Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық қатынастар


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

I. Жалпы ережелер

Этносаралық және конфессияаралық келісімді, азаматтық бірлікті қамтамасыз ету Қазақстан дамуының, елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси жаңғыруының маңызды шарты болып табылады.

Ұлттық бірлік доктринасы (бұдан әрі - Доктрина)
2008 жылғы 23 қазанда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІV сессиясында Қазақстан Республикасы Президенті берген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында әзірленді.

Доктрина Конституцияның, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңның және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің ережелеріне, сонымен қатар, аталған саладағы халықаралық құқық нормаларына негізделген.

Доктринада ұлттық саясаттың мақсаттары, міндеттері, ұстанымдары, сондай-ақ оны іске асырудың негізгі бағыттары баяндалған.

Доктрина қоғамды әрі қарай ұйыстыруға қолайлы шарттарды қалыптастыруға бағытталған бағдарламаларды, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге негіз болып табылады.

II. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық қатынастар және ұлттық бірлікті нығайтудың өзектілігі

Ғасырлар бойы қазақтардың тарихи мекенінде әралуан мәдениеттің, дін мен дәстүрлерді ұстанған көптеген халықтардың тағдыры тоғысты. Нәтижесінде 140 этнос пен 40 конфессия өкілдері қазақтармен қоян-қолтық бейбіт өмір сүретіндей айрықша жағдай қалыптасты. Сонымен қатар, түрлі этностардың ұзақ уақыт қатар өмір сүруі қоғамда төзімділіктің орнықты дәстүрлерін қалыптастырды.

Тәуелсіздікке ие болған алғашқы күннен бастап қазақстандық қоғамды ұйыстыру, барлық этностық топтардың тең құқықты өмір сүруін қамтамасыз ету мемлекеттің ұлттық саясатының іргелі бағыттарына айналды. Өтпелі кезеңнің күрделі жағдайында мемлекеттің мақсатты және дәйекті саясатының арқасында Қазақстанда этносаралық негіздегі қақтығыс, тұрақсыздық пен қоғамдағы жіктелу бола қойған жоқ.

Этностық емес, азаматтық қауымдастық құруға бағытталған бастапқы таңдау келісім мен тұрақтылықтың іргетасы болып қаланды. Этностық ерекшелігіне қарамастан елдегі барлық азаматтардың мүдделерін тоғыстыру ең дұрыс жол екендігін уақыт көрсетіп берді.

Қазіргі таңда Қазақстанда әлемдік қоғамдастық тарапынан жоғары бағаға ие болған этносаралық келісімнің өзіндік үлгісі қалыптасты.

Этносаралық келісімді қамтамасыз етудің тиімді нормативтік құқықтық және тұжырымдамалық негіздері құрылды . Қазақстан Республикасының Конституциясы этностық, нәсілдік, діни немесе өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, барлық азаматтардың мүдделерінің қорғалуына кепілдік берді. Негізгі заңның нормалары барлық этностық топтар арасында сенім және өзара құрмет негіздерін қалады.

Этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудің басымдықтары Президент Н. Ә. Назарбаевтың «Қоғамның идеялық ұйысуы Қазақстан прогресінің басты шарты» атты бағдарламалық еңбегінде, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында, ҚР мемлекеттік сәйкестілігін қалыптастыру тұжырымдамасында көрсетілген. Бұл тақырып Мемлекет басшысының «Тарих тоғысында», «Сындарлы он жыл» кітаптарында, Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларындағы баяндамаларында және өзге де сөйлеген сөздерінде жан-жақты көрсетілген.

Сонымен қатар, ел Президентінің тапсырмасымен Тілдерді дамыту мен қолданудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының орта мерзімге арналған стратегиясы (2011 жылға дейін) және басқа да құжаттар қабылданды.

Ұлттық саясаттың басты құралдарының бірі 1995 жылы құрылған, 818 этномәдени бірлестікті қанатының астына жинаған Қазақстан халқы Ассамблеясы болды. Олардың басшылары ҚХА-ның, сондай-ақ және аймақтық ассамблеялардың құрамына кіреді. 46 этностың өз этномәдени орталықтары бар.

2007 жылы конституциялық реформалардың аясында Ассамблея Парламент Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Сөйтіп, этностық топтардың мемлекеттік билік органдарында өкілдік етуінің конституциялық тетігі енгізілді. 2008 жылы әлемде ешбір баламасы жоқ «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заң қабылданды.

Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекет қызметінің маңызды бағыты теңгерімді тіл саясатын жүргізу болып табылады. Конституцияға сәйкес, қазақ тілі - мемлекеттік тіл болып табылады, мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен тең дәрежеде орыс тілі ресми түрде қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін оқып-үйрену мен дамытуға жағдай жасайды.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудің, оның бәсекелестігін арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды.

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда іс қағаздарын жүргізуді кезең-кезеңмен мемлекеттік тілге көшіру жүзеге асырылуда. Елдің барлық өңірлерінде 60-тан аса қазақ тілін оқыту орталықтары жұмыс істейді, 2009-2011 жылдары олардың санын 120-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта қазақстандық оқушылардың 61%-і, студенттердің 48%-і қазақ тілінде білім алуда.

Сонымен қатар, Қазақстанда тұратын өзге этностардың тілін дамыту қамтамасыз етілуде. 1673 мектепте оқыту орыс тілінде жүргізіледі. Таза өзбек, тәжік және ұйғыр тілдерінде білім беретін
81 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте Қазақстанның 22 этносының тілі өз алдына өтіледі. Арнайы мамандандырылған
195 этнолингвистикалық орталық ашылып, оларда балалар мен ересектер 30 этностың тілін оқып-үйренуге мүмкіндік алды. Ана тілдерін оқытуға арналған жексенбілік мектептерге бюджеттен қаржы бөлінеді.

Мәдени және ақпараттық салардардағы саналуандылықты дамытуға үлкен назар аударылуда . Мәселен, қазақ және орыс театрларымен қатар, 4 ұлттық (этностық) театр - өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істейді. Олардың үшеуі ТМД аумағындағы бірден-бір театр.

Газеттер мен журналдар 15 тілде шығады, 8 тілде радиобағдарламалар, 11 тілде телебағдарламалар беріледі, 19 этнос БАҚ-тарының қызметін қолдауға мемлекет қаржы бөледі, ал олардың саны 33.

Жыл сайын Наурыз, Масленица бұқаралық халықтық мейрамдары дәстүрге айналды, Құрбан айт және Проваславиялық Рождество діни мерекелері демалыс болып жарияланды.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда діннің нақты қайта өркендеуі жүзеге асты . 18 жыл ішінде діни бірлестіктердің саны 6 есеге өсіп, 1991 жылғы 671-ден 2009 жылы 4200-ге жетті. Қазіргі уақытта 3200-ге жуық мешіт, шіркеу, ғибадатханалар жұмыс істейді.

2003 жылдан бастап біздің елімізде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өткізіліп, оларға көрнекті діни қайраткерлер мен түрлі конфессиялар өкілдері қатысады.

Осылайша, Қазақстанда түрлі этностар мен конфессиялардың бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ететін ұлттық саясаттың бірегей тәжірибесі жинақталған. Бұл ретте, этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі нәтижелілігінің басты факторы - ешкімнің артықшылығы да, ешкімнің құқығына қысым көрсетуге де жол бермейтін, елімізде тұратын этностық топтар мүдделерінің теңдігін сақтау болып табылады.

Дегенмен, этносаралық ахуалға теріс ықпалын тигізетін бірқатар факторлар да жоқ емес .

Атап айтқанда, бұл әлемнің түрлі бөліктеріндегі, соның ішінде кейбір көрші елдердегі этно-діни қайшылықтардың күшеюі . Қазақстанға сырттан этно-діни экстремизм мен радикализмнің әртүрлі нысандарының кіруі әлеуетті қауіп туғызады. Қоғамда орын алып отырған әлеуметтік және тұрмыстық жергілікті проблемалар да этностық рең алып кетуі мүмкін. Жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысында жіберілген қателіктер көпэтностық Қазақстан халқының этносаралық және мәдениетаралық төзімділік дәстүріндегі сабақтастықтың бұзылуына қауіп туғызуы мүмкін.

Осы және өзге аспектілер мемлекеттің де, сондай-ақ қоғамның да тарапынан жіті назар аударуды талап етеді.

Жалпы алғанда, көпэтностық қоғамда ұлттық бірлікті қалыптастыру және нығайту мемлекеттің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етудің, оның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы стратегиялық басымдықтарды іске асырудың негізгі шарты болып табылады .

Қазақстанның алдында жаңа индустриаландыру, елдің ХХІ ғасырдағы инновациялық-технологиялық серпілісін қамтамасыз ету бағытындағы жоспарларын жүзеге асыру міндеті қойылып отырған жағдайда қазақстандық қоғамды тұтастыру және ұйыстырудың өзектілігі арта түседі.

Осыған байланысты ұлттық бірлікті қамтамасыз ету жұмысын мемлекеттік саясаттың ұзақ мерзімді стратегиялық басымдығы деңгейіне көтеру қажет. Осы Доктринаның негізгі ережелері Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына енуі тиіс.

III. Ұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың мақсаты, міндеттері мен ұстанымдары

Осы Доктринаның мақсаты қоғамдағы азаматтық сәйкестілік, патриотизм, рухани-мәдени қауымдастық, тұрақтылықты сақтау, этносаралық және конфессияаралық келісім негізінде Қазақстандағы ұлттық бірлікті қамтамасыз етудің басымдықтары мен тетіктерін айқындау болып табылады.

Ұлттық бірлік деп этностық қоғамдастықтың біртұтас мемлекет құрамында өмір сүруі, ел азаматтарының Қазақстан Республикасымен, қазіргі құндылықтар және мұраттар жүйесімен сәйкестендірілуінің жоғарғы деңгейі түсініледі .

Қазақстандық қоғамның ұлттық бірлігінің негізі қазақстандықтардың басым көпшілігінің жанына жақын және қоғамды ортақ мақсатқа ұйыстырушы құндылықтар ортақтығы болып табылады.

Қазақстандықтардың барлық ұрпағын біріктіруші бастау алар көзі және лайықты мақтанышы біздің ортақ тарихымыз болып табылады.

Тәуелсіздікке ие болғаннан кейінгі кезеңде өз тағдырыңа еркін таңдау жасау, жаңа мемлекет құруға қатысты екеніңді сезіну, елдің және оның азаматтарының болашақ ұрпағының тағдырына бірлесе жауап беру Қазақстан халқының ортақ құндылықтарына айналды.

Қазақстандықтарға барлық этнос, конфессиялар, әлеуметтік топтар өкілдерінің өмір сүру салтына, дәстүріне, сезімдеріне, пікірлеріне, идеялары мен сенім-нанымына төзімділіктің жоғары деңгейі тән.

Сонымен қатар, елдегі этностық мәдениеттердің сан алуандылығы мен үндестігі барша қазақстандықтардың тұрақты кемелденуі мен дамуының қайнар көзі болып табылады .

Қазақстандық қоғамда адамгершілік құндылықтар, үлкенді сыйлау, отбасы институтын құрметтеу, қонақжайлылық қасиеттері берік қалыптасқан.

Осының бәрі әртүрлі этностық және діни ерекшелікке ие азаматтардың өзара түсіністігі мен достығын нығайтуға септігін тигізеді.

Доктринада қойылған мақсаттарға жету үшін мемлекет пен қоғамның күш-жігерін мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағыттау қажет:

жалпықазақстандық сәйкестілікті нығайту, қазақстандық қоғамның негізін құрайтын құндылықтар бойынша келісімді қолдау;

этносаралық, конфессияаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының тиімді жүйесін қалыптастыру;

Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілді дамыту;

қазақстандық этностардың этномәдени, тілдік ерекшелігін сақтау мен дамытуға жәрдемдесу;

экстремизм және радикализм көріністеріне қарсы іс-әрекет ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға жол бермеу.

Этносаралық саладағы мемлекет саясатының базалық нұсқауларының, қағидаттары мен бағдарларының жиынтығын білдіретін және ұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған осы Доктринаны жүзеге асыру мынадай принциптер негізінде құрылады:

нәсілдік, этностық ерекшелігіне, дінге, әлеуметтік топтар және қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі;

әлеуметтік, нәсілдік, этностық, тілдік немесе діни ерекшелігіне қарамастан азаматтардың құқықтарын шектеудің кез-келген нысанына тыйым салу;

әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және діни алауыздықтар тудыруға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұсқан келтіруге бағытталған іс-әрекеттің жолын кесу;

мемлекеттік тілге және оның қоғамдағы рөліне құрмет;

ұлттық дәстүрлерді құрметтеу, этностық мәдениеттер мен тілдерді дамытуға жәрдемдесу;

әрбір азаматтың өзінің ұлттық, діни ерекшелігін айқындау және көрсету немесе көрсетпеу құқығы;

қайшылықтар мен әлеуметтік дау-жанжалдарды уақытында және бейбіт жолмен шешу;

Қазақстан Республикасы аумағының біртұтастығы және бөлінбестігі;

Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін оның аумағынан тыс жерлерде қорғау, шетелде тұратын отандастарға ана тілі, мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтау мен дамытуда, олардың тарихи Отанымен байланысын нығайтуда қолдау көрсету.

IV. Доктринаны іске асырудың негізгі бағыттары

Жоғарыда аталған мақсаттар мен міндеттерге сүйене отырып, Доктрина мемлекеттік ұлттық саясаттың мынадай негізгі бағыттарын көздейді.

4. 1. Этносаралық өзара іс-қимыл институттарын нығайту саласында

Мемлекеттің аталған саладағы қызметі Қазақстан халқы Ассамблеясының, этномәдени бірлестіктер мен басқа да азаматтық қоғам институтарының мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, сондай-ақ, оны жүргізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарды нығайтуға тиімді қатысуын қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Мына шараларды іске асыру көзделеді:

ҚХА және оның аумақтық құрылымдары жұмысының ұйымдық құрылымы мен тетіктерін жетілдіру;

ҚХА жанындағы ғылыми-сараптық кеңестің базасында этносаралық қатынастарды жүйелі және мақсатты зерттеу жөніндегі талдау-зерттеу орталығын құру;

ҚХА жанынан жұмысы жастар арасында этносаралық келісім мен этномәдени төзімділікті насихаттау жөнінде ұсыныстар тұжырымдауға бағытталған жастардың консультативтік кеңесін құру;

мемлекеттің ұлттық саясатының ғылыми-қолданбалы базасын қамтамасыз ететін зерттеу мекемелерінің жүйесін дамыту;

- мемлекеттік органдардың этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимылының, оның ішінде патриоттық тәрбие, азаматтардың мемлекеттік тілді үйренуі саласындағы өзара іс-қимылының тетіктерін жетілдіру;

- мемлекеттік қызмет жүйесіне түрлі этнос өкілдері қатарынан тиісті біліктілік пен қабілетке ие азаматтарды тарту тетігін жетілдіру. Бұл ретте мемлекеттік тілді еркін меңгерген этностық топтар өкілдерін мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жауапты лауазымдарға қою тәжірибесін жүзеге асыру маңызды болып табылады;

этномәдени бірлестіктерді мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тарапынан тұрақты қаржыландыру;

этномәдени бірлестіктер қызметінің құқықтық базасын жетілдіру;

үкіметтік емес ұйымдарды қоғамды ұйыстыру және қазақстандық патриотизмді насихаттау, рухани бірлік идеясын, Қазақстан халқының тарихы мен мәдениеті туралы білімді тарату, оның тарихи мұраларын сақтау процесіне кеңінен тарту;

этносаралық, конфессияаралық қатынастардың дамуына теріс әсерін тигізуге қабілетті әлеуметтік проблемалар кешенін алдын-ала шешуге байланысты мемлекеттік құрылымдар мен ҮЕҰ-дардың өзара іс-қимылын, тиімді бірлескен жұмысын жолға қою;

қазақстандық қоғамда төзімділік және мәдени сан алуандылық негізінде ымыралық пен зорлық жасамау мәдениетін қалыптастыруға саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді кеңінен тарту.

Аталған шаралар этносаралық өзара іс-қимыл институттарының тиімділігін арттыруға, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институтарының аталған саладағы ынтымақтастығын нығайтуға септігін тигізуі тиіс.

4. 2. Тіл саясаты саласында

Тіл саясаты елде үйлесімді әлеуметтік-лингвистикалық кеңістік құруға бағытталып, халықты біріктіру факторына айналуы тиіс. Ол мемлекеттік тілдің әлеуметтік және коммуникативтік функцияларын кеңейту мен нығайтуға; орыс тілінің сөйлесу функциясын сақтауға; басқа этностық топтардың тілдерін дамытуға бағытталуы тиіс. Аталған бағытта мынадай шаралар қабылданатын болады:

орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда жүргізілетін іс қағаздарында мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің жұмысын қамтамасыз ету;

мемлекеттік тілді қолданудың құқықтық базасын дамыту, оның ұйыстырушы рөлін нығайту;

терминологиялық және онамастикалық жұмыстар жүргізу арқылы мемлекеттік тілді әрі қарай дамыту;

қазақ тіліндегі телерадиотаратудың үлесін ұлғайту, мемлекеттік тілдегі интернет-сайттарды дамыту;

іс-жүргізу, көркем және өзге де әдебиетті қазақ тіліне аудару жұмыстарын кеңейту;

ҚР азаматтығын алуды қалайтын иммигранттарға мемлекеттік тілді игеру жөнінде арнайы талаптар белгілеу, олар үшін тілдік дайындық жүйесін құру;

қала және аудан деңгейінде, жоғары оқу орындары мен басқа да мекемелерде, оның ішінде жекеменшік оқу орындарында мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жүйесін кеңейту;

жастарды қазақ тілін терең меңгеруге ұмтылдыру жүйесін қалыптастыру, жас қазақстандықтарды қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүріне бейімдеу;

қазақ тілін оқыту әдістемелерін жетілдіру;

қазақ тілін мектепке дейінгі мекемелерде, мектептер мен жоғары оқу орындарында оқыту сапасын жақсарту;

«үштұғырлы тіл» мәдени бағдарламасын бұдан әрі кезең кезеңімен іске асыру, көптілді білім беруге көшу;

этномәдени бірлестіктерді мемлекеттік тапсырыс тетігін пайдалана отырып, мемлекеттік тіл бағдарламаларын іске асыруға тарту;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар
Қазақстан халқы ассамблеясының стратегиясы
Қазіргі таңда Қазақстанның саяси және экономикалық өрлеу кезеңінде ҚХА құрылу және даму қажеттілігі
Саяси құндылықтар жүйесі
Жастармен жұмыс жүргізудің теориялық негіздері, БАҚ-тағы көрінісі және жастармен жұмыс жүргізу технологиясы
Көпэтностық қоғамдағы дін: толеранттылыққа жетудің жолдары
Зайырлы Қазақстандағы рухани мәселелер
Этникааралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің саяси типологиясы
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы
Азаматтық, Қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім тұралы ұғым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz