Құқық социологиясының пәні мен әдістемесі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Дидактикалық жоспар

Әдебиеттер тізімі

1. Құқық социологиясының пәні мен әдістемесі

1. 1 Құқық социологиясы ғылым ретінде. Құқық социологиясының пәні

1. 2 Мемлекет пенқұқық теориясы, Құқық философиясы, құқық социологиясы

1. 3 Құқық социологиясының әдістемесі

2. Шет ел құқық социологиясының негізгі белгілері

2. 1Құқықтың әлеуметтік концепциясы: әдістемелік аспект

2. 2 Құқық социологиясының европалық мектебі

2. 3 Құқық социологиясының американдық мектебі

3. Заңдық социология

3. 1 Заң шығару процессінің социологиялық аспектісі

3. 2Құқық шығармашылық процессінің әлеуметтік факторы

3. 3Заң шығармашылықты әлеуметтік қамтамасыз ету

4. Құқықтың әлеуметтік функциясы

4. 1Құқық функциясының түсінігі

4. 2Құқық функциясы сипаттамасының әлеуметтік көзқарасы

4. 3 Құқықтың әлеуметтік әрекетінің механизмі

«Құқық социологиясы» пәні бойынша өзін-өзі тексеру сұрақтары

Реферат жазуға арналған әдістемелік нұсқаулар

Бақылау сұрақтары

Тест тапсырмалары

Глоссарий

1 тақырып. Құқық социологиясының пәні мен әдістемесі

1) Құқық социологиясы ғылым ретінде. Құқық социологиясының пәні.

Құқық социологиясы отандық қоғам танудағы өмірмен, әлеуметтік тәжірибемен байланысты құқықтық жүйенің ғылыми бағыты. Ғылыми зерттеулерді тиімді ұйымдастыру әр түрлі ғылымдармен сапаландырылған зерттеудің жан жақты әдістерін кең қолдануды талап етеді.

Құқықта социологиялық зерттеу социология мен құқық шеңберіңде жүргізіледі, сондықтан мемлекеттік және құқықтық құрылыстың өзекті сұрақтарын шешуде кешендік мысал болып табылады. Бұл мәселелерді зерттеу үшін абстракті логикалық және эмприкалық, кешендік әдістер де қажетті.

Құқық социологиясының пәні құқықтың әлеуметтік функциясын, қоғамның әр түрлі әлеметтік қабаттарын ұжымдардың, топтпрдың және тұлғалардң әлеуметтік тәртібіндегі құқық нормаларының өзгеру процессінің құрылымын құрайды. Ал құқықтығы социологиялық зерттеудің пәні құқық жүйесі, оның институттары мен нормаларын құру мен қызметінің шеңберіндегі қоғамдық қатнастар. Олар құқықтың әлеуметтік тиімділігі мен әлеуметтік келсімділігінің зерттеуге бағытталған және құқықтық нормалар, құқықтыө қатнастар мен адамдардың қоғамдық қатынасы арасындағы өзара байланысты талдайды.

Құқықтық құбылстың өзара әрекетінің әлеуметтік факторы, сондай ақ мұндай өзара әрекеттің заңдылығы мен механизмі құқықтық социологиясының пәнін құрайды.

Құқық социологиясының пәні туралы бұл түсінік қазіргі құқық социологиясының қалыптасқан әр түрлі мәселелік бағыттарын қолдануда нақтылануы мүмкін. Мысалы құқықтың әлеуметтік келсімділігін зерттеуге бағытталған зерттеудің пәні құқықтың қалыптасуы мен дамуына белгілі бәр деңгейде әсер ететін құқықтық емес сипаттағы әлеуметтік факторы болып табылады. Құқықтың жан жақты әрекетін зертеудің пәні қоғамдық қатнастардың дамуына құқықтық әсер ету деңгейі мен сипатын анықтау болып табылады. Құқықтың әсер етумеханизмін зерттеудің пәнін құқық пен реттелетін қоғамдық қатнастарға әсер ететін құқықтың және құқықтық емес факторлардың өзара байланысының механизмі құрайды.

Бұл зерттеулердің нәтижесінде құқық туралы әлеуметік білім құрылысы, яғни құқық социологиясы қалыптасады.

Ғылымда социология жеке білім саласы бола ма деген сұрақ туады? Болашақта құқықтың социологиялық теориясының мәні өседі. Бұл негізінен заңдық шешімдерді қабылдау концепциясының дамуынан, құқықтың деңгейінің көтерілуінен, құқықтық нориалардың тиімділігінен мүмкін болады. Құқықтануды әлеуметтендіру процессі заңдық тұжырымдама шеңберінде қойылмайтын жаңа мәселелерді шешуді ұсынады. Құқықтанудың дәстүрлі мәселелері социологиялық тұрғыдан қайта ойластырылады, бұл оның пәнін байытып, құқықтың жаңа әлеуметтік мәселелерін шығарады.

Сонымен құқық социологиясы құқық туралы әлеуметтік білімнің белгілі бір құрылымдық жүйесін қалыптастыратын жеке ғылым болып табылады. Социологиялық тұрғыдан қарау құқықтық феноменінің әлеуметтік заңдылықтарын шығаруда гносеологиялық негіз болып табылады. Құқықтанудың әлеуметтендіру оның қазіргі даму сатысында сәйкес, объективті қажет етілетін тенденция. Бұл мағнада құқықтың әлеуметтік сапасын түріне байланысты құқық теориясы да әлеуметтік болуы мүмкін емес деп бекітуге болады. Құқық теориясы мен құқық социологиясы бірлігінің болашағы қазіргі күнде жеткілікті түрде айқын көрсетіледі.

Әдебиеттерде құқық социологиясының мәселесі бір жақты көрсетілмейді.

Біріншіден, құқық социологиясының мәселелерін позитивті және негативті зерттеулер құрайды.

Екіншіден, құқықтағы социологиялық зерттеулердің мәні, «нормадағы» заң мен «өмірдегі» заңның өзара қатынасын іздеу.

Үшіншіден, құқықтың әлеуметтік әрекетінің механизмі. Сонымен бірге құқықтың қызметі субъектілердің құқықтары мен міндеттері нормаларда қаншалықты нақты белгіленгендігін тәуелді деп көрсетіледі және оны анықтау нақ осы социологиялық зерттеулердің көмегімен мүмкін болады. Барлық жағдайда да құқық әрекетінің әлеуметтік мәселелері назарға алынады.

теориясы, құқық философиясы және құқық социологиясының өзара қатнасын қарастырайық. Бұл сұрақ бойынша әртүрлі көзқарастар бар. Біріншіден, құқық социологиясының өзіндікжеке сипатын жоққа шығарылады. Екіншіден, құқық социологиясы құқық теориясы ығыстырады немесе олар бір ғылымның бөлігі. Үшіншіден, құқық философиясы мен құқық социологиясын құқық теориясының ішіне кіреді. В. П. Казимирчук пен В. Н Кудрявцев қандай да бір құбылстардың бірлігі олардың сәйкестігін білдірмейді деп көрсетеді. Мемлекет пен құқықтың бірлігі мемлекет пен құқық теориясының сәйкестігін білдірмейді және олардың жеке ғылым ретіндезерттелуіне кедергі келтірмейді. Ғылыми білімінің дамуының қазіргі сатысы бір ғана объектіні зерттеу аспектілерінің атауымен сипатталады.

Сонымен бірге ғылыми пәндердің тоғысуында жаңа білім туындағанда ғылыми білімінің дамуы интеграция процессімен қатар жүреді. Бұл процесстердің өзара қатынасын өзара әрекетін дұрыс анықтау маңызды. Ғылымдардың өзара жақындасуымен араласуы, олардың ирстрациясы да ғылымның тағдырын анықтайды. Социология мен құқықтану ғылымдарының тоғысуынан жаңа ғылыми пән кешендік сипаты бар құқық социологиясы пайда болды десек қате болмас. А. Г. Здравомыслов социологиялық зерттеулерді белгілі бір мәселелрде қодануға арнайы дайындалған әдіс пен техниканың жиынтығы және алғашқы материалдарды қайта өңдеуге негізделетін, қандай да бір әлеуметтік мәселелерді жан жақты толық зерттеу деп анықтайды.

Қосымша әдебиеттер

1. Аженов М. Социальные противоречивые в переходном обществе. // Мысль, 1999, №4

2. Жумаканова К. Социальная структура население Казахстан в условиях реформ. // Мысль, 1998, №10, с. 24-27

3. Исиналиева М. Социокультурная динамика в Казахстане // Мысль, 1998: № 9-10 с, 79-81

4. Есенгалиева А. К. Культурно-психологический фактор адаптации этнических групп к условиям рынка: некоторые результаты исследования// Саясат, 2000, № 2-3, с 22-28

5. Кулекеева Ж. Казахстан в зеркале стаистики // Мысль, 1998, № 10, с 49-54

2) Мемлекет пен құқық теориясы, құқық философиясы, құқық социологиясы .

Жаңа ғылыми бағытты бөліп шығару үшін және оның дамуы үшін қолайлы ұйымдастырылған алғы шарттардың болуы, зерттеудің жаңа мәселелерін қоғамдық ойлармен қолдау, сонымен бірге сол ғылымның мәселесін жүйелі түрде қайта өңдеумен арнайы айналысатын, сол білімді тарататын және оның мақсаттарын насихаттайын оқымыстылар тобының болуының маңызы зор.

Құқық теориясы мен құқық социологиясының ара қатынасы туралы айтатын болсақ, құқық теориясы, жеке ғылыми және оқу пәні ретінде өзінің зерттеу пәні, түсінігі мен категориясының жүйесі бар екенін есте сақтау қажет. Құқық теориясының мақсаты құқық мәнің ашу. Ал құқық социологиясы құқықтық қоғамға және қоғамның құқыққа әсерін зерттейді. Құқық теориясы мен құқық социологиясы бұл өзара үйлесімді, өзара байланысқан ғылыми талдау бағыты және сонымен қатар өзіндік ерекшеліктері де бар.

Құқық философиясы ерекше орын алады. Бұл сұраққа Д. А Керимовтың көзқарасын ұсынайық. Ол құқық социологиясы мен құқық философиясының айырмашылығын мынадан көрсетеді, құқық философиясы тану теориясы болып табылады, мемлекет пен құқықты тануда теориялық дүние танымдық иәселе тұрғысынан қарастырады, ал құқық социологиясы мемлекеттік құқықтық шындықтың ғылыми бейнесін көрсетеді. Бұл жағдайда құқық философмясы арнайы таным теориясы ретінде, яғни, гносеология, ал құқық социологиясы онтология, яғни белгілі бір нәрсе туралы ілім. Философиялық мәселе көптеген сұрақтарды қамтиды. Бұл құқықты тарихи логикалық тану, құқықтың ерікті табиғаты мақсатын тану, құқықтың мазмұны мен құрылымын ашу, еркінділікті тану және оны құқықпен жүзеге асыру және т. б. Құқық теориясы мен құқық философисы өзара әрекет етеді және өзара үйлесімді.

Құқықтық философиялық аспектіде зерттеуден айырмашылығы құқық социологиясы қоғамда құқықтың әлеуметтік келсімділігі, құқықтың әлеуметтік функциясы, оның қоғамдық әрекеттермен шарттары туралы сұрақтар құқық социологиясының пәні болып табылады. Бұл құқықтың құқықтық реттелуінің мақсатымен үйлесетін, адамның мінез құлқына ықпалын зерттеу деп айтуға болады.

Заңдық ғылым оның зерттеу объектілері, мемлекет пен құқық, әлеуметтік табиғаты көрсететіндіктен қоғамдық ғылымдар қатарын жатады. Құқықтану қазіргі ғылым жүйесінің элементі бола отырып, өз кезегінде құрамына тарихи теориялық, салалық, салааралық, қолданбалы және басқа ғылымдар енетін жүйе ретінде қарастырылады. Құқық социологиясы жалпы теориялық зерттеулердің бағытын көрсетеді және тарихи теориялық заңдық ғылымдардың тобына жатады. Құқық социологиясы барлық заң ғылымдармен бір бірін өзара толықтырады.

Социология ғылымы бірыңғай емес, әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттеу деңгеилерінің түрліше болуына қарай. оның құрамы аса күрделі әрі көп деңгейлі болып келеді.

Социология әлгі құбылыстар мен процестерді жалпы қоғам деңгейінде де, одан шағынырақ әлеуметтік қауымдар мен олардың өзара ықпалдастығы деңгейінд де, жеке адамдардың өзара қарым - қатынастары дсңгейінде де зерттей береді.

Бұл жағдай социология ғылымын төмендегідей құрамдас бөліктерге бөліп қарастыруға негіз болады:

а) социумның өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтарын анықтауға бағытталған макросоциологи түріндегі жалпы теориялык социология:

ә) арнайы әлеуметтік теориялармен бірге салалық социологияларды (әлеуметтік топтардын социологиясы, қала социологиясы, ауыл социологиясы, білім социологиясы, саясат социологиясы, қүқық социологиясы, насихат социологиясы, отбасы социологиясы, мәдениет социологиясы, еңбек социологиясы, т. б. ) қамтитытын, әлеуметтік жүйенің жекелеген бөліктерінің әрекеттері мен өзара ықпалдасу заңдылықтарын, орта дәрежедегі қауымдастықтарды зерттейтін орта деңгейдегі социол о г ия;

б) әлеуметтік қүбылыстар мен процестерді жеке адамдардың іс-әрекеті; өзара ықпалдастығы, тәртібі мінез-кұлқы тұрғысынан зерттейтін микросоциология.

Социология ғылымының мұндай құрылымы жалпылықтың ерекшелігін және жекеліктің бір-бірімен өзара қатынасын анык көрсетеді. Социология ғылым ретінде теориялық және эмпириялык зерттеу әдістерініде органикалық бірлігіне, өзара әсеріне негізделеді. Теориялық пен эмпириялық зерттеу әдістерінің аракатынасы проблемасының гылыми танылымда функционалдық және генетикалық жақтары бар. Біріншісі ғылымның теориялық аппараты мен эмпириялык негіз арасындағы арақатынасқа қатысты, ал екіншісІ, теориялық аппараттың, оның ішінде ғылымитеорияның қалыптасуына, эмприялық кезеңнен теориялық кезеңге өтуге байланысты.

Даму деңгейінің қандай дәрежеде болуына қарамастан социологияның міндеті әлеуметтік болмысты және оны қайта қүруды түсіндіретін екі кызметімен сипатталады.

Әлеуметтік теорияларды басым бағытына карай іргелі және қолданбалы деп екіге белуге болады. Біріншісі ғылыми проблемаларды шешуге, әлеуметтік ілімнің, социологияның түжырымдамалық аппаратының қалыптасуына, әлеуметтік зерттеу әдістерін айқындауга бағытталған.

Қолданбалы теориялар қоғамның алға қойған прак-тикалық мақсаттарыиа қол жеткізу қүралдарын іздеуге көмектсседі. Десек те, теорияларды бағытына қарай іргелі және қолданбалы деп бөлу шартты түрде.

Қолданбалы социологияда, атының өзі де айтып түрғандай, теориялықтан гөрі практикалық мүдде ана-ғүрлым жоғары қойылады, мүнда білім ғана емес, нақтылы практикалық үсыныстар ерекше маңызға ие. Осыған байланысты қолданбалы социология «әлеуметтІк инженерлік», «әлеуметтік технология», «әлеуметтік гигиена», «әлеуметтік терапия», сияқты ғылым салалары мен үштасады. Қолданбалы социология үғымының енгізілуімен бірге социологияның пәні де өзгереді; өйткені Әлеуметтік қүрылым одан әрі бөлшектене түсті. Қолданбалы зерттеулерде (мысалға, отбасылық, некелік қарым - қатынастарды қарастырғанда) жалпы әлеуметтік отбасы теориясы емес, жас отбасының өзіңдік пробле малары немесесонымен қаратсырылады.

Қосымша әдебиеттер

1. Нысанбаева А. М. Влияние процесса политических трансформации на социальное поведение и самосознание женщин // Саясат, 2000, № 1, с47-51

2. Игоманов А. Ж. Социокультурное самочувствие казахстанского общества и его отражение в сознании современной молодёжи // Саясат, 1997, №4, с. 64-71

3. Царева Т. А Правовая социализация молодежи в рамках молодёжной политики РК // Саясат, 2000, №2-№, с. 103-106

4. С. Коновалова, М. Топаева. Социальное государство в контексте новой прадигмы развития // Мысль, 1999, №6, с. 13-15

5. Ян Шапп. О свободе, морали и праве// Государство и право, 2002, №5, с. 85-92

3) Құқық социологиясының әдістемесі

Тәжірибе көрсеткендей социологиялық зерттеулердің нақты әдістері зерттеленетін объекті туралы объективті және толық мәлімет алуға, информацияның көлемінің мазмұнда және толық болуына, әр түрлі топағы адамдардың көзқарастарын зерттеуге комектесуі тиіс. Сонымен бірге, оларды зерттеуші алдына қойған мақсаттары мен міндеттерге, зерттелетін объектінің ерекшеліктеріне және ұйымдастырылуының нақты мүмкіндіктеріне сәйкес келуі керек. Социологиялық зерттеулерде мынандай әдістер сәтті қолдануда: бақылау, құжаттарды талдау, жалпы талқылау, ғылыми теориялық конференция, адамдардың тәжірбиелік қызметін талдау, интервью алу, анкета.

Кез келген әдістің тиімділігі зерттеушілердің алдына қойған міндеті мен мақсаты қандай, жағдайлар, ерекшеліктер зерттелетіндегінде. Мысалы егер, қоғамдық ойдың қызметінің таралу деңгейі зерттелсе, онда ең тиімді әдіс ол анкета жүргізу. Бірақ оның көмегімен үнемі толық информация алу мүмкін емес. Сондықтан жалпы бақылау, құжаттарды талдау және адамдардың тәжірибелік қызметін де қолдану қажет. Аталған әдістердің біреуін ең керекті, тиімді және ғылыми негізді деп атауға болмайды. Олардың әрқайсысы өзінше тиімді және нәтижелі.

Қоғамдық ойды зерттеуде қолданылатын нақты әдістердің ғылыми классификациясының маңызды теориялық және тәжірбиелік мағнасы бар.

Ғылыми классификацияда критери ретінде объектіні сипаттаушы жеке элементтер емес, әдетте объективті негізделген принциптер пайдалынады. Нақты әдістің ғылыми классификациясы процесстерінің және құбылыстардың ұқсатығы мен айырмашылығын, бағытын ашуға, жиналған фактілік материалдарды белгілі тәртіпке келтіруге және олардың белгілері бойынша айыруға мүмкіндік береді. Нақты әдістердің классификациясының критериелері ретінде зерттелетін объектінің әр түрлі жақтары мен сәттері пайда болуы мүмкін: оның әлеуметтік психологиялық құбылыс ретіндегі мәні, зерттеу сипаты, объектісі, міндеттері, құралдары, қызмет ету ерекшеліктері, техникалық алғышарттары т. б.

Егер объектінің сипаты тұрғысынан қарайтын болсақ, әдістер жалпы, жеке және локальдық болуы мүмкін. Ал зерттеуді кім жүргізетіндігі тұрғысынан қарайтын болсақ, онда нақты әдістерді қолдану керек : интервью, анкета, бақылау және т. б. Сондықтан да әрбір жеке критерий жеке әдістер классификациясының негізі бола алады.

Осылайша, нақты әдістердің классификациясы зертттеушіге зерттелуші объектілердің сипаты туралы, оның көлемі мен мазмұны бойынша қажетті ақппарат беруді қамтамасыз етуге қабілетті әдісттерді пайдалануға жағдай жасайды. Осы негізде кейбір авторлар қоғамдық ойды зерттеу әдістерінің екі негізгі тобын анықтайды.

Бірінші топқа сананың ішкі, объективті фактілерін талдау әдісі кіреді, яғни адамдардың процестерге, құбылыстарға, фактілерге қатынасы, әрекеті, мінез құлқы.

Екінші топтың сананың тікелей факторларын зерттейтін әдістері құрайды, яғни адамның әрекеті мен мінез құлқы объективті көрінісін таппаған ойлар.

Сананың объективті фактілерінің көрінісін зерттеу әдісі мынандай: бақылау жаппай, стихиялық, ұйымдасқан, ашық, қайталанбайтын: құжаттарды зерттеу жеке қоғамдық жалпы халықтық талдау аймақтық, ұжымдық кәсіптік демографиялық, теориялық конференциялар ғылыми теориялық, теориялық тәжірибелік, насихаттық адамдардың тәжірибелік қызметін талдау жеке тұлғаның, ұжымының, ұйымның, топтың әрекеті мен мінез-құлқы құбылыс ретіндегі мәні, зерттеу сипаты, объектісі, міндеттері, құралдары, қызмет ету ерекшеліктері, техникалық алғышарттары және т. б.

Егер объектінің сипаты тұрғысынан қарайтын болсақ, әдістер жалпы, жеке және локальды болуы мүмкін. Ал зерттеуді кім жүргізетіндігі тұрғысынан қарайтын болсақ, онда нақты әдістерді қолдану керек: интервью, анкета, бақылау және т. б. Сондықтан да әрбір жеке критерий жеке әдістер классификациясының негізі бола алады.

Осылайша, нақты әдістердің классификациясы зерттеушіге зерттелуші объектілердің сипаты туралы, оның көлемі мен мазмұны бойынша қажетті ақпарат беруді қамтамасыз етуге қабілетті әдістерді пайдалануға жағдай жасайды. Осы негізде кейбір авторлар қоғамдық ойды зерттеу әдістерінің екі негізгі тобын анықтайды.

Бірінші топқа сананың ішкі, объективті фактілерін талдау әдісі кіреді, яғни адамдардың процесстерге, құбылыстарға, фактілерге қатынасы, әрекеті, мінез-қүлқы.

Екінші топқа сананың тікелей фактілерін зерттейтін әдістер құрайды, яғни адамның әрекеті мен мінез-құлқында объективті көрініс таппаған ойлар.

Сананың объективті фактілерінің көрінісін зерттеу әдісі мынандай: бақылау-жаппай, стихиялық, ұйымдасқан, ашық, қайталанбайтын, қайталанатын; құжаттарды зерттеу жеке, қоғамдық; жалпы халықтық талдау аймақтық, ұжымдық, кәсіптік-демографиялық; теориялық конференциялар ғылыми-теориялық, теориялық-тәжірбиелік, насихаттық; адамдардың тәжірбиелік қызметін талдау жеке тұлғаның, ұжымның, ұйымның, топтың әрекеті мен мінез-құлқы.

Сананың тікелей фактілерінің көрінісін зерттеу әдістері: бақылау, интервью - еркін, жартылай еркін, стандартты, телефон арқылы; анкета жүргізу - тура, жанама.

Сипаты бойынша бақылау шындықты көрсететін күрделі, объективті психологиялық процесс.

Эмприкалық социологиялық зерттеулерді дайындау мен жүргізуді жүзеге асыру үш өзара байланысты кезеңнен тұрады:

- дайындық, сынақтық зерттеу;

- зерттеуді жүргізу;

- алынған материалдармен жұмыс жасау.

Әр кезеңнің өзінің ішкі құрылым мен ерекшелігі болады. Нақты социологиялық зерттеуді дайындауға мыналар кіреді:

- зерттеудің мақсаты мен міндеті қойылатын бағдарлама, онда қандай ақпарат қамтамасыз етілуі керек екендігі, зерттеу объектісі мен субъектісі қандай болу керек екендігі, әртүрлі ұйымдастырушылық сұрақтар көрсетіледі;

- алынған ақпаратпен жұмыс жасау тәсілі мен әдісі анықталатын жоба;

- ұйымдастырушылық және техникалық дайындықпен және сәйкес зерттеу жүргізумен байланысты сұрақтан тұратын ұйымдастырушылық жоспар;

- зерттеу жүргізу үшін және нәтижені тіркеу үшін құжат.
Осылайша, дайындық сатысында нақты зерттеудің бүтіндей жоспары ойластырылады. Бұл сатыдағы маңызды және анықтаушы сәт бағдарлама дайындау.

Ғылыми гипотезаларды экспериментальды тексеру-теорияның дамуына нақты зерттеулердің әсер етуінің неғұрлым мағыналы формаларының бірі. Ғылымның кез-келген сатысында гипотезаны ұсыну және тексеру ғылыми білімнің дамуының қажетті шарты болып табылады. Гипотезалар - бұл әлеуметтік объектілердің құрылымы туралы, осы объектілердің элеметтерінің байланыс сипаты туралы, олардың қызмет ету механизмі мен дамуы туралы ғылыми негізделген ұсыныстар. Гипотезалар құқықтың нақты зерттелуінде ғылыми мәселені шешудің мүмкін әдісі ретінде бағдарламаны құрастыру сатысында шығады. Сонымен бірге гипотезаны ұсыну - зерттеушінің бағдарлама жасаудағы теориялық қызметінің қортындысы болып табылады.

Ғылыми гипотезаларды тексерудің күшті тәсілі - эксперимент болып табылады. Ғылымдағы эксперимент танымдық және тәжірбиелік қызметтің бірлігі ретінде саналады. Ғылыми тәжірибенің формаларының бірі ретіндегі эксперименттің ролі ғылымды қоғамның өндіруші күшіне айландыру жағдайында өседі. Эксперимент көп жағдайда құқық төңірегінде норма шығармашылығы процессінің компоненті ретінде рольо атқарады. Жаңа нормативтік құқықтық актілердің концепциясын жасау, оларды жан-жақты және салмақты түрде эксперименттік тексеру мүмкін емес.

Эксперимент ғылыми процедура ретінде - бұл объект туралы оған басқарушы және бақылаушы факторлар арқылы ықпал ету жолымен білім алу болып табылады.

Қосымша әдебиеттер

1. В. Е. Чиркин. Общечеловеческие ценности и современное государство// Государство и право, 2002, №2, с. 5-13

2. В. К Самигулин. Право и неправо. // Государство и право, 2002, №3, с5-8

3. Н. Еримбетов. Культурная политика в условиях социальной трансформации // Мысль, 2001, №11, с. 50-56

4. Е. С. Макаревский. О роли органов правовой статистики и информации в борьбе с преступностью и коррупцией// Закон и время, 2001, №5, с. 51-54

5. А. Азимбаева. Коррупция в Казахстане как социально-политическое явление // Мысль, 2001, №10, с. 43-47

2 тақырып. Шет елдік құқық социологиясының негізгі белгісі

1) Құқтың әлеуметтік концепциясы: әдістемелік аспект

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық социологиясының пәні
Жастар социологиясы
Жастар әлеуметтануы туралы
Билік, ғылым, тартыс социалогиясы
Социология түрлері
Еңбек социологиясы
Дін социологиясы пәнінен дәрістер жинағы
Білім беру әлеуметтану жағдайы
Дін және мәдениет
Криминологияның айрықша пәні - заңдылықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz