Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы


Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 1129 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесінің 26-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Министрліктер, ведомстволар және мүдделі ұйымдар:
1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 10 қаңтарға және 10 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жылына екі рет, жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары К. Қ. Мәсімовке жүктелсін.
5. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы»29 қарашадағы
N 1129 Қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу
жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Техникалық реттеу жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
5. 1 Техникалық реттеу саласындағы заңнаманы дамыту және жетілдіру
5. 2 Қолданыстағы стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіру
5. 3 Қазақстандық сертификаттарды шетелде тану үшін жағдайлар туғызу
5. 4 Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен
стандарттардың мемлекеттік қорын дамыту және жетілдіру
5. 5 Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық
шаралар жөніндегі ақпараттық орталықты дамыту және жетілдіру
5. 6 Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік
бақылауды дамыту және жетілдіру
5. 7 Менеджмент жүйелерін халықаралық стандарттар негізінде енгізу
5. 8 Стандарттау, аккредиттеу және сәйкестікті растау саласындағы
халықаралық ынтымақтастықты кеңейту
5. 9 Техникалық реттеу мәселелерін насихаттау, техникалық реттеу
саласында мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
8. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытудың
2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарлама атауы Қазақстан Республикасының техникалық
реттеу жүйесін дамытудың 2007 - 2009
жылдарға арналған бағдарламасы.
Бағдарламаны әзірлеу « "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан
үшін негіздеме Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы
N 603 Заңы 6-бабының 4) -тармақшасы,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006
жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасы
Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы
"Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті
елу елінің қатарына кіру стратегиясы" атты
Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008
жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық
жоспарын орындаудың желілік кестесінің
26-тармағы.
Бағдарламаны әзірлеуге Қазақстан Республикасы Индустрия және жауапты мемлекеттік сауда министрлігі.
орган
Бағдарламаның мақсаты Өнім мен үдерістердің адам өмірі мен
денсаулығы және қоршаған орта үшін
қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
тұтынушыларды өнім қауіпсіздігіне қатысты
адастыратын әрекеттердің алдын алу,
өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру,
сондай-ақ саудада техникалық кедергілерді
жою.
Бағдарламаның негізгі Техникалық реттеу саласындағы заңнаманы
міндеттері өнеркәсібі мен экономикасы дамыған
шетелдердің ұқсас жүйелерімен жақындастыру;
мемлекеттік стандарттарды халықаралық
талаптармен үйлестіру;
техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік
саясатты іске асыру;
техникалық нормалау мен стандарттау
мәселелері бойынша тиімді жұмыс атқару
үшін жағдай жасау;
Дүниежүзілік сауда ұйымының Хатшылығымен
(бұдан әрі - ДСҰ), ДСҰ-ға мүше елдермен,
техникалық реттеу мен санитарлық және
фитосанитарлық шаралар (бұдан әрі - СФС)
саласындағы өңірлік және халықаралық
ұйымдармен үнемі байланыста болу үшін
ақпараттық желіні дамыту;
техникалық регламенттер талаптарының
сақталуын мемлекеттік бақылауды дамыту
және жетілдіру;
отандық кәсіпорындардың халықаралық
стандарттарға көшуіне жағдай жасау;
халықаралық стандарттау, аккредиттеу,
сәйкестікті растау және сапа менеджменті
жөніндегі жұмыстарды кеңейту;
техникалық реттеу жүйесін насихаттау және
техникалық реттеу саласында кадрлардың
біліктілігін арттыру және оларды қайта
даярлау.
Бағдарламаның іске 2007 - 2009 жылдар.
асырылу мерзімі
Бағдарламаны Қаржыландыру көздері:
қаржыландыру көлемі 1 814 110 000 теңге сомасында республикалық
және қаржыландыру көзі бюджет қаражаты:
2007 жылы - 650 635 000 теңге;
2008 жылы - 576 150 000 теңге;
2009 жылы - 587 325 000 теңге.
Қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына
қалыптастыру арналған кезінде
республикалық бюджетті нақтыланатын болады.
Бағдарламаны іске Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
асырудан күтілетін біртекті өнім топтарына және үдерістерге
нәтижелер қойылатын арнайы талаптарды
регламенттейтін, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы мәртебесіндегі 80-нен
кем емес техникалық регламенттер әзірлеуге
және сараптама жүргізуге;
стандарттар негізінде отандық өнімнің
бәсекеге қабілеттілігін арттыруға;
адам өмірі мен денсаулығы үшін өнім мен
үдерістердің қауіпсіздігін арттыруға;
осы кезеңде қолданылып жүрген мемлекеттік
стандарттардың санын 1300-ден 2009 жылы
2000-ға дейін көбейтуге;
ұлттық стандарттарды халықаралық
стандарттармен үйлестіру процентін 53%-дан
65%-ға дейін ұлғайтуға;
техникалық реттеу саласындағы нормативтік
құқықтық актілер мен стандарттардың
мемлекеттік қорының нормативтік базасын
электронды режімдегі халықаралық, өңірлік
және ұлттық стандарттармен толықтыру
есебінен 47000-нан 5 бірлікке дейін
ұлғайтуға;
техникалық реттеу саласындағы нормативтік
құқықтық актілер мен стандарттардың
мемлекеттік қорын арнайы жабдықпен және
техникамен жарақтандыруға;
техникалық реттеу саласында стандарттау,
сәйкестікті бағалау (растау), сапа
менеджменті және аккредиттеу аясындағы
жұмыстардың халықаралық тәжірибесіне өтуге;
менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындар
санын 2009 жылы 450-ден 1500-ге дейін
арттыруға;
стандарттау, аккредиттеу, сәйкестікті
бағалау (растау) жөніндегі халықаралық,
өңірлік және ұлттық ұйымдармен
ынтымақтастықты кеңейтуге;
техникалық регламенттердің міндетті
талаптарының сақталуына мемлекеттік
бақылауды жетілдіруге;
өткізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері
бойынша кәсіпорындар, мемлекеттік органдар
үшін ұсынымдар шығаруға;
жұмысына Қазақстан қатысатын халықаралық
техникалық комитеттердің санын 2009 жылы
7-ден 14-ке дейін көбейтуге;
ДСҰ-ның СТК және СФС шараларын қолдану
жөніндегі келісімдері бойынша
хабарламаларды өңдеу үшін (келіп түсуіне
қарай) СТК/СФС жөніндегі ақпарат
орталығының 15 аумақтық бөлімшелерін
құруға;
техникалық реттеу саласында мамандардың
біліктілігін арттыруға қол жеткізіледі.
2. Кіріспе
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы»"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603 Заңы 6-бабының 4) -тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы»"Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындаудың желілік кестесінің 26-тармағына сәйкес әзірленді.
Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы N 148 қаулысымен бекітілген іс-шараларының орындалуы Қазақстан Республикасының стандарттарды әзірлеудің, қолданудың және сәйкестікті растаудың халықаралық тәжірибесіне көшуі үшін жағдай жасалуын қамтамасыз еткен Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасының жалғасы болып табылады.
Осы Бағдарлама стандарттау, аккредиттеу, сәйкестікті бағалау (растау), менеджмент жүйесінде жұмыстарды жетілдіруді қоса алғанда, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамытуға және көрсетілген бағыттарда жұмыстарды ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған.
Бағдарламаның іс-шаралары 2007-2009 жылдар кезеңін қамтиды, орташа мерзімді сипатқа ие.
3. Техникалық реттеу жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz