Қылмысты квалификациялаудың қылмыстық құқықтағы орны



1 Қылмысты квалификациялаудың қылмыстық құқықпен байланысы

2 Қылмысты квалификациялаудың қылмыстық құқықтан айырмашылығы
Қьлмысты квалификациялау мәселесі қылмыстық құқықтың негізгі арналуын, яғни оның іс жүзінде қолданылу практикасын білдіреді. Қылмыстық құқықтың бүкіл болмысы, оның Жалпы жне Ерекше бөлімдерінің құрылымы занды іс жүзінде қолдану мақсатына арналған. Бұл мақсатқа қьлмыстық құқықтың бір ғана мәселесі жатпайды. Ол қылмыс деп танылған іс-әрекеттерді қылмыстық занда көрсету арқьлы халықтың қылмыс жасауының алдын алу.
Қылмыстық құқықтың басты мақсаты ретінде қылмыс жасаған адамдардың іс-әрекеттерін бағалап, оған жауаптылық белгілеуді көздей отырып, осы мақсатқа жету үшін қажетті мәселелерді осы құқық саласының мазмұнында қарастырады. Мысалы, қылмыстық жауаптылықтың негізі, қылмыстың түсінігі, қылмыстың санаттары, аяқталған қылмыс деген тәрізді сұрақтарға жауап белгілеп, Ерекше бөлімде әрбір қылмыс түрін жеке қарастырып, жауаптылығын бейнелейді. Демек, қылмысты квалификациялау мен қьлмыстық құқық мазмұнының көлемі, олардың зерттейтін нысаналары бірдей емес. Қьлмыстық құқық қылмыспен жазаны құқықтық тұрғыдан талдайтын ғылым саласы. Қылмыстық құқық занды қолдану үшін білу қажет деп танылатын барлық негізгі ұғымдарды анықтап, олардың мазмұнын, құрылымын ашатын ілім түрі болып табылады. Ал қылмысты квалификациялау қылмыстық құқықтық ережелерді ескере отырып қылмысты іс-әрекетке баға беруді немесе заң нормасын өмірге енгізуді білдіретін қылмыстық құқықтың жеке мәселесі ретінде бағаланады. Демек қылмысты квалификациялау пәнінде қылмыстық қылмыстық анықтаған, зерттеген дайын ұғымдар қолданылады.
1 Әпенов С. М. «Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері» Оқулық.Алматы. 2006 жыл
2 В.Н. Кудрявцев Общая теория квалификаций преступлений. —М., 2001. С.27-28.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қылмысты квалификациялаудың қылмыстық құқықтағы орны

Жоспар

1 Қылмысты квалификациялаудың қылмыстық құқықпен байланысы

2 Қылмысты квалификациялаудың қылмыстық құқықтан айырмашылығы

1 Қылмысты квалификациялаудың қылмыстық құқықпен бай-ланысы
Қьлмысты квалификациялау мәселесі қылмыстық құқықтың негізгі арналуын,
яғни оның іс жүзінде қолданылу практикасын білдіреді. Қылмыстық құқықтың
бүкіл болмысы, оның Жалпы жне Ерекше бөлімдерінің құрылымы занды іс жүзінде
қолдану мақсатына арналған. Бұл мақсатқа қьлмыстық құқықтың бір ғана
мәселесі жатпайды. Ол қылмыс деп танылған іс-әрекеттерді қылмыстық занда
көрсету арқьлы халықтың қылмыс жасауының алдын алу.
Қылмыстық құқықтың басты мақсаты ретінде қылмыс жасаған адамдардың іс-
әрекеттерін бағалап, оған жауаптылық белгілеуді көздей отырып, осы мақсатқа
жету үшін қажетті мәселелерді осы құқық саласының мазмұнында қарастырады.
Мысалы, қылмыстық жауаптылықтың негізі, қылмыстың түсінігі, қылмыстың
санаттары, аяқталған қылмыс деген тәрізді сұрақтарға жауап белгілеп, Ерекше
бөлімде әрбір қылмыс түрін жеке қарастырып, жауаптылығын бейнелейді. Демек,
қылмысты квалификациялау мен қьлмыстық құқық мазмұнының көлемі, олардың
зерттейтін нысаналары бірдей емес. Қьлмыстық құқық қылмыспен жазаны
құқықтық тұрғыдан талдайтын ғылым саласы. Қылмыстық құқық занды қолдану
үшін білу қажет деп танылатын барлық негізгі ұғымдарды анықтап, олардың
мазмұнын, құрылымын ашатын ілім түрі болып табылады. Ал қылмысты
квалификациялау қылмыстық құқықтық ережелерді ескере отырып қылмысты іс-
әрекетке баға беруді немесе заң нормасын өмірге енгізуді білдіретін
қылмыстық құқықтың жеке мәселесі ретінде бағаланады. Демек қылмысты
квалификациялау пәнінде қылмыстық қылмыстық анықтаған, зерттеген дайын
ұғымдар қолданылады.
Қылмыстық құқық қылмыс деп танылатын әрекеттерге құқықтық талдау
жүргізумен айналысқанмен, оның кейбір практикалық мәселелерін көрсетумен
айналыспайды, яғни заң бабтарын сот-тергеу қызметінде квалификация жасау
ережелеріне сүйене отырып қолдануды толық ашып бермейді. Қылмысты
квалификациялаудың қылмыстық құқықтан келесі айырмашылығы, ол зерттеу
обьектілерінің көлемінде. Қьлмыстық құқық зерттеу обьектісі ретінде
негізінен екі мәселені, қылмыс жэне жаза мәселесін қарастырады. Ал қылмысты
квалификациялау курсы жаза мәселесін қарастырмайды. Мұның себебі бұдан
бұрынғы бөлімде айтқанымыздай, егер қылмысты әрекетке қылмыстың заң
тұрғысынан дұрыс бағалау берсек, онда тиісті жазаны қолданудың алғы шарты
да дайын болады.
Қылмысты квалификациялау курсы жеке ғылым саласын білдірмейді, ол
қылмыстық құқық ғымының құрамында қарастырылады.
Қылмыстық құқық ғылымы қылмыс және жаза категорияларын қарастыра отырып,
жекелеген қылмыстардың өзіне ұқсас қылмыстардан айырмашылығын, ол
қылмыстардың кейбір жағдайларда бағалану тәртібін, кінәні ауырлататын
құрамдары тәрізді мәселелерді қамтиды. Бірақ бұл келтірілген мәселелердің
ішінен ұқсас қылмыстарды ажырату, әр түрлі ситуациялар бойынша қьшмысты іс-
әрекетке квалификация жасау, кінәні ауырлататын жағдайлар болғанда заң
бабтарын қолдану қылмысты квалификациялау курсында да қарастырылады. Себебі
бұл мәселелер қылмыстық құқықтық мәселелерді талдау кезінде ашылады, ал
қылмыстық құрамдарды әр-түрлі жағдайларды қолданып талдау, бұл қылмыстық
құқықтық құрамына жататьн квалификациялау мәселесін білдіреді. Қылмысты
квалификациялау курсының негізгі мағынасы және міндеті қылмысты іс-
әрекеттерге құқықтық баға беріп, заң бабтарын қолданғанда ескеру және білу
керек болып табылатын негізгі қағидалармен, ережелермен, талаптармен
таныстыруға бағытталған.
Қылмыстық құқықтың жалпы мәселелерін шешудің маңызы зор, себебі соның
нәтижесінде ғана қьлмысты квалификациялауға бағытталған ережелер дұрыс
беріледі. Қылмысты квалификациялаудың кез-келген қылмысқа байланысты
қылмыстық заңның тиісті бабын тандау кезінде қолданылуы қажетті жалпы
ережелері мен қағидалары бар.
Қылмысты квалификациялаудың қағидалары ретінде қылмысты әрекетке қатысты
заң бабтарын қолданғанда ескеруге жататын және орын алғанда сақтауға тиісті
ережелер алынады. Бұл қағидалар бұзылғанда қылмысты квалификациялау қате
деп танылады. Олардың қатарына мыналар жатады:
- бір қылмыс болып табылатын іс-әрекетті бірнеше қылмыс ретінде
бағаламау.
- қылмысты квалификациялудың толық, әрі дұрыс болуы.
- Қ.К. Жалпы бөлімінде қарастырылған іс-әрекеттер қылмыста орын алғанда
сілтеме жасалынуы.
- кінәлінің қасақаналығына немесе қылмыстық ниетіне қарай квалификация
жүргізу.
- маңызы ауыр емес қылмысты әрекеттерді, қауіптілігі жоғары әрекеттер
сіңіретін жағдайларды қолдану.
Кінәлінің қылмысты әрекеті тек Қ.К. Ерекше бөлімімен қарастырылатын бір
қылмысты ғана білдіргенде, ол сол жасаған қылмыс бойынша ғана айыпталып,
заңның тиісті бабына сілтеме жасай отырып квали-фикациялануы керек. Бұл
қағида бұзылғанда кінәлінің жасаған қылмысы бойынша қауіптілік дәрежесі
нақты деңгейден жоғары болып көрсетіледі. Тергеу жұмысында мұндай қағиданы
бұзу, әсіресе нормалар бәсекелестігі орын алған кезде байқалады. Бір бабпен
қарастырылатын қылмыстық құрамды қолданумен шектелмей, осы қылмыстың
белгілерін білдіретін басқа да жекелеген қылмыс түрлерін қосып, қылмыстар
жиынтығы түрінде квалификациялау дұрыс емес. Мысалы, С. Және М. 2001 жылы
11 наурызда мас күйінде, алдын ала келісіммен танысы А-ның ақшасын алу
мақсатымен қарақшылық шабуыл жасау кезінде ас үй пышағын қару ретінде
пайдаланып, оны қасақана өлтіреді жэне 89 795 теңге тұратын мүлкін алып
кетеді.
Облыстық сот С жэне М әрекеттерін Қ.Р.Қ.К. 179 бап 2 бөлімінің а, г
пунктерімен және 96 бап 2 бөлімінің ж, з пунктерімен айыптап соттаған.
Бұл мысалда С. Және М. эрекеттерінде қасақана кісі өлтіруге ұштасқан
қарақшылық қылмысы орын алған жэне кінәлілердің әрекеттері тек 96 бабтың 2
бөлімінің ж, з пунктерімен квалификациялануы тиіс. Себебі қарақшылық
қылмысында ауырлататын құрамдар ретінде келтірілген адамдар тобының алдын
ала сөз байласуы және қару пайдалану кісі өлтіру қылмысында да
келтірілген. Қарақшылық кезінде қасақана адамның өміріне бағытталған
әрекеттер жасау, қарақшылық қылмысының көлеміне сыймайды. Мұндай жағдай
орын алғанда бірден кісі өлтіру қылмысы, яғни 96 бап қолданылады. Өйткені
мұндай қылмысты әрекеттерде негізгі және қосымша обьектілер орын алып,
кінэлілердің эрекеттері негізінен адамның өміріне бағытталады, яғни адамды
өлтіру арқылы меншігін иеленуді көздейді. Тек абайсыздықта адамның өміріне
зардап келтірген меншікке қарсы әрекеттер ғана қарақшылық қылмысы ретінде
бағаланады. Ал 179 бабтың 2 бөлімінің г пунктіндегі қару қолдану белгісі
кісі өлтіру әрекеттерінің немесе қылмыстарының қарапайым, меншікті белгісі
болып саналады. Осы мысалға ұқсас жағдайды көбінесе бандитизм қылмысы
бойынша да байқауға болады. Тергеу қызметі бандитизм қылмысы жасалса, оған
ұйымдасқан топпен жасалған қарақшылықты (179 бап 3 б. а п.), қаруды, оқ-
дәрілерді заңсыз алып жүру, сақтау (25 Ібап), ұйымдасқан топты немесе
қауымдастықты құру және оған қатысу (235бап) т.б. қылмыстарды қосып,
қылмыстар жиынтығы түрінде бағалайды. Кінәлінің әрекеттерін бірнеше
қылмыстар бойынша тек мынандай жағдайда, егер қолданып отырған бап оның
қылмысты әрекеттерін түгел қамти алмаса, яғни осы бабпен қарастырылмаған
басқа қылмыстың белгілері болғанда квали-фикациялауға болады.
Қылмысты квалификациялудың толық, әрі дұрыс болуын қамтамасыз ету үшін,
қылмыстың оқиғасын толық ашып, кінәлшің әрекеттерін түгел анықтау қажет.
Қылмысты әрекетті бағалау кезінде айыптап отырған бабтармен қамтылмайтын
өзге де қылмыстың құрамдары бар болса, оларды қолдану керек. Қылмысты
квалификациялаудың толық болуы қылмыс жиынтығын қолдануды ғана емес, ол
сонымен бірге қылмыстық істің мазмұнын толық ашуды білідреді. Ал іс-
әрекетке баға беру дұрыс болуы үшін, жасалған қылмыстың белгілерін толық
қамтитын Қылмыстық кодекстің нормаларьш табу керек. Қылмысты
квалификациялаудың дұрыс іске асырылуы үшін кінәлінің қылмысты ойының
бағытын, зиян келтірген заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастың түрін, іс-
әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатын т.б. белгілерін ескеру
маңызды болып табылады.
Қылмысты іс-әрекетте Қ.К. Жалпы бөлімінде қарастырылған жағдайлар
кездессе, онда Жалпы бөлімнің бабтарына және тиісті бөлімдеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқулық - Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері. Оқулық
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері
Қылмыстың обьективтік жағы және саралау мәселелрі
Қылмыс объектілерінің түрлері бойынша квалификациялау
Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлері
Қылмыстық жауаптылықтың басқа құқықтық жауаптылықтардан айырмашылығы
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының түрлері
Пәндер