Қазақстан тарихы пәнінен қысқашалекция жинағы
1.лекция. Тақырыбы: Кіріспе.
2.лекция. Тақырыбы: Қазақстанның ежелгі тарихы.
3.лекция. Тақырыбы: Қазақстан территориясындағы ерте дәуір.
4.лекция. Тақырыбы: Қазақстан орта ғасырларда. Ерте орта ғасырлардағы (ҮІ.Х ғ.ғ) және дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (Х.ХІІІ ғ.ғ.).
5.лекция. Тақырыбы: Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (XIII ғ.)
6.лекция. Тақырыбы: ХІV.ХV ғғ. Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер
7.лекция. Тақырыбы: Қазақ халқының құрылуы.
8.лекция. Тақырыбы: Жаңа замандағы Қазақстан. (ХҮШ.ХХ) Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында
9. лекция. Тақырыбы: Қазақ халқының ұлт.азаттық қозғалысының бірінші кезеңі (1731.1837жж.)
10. лекция. Тақырыбы: Қазақ халқының ұлт.азаттық қозғалысының екінші кезеңі (1837.1870 жж.)
11. лекция. Тақырыбы: Қазақстанның Ресей империясына біржола бағынуы.
12. лекция. Тақырыбы: Қазақ халқының ұлт.азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХғ соңғы ширегі . ХХғ. басы)
13. лекция. Тақырыбы: 1917 жылғы Қазақстан
14.лекция. Тақырыбы: Қазақстан кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде (1920 .1939 ж.ж.)
15. лекция. Тақырыбы: Қазақстан 1941.1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде
16. лекция. Тақырыбы: 1946.1960 жж. Қазақстан
17. лекция. Тақырыбы: 1960 жылдың екінші жартысы және 1991 жылдарда
18. лекция. Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы
19. лекция. Тақырыбы: ҚР нарық жолында
20. лекция. Тақырыбы: ҚР қоғамдық.саяси дамуы және сыртқы саясаты

1. Қазақстан тарихы бүкіл адамзат тарихының толық мықты бір бөлімі, өйткені ол дүниежүзі тарихы, Евразия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі халықтары тарихы, Орталық Азия елдерімен ұштасып жатады. Қазақстан тарихы - Қазақстаннын территориясында ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейін болған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, процестерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, тұтас қарастыратын ғылым.
Пәннің мақсаты. Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезеңдері туралы оның этногенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру. Қазақ халқы тәуелсіздікке қол жеткізіп, халықтың рухани өмірінде сан алуан көптеген жаңалықтар пайда болып, оның ұлттық сезімі оянып бүгінгі таңда тарихи тәжірибені зерттеу, оны оқу өз халқы, Отан үшін аянбай еңбек ететін, отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеудің ең тиімді жолдарының бірі болып табылады.
Пәннің міндеттері.
• Егеменді Қазақстан мемлекетінің қалыптасып, нығаю міндеттеріне жауап бере алатын
тарих білімінің теориялық және әдіснамалык базасын жасау;
• Қазақстан халықтарының ортақ тарихы негізінде Қазақстандық қоғамның бірігуі үшін
идеологиялық база дайындау;
• Батыс пен Шығыстың ғаламдық тарихы құрамында өзара байланыста қарастырылатын
Қазақстан тарихының өзіндік қайталанбас орнын, сондай-ақ дүниежүзілік тарих пен адамзат
өркениетінің тасқынында қарастыруды көздеуі;
• Тұтас қабылдауға негізделген Отан тарихының бірыңғай логикалық стержінін құру, олар
мемлекет құрушы ұлттар - қазақтар мен Қазақстан халықтарының этногенезі; Қазақстан
территориясындағы мемлекеттіліктің эволюциясы; тарихи фактілер мен оқиғалардың
жиынтығы; тарихтың сабақтары;
• Тәуелсіздіктің орнығуы жылдарындағы Қазақстандық даму моделінің мазмұнын,
ақиқаттың ғылыми-тарихи біліммен толықтырып, осы арқылы Қазақстанның империялықтан
кейінгі кезеңінен ойдағыдай шығуына әсер еткен басты себептер мен факторларды анықтау,
сөйтіп оның XX - XXI ғасырлар аралығында шаруашылық және идеялық - мәдени даңғылы
шығып, өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жеткенін көрсету,

1. Қазақстан тарихы. 4 томдық. I, II, III, ІУ т. А., 1998ж.
2. Қазақстан тарихы очерктер. А., 1994ж.
3. Аманжолов Қ. Қазақстан тарихы дәрістер курсы. I, II т. А., 2004ж.
4. Рысбайүлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. А., 200һк.
5. Әбдіәкімүлы К. Қазақстан тарихы. А., 1997ж.
6. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А., 2003ж.
7. Артыкбаев Ж.О. 12 лекций по истории Казахстана. Курс лекции. Астана., 2001.
8. Акышев К. Қазақ мемлекеті: эволюциясының басталуы мен даму кезеңдері. Сақтар мен
Үйсіндер мемлекеті // Қазақ тарихы, 1994, № 3.
9. История Казахской ССР. Т. I, II. А., 1979.
10. Қани М. Қазақтың көне тарихы. А., 1993ж.
11. Күзембайұлы А. Әбіл Е. История Республики Казахстана. Астана., 2000.
12. Қозыбаев М.К. Тарих зердесі. Алматы, 1998 т. 1 т., 2
13. Қазақстан тарихы. І-том, А., 1996 .
14. Маданов Х. Қазақ халқының арғы бергі тарихы. А., 1995.
15. Қазақтың көне тарихы а., 1993.
16. Жұртбаев Т. Дұлыға. І т., А., 1994.
17. Тәнекеев С. 1916ж. ереуілтөбе әсерлері. А., 1994
18. Қаһарлы 1916 жыл. А., 1998
19. Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. А., 1997.
20. Омарбеков Т. Зобалаң (1929-1931 жж.) А., 1994.
21. Н. Назарбаев. Қазақстан ғасыр тоғысында . Алматы , 1998.
22. Н. Назарбаев. Ақиқаттың ақ жолы. Алматы, 1991.
23. Н.Назарбаев. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының
стратегиясы. Алматы, 1992.
24. Қазақстан тарихы. 3 томдық .А., 1994.
25. Асфендияров С. История Казахстана. А., 1998.
26. Абдрахманов С. Тәуелсіздік шежіресі. Астана., 2001.
27. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы. А., 1993.
28. Қуатов Б. Отанымыздың тарихы туралы саяси әңгіме. А., 1995.

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Тарих-педагогика факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
Э.Е.Альжанова
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
пәнінен
қ ы с қ а ш а л е к ц и я ж и н а ғ ы
(тарих емес мамандықтарына аранлған)
Түркістан 2010
1-лекция. Тақырыбы: Кіріспе.
Жоспары:
1. Қазақстан тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері.
2. Отан тарихының фунциялары мен принциптері.
3. Қазақстан тарихын дәуірлерге бөлу.
4. Қазақстан тарихын зерттеудегі негізгі әдістері.
Лекция мақсаты: XXI ғасырдың азаматы, өзін Қазақ мемлекетінің өкілімін
деп санайтын адам қазақ ұлтының тарихын білуге тиіс. Еліміздегі барлық
жоғарғы оқу орындарында барлық мамандықтарға міндетті пәндер қатарында
Қазақстан тарихы іргелі пәндердің бірі болып табылады. Сондықтан осы
мәселені студенттердерге жеткізу оны ұғыну үшін лекция сабағы арнайы
сағатқа бағытталады.
Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа
үмітпен қарау сенімдеріне ықпал жасау - сабақтың негізгі мақсаты.
Лекция мәтіні:
1. Қазақстан тарихы бүкіл адамзат тарихының толық мықты бір бөлімі,
өйткені ол дүниежүзі тарихы, Евразия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі
халықтары тарихы, Орталық Азия елдерімен ұштасып жатады. Қазақстан тарихы -
Қазақстаннын территориясында ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейін болған
тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, процестерді, тарихи заңдар мен
заңдылықтарды аша отырып, тұтас қарастыратын ғылым.
Пәннің мақсаты. Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге
дейін негізгі кезеңдері туралы оның этногенезі, Қазақ халқы
мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы
объективтік тарихи білім беру. Қазақ халқы тәуелсіздікке қол жеткізіп,
халықтың рухани өмірінде сан алуан көптеген жаңалықтар пайда болып, оның
ұлттық сезімі оянып бүгінгі таңда тарихи тәжірибені зерттеу, оны оқу өз
халқы, Отан үшін аянбай еңбек ететін, отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеудің
ең тиімді жолдарының бірі болып табылады.
Пәннің міндеттері.
Егеменді Қазақстан мемлекетінің қалыптасып, нығаю міндеттеріне жауап бере
алатын
тарих білімінің теориялық және әдіснамалык базасын жасау;
Қазақстан халықтарының ортақ тарихы негізінде Қазақстандық қоғамның бірігуі
үшін
идеологиялық база дайындау;
Батыс пен Шығыстың ғаламдық тарихы құрамында өзара байланыста
қарастырылатын
Қазақстан тарихының өзіндік қайталанбас орнын, сондай-ақ дүниежүзілік тарих
пен адамзат
өркениетінің тасқынында қарастыруды көздеуі;
Тұтас қабылдауға негізделген Отан тарихының бірыңғай логикалық стержінін
құру, олар
мемлекет құрушы ұлттар - қазақтар мен Қазақстан халықтарының этногенезі;
Қазақстан
территориясындағы мемлекеттіліктің эволюциясы; тарихи фактілер
мен оқиғалардың
жиынтығы; тарихтың сабақтары;
• Тәуелсіздіктің орнығуы жылдарындағы Қазақстандық даму
моделінің мазмұнын,
ақиқаттың ғылыми-тарихи біліммен толықтырып, осы арқылы Қазақстанның
империялықтан
кейінгі кезеңінен ойдағыдай шығуына әсер еткен басты себептер мен
факторларды анықтау,
сөйтіп оның XX - XXI ғасырлар аралығында шаруашылық және идеялық - мәдени
даңғылы
шығып, өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жеткенін көрсету,
2. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында Біз Қазақстанның барлық
азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға
тиіспіз. Халық пен мемлекет арасындағы бұрынғы тығыз байланыс едәуір
босаңсып кетті, ал жеке мен мемлекеттік мүдде арасындағы жаңа байланыс әлі
қалыптаса қойған жоқ... деп отаншылдық сезім мен өз еліне деген
сүйіспеншілікті дамыту, оны қалыптастыру - басты міндеттеріміздің бірі
екенін көрсетеді. Қазақстан - түрлі тарихи аласапырандарды басынан өткізіп
барып тәуелсіздікке қолын жеткізген, көп ұлтты республика. Сондықтан оның
берік негізі патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қоя білуіне байланысты болмақ.
Ұлтының тарихын білу арқылы өзіңнің орныңды, ортаңды біліп, өзіңді-
өзің тани алатындай жағдайға келгенде ған толық қанды XXI ғасырдың азаматы
бола аласың. Сондықтан Қазақ тарихын білу арқылы барлық азаматтарға шарт.
3. Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихының ажырамыс бір бөлігі ретінде
келесі тарихи кезеңдер бойынша қарастырылады:
Ежелгі Қазақстан тарихы (2,6 млн ж.б.- б.э. Ү ғ.)
Ортағасырлардағы Қазақстан. (552- 1731 ж. дейін.)
Қазақстанның жаңа тарихы. (1731- 1917 ж.дейін)
Қазақстанның қазіргі заман тарихы. (1917- қазіргі күнге дейін)
4.Қазақстан тарихын зерттеудегі негізгі әдістер: тарихилық, шынайылық,
объективтілік, салыстырма-сараптау. Тарихи деректер қорының кеңеюі мен
ғылыми айналымға жаңа деректердің біртіндеп енуіне байланысты, бір тарихи
оқиғаның, құбылыстың не процестің әр түрлі дәрежеде, тіптен кейде қарама-
қайшы дәрежеде бейнелейтіні көріне бастады. Сондықтан ол деректерді
зерттеу, бір-бірімен салыстыру, сол арқылы шындықты іздеу қажеттілігі пайда
болды. Ұзақ жылдағы зерттеу тәжірибесі барысында қолданылған әртүрлі
тәсілдер негізінде деректерді зерттеу әдістемесі қалыптасты.
Әдебиеттер тізімі:
Қазақстан тарихы. 4 томдық. I, II, III, ІУ т. А., 1998ж.
Қазақстан тарихы очерктер. А., 1994ж.
Аманжолов Қ. Қазақстан тарихы дәрістер курсы. I, II т. А., 2004ж.
Рысбайүлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. А., 200һк.
Әбдіәкімүлы К. Қазақстан тарихы. А., 1997ж.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А., 2003ж.
2-лекция. Тақырыбы: Қазақстанның ежелгі тарихы.
Жоспары:
1. Палеолит.
2. Мезолит.
3. Неолит.
4. Энеолит.
Лекция мақсаты: Тас дәуірінің кезеңдерге бөлінуін қарастырып,
хроногиялық шеңбері бойынша әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері мен
жаңалықтарын анықтау барысында студенттердің анализ бен синтез біліктерін
игеруге үйрету.
Лекция мәтіні:
1. Адамзат тарихы археологиялық дәуірлеу бойынша маңызды үш дәуірге
бөлінеді: тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі. Адамның пайдаланған еңбек
құралдарының материалы бойынша аталынған. Оның ішінде ең ұзаққа созылған
тас дәуірі. Ғылыми таным тас дәуірін өз ішінде үш кезеңге бөліп қарайды.
Палеолит (2,6 млн-12-10 мың)
Мезолит (12 мың-5 мың)
3. Неолит (5 мың-3 мың)
Бірінші кезең - палеолит (көне тас ғасыры) - ең ежелгі кезең. Көне тас
ғасыры ежелгі, орта және соңғы палеолит болып бөлінеді. Палеолит дәуірінің
еңбек құралдары Оңтүстік өңірде (Жамбыл облысындағы Қаратау қаласының
солтүстік-шығысында), Талас ауданы орналасқан жерде Бөріқазған және
Тәңірқазған деген тұрақтардан және Оңтүстік Қазақстан облысының
территориясында Қошқорған, Шоқтас, Қозыбай деген тұрақтардан табылған. Бұл
жерлерден табылған көне тас дәуірінің еңбек құралдары тастан жасалған екі
қырлы және бір қырлы тас шапқылар, ауыр тас сынықтары, ірі ұра тастар -
нуклеустар болып бөлінеді.
Палеолит кезеңі ежелгі және кейінгі палеолитті құрайды. Ежелгі
палеолит ірі-ірі үш кезеңге (мәдениетке): олдувэй (2.6 млн жыл-700 мың
жыл), ашель (700 мың-150-120 мың жыл) және мустье (150-120 мың - 35-30 мың
жыл) кезеңдеріне бөлінеді. Ол кездің адамдары тастың қасиеттерін жақсы
білген. Материал таңдау көбінесе құралдың қолданылатын мақсатына байланысты
болды. Құралдардың мынадай түрлері: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, шой
балғалар, піспектер, пышақтар, тескіштер және т.б. бөлініп шыққан. Ауыр
салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына
жатқызылды, олар Кеңірдек елді мекені жанынан, Қаратау жотасының оңтүстік-
батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің ең жоғары жайылмасынан, қатып қалған
төменгі төрттік кезеңнің қалың конгломераты арасынан табылған.
Соңғы палеолит б.э.д. 35-30 мыңжылдықтардан б.э.д. 12-10 мың
жылдықтардың аралығын қамтиды. Бұл жер шарының барлық климаттық аймақтарына
адамның кеңінен тарай қоныстанған және тәсілдер мен нәсілдік топтардың
прогрестік дамуы мен рулық қауымының қалыптасу үрдісімен, адам ұжымының
қоғамдық ұйымдасуының өзіне тән алғашқы нышаны ретінде рудың шығуымен
тікелей байланысты болды.
Осы кездерде рулық ұйым барлық жерлерде ана тектес және шеше жағынан
топтасты, ал әйелдер қауымда үстем жағдайда болды деп топшыланды.
2. Мезолит. Дүние жүзіндегі тас дуәірінің классификациясы
бойынша көне тас
дәуірімен жаңа тас дәуірінің арасында өтпелі дәуір мезолит (мезо- орта, лит
- тас) - орта тас
дәуірі. Бұл кезең аз зерттелген, сондықтан Қазақстан жерінен табылған
ескерткіштер де
сирек. Кезеңнің ерекшеліктері - климат жылынып, мұз ери бастады, ірі
жануарлар азайып,
ұсақ аң-құстар пайда болды, садақ пен жебе және бумерангтың пайда болуы.
Б.э.д. 12 мың жылдықтан 5 мыңжылдың аралығын қамтыған орта тас дәуірі
болып саналатын мезолит кезеңіндегі жетістік садақ пен жебенің кең
қолданылуы болып табылады. Сондай-ақ еңбек құралдарын дайындауда
техникасының таралуын, халықтың орын ауыстыруының артуын мезолиттің ең
жалпы ерекше белгілері деп санауға болады.
3. Неолит. Жаңа тас дәуірі деп аталатын неолит кезеңі
шамамен б.э.д. Ү-ІІІ
мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Бұл дәуірдің негізгі жетістігі болып
жер және мал
шаруашылығын игеру болды. Сондай-ақ неолит кезеңінде басқа да мәдени-
тұрмыстық
жаңалықтардың шығуын атап айтқанда кен өндіру, қыш құмыра ісі, тоқыма ісі
қоғамның
дамуына өз ықпалын тигізбей қоймады. Бұл кезеңнің басталуы б.з.д. V
мыңжылдыққа тура
келеді. (б.з.д. VII - VI мыңж басы). Ол тас өңдеу техникасының әбден
жетілген кезі. Қыспа
ретушь техникасының жетілуімен бірге, тасты өңдеудің жаңа технологиялық
әдістері:
тегістеу, бұрғылау, аралау.
Тас балталар, кетпендер, дәнүккіштер, келілер, келсаптар жасала
бастады. Нефриттен, яшмадан, серпентениттен, басқа да тастардан әшекейлер -
білезіктер, алқалар жасалды.
Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін
иемдену орнына -жиын - терін мен аң аулаудың орнына келген өндіруші
шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншіліктің тууы болып
табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамуы үшін
орасан зор маңызы болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен
қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Адамның экономикалық қызметінің
одан кейін талай мың жылдарға созылған бүкіл тарихы едәуір дәрежеде осы екі
шаруашылықтың даму, жетілу тарихы болып табылады.
Неолит дәуірінде алғашқы адамдардың қолы жеткен өндіргіш күштер
дамуының деңгейі басқа да мәдени - тұрмыстық жаңалықтардың шығуына себепші
болды. Қазақстанның ежелгі тұрғындарын да кен кәсібінің бастамалары шықты.
Қыш құмыра ісі, тоқымашылық дамыды.
Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі, ұжымдық
еңбек пен өндіріс құралдарына қоғамдық меншіктің үстем болған кезеңі (құрал
- жабдықтарына ортақ меншік). Сонымен бірге мұның өзі қоғамның ұйымдау
түрлерінің неғұрлым жоғары дамыған уақыты болды: тайпалар немесе тайпалық
бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас -туысқандық байланысына қарай және
шаруышылығының біртекті сипатына қарай біріккен бірнеше рулық қауымдарынан
құрылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600 - ден аса неолиттік және
энеолиттік ескерткіш мәлім. Неолиттік тұрақтар сипатына қарай - 1)
бұлақтық, 2) өзендік, 3) көлдік, 4) үңгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді.
Әдетте өзен жағасында, көл жиегіндегі тұрақтарда олжа бұйымдар саны едәуір
мөлшерде кездеседі, бұл жәйттен адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғаны
көрсетеді. Мұндай тұрақтардағы негізгі құрал - саймандар - пышақ тәрізді
қалақтар және солардан жасалған заттар.
Қазақстан жерінде бәрінен де көбірек тарағаны бұлақ бойындағы
тұрақтар, өйткені шөл және шөлейт аймақтарда өзендер аз болады - олардың
дені уақытша, маусымда тұрған жерлері.
Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшелігі
сол, олардың көпшілігі - ашық үлгідегі тұрақтар. Белгілі бір құралдарды
жасау үшін тастардың түрлері сараланып, іріктеліп алынатын болды.
Шикізаттың алуан түрлі болуы оны ұқсатудың әр түрлі техникалық тәсілдерін
дамытып, жетілдіруге себепкер болды.
Дала неолитін Ежелгі Шығыс елдерінің мәдениеті дамуының ұқсас
кезеңдерімен салыстырған кезде мезолит дәуіріне қарағанда бұл уақытқа қарай
түрлі аймақтарда тарихи дамудың біркелкі болмауы бұрынғыдан да айқын
аңғарылатынын есте сақтау керек.
Неолитте Ежелгі Шығыста дәнді дақылдардың барлық түрлері,
көкөністердің, жеміс -жидектердің едәуір түрлері өсіріліп, қазіргі үй
малының барлық түрлері қолға үйретілді деуге болады. Ал жылқы энеолитте
Евразия далаларында қолға үйретілді - бұл оқиғаны неолиттік револлюцияның
маңызды компоненттерінің бірі деп атауға және оның аяқталуы деп қарастыруға
болады. Бірақ далалық аймақтың неолиттік қоғамының шаруашылығында ерекше
өзгерістер әлі де бола қойған жоқ - мұнда бұрынғысынша тамақ табудың
негізгі көзі аң және балық аулау болды. Континенттік климат халық санының
артуына қолайлы болмай, табиғи ресурстар халық қажеттерін қанағаттандыруға
әбден жеткілікті болса керек.
Неолитте ежелгі Қазақстан жеріне шаруашылықтың өндіруші түрлері әлі
тарала қойған жоқ. Табиғи орта өлке тұрғындарына қиыншылықтарды жеңіп шығып
дамуына қолайлы жағдай жасады. Қазақстан аумағы қарама - қарсы табиғи
аймақтарды қамтымады және табиғи шептерге бөлінбеді, ал мұндай жағдайларда
біртекті материалдық мәдениет қалыптасады. Сондықтан Қазақстан неолиті үшін
бөлінетін археологиялық мәдениеттердің түбегейлі айырмашылықтар жоқ және
олардың таралу аймағы өте кең. Әдетте тұрақтар адамдардың тіршілігін
қамтамасыз ететін жерлерге жақын балық және құс аулайтын, жануарлар су
ішуге келетін өзендердің жағаларына орналасқан. Сондай-ақ неолит халқының
тығыздығы құралдар дайындау үшін қажетті тас қорының жеткілікті болуына
байланысты екені аңғарылған.
4. Энеолит. Археологиялық кезеңдерге бөлу өлшемдеріне сәйкес, адам
өміріне мыс құралдар енген дәуірді энеолит деп атайды. Әдетте бұл жалпы
алғанда шақпақ тас индустриясының құлдырап, тас құралдар жиынтығының
кемуіне әкеп соқты. Археологиялық үлгілердің материалдық мәдениетке жататын
жаңа жиынтықтары: жалпақ түпті, өрнегі бай керамика, ұсақ қылықша, тұрғын
үйлер айқын көрінеді.
Энеолит (латынша мыс және грекше тас) тас ғасыры мен қола дәуірінің
аралығындағы археологиялық өтпелі кезең, яғни тас-мыс кезеңі. Бұл кезеңде
тастан жасалған еңбек құралдары басым болғанымен мыстан жасалғандары да
пайда бола бастады. Халықтың басты кәсібі - егіншілік пен аңшылық, мал
шаруашылығы болды. Қоғамдық қатынас - рулық құрылыс. Қазақстан жерінен
табылған энеолит ескерткіштер әзірге көп емес. Оларға Иманбұрлық,
Сексеуілді -1, -2, қоныстарының қабаттарын Павлодарға жақын жерде Ертіс
өзенінің жағасына орналасқан Железинка поселкесінің маңынан табылған обаны
жатқызуға болады.
Энеолит немесе мыс заманында (б.з.б. 3 - 2 м. ж.) адамдар өмірге қажет
құралдарды алғаш рет мыстан жасай бастады. Мыс кең орындары жер бетінде
ерекше көз тартарлық жасыл (малахит минералы) және көк (азурит) түсті
бояулы тастарымен адамдардың назарына іліккен. Мыстың сульфид минералдары
жер бетіне шыққанда оттегімен тотығу нәтижесінде, ерекше тотықты белдем
пайда болды. Көк, жасыл түсті белгілері арқылы алғаш кен орындарын оңай
тауып, олардан сом мыс кесектерін аршып алған. Қазақ даласындағы кенді
Алтайдың, Қордайдың (Жайсаң, Шатырқұл), Сарыарқаның (Жезқазған, Спасск) ірі
мыс кен орындары адамдарға сол энеолит заманында - ақ белгілі болған.
Жалпы, кең тараған қазіргі Көктас, Көктасты деген атаулар негізінен
мыс кен орындарына байланысты шыққан.
Бірақ Қазақстандағы мысты тас дәуірінің ескерткіштері осы уақытқа
дейін жеткілікті зерттеле қойған жоқ.
Энеолиттік дәуір мал шаруашылығының басым дамыған далалық өңірде де
маңызды рөл атқарды. Қазақстан даласындағы энеолит мүлде басқаша көрінеді.
Бұл жолда тас индустриясы жоғары деңгейге көтерілді. Климат ылғал болды.
Аңшылық ұжымдары бірге бір жерде ұзақ уақыт бойы шоғырланды.
Бақылау сұрақтары:
Ерте палеолите адамдардың ұйымы қандай түрде болды?
Орта палеолит кезеңін жаңалықтары?
Рулық қауымның қалыптаса бастаған уақыты?
Садақ пен жебенің пайда болуы сол кездегі адамдар үшін қандай өзгерістер
әкелді?
Неолит төнкерісі деп ғылымда нені атайды?
Неолит дәуірінде өлікті жерлеуге не тән болды?
7. Энеолит дәірінің ерекшелігін атап көрсетіңіз?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары
1. Қазақстан-Ресей бәірлескен археологиялық экспедицияның
Қазақстанда ашқан
палеолит ескерткіштері.
Палеолит тұрақтары.
Неолит тұрақтары.
4. Энеолит тұрақтары.
Әдебиеттер тізімі:
Қазақстан тарихы. 4 томдық. I, II, III, IV т. А., 1998.
Қазақстан тарихы очерктер. А., 1994.
Аманжолов Қ. Қазақстан тарихы дәрістер курсы. I, II т. А., 2004.
Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. А., 2001.
Әбдіәкімұлы К. Қазақстан тарихы. А., 1997.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А., 2003.
3-лекция. Тақырыбы: Қазақстан территориясындағы ерте дәуір.
Жоспары:
1. Қола дәуірі.
2. Сақтардың мекендеген жері, шаруашылығы, әлеуметтік құрылысы, мәдениеті.
1. Үйсіндердің және қаңлылардың орналасқан жері, тұрмысы,
қоғамдық құрылысы,
мәдениеті.
3. Ғұндардың орналасуы, саяси тарихы.
Лекция мақсаты: Қазақ халқының құрылуына негіз болған сақтардың,
олардың тарихи-мәдени мұрасын жалғастырған үйсіндер мен қаңлылар,
савраматтар-сарматтар және тұңғыш көшпелі империя Ғұн державасының саяси
тарихын қарастыру.
Лекция мәтіні:
1. Қола дәуірі. Адамдардың металл қорыту ісін меңгеруі қоғам
дамуының алға
басуына жол ашты. Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуына
мал
шаруашылығы мен және егіншілікпен қатар әр түрлі рудаларды өндіру тас пен
сүйекті
ұсату аса маңызды рөл атқарды. Археологтардың қола дәуірінде мыс, алтын,
қалайы,
күміс қорытылып одан әрі түрлі қару-жарақ, зергерлік бұйымдар жасалды.
Қазақстан территориясындағы зерттелген қола дәуірінің мәдени
ескерткіштері Андронов мәдениеті деген атаумен аталды. Бірінші ескерткіштің
табылған жері Ачинск маңындағы Андроново селосының атына қарай бұл мәдениет
ғылымда шартты түрде Андронов мәдениеті" - деп аталды.
Қола дәуірінің ерте кезеңі Солтүстік Қазақстанда Феодоров кезеңі деп
аталған, ал Орталық Қазақстанда бұл кезең Нура кезеңі деп аталды. Б.э.д.
ХҮІП-ХҮІ ғғ. қамтыды. Қола дәуірінің орта кезеңі Солтүстік Қазақстанда
Алтасу кезеңі б.э.д. XII ғғ. қамтыды. Б.э.д. XII ғасырдың Андронов
мәдениеті тайпаларының экономикасында түрмысымен мәдениетінде өзгерістер
болды. Бұл өзгерістер қоғамның жаңа шаруашылық негізіне байланысты.
Қола дәуірінің тайпалары кешенді түрде мал шаруашылығы және жер
шаруашылығымен айналысқандықтан негізінен өзен, көлдердің жағаларында
мекендеп, жер үйлерде түрды. Қола дәуірі тайпалары мал, жер шаруашылығы мен
қатар тау-кен ісімен де айналысып металл қорытты. Қола дәуірі кезінде
Қазақстан дүние жүзіндегі ең алғашқы қола қорытушы ел болды. Өте көп
көлемде металл қорытылды. Атап айтсақ Жезқазған өңірінен жалпы көлемі 100
мың тонна мыс өндірілген.
Орталық Қазақстаннан 130 тонна қалайы өндіріліп, 15 мың тонна таза
күміс алынған. Бұлар тек қана зерттелгені ғана.
Андронов мәдениетінің тағы бір ерекше жетістігі құмыраларды кең
көлемде пайдалануы қола дәуірінде құмыра жасау ісі бұрынғыдан да
жетілдіріле түсті. Құмыраның әр түрлі формалары жасалды. Мысалы, горшок,
банкі, т.б. тектес түрдегі құмыралар жасалынды.
Андроновтықтар бірнеше үлкен патриархтың туыс семьялары бірлесіп,
рулық қауым болып өмір сүрді. Бірнеше туысқан қауымдар тайпаны құрады.
Бұған мысал ретінде б.э.д. I ғасырдағы Қазақстанның кеңбайтақ
территриясындағы және Орта Азия жерлерінде өмір сүрген: арим, тур, дана
сайрима, сайна, даха тайпаларын айтуға болады.
2. Сақтар. Сақ тайпалары негізінен үш топтан тұрады. Тиай-
парадарайа-сақтар -
теңіздің арғы бетіндегі сақтар, Хаумаварга-сақтар (хаома сусынын қайнататын
сақтар),
Тиграхауда сақтар (шошақ бөрік киетін сақтар) деп аталды. Ғылымда сақтардың
бұл
топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген
болжамдар бар. Парадария сақтары Қаратеңіздің солтүстігінде, Амудария
өзенінің
бойында және Сырдарияның төменгі ағысы Арал теңізі жағаларында шашыраңқы
жағдайда өмір сүрген. Тиграхауда сақтары Сырдарияның орта ағысында және
Тянь-Шань
аудандарын мекендеген Хаомаварга сақтары Мұрғаб өңірінде орналасты. Сақ
тайпаларының басым көпшілігінің көшпелі тұрмысы ыдыстың жаңа түрлерін
туғызып жаңа
материалдарды - металл, тері және ағашты қажет етті. Көшпелі тұрмыс басым
болған
аудандарда керамикалық ыдыстар аз ұсталып керісінше тері, ағаш және
металдан жасалған
ыдыстар көп пайдаланды. Сақтар негізінен мал шаруашылығымен айналысты.
Олар қой,
түйе, жылқы өсірді, ал ірі қара аз өсірілді.
Сақтардың дамып, өркендеп тұрған дәуірінде кеңбайтақ далалы, таулы
өңірлерде Европа мен Азияны жалғастырып жатқан халқаралық транзиттік сауда
жолдары пайда болып, бұл сауда керуен жолдары Батыс пен Шығысты және
Жерорта теңізі мен Қытайды бір-бірімен жалғастырды.
Б.э.д. IV мыңжылдықтарда Орта Азия, Таяу, Орта Шығыста Ассирия, Индия
мемлекеттері орнады. Осы мемлекеттердің солтүстігінде қазіргі қазақ
территориясын сақтар б.э.д. ҮІІ-ІІІ ғасырларда мекендеді. Сақ деген сөз -
Парсыша ержүрек деген мағынаны білдіреді. Сақтарды грек авторларының
шығармаларында скифтер деп атаған. Скиф деген сөз барлық көшпелілерге ортақ
ат. Ассирия Индия мемлекетінің патшалары сақтарға қарсы үнемі шабуыл жасап,
бірде жеңіп, бірде жеңіліп отырған Ассирия, Индия мемлекеттерін жаулап
алған Александр Македонский Орта Азия сақтарымен кездеседі. Сақтар Сырдария
бойында Македонскийдің шығысқа қарай шабуылын тойтарған. Сақ тайпасының
оның ішінде көсемдерінің қорғандары, Талас Шу, Іле өзендерінің бойында
Алатау бойында көп кездеседі, Алматыдан шығысқа қарай 50 км жерде зайлы
Алатау өңіріндегі Есік қорғаны атанған ескерткіш сақтардың өмірінен көп
мәлімет береді. Қорғанның диаметрі 60 м, қорғанға екі адам көмілген де оның
ортадағысы ертеде тоналған, жанындағысы аман қалған қорғаннан әр түрлі
алтын бұйымдар, ыдыс-аяқ, күміс қасық, 26 әріптен құралған жазуы бар
кішкене кесе, өлген адамның қолында алтынмен күптелген садақ ұшы, алтын оқ,
қамшы т.б. көптеген дүние мүліктер табылған сақ тайпалары металл оның
ішінде қола, алтын қорыту кәсібімен шұғылданған.
Сақ заманы тайпалары мәдени шығармашылығының ең жарқын көріністері
арасында қолданбалы өнері ерекше орын алды. Соның ішінде аң стилді бейнелеу
шығармашылығы ерекше аталды. Онда бұғы, қой, түйе, жолбарыс, барыс, қыран
т.б. аңдардың бейнесі сомдалып жасалды. Аң стиліндегі өнер хайуандар
бейнелерін нақты бейнеленген. Сонымен қатар аң стиліндегі жасалған өнері
мазмұны жағынан мифологиялық өнер болды. Сақ тайпаларының мәдениеті сол
кездегі көшпелілердің идеологиялық көзқарасында көрсете білді. Сақтардың
мәдениеті туралы нақты мәліметті Есік қорғаннан табылған Алтын киім киген
жауынгерлердің бейнесінен көруге болады, алтынмен жасалған ою-өрнек, тағы
басқа бейнелер қаз қалпында сақталған. Ал сақтардың басқадай қолданбалы
маңызды түрі ою-өрнектері болды, ол аң стилі өнерімен байланыста дамыды.
Көркемдік металға қарағанда ою-өрнек өнерінің ескерткіштері аз сақталатыны
мәлім, өйткені ою-өрнек салынатын органикалық негіз тері, киіз, ағаш, жүн,
металдар тез шіріп кетеді. Сондықтан да ою-өрнектердің кейбір ерекше
түрлері алтын, күміс, металл ғана сақталған. Сондай-ақ, сақ заманының
көркемдік шығармашылығын жартастардағы суреттер толықтыра түседі. Мысалы,
Таңбалы тас Алматы облысы.
3. Үйсіндер шамамен б.э.д. 160 ж Жетісу өлкесінде мекендеді. Олар Сақ
тайпаларының үстемдігін әлсіретіп, олардың жоғарғы князь билеушілері,
Гуньмолар өздерінің үстемдігін орнатты. Үйсіндер негізінен Іле өңірінде
қоныстанып өмір сүрген, ал батыс жағында Талас, Шу алқабында мекендеген
қаңлылармен шекаралас қоныстанса, шығысында ғұндармен, оңтүстігінде
Ферғанамен көршілес қоныстанып өмір сүрген. Үйсіндердің астанасы, Чигучен
(Қызыл Аңғар қаласы) Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында
орналасты. Үйсіндердің шаруашылығы кешенді түрде мал шаруашылығы және жер
шаруашылығы жағдайында дамыды. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы үйсіндер
шаруашылығының негізгі түрі болды. Бұл шаруашылық экономикасының дамуында
жетекші роль атқарып отырды. Жер шаруашылығын жүргізу және жайылымдық
жерлерді пайдалану жүйесі үнемі жетілдіріліп отырды. Жоғары дәрежедегі
ауқатты байлар, орта дәрежедегі және қарапайым адамдар өмір сүрген үкімет
билігі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған.
Қаңлылар. Қаңлы мемлекетінің халықтары негізінен жер, мал шаруашылығы,
қолөнер және сауда-саттықпен айналысты. Қаңлылар Қытаймен, Парфиямен,
Риммен және Кушан империясымен саяси-экономикалық және мәдени байланыстар
жасады.
Қаңлы мемлекеті туралы алғаш рет біздің дәуірге дейінгі ғасырдағы
жазба деректерде айтылады. Сол деректердің қортындыларына сүйенсек бұл
мемлекеттің орталығы орта Сырдариядағы Битянь қаласы болған. Кейбір
мәліметтер, зерттеулер бойынша қаңлылардың мемлекетін патша басқарған.
Олардың патшалары яби немесе Ябгу деп аталған. Сондай-ақ мемлекеттік
аппарат құрамында патшаның орынбасары және үш кеңесшісі болды.
Қаңлы халқының этникалық құрамы жайлы деректер әлі күнге дейін толық
зерттеліп шешімін таппаған мәселе болып табылады.
4. Ғұндар. б.э.д. ІҮ-ІІІ ғасырларда қазіргі Монғолияда мемлекетінің
территориясында, Қытайдың батысында және Оңтүстік Сібір жерлерінде көшпелі
ғұн тайпаларының күшті саяси бірлестіктері қалыптасты.
Б.э.д. 47 жылғы ғұндардың үдере көшуі, ішкі айтыс-тартыстар ғұндардың
екіге бөлінуіне әкеп соқты. Солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінді.
Солтүстік бөлігі Қытай империясының қол астына өтіп, оңтүстік бөлігі өзінің
тәуелсіздігін сақтап қалды.
Хундардың үдере көшуінің енді бір толқыны, б.э.д. 93 жылы басталды.
Олар жолдарындағы тайпалардың бірін өздеріне ертіп енді біреулерін тізеге
салып батысқа қарай жөңкіді. Сөйтіп олар Сырдария Арал маңайына Орталық
және Батыс Қазақстанға сыналай кірді. Алайда ғұндар бұл жерлерде біржола
тұрақты қалған жоқ. Олар орыстардың далалы аймақтарын басып өтіп, Дунай
арқылы Батыс Европаға дейін жетіп ғұн деген атпен ғұмыр кешті. Сонымен
б.э.д. II ғасырдан бастаған ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы
б. з. IV ғасырына дейін созылған.
Ғұндардың жоғарғы билеушісі шаньюй деп аталды. Егер патриархаттық-
рулық құрылыстың кезінде шаньюйді ру ақсақалдары сайлайтын болса, ал
патриархаттық-феодалдық жаңа қатынастың дамуына байланысты шаньюйдік ендігі
жерде мұрагерлікке көшеді. Шаньюй өлсе оның орнына інісі не үлкен баласы
билікті өз қолдарына алатын болды.
Ғұндарда экстенсивті мал шаруашылығы басты рөл атқарды. Олардың
отырықшылары жер шаруашылығымен айналысты. Сонымен қатар үнемі көшіп-қонып
жүргендіктен ғұндардың тағы бір негізгі шаруашылығы аң шаруашылығы болды.
Деректемелерге қарағанда ғұндар 24 руға бөлінген оларды ру басылары
ақсақалдар басқарған. Рулық құрылыстың ақсақалдар кеңесі және халық
жиналысы сияқты институттары сақталды. Халық жиналыстарында ру басылары
мемлекеттік істерді талқылап шешіп, құрбан шалып, ол ойын сауыққа айналып
ат түйе жарыстарын тамашалайтын болған. ғұндар соғыста тұтқынға түскендерді
қүл етіп жұмсады. Ал, ел ішіндегі тұрмысы төмен адамдар үй қызметтерінде,
бақташылық, жер шаруашылық және қолөнер салаларында жұмыстар атқарды.
Бақылау сұрақтары:
Сақ қоғамы неше топқа бөлінеді?
Сақ қоғамында үстем тап болып кімді есептеді?
Сақ-тиграхауда мекендеген территориясының шеңбері?
Сақ-апасиақтар туралы жазған грек тарихшысы?
Шырық-рабад қаланың орналасқан жері?
Үйсін мемлекеті қандай елмен туыстық және кең дипломатиялық қатынаста
болды?
Қаңлылардың Отрар - Қаратау мәдениетінің шоғырланған жері?
Қаңлылардың діні?
Ғұн мемлекеті қандай бөліктерге бөлінді?
Ғұндарды Еуропа елдеріне кім басқарды?
11. Түменбасы қызметіне кімдер иеленуге құқылы болды?

1. Сақ жазуы.
2. Атилла - ғұндар көсемі.
3. Үйсіндер мен қаңлылардың Қытаймен және Орта Азия мемлекеттерімен саяси
және
этномәдени байланыстары.
4. Үйсіндердің материалдық мәдениеті.

Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. А., 2000.

Артыкбаев Ж.О. 12 лекций по истории Казахстана. Курс лекции. Астана., 2001.
8. Акышев К. Қазақ мемлекеті: эволюциясының басталуы мен даму кезеңдері.
Сақтар мен
Үйсіндер мемлекеті Қазақ тарихы, 1994, № 3.
4-лекция. Тақырыбы: Қазақстан орта ғасырларда. Ерте орта ғасырлардағы
(ҮІ-Х ғ.ғ) және дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (Х-ХІІІ ғ.ғ.).
Жоспар:
Түрік қағанаты.
Түргештер.
Қарлұқ.
Оғыздар.
Қимақ қағанаты.
Қарахан мемлекеті.
Қарақытай мемлекеті.
Найман мен кереит ұлыстары.
Қыпшақ хандығы.
Лекция мақсаты: Ерте ортағасырларда және дамыған ортағасырлардағы
мемлекеттер туралы, олардың жер аймағы, тарихи шеңбері, шаруашылығы,
кәсібі, қоғамдық құрылысы және мәдениеті тарихымен таныстыру, түркі дүниесі
тарихының даму ерекшеліктері және мыңызын ашып көрсету. Студенттердің
танымдық білім мен білігін дамыту.
Лекция мәтіні:
1.VI ғасырда Қазақстан территориясында аса күрделі саяси оқиғалар
болды. Алтай-Сібір, Монғолия жерінде мекендеген тайпаларының үстем тап
өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген түрік қағанаты атты феодалдық
мемлекет құрды. Мемлекет басшысы түрік тайпасының ашина руының ұрпақтарынан
шықты.
"Түрік" этнонимінің алғаш рет аталуы, қытай жылнамаларнда кездеседі
және ол 542 жылға жатады. Түрік қағаны Бумынь 552 жылы көктемде аварлар
ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңіліске ұшыратады. Осы кезден
бастап түрік билеушілері қағандар атағын алады, сөйтіп аварлардың бұрынғы
күш қуатына да, олардың барлық иеліктеріне де өзін мүрагер ретінде
орнықтырған Бумын түрік руларының тұңғыш қағаны болды. Отырықшы аудандардың
байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің Батыстағы, Орта Азиядағы онан арғы
саясатының негізі болды. Жаңадан құрылған түріктердің алып мемлекетін қаған
басқарды. Қағанның билігі шексіз мұрагерлік түрде болса одан кейінгі билік
қаған сайлаған ұлықтардың қолында болды. Оларға ябғу, шад, елтебер атақтары
берілген. Сот істерін бұйрықтар мен тархандар атқарған жергілікті жерлерде
қағанның негізгі тіректері бектер болған қара жұмыс істейтін қаналушы халық
түркі тілінде "қара бұдындар"-деп аталған. "Тат"-деген әлеуметтік правосыз
бір тап болған "Тат" түрікше -құл деген мағынаны білдіреді. Сонымен
түріктердің әлеуметтік тұрғыдан мынандай 3-топқа бөлінгендігін білеміз. 1
Бектер; 2 Қара бұдындар бұқара халық; 3 Тат- құлдар қағанаттың ішкі-
сыртқы жағдайларының шиеленісуінің салдарынан 603 жылы түрік қағанаты
батыс, шығыс болып екіге бөлінді.
Қағандықтың халқының этникалық құрамы "Он оқ бұдын" тайпалары болған.
Батыс Түрік қағанаты "ежелгі усун жерлеріне" ірге тепті, демек оның аумағы
ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерлерді алып
жатты. Шу өзенінің шығыс жағын дұлулардың 5 тайпасы, ал батыс жағында
нушибилердің 5 тайпасы мекендеген. Батыс Түрік қағанатының ордасы Суяб
қаласы болды. Қырғыздың Тоқмақ қаласының маңы жазба деректерде қағанаттың
тарих сахнасына көтерілген уақыты Жегу қаған 610-618ж.ж. мен Тон қағанның
қағандық құрған кездері. Тон Жабғу қағанның баласы Тарду Шадтың Тохорстан
мен Канису Ауған жерлеріне жүргізген жорықтарының нәтижелі аяқталуы
қағандықтың оңтүстіктегі шекарасын Индияға дейін кеңейткен.
Батыс-Түрік қағандығында билік сатылы түрде жүргізілген. Қаған билігі
шексіз мұрагерлік түрде жүргізілсе одан кейінгі билік қаған сайлаған
ұлықтың қолында болған. үшінші билік Қаған руының үстем тап өкілдерінің
қолында болған - оларға берілген. Сот функцияларын бұйрықтар мен тархандар
орындады.
Қағанат негізгі қара жұмыс істейтін халқы түркі тілінде "қара
бұдындар" -деп аталған. Бұл сөз қазақ халқының "Қалың бұқараң немесе "Қара
халык"- деген сөздердің мағынасына сәйкес келеді. Алым-салық төлейтін
барлық ауыртпалықтың ауыр жүгін көтеретін осы "Қара бұдындар" болған.
Түрік қағанатында қанмен төлейтін салықтың да түрі болған. Ол әскери
міндеткерлік қызмет атқару. Олар майдан шебінің алдында жүрген. Мұндай
қызметті көбінесе тәуелді тайпалардың адамдары атқарған.
Батыс-түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси
қатынастардың ала-құла, үстемдік ету мен бағыну түрлерінің алуан түрлі
болуына қарамастан батыс-түрік қағанатында таптардың құрылу және ертедегі
феодалдық қоғамдық қатынастардың біршама тез қалыптасу үрдісінің жүргені
анық. Қағандық үшін дулу мен нишаби тайпаларының арасында талас басталды да
өкімет үшін болған он алты жылғы созылған 640-657 ұзақ соғыс қағандықты
мүлде әлсіретеді. Қағандық Іле өзеніне дейінгі аралықта екі үлкен тайпаның
қол астында екіге бөлініп кетеді. Батыс-түрік қағанатының іштей әлсірегенін
білген Тан империясы оның жеріне басып кірді, түрік тайпалары әсіресе
түргештердің саяси белсенділігінің арқасында ұзаққа созылған соғыс
нәтижесінде өз тәуелсіздігін жеңіп алды.
2. 704 жылы Батыс-түрік қағандығы құлап оның орнына түргеш қағанаты
пайда болды 704-756ж.ж.
Түркештердің алғашқы қағаны Үшлік, өзінің негізгі тайпаларын екі
ордаға бөліп
басты орталығын Суяб қаласын өлы Орда деп атаса, Іле аңғарындағы Күңгірт
қаласын
өзінің кіші ордасы еткен. Батыс-түрік қағандығының құрамында болған басқа
да түрік
тілдес тайпалар да түркештердің қарамағына енген. Саяси әкімшілік билік
қағандықтың ең
жоғарғы атағы Басқағанның қолында болған. Қағанат 20 әкімшілік аймақтарға
бөлінген.
Әрбір аймақты тархандар басқарған. Аймақтар жеті жүз мыңнан әскерлер
жинаған. Үшлік
қаған өлген соң оның орнына баласы Сақал 706-711 жылдары қаған болды. Осы
кезде
қаған билігі үшін сары және қара түркеш тайпаларының арасында талас-тартыс
басталды.
Мұны шығыс түрік қағандығының қағаны Қапаған пайдалануға тырысқан. Екі
тайпаның
арасында тартыста Қара түргештер жеңіске жетіп, оның ішінде шапыш
тайпасының
тарханы Сұлу қаған болады 715-738ж.ж.. Ол өзінің 715 жылы Қаған деп
жариялады.
Ордасы Талас Тараз қаласында болды. Сұлу қаған болған кезде қағандықтың
ішкі-сыртқы
жағдайы шиеленісіп кетті. Біріншіден Азиядан арабтар шапқыншылығы күшейіп
тұрған
болса, екіншіден Оңтүстік шығыс жағынан Қытайдың қаупі төніп тұрды. Сөйтіп
Сұлу
қағанға екі жаумен күресуге тура келді.
Сұлу қаған Орта Азиядағы халықтардың күресін пайдаланып, оларды қолдап
арабтарға қарсы күресті. 723 жылы Ферғана, Самарканд, Бухара халықтарының
арабтарға қарсы күрестеріне көмектесіп қалалардан арабтарды қуып шықты.
Халықаралық жағдайлардың түргеш қағандығының пайдасы үшін шешілуіне
саяси белсенділік керсетіп жүрген Сұлу қаған Жетісуға оралған кезде 738
жылы өзінің бақталастарының бірі Бага-Тарханның қолынан қаза тапты. Сұлу
қаған өлгеннен кейін "қара" және "сары" түргештер арасы ушығып талас-тартыс
күшейіп билік үшін екі тайпа арасындағы күрес 20 жылға созылып қағандықтың
саяси және экономикалық жағдайы мүлде әлсіреп, 756 жылы түргештердің
құлауына әкеп соғады.
3. Қарлұқтар Алтай, Тарбағатай тауларының баурайларында өмір
сүрген. Қарлұқ
қағанатының алып жатқан жері батыс-түрік қағанатының орны немесе қара және
сары
түргештердің жері. Қағандықтың халқының этникалық құрамы түрік тілдес
тайпалар.
Қарлұқтардың ақ сүйектері саяси әкімшілік жағынан басты роль
атқарған. VII ғасырда қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды. Ал онда саяси
жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары
өздерінің бұрынғы күш-құдыретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен
түргеш тайпалары қарлұқтарға айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. 766 жылы
түргештердің екі қағанының ордалары Тараз және Суябпен қоса бүкіл Жетісу
жерлері қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Саяси және әлеуметтік бөліктердің
қарлұқ көсемдерінің қолына көшуі Жетісуда Қарлұқ мемлекетінің біржолата
қалыптасуына жеткізді. Қарлұқтар өздеріне бағынышты жерлердің шекарасын
одан әрі кеңейте берді. 766-775 жылдары қарлұқтардың бір тармағы Қашғарияны
басып алды, ал VIII ғасырдың соңында олардың басқа бір тобы Ферғанаға өз
ықпалын таратты. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде Қарлұқтармен
тибеттіктердің әскерлерін талқандады. Қарлұқтарды қуа отырып ұйғыр қағаны
Ферғана мен Сырдарияға дейін жетті, олардың адамдары мен малдарын қолға
түсіріп Орталық Азияға қайтып кетті. Сөйтіп олар 812 жылы қарлұқтар жабғуы
Оңтүстік Қазақстан маңайында Мауараннахрдың солтүстігіндегі жерлерді басып
алу жөнінде белсенді саясат жүргізген арабтарға қарсы күресті басқарды.
Арабтарға қарсы әр түрлі аттаныстарды қарлұқтар талай рет белсене
қолдады. 840 жылы ұйғырлардың қырғыздардан жеңілуінен кейін қарлұқтар
ұйғырлар үстемдігінен азат етілді. Қарлұқтардың көсемі Білге Кұл-Қадыр-хан
Испиджап билеушісі болып өзінің бұрынғы атағы - Жабғуды тастап, Қаған
атағын алып, билікті өзінің алуға құқылы екенін ашықтан-ашық жариялады.
Алайда Қарлұқтардың билігі берік болмады. Бұл кезде Саманилер әулеті де, өз
билігін нығайтуға, мемлекет пен Ислам шекарасын кеңейтуге ұмтылды. 840 жылы
саменилердің Самарқандтағы билеушісі "қасиетті соғыс" жариялап Испиджабты
басып алды. Сөйтіп Саменидтер мен Қарлұқ қағанының арасында әсіресе
Оңтүстік Қазақстан жері үшін ұзақ жылдарға созылған соғыстар басталды.
Алайда қарлұқтар саманидтер мен арабтардың біріккен күштерінен жеңіліс
тауып кері оралған. Олар Оңтүстік Қазақстанға өздерінің ықпалын күшейтіп
мұсылман дінін енгізе бастады. X ғасырдың басында Қарлұқ қағанатының
жағдайы қиындап, олардың аумағында бытыраңғылық күшейді. Мұндай жағдайда
Шығыс Түркістандағы Қашғардың түрік билеушілері пайдаланып Оңтүстік Шығыс
Қазақстан жеріне жылжыды. 940 жылы олар Баласағұнды басып алды да Қарлұқ
мемлекетін құлатып Қараханидтер әулетінің үстемдігін орнатады.
4. Оғыз мемлекетінің тарихы. Қазақстан территориясымен тығыз
байланысты. Оғыз мемлекеті Сырдарияның ортасы мен төменгі ағысында ІХ-Х
ғасырда өмір сүрді. Оғыздардың қүрамында Сырдарияның түрік тұқымдас
тайпалары, сол сияқты Жетісу, Сибирьдің көшпелі, жартылай көшпелі тайпалары
болды. IX ғасырдағы ұаққа созылған қақтығыстан соң оғыз көсемдері Арал
маңына, Батыс Қазақстан территориясына үстем болды. Осы жерге орналасқан
түрік тайпасы Печенектерге соққы берді. Оғыз мемлекеті әртүрлі рулардан
құралды да мемлекет өмір сүріп тұрған кезінде халық болып қалыптаса алмады.
Оғыз мемлекетінің басшысы Жабғу деп аталды. Ол үкімет билігін
мирасқорлықпен балаларына беріп отырды. Жабғулар сайланды, бірақ ол
сайлауда бірінші кезекте жабғудың балалары, сайланатын болды. Оғыз
мемлекетінде рулық құрылыс ыдырап феодалдық-патриархалдық құрылыс үстем
болды. Оғыз мемлекеті өзінің сипаты жағынан ежелгі феодалдық мемлекет
болды. Үкімет салық системасын енгізіп арнаулы салық жинаушылар байланыстар
жасады. 965 жылы Оғыз Жабғуы Киев князі Святаславпен хазарларға қарсы
әскери одақ құрды. Соның нәтижесінде хазар қағанаты күйреді. X ғасырдың
соңында бұл екі мемлекет бірлесе отырып Еділ балғарларына соққы берді.
Алайда ұзақ жылдарға созылған соғыс, соғыс үшін алынған алым-салықтар
Оғыз тайпаларының наразылығын тудырады. Осындай ішкі қайшылықтардың
салдарынан Әли ханның басқару кезінде оғыз мемлекетінің жағдайы нашарлайды.
Осындай жағдайды пайдаланып салжұқтар Жент қаласын басып алады. Бірақ қала
халқы салжұқтарды көп ұзатпай қаладан қуып шығады. Оғыз мемлекеті Әлиханның
мұрагері Шахмәліктің тұсында қайта көтеріле бастайды. Ол 1041 жылы
Хорезімді жаулап алған болатын, бірақ Шәхмәлік көп ұзамай Оғыздарға қарсы
қайта көтерілген салжұқтардың қолынан Хорезм түбінде қаза болды. Оғыз
мемлекеті өз ішіндегі талас тартыстардан әлсірей бастады. Көрші жатқан
қыпшақтарда оларға жиі-жиі шабуыл жасап отырған. XI ғасырдың II жартысында
күшейе бастаған қыпшақтар Оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржолата
ығыстырды. Қыпшақтардың қысынына шыдамаған Оғыздардың бір бөлігі Европаның
шығысына, Кіші Азияға қарай жылжыса, кейбір бөліктері Қарахан әулетінің
қарамағында қалды, біраз бөлігі Хорасан салжұқтерінің қол астына кірсе,
қалғандары қыпшақтардың қарамағында қалып, олармен сіңісіп кетеді де Оғыз
мемлекетінің құлауына әкеп соғады.
5. Қимақтардың мекені Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан қимақ,
қыпшақ
тайпалары бірлестігінде феодалдық қатнастар біртіндеп дамыған. Қимақтардың
пайда
болуы, этникалық құрамы және жеке тайпа болып құрыла бастауы, тарих
сахнасында
көтерілуі Батыс түркі қағанатының шығыс белігінің 656 жылы ыдырай
бастағанына
байланысты болды. Қимақтар туралы алғашқы деректер б.э.д. қытай
жылнамаларында
кездеседі. Қытай тарихнамасының негізін қалаушы Сыма Цян Солтүстік Монғолия
жерін
мекендеген тайпалардың ішінде, қимақтардың құрамына кірген қыпшақ тайпасы
туралы
жазады. Кейбір зерттеулер бұл пікірдің негізсіз еместігін растайды.
Қимақтар туралы
басты хабарлар ІХ-ХІ ғғ. бірінші жартысындағы өмір сүрген араб тарихшысы
Абул Валид
Мухаммед Әл-Азаракидің "Мекке қаласының жылнамасы" – атты еңбегі. Бұл
еңбекте
Отырар аймағындағы қарлұқ жабғуының қимақ еліне қарай қуып жіберілгендігі
хабарланған. Бұл хабардан Отырар аймағына арабтардың келе бастағандығы
байқалса,
екіншіден қимақ елінің XII ғ. өзінде белгілі бола бастағанын білдіреді.
Қимақтар IX ғасырдан бастап өз алдына жеке мемлекет болып өмір сүрген.
Кейбір мәліметтер бойынша Қимақ мемлекетінің орталығы Имакия қаласы. Жазба
деректердің хабарына қарағанда кимектердің екінші орталығы Ақкөлдің шығыс
жағындағы Карантия қаласы болған. Қимақ сөзінің этнологиясы туралы ғылымда
белгілі тиянақты пікір қалыптаспаған. Бірақ та оның түрік сөзі екендігіне
ешбір күмән жоқ. Сөздің түпнұсқасы түрікше "Құм" деген ұғымды білдіретін
сияқты. Деректерде қимақ, имақ имек болып әр қалай кездеседі. Атақты
түрік тілінің маманы М.Қашғаридің еңбектерінде де имақтар деп жазылған. IX
ғ. Ертіс пен Жоңғар алатауының арасында 12 қимақ тайпаларының бірлестігінен
қимақ мемлекеті құрылған. Мемлекеттің жоғарғы билігі ханның қолында болды.
Ол мұрагерлікке қалып отырған.
Қимақ қағанаты солтүстік, шығыс және Орталық Қазақстанда құрылды. Ол
өз мемлекетінің шегінде билеушілерді тағайындады. Қимақ ақсүйектерінің
билігі де балаларына мұрагерлік жолмен беріліп отырған. Қимақтардың малынан
айырылған көшпелілерінің ятуқ, жатақ отырыкшылыққа көшуге мәжбүр болғаны
тарихта айтылады. Оғыздардың жерін басып алғаннан кейін қыпшақ хандары,
күшейіп алып қимақтар мекендеген жерлерде үстемдік құрды. Осындай саяси
жағдай барысында қимақтар үстемдігінен айырылып қана қоймай қыпшақтарға
тәуелді болып қалды. Сөйтіп тарихта қыпшақтар мемлекетінің орнын басты.
6. Қарахан мемлекеті. X ғасырдың бас кезінен бастап Қазақстанда
феодалдық
қатынастар дами бастады. Қазақстанның территориясында феодалдық
қатынастардың дамуы барлық аймақтарда, аудандарда біркелкі болмады.
Халықтың өмір сүруіне қолайлы,
егіншілік пен отырықшылық ерте қалыптасқан сауда жолы басып өтетін Орта
Азиямен
көптен бері экономикалық байланыста болған оңтүстік ауданда феодалдық
қатынастар тез
дамыды. Басқа аудандарда көшпелі мал шаруашылығы үстем болды. X ғасырдың
орта
шенінде Жетісу мен Қашғардың Шығыс Түркістан бір бөлігін қамтыған Қарахан
мемлекеті пайда болды. Қарахан деген сөзден шыққан карахан халқы түрік
тұқымдас
халық. Қарахан мемлекеті 942 жылы орнады. Қарахан билеушілері Исламды
мемлекеттік
дін деп жариялады. Мұсылман діні, түрік тұқымдас халықтарды біріктіруде
едәуір роль
атқарды. Қараханның астанасы - Қашқар. Қарахан ханы Тараз бен Баласағұн
қалаларының
да билеушісі деп есептелді. XI ғасырдың басында Қарахан мемлекеті
Саманидтер қарамағындағы Орта Азияның Испиджаб, Бұхара, Самарканд сияқты
қалаларын басып алып, едәуір күшейе түсті. Сөйтіп бүкіл Сырдария өңірі
Қарахандардың қолына өтті.
Қарахандар тұсында түріктердің шаруашылығының негізгі түрі Оңтүстік
аудандарда егіндік, Батыс, Солтүстік, Шығыс аудандарда мал шаруашылығы
болды. Аң аулау көшпелі және жартылай көшпелі халықтың тіршілік ету
негізінің бірі болды. Өзендерден балық аулау кәсібі халық өмірінде елеулі
орын алды. Егіншілік аудандарының халқы отырықшы болды. Қарахан мемлекеті
жер иелену саласындағы феодалдық қатынастарды дамыта отырып саяси-
әлеуметтік жаңа жүйе енгізді. Хандар өздерінің туыстарына халықтан
мемлекеттің пайдасына алынатын сияқты тарту етті. Бұл "Иқта" деп аталды.
Иқтаның бірнеше түрі болды. Иқта арқылы оны иеленуші жер иеленуге ерікті
болды. Әскери ихта салықтың ең көп тараған түрінің бірі. Ихта иегері тек
салыққа ғана емес, салық төлейтін адамға, оның жеріне де ие бола бастады.
Ихта иелері алған жерлерін өмір бойына иеленуге мұрагерлік иелікке
айналдыруға ерікті болды. Сөйтіп ихта иелері жер иеленушілерге айналып,
ихта феодалдық жер меншігінің бір түріне айналды. Феодалдардың шаруаларды
қанатын отырықшы аудандарға ең кең тараған формаларының бірі үлескерлік
болды. Мемлекеттің немесе феодалдың меншігіндегі жерлер шаруаларға жалға
берілді. Ол жердің түсімінің көпшілігін үлескер жер иесіне беруге міндетті
болды. Үлескерлерге өз меншігінде жері жоқтар немесе отырықшылыққа айналған
көшпелілер еді. Жерлерді қамқорлыққа беру деген феодалдық жер иеленудің
түрі болды. Ұсақ жер иелері өз жерін бай немесе ықпалды жер иесінің
қамқорлығына берді. Ол ұсақ жер иеленушінің мүддесін қорғауға міндетті
болды. Бұл аухатты феодалдардың қолына жер меншігінің топтасуына әкеп
соқты. Малшыларға өздерінің баласын барымтадан т.б. зорлық-зомбылықтардан
қорғау үшін, бай-феодалдардың қамқорлығына тапсырды. Бұл да феодалдардың
бар әдісінің бір түрі еді. Қарахан мемлекетінде үкіметті хан басқарды. Оның
кеңесшісі және көмекшісі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz