Қылмыстық сот ісін жүргізу барысындағы іске қатыстырылатын аудар¬машы ұғымын жан-жақты ашу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Тақырыбының өзектілігі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында болып жатқан әртүрлі саяси, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік салалардағы болып жатқан өзгерістер мемлекеттің ілгері дамуына байланысты көптеген жаңа заңнамалар мен талаптардың осы өзгерістерге сәйкес болуын қажет етеді. Бұл орайда, көптеген заңдар қабылданып, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шынайы демократиялық негізде реттелуіне айқын мүмкіндік жасалуда. Осыған орай егеменді мемлекет ретінде даму және құқықтық реформаны жүзеге асыру мемлекетіміздің басты әлеуметтік құндылығы болып жарияланады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылдың ақпан айындағы Қазақстан Республикасының Халқына Жолдауында демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болып отыр. Құқық қорғау және сот жүйесі қазақстандықтардың құқықтарын әділ де тиімді қорғалуын қамтамасыз етілуі тиіс деп көрсеткен [1] .
Осыған сәйкес көп ұлтты еліміздегі құқықтық қарым-қатынасында орын алған кейбір өзгерістерге байланысты, қылмыстық іс тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерінің бірден-бір кепілі ретінде қылмыстық іс жүргізу тілі қағидасының сақталуының маңызы зор. Қазіргі кезде мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді қолдану аясы кеңейіп, мұның саяси мәнділігі артуда. Осы ретте, алдын ала тергеу мен сот өндірісінде тіл қағидасын жүзеге асыру көбінесе аударма жұмысын ұйымдастыру қажеттілігінен туындайды.
Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісін жүргізу барысында тілді жеткілікті білмейтін әрбір іске қатысушы адамға оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін тергеу және сот ісін жүргізу кезінде аудармашының қатысуынсыз іс жүргізу мүмкін емес. Сондықтан, қылмыстық сот ісін жүргізу барысында әрбір іске қатысушы азамат тілді білмесе немесе жеткілікті білмесе оған өзінің құқықтарының бірі ретінде істің қай тілде жүргізілетіндігі және аудармашының тегін көмегін пайдалану құқығы түсіндіріледі. Бұл, Бүкіләлемдік Декларацияда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жөніндегі Конвенцияда және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларында көрсетілген. Бұл қағидалар қылмыстық сот ісін жүргізу барысында әрбір іске қатысушының ана тілінде немесе білетін тілде жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында тергеушілерге, анықтаушыларға, прокурорға, соттарға, қорғаушыларға және т. б. қылмыстық сот ісін жүргізушілерге тілді жеткілікті білмейтін азаматтар тіл саясатына байланысты кейбір қиындықтар туғызады, тіпті кей жағдайларда олардың құқықтарының бұзылуы да байқалады. Тәжірибеде, қылмыстық сот ісін тергеуде тілді жеткілікті білмейтін азаматтарға аудармашы қатыстырылмай, алынған дәлелдемелердің заңдылық күші болмайтындығы кездесіп отыр. Осыған байланысты, тәжірибелік қызметкерлерден алынған сауалнамада тілді жеткілікті білмейтін
іске қатысушылар көптеген қиындықтар туғызатындығын көрсетеді.
Осы тұрғыда, қылмыстық іс жүргізуді дұрыс ұйымдастыру арқылы іске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету, оның ішінде тілді жеткілікті білмейтін іске қатысушыларға құқық қорғау органы аудармашының көмегін пайдалануды қамтамасыз етуі қажет.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында тілді жеткілікті білмейтін қатысушыларға аудармашының қатысуы үлкен рөл атқарады. Дегенмен, заң әдебиеттерінде қылмыстық іс жүргізуге аудармашының қатысуының процессуалдық, криминалистикалық және ұйымдастырушылық мәселелері әлі күнге дейін толығымен зерттелмеген. Жарық көрген ғылыми еңбектерде аудармашының іске қатысуға арналған мәселелерінің белгілі бір бөлігі, яғни іске қатысу реті ғана қарастырылған. Бұл, қазіргі заманның талабына сай тәжірибелік және теориялық қажеттілігін толық деңгейде қанағаттандырмайды.
Дипломдық жұмысты зерттеу барысында тақырыптың процессуалдық тұрғыдағы өзектілігіне, оның қылмыстық іс жүргізу заңнамасына, аудармашының жеке тергеу әрекеттеріне, сонымен қатар сот процесіне қатысуының толықтай анықталмағандығын және қажетті шартты нормалардың орын алмағандығын атап өтуге болады. Қазіргі қолданыстағы заңда аудармашының іске қатысуы ҚР ҚІЖК-нің 85-бабында көрсетіліп 10-тарауға енгізілген. Бірақ, аудармашының түсінігі және оны іске тартудағы ұйымдастырушылық шаралары заң нормасында қажетті дәрежеде толық ашылмаған. Атап айтқанда, аудармашы түсінігі заңда көрсетілмеген және аудармашыны іске тартуда оның сот ісін жүргізу тілін жеткілікті білу қажеттілігі, жасы, білімі, қабілеті, құзыреті, аудармашыға төленетін сыйақы көлемі туралы нормалар мен мән-жайлары қарастырылмаған. Сондықтан да аудармашының тергеу және сот ісін жүргізу барысында оны іске қатыстыру нормаларын жан-жақты талқылау және талдау қажеттілігі туындап отыр.
Аудармашының іске қатысуының ұйымдастыруға байланысты процессуалдық шарттарын және криминалистикалық әдістемелерін ғылыми тұрғыдан зерттеу қажет. Өйткені, бүгінгі таңда аудармашыны іске қатыстыруды ұйымдастыру, алдын ала тергеу мен сот процесінде кейбір елеулі қиындықтарға әкеп соқтыруда. Осы тұрғыдан, сот тәжірибесі мен құқықтық статистика мәліметтеріне сүйенсек, аудармашының іске қатысуы осы заманғы талаптарға жауап бермейтіндігі байқалады. Оған себеп, тек заңдардағы кемістіктер ғана емес, сонымен бірге алдын ала тергеу және сот органдарының аудармашыны іске қатыстыру барысында кейбір олқылықтар мен кемшіліктерге жол берілгендігі өз септігін тигізді.
Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында аудармашыны іске қатыстыру және тіл мәселесі қылмыстық іс жүргізу және криминалистикалық тәсілдердің ғылыми негіздерін дайындау мен оларды тергеу және сот тәжірибелеріне енгізудің көптеген бұрын зерттелмеген басты мәселелерін зерттеу бүгінгі таңдағы мәселелердің бірі болып отыр.
Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында тілді жеткілікті білмейтін іске
қатысушылармен жүргізілетін істер жөнінде көптеген ғалымдардың көзқарастары бойынша аудармашы арқылы тіл мәселесі өз деңгейіне жетеді.
Дипломдық тақырыбының жекеленген мәселелері Н. А. Абдуллаев, О. И. Александрова, И. С. Алексеева, М. Т. Әшірбекова, В. Бозров, Л. Л. Васильева-Кордашевская, В. Кобяков, М. А. Джафаркулиев, Н. Я. Калашникова, А. Я. Марков, А. Г. Романова., Г. П. Саркисянц, Е. А. Степанова, Т. И. Стеснова, А. В. Федоров, С. П. Щерба және тағы басқа криминалистика, қылмыстық іс жүргізу саласында танымал ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Алайда, сот ісін жүргізу барысында аудармашының іске қатысуы отандық заң ғылым саласында қазіргі кезге дейін оның процессуалдық, криминалистикалық, психологиялық, ұйымдастырушылық сипаттағы мәнді мәселелер шеңберінде қарастырылып зерделенбеген және зерттелмеген. Ал, бұл мәселелердің жекеленген бөліктері қарастырылған еңбектерде аудармашының іске қатысу әрекетіне тиісті деңгейде көңіл бөлінбей, ғылыми тұрғыда талқыланбаған және олардың көбісі бұрыңғы кеңестік және ресейлік заңнамаға негізделген. Сонымен бірге, тақырыптың өзектілігі қоғамның экономикалық әлеуметтік жағынан қарқынды дамуына байланысты қазіргі заманға сай аудармашының іске қатысуы теориялық және тәжірибелік мәселелері терең және жүйелі түрде зерттеудің қажеттілігі туындап отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты - қылмыстық сот ісін жүргізу барысындағы іске қатыстырылатын аудармашы ұғымын жан-жақты ашу арқылы оны теориялық және тәжірибелік тұрғыда кешенді зерттеу. Атап айтқанда, аудармашының іске қатысуының процессуалдық, криминалистикалық және ұйымдастырушылық мәселелерін айқындау, аудармашы түсінігін ғылыми тұрғыда толық жан-жақты анықтау, аудармашының құзыретін реттеу, оған қойылатын талаптар мен міндеттерді реттеу, аудармашының біліктілігін тексеру арқылы іске қатыстыру қағидасын құру және онымен жасалынатын келісім-шарт ретін жүзеге асыру және басқа да тәжірибеде кездесетін кемшіліктер мен олқылықтардың алдын алу болып табылады.
Көзделген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер атқарылады:
- аудармашының іске қатыстырылу әрекетінің теориялық және тәжірибелік аспектіде зерттеу;
- зерттеу тақырыбына қатысты заңдарды және өзге де нормативтік актілерді, әдебиеттерді зерттеу, талдау және оқып-үйрену;
- қылмыстық сот ісін жүргізу барысындағы аудармашы ұғымының анықтамасын айқындап, оның тәжірибелік ғылыми мәнін анықтау;
- аудармашының тергеу әрекеттері және сот ісін жүргізу барысында оның рөлін анықтау және оған ғылыми түрде талдау жасау;
- аудармашының іске қатысудағы процессуалдық жағдайын жетілдіруге бағытталған ұсынымдар беру, оның ішінде тергеулік және сот процесінде құқықтық мәртебесін анықтау;
- аудармашыны іске қатыстырудағы процессуалдық құзыретін зерттеу
арқылы оған қойылатын талаптар мен міндеттерді реттеу;
- аудармашының қатыстырылуымен тергеу барысында жүргізілетін криминалистикалық әдістемелер мен тәсілдерді ғылыми тәжірибелік түрде жетілдіру;
- қылмыстық тергеу әрекеттерінде аудармашының қатыстырылуымен жүргізілетін тактикалық әрекеттер ерекшеліктерін айқындау және жетілдіре түсу;
- аудармашының қатысуымен жүргізілетін тергеу әрекеттері және сот процесі барысында криминалистикалық-техникалық құралдарды пайдалану ретін қарастыру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дипломдық тақырыбының жекеленген мәселелері бойынша Н. А. Абдуллаев, О. И. Александрова, И. С. Алексеева, М. Т. Әшірбекова, В. Бозров, Л. Л. Васильева-Кордашевская, В. Кобяков, М. А. Джафаркулиев, Н. Я. Калашникова, А. Я. Марков, А. Г. Романова., Г. П. Саркисянц, Е. А. Степанова, Т. И. Стеснова, А. В. Федоров, С. П. Щерба және тағы басқа криминалистика, қылмыстық іс жүргізу саласында танымал ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Мұнда, қылмыстық іс жүргізуге аудармашының қатысуының теориялық-құқықтық негіздері және тәжірибелік талдауы негізінде тергеу және анықтау органдары қызметкерлерінің қылмыстық сот ісін жүргізу барысында аудармашының көмегін пайдалану мүмкіндіктеріне қатысты бірқатар жаңа ережелер, қорытындылар мен ұсыныстар тұжырымдалды. Сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізу және криминалистикалық білімдерді пайдалана отырып, қылмыстық сот ісін жүргізу барысында аудармашының көмегін пайдалануға бағытталған әдістемелерге алғаш рет кешендік зерттеу жасалынды. Осы әдістемелерде, қылмыстық сот ісін жүргізуде тілді жеткілікті білмейтін азаматтарға қатысты істерде аудармашыны іске қатыстыру жүйесінің жаңа түрі және оның тиімділік жолдары ұсынылады. Бұл, заң нормаларына жаңадан аудармашы ұғымын белгілі бір деңгейге ұлғайту мақсатында көзделген ұсынымдар жасалынды.
Ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
1. Қылмыстық сот ісін жүргізу тілін жеткілікті білмейтін азаматтарға аудармашыны іске қатыстырудағы процессуалдық кепілдіктермен қамтамасыз ету жолдары көрсетілді.
2. Қылмыстық сот ісін жүргізу тілінің қағидасына арналған қылмыстық іс жүргізудегі аудармашының құқықтық нормасы тұжырымының қажеттілігін айқындау арқылы, оның жіктемесіне жаңадан ғылыми тұрғыда негізделді. Яғни, іске қатысушылардың қылмыстық сот ісін жүргізу тілін білмеу немесе жеткілікті білмеу жағдайында, аударма қылмыстық сот ісін жүргізу қатысушысының ана тіліне немесе ол білетін тілге тегін аударылуы тиіс.
3. Аудармашы ұғымы жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жаңадан ғылыми тұрғыда тұжырымдалып, оның процессуалдық жағынан іске қатысу мүмкіндіктері кеңейтілді. Бұл ұсынылған тұжырым, аудармашының іс жүргізушілік тәртібін реттейтін нормалардың жобасы ретінде жаңадан ғылыми тұрғыдан дәлелденді.
4. Қылмыстық сот ісін жүргізушісі аудармашы ретінде қылмыстық сот ісіне және сот талқылауында аудармашының қатысуы үшін, аудармашыдан келісім алу қажеттілігі мен оған қойылатын талаптары мен құзыреті бойынша жаңадан ҚР ҚІЖК 85-бабына процессуалдық қағидалар ұсынылды.
5. Қылмыстық сот ісін жүргізушілер, аудармашыны іске қатыстыруда процессуалдық-құқықтық және ұйымдастырушылық шешімдерінің заңды тұрғыда бекітілуін ұсынды.
6. Аудармашының қатысуымен жүргізілетін тергеулік әрекеттерде қылмысты ашуға бағытталған тактикалық әдіс-тәсілдер қайта жаңадан қарастырылды. Бұл қылмыстық істі ашу мақсатында тергеушінің жауап алу, жауапты оқиға болған жерде нақтылау мен тексеру, тергеу эксперимент, адамды тануға ұсыну және басқа да тергеулік әрекеттерді жүргізу барысында аудармашының кәсіби сот тілін жеткілікті білу қажеттілігі айқындалды. Сонымен қатар, ҚР ҚІЖК 179-бабына толықтырулар енгізу ұсынылады.
7. Аудармашының қатысуымен криминалистикалық-техникалық құралдарды қолдану ерекшелігі жөнінде ұсыныстар енгізілді. Осыған қатысты мәселелер жаңа ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан қайта қарастырылып, жаңдандырылды.
1 Қылмыстық сот ісін жүргізу тілін білмейтін азаматтарға қатысты қылмыстық іс жүргізуде аудармашының қатысуының теориялық-құқықтық негізі
1. 1 Қылмыстық сот ісін жүргізудегі аудармашының түсінігі мен маңыздылығы.
Қазақстан Республикасының Конституциясында адам құқықтарының бірі әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар және осы Конституцияның 19-бабына сәйкес, мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп, нақты тұрғыда реттелгені баршамызға да мәлім [2] .
Еліміздің аумағында жүргізілетін тілдік саясатының бағытын нақты көрсету мақсатында, 1997 жылы 11-шілдеде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданып, іс жүзінде қолданылуда. Осы заңның негізінде, мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінде тілдерді қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастары осы заңмен реттеліп келеді [3] .
Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі дамуы көп ұлтты халқымыздың қажеттілігін өтейтін тілдік, демографиялық және саяси жағдайды есепке ала отырып, тіл саясатын қалыптастыруды талап етті. Тәуелсіздігіміздің он алты жыл мерзімі ішінде Елбасы жүргізген бірыңғай мемлекеттік тіл саясаты халқымыздың қолдауын тапты.
Осының барлығы өзекті тіл мәселелерін шешуде өзінің тиімділігі мен нәтижелілігін іс жүзінде көрсетіп отыр. Тілдердің сақталуы мен қызмет етуі ең маңызды фактор болып табылады.
Қазақ тілінің тағдыры үшін күрес соңғы жүз жылда бірде-бір толас тапқан жоқ. Оның суреткерлік қуатын, небір тұңғиық ойларды жеткізу қабілетін, шексіз байлығын, бейнелілігі мен саздылығын әлемнің ең құдіретті тілдерінде ғана кездесетін көркемдік сапаға жеткізген ұлы Абай заманын айтпағанда, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар бастаған алып топ тарих сахнасына шыққан осы ғасырдың алғашқы ширегінде бұл күрес ел тәуелсіздігі үшін күреспен бірлікте жүргізілді.
Бұл орайда басшылыққа алынатын үш мәселе жөнінде айтқанымыз орынды сияқты. Оның біріншісі - тілдерді дамытуға байланысты еліміздің өткен тарихының тағылымдары. Екінші ескертетін мәселе - әлем мемлекеттерінің тіл саясатын жүргізудегі өнегелі тәжірибесі. Үшіншісі - Қазақстан Республикасының Конституциясында толық көрініс тапқан, басқа бірде-бір елдің тіліне ұқсамайтын өз ерекшелігіне орай ұстанған даму жолы.
Әлемдік тәжірибеге келетін болсақ, кезінде Тіл комитетінде көптеген материалдардың басы жинақталып, қорытындыланған еді. Олардың ішінде бұрынғы КСРО құрамында болған республикалардың тіл туралы заңдары мен алыс шет елдерде Америка, Еуропа, Азия елдерінде тіл саясаты жөнінде бұрын-соңды шыққан еңбектер бар. Оларды салыстыра қарағанда көз жеткен бір нәрсе біздің «Тілдер туралы» Заңның әлдеқайда демократиялық сипатта
екендігі.
Әлемнің көптеген елдерінде тілге қатысты заңдарды жүзеге асыру мен оны бақылауды арнайы мекемелер (Қытай, Франция, Латвия және т. б. ) атқарды. Оларда осындай заңды бұзғандары үшін айып салудан бастап, заң алдында жауапқа тартуға дейін шаралар қолданылады. Бізде бұл жағына ерекше мән беруіміз керек. Осы уақытқа дейін бізде Тіл заңын бұзғаны үшін жауапқа тартылған бірде-бір адам жоқ. Өйткені оның тетіктері жасалмаған. Сондықтан, заңды бұзғаны үшін қолданылатын шаралар нақты көрсетілген жөн және лауазымды адамдарға айып салу шараларын батыл енгізу керек. Латвияның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңы бойынша кәсіптік міндеттерін атқаруда мемлекеттік тілді белгіленген дәрежеде пайдаланбағаны үшін өте көлемді айып салынады. Одан түскен қаражатты тілдерді дамытуға жұмсайды. Латвия Заңындағы мұндай баптың ұзын саны он шақты.
Заңда тағы бір ескерілуге тиіс жағдай - тілдің мемлекеттік мәртебесін қорғау мен тазалығын сақтау. Заңға мұндай тарау өте қажет. Ол қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтумен қатар оның іштей түлеуіне жағдай жасайды.
Мұндай шаралар бүгінгі тіл заңын жүзеге асыруға аса қажет. Демек, тіл заңы Қазақстан Республикасының Конституциясында атап көрсетілгендей, ана тілімізге тұғыр, барша ұлт тілдерінің құлаш жая дамуына тірек болуы тиіс. Қазақстанды Отаным деп түсінетін әрбір азаматқа бүгінгі өтпелі кезеңде ұлттар ынтымағын, халықтар түсіністігін, ел тыныштығын сақтаудан асқан мұрат жоқ. Еліміздегі барша конституциялық заңдардың, соның ішінде тіл заңының да алтын арқауы осы болуы тиіс.
Ал, бүгінгі күні тілдік ахуалға келетін болсақ, мемлекеттік тіл саласындағы азды-көпті жетістіктерді көріп желпінуге әлі ерте, тоқмейілсуге тіптен болмайды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей қолдауымен қазақ тілінің өрісі кеңейіп, өнімді де тындырымды жұмыстар атқарылғанын жоққа шығаруға және құқымыз жоқ. Оған мемлекеттік тілге толықтай көшкен Қызылорда, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл сияқты облыстардағы жағдай толық куә [4] .
Осыған орай, тіл қылмыстық сот ісін жүргізуде ерекше орын алуда. Бұл жөнінде іс жүргізу заңнамаларында, нормативтік құжаттарда реттелгенін нақтырақ айтатын болсақ, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 30-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісін жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісінде мемлекеттік тілмен бірдей орыс тілі немесе басқа да тілдер қолданылады делінген.
Тілдің маңыздылығын қарастыратын болсақ, ол кейбір халықтың, ұлттың және этникалық топтың рухани мәдениеті мен дүниесін байытатын негізгі жолдардың бірі болып табылады. Тіл - адамның қарым-қатынас жасау мен ақпарат алудың тәсілі және құралы ретінде, ерекше құндылықтың бірі болып табылады. Тіл конституциялық нормаларда, адамзат пен мемлекеттік деңгейде ерекше маңызды. Көпұлтты Қазақстанда қоғамның нығаюы, соның ішінде әрбір ұлттың конституциялық құқығын сақтау, тілін ескеру және тілге байланысты процессуалдық ережелерді қатаң сақтауға ерекше көңіл аударылған.
Бұл қағида кейбір теорияның, ілімнің, ғылымның және дүниетанымның негізгі ережелерінде қарастырылады. Тілдің дамуы қылмыстық іс жүргізуге қатысты, олардың алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін және олардың барлық сатыларын, нысандары мен институттарының құрылымын анықтайтын негізгі ережелерімен айқындалады.
Қылмыстық сот ісі тілінің мәселелерін қарастыра келіп, М. Т. Әшірбекова қылмыстық сот ісін жүргізу тілі туралы мәселелердің шешілуін сот әділдігін жүзеге асырудағы маңызды мәселелердің шешіміне байланыстырып және оның халық үшін соттың қажеттілігін қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың мүдделері мен құқықтарының кепілі ретінде айқындап көрсеткен.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 2-тарауында, қылмыстық іс жүргізудің міндеттері, қылмыстық іс жүргізу қағидаларының мәні, заңдылық, сот әділдігін тек соттың ғана жүзеге асыруы, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау, жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу, адамның жеке басына тиіспеушілік, қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жеке өмірге қол сұқпаушылық, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, пошта, телеграф және өзге де хабардардың құпиясы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, кінәсіздік презумпциясы, сезіктінің, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету, дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау, қылмыстық сот ісін жүргізу тілінің қағидалары, кез келген субъективті қарауларынан объективті және тәуелсіз тұрғыда және заңды негізде болатын айтылған.
Қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыратын органның тиісті шешімі бойынша міндеттерінің бірі қылмыстық сот өндірісінің тілін анықтау, оның іске қатысушылардың сот ісі тілін жеткілікті білуін айқындау болып табылады.
Дегенмен, осы мәселеге қатысты, атап айтқанда, қылмыстық сот ісін жүргізу тілін білмеуге байланысты, қылмыстың болғаны жөнінде мәлімдеушінің белгілі бір тілді ғана білуі, уәкілетті органдарға келіп түскен мәлімет сот ісі жүргізілетін тілінде болмауы біраз қиыншылықтыр тудыратыны айтпасада түсінікті. Осыған байланысты қылмыстық сот өндірісінің тілін, тілді таңдауға негізделетін кейбір жағдайларды алдын ала анықтау қажет.
Осы мәселеге байланысты, Т. Н. Добровольскаяның пікірінше, іс бойынша өндірістік тіл туралы мәселені шешу үшін, істегі тіл мәселесі немесе сот ісіндегі жүргізілетін тіл анықтауға жергілікті орындағы тұрғын халықтардың ұлттық құрамы негіз болып және осыған байланысты қызмет көрсетілуі немесе ескерілуі қажет [5] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz