Access бағдарламасында мектептің оқу үрдісін автоматтандыру арқылы жұмыс жүйесін жеңілдету



Кіріспе

1. Microsoft Access программасымен танысу
2. AСCESS тіліндегі бағдарламаның құрылымы:

Негізгі бөлім:
1. Microsoft Access программасын оқып.үйрену
2. Жаңа жоспар негізінде электрондық оқыту
3. Microsoft Access программасы бойынша басқарудың бір түрі.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе

Бүгінгі күні мектептерді компьютерлермен жабдықтаудың қарқынды өсуіне байланысты есептеу техникасы кабинеттерінде информатика курсын оқытумен ғана шектелуге болмайтындығын анық көріп, дәлелдеп те отырмыз.
Оның оқу процесінде басқа пәндермен де байланыстырып оқытудың қажеттігі туып отыр.
Компьютерді оқыту процесіне енгізу, мектептегі барлық пәндерді қамтитын білім жүйесіне сапалы өзгерістер әкелді.
Компьютерлерді оқу процесінде қолдану ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін практикаға ендірудің негізгі өзегі болып табылатын өз еліміздегі, шет елдердегі тәжірибелерден белгілі болып отыр.
ЭЕМ-ді пайдалану мектеп пәндерін оқытудың қалыптасқан дәстүрлі әдістемесіне енумен бірге, мектеп ішіндегі іс-қағаздар мен құжаттарды реттеп, жүйеге келтіруде өзекті мәселелерді шешуге де жағдай жасалып отыр.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаппай компьютерлендіру және дүние жүзілік ақпараттық Интернет желісіне қосылу негізінде білім беруді информатизациялауды басшылыққа алу керек» - деген қағидасын басшылыққа ала отырып, ақпараттық қоғамның тек оқыту процесінде ғана емес, адам өмірінің барлық қажеттілігіне және құндылығына өзгеріс жасау арқылы – сол ақпараттық қоғамда интеллект пен білімге деген сұраныс молайып, атқарылатын жұмыстың сапасы мен үлесі артады деген ойдамын.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ж. А. Қараев «Информатиканы оқыту негіздері», Алматы, «Рауан» баспасы
2. Электронды оқулық, иллюстрированный самоучитель по Delphi7
для начинающих
3. С.С. Симонович «Специальная информатика»
4. «Работа с Access» лабораторный практикум

Тақырыбы Access бағдарламасында мектептің оқу үрдісін
автоматтандыру арқылы жұмыс жүйесін
жеңілдету

Мақсаты Жаппай компьютерлендіру және информациялық
технологиялардың даму қарқынына сәйкес, компьютерлік
технологияның ерекшелігі мен мүмкіндіктерін көрсету
негізінде нақты жұмыс істеуді үйрету.

Ауқымдылығы Мектеп әкімшілігінің және мектептің іс-
қағаздарынның жұмысын жеңілдетіп, жүйеге келтіру
және қолданбалы программа ретінде пайдалану.

Кіріспе

Бүгінгі күні мектептерді компьютерлермен жабдықтаудың қарқынды
өсуіне байланысты есептеу техникасы кабинеттерінде информатика курсын
оқытумен ғана шектелуге болмайтындығын анық көріп, дәлелдеп те
отырмыз.
Оның оқу процесінде басқа пәндермен де байланыстырып оқытудың
қажеттігі туып отыр.
Компьютерді оқыту процесіне енгізу, мектептегі барлық пәндерді
қамтитын білім жүйесіне сапалы өзгерістер әкелді.
Компьютерлерді оқу процесінде қолдану ғылыми-техникалық
прогресстің жетістіктерін практикаға ендірудің негізгі өзегі болып
табылатын өз еліміздегі, шет елдердегі тәжірибелерден белгілі болып
отыр.
ЭЕМ-ді пайдалану мектеп пәндерін оқытудың қалыптасқан дәстүрлі
әдістемесіне енумен бірге, мектеп ішіндегі іс-қағаздар мен
құжаттарды реттеп, жүйеге келтіруде өзекті мәселелерді шешуге де
жағдай жасалып отыр.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жаппай
компьютерлендіру және дүние жүзілік ақпараттық Интернет желісіне
қосылу негізінде білім беруді информатизациялауды басшылыққа алу
керек - деген қағидасын басшылыққа ала отырып, ақпараттық қоғамның
тек оқыту процесінде ғана емес, адам өмірінің барлық қажеттілігіне
және құндылығына өзгеріс жасау арқылы – сол ақпараттық қоғамда
интеллект пен білімге деген сұраныс молайып, атқарылатын жұмыстың
сапасы мен үлесі артады деген ойдамын.

Зерттеу бөлімі
Мәліметтерді енгізу жолымен кесте құру тәсілін таңдай отырып
кесте дайындығына рұқсат аламыз. Программа бізге әлі не көрсету керек
екендігін білмейді, сондықтан ол колдануға дайын абстрактылы кестені
құрайды. Қолданушы оны пайдаланып, керекті қасиеттерді анықтайды және
кестені мәліметтермен толтырады. Мысалы, кесте өрісі бастапқыда
өзінше (өріс 1, өріс2, өріс3, т.б.) аталады, ал кейін сіз мағыналы басқа
атаулар бере аласыз. Өрістердің типі оларға жазылған ақпараттарға
сәйкес программалармен автоматты түрде анықталынады. Жұлдызша (звездочка)
символы Access-те жаңа жазбаларды білдіреді. Қара бағыттамамен
немесе жұлдызшамен берілген түймешікті басқаннан кейін (терезенің
төменгі жағында) кестенің соңында жаңа жазба пайда болады және курсор
соған ауысады. Жаңа жазба атауында жұлдызша символы қойылады.
Бір қарағанда структурасы электронды кестеге ұқсайды. Мысалы,
Excel жұмыс парағы, бірақ бұл сырт пішіннің ұқсастығы. Access кестесінде
және Excel жұмыс парағында бағаналар ұзындығы мен жолдардың биіктігін
өзгертуге болады. Бұған тек қана тышқанның көрсеткішін жазбалардың бөлу
облысында бөліну жолдары (немесе бағаналары) сызығында, тышқанның
түймешесін басып тұрып керекті бағытта орналастыру керек. Бірақ та мұндай
жағдайда Access пен Excel де ғана емес және басқа да Microsoft
программаларында да қолданылады.
Кестелердің жолдарымен онша көп жұмыстар жасалмайды: жазбаларды
қосу және алу, жолдардың биіктігін өзгерту және ауыстыру буфері арқылы
алмастыру – үш стандартты амалын орындауға болады. Мысалы, оның көмегімен
бір немесе бірнеше жолды кестенің басқа жеріне көшіруге болады.
Тышқанмен ұяшықтарды белгілеу кестемен жұмыс жасау барысында
ескеретін негізгі технологиялық амал. Бір ұяшықты белгілеу үшін сол
ұяшықтың сол жағына тышқанның сол жақ түймешігін басу жеткілікті. Егер де
тышқанды жай екі рет бассақ, онда тек қана деректер ғана бөлінеді.
Бағананы белгілеу үшін оның атауаның аймағына қойып, тышқанды басу керек.
Егер іргелес бағананы белгілеу қажет болса тышқанның сол жақ түймешігін
басып, сол бағананы горизонталь бойынша орын ауыстыруға болады. Ал жазбалар
тобын таңдау үшін тышқанның сол жақ түймешігін басып тұрып керекті
жазбалардың аймағын белгілейміз. Егер төртбұрышты аймағын белгілеу керек
болса, онда тышқанның көрсеткішін жаңа төртбұрыштың фрагментін ұяшықтың
бұрышына қою керек, себебі ол толықша ақ креске айналу үшін тышқанның сол
жақ түймешігін жібермей тұрып оған қарама-қарсы (диагональ бойынша)
ұяшықтың бұрышына апару керек. Егер сізге белгіленген төртбұрыштың формасын
өзгерту керек болса, онда сіз SHIFT клавишасын басып тұрып басқа
белгіленген фрагменттің бұрышына басқа ұяшыққа жылжытуға болады. Бұл, егер
де барлық ұяшық экраннан көрініп тұрған жағдайда өте ыңғайлы. Егер
белгіленген фрагментті түгелімен көруге мүмкін болмаған жағдайда, онда оның
бір бұрыштық ұяшығын белгілеу керек, содан кейін бетті диагональ
бойынша бұрыштық ұяшыққа аудару керек, бұдан кейін SHIFT клавишасын
басып тұрып оған басу керек. Тағы да бір рет айта кететін нәрсе – бұл
жағдайдың барлығы кестенің белгіленген төртбұрышты бағанасына сәйкес
ұяшыққа басу керек. Бұл таңдалған ұяшық оң жағында тізім символы пайда
болады. Оны ашып керекті типті таңдау керек.
Біз кесте өрісінің біреуі тетікті өріс болуын анықталуы керек
екенін білеміз. Оны құру үшін курсорды бланктың керекті жолына
қойып, құрал-сайман панеліндегі Тетікті өріс түймешігін басыңыз немесе
берілген жолмен байланысты контекстік менюден Тетікті өріс командасын
таңдап алыңыз. Бірінші тетік бірнеше өрістен тұруы мүмкін. Мұндай
жағдай бірнеше өрістердің комбинацияларының мәні кестедегі жазбалармен
сәйкестендірілген кезде туады. Мұндай күрделі кілтті құру үшін
бланктағы бірнеше жолды бөліп алып, Тетікті өріс инструментін қолдану
керек. Бұл өрістің тетікті екенін жолды белгілеу аймағындағы кілттің
суретінен көруге болады. Кестеде бірден артық тетік болмайды, ал
егер де сіз Конструктор режимімен жұмыс жасай отырып кілт
символымен екі немесе одан да көп жол белгіленгенін көрсеңіз, онда
сіз бұл кестеде тетік құрылған деп түсініңіз.
Енді өрістердің қасиеттері мен типтерін талқылау уақыты келді,
әйтпесе кестені құрастыру мүмкін емес. Бірақ бұл ақпарат ДҚ-ның
құрылымын түсінудің тек бір ғана сатысы. Тағы кестелер арасындағы
байланыстар типін оқып білуге тура келеді, сонда ғана Access сізге
нақты пайда әкеледі.
Бұл режим Access-те кестелердің не екендігін жақсы түсіну
үшін мейлінше қолайлы. Сондықтан, егер сіз онда құрастырушы терезесімен
мұқият танысыңыз. Кесте құру барысында бұл режимде программа
ешқандай өріс құрмайды. Сіз өзіңіз кесте құрылымын анықтауыңыз
керек. Конструктор терезесінің жоғарғы жағында барлық өрістердің типі
мен аттарының тізімін көрсететін кесте (бланк) орналасқан. Суретте
мысал ретінде қолданушы анықтаған үш өріс көрсетілген. Кесте құру
үшін ең болмағанда өріс аты және өріс типі графасын толтыру
қажет. Описание графасы міндетті емес, ол графадағы мәлімет
кестемен жұмыс барысында экранның төменгі жолында шығатын көмекші
текст түрінде көрсетіледі. Кестенің өрістерімен байланысқан
контекстік меню бірнеше командалардан тұрады.
Олардың көбісінің тағайындалуы олардың аттарының белгілі,
кішкенесі ғана түсіндіруді қажет етеді. Бағаналарды жабу командасын
таңдағанда, сіздер экраннан таңдалған бағананы алып тастайсыздар, ал
оларды қайта шақыру үшін бағаналарды көрсету командасын контекстік
менюдан атаулы терезеден байланысқан, көрсетеміз. Контекстік менюдің
көп командалары бас менюде де бар. Мысалы, жоғарыдағы екі
командаларды Формат менюінен тауып алуға болады. Бағаналарды бекіту
(закрепить столбцы) командасы таңдап алынған бағананы экранға бекітіп
ғана қоймайды, оны кестенің сол жағына жылжытады. Бағананы қою
командасы Мастер қоюды жібереді, бұл туралы төменде айтылып өтеді.
Шрифт командасы кәдімгі Windows қосымшасы процедурасында шрифт
таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бағаналарды кескіндеу командасы
өрістердің тізімін ашады, онда қандай өрістер көрсетілуі керек,
қандай өрістер көрсетілмеуі керек екендігі көрсетіледі. Осы жолмен
оның атына байланысты бұл команда өрістерді көрсету үшін ғана
емес, сонымен бірге оларды ашу үшін де пайдаланылады. Контекстік
менюдағы командалардың таратылу түріне көңіл аударыңыздар.
Сүзу командасы кесте ұяшықтары үшін және түгел кесте үшін меню
пункранында орналасқан. Реттеу командалары менюдің ұяшық және бағанамен
байланысқан пунктерінде орналасқан. Буфермен жұмыс істеу командалары
бірнеше менюлерденде кездеседі.
Реттеу командасының екі түрі бар: өсу бойынша және кему бойынша.
Олар бағаналардың қандай фрагменті бөлініп алынғанына қарамай толық
реттеу қамтамасыз етеді. Объект қосу командасы кестедегі өріс өріс
объектісі OLE типті болған кезде ғана мүмкін. Егер кестеде
гиперсілтеме типті өріс болса, онда гиперсілтеме пункті ДҚ-на әр түрлі
құжаттар мен файлдарға бағыттамалар қоюға мүмкіндік береді. Сонымен сіз
кесте құрып, оны деректермен толтырыңыз. Енді оны жабуды ойлау керек.
Кесте жабылғаннан кейін ол деректер қорының терезесінен белгі түрінде
және өзі көрінеді.
Access деректер қорының кез келген мүмкіндік береді. Бұл үшін құрастырушы
режимі қарастырылған.

Байланыс – бұл кестедегі мәліметтерді екінші кестедегі мәліметтермен
байланыстыру тәсілі. Көптеген жағдайларда кез келген екі кесте бірдің
көпке қатынасымен байланысады. Бұл бір кестедегі кез келген жазба
екінші кестенің бірнеше жазбасымен, бірақ екінші кестенің кез
келген жазбасы біріншінің тек біреуімен байланысу түрі. Мысалы,
клиенттер мен олардың берген сұраулары бірдің көпке қатынасымен
байланысқан, өйткені бір клиент бірнеше сұрау тіркей алады, ал кез
келген сұрау тек бір клиентке байланысты болады.
Байланыстың бірдің бірге қатынасы бір кестедегі кез келген
жазбаны екінші кестенің тек бір жазбасымен және керісінше
байланыстырады. Байланыстың көптің көпке түрін Access-те тек
қосымша байланыстырғыш кестенің көмегімен құруға болады. Бұған
студенттер мен жоғарғы оқу орындарының арасындағы байланыс мысал
болады. Оқушылар кестелері көптің көпке қатынасымен байланыстыру
үшін қосымша оқушы және мұғалімдер туралы деген кесте құрамыз. Бұл
кестеге екі кестенің арасындағы сипаттайтын өрістер енгізу керек.
Байланыстарды орнату үшін ағымдағы (текущее) кестені жауып, деректер
қорының терезесіне қайтып ораламыз. Одан кейін менюдағы Сервис,
Мәліметтер жобасы (Сервис Схема данных) командаларын орындаймыз.
Бұл терезеде барлық кестелерді белгілеп, қосу (добавить) түймешігін
басу керек. Енді осы кестелер арасында байланыс орнату үшін осы
өрістің үстінде тышқанмен басып тұрған күйде оны Оқушылар және
мұғалімдер туралы кестесіндегі өрісінің үстіне апарып қоямыз.
Осы кезде экранға байланыстар (связи) деген диалогтық терезе
шығады (19-сурет). Мұнда Access жолдарды өрістер атымен толтырылған.
Егер кесте арасында бірнеше кесте бойынша байланыс орнату керек
болған кезде қосымша бос жолдарды пайдалануға болады.
Келешекте программа бұл кестелерді сұраныс, форма, құжаттарда
пайдаланған кезде де байланыстырылады.

Оқушылар туралы мәлімет кестесі

Мұғалімдер туралы мәлімет кестесі

Пәндер туралы мәлімет

Оқушылардың алфавит бойынша үлгерім табелі туралы мәлімет

Өрістерді анықтауды қандайда бір кесте құрудан бастауға болады. Мысалы
үшін кестесінің өрістері қарастырылсын. Курсорды Өріс (поле) бағанасының
бірінші жолына қойып, клавиатурадан бірінші өрістің аты терілсін. ТАВ
түймешігінің көмегімен Мәліметтер типінің тип данных) бағанасына өтеміз.
Мәліметтер типі бағанасының ұяшығының оң жағындағы түймешікті басу арқылы
суретте келтірілген мәліметтер типтерінің тізімі ашылады. Мәліметтердің
керекті типін клавиатурадан теріп жазуға болады немесе осы тізімнің
ішінен таңдауға болады. Мәліметтер типі таңдалғаннан кейін Access
терезесінің төменгі жағына өрістердің қасиеттерін щығарады. Мұнда
таңдалған мәліметтердің типіне байланысты өзгеріп отыратын өрістер
қасиеттерінің жиынтығы беріледі. Мұнда таңдалған мәліметтердің типіне
байланысты өзгеріп отыратын өрістер қасиеттерінің жиынтығы беріледі. Мұнда
әр қасиеттергек белгілі мәндер қойылады, ал кейбір қасиеттерінің мәні
айтылмай-ақ қойылады.
Сипаттама(описание) бағанасында әр өріске түсіндірме мәтінін енгізуге
болады. Бұл өрісті кесте, сұраныс немесе форма режимінде таңдалған барлық
жағжайда Access оны терезенің төменгі жағындағы түсініктеме жолында
(строка состояния) шығарылады.
Оқушы мұғалімдері туралы мәлімет

Сыныптар бойынша үлгерім табелі туралы мәлімет

Access-те мәліметтердің негізгі сегіз типі қолданылады. Олар
төмендегі 6-уреттегі кестеде тізілген. Өрістің пайдалану бағытына
байланысты кестенің әр өрісі үшін мәліметтер типі таңдалады. Текстік
өрістің максималды өлшемін өріс қасиеттерінің көмегімен көрсетуге болады.
МЕМО типті тек өрістегі текстің ұзындығы 255 симводан асып кеткен жағдайда
ғана қолданған дұрыс.
Мәліметтердің сандық (числовой) типі таңдалған кезде Өріс өлшемі қасиетінің
мәнін мұқият қарастыру керек, өткені ол деректердің орналасу дәлдігін және
Сақталуға қажетті орынның көлемін анықтайды.
Мерзім\уақыт ( дата\время) типі күнтізбесін немесе уақытты көрсетеді.
Олар уақыт бірліктері: минут, секунд, күн, ай және жыл өлшемдеріне
есептеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Ақшалық мәліметтерді сақтау үшін
Ақшалық (денежный) типі пайдаланылады. Мұнда есептеулер сандық типтегідей
орындалады, бірақ үтірден кейін екі орын беріледі. Есептеуіш типті өріс
жазбаларды автоматты турде идентификациялайды. Кестеде есептеуіш типті өріс
бірден артық болмауы тиіс.
Microsoft Access программасы қазіргі кезде компьютерлік технологияларды
құрал ретінде кеңірек пайдалануы. Бұл программа қазіргі таңда компьютерді
осы бағытта пайдаланудың нақты мысалдары көп емес. Бұл программаның
оқушыларға оқыту жүйесіндегі көптеген сатылардан біртіндеп меңгеру арқылы
жүргізіледі. Microsoft Access бағдарламасы кеңінен қолданнылатын бағдар. Ол
мектеп бағдарламасын автоматтандыруда есептік жүйелерді орындауда ерекше
орын атқарады.
Microsoft Access бағдарламасы оқушылар үшін кеңінен пайдалануда ерекше
ұтымды жақтар бар. Оқу процесінде білімін жетілдіру, ақпарат құралдарын
енгізуі, есте сақтау операциялары бойынша барлық мағлұматтарды енгізіп
отыру, есептеу, сараптау, т.б. жүйелр үшін тиімді.
Microsoft Access программасы көбінесе, баспа қызметтерінде, жоба жасау,
типографиялық және топографиялық, жалпы инженерлік саланың бәрін де қызмет
етеді. Сонымен қоса конструктілік тәсілдерді орындау, кестелермен жұмыс
жасау салаларын да қамтиды.
Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп ақпараттық жүйесін құру
Delphi және мәліметтер қоры сервері
Әдіскер-маманның жүргізетін қызметін, үйде оқитын балаларды есепке алудағы күрделі жүйесін автоматтандыру
Нотариустың құжат айналымын автоматтандыру
Мәліметтер қорының қасиеттері
Мәліметтер қорларын пайдаланатын ақпараттық жүйелер
Кредиттік жүйеде оқу үрдісін ұйымдастырудың арнайы ерекшеліктері
Мәліметтер базасының теориясы
Бастауыш мектепте электронды оқыту жүйесін қолдану ерекшелігі
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ӘЗІРЛЕУ
Пәндер