндіріс - бұл адамдардың табиғаттың заттарына ықпал жасай отырып, материалды және рухани игіліктерді өндіру процесі. Игіліктер деп адамдардың мақсаты мен талабына жауап беретін, олардың кажеттіліктерін қанағаттандыратын заттарды айтамыз. Оларды екі топқа бөлуге болады: табиғи заттар (жер, орман, өзен, көлдер т. б. ) және экономикалық игіліктер- адамдардың саналы өндірістік қызмет нәтижелері. Өндіріс үш элементтің өзара әрекеттесуі арқасында жүзеге асады: адам еңбегі, еңбек заттары және еңбек құралдары. Оларды еңбек процесінің қарапайым мезеттері деп атау қабылданған.

Еңбек - бұл адамдардың материалды және рухани игілік пен қызметті құру бойынша мақсатқа сай қызметі. Еңбек заттары дайын өнім жасаудағы адамның еңбегі мен ықпалы. Еңбек құралдары адамның еңбек заттарына ықпал жасайтын құралдары. Қандайда бір тауар құруға қажетті еңбек заттары мен құралдары өндіріс құраддарын белгілейді.

Игіліктер өндірісі: 1-ден, адам мен табиғатың қарым-қатынасы; 2-ден адамның шаруашылық қызмет процесінде өзара әрекеттерін көрсетеді. Өзара байланыстың 1-ші түрін өндіргіш күштер деп атайды; 2-шісін экономикалық қатынастар деп ; атайды.

Өндіргіш күштер бұл қоғамдық өндірістің өзара әрекетіндегі жеке (жұмыс күш) және заттай (өндірістің құралдары) факторлар.

ҒТР өндіріс факторларын жаңғыртады. Осылайша өндіріс құралдары информатикамен, электронды есептеуіш және компьютерлік -техникамен байытылады. Еңбек жағынан да сапалы өзгерістер болады. Оның ғылыми ұйымдастырылуы пайда бола бастайды, жұмысшылардың квалификациялық және парасатты деңгейі көтеріледі, адамның кәсіпкерлік қабілеттілігінің ролі мен мәнділігі артады.

Экономикалық қатынастар бұл материалды және рухани игіліктер мен қызметтерді тұтыну және айырбастауда, орналастыруда, өндіріс процесінде пайда болған адамдар арасындағы қатынас. Экономикалық қатынастардың сипаты өндіріс құралдарына меншіктік формасымен анықталынады. Олар өздеріне 1-ден, тек өндіріс саласында тартылатын өндірістік қатынастарды және 2-ден, өндірістік емес саладағы қатынастарды қосады. Экономикалық қатынастар құбылыс бойынша ұйымдастыру -экономикалық және әлеуметтік болып екіге бөлінеді.

Ұйымдастыру-экономикалық қатынастар өндірілген өнім өндірісінің, бөлінуі мен айырбасталуының қалай ұйымдастырылғанына қарай қалыптасады. Еңбекті бөлу, еңбек кооперациясы өндірістің шоғырлануы және оның орталықтандырылуы және тағы басқа ұйымдастыру формалары болып табылады. Бұл қатынастардың құрылуымен дамуын тарихта үш этапқа бөлуге болады:.

1) Еңбектің қарапайым кооперациясы;

2) . Мануфактура;

3) . Машиналық өндіріс;

Еңбек кооперациясы бір адамның басқаруымен біркелкі жүмыс орындайтын бірнеше адамдардың бірігуі. Бұл бір адамның міндеттерді шешу үшін және мұнымен экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету үшін күшінің жетіспеуінен біріктіруге мүмкіндік берді.

Мануфактура бұл да еңбек кооперациясы, бірақ айырмашылығы өнімділікті едәуір арттыратын еңбекті бөлу қатысады.

Машиналық өндіріс еңбектің өтімділігімен өндірістің тиімділігінің өсуіндегі келесі нақты қадам болып табылады. Ол өндірістің техникасы мен технологиясын түбегейлі өзгертті және өндірістің жаңа техникалық қабілеттілігіне өтуді шарттады.

Әлеуметтік-экономикалық қатынастар өндіріс құралдарына меншіктің формасымен анықталатын өндіріс шарттары бойынша адамдар арасында қалыптасады. Тұтыну, айырбастау, бөлу және өндірістік қатынастардың әлеуметтік-экономикалық мазмүны меншікті формадан тәуелді болады. Бұл қатынастардың дамуы әр уақытта меншіктенушінің қызығушылығында жүзеге асады.

Қоғамдық өнім адамдардың жыл бойғы қызметтерінің нәтижесі болып табылады. Өз айналымында ол төрт сатыдан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.

Өндіріс қоғамдық өнімді өндірудің бастапқы сатысы, осыдан қозғалыс басталады. Ол қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалдық өнім өндіру процесі. Адамзат қоғамы дамуының барлық сатыларында да өндіріс басты орын алады. Ол жөнінде әр түрлі экономистердің айқындамалары бар. Бір экономистердің ойы бойынша өндіріс қоғам өмірінде жетекші, шешуші роль атқарады. Өйткені тек өндіргенді бөлуге, айырбастауға және тұтынуға болады. Басқалардың ойы бойынша айырбас пен бөлу қоғамда шешуші роль атқарады. Өйткені айырбас жүрген кезде экономика пайда болады. Олар өздерінің шешімдері мен Батыс зерттемелерін қолдайды. Себебі ол жерде айырбас пен бөлу бастапқы саты болып табылады.

Бөлу өндірілген өнімде адамның әрбір анықталған үлесін білдіреді. Айырбас бұл бір тауарлар келесі тауарларға айырбасталатын процесс. Бір шынжырдың бойы сияқты бөлу мен айырбас өндіріспен байланысқан. Айырбас пен бөлу өндіріс пен тұтыну арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

Тұтыну өз алдына адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін құрылған игіліктерді қолдануды көрсетеді. Өнімді қолданудағы нәтиже қорытындысы тұтыну болып табылады.

Тұтыну өндірістік және өндірістік емес болуы мүмкін. Өндірістік түтыну өндіріс процессінде өндіріс құралдары мен жұмыс күшін қолдануды білдіреді. Өндірістік емес тұтыну қоғамдық және жеке түрінде көрініс табады. Жеке тұтыну бұл адамдардың қажеттіліктерін тамақпен, білім берумен, киіммен, демалыс орындарымен және т. б. өнімдермен қанағаттандыру.

Қоғамдық тұтыну қоғамның қажеттіліктерін ғылыммен, біліммен, мәдениетпен басқару және т. б. қажеттіліктермен қанағаттандыру.

Адам тұтынған кезде, ол өнім сапасын жоғалтады, яғни оларды қайтадан өндіру қажет.

Үдайы өндіріс бұл өндіріс процесінің қайталануы. ¥дайы өндіріс жәй және үлғаймалы ұдайы өндіріс болып екіге бөлінеді. Жәй ұдайы өндіріс - өндіріс процесінің алдыңғы масштабындағыдай қайталануы. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс - барлық ұлғайтылған мөлшерде жаңартылу түсінігін береді.

Қоғамдық өнім қозғалысының барлық төрт сатысы бір-бірімен тығыз байланысқан және қоғамдық өндірісті құрайды.

Тиімділік қоғамдық өндірістің қалыптасуының басты көрсеткіші болып табылады. Ол өндіріс шығындарының нәтижелік қатынасымен анықталады.

2. 3. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары.

Адамдардың барлық қажеттіліктерін өтеу үшін қоғамда экономикалық қорлар жеткілікті болуы керек. Экономикалық қорлар дегеніміз - тауар өндіріп және қызмет көрсетуге пайдаланылатын барлық табиғи, адам және адам қолымен өндірілген ресурстар.

Адамдардың экономикалық қызметінің бастапқы кезеңі өндіріс болып табылады. Өндіріс әр түрлі өндіріс факторларының арақатынасын қарастырады. Барлық өндіріс факторларын төрт негізгі топқа бөлуге болады: еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік қабілеттілік. Еңбек бұл адамның физикалық, интеллектуалды және рухани энергиясының жұмсалуы. Әр адамда жұмыс күші немесе еңбекке деген қабілет бар. Еңбек -жұмыс күшін пайдаланумен түсіндіріледі.

Әр қоғамда да еңбекке деген еріксіз көндіру бар. Алғашқы кезеңдерде ол экономикадан тыс мінездемеге ие еді, яғни жұмысшының басшыға тікелей бағыныштылығы негізделеді. Экономикалық еріксіз көндіру жалдамады еңбектің категориясына байланысты болады. Жалдамалы еңбектің пайда болуы үшін екі шарт қажет: адамдардың еркіндікке ие болуы (құлиеленушіліктің немесе басыбайлықтың болмауы) және өндіріс құралдарына жеке меншіктің болмауы, яғни өз ісін бастауға мүмкіндігінің болмауы. Осы жағдайлар кезінде адам жұмысқа жалдануға мәжбүр болады. Бұл уақыттағы еңбектің негізгі мақсаты материалдық марапатталу болып табылады.

Жұмыс уақытындағы еңбекті қажетті және қосымша деп бөле аламыз. Қажетті еңбек жұмысшының өз өмірі және жанұясының өмірі үшін өнім өндіруге жұмсаған еңбегі. Бұл уақытта өндірілген өнім қажетті өнім деп аталады. Қосымша еңбек қажеттіден аса жұмсалған еңбек. Қосымша еңбекпен өндірілген өнім қосымша өнім деп атадады. Еңбектің бұл түрлерге бөлінуі тек маркстік теорияға тән. Еңбек интенсивтілік және өнімділікпен айқындалады.

Интенсивтілік бұл еңбектің үдемелілігі, ол уақыт бірлігіне жұмыс күшінің жұмсалу деңгейімен анықталады. Еңбек интенсивтілігі жұмыс уақытының ұзақтығы қаншалықты көп болса, соншалықты аз болады. Керісінше, жұмыс уақытының ұзақтылығы азайса, еңбек интенсивтілігі көбеюі мүмкін.

Өнімділік бұл еңбектің нәтижелілігі. Ол уақыт бірлігінде өндірілген өнімнің санымен есептеледі. Еңбек өнімділігі тек еңбекпен ғана емес, техникалық прогресске де байланысты. Еңбек өнімділігінің өсу жағдайында өнім бірлігіне жұмсалған еңбек көлемі азаяды, ал өндіріске кеткен құралдардың көлемі жоғарылайды. Бірақ толығымен өндіріс факторларының жұмсалуы азаяды.

Өндіріс факторларының екінші түрі ол - жер.

«Жер» термині кең мағынада қолданылады. Ол барлық пайдалы табиғат байлықтарын қамтиды: жердің өзін, су және орман ресурстарын, пайдалы қазбаларды жатқызуымызға болады. Жердің қасиеттерін табиғи және жасанды деп бөлуге болады. Бұл жағдай жерден түсетін пайда жер рентасын туғызады.

Келесі өндіріс факторы ол - капитал. Ғылымда капиталдың бірнеше мағынасы қолданылады. Капитал қызметтер мен тауарлар өндірісінде қолданылатын адамдар шығарған өндіріс қүралдары және ақша қорлары. «Капитал» сөзі латынның «сарutа», яғни бас сөзінен шыққан, байлық көзі мал болып саналған кезде байлық символы сиырдың басы еді. Бұл шындық әдебиетте және өнерде жиі қолданылады. Кейіннен «капитал» сөзін қолдануда екі түрлі түсінік пайда болды: біріншісі-"бас, басты", екіншісі- "байлық".

Қаржылық табыс алумен байланысты ынталы, шаруашылық қызмет кәсіпкерлік деп аталады.

Маркстік теорияда өндіріс факторлары келесідей бөлінген: заттық факторлар (өндіріс құралдары) және жеке фактор (жұмыс күші) . Марксизм үшін бұл екеуі өте маңызды, әйткені барлық факторлар қосымша құн (табыс) әкелмейді, оны тек жеке фактор ғана алып келе алады.

Экономикада келесі себеп-салдарлы тәуелділік әрекет етеді. Экономикалық игіліктер өндірісінің, ақшалай табыстың және тұрғындар сұранысының ұлғаюы қажеттіліктер деңгейінің артуын туғызады. Қажеттіліктердің прогрессивті өсуінің шегі бар ма? Бұл көп жағдайда қоғамның өндірістік мүмкіндіктерімен анықталады. Өндірістік мүмкіндіктер- ресурстарды толық пайдаланғанда қол жеткізілетін жоғарғы өнім шығару көлемі. Ол әртүрлі тауарлардың арасынан таңдау қажеттілігін көрсетеді. Егер біз бір тауарды көп мөлшерде өндіргіміз келсе, онда басқа бір тауарды өндіруден бас тартуға тура келеді. Қисық сызықтың ішіндегі әрбір нүкте ресурстардың толық емес пайдаланылуын білдіреді. Қисық сызықтан тыс жатқан нүкте мүмкін емес өндірісті, яғни қолда ресурстардың жоқтығын білдіреді. Қисық сызықтың бойындағы нүкте бір тауардың екінші бір тауар өндірумен алмастырылғанын көрсетеді.

Баламалы шығындар - дәл осы қорларды басқа мақсаттар үшін пайдалану кезіндегі жоғалатын мүмкіндіктер тұрғысынан қарағанда тауар өндіруге кететін шығындар.

Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Адамның экономикадағы алатын ролі қандай?
  2. “Экономика” және ”өндіріс” түсініктерінің арақатынасы қандай?
  3. Экономикалық ресурстарға нелер жатады?
  4. Өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну қатынастарын талдаңыз?
  5. Өндірістік мүмкіндіктер дегеніміз не және оның қисығы нені көрсетеді?

Тест

1 Экономикалық құбылыстардың нысандары

а) табиғи орта

б) өндіріс факторлары және өндіріс нәтижелері

в) кәсіпорын формалары

г) қаржы ұйымдары

д) өндірістік обьектілер

2 Өндіріс әдісінің мазмұны

а) өндіріс процесінің кеңейтілген масштабта қайталануы

б) өндіріс әдісінің бұрыңғы масштабта ұайталануы

в) үнемі қайталанып отыратын өндіріс процесі

г) өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық ұдайы өндіріс тұжырымдалары
Экономика саласынан дәрістер курсы
Материалдық өндіріс
Экономикалық тиімділік
Экономикалық жүйе және, оның экономикалық заңдылықтары
Өндірістің жалпы негіздері
Аралас экономика, оның мәні және ерекшеліктері
Ұлттық экономиканың мәні мен ерекшелігі
Аралас экономика: қалыптасу негіздері және қызмет ету заңдылықтары
Қазақстан аралас экономика кезеңінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz