Қазақстанда егемендік пен демократиялық даму кезеңдері



1 Қазақстан Шығыстық мемлекет
2 Дұрыс саясат дұрыс көңілден және дұрыс сөзден басталады
3 Қазақстанда саяси топтар демократиялық қоғам қалыптасуы процестері
Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаты демократиялық мемлекет құру. Бұл мақсат әлемдік өркениетті адамзатқа тән ортақ мақсат. Сол себепті адамзаттың озық ойы демократиялық мемлекет құрудың тиімді жолдары мен әдістерін үнемі іздестіріп келеді. Бұл ізденіс толастар емес. Демократияның ерекшелігі оның әмбебап сапаларымен қатар барлық елдерде біркелкі жүрмеуі және қайталанбауы. Әрбір мемлекет демократияға өз жолымен барады. Ол жолдар әлемдік ортақ құбылыстар мен қатар өзіндік ерекшеліктерді міндетті түрде әкеледі. Демократиялық мемлекет құрудың қиын да күрделі болуы әлемдік заңдылық. Ешбір мемлекет демократиялық қоғамды оңай орната салмайды.
Демократиялық басқарудың дамуы концепцияларының түп тамырын саяси тарих пен саяси ой қойнауынан іздеуге тура келеді. Бүгінгі демократиялық таңдауға қызмет етуші саяси партиялар идеялық тіректі көне заман ойшылдарының еңбектерінен алғандығы даусыз. Себебі демократия әлеуметтік-саяси феномен ретінде ертедегі грек полистерінің саяси мәдениетінің маңызды сегментінің бірі болды. Саяси үрдістерде демократия өте көпжақты және санқырлы сапада көрінеді. Сондықтан бір елдің демократиялық қоғам құру тәжірибесі сол қалпында екінші елде қайталанған емес. Демократиялық таңдау жолында күресетін саяси партиялардың қызметінің теориялық және тәжірибелік жағынан қиын жағдайда қызмет етуі қоғамда қалыптасқан осындай күрделі құбылысқа байланысты. Демократияны кей жағдайда түрлі мүдделі топтар түрліше түсінеді. Өз мемлекетінің саяси-әлеуметтік шындықтарына қатысты қабылдайды.
1. Философский энциклопедический словарь.- М.: ИНФРА, 2002.-С. 576.(222)
2. Конфуций. Уроки мудрости: Сочинения.- М.: Эксмо-пресс, 1999.-С.958.(79)
3. Платон. Апология Сократа, Критон, Ион, Протагор/ Общ. ред. А.Ф. Лосева и др. М.: Мысль, 1999.- С.864. (221)
4. Баласұған Жүсіп. Құтты білік.- Алматы: Жазушы, 1986.-Б.614. (222-223)
5. Иасауи Қожа Ахмет. Диуани хикмет (Ақыл кітабы). Алматы: Мұраттас,
6. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана, 2007. – Б. 372. (5)
7. Назарбаев Н.А. Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации. Послание Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева народу Казахстана // Казахстанская правда. 2005. 18 апреля. С. 2.
8. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана, 2007. Б. 372. (36)

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанда егемендік пен демократиялық даму кезеңдері
Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаты демократиялық мемлекет
құру. Бұл мақсат әлемдік өркениетті адамзатқа тән ортақ мақсат. Сол себепті
адамзаттың озық ойы демократиялық мемлекет құрудың тиімді жолдары мен
әдістерін үнемі іздестіріп келеді. Бұл ізденіс толастар емес. Демократияның
ерекшелігі оның әмбебап сапаларымен қатар барлық елдерде біркелкі жүрмеуі
және қайталанбауы. Әрбір мемлекет демократияға өз жолымен барады. Ол жолдар
әлемдік ортақ құбылыстар мен қатар өзіндік ерекшеліктерді міндетті түрде
әкеледі. Демократиялық мемлекет құрудың қиын да күрделі болуы әлемдік
заңдылық. Ешбір мемлекет демократиялық қоғамды оңай орната салмайды.
  Демократиялық басқарудың дамуы концепцияларының түп тамырын саяси
тарих пен саяси ой қойнауынан іздеуге тура келеді. Бүгінгі демократиялық
таңдауға қызмет етуші саяси партиялар идеялық тіректі көне заман
ойшылдарының еңбектерінен алғандығы даусыз. Себебі демократия әлеуметтік-
саяси феномен ретінде ертедегі грек полистерінің саяси мәдениетінің маңызды
сегментінің бірі болды. Саяси үрдістерде демократия өте көпжақты және
санқырлы сапада көрінеді. Сондықтан бір елдің демократиялық  қоғам құру
тәжірибесі сол қалпында екінші елде қайталанған емес. Демократиялық таңдау
жолында күресетін саяси партиялардың қызметінің теориялық және тәжірибелік
жағынан қиын жағдайда қызмет етуі қоғамда қалыптасқан осындай күрделі
құбылысқа байланысты. Демократияны кей жағдайда түрлі мүдделі топтар
түрліше түсінеді. Өз мемлекетінің саяси-әлеуметтік шындықтарына қатысты
қабылдайды.
  Қазақстан Шығыстық мемлекет. Оның саяси мәдениетінде және саяси
партияларының қызметінде, идеологиясында Шығыс мемлекеттерінің ықпалы бар
екендігі ақиқат.Тәуелсіз мемлекет болған соң Қазақстаның Қытай Халық
Республикасымен саяси-әлеуметтік байланыстары нығая түсті. Сан ғасырларға
созылған саяси тәжірибесі мен терең саяси мәдениеті бар Қытайдың саяси
жүйесінің түрлі сапалары Қазақстанға өз әсерін тигізбей қойған жоқ.
Қазақстанның саяси ойына және саяси қозғалыстарына елеулі әсері болған
ілімдердің бірі – конфуцианства.
  Қазақстанның шығысындағы 3,5 мың ортақ шекарасы бар ұлы көршісінің
мемлекеттік дініне айналған конфуцианстваның пайда болуы Кун Фуцзының
есімімен байланысты. Конфуций деп аталып кеткен ойшыл б.ғ.д. VI ғасырдың
өзінде табиғат заңдарына үндес, ақылға сиымды өмір тәртіптерінің негізі
болатын бес қарапайым болса да ұлы жақсылықты көрсетеді:
  Олар: 1) ақыл, 2) ізгілік, 3) сенім, 4) үлкендерді сыйлау, 5)
ержүректік. Бұл құндылықтар белгілі дәрежеде және белгілі шеңберде танылуы
тиісті. Бұл дегеніміз өзіңді және басқаларды терең ұғыну және сыйлау. Олай
ету таңдаулы  толық адамдардың ғана қолынан келеді. Сонымен қатар заңдарды
қарапайым жинақтай беруден пайда жоқ,- деп санайды.
 Конфуций саяси топтардың және қозғалыстардың әділ болғанын қойды.
Басшы – лидер халық алдында қулыққа бармайды. Ол әділетті сүйеді, өзіне
қатысты өзгелердің пікіріне құлақ асады. Ол өзін басқалардан жоғары
қоймайды. Ондай адам елге де, жанұясынада да абыройлы. Ал кейбіреулер
мақтанып, өтірік мадақталып абырой жинайды. Ол күдікті білмей, өзінің нағыз
орнын білмей өмір кешеді,- деп көрсетеді Конфуций.
 Саяси партиялар лидерлері қаншама өзін халық алдында беделді,
абыройлы етіп көрсетуге тырысқанымен олар ел қамын, адам қамын нақты
ойламаса, жалған сөйлесе беделді болмайды деп біледі қытай ойшылы.
Саяси  лидерлер басқаларды өз істерімен, үлгісімен тартады. Олар демалысты
білмеуі керек. Өзінің жақтастарыңды сәл кемшілік үшін кінәлама. Өзің
білетін лайықтылары мен біліктілерін көтермеле. Абыройлы қайраткер достық
қатынастарды күшейтуде  білімін салады. Ал достық оның адамгершіліктерін
бекітуге көмектеседі, - деп білген Конфуций 3. Саясатта да біліктілік
пен білім керек. Дайындықсыз адамдарды соғысқа салу оларды тастап қашып
кетумен бірдей.
 Конфуцианство саяси партиялар мен мүдделі топтарды өз саясатын
асықпай жүргізуді, мемлекеттік және халықтық мұраттарға негіздеуді
үйретеді. Басқаларды басып алуға, бөтендерге зорлық көрсету арқылы
жетістікке жетуді ойлаған партиялар мен күштер толассыз жаманшылыққа
әкеледі. Олардың әрекеттері бақытсыздықтың қайнар көзі. Мемлекеттің дұрыс
әділет жолын таңдамауы, халыпен ақылдаспауы, даму жолын, әдістерін сарапқа
салып таңдауға тырыспауы оны қауіпті жолға бастайды. Саяси басшы өзіндікі
ғана дұрыс деп ойламауы абзал. Ол жақсы жоспар құрып соның орындалуына
әрбір адамның қатысуын қадағалайды. Ашу, ыза, асығыстық, халықты өз ісіне
зорлықпен ерту сияқты әрекеттердің барлығы мемлекет қозғалысына зиянды.
Мақтаншақ болу, жетістіктерді айта беру, достардың бірін-бірі мақтауы
түбінде жарға құлатады. Шындық сөзді айтуға қорқатын болсақ та жақсылық
әкелмейді. Білімді, іскер, әділетті адамдарды биліктің көргісі келмейді,
олардың жақсы істерін бағалағысы келмейді. Оларға берілетін шен-шекпен,
атақтарды нашарлар иеленеді. Халық осыны көреді, осыған наразы болды.
Әділетсіз істер халық ниетін біртіндеп улай береді, улай береді. Кейбір
басшылар әділет сөзімен жақсы ақылды өзіне қарсы атылған оқ сияқты
қабылдайды. Елді құтқаратын істер тек ашу мен наразылық туғызады. Халықты
осылайша адамдар тонайды. Олар тонап жатқан біздер емеспіз деп айтумен
болды. Осындай өтірік пен жалғандық мемлекетті күйреуге бастайды.
 Ерте грек ойшылы Платонның диалогтарында саяси қызметтің және саяси
күрестің ғана емес, саяси мемлекеттің жұмыс істеу принциптеріне ден
қойылады. Платон өзінің Евтидем шығармасындағы Критон мен Сократтың
диалогында саяси қызметтің тиімді болуына бағасын берді. Арадағы адамдар –
философтар мен саясаткерлер арасында. Олар көпшіліктің алдында өздерін
ақылды және абыройлы көрсеткісі келеді. Олар ақылды философтардан
қабылдайды, саясаткерлерден де қабылдайды. Осы арқылы аралықтағылар түрлі
дауларда жеңіске жетеді, басқалардың біліктілігін керектеріне жарата
біледі,- деген ой айтады 4. Сонымен қатар Платон саяси қызметте терең
білім керектігін ескертеді. Саясатқа алды артына қарамай кіріп кетуге
болмайды. Алдымен оны үйрену қажет. Мемлекеттік істерге араласқысы
келгендердің көпшілігі оған дайындықсыз келеді.
 Саяси күреске әділетсіздік көрсете беру қауіпті. Сондықтан қоғамдық
істерге ғана емес күнделікті өмірде әділетті болуды, өмірдегі басты мәселе
ретінде қарастыру керек. Сенің шешендік сөздерің жағайымсу мен мақтаудан
құрылуынан сақтан. Оның әділеттілікке қызмет жасағаны абзал. Қоғамдағы,
мемлекеттегі маңызды мәселелер төңірегінде пікіріңізді үздіксіз өзгерте
беру зиянды. Олай болуын бозбалаларға ғана кешіруге болады. Ал мемлекет
идеясы елге әділет пен жақсылық әкелетін істерді жақтайды,- деп көрсетеді
Платон.
 Мемлекеттік істегі адамның парасат ісі оның мемлекет мәселелерін шеше
алуында. Ол өз ісінде достарына жақсылық жасайды, жауларына зияншылық
жасаудың басқалардан өзіне нұқсан келмеуін көздейді. Әр адамның өзіндік
атқаратын қызметтері бар. Оның жақсысы мен жаманын халық бағалайды. Нағыз
жақсылық дұрыс пікір мен білімді ұштастыра білу. Осындай адам ғана дұрыс
басқара алады. Елдегі мақсатқа да жеткізетін шын пікір мен білім. Шындық
сөзін айтқан, дұрыс пікірлерді басшылыққа алып, білімге сүйеніп мемлекеттік
істерді басқарғандар ғана өз қалаларын дұрыс жолға салатын мемлекет
адамдарды,- дейді Платон.
 Платон мемлекет ісімен айналысатын адамға әділдік, білім мен қоса
әдіскерлік пен айлакерліктің де қажет екендігін ескертеді. Мемлекеттік
адамдарды кейде құдіретті күш қолдайды. Олар тіптен бүгінгі өз істерінің
маңызын терең біле алмауы да мүмкін. Бірақта олардың әрбір дұрыс қадамы
келешекте жасалатын ұлы істердің кепілі болды,- деген пікір айтады Платон.
 Қазақстандағы саяси құрылыс әлемдік тәжірибенің және саяси ойдың
дамуының салдары мен нәтижесі. Әлемдік саяси тәжірибеден тысқары Қазақстан
мүлдем жаңа саяси мәдениет жасай алмайтындығы даусыз. Осындай жалпылық даму
заңдылығына ене  отыра Қазақстан өзінің төл ерекшеліктерін ескеруге
қабілетті болуы керек. Ондай қабілетті қалыптастыратын феномен көне дәуір
ойшылдарының еңбектеріндегі ойлар мен идеяларды басшылыққа алып отыр.
Қазақстанның демократиялық жолмен даму жолдарын зерттеуге көмектесетін
Аристотельдің еңбектері9.
  Аристотель биліктің бір адамда болуы, адамдардың тобында болуы немесе
көпшілікке болуы маңызды емес. Маңыздысы сол биліктің мемлекетке және
халыққа пайдасының болуында деп есептейді. Мемлекеттік құрлысының мәні
мемлекеттік басқару тәртібіне сәйкес. Соңғысы жоғарғы мемлекеттік билікті
көрсетеді. Жоғарғы билік бір адамның, бірнеше адамдардың, көпшіліктің
қолында болады. Егер олар қоғамдық пайданы ойлап басқарса, мемлекеттік
құрылыстың осындай түрлері дұрыс болады. Егер жеке адамның, топтың немесе
көпшіліктің мүддесі көзделсе   ондай мемлекеттік құрылысқа ауытқу бар, -
деп жазады Аристотель.
  Аристотель барлық мүдделі топтардың мақсаттарын толықтай ескеріп,
қамтитын биліктің жоқтығына қиналады. Көпшілік болып табылатын  кедейлердің
билігі демократияның өзінде жетіспейтін, олқы жақтары бар. Демократиялық
билік патшаның, олигархияның т.б. жеке топтардың мақсат-мүдделерін
ескермейді. Сондықтан мемлекетті полития дұрыс, әділетті саясат билеуі
пайдалы деп біледі адамзаттың бірінші ұстазы. Мемлекет тек өмір сүру үшін
ғана жасалмайды. Ол негізінен бақытты өмір сүру үшін жасалады,- деген ойды
Аристотель ерекше атайды 11. Никомахова этика еңбегінде ойшыл бақытты
өмір дегеніміз- жақсылықпен өмір сүру. Ондай өмір үнемі жақсылықтарға
талпыну және көңіл көтеру емес. Жақсылық пен талпыныс үнемі көңіл көтеру
мен қызығудан жақсы. Адамның жақсысының көңілі жақсылық пен талпынысқа
толы. Ал нағыз жақсылықтардың қызметі мен еңбегі бақыт әкеледі,- 12 деп
жазады.
  Аристотель мемлекеттің бақытты өмірі үшін саяси күштердің әділетті,
жақсылықты және мемлекет пен қоғам қамы үшін қызмет етуін дұрыс деп білгені
сөзсіз. Демек, саяси партиялар билікке жету жолындағы күресте, билікті
иеленуде де осы құндылықтарды басшылыққа алғаны абзал. Аристотель көрсекен
құндылықтарды ұран еткен партиялар билікті өзі үшін де, халық пен мемлекет
үшін де дұрыс пайдалана алары даусыз. Мемлекетте адамдардың дұрыс қарым-
қатынастар жасауына жағдай жасалынса, олардың еңбек етуіне,
шығармашылығына, бизнеспен айналысуына қысым көрсетілмесе және өмірдің
негізгі салаларында халықтың мүддесін көздейтін заңмен реттелсе ғана
өркениетті, демократиялық мемлекет болатындығын саяси партиялар түсінеді.
 Аристотель өмір күрделі, үнемі өзгерісте болады деп ескертеді.
Жазылған заңдарды өзгермеген қалпында қалтыруға болмас. Себебі, өмірдің
басқа салаларындағыдай мемлекеттік құрылыста да барлығын дәлме-дәл сөзден
жаза алмаймыз. Заңдарды жалпылық сипатта еріксіз жазасыз, ал адамдардың
әрекеттері жалқы. Сондықтан кейбір заңдарда өзгертіп тұру қажеттілігі
туады,- дейді Аристотель 13. Заңдарды өзгерту маңызды емес олардың
мемлекетік  құрылыстың озық үлгілеріне сәйкес болуы маңызды,- деп есептейді
ұлы грек ойшылы.
  Аристотель өзінің Саясат атты еңбегінде монархияның, олигархияның
және демократияның ерекшеліктерін, кемшіліктерін талдай келе ең дұрыс
мемлекеттік құрылыс ретінде политияны таңдайды. Полития ең озық, ең
таңдаулы басқарушылардың билігі сондықтан ол бәрінен де тиімді болуы тиісті
деген қағиданы дәлелдеуге тырысады. Алайда әлемдік саяси шындық пен
тәжірибе  политияның емес демократияның өміршеңдігін дәлелдеп береді.
Аристотель өзі өмір сүрген дәуірдегі ойшыл ретінде өз еңбектерін азат,
сайлау құқығы бар грек полистерінің еркек азаматтарға қатысты. Байлық пен
кедейшілікке байланысты қазіргі демократия азаматтардың құқықтарын
бөлмейді. Мәселе, Аристотель көтерген демократиялық мемлекеттік құрылыс
идеясына байланысты. Демократияның мәнін Аристотель заңның билік құрумен
тікелей байланыстырады. Заң барлығының үстінде билейді; құзырлы
қызметкердің де, халық жиналысының да,- деп көрсетеді.
  Демократия заңмен халықты басшыға, қызметкерге, қарапайым азаматқа
бөлмейді. Байлық пен кедейлік те адамды кемсіте алмайды. Демократия ешкімге
артықшылықтар бермейтін заңдарға негізделеді. Бостандық, теңдік, заңның
басымдылығы, мемлекеттік істерді шешуге халықтың тікелей араласуы, жоғарғы
биліктің халық алдында жауапкершілікте, есепте болуы сияқты Аристотель
көрсеткен демократиялық мемлекеттік құрылыстың негізгі заңдары қазіргі
замандағы демократиялық мемлекеттерде өзін ақтағаны даусыз шындық. Көптеген
жылдар тоталитарлық социализм жүйесінде тұншыққан Қазақстандағы саяси
құрылысты елдің саяси партиялары демократиялық қоғамның әлемдік жолына
бұруға ұмтылыс жасап жатқандығы да шындық. 
   Қазақстанның саяси мәдениетіне өшпес із қалдырып, сонысымен қазіргі
демократиялық қоғам құрылысына өзінің үлгілік және идеялық әсерін тигізіп
отырған ойшылдардың бірі XI ғасырда өмір сүрген түрік ғалымы Жүсіп
Баласағұн. Оның әйгілі Құтты білік еңбегіндегі ойларының Қазақстанның
бүгінгі саяси өміріне және демократиялық жаңаруына етер ықпалы зор. Түркі
халқының ұлы бабасы демократиялық мемлекет туралы тікелей айтпағанымен
саяси және мемлекеттік билікті дұрыс және әділ ұйымдастырудың нақты
жолдарын айтады.
  Ел билеушілер өз халқына қиянат жасамауы керек. Өтірік сөйлеп,
алдамшы жылтырақпен еліңді ұзақ басқара алмайсың. Сұйық сөзге ел қапа
болады. Білімі жоқ басшыны ел ұқпайды. Себебі, білімсізден дұрыс ақыл
шықпайды. Басшы білікті болуы шарт. Біліксіздік істерді кері кетіреді. Ел
басшыларына қауіпті, қарапайым жұртқа қауіпті бес жаманшылықты Жүсіп
Баласұған атап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік декларациясы
Қазіргі таңдағы конституциялық декларацияның конституциялық құқықтық маңыздылығын анықтау
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Конституцияға қайшы елсе
Егемендік және Тәуелсіздік
Егемен Қазақстанның саяси нақтылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы
Мемлекет - саяси ұйым
Мемлекет және құқық теория негіздері
Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің тарихи қалыптасу жолдары (кезеңдері)
ХХ ғасырдағы Қазақстанның Конституциялық дамуының негізгі кезеңдері
Пәндер