Қылмыстың субъектісінің ұғымы, белгілері және квалификациялаудағы маңызы



1 Қылмыс субъектісінің міндетті белгісі
2 Қылмыстарды субьектісі бойынша ажырату
Қылмыстық құқықтық ереже бойынша қылмыстық жауаптылыққа тек жеке адамдар тартылады. Қылмыс жасады деп айыпталып, ол үшін жауаптылық белгіленетін адамдар қылмыстық құқықта қылмыс субъектісі деп аталады. Қылмыс субъектісібұл заң бойынша қылмыс деп танылған қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасағандығы үшін кінәлі деп танылған және қылмыс жасау кезінде жауаптылық жасына толған, есі дұрыс адам болып табылады.
Қылмыстың субъектісінің негізгі белгілері есі дұрыстық және жауаптылық жасына толғандық. Бұл екі белгінің бірі қоғамға қауіпті, қылмысты деп танылған іс-әрекетті жасаған адамда болмаса, онда қылмыс субъектісі де жоқ деп танылады.
Есі дұрыстық-адамның өз іс-әрекетінің мағынасын түсінуін және әрекеттерін басқара алуын білдіреді. Егер адам психикалық аурулардың салдарынан жасаған әрекетінің мағынасын түсіне алмаса немесе оған жетекшілік ете алмаса, есі дұрыс емес деп танылады. Адамды есі дұрыс деп тануда, осы екі белгінің бірінің болуы жеткілікті, яғни жасаған әрекеттерінің мағынасын түсіне алғанмен, бірақ өз әрекеттерін басқара алмайтын немесе иелік ете алмайтын болса да, есі дұрыс емес адам деп саналады. Есі дұрыс еместікті тек құқық ғылымы ғана емес, медицина ғылымы да анықтайды. Құқық, оның ішінде қылмыстық құқық қауіпті іс-әрекет жасаған адамға жауаптылық қолдану үшін адамның есі дұрыс немесе дұрыс емес екендігін анықтауға мүдделі. Ол үшін қылмыс жасаған адамның есі дұрыс, дұрыс еместігін анықтап алу үшін психиатрия қызметінің көмегіне жүгінеді.
1. Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений, М.,1976, стр.103-104
2. Уголовное право. Общая часть, М., 1993, 122-123 бетге.
3. Уголовное право Республики Казахстан. Учебник.Особ.часть, часть 1,Алма-ты 1999. 33 стр
110
4. Әпенов С. М. «Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері» Оқулық.Алматы. 2006 жыл

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
.Қылмыстың субъектісінің ұғымы, белгілері және квалификациялаудағы маңызы
Қылмыстық құқықтық ереже бойынша қылмыстық жауаптылыққа тек жеке адамдар
тартылады. Қылмыс жасады деп айыпталып, ол үшін жауаптылық белгіленетін
адамдар қылмыстық құқықта қылмыс субъектісі деп аталады. Қылмыс
субъектісібұл заң бойынша қылмыс деп танылған қоғамға қауіпті іс-әрекетті
жасағандығы үшін кінәлі деп танылған және қылмыс жасау кезінде жауаптылық
жасына толған, есі дұрыс адам болып табылады.
Қылмыстың субъектісінің негізгі белгілері есі дұрыстық және жауаптылық
жасына толғандық. Бұл екі белгінің бірі қоғамға қауіпті, қылмысты деп
танылған іс-әрекетті жасаған адамда болмаса, онда қылмыс субъектісі де жоқ
деп танылады.
Есі дұрыстық-адамның өз іс-әрекетінің мағынасын түсінуін және әрекеттерін
басқара алуын білдіреді. Егер адам психикалық аурулардың салдарынан жасаған
әрекетінің мағынасын түсіне алмаса немесе оған жетекшілік ете алмаса, есі
дұрыс емес деп танылады. Адамды есі дұрыс деп тануда, осы екі белгінің
бірінің болуы жеткілікті, яғни жасаған әрекеттерінің мағынасын түсіне
алғанмен, бірақ өз әрекеттерін басқара алмайтын немесе иелік ете алмайтын
болса да, есі дұрыс емес адам деп саналады. Есі дұрыс еместікті тек құқық
ғылымы ғана емес, медицина ғылымы да анықтайды. Құқық, оның ішінде
қылмыстық құқық қауіпті іс-әрекет жасаған адамға жауаптылық қолдану үшін
адамның есі дұрыс немесе дұрыс емес екендігін анықтауға мүдделі. Ол үшін
қылмыс жасаған адамның есі дұрыс, дұрыс еместігін анықтап алу үшін
психиатрия қызметінің көмегіне жүгінеді.
Адамның өз іс-әрекеттерінің мағынасын түсінуі ретінде ми қызметімен
жасалған қимыл-әрекет қандай мағынаны білдіретіндігін, сондайақ қандай
нәтиже шығатындығын сезінуі алынады.
Адамның өз іс-әрекеттеріне жетекшілік, иелік етуін жасалған
қимылқозғалыстың немесе іс-әрекеттің ми қызметінің шешімімен сәйкес келуі
және орындалған іс-әрекеттің адамның ой-тілегін білдіре алуы түрінде түсіну
керек.
Қылмыстық заңның 17 бабы есі дұрыстығы шектелген жағдайда қылмысты іс-
әрекеттер жасаған адамдардың жауаптылыққа тартылу мүмкіндігін келтіреді.
Бүрынғы 1998 жылға дейінгі қылмыстық заңда есі дұрыстығы шектелген жағдайда
қылмысты әрекеттер жасаған адамдардың жауаптылық мәселесі белгіленбеді.
Бірақ мұндай адамдардың қоғамға қауіпті әрекеттері сот-тергеу практикасында
кездесуіне және кейбір шет елдердің қылмыстық заңдарында қарастырылуына
байланысты Қазақстан қылмыстық заңына да енгізілді. Қылмыстық заңда есі
дұрыстығы шектелген жағдайда қылмыс жасауарнайы түрде тек бір қылмыс
түрінде, 97 баптағы жаңа туған сэбиді анасының өлтіруі үшін келтірген. Бұл
бапта шектелген есі дұрыстық қылмыстың жасалу уақыты және жағдайы бойынша
міндетті белгі болып табылады. Уақыты бойынша бала өлтіру әрекеті бала
босану уақытында және одан кейінгі қысқа аралықтарда, ал жағдайы бойынша
эйелдің психикасын бүзатын немесе есі дұрыс болып есептелетін психикасы
бұзылу жағдайында болу керек. Шектелген есі дұрыстық қылмысты
квалификациялау ережесіне әсер етпейді, ол тек жауаптылықты жеңілдететін
белгі ретінде бағаланады. Адамның есі дұрыстығы шектелген жағдайда қылмыс
жасауы, тек 97 баптағы қылмыс түрі бойынша ғана емес, басқа да қылмыстарда
кездесе алады. Бір айта кететін жэйт, ол есі дұрыс еместіктің бір түрін
білдіретін кем ақылды адамдар өз іс-әрекетінің мағынасын түсінеді және оған
жетекшіліктк жасай біледі. Бірақ мұндай кем ақылды адамдардың қылмыс
субъектісі ретінде бағаланбау себебі, ол мұндай адамдардың өз іс-
әрекеттеріне жауаптылықсыз қарайтындығына, өзге адамдардың айтқанына
сенгіштігіне, сонымен қатар қылмыстық жауаптылыққа тартқан күнде де жазаның
не үшін қолданылғанын түсіне алмайтындығына немесе жазаның мақсатын қолдану
мүмкін еместігіне байланысты болып табылады.
Қылмыс субъектісінің келесі міндетті белгісі, қылмыс жасаған адамның
жауаптылық жасына толуы болып табылады, яғни ҚК 15 бабының 1 бөліміне
сәйкес қылмысты іс-әрекет жасаған кезде 16 жасқа толған болуы керек. Бұл
қылмыстың жалпы субъектісін білдіретін жас шамасы. 15 баптың 2 бөлімінде
келтірілген кейбір қылмыс түрлері бойынша қылмыстық жауаптылық 14 жастан
басталады және бұл бөлімде келтірілген қылмыстарды ауыр немесе аса ауыр
екен деп түсінбеу керек. Бұл қылмыстардың қатарына қауіптілігі ауыр емес,
орташа ауырлықтағы қылмыстарда жатады. Мысалы бұзақылық, тағылық, ұрлық,
тонау тәрізді т.б қылмыстар. Демек, жауаптылық 14 жастан белгіленген кейбір
қылмыстар деп отырғанымыз, ол жас өспірімдердің немесе кэмелетке
толмағандардың қолымен жиі жасалатын бұзақылық, ұрлық, қарақшылық, эйел
зорлау, көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз ету
тәрізді қылмыстарды білдіреді деп түсіну керек.
Қылмыстық құқықтың даму тарихында қылмыс субъектісі жасын белгілеу даулы
болған және шет елдердің қылмыстық заңдары бойынша қылмыстық жауаптылық
жасы әр түрлі белгіленген. Бірақ көпшілік елдерде, оның ішінде бүрын Кеңес
одағында болған елдерде қылмыстық жауаптылық жасы ретінде 16 жас
белгіленген. Бұл жерде неліктен 16 жас қылмыс субъектісін анықтйтын жас
түрінде белгіленген деген сүрақ туындауы мүмкін. Өйткені қылмыстық заңдағы
ұрлық, тонау, кісі өлтіру, эйел зорлау, тағылық сияқты қылмыстарды 14-16
жасқа толмағандар да жасай алады. Бірақ олар қылмыс субъектісі ретінде
бағаланбайды.
Қылмыс субъектісін анықтаушы ең төменгі жас ретінде 14-16 жастар
белгіленгенде адамның қылмысты әрекеттер жасауға мүмкіндігі бар жас шамасы
алынбаған, себебі заң бойынша қылмысты деп танылған әрекеттерді 10-13 жасар
балаларда жасай алады. Қылмыс субъектісі ретінде 14-16 жастар белгіленгенде
қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жауаптылықты көтере алатын және
жазаның мақсатын қолдануға болатын ең төменгі жас мөлшері алынған. Адам
жазаны физиологиялық түрғыдан ғана емес, психологиялық түрғыдан да көтере
алуы қажет. Мысалы ұрлық жасағаны үшін 10 жасар баланы қамауға алса, онда
ол ата-анасын іздеп жауаптылықты психологиялық түрғыдан көтере алмас еді.
Жауаптылықты физиологиялық түрғыдан көтере алу ретінде жазаны қолдану
кезінде адамның өз бетінше өмір сүре алу және еңбекке қабілеттігінің
сәйкестігі алынады. Мысалы екі қолы жоқ немесе екі көзі көрмейтін адам
жазаны физиологиялық түрғыдан көтере алмас еді.
Жауаптылықты психологиялық түрғыдан көтере алу дегеніміз, адамның жаза
мен жауаптылыққа не үшін тартылғанын түсіне білу, жазаның мақсатына сай
жұмыстарды қолданғанда қабылдай алу және жаза түрі жасалған қылмыстың
қауіптілік дәрежесіне, сипатына қарай белгіленгенде жан күйзелу жағдайына
берілмеу мүмкіндігі болып табылады.
Міне сондықтан қылмысты іс-әрекет жасағандығы үшін жаза қолданғанда оны
психологиялық және физиологиялық түрғылардан көтере алатын адамның ең
төменгі жас шамасы 14-16 жастар деп бағаланады.
Қылмыстық кодекстің 15 бабында қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толудың
міндеттілігі көрсетілген. Демек қылмыс жасау уақытында 16 жасқа толмаған
немесе 15 баптың 2 бөліміндегі қылмыс түрлері бойынша 14 жасқа толмаған
адамдар қылмыс субьектісі болып саналмайды. Адам қылмыстық жауаптылық
жасына бір күн немесе бір сағат жетпей түрып қылмысты әрекеттер жасаса да
қылмыс субьектісі болып саналмайды. Мұндай жағдайда бір сағат немесе бір
күнде түрған не бар, осы уақыттар аралығында адам психологиялық немесе
физиологиялық түрғылардан өзгеріп, есейіп кете қоймайды ғой деген сүрақ
туындауы мүмкін.
Заң бұл талапты практикада бір келкі қызметтің сақталуы, әр қилылықтың
орын алмауы, нәтижесінде қылмыс субьектісі болып саналуына елеулі уақыттары
бар адамдарды жауаптылыққа тарттырмауды іске асыру үшін қойып отыр. Яғни
заңда қылмыс субьектісі ретінде белгіленген жасқа толғаннан кейін ғана
жасалған әрекеттер үшін жауаптылық туындайтынын ескертпесе, онда бір
тергеуші 16 жасқа бір сағат жетпей түрып қылмысты әрекет жасаған адамды
субъекті ретінде бағаласа, екінші тергеуші бір апта немесе бір ай жетпей
түрып қылмысты әрекет жасаған адамды қылмыс субъектісі ретінде тануы
мүмкін. Нәтижесінде бір ай немесе екі айда түрған не бар, бұл уақыттарда
адам дамып, есейіп кетпейді деп жауаптылық қолданып, осылай қылмыс
субъектісі жасына толмай-ақ жауаптылыққа тартуда практика қызметкерлері бұл
уақытты соза беруі мүмкін.
Кейбір адамдардың туылған күнінің немесе айының, сондай-ақ жылының
белгісіз болуына байланысты оның белгілі бір жасқа толғандығын анықтауда
қиындық кездесетін кездер болған. Мұндай мәселені шешу үшін мынандай ереже
қолданылады. Егер адамның туылған жылы, айы белгілі болып, бірақ туылған
күні белгісіз болса, онда туылған айының соңғы күні оның туған күні ретінде
белгіленеді. Егер адамның туылған айы белгісіз болса, онда адамның туылған
айы жылдың соңғы айымен, яғни желтоқсан айы деп белгіленеді. Егер адамның
туылған жылы белгісіз болса, онда психолог мамандардың коммиссиясы ол
адаммен жұмыс істеп, оның жасының төменгі және жоғарғы мөлшерін көрсетеді.
Мысалы 16 мен 18 жастар арасында деп. Мұндай кезде адамның жасы және
туылған жылы төменгі мөлшермен анықталады.
Адамның жасын анықтауда үнемі төменгі ай, күн, жыл қолданылу себебі, ол
адамға белгілі бір міндеттемелер жүктеуде немесе қылмыс субъектісі ретінде
бағалауда қателікті болдырмау немесе қателіктің ықтималдығын барынша азайту
болып табылады деп түсіну керек.
Қылмыскердің жауаптылық жасына толуына қарай квалификацияға қатысты
мәселелер туындайтын кездер болады. Мысалы екі адам бірлесіп қылмыс жасаған
кезде олардың бірі қылмыстық жауаптылық жасына толмаса немесе есі дұрыс
емес адам болса, онда қылмысқа қатысушылық болмайды. Мысалы қылмыстың жалпы
субъектісінің белгісі жоқ адаммен қосылып қылмыс жасағанда топ адамдардың
емес, жеке адам жасаған қылмыс ретінде бағалауды ҚР Жоғарғы Сотының
қылмыстық істер туралы қаулысынан кездестіруге болады. Мысалы 14 жасқа
толмаған адаммен бірлесіп әйел жынысты адамды зорлау.
Қылмыс жасаған адамның жасқа толуына қарай квалификацияға қатысты мәселе,
бір неше адам бірлесіп қылмыс жасағанда олардың ішінде осы қылмыс бойынша
қылмыс субъектісі жасына толмаған адам болғанда туындайды. Мысалы бандитизм
қылмысы үшін жауаптылық 16 жастан белгіленген. Бірақ банда құрамында 14
жастан асқанмен 16 жасқа толмаған адам болса, онда оның әрекеттері
бандитизм қылмысы бойынша емес, осы қылмысқа ұқсас, бірақ ауырлығы
бандитизмнен аспайтын және 14 жастан жауаптылық қолданылатын үйымдасқан
топпен жасалған қарақшылық ретінде квалификацияланады.
Қылмыстық заңда кейбір қылмыстар бойынша жауаптылық басталатын жас
ретінде 18 жас белгіленген. Мұндай жастан бастап жауаптылық қарастыратын
қылмыстарды субъектісі бойынша арнайы субъектілер деп бағалау кездеседі.
Себебі 18 жасқа толғаннан бастап қойылатын міндеттеріне (мысалы әскери
қызметке тартылу) немесе берілетін құқықтарына (мысалы көлік жүргізу
қүқығын алу) байланысты жағдайда қылмыстар жасау, әдеттегі жалпы
субъектінің ережесінен өзгеше анықталады. Бірақ заңдағы қылмыс субъектісі
18 жастан белгіленген барлық қылмыстар осы жасқа толу арқылы қосымша
белгілерді пайдалану арқылы қылмыс жасауға сәйкес келе бермейді. Мысалы 131
баптағы кәмелетке толмаған адамды қылмысқа тарту әрекеті үшін 18 жастан
жауаптылық белгіленгенмен, осы жасқа қарай қылмыс субъектісінің белгілі бір
қызметтік, әлеуметтік т.б ерекшелігін пайдаланып жасауды заң талап етпейді.
131және 132 баптардағы қылмыс түрлері бойынша субъекті жасы 18-ден
белгілену себебі, ол бұл баптарда кэмелетке толмаған адамды деген ұғымның
қолданылуына байланысты, яғни кэмелетке толмағандардың дұрыс тәрбиесі мен
дұрыс жетілуіне қарсы әрекет үшін жауаптылықты кэмелетке толмаған 16 жастан
бастап емес, кэмелетке толған 18 жастан белгілеу қажеттілігі жатыр.
Жалпы негізде қылмыс субьектісі бойынша қылмыстық құрамдарды ажырату
қиындық тудырмайды. Қылмыстарды субьектісі бойынша ажырату немесе осы құрам
элементіне қарай квалификация жүргізу, қылмыс құрамдарының өзге элементтері
бірдей болып, тек субьекті түрінде айырмашылық болғанда қолданылады.
Қылмыстық заңда өз-ара объективтік және субъективтік жақтарының белгілері
бойынша ұқсас, бірақ қылмыс субъектісіне қарай бірбірінен ажыратылатын
қылмыстар жеткілікті. Мысалы 166 баптағы шпиондық және 165 баптағы
мемлекеттік қүпияларды өзге елге беруді білдіретін мемлекетке опасыздық;
187 баптағы бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бұлдіру және 387 баптағы
эскери мүлікті қүрту немесе бұлдіру; 223 баптағы түтынушыларды алдау және
177 баптағы алаяқтық; 325 баптағы жалған құжаттарды, мөртаңбаларды,
мөрлерді, мөр қағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау
немесе өткізу және 314 баптағы қызметте жалғандық жасау; 311 баптағы пара
алу және 231 баптың 3 бөліміндегі коммерциялық сатып алу сияқты
қылмыстардың бір-бірінен негізгі айырмашылығы қылмысты жасаушы адамда, яғни
субъекті түрінде болып табылады. Бір ескертетін жэйт, ол өз ара ұқсас
қылмыстар субъекті түріне қарай ажыратылғанда, олар көпшілік жағдайда
қылмыс объектісіне қарай да ажыратылады. Жоғарыда мысал ретінде келтіріп
отырған көптеген қылмыс түрлерінің тек субъектісіне қарай емес, объектісіне
қарай да айырмашылықтары бар. Көпшілік жағдайларда қылмыстың объективтік
жағын білдіретін іс-әрекеттер қоғамдық өмірдің әр саласында жасалғанда,
оларды сол тиісті салада қызмет жасайтын немесе сол ортада мүмкіндігі бар
адамдар жасайды. Сондықтан қызмет түрі немесе белгілі бір қоғамдық өмір
саласында мүмкіндігі бар адамдар қылмысты деп танылатын әрекеттер жасағанда
қылмыстың субъектісінде ғана емес, объектісінде де ерекшелік болады.
Анығырақ айтқанда өз-ара ұқсас қылмыстардағы субъектінің түрі қылмыстың
объектісінің де өзгеруіне себепші болады. Мысалы жай адам бөтеннің мүлкін
қасақана бұлдіргенде мүлік иесінің меншік қүқығына зиян келеді. Ал эскери
адам эскери мүлікті бұлдіргенде елдің қорғаныс қабілетін құрайтын
құндылықтарға зиян келтіреді. Сондықтан мұндай объективтік және
субъективтік жақтары бойынша бірін-бірі қайталап, тек қылмыстың субъектісі
мен объектісіне қарай ажыратылатын қылмыстардың басты айырмашылықтары
қылмыс обьектісінде емес, субьектісінде деп түсінген дұрыс. Яғни қоғамға
қауіпті іс-әрекет жасап отырған адамның ортасының, қызметінің ерекшелігі,
заңмен қорғалатын объектінің де түрін көрсетіп түрады.
Бір айта кететін жағдай, ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстың субъектісінің ұғымы, белгілері және квалификациялаудағы маңызы туралы
Қылмыстың обьективтік жағы және саралау мәселелрі
Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері. Оқулық
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері
Оқулық - Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері
Қылмысқа қатысушылықтың белгілері және оның қылмысты квалификациялаудағы маңызы
Қате және оның түрлері бойынша квалификациялау
Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
Себепті байланыс және оның қылмысты квалификациялаудағы маңызы
Пәндер