ҚР-ның аймақтық саясаты туралы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚР-ның аймақтық саясаты

1. Мемлекеттің даму барысында аймақтық және олардың билік ететін органның ролінің арта түсуі жергілікті және дүниежүзілік тенденция ретінде ұсынылуда. Оған келесідей көптеген жағдайлар әсер етеді:

1. Өңірдің әлеуметтік жағы және адам факторының басым роль атқаруы;

2. Аймақтардың өзара байланыстарының едәуір ұлғаюы;

3. Еңбек ресурсының қозғалысының күшеюі;

4. Аймақтардың өндіріс құрылымы мен инфрақұрылымының күрделене түсуі мен халықтық маңызының артуы.

Аймақ дегеніміз бірнеше елді-мекеннен тұратын мемлекет территориясын бір бөлігін құрайтын және мемлекеттің мүддесін көтеруге негізделген қоғамдық құру мен басқаруды атаймыз. Аймақтың ролінің күшеюі, біріншіден, мемлекет пен аймақтар арасында басқару функциясын қайта бөлуді, қайта қарастыруды, екіншіден, мемлеекеттік территориялық басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудың ең ұтымды үйлесімін көздейді. Бұл жағдай Қазақстанға да тән, себебі мемлекеттік тәуелсіздік құру экологиялық дамыған аймақсыз кеңейтілген әлеуметтік инфрақұрылымсыз мүмкін емес.

Аймақтық экономика - экономиканың өндіріс салаларымен кәсіпорындарды ел аумағының жекелеген өңірлеріне ұтымды орындардың өнімді өткізу аймақтары қалыптастыруды көздейтін сала. Мемлекеттің аймақтық саясаттың негізгі көрсеткіші болып өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы және шығармашылық іскерлігі есептеледі. Аймақтар мен өзін-өзі дамытудың міндетті түрдегі келесілер болады:

  1. Өзін-өзі басқару.
  2. Серіктестік таңдаудағы бостандық.
  3. Өндірісі құрал-жабдықтар нарығы.
  4. Валюталық қаражат және басқа да элементтер.

Әрбір мемлеекетте екі түрлі территориялық құралдар бар:

  1. Аралық территориялық құралдар және соған сәйкес билік ететін органдармен басқару.
  2. Ең төмендегі әкімшілік территориялық құралдар және жергілікті басқару органдар.
  1. Аралық органдар дегеніміз аймақтағы облыстарда басқаратын органдар. Олар өз қызметін өз территориясында мейлінше тәуелсіздік қағидалар негізінде жүргізуге тырысады. Ал, жергілікті билік жүргізілетін ол төменгі әкімшілік органдар ол өз қызметтерін қалалық болмаса селолықаудандарда іске асырылады.

Аймақтық және жергілікті билік органдары қаражаттың негізгі 3 кіріс көзі бар:

  1. Салықтар;
  2. Салықтық емес табыстар;
  3. Пайызсыз беретін ақшалай жәрдемнің түрі.

2. Мемлекеттік аймақтық саясаттың мақсаттары күрделі әрі көп қырлы болады. Қазақстанның даму басымдықтары көзқарасы бойынша маңыздылары мыналар болады:

1. Қазақстандық мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық негіздерін нығайту мен оның біртұтастығын нығайту, әскери мен және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету;

2. Жеке әлеуметтік топтардың өмір сүру деңгейінде әлеуметтік теңдігін мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясат пен олардың мүдделерінің теңдігін қамтамасыз ету;

3. Аймақтарда әлеуметтік бағытталған нарықтық экономиканың тұрғындарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету механизмінің қалыптасуы;

4. Қазақстанның түрлі аймақтағы тұрғындардың өмір сүру деңгейін жоғарлату;

5. Қазақстан Республикасының барлық халықтарының толыққанды ұлттық мәдени дамуына жағдайлар құру.

Мемлекеттік аймақтық саясаттың негізгі мәні орталық билік органын тәуелді болу және «мемлекеттің асырауы тиіс» идеологиясынан арылу, Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-мәдени және ғылыми-технологиялық дамуына озық технологияларын пайдалану және тұрғынның өмір сүру деңгейіннің тұрақты өсімін қамтамасыз ету болады. Бұл кезеңнің саяси стратегиясы 3 негізгі мәселелерге шоғырланған. Олар:

  1. Кедейшілікті жоғалту;
  2. Жұмысбастылықты;
  3. Әлеуметтік интеграцияны жүзеге асыру.

Мемлекеттік аймақтық саясаттың міндеттері алдын-ала қойылған мақсаттармен шартталады және келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

  1. Аймақтың бюджеттік дербестігінің заңды негізін қамтамасыз ететін саяси, экономикалық және құқықтықсипаттағы шараларды өңдеу;
  2. Шаруашылық, қаржы, әлеуметтік, мәдени, ұлттық саясатта орталық билік органдары мен жергілікті органдардың пропорционалды және тізбектелген өзара қарым-қатынасы;
  3. Мемлекеттің барлық аумағына әрбір Қазақстанның азаматына конституциялық құқықтары мен бостандықты нақты қамтамасыз ету;
  4. Экономиканың рационалды кеңістіктегі құрылымын қалыптастыру, аумақтық еңбек бөлінісін жетілдіру, Қазақстанның аймақтық экономикалық байланыстары мен шаруашылық маманданудың тиімді және бәсекекге қабілетті бағыттарын дамыту;
  5. Институционалды және нарықтық инфрақұрылымның тауар, еңбек, капиталдың аймақтық және республикалық нарықтың қалыптасуы;
  6. Едәуір күрделі әлеуметтік-экономикалық, этно-саяси, демографиялық және экологиялық жағдайдағы аймақтағы мемлекеттік қолдау көрсету;
  7. Өнеркәсіптік және қазба өндірісі жанындағы тұрғындар пунктерінде, депрессивті аудандарда ірі және кіші қалаларға тән проблемаларды шешу.

3. Мемлекеттік аймақтық бағдарламалар әлеуметтік экономикалық (табыстар деңгейінің төмендігі, кен орындарын игеру салдарынан туатын жұмыссыздардың жоғары деңгейі бәсекелестің шарттың өзгеруі), экологиялық (апатты жағдайлар, климаттың өзгеруі) сипаттағы нақты өлшем көрсеткішіне, мемлекеттің арнаулы экономикалық немесе техника, технологиялық мүдделеріне арнаулы экономикалық аймақтар, технополистер сүйенуге тиіс. Олар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырады, ал сыртқы және жергілікті көздер олар үшін басқаша шешімдер қабылдау жолымен тартылуы мүмкін. Мұндай бағдарламалар арнаулы заңдар негізінде жүзеге асуы тиіс. Әрбір аймақ өз мүмкіндіктері аясында өзінің экокномикалық саясатын, яғни табыс табу негізінзаңмне тияанқтау мен өкілеттілікті өзін-өзі басқару туралы заңдар аймағында жүргізілуі мүмкін. Стратегия даму бағдарламалар мен жоспарлары мен аймақтық саясаты іске асыру механизмі болып табылады.

4. 1995 жылдың ақпан айының басында «1995 жылдағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуының маңызды көрсеткіштері» ресми түрде қабылданды. Ал, 1999 жылы экономика министрлігі 2 кезеңге бөлінген: 1) 1999-2000жж. 2) 2001-2005 жж. аралығы орта мерзімдік жоспарын дайындады. Бұл орта мерзімдік жоспарлар аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму саясатының негізгі тұжырымдамалары ретінде болды. 1996 жылы Қазақстан Республикасының аймақтық саясатын негізгі бағыттары мақұлданды. Оның негізін салық және бюджет саясатын қалыптастыру арқылы және аймақтық мамандандырылу принципі бойынша үлгі құралды. Бір аймақ жеткілікті маманданғанымен, бюджеті жағынан әлсіз болды.

Аймақтық саясаттың мәні:

1. Мемлекеттің аймақтық саясатын қалыптастыруды түрлі аудан халықтың өмір сүру деңгейімен сапасын теңестіру аса маңызды. Осы мүдделер қазіргі жағдайларда ең қажетті шешімді қабылдауды қажет етіп отыр. Өйткені тұрғындар тығыздығы қалалық және ауылдық тұрғындардың ара-қатынасы, олардың кірістерінің бір жанға шапқандығы деңгейлері, ТБИ жұмыссыздығының саны және тағы басқа көрсеткіштерге байланысты Қазақстанның аумақтық әкімшілік аудандары бір-бірінен өзгеше. Жұмыссыздар саны бойынша республика облыстарының үлес салмағы 1, 8 % Қарағанды облысы, 20, 3% Оңтүстік Қазақстан облысы құрайды. Бұл облыстардағы халық кірісінің бір адамға шаққандағы максимум деңгейі, минимум деңгейі 4 есе үлкен. Қазіргі кезде өнеркәсіп өнімінің 40 % жуығы 3 облыстың үлесіне ие: Атырау, Қарағнады, Павлодар.

2. Аймақтық саясат қалыптастырудың маңызды негізінің бірі елдің өндіргіш күште жерін дамыту мен орналастыруды тиімділігінің объективті қажеттілігі. Бұл саясатты іске асыру құралы ретінде өндіргіщ күштерді тиімді орналастыру аймақтық асясаты жүргізбестен бұрын айқындалуы қажет.

Аймақтық басқару жүйесін жетілдіру үшін бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық әрекеттестіктің түрлерін жедел дамыту үшін қызметтер мен өкілеттіліктердің кеғңейтілуін қамтамасыз ету керек. Республикалық өзін-өзі басқарудың нәтижесі нақты территориядағы тұрғындардың тұқтажын қамтамасыз ету деңгейімен және сол өңірдің ұлттық табысқа қосқан үлесімен анықтайды. Осы екі өлшемнің біртұтастығы аймақтағы басқарудың үйлесімді көрсеткіші болып табылады. Үкімет 1996-1998 жж. қабылдаған бағдарламада аймақтық басқарудың негізгі бағыттарын айқындады. Олар:

  1. Экономиканы басқаруды аймақтық деңгейге ауыстыру, яғни орталық үкіметтің көптеген өкілеттілігін жергілікті органдарға беру.
  2. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін жергілікті әкімдікке кеңейтілген өкілеттік беру.

Мемлекеттік реттеу әр түрлі аудандарда арнайы тәсілдерді жасау арқылы олардың толық потенциалды мүмкіндігін ашу мақсатында құрылады. Осымен байланысты Қазақстан аймақтары 4 топқа бөлінеді:

  1. Стратегиялық сипаттағы минералды ресурстарының қорлары мен ғылыми өндірістік потенциалының қарқынды дамуының импульсі бар аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстанның экономиканың дағдарыстан шығару және тұрақтандыру ролі беріледі.
  2. Жоғарғы ғылыми өндірістік потенциалды ауыр индустриалды салалардағы жоғарғы технологиялық ғылыми өндіріс құру үшін жағымды экономикалық шарттары мен жағдайы бар аймақтар.
  3. Агроөндірістік кешен салаларына маманданған аймақтар.
  4. Экстрималды табиғи- климаттық, әлеуметтік-экономикалық және техника-техникалық жағдайлары бар, бірақ экономикалық мүмкіндіктері қатаң шектелуі халық шаруашылық салалық құрылымының тиімсіздігімен сипатталатыфн экономикалық дағдарыстағы аудандар, яғни депрессиялық аудандар жатады (Қызылорда, Семей) .

Аймақтық экономикалық реформаларды басқару үрдісі

Мемлекеттің даму барысында аймақтардың және олардың билік ететін органдардың арта түсуі жергілікті тар мағынада қалып қоймай, дүние жүзілік тенденция ретінде ұсынылады. Оған мынадай көптеген жағдайлар әсер етеді :

  • өмірдің әлеуметтік жағы және адам факторының басым роль атқаруы;
  • аймақтардың өзара байланыстарының едәуір ұлғаюы;
  • еңбек ресурстары жылжымалығының күшейе түсуі;
  • аймақтардың өндіріс құрылымы мен инфрақұрылымының күрделене түсуі;
  • территориялық еңбек бөлінісі әрі оның тереңдей түсуі мен халықаралық маңызының артуы үдейеді.

Бұл тенденцияның дамуы, біріншіден, мемлекет пен аймақтар арасында басқару функцияларын қайта бөлу, қайта қарастыру ;

Екіншіден, мемлекеттік территориялық басқару мен жергілікті өзін өзі басқарудың ең жақсы үйлесімін көздейді.

Бұл жағдай Қазақсанға да тән, себебі мемлекттік тәуелсіздік құру экономикалық дамыған аймақтарсыз, кеңейтілген әлеуметтік инфра- құрылымсыз мүмкін емес. [14] .

Егеменді мемлекеттің аймақтық саясатын анықтай түсу өте қажетті заңдылық. Осы саясаттың негізгі көрсеткіші болып өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы мен іскерлігі есептеледі. Тауар өндіруші түбінде тек тұтынушы алдында ғана экономикалық жауаптымын деп есептеуі керек. Аймақтаор мен шаруашылық бірліктерінің өзін өзі дамытудың міндетті түрдегі жағдайлары мыналар болып есептеледі: өзін өзі басқару, серіктестік қалаудағы бостандық, өндіріс құрал жабдықтар рыногы валюталық қаражат және басқа элементер. Сонымен қатар, аймақтық басқару жалпы республиканың және облыстардың ерекшеліктерін барлық түрлерін барынша қамтуы тиіс. Басқаруды стандарттандыру кейде өктемдік тәрізді әсер етіп, ол ұлттық өндірістің тарихи құндылықтарын күйзелтуі мүмкін. Ал аймақтық қағидаларда және экономикалық ұлттық ерекшеліктерді тоталитарлық жүйе тұсында елемеу күрделі зиян келтіреді .

Әрбір мемлекетте екі түрлі территориялық құрылымдар бар . Олар ұлттық деңгейден төмен. Біріншісі - аралық территориялық құрылымдар және соған сәйкес билік ететін органдар мен басқару. Екіншісі - ең төмендегі (негізгі) әкімшілік- территориялық құрылымдар және жергілікті басқару органдары.

Аралық басқару органдары сипаттайтын негізгі белгі - дербестік өмір сүру мүмкіндігі . Оның шарты: өзіне қарасты ( автономдық) бюджет және территориялық бөлімдерге әкімшілік бақылау жүргізу.

Сонымен, аралық орган дегеніміз - аймақтарда, облыстарды басқаратын органдар. Олар өз қызметтерін өз территориясында мейлінше тәуелсіздік қағидалар негізінде жүргіуге тырысады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ұйымдармен ынтымақтастығы
Қазақстанның халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде халықаралық аренаға шығуы
Интеграциялық үрдістерді зерттеудегі теориялық аспектілер
Орталық Азия мемлекеттері жаңа мемлекеттілік құру сатысында
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы
Қазақстанның сыртқы саясаты және тәуелсіздікпен жаңа болашақта жаңа серпін
Еуроодақ пен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы
ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Еуропа одағының қалыптасуы мен дамуы
Энергетикалық ресурстардың дамуындағы мемлекеттің рөлі
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz