Қазақстандағы ХХғ. 20-30-жылдардағы экономикасы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

Қазақстанда (XX ғасырдың 20-30 ж) . Ол алтынға ұсақгалатын банкноттардың шетелдік валютаға (девиздер) айырбасталуын қарастырды, 1929-33 жж, дағдарыстан кейін банкноттардьщ алтынға еркін айырбасы тоқгатылды, яғни монометаллизм дәуірі аяқгалды.

30 ж. бастап бірынғай кредит ақша жүйесі бекітілді. Оның белгілері: айналыстан алтынның кетуі (алтынның демонетизациялануы), банкнотты алтынға айырбастаудан бас тарту және олардың алтындық мәнінің жойылуы, кредит ақшалардың жағдайын күшейту, қолма-қол ақшасыз айналысты кеңейту; ақша массасын көбейту мақсатымен мемлекеттің ақша эмиссиясын жасауы,

Ақшаның өзі мен ақша айналысының эволюциясы - бұл тауар өндірісінің дамуындағы объективті тарихи процесс.

Ақша роліндегі алтынды несие. . ақшамен алмастыру мынадай себептерге байланысты мүмкін болады: тауарды айырбастауда қажеттіліктен пайда болуындағы тауардың қандай құны бекітілгенін анықгау емес, айырбасқа үсынылған тауардың қанша көп немесе аз күн бекітілгенін айқындауда. Құндарды өлшеу үшін зат формасындағы нақгы товардың кұнын пайдалану міндетті емес. Маңызды басқасы -айналыстағы ақшалардың айырбасталатын тауарлардың эквивалентті кұны болуы керек, ал олардың өз кұны болуы міндеггі емес.

1920 жылдың аяғында Коммунистік партия жаңа экономикалық саясатты, жұмысшылар мен шаруалар одағының жаңа формала-рын жасауға кірісті. В. И. Ленин шаруалар өкілдерімен әңгіме-лесіп, шаруалар делегацияларын қабылдады, еңбекші шаруалардыщң көңіл-күйі мен тілектерін білді. Баспасөзде салғыртты салықпен алмастыру туралы мәселе талқыланды. 1921 жылы февральдың бас кезінде-ақ Ленин езінің «Шаруалар жөніндегі тезистердің алдын-ала жасалған, түпкі нұсқасында» азық-түлік салғыртынан азық-түлік салығына көшу туралы мәселені қойды. Партияның X съезінін (1921 ж. 8-16 март) негізгі назар аударғаны жаңа экономикалық саясатқа көшу проблемасы болды. Орталық Комитеттің саяси есебінде және заттай салық туралы баяндамада В. И. Ленин мұндай көшудің қажеттілігін егжей-тегжейлі дәлелдеді.

Социализмнің экономикалық іргетасын қалау үшін ірі өнеркәсіпті жаңа техникалық базада қалпына келтіру және қайта құру қажет болды, ал бұл үшін ең алдымен жұмысшыларды азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығын қалпына келтіру керек еді. Ауыл шаруашылығын қалпына келтірмейінше, жұмысшылар мен шаруалар одағын нығайтпайынша өнеркәсіпті дамыту жөнінде ойлауға да болмай-тын болды. Миллиондаған бытыраңқы шаруа шаруашылықтарын социализм жолына көшіру үшін біртіндеп, ақырындап негіз қалай отырып, шаруаларды ауыл шаруашылығы өндірісін көтеруге ынталандыру қажет болды, товар айналымынан капиталистік элементтерді ығыстыра отырып, сауда арқылы қаланың деревнямен, өнеркәсіптің ауыл шаруашылығымен ұштасуын үйымдасты-ру қажет еді.

Сауда бостандығына жол бере отырып, партия капиталистік жеке меншік элементтерге жаңа шешуші шабуылды әзірлеу мен оны жасауды, социализмнің капитализмді жеңуін, социалистік экономиканың іргетасын қалауды көздеген уақытша шегініс жа-сады. Халық шаруашылығының басты-басты тұтқаларының - жердің, ірі өнеркәсіптің, транспорттың, сыртқы сауданың, кредит-тің жүмысшылар мен еңбекші шаруалардың одағына негізделген Совет мемлекетінің қолына шоғырландырылуы, Коммунистік партияның басшылығы социализмнің капитализмді жеңуін қам-тамасыз етті.

Съезд жана экономикалық саясатқа көиіуді мақүлдап, азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім қабылдады. Ол кәсіподақтар туралы айтыстың қорытындыларын шығарып, лениндік платформаны қуаттады, барлық фракциялар мен топтардың антипартиялық бой көрсетулерін айыптады.

Съезде И. В. Сталиннің «Партияның ұлт мәселесіндегі кезекті міндеттері туралы» баяндамасы тыңдалды. Баяндама мен съездің қаулысы ұлт мәселесін түсінуге ленинизм енгізген жаңалықтың бәрін айқын сипаттады, Россияның қоғамдық-экономикалық дамудың әр түрлі сатысында болған үлт аймақтары халықтары-ның саяси және экономикалық жағдайын көрсетті. Ол кездегі үлт мәселесінің мәні шет аймақтар халықтарының іс жүзіндегі тең-сіздігін, олардың артта қалушылығын жоюда болатын. Шет аймақтардың халықтарына социалистік қүрылыс ісіне белсене қосылуға, экономикалық, мемлекеттік және мәдениет жағынан орталық Россияны қуып жетуге көмектесу қажет болды. Бүл орайда орыс жүмысшы табының көмегі шешуші роль атқаруы тиіс еді.

Съезд партияның ұлт мәселесіндегі басты-басты міндеттерін: халықтар өмірінің ұлттық-тұрмыстық жағдайларына сай келетів формаларда және ана тілінде жүмыс істейтін совет мемлекеттілігін, әкімшілікті, сотты дамыту мен нығайту, ұлттық советтік республикаларда өнеркәсіп ошақтарын жасау, шет аймақтардық еңбекшілер бұқарасын «өздерінің» қанаушыларына қарсы күресте топтастыру, кулактарға қарсы жергілікті орыс кедейлерімен біріктіру, село кедейлерін жермен қамтамасыз ету, кәсіптік және кооперативтік қоғамдарды үйымдастыру, кәсіптік-техникалық және жалпы білім беретін курстар мен мектептер арқылы үлттық. кадрларды жаппай даярлау міндеттерін белгіледі.

Ұлттық езгінің барлық сарқыншақтары мен қалдықтарына қарсы табанды күрес жүргізу, шет аймақтар халықтарының тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және мәдени-тұрмыстық ерекшеліктерін мұқият есепке алу және елдің орталығында жүргізіліп жатқан әрі шаруашылық түрғысынан дамудың неғүрлым жоғары сатысы үшін ғана жарамды экономикалық шараларды қалай болса солай көшіре салмау керек болды.

Ілгеріде атап көрестілгендей, Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу елдің орталығымен салыстырғанда өте-мөте қиын және өзіндік ерекше жағдайларда жүрді. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшуді және халық шаруашылығыи қалпына келтірудің басталуын пролетариаттың аздығы мен бытыраңқылығы, партия ұйымдарының әлсіздігі, партия және совет қызметкерлерінің ұлттық кадрларының жетіспеуі, халықтың түгелдей дерлік сауатсыздығы көп қиындатты. Сондай-ақ қатынас жолдары мен байланыс құралдарының тым нашар күйі, Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясының тек солтүстік және батыс аймақтары бойымен ғана өтетін темір жол жүйесінің дамымауы да кері әсерін тигізді.

Өнеркәсіпті қалпына келтірудің басталуы. Күйзеліс жайлаған және шикізат, отын, жұмысшы күші жетіспеген, айналымдағы қаржы болмаған аса қиын жағдайларда Қазақстан өнеркәсібік қалпына келтіру басталды.

Совет елі ешкімнен де көмек алмады және ала да алмады. Барлығынан да, тіпті мектептен де үнем жасап, өзін ең қажет болғанның бәрінен шектей отырып, Қазақ республикасының жұ-мысшылары орыс жұмысшы табының көмегімен қиындығы аза-мат соғысынан кем түспейтін бейбіт құрылыс майданында қажыр-лылықпен еңбек етті.

1920 жылдың аяғында-ақ Совет мемлекеті республика өнер-кәсібін қалпына келтіруді қолға алған еді. 1920 жылы 5 августа РСФСР Халық Комиссарлар Советі Петропавл - Көкшетау те-мір жолын салу туралы шешім қабылдады. Жол байлығы мол ауыл шаруашылығы ауданын игеруге көмектесуі тиіс болдьи Ұлттар істері жөніндегі халық комиссариаты өлкенің экономика-сын дамытудың перспективаларын зерттеді, пайдалы қазбалар-ды іздестіруге қаржы бөлді. «Жизнь национальностей» газеті (Ұлттар істері жөніндегі халық комиссариатының органы) «Руда мен отынның орасан зор қорлары бар елкенің табиғи байлықтары өнеркәсіптік тұрғыда Кырғызстанның алдында тамаша болашақ бар деп айтуға право береді» - деп жазды.

Қазақстанның өнеркәсібін қалпына келтіруге В. И. Ленин ерекше қамқорлық жасады. Ол Ембі мұнай кәсіпшіліктерін, Рид-дерді қалпына келтіру мәселесімен, Александров- Ембі Петропавл - Көкшетау темір жолдары қүрылысы мәселелерімен көп шұғылданды из .

Ленин пайдалы қазбалар қорына және түсті металлургияны дамыту, оны электр қуатымен қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне барынша ынта қойды. 1921 жылы 10 сентябрьде Қазақстан мен Батыс Сібірдің совет және шаруашылық органдарына жолдағак телеграммада Ленин «Риддер рудниктеріндегі жұмысты тоқтат-пауды» талап етті. Ол Риддер жүмысшыларының делегациясын . қабылдап, олармен ұзақ әңгімелесті, рудниктердегі жағдайды және оларды қалпына келтірудің перспективаларын егжей-тег-жейлі анықтап, Риддерге А. Михайловтың басшылығымен комис-сия жіберді 114 . Комиссия Риддердің бүрынғы қожасы - ағыл-шын капиталисі Уркварттың агенттерінің антисоветтік әрекетте-ріне тыйым салып, рудниктерді қалпына келтіру үшін шаралар қолданлы. Оның алдында Лондонда Риддер байлығын пайдалану туралы концессиялық шартқа алдын ала қол қойылған болатын. Рудниктерді қалпына келтіруге өздері міндеттеме алған Риддер жұмысшыларының инициативасын қолдаған В. И. Лениннің үсы-нысы бойынша Халық Қомиссарлары Советі шартты қабылдамай тастады. Мұның өзі Владимир Ильичтің атап көрсеткеніндей, «тек жалпыпартиялық көңіл-ауанын ғана емес, сонымен қатар нақ^ жалпыхалықтық көңіл-ауанын, яғни бүкіл жұмысшы және бүкіл шаруа бұқарасының көңіл-ауанын» тікелей көрсетті. Риддер жұмысшылары рудниктерді судан тазалап және оларды жөндеумен айналысты. 1921 жылы июнь айының өзінде-ақ олар едәуір руда өндірді И6 .

Республиканың мемлекеттік өнеркәсібі біртіндеп шаруашы-лық есепке кешірілді, өзінің материалдық және ақша ресурста-рымен маневр жасау правосын алды. Әнім шығарудың артуын қамтамасыз ету үшін оның өзіндік қүнын қатаң есепке алу енгізілді. Жалпы мемлекеттік маңызы бар ауыр өнеркәсіптің жекелеген кәсіпорындары ғана тіпті олар кіріс бермеген жағдайда да қалпына келтіріліп, іске қосылды. Күш пен қаржыны неғүрлым маңызды кәсіпорындарға, кейде тіпті басқа кәсіпорындарды тоқ-тату және консервацияға қою есебінен шоғырландыруға шаралар қолданылды. Ірі өнеркәсіптің жұмысшыларын жабдықтау үшін азық-түлік пен өнеркәсіп товарларының арнаулы қоры бөлінді.

Азамат соғысы жылдарында национализацияланған көптеген ұсақ кәсіпорындар, негізінен жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіп-орындары денационализацияланып, олардың бүрынғы иелеріне немесе кооперативтік үйымдарға берілді, өйткені ол түста мемле-кеттің бүларды қалыпты жұмыспен қамтамасыз ету үшін шикіза-ты мен қаржысы болмады. Кәсіпорындардың аздаған бөлігі мем-лекет үшін тиімді шарттармен арендаға өткізілді, мүндай жағ-дайлардың көбінде аренда ақысы заттай - өндіріс енімдерімен өтелді. Шартта әдетте арендаға берілген кәсіпорын өндірісінің міндетті минумумы көрсетілді. Шаруашылық қиыншылықтарын пайдалануға, мемлекет есебінен баюға ұмтылған жалдаптарға қарсы батыл күрес жүргізілді. Жеке кәсіпкерлік совет заңымен шектелді. Майдагерлік кәсіпшіліктер қалпына келтірілді. Кир-кустпром мен оның губерниялық одақтары ұйымдастырылды, олар майдагерлерді біріктіру жөніндегі жұмысты бастады, майда-герлік өндірісті дамытуға, оны кооперациялауға, шикізатпен қамтамасыз етуге, оның өнімдеріне шарт жасауға қамқорлық жасады. Осының бәрі жаңа экономикалық саясаттың негізгі принциптеріне сай келді.

Материалдық ресурстар мен ақша қаражаттарын бәлу, өнер-кәсіптің жүмысын ұйымдастыру жөнінде Қырғыз өнеркәсіп бю-юосы Семей, Ақмола, Орынбор губернияларының экономикалық кеңестері мен халық шаруашылығы Советтері, басқа губернияларда Советтердің өнеркәсіп бөлімдері мен уәкілдері көп жұмыс жүргізді.

Шаруашылық есепті енпзу көптеген салалардың, ең алдымен үсақ және тамақ өнеркәсібі салаларының, оның ішінде Қазақ-станның солтүстігінде май айыру саласының жағдайына ықпал жасады. Түркістан АССР-інің қазақ аудандарында өнеркәсіпті қалпына келтіру Қазақ АССР-іне қарағанда біршама жедел жүрді, өйткені оңтүстікте 1921 жылы егіннің шықпауы мен жүт болған жоқ. Былғары, иленген қой терісі, пима, жүн және басқа то-варлар өндіру ісі өркендеді. Түз өндіру анағұрлым артты.

Ауыр өнеркәсіпте қалпына келтіріле бастады. Халық Шаруа-•шылығы Жоғары Советінің мәліметтері бойынша 1921-1922 ша-руашылық жылында ҚАССР-інде кәмір ендіру 106 мың пұтқа, ал мүнай өндіру 50 мың пұтқа жақын артты. Мүнай кәсіпшілікте-рі мүнай айдайтын екі заводты (Ярославль мен Сормовода) біріктірген «Эмбанефть» тресі құрылды. Осылайша өндірісті ко-операциялау жүзеге асырыла бастады. 1922 жылдың аяғында - 1923 жылдың басында ҚАССР-інің өнеркәсібі соғысқа дейінгі өндірілген мұнайдың шамамен жартысын берді. Риддерде руда ^ндіру одан әрі жүргізіліп, оны байытудың неғүрлым тиімді әдіс-тері іздестірілді. Екібастұзда қорғасын заводын салу аяқталды. Едбек өнімділігі де артты: мәселен, Екібастұзда 1920 жылмен салыстырғанда ол бір жарым есе дерлік өсті.

Петропавл - Көкшетау темір жолын салуды жеделдетуді талап етіп, оны екпінді құрылыс деп атаған Ленин тапсырмасын юрындай отырып, құрылысшы-жүмысшылар іргелес аудандар халқының барынша белсене қатысуымен 1921 -1922 жылдың қа-тал да ашаршылық қысында жол көтермесін үйіп, төседі. 1922 жылы июньде қүрылысшылар 'Владимир Ильичке жолды мерзі-мінен бұрын пайдалануға бергендіктері туралы рапорт берді. Ерлік еңбегі үшін жол құрылысшыларының коллективі елдің озық кәсіпорындарының - Петроградтын «Треугольник» және Нева мануфактурасы, Юзовка шахталарының (Донбасс), Баку-дың мұнай кәсіпшіліктерінің жұмысшыларымен қатар Қазак-станда бірінші болып Еңбек Кызыл Ту орденімен наградталды

Әулиеата (Жамбыл) - Пішпек (Фрунзе) учаскесінде Жетісу темір жолының құрылысы одан әрі жүргізілді. Қазақстанға ел-дің орталық аудандарынан екі тоқыма фабрикасы көшірілді: Ко-ломнадан Қостанайға «Красный флаг» шұға фабрикасы, Нижний Новгородтан Оралға «Стойкость» шұға фабрикасы көшірілді. Екі фабриканың жалпы қуаты жылына 41 мьщ кез шұға тоқитын болды.

Өнеркәсіпті қалпына келтіруге астықтың шықпай қалуы мен жұт жағдайында жұмысшылардың бір бөлігінің өз табынан қол үзе бастауы, өнеркәсіпке жаңа кадрларды тартуға материалдық қаржының болмауы елеулі кедергі келтірді. ҚАССР-інде осы тұс-та 50 мыңға жуық жұмыссыздар тіркелді, ал олар шын мәнінде бұдан анағұрлым көп болған еді. Маман жұмысшылардың едәуір бөлігі елдің басқа аудандарына кетіп қалды. Еңбек халық комиссариатының органдары адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге, жұмыс істеп тұрған және тоқтатылып қойған кәсіпорын-дарда жұмысшы кадрларын сақтауға ұмтылды; еңбекке ақы тө-леуде теңгермешілікке қарсы күрес жүргізілді, заттай ақыдав ақшалай ақы тәлеуге көшу жүзеге асырылды, сегіз сағаттық жұмыс күні мен жылдық демалыстар енгізілді, жұмысшылар бұ-лардан азамат соғысы жылдарында бас тартқан еді.

Қазақ жұмысшы кадрларын сақтауға ерекше назар аударыл-ды. РҚП(б) Қырғыз облыстық комитеті 1921 жылы июль айында әрбір губернияда «қырғыз пролетарлары кадрларын қүру мақсатында» бір өнеркәсіп кәсіпорнын бөлу туралы шешім қабылдады кендері кейін Қарағанды кен орындары, ЕмбІ мұнай кәсіпшіліктері, Павлодар тұз кәсіпшіліктері, Семей губер-ниясының былғары заводтары мен алтын кендері, Спасск заводы Оралдағы балық кәсіпшіліктері және т. т. осындай алғашқы кәсіпорындар болды.

Өнеркәсіпті қалпына келтіруде, жұмысшылардық тұрмысын жақсартуда, оларды мемлекет басқару ісіне тартуда кәсіподақтар үлкен роль атқарды. Олар Советтер сайлауына, мәдениағарту жұмысына, кәсіптік-техникалық білім беру ісін ұйымдастыруға белсене қатынасты, еңбекшілерді шаруашылық күйзелісіне қарсы күреске жұмылдырды, бұқаралық сенбіліктер өткізді. Петропавл уездік кәсіподақтар конференциясы (1921 ж. апрель) жұмысшыларға арналған үндеуінде былай деп жазды: «Еңбекшілер ездерінің қажырлы еңбегімен ғана, еңбек өнімділігін арттырумен ғана ездерінің жағдайы жақсаратын кезді жақындата алады. Жұмысшы тіккен әрбір артық пар етік, әрбір артық қамыт, артық пар пима, биялай, артық дөңгелек, таға, шелек күйзе-лісті жеңетін уақытты жақындата түседі» . Кәсіптік одақтардың үндеуіне жұмысшылар бұқарасы үн қосты. Жүздеген және мыңдаған адамдар ездерінің еркімен, ешқандай ақысыз, шын ниетімен еңбек күні аяқталғаннан кейін тағы да жүмысқа шықты. Семейде 1921 жылы сентябрьде кәсіптік одақтар үш рет сенбілік өткізді, бұларға 800-ден астам адам қатынасты . Қазақстанның басқа қалаларында да осындай болды. Ленин атап көрсеткен ұлы бастама еңбекшілерді барған сайын көбірек қамтып, өрістей түсті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық реформалар және олардың нәтежиелері
Қазақстанның әлеуметтік жүйесі
1991 – 2001 жылдардағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы ақпарат
Оңтүстік Қазақстандағы сауда-өнеркәсіп орталықтарының қалыптасу және даму тарихы
Қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуы және отарлау саясатына қарсы күресі
XX ғ. Басындағы Қазақстандағы өнеркәсіп саласының дамуы, Ерекшелігі және сипаты
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақстандық парламентаризмнің саяси- құқықтық институт ретінде қалыптасуы
XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басында Қазақстандағы әкімшілік құрылыс пен құқық
«Қазақстан тарихы» бітіруші курс «тарих» мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz