Қожа Ахмет ясауидің 7 принциптері


Жоспар
І Кіріспе
1) Қожа Ахмет ясауидің 7 принциптері
2) Білім принципі жайлы жалпы түсінік
ІІ Нігізгі бөлім
- Әйел теңдігі жайлы
- Ықылас принципі жайлы
ІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ахмет Йасауидың үш қызметі және дүниетанымдық негіздері
Ахмет Йасауи - Түркістанның пірі, халқымыздың ұлағатты ұстазы, ұлтымызға ұйытқы болған адам. Ол жайлы көп айтылу керек, терең зерттелуі керек . . . Өткенімізді нұрландырған жарық сәуле - Йасауи болатын. Болашақтың тамыры да өткен тарихымыздың терендерінен нәр алған.
Енді Ұлы Түркістанда кең танылған Әзіреті Сұлтанның үш қызметі мен жеті принципін тұжырымдап көрейік.
Біріншіден, ғұламаларымыздың кезендерінде, яғни Ахмет Йасауи өзге ғұламалардың арапша, парсыша жазған XII ғасырда Түрік тілінде
"хикметтер жазды; түрікше діни-сопылық өлеңдер жазу дәстүрінің негізін қалады; оның бұл жолы пегізінде халықтық әдебиетіміздің арнасы қалыптасты. Түрік тілінің бүгінгі кең жайылуында, тіршілік етуінде Әзірет Сұлтанға қарыздармыз.
Екіншіден, ұлы ұстаз өзінің тәрбиелсген шәкірттерін биік ұстаздық дәрежеге жеткізіп, түрік әлеміне жолдау арқылы халқымыздың арасына Ислам дінін жайды; Ислам қайнарынан сусындағандардың ұлы нәтижелерге жете беруіне себепкер болды. Әмір Темір мемлекетінің де, Осман империясының да негізінде Йасауи руханиаты бар.
Үшіншіден, Ахмет Йасауи Ислам дінінің тура жолымен түрік-Ислам ұғымындағы діни қағиданың негізін қалады.
Енді осы тұжырымдардың негіздерін жеті принципке бөліп қарастырайық.
1. Аллаға махаббатпен ұласу, жақындау. " . . . Махаббаты жоқтың діні де, иманы да жоқ . . . "
2. Ықылас. Яғни, таза, адал мұсылмандық, риядан, көріністен ұзақ, тек қана Алла үшін болған мұсылмандық. " . . . Көрініс үшін жалған құлшылық етушілер соңғы демдерінде иманынан айрылады".
3. Адамға деген махаббат, сүйіспеншілік. Адам бүкіл жаратылғандардың ішіндегі ең қүрметтісі. Өйткені адам " . . . болмыстың өзі, дені", адамның дертін бөлісу, аяушылық ету, жәрдемдесу оған деген махаббатты білдіреді. Бұл исламның дәл өзі.
4. Теңдік, түсіністік, ортаң тіл табушылық. Адамдардың дін, тіл, жыныс, ұлттық ерекшеліктеріне байланысты қорланбауы, бұл ерекшеліктердің дау-жанжалға себеп болмауы.
5. Әйел мен еркек теңдігі. Ахмет Йасауидың ұғымында әйел мен еркек өндірісте, жұмыста, мәжілісте, әділетте, әр жерде тең праволы.
6. Ас пен істің қасиеттілігі. Ахмет Йасауи жолындағылардың өз мандай терімен асын табуы, еңбектенуі негізге алынған. Әзіреті Сұлтан мыңдаған шәкірттерін тәрбиелеп, оқытып, тек өзі істеген қасық, ыдыс-аяқтарынан түскен нәпақасымен күнелткен.
7. Білім. Шариғаттың он негізгі қағидаларының бірі болған білім-адамдарды ақиқатқа жетелеуші және жаратылғандардың Жаратушысын тану жолы болып табылады.
Бұл үш қызмет пен жеті принцип бізге ертеңімізді нұрландырып, болашаңқа жен сілтейді.
Білім дәуірі
Дұрыс түсінуіміз және дұрыс түсіндіруіміз керек. Еш кешеуілдетудің керегі жоқ, іске кірісуіміз керек. Кідірместен өлкемізді ғылым дәуіріне енгізіп, білімді қоғам дәрежесіне жеткізуіміз керек. Ол үшін атқарылатын істер белгілі:
1. Білім дәуірінің негізінде ар-ождан бостандығы мен пікір бостандығы жатыр. Кемшіліктерімізді жоюмен қатар құқықтық қоғам жасап, ең маңыздысы, бІр бірімізді оятып, мәдени ортамызды шын мәніндегі демократиялық жүйеге келтіруіміз керек.
2. Ғылыми сана жоқ жерде білім де болмас. Ғылым жоқ жерде білімді қоғам да болмайды. Ғылыми сананы жетілдіру үшін, оқу-тәрбие жұмысын, жүйесін реттеу асыл мақсатымыз болуы шарт.
3. Отан бюджетінен ғылымға, зерттеу істеріне керекті мөлшердегі қаржы сөзсіз бөлінуі тиіс. Университеттеріміз шынайы университет дәрежесінде болуы керек. Халықтың ғылым, білім орталықтарына қол жеткізуінде кедергі атаулының барлығы жойылуы тиіс.
4. Компьютер бағдарламасы мен технологиясы үшін керекті орталықтар құрылып, ғылым секторы ең жоғары дәрежеде жылдам іске асырылуы керек.
5. Білім дәуірінің негізі болған ғылыми сана, әдістемелік зерттеу қабілеті, аянбай тер төгу, қалау бостандығы мен машықтану-бұлардың бәрі ұлттық мәдениетімізден және рухани қазынамыздан нәр алған, бүгінгі тіршілігіміздің негізгі жол көрсетушілері болуы керек.
Білім және сүйіспеншілік заманы. Әлем жаңа бір ғылым заманына, компьютерлік қоғамның үстемдігіне душар болды. Олардың құрған торларынан айналып өте алмаймыз. Ғылым дәуіріые кіре алмаған ұлттар, білімді қоғам мен ұйымдардың боданы, құлдары болатыны айдан анық. Бұл жаңа заманды басқа жағынан алып қарағанда бір үлкен апат күтіп түр. Өндіріс пен технология ғасырыңда тек қапа адам мәселесі; компьютерлер, роботтар және машиналар арасында "роботқа анналған адам" қаупі бар . . .
Алтоматиканың дамыған, компьютерлердің үстемдік еткен шағында, жаратылғандардың ішіндегі ең қасиеттісі, табиғаттың "жасылы" болған адам және оған деген сүйіспеншілік, махаббат ұмытылмас па екен . . . кім білсін?!
Достық, туыстық және махаббат . . . Бұлар адамзат баласы үшін бүгінгі таңдағы аса қажет, ертең де керек болатын ең маңызды ұғымдар . . . Бүкіл адамзатты шектеген ең үлкен апаттан құтылудың бірден бір жолы "руханиятқа" оралу болып табылады. Адамдықтың қадір қасиеті - мәдениетіне көңіл бөлуде және руханият арқылы арылу, тазаруында жатыр. Міне, дәл осы жерден біздің яғни, Түркияның міндеті басталады. Біз, адамзатқа керек руханияттың бізде екендігін, адамды адам еткен ең ұлы жаратылыс, біздің рухани жаратылысымызда екендігін түсіндіруіміз, ұғындыруымыз керек-ақ.
Ең алдымен жүзеге асыратын іс - адамға деген сүйіспеншілік, түсіністік және гылымға ден қоюды негізге алған Ахмет Йасауи мен шәкірттерінің жолына бет бұру, оларды тану болыл отыр.
"Жетпіс екі ұлысқа бірдей қарап, тең көрмеген жан, шариғатта әулие болса да хақиқатта адасқан" деген Жүніс Әмренің, жаназасын мұсылмандар, христиандар мен пұтқа табынушылар бірлесіп шығарған "Көңілдердің Сұлтаны" Әзіреті Мәулананың, адамдарға сыпайы, мейіріммен қатынасып, білімдегі екі негізгі ұғымды көңілге ұялатқан Қажы Бектас әулиенің, " . . . Сүннет екен кәпір де болса ренжітпеу . . . " деген Ахмет Йасауидың ілімі адамға деген сүйіспеншіліктің, әлемдегі елдердің арасындағы достық пен туыстықтың арта түсуіне, дүниедегі бейбітшіліктің өмір сүруіне үлкен маңызды ықпал етуі мүмкін . . .
Дамыған технологияның барлық мүмкіндіктері мен салаларын пайдалану арқылы ұлттық мәдениетіміздің қайнар көздері болған
тұлғаларымыздың пікірлерін, ілімдерін бүкіл адамзатқа, халқымызға жеткізуіміз керек.
Ахмет Йасауидың, Қажы Бектас Әулиенің, Сары Салтұқтың және т. б. бізге үйреткеніндей " . . . адам әлемнің өзі, көздің қарашығы . . " екендігі, олардың қалдырған мұраларының әр түрлі мүмкіндіктерін жан-жақты пайдалана отырып, бүкіл адамзат баласына ұсынуымыз керек.
Бұларды іске асыра алсақ, келесі ғасыр тек қана ғылым мен білімге сүйенген тек білімді қоғам дәуірі ғана емес, сонымен қатар, махаббат, сүйіспеншілік заманы болады.
2. 1. Демек, әйелден имам болса, еркектен де азаншы тағайындалуы мүмкін еке. Хз. Пайғамбарымыз Умму Уаракакдан басқа да әйелдерді имам тағайындаған көрінеді. Әйелдердің қоғамдағы алған орнын анықтау үшін Айша Сужының «Діни Басқарма және әйел» атты еңбегіне көз жүгіртейік:
«Хз. Пайғамбар және әйел» атты еңбегіне көз жүргіртейк:
Хз. Пайғамбар дәуірінде базардағы тәртіп сақшысы болған Абдуллах қызы Шифа есімді әйел қазіргі тілмен айтқанда қоғамдық тәртіп сақшысы полиция қызметін атқарған.
Тарихта үйрену мен тарихи және діни мәселелерді ажырата білу таза ислам дінін іздегендер үшін ең басты ұстаным. Пайғамбарымыздың дін түсінгінен бүгінгі түсініктерге қалай келгенімізді пайымдау үшін Ислам дінінің алғашқы дәуіріндегі Арабтардың дүниетанымын білу керек. Ешқандай дін қоғамының дәстүрлі мәдени құндылықтарының ықпалынан тыс қала алмйды. Араб қоғамының әйелге деген көзқарассын көп зерттеудің қжеті жоқ. Әкелері әйелі қыз туғаны үшін ұяттан өлердей күйге түсіп, алдағы өмірдің қиындығынана қауіптеніп, қыздарын құмға тірідей көмген қоғамнан, олардың әйелге қалай қарағандығын айтып жатудың сөзіне де құлақ асайық. «Килаб қызы Зухра үш ер бласы қатарынан өлгендіктен олардан кейін туылған қызды да тірідей жерге көмеді».
Әйелге теңдік танымаған қоғамның қазіргі заманғы өркениетке қол жеткізу мүмкін бе? Әйел мен еркектің бір жерде жүруіне, жұмыс істеуіне қарсы түсініктегі қоғамда психологиялық тепе теңдік болушы ма еді?
Йавуз мырза еңбегінде «Ескі түріктерде Ислам дінінен бұрын әйелдер еркектермен тең дәрежеде болатын. әйелдер еркектерге қызмет ететін жан ретінде қабылданған, еркектермен бірге жұмыс істеген, басқарушылық істермен де айнлысқан, жауапкершілікті бөліскен, жиындарға қатысқан, оған қоса үй іші тіршіліктиерін де атқарған. Кейде басқару істерінде ерлермен бірге атсалысқан, кей кездері басқарушы да болған» деп, ескі түрік дүниетанымындағы ақиқатттан сөз етеді.
Міне, Ахмет Йсауидің түсінігі де, қызметі де сол дәуірде дұрыс болатын. Оның жолы түрік әдетғұрыпына да «таза Ислам» түсінгіне де сай мұсылмандық еді. Бұл мұсылмандық түсінік бүгін де, ертеңгі күн үшін де өзгермейтін негізгі өлшем болуы тиіс.
51-52 беттер
Ықылас және рия
Дін Алла үшін, тек Алла үшін . . . Мұның аты ықылас, яғни, шын берілу, адалдық . . . Дінді кейбір адамдар өз дәрежесін көтеру жолында көріңіс үшін қолданады, Аллаға жалған құлшылық жасайды. Мұндай діндарлықты, рия керлікті, басқаша айтқанда "ширк" дейді. Ол Аллаға ортақ қосу, одан басқа да табынатын, сиынатын Тәңір жасау деген сөз. Оның арты күпірлікке дейін жалғасуы мүмкін.
Діндарлығын адамдардан мал-мүлік алып, баю үшін, жоғары дәреже иесі депутат, министр, бас министр болу үшін қолданғандар бұл фаниде мұраттарына жетулері мүмкін, бірақ, о дүниеден алар несібесі жоқ. Міне, Ахмет Йасауи де осыған көп көңіл бөлген:
" . . . Ораза ұстап, халыққа рия қылғандарды,
намаз оқып, өтірік тәспі алғандарды,
Пірмін деп, алдап, мақсат құрғандарды,
Өлерінде иманынан айырдым . . . "
Ішінде адалдығы болмаған, көзінен жасы ақпаған, халыққа дәруіштік, діндарлықпен танылғандардың соңғы демдерінде риямен шіріген имандарының жоқ болатындығы жайында айтып отыр. Неткен қиын іс бұл сопылық, ақиқи құлшылық! Жылдар бойы мұсылмақдықты өздерінің затындай көріп, адамдарды дәрежелеріне қарап, жәннат пен тозаққа жолдағандар ертең оның сұрауынан қорықпайды ма екен?!
Ахмет Йасауи түсіндірген ақиқи Ислам дінінде риякерлік пен дінді дүние үшін саудаға салу деген атымен жоқ. Тек қана ихсан мен ықыласты болуға ұмтылу бар. Ықылас пен ихсан - Алланы көріп тұрғандай құлшылық ету, тек Аллаға құлшылықта болу деген сөз.
Ахмет Йасауи жолында риякерліктен қашу ед негізгі мәселе, ең басты принцип болып табылады. Өйткені оның жолы - қасиетті Құран жолы . . .
" . . . Намаз қылушылардың сиқына қара . . . олар намаздарынан бос қалғандар. . рияға адасып, сырт көрініс үшін құлшылық еткендер . . . "
Йасауи жолындағылар «Алланың махаббатын талап етеді, ықыласты іздейді, маңдай терімсен күнелткен басқа діндегілерге төзімді, нағыз ғылым ізденушілер болған».
Ақиқатты білім жолынан іздеген.
Оның ішіндегі ең маңыздысы таң намазы:
«Не қош тәтті, Хақ зікірі таңсәрі уақыт болғанда,
Балдан тәтті «Ху» аты таңсәрі уақыт болғанда».
«Шын көңілмен тағат қыл Алла білсін».
12 - ғасырда Ұлы Түркістанның Йасы қаласында Қожа Ахмет атты бір ұлы кісі тарих сахнасына шықты. Парсы тілінің үстемдігіне қарсы түрік тілінің туын желбіретті. Ашқан мектептерінде түрік тілінде тәлім-тәрбие, білім берді. Берген білімі Ислам болатын, түрік-Ислам сопылық дүниетанымының негіздері, тілі де түрікше.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz