Қалмақ хандығының мемлекеттік құрылысы және құқықтық жүйесі (1664-1771 ж.ж.)


Қалмақ хандығының мемлекеттік құрылысы және құқықтық жүйесі (1664-1771 ж. ж. )
КІРІСПЕ
Диссертациялық жұмысқа жалпы сипаттама . Диссертациялық жұмыс патшалық Ресей территориясында қалыптасқан Қалмақ хандығының мемлекеттік құрылысы және құқықтық жүйесін (1664-1771 ж. ж. ) зерттеуге арналған.
Зерттеу жұмысында көшпелі халықтардың мемлекеттілігі мен құқықтық жүйелері тарихын зерттеудің кейбір теориялық мәселелері талданады, Қалмақ хандығының құрылуы және қалыптасуы тарихи деректер арқылы сомдалып, кезеңдерге бөлініп қарастырылады. Мемлекеттің құрылысы оның ұйымдастырылуының ерекшеліктері жан-жақты сараланып, қалмақ құқық жүйесі құрылымы және ерекшеліктері анықталып, қалмақ құқығының негізгі құқық салалары мен институттары сипатталады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзаттың бүкіл әлемдік жаһандану даму жолындағы одақтас құрылымдарға мүше мемлекеттердің тарихи күресу нәтижесінде қол жеткізген тәуелсіздігінің шайқалуы, жаулап иемденіп алған территориясының мемлекеттік шекарасының бұзылуы туралы сұрақтарды көтереді. Сонымен бірге жаһандану үрдісі нәтижесінде елдер мен халықтар әлемдік біртұтастану, әмбебаптану сияқты даму тенденциясы ықпалымен кейбір өркениеттерге сіңісіп ұлттық ерекшеліктеріне тән қасиеттерін жоғалтып жатқаны байқалады. Осы диссертациялық жұмыста қазіргі кезде әлі де көшпелі өркениет элементтерін сақтап отырған ұлттық нақышы жойылмаған, жалпы көшпелі тіршілігі сақталынған елдерге қатысты еңбек болып табылады.
Осы орайда Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 23 мамырдағы Жарлығымен мақұлданған, «Қазақстан Республикасының мемлекетік сәйкестілігін қалыптастыру тұжырымдамасына» тоқталсақ: «Тарихи тұрғыдан келгенде, мемлекет әдетте ұлттық мемлекет ретінде пайда болады, оның құрылтайшысы әрі әлеуметтік базасы белгілі бір этникалық қауым болып табылады. Этностың даму қисынының өзі-ұлттың өмір сүруі мен дамуының материалдық және рухани жағдайын қамтамасыз ететін құрал ретінде мемлекеттің пайда болу қажеттігін негіздейді. Мұның өзі тарихи және жалпы адамзаттық практика. Оған қазіргі заманда халықаралық құқық принципі мәртәбесі беріліп отыр, әрі мұның кез-келген ұлттың мемлекеттік өзін-өзі билеуге құқығының бар екенін білдіреді. Міне, сондықтан да байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құру жөніндегі конституциялық қағиданы халықаралық құқықтың жалпы танылған нормалар мен принциптерінің аясында қабылдау қажет» [1, 3 б. ] . Қазіргі тәуелсіз және құқықтық мемлекет құру кезінде, қоғамдағы жаңа дүниетанымдық көзқарастардың жаңғыруы көшпелілердің мемлекеттік, саяси-құқықтық тарихын кешенді түрде қайта қарауды талап етеді.
Адамзат тарихының орта ғасырдағы даму ерекшелігі көшпелілік аспектісімен ашылып, еуразиялық миграция бағыты, шығыстан бастау алып батысқа жетуі дүниежүзілік тарихтың негізгі сарынын өзгертті. Кез келген халықтың этностың тарихи қалыптасқан өзіне ғана тән болмыс-бітімі, салт-дәстүрі, рухани мұралары - сол халықтың қоғамдық, әлеуметтік, саяси болмысын танытады. Сондай халықтардың бірі қалмақтар. Олар Алтайдан батысқа қарай, Төменгі Еділ бойына дейін көшіп қоныс аудару жолында түрік тектес (қазақ, қырғыз, башқұрт, татар, ноғай және т. б. ), славян және тау халықтарымен (кабардалықтар) сан-салалы қатынастар тоқтатқан. Нәтижесінде монғол дәстүрлі, бірақ қалмақтық сипатты мемлекеттік басқару жүйесі, қалмақ құқығы қалыптасуы көшпелі мемлекеттер тарихында өз орны бар елеулі құбылыс болып қалды.
XVІ ғасырда Жоңғар мемлекетінің біртұтастығының ыдырауы нәтижесінде, Жоңғардың шығыстан батысқа қарай Ресей жаққа бір топ ойрат ноендары өз ұлыстарымен бірге ауа көшуі Ресей территориясында құрылған Қалмақ хандығының тұғырын қалады. Осылай Қалмақ хандығы XVІ ғасырдың екінші жартысында Жоңғар хандығының ішінде туындаған ноендар жанжалы, ел ішіндегі саяси және әлеуметтік-экономикалық бірлікті, берекелікті ұстай алмай ыдырауы нәтижесінде өз хандығын құрған ойрат мемлекеттерінің бірі - осы Қалмақ хандығы.
Кезінде, өз дәуірінде ежелгі қазақ жерінде «көшпелі мемлекет» құра білген, бүгінде қайта жаңарып қайта түлеген жас қазақ мемлекеті үшін өткен ғасырлардағы көшпелі мемлекеттердің саяси-мемлекеттік және құқық жүйесінің қалыптасуын, дамуын, көшпелілік дәстүрлі өмірін терең түсіну өзімен көршілес, тіптен, “қоныстас” жұрттардың мемлекеттік-саяси құрылымы мен құқықтық жүйесін зерттеп зерделеу ісі бүгінгі зайырлы, құқықтық, демократиялық қоғам құрып отырған қазақ мемлекеті үшін аса қажет.
Біздің ата көршіміз Ресей Федерациясы - әлемдегі ең ірі көпұлтты, ішкі құрылымы әрқилы субъектілерге негізделген мемлекет. Ресей мемлекеті полиэтникалық негізде көпұлтты мемлекет болып қалыптасуы тарихи факторлармен дәйектелінеді.
Кеңес үкіметі кезіндегі тарихшылар Ресей патша үкіметінің құрамына енген халықтар туралы олардың патша мемлекетінің жергілікті билік өкілдерімен немесе патша үкіметінің кез келген шенеуніктермен құрған алғашқы серттік-шартынан кейін өз еріктерімен патша бодандығына енді деп оңайлықпен жариялайтын. Ресей мемлекетінің құрамына енген халықтар құрылған шарттың мазмұнынан бағыну және бодандық ұғымын өз беттерінше түсінетін болған. Яғни патша үкіметімен құрамына енген серіктестіктердің Ресейге қосылу немесе құрамында болу жайлы пікірлері, түсініктері әртүрлі болды. Ресей патша үкіметі мен көшпелі хошауыт ноендарының арасындағы өзара тиімді екі жақтың да мүддесін көздеген серттік-шарттары негізінде Ресейдің заманға сай құбылмалы саясат жүргізіп келгені тарихтан белгілі. Алайда, көшпелі халық өз мүддесін сәйкестендіре отырып, діні, тілі, ділі бөлек жат мекенде, таныс емес өмір сүру болмысы тіпті де өзгеше ортада көшпелі қоғамды құрып, оны саяси ұйымдастырып хандық деңгейге дейін жеткізгені де шындық. Заманның аумалы көшпелі жағдайына байланысты ұлттық мемлекеттілігін бір де жойып, бір де қайта жаңғыртып, әлі күнге дейін осы ұлы Ресей мемлекетінің субъектісі болып отырған Қалмақ Республикасының мемлекеттік билікті ұйымдастыру тарихи ерекшелігі, ұлттық ерекшелігі бар қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп отырған құқық жүйесі тарихы кімді де болсын қызықтырады.
Ресей құрамына енген кез келген халық бірнеше кезеңді басынан өткереді. Олар біріншіде өзіндігімен қосылу, яғни ресей бодандығын бекіту; екіншіде мемлекеттің құрылымына баяу инкорпарациялану ; соңғысы ассимиляциялануы. Аталған үрдістермен қатар келесі құбылыстардың дамуы объективті: баяу басқарудың және бодандықтың біртұтас стандартының бекітілуі, территориясының құқықтық мәртебесінің біртұтастануы (унификациялануы ), екіншісі құрамына кірген халықтың орыстануы. Дәл осындай кезеңдерді де басынан өткере отырып, қалмақтар Ресей мемлекеті құрамына кірді.
Монғол дәстүріндегі қалмақтың құқық жүйесін қарастыру барысында олардың құқық қайнар көздерінің ішкі құрылымы, мазмұны, ұғым түсініктерімен атаулары және кейбір құқық институттары қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесіндегі ұғым түсінік атаулармен және қазақ құқық институттарымен де үндес келіп жататын тұстары бар. Монғол дәстүріндегі құқық жүйесінің ерекшелігі қайнар көздері жазбаша сақталынған. Ал монғол және қалмақ халқы көшпелі өмір салтының дәстүрлі иегерлерінің, тіпті классикалық үлгіге жатқызылатын халықтардың бірі. Қалмақ құқық жүйесінің тыныс-тіршілігін, «өмір сүру» ерекшеліктерін жан-жақты, сан қырынан қарастыру арқылы көшпелі қоғамның саяси-әлеуметтік өмірінің шынай табиғатын тануға, әдет-ғұрып құқық жүйесіндегі сіңіскен құқық институттарын анықтауға жол ашылатынына күмәніміз жоқ.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Қалмақ хандығының мемлекеттік құрылымына және құқықтық жүйесіне арналған арнайы кешенді зертттеу монғол тілінде де, орыс тілінде де жоқ. Бірақта қалмақ халқының шығу тарихына, этностық-ұлттық болмысына, шаруашылығына, мәдениетіне арналған әдебиеттер саны көп. Оларды сұрыптамайынша XVІІ ғасырда Ресей мемлекеттік-құқықтық кеңістігінде пайда болған, жүз жылға жуық хандық нысанда өмір сүрген қалмақ мемлекеті жайлы зерттеу жасау мүмкін емес. Сондықтанда қалмақтардың ата тегі ойрат этносы туралы мәліметтерді беретін зерттеулер бірінші топты құрайды. Ойраттардың шығу тегі, орта Азия тарихи сахнасына келуі туралы, олардың тұрмыс тіршілігі жайлы деректерді қамтыған әдебиеттер монғол, қытай және тибет тілдерінде кездеседі. Ойрат монғолдардың пайда болуы, дамуы туралы деректері бар монғол тілінде жарияланған әдебиеттердің алғашқысы 1240 жылдары жазылған «Монғол құпия шежіресі» - тарихи жылнама шежіресі, кітабы. Осы еңбектен кейінгісі 1640 жылғы «Монғол-Ойрат Заңы». XVІІ ғасырдың соңында тибет тілінде жазылған (шамамен 1691 жылы) «Равжимба Зая бандидын тууж Сарны гэрэл хэмээх оршвой» ( Равжимба Зая бандидің ай сәулесі атты шежіресі. Жақшаның ішіне өз мазмұнына қарай аудармасын жаздым. Ш. У. ) еңбегі Ойрат монғол тарихы үшін құнды қайнар көздердің бірі (қазір монғол тіліндегі 3 нұсқасы табылған) . Сонымен қатар ойраттардың шығу тарихын және олардың діни тарихын қарастыратын тағыда бір маңызды әдебиеттердің бірі 1739 жылғы «Богд Нэйж тойн Дамой манзуширын домгийн тодорхой гийгүүлэгч Чандмань эрх хэмээх оршвой» (Богда Нэйж тойн Дамой манзушир аңызының нақты бейнесі қуат көзі мыс) еңбегі, монғол зерттеулерде атын қысқартып «Нэйж тойны намтар» ( Нэйж тойн ғұмырнамасы ) деп аталады. XVІІ, ХІХ ғасырларда «Монғол құпия шежіресіне» және «Алтын товчыға» негізделе отырып, ойрат монғол тарихын, ноендар, тайждар, зайсанглардың шығу тегін терең зерттеген еңбектер жазылды. Бұдан басқада құнды еңбектерді атап өтуге болады: Мэргэн Гэгээннің «Алтан товч» ( Алтын түйін) , Жамбалдоржының «Болор толь» (Тұнық (Мөлдір) сөздік), Галданның «Эрдэнийн эрх» (Асыл құқық), Саган Сэцэннің «Эрдэнийн товч» (Асыл түйін), Дарма Гүүштің «Алтан хүрдэн мянган хэгээст» (мың кертікті Алтын доға күпшегі) , Бямбаның «Асрагч нэртийн түүх» (Асрагч атақтының тарихы) .
Төрт ойраттар тарихына маңызды қайнар көз болатын зерттеулердің кейбіреулері монғол тілінде, анық (тод бичик) жазумен жазылған. Баатар Убаши Түмэннің «Дөрбөн Ойрадын түүх» (Төрт Ойрат тарихы), Габан Шаравын «Дөрбөн Ойрадын тууж хэмээх оршвой» ( Төрт Ойрат шежіресі ) , «Монгол уг эхийн түүх» (Монғолдың тектік шежіресі) , «Торгууд хаадын тууж» (Торғауыт хандар шежіресі), «Үнэн сүжигт хуучин торгууд хийгээд Чин сэтгэлт шинэ торгуудын хаад, ноедын уг үндэсний илтгэл түүхийн бичиг» (Адал сенімдібайырғы торғауыттар және шынайы сезімді жаңа торғауыт хандары мен ноендарының ұлттық тарихи жазба) , Дамбийжалцан Ломбоцэрэннің «Монгол буриадын түүх» (Монғол буриат тарихы) . Бұл еңбектерде төрт ойрат одағына кіретін тайпалардың, рулардың шығу тарихы, олардың өзара тектік-туыстық байланысы, көшіп-қонып жүрген мекен-жайы, қоғамдық құрылысы туралы деректер берілген.
Қытай мемлекетінде монғол ойрат зерттеулері бойынша монографиялар, тақырыпқа арналған журналдар, мақалалар монғол тілінде жарияланған. Солардың бірі 1980 жылы Шынжан өлкесінде То. Бадам, Т. Жамц авторлықтарымен басылып шыққан «Жангар тууж» (Жангар жыры) , кейіннен ол 1988 жылы Көк қаласында басылып шықты. Сонымен қатар Қытай елінде 1985 жылы «Ойрад түүхэн сурвалж бичиг» (Ойрат тарихи жәдігерлер жазбалар) , 1992 «Ойрадын түүхийн дурсгалууд» (Ойрат тарихи ескерткіштер ) атты жинақтар басылып шыққан болатын. Бұл екі кітапта ойрат тарихына қатысты тарихи жәдігерлер жайлы түсіндірме беріп кеткені ойраттар тарихын зерттеушілер үшін өте құнды көмегін тигізеді. Қытай елінің Көк қаласында танымалы ойраттанушы ғалым Намсрай «Дөрбөн Ойрадын түүх» (Төрт ойрат тарихы) (1993 жыл), «Дайчин улсын үеийн монголын түүх» (Дайчин ұлысы кезіндегі монғол тарихы) (1993 жыл), «Зүүн гарын хаант улсын түүх» (Жоңғар хандығы тарихы) (1996 жыл), «Галдан бошгот» (1997 жыл) деп аталатын еңбектер жазды. Бұл еңбектерде монғол, қытай деректеріне негізделе отырып, ойраттар тарихын, олардың тұрмыс тіршілігін, төрт ойрат руларының туыстық байланысын ашып көрсетеді. Сонымен бірге ойрат халқының арасындағы саяси қайшылықтарды, олардың пайда болған себептерін сол кездегі қоғамдық өмірмен байланыстырып баяндайды. Ойраттанушы ғалым Д. Мөнхбаатар 1997 жылы Улаан-Баатар қаласында «Көк нуурын хошуудын түүхэн замнал, угсаа хамаарлын асуудалд» (Көк көл бойындағы хошауыттардың тарихи тағылымы, этнографиялық мәселелеріне) тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 1996 жылы «Ойрадын түүхэн дэхь нэрт XVмүүс» (Ойрат тарихындағы атақты адамдар) атты энциклопедиялық сипатты кітап шыққан, авторы Алтаншаа. Сонымен қатар ойраттанушы ғалымдардың ішінде танымал ғалым Алтын-Оргил «Ойрад түүх судлалын өгүүллийн түүвэр» (Ойрат тарихи зерттеулердің мақалалар жинағы) атты жинағында ойраттардың этностық ерекшелігін айқындап және олардың рулық шығу тегіне қатысты аңыздар мен әңгімелер баяндалған. М. Улаан деген зерттеуші 1999 жылы Шынжанда «Ойрадын түүхийн судлал» (Ойрат тарихи зерттеулері) атты жұмысты анық жазумен жазып шығарған. Шынжанда «Хан тэнгэр», «Ойрат зерттеулер» атты журналдар анық жазумен басылып шығып тұрады. 1992 жылы Бурятия астанасы Улан-Үдеде ойраттардың шығу тегіне, рулардың шығу тегін тарихын таратқан «Буряадай түүхэн бэшэгүүд» (Буриядтардың тарихи жазбалар (ескерткіштері) ) атты «шежіре» кітап жарияланды. Авторы буряд ғалымы Ш. Б. Чимитдоржиев.
Ойраттану және қалмақтану мәселелері революциядан кейінгі (1921 жыл) Монғолия мемлекетінің басты назарында болды. Ойрат ұлыстарының қоғамдық құрылысы, әлеуметтік болмысы, монғол әлеміндегі қатынастарының құқықтық реттелуі жайлы келесі зерттеулер жүргізілген: ғалым тарихшы Б. Баянчуулганның «Өөлдийн Галдан бошгот хааны бүлэг» (Өліт Ғалдын бошгот ханға арналған бөлім) , «Галданцэрэн хааны бүлэг» (Ғалданцерен хан туралы бөлімі ), «Өөлдийн Амарсанаа хааны бүлэг» (Өліт Амурсана ханға арналған бөлім), «Өөлдийн олноор тэмцсэн бүлэг» (Өліттердің жаппай күресіне арналған бөлім) атты 4 бөлімнен тұратын қолжазба еңбегі бүгінде Монғолия Республикасының Ұлттық кітапханасының сирек кітаптар қорында сақталып тұр. Аталған кітапхананың сирек кітаптар қорында «Засагт хан аймгийн түүх» (Засагт хан аймақ тарихы) бірінші дәптер , «Дөрвөн Ойрадын намтар түүх энэ болай» (Төрт Ойраттардың ғұмырнамалық тарихы) бір дәптер, «Дөрвөн Ойрадын түүх нэгэн дэвтэр» (Төрт Ойрат тарихы бірінші дәптер), « Цоросын язгуур гаралын намтар» (Цорос (чорос) шығу тегі туралы ғұмырнамасы) бір дәптер және сол сияқты 40 дәптер т. б. ойрат руларының шығу тегіне Жоңғар мемлекетінің құрылуына қатысты деректерді қамтитын 172 дәптерлер ескі монғол жазумен қолжазба нысанында сақталынған. Олардың барлығы дерлік ойрат тарихын, ойраттардың әлеуметтік-қоғамдық жағдайын қарастыру үшін өте құнды дереккөздер. Бұл деректер жұмыста сілтемелік көрініс тауып, кейбір деректер ішінара салыстырылып зерттелген.
1966-1969 жылдар аралығында Улаан-Баатар қаласында басылып шыққан «Монғолия Халық Республикасының тарихы» атты 3 томдық кітаптың 2-ші кітабының (63-157) беттері аралығында Жоңғар хандық мемлекеті тарихы, Ойрат халықтарының манжчурия бодандығына қарсы күресі жайлы кеңінен баяндалған. Монғол академигі Н. Ишжамц «Монголын ард түмний 1755-1758 оны тусгаар тогтнолын зэвсэгт тэмцэл» (Монғол халқының 1755-1758 жылдар аралығындағы тәуелсіздік жолындағы қарулы күресі) атты монографиялық зерттеуі 1962 жылы Улаан-Баатар қаласында басылып шыққан.
Ойраттар және қалмақтардың саяси-әлеуметтік жағдайы және құқықтық болмысы жайлы замана тұрғысынан жаңаша көзқараспен зерттеулер: А. Амар «Монголын товч түүх (Монғолия қысқаша тарихы) » (УБ., 1934), академик Ш. Нацагдорж «Халх түүх (Халха тарихы) » (УБ., 1963), тарих ғылымдарының докторы Д. Гонгор «Ховдын хураангуй түүх (Ховдоның тарихи жинағы) » (УБ., 1964), «Халх товчоон (Халха түйіні) » 1, 2 том (УБ., 1978), С. Пүрэвжав «Хотгойдын угсаа гарал ба түүхийн асуудалд, XVІ-ХІХ зуун (Хотгойт этнографиялық зерттеу және XV-ХІХ ғасырлардағы тарихи мәселелері) » (УБ., 1970), Л. Жамцран «Эсэн тайш хаан» (УБ., 1990), А. Очир «Монголын Ойрадуудын түүхийн товч (Монғол Ойрадтардың тарихи түйіні) » (УБ., 1992), Х. Лагвасүрэн «Торгуудын түүх (Торғауыт тарихы) » 1 том (УБ., 1996), «Ойрадын угсаатны зүй (Ойраттар туралы этнографиялық зерттеулері) » (УБ., 1996), Э. Авирмэд, Д. Дашцэдэн, Г. Совд «Монгол хууль (Монғол заңдары) » (УБ., 1997), Г. Баярхүү «Монголын нэгдсэн төрийн болон дараа үеийн хууль цааз, заншлын хэм хэмжээг харьцуулан судалсан нь (ХІІІ-XVІІІ зуун) (Монғол империясы және кейінгі кезендегі заңдар мен әдет-ғұрып нормаларының салыстырмалы зерттеуі (ХІІІ-XVІІІ ғасырлар) ) » (УБ., 1997), Б. Цэрэл «Дөрвөн Ойрад ба Ойрадын холбоонд багтах үндсэн ястануудын зарим асуудал (Төрт Ойрат одаққа кіретін негізгі рулардың кейбір мәселелері) » (УБ., 1997), Д. Дашбадрах «Монгол-Түвэдийн улс төр, шашны харилцааны түүх (Монғол-Тибет саяси және діни қатынастар тарихы) » (УБ., 1998), А . Очир, Т. Дисан «Монгол улсын өөлдүүд (Монғол мемлекетіндегі Өліттер) » (УБ., 1999), А. Нямаа «Увс аймгийн тайлбар толь (Увс аймақтың түсіндірме сөздігі) » (УБ., 1999), Н. Саруул «Цэвээнравдан хаан» (УБ., 1999), Т. Бямбадорж «Увс аймгийн түүх соелын дурсгалууд (Увс аймағының мәдени тарихи ескерткіштері) » (УБ., 1999), С. Цолмон «Галдан бошгот хаан» (УБ., 1999), Ж. Өлзий «Барга монголын түүх (Барга монғол тарихы) » (УБ., 1999), Г. Цэнд-Аюуш «Өөлдүүдийн хоердахь мынган жилд (Өліттер екі мың жылдықта) » (УБ., 2000), Ц. Гантулга «Алтайн урианхайчууд (Алтай урианхайлары) » (УБ., 2000), На. Сүхбаатар «Баруун хязгаарын нийгэм-улс төрийн хөгжлийн түүхэн тойм (Батыстағы монғолдардың қоғамды-саяси дамуының тарихына шолу) » (УБ., 2000), «Монголын түүхийн тод бичгийн сурвалжууд (Монғол тарихындағы анық жазу жәдігерлер) » (УБ., 2006), «Баатар Увш туурвисан Дөрвөн Ойрадын түүх оршив (Баатар Убашидің жазған Төрт Ойраттар тарихы) » (УБ., 2006), О. Дагвадорж, Д. Довчинсүрэн «Монгол эзэнт гүрний Их Засгийн цааз буюу Чингис хааны зарлигийн хөх дэвтэр (ХІІІ зуун) (Монғол империясының Қлы Яса заңы және Шыңғыс хан жарлықтарының көк дәптері (ХІІІ ғасыр) ) » (УБ., 2006), Ч. Далай «Ойрад монголын түүх (Ойрат монғолдар тарихы) » 1 том. (УБ., 2006), Б. Батбаяр «Их Цааз»-ын эх бичгийн судалгаа («Ұлы Яса»-ның түп нұсқасын зерттеуі) » (УБ., 2008) .
Мұнан басқа ресей патша үкіметі саяси-құқықтық кеңістігінде пайда болған қалмақ хандығы және қоғамдық-әлеуметтік қатынастары және оның реттелуі туралы еңбектері өте көп. Барлығы орыс тілінде жарияланып, отандық ғылымда ғылыми айналымға енген. Бірақ зерттеушілердің сол қоғамдағы идеологиясына, саяси ұстанымына байланысты әртүрлі контексте интерпретацияланған.
Ресей Федерациясы Ғылым Академиясы, Мәскеу, Санкт-Петербург, Элиста, Саратов, Омск, Иркутск кітапханалары қорында көптеген құнды қолжазба, басылымдық жазба, ойрат қалмақ тарихына қатысты материалдар сақталып зерттеушілерге құнды дерек болуда.
Сонымен бірге орыс ғалымдары қалмақ хандығын мемлекет ретінде танып, оның құрылуын, дамуын қарастырмаса да 1603 жылдан бастап 1771 жылға дейінгі патша империясы территориясындағы қоныс аударған қалмақтарға қатысты тарихи деректерді сұрыптап, талдап жазылған. Ресейде қалмақтардың өмірі, тіршілігі жайлы жүйелі зерттеу XVІІІ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Ол ресей территориясына мекендеген қалмақтарды басқару мақсатымен олардың саяси өмірін, дінін, мәдениетін және шаруашылық ерекшелігін анықтауына бағытталғандығымен түсіндіріледі.
Деректерге сүйенсек, орыс патшасы І Петр 1700 жылы 18 маусымда жарлық шығарып, қытай, монғол тілін үйрену мақсатында 2 ламаны Пекинге жібереді. 1716 жылы Пекинде орыс діни өкілдер орталығы ашылып, осы орталық арқылы монғолтанушы көптеген ғалымдар дайындалған. 1724 жылы Орыс Ғылымтану Академиясы құрылып, ғылыми зерттеу бағытын Сібір мен Монғолия өлкесіне бағыттайды. Шамамен осыдан 200 жыл бұрын И. Иерег деген ғалым Петербургтағы монғол және тибет тілінде жазылған қолжазбаларды теріп, есепке алу ісімен айналысып 163 қолжазба жинақтады. Оның 140-на жуығы монғол тілінде. 1725 жылы Иркутск қаласының Вознесенск хийдінде монғол-орыс мектебі ашылып, тілмаштар мен зерттеушілерді дайындаған. Солардың бірі ғалым А. В. Игумнов (1761-1834) монғолдар жайлы соның ішінде ойраттар туралы өте көп қолжазба жинаған. Мұнан басқа Г. Ф. Миллердің «Сібір тарихы» 2 томдық еңбегі басылған (1 том М-Л., 1937, 2 том М-Л., 1941) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz