Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы мәні



І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

1. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының мәні.

2. Экологиялық сақтандырудың құқықтық талаптары.

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Экологиялық құқық мәнінің ұғымын іргелі ғалымдар ертеректе зерттеген. Ресей оқулықтарын ерекше атап көрсеткен жөн, олардан біз мынадай анықтамаларды ұшыратамыз: "Экологиялық құқықтың мәні қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады, олар тұтастай алғанда табиғи объектілер мен қоршаған табиғи ортаны қорғау тұрғысында туындап, дамиды.
Экологиялық құкықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормаларды қолданылуы саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді (экологиялық жүйелерді) сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.
Бұл анықтамаларды қабылдауға болады, алайда олардың мәнінің ашылуына қарай аталған көзқарастар онша жетілмеген.
Біздің көзқарасымыз бойынша, негізгі қателік мынада болып табылады: қоғам мен табиғат қатынастарының саналуан болуынан ғалымдар тек табиғат қорғау қатынастарын ғана бөліп көрсетеді (В. В. Петров), экологиялық құқықты табиғат ресурсы құқығынан бөліп көрсетеді (Б. В. Ерофеев). Бұл мәселе өте күрделі болып табылады, оның үстіне оның сипаттамасына Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы, табиғат ресурстарын тауар айналымына тартуы ықпал етеді, осының салдары ретінде экологиялық қатынастарды реттеуде азаматтық-құқықтық нормалардың қолданылуы күшейе түседі.
1. Стамқұлов Ә. «ҚР экологиялық құқығы» Алматы 1995 ж
2. Стамқұлов Ә. «ҚР экологиялық құқығы»Тараз 2003ж
3. Байділдинов Д. «ҚР экологиялық құқығы» Алматы 2005 ж
4. Мұстафаев С. « ҚР Экологиялық құқығыпәніне семинарлық сабаққа арналған оқу әдістемелік нұсқау » Алматы 2006ж

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

1. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының мәні.

2. Экологиялық сақтандырудың құқықтық талаптары.

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Экологиялық құқық мәнінің ұғымын іргелі ғалымдар ертеректе зерттеген.
Ресей оқулықтарын ерекше атап көрсеткен жөн, олардан біз мынадай
анықтамаларды ұшыратамыз: "Экологиялық құқықтың мәні қоғам мен табиғаттың
өзара әрекеті саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады, олар тұтастай
алғанда табиғи объектілер мен қоршаған табиғи ортаны қорғау тұрғысында
туындап, дамиды.
Экологиялық құкықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормаларды
қолданылуы саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы
ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи
объектілерді (экологиялық жүйелерді) сақтау, жақсарту, қалпына келтіру,
тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында
азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.
Бұл анықтамаларды қабылдауға болады, алайда олардың мәнінің ашылуына
қарай аталған көзқарастар онша жетілмеген.
Біздің көзқарасымыз бойынша, негізгі қателік мынада болып табылады:
қоғам мен табиғат қатынастарының саналуан болуынан ғалымдар тек табиғат
қорғау қатынастарын ғана бөліп көрсетеді (В. В. Петров), экологиялық
құқықты табиғат ресурсы құқығынан бөліп көрсетеді (Б. В. Ерофеев). Бұл
мәселе өте күрделі болып табылады, оның үстіне оның сипаттамасына
Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы, табиғат ресурстарын тауар
айналымына тартуы ықпал етеді, осының салдары ретінде экологиялық
қатынастарды реттеуде азаматтық-құқықтық нормалардың қолданылуы күшейе
түседі.
Мынадай көзқарастар белең ала бастады: жерді пайдалану тұрғысындағы
мүліктік қатынастар (ипотека, жалға беру, сатып алу-сату және т.б.)
азаматтық құқық институтының мазмұны болып табылады. Сондай-ақ табиғат
ресурстарын пайдаланғаны үшін және қоршаған ортаны ластағаны үшін
экологиялық төлемдер мен салықтар салық құқығын реттеудің мәні болып табыла
ма дейтін көзқарасты тым даулы көзқарас деп тануға да болар.

1. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының мәні.

Құқық саласының сипаттамасын реттеу экологиялық құқығының мәнін
анықтаудан басталады. Құқық теориясынан біз мынаны білеміз: белгілі бір
саланы реттеудің мәні қоғамдық қатынастар болып табылады, олар іштей
бірлікпен, ерекшелігімен, жақындық белгісімен, кейбір басқа да
қасиеттерімен сипатталады және адам қызметінің белгілі бір саласын ретгеуге
бағытталған. Осы қисынды ұстана отырып мынаны мойындау керек: экологиялық
кұқықтың мәні адамзат қоғамы мен табиғаттың, мемлекеттің және оның
субъектілерінің табиғат ресурстарын пайдалану мен сақтау тұрғысындағы өзара
әрекетінің саласында туындайтын экологиялық қатынастар болып табылады.
Жалпы бұл анықтама дұрыс, бірақ ол қоғамдық қатынастардың басқа түрлерінен
өзгеше, экологиялық құқық қатынастарының мәнін, олардың құқықтық
ерекшеліктерін ашып көрсете алмайды.
Біз бұл сұрақтарға қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті туралы
тұжырымдаманы әдістемелік база ретінде пайдалана отырып жауап береміз.
Экологиялық қатынастар - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы
элементтер болып табылатын қатынастар. Осының негізінде біз экологиялық
қатынастарға бүкіл табиғи кешенге, сондай-ақ оның жекелеген бөлімдеріне
бағытталған барлық қатынастарды жатқызамыз. Сондықтан жер, су, тау, орман,
фауналық, атмосфералық ауа қатынастары біршама дербестікке ие болады және
жер, су, тау, орман, фауналық, атмосфералық ауа құқығының мәні болып
табылады, өзінің жалпы белгілері бойынша табиғат ресурстары қатынастарына
жатады, олар экологиялық қатынастары құрамына кіреді. Сондай-ақ экологиялық
қатынастарға объектісі табиғат кешені, табиғи орта болып табылатын
қатынастарды жатқызу керек, мұның әзі қорықтардың, экологаялық апат
аймақтарының құқықтық режимін реттеу мысалынан ерекше айқын көрінеді.
Алайда бұл орайда мынаны ескеру керек: "жер, жер қойнауы, су,
ормандар, жануарлар әлемі, ауа" ұғымы мен "табиғи ресурс" ұғымы арасында
айырмашылық бар. Әрбір су экологиялық қатынастардың әманда объектісі бола
бермейді, "орман" экологиялық құқықпен де әманда реттеле бермейді,
жануарлар әлемінің өкілі ретінде "қасқыр немесе аю" экологиялық заңмен
әманда қорғала бермейді. Мұның бәрі, егер аталған объектілер табиғат
ресурстары болып, мына белгілерге сай келген жағдайда ғана мүмкін болады:
а) шығу тегінің табиғи сипаты. Табиғат ресурсы жасанды жол-мен алынбауға
тиіс, ол табиғат туындысының нәтижесі болып табылады;
б) ол қоршаған табиғатпен табиғи байланыста болып, онда белгілі бір
экологиялық қызмет атқаруға тиіс.
Егер белгілі бір қоғамдық қатынаста табиғат объектісі табиғи ортадан
алынатын болса, онда ол экологиялық құқықтың объекгісі болудан қалады. Ол
мүліктік қатынастардың объектісі, яғни азаматтық құқықтың объектісі болуға,
тауар болуға тиіс. Табиғаттан алынған оған адам еңбегі жұмсалады және ол
"бағалану" қасиетіне ие болады, оған құндылық ұғымы беріледі. Өзендегі "су"
және елді мекеннің ауыз су жүйесіндегі "су" ("крандағы су") өзінің
физикалық қасиеттері жағынан біртекті өнім болып табылады, бірақ әр алуан
заңдармен реттелетін болады. "Өзендегі су" - бұл табиғи ресурс, оны
пайдалану мен қорғау экологиялық қатынастардың объектісі болып табылады.
"Крандағы су" - бұл объект табиғи ортадан алынған және бұл қоғамдық
қатынастар санитариялық-гигаеналық және коммуналдық заңнамамен реттелетін
болады.
Сөйтіп, мынадай қорытынды жасауға болады: экологиялық қатынастарға
объектісі табиғат пен табиғат ресурстары болатын, белгілі бір өлшемдерге
сай келетін қоғамдық қатынастарды жатқызуға болады.
Экологиялық құқық қатынастарының азаматтық, салық және т.т.
арақатынасы туралы мәселені мына тұрғыда қарастырған жөн. Экологиялық
құқықтың мәні болып табылатын белгілі бір экологиялық құқыққатынастарының
тобы болады. Бұл құқықтың басқа салалары бұл қатынастарды реттей алмайды
және олар жеке сала ауқымында "тұйықталып қалған" дегенді білдірмейді.
Экологаялық құқық қатынастары (олардың объектісі табиғат пен табиғат
ресурстары болып табылады) азаматтық құқық нормаларымен реттеледі (мүліктік
сипаты - жалға беру, табиғат ресурсын кепілга салу, залалды өтеу және т.б.
көрініс табатын қатынастарда), салық құқығының нормаларымен - (мемлекет
табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы мөлшерін белгілейтін
қатынастарда), қылмыстық құқтық нормаларымен - (мемлекет экологиялық
талаптарды сақтамағаны үшін жазалау шараларын белгілейтін қатынастарда)
реттеледі.
Құқықтың қылмыстық, азаматтық, қаржы, әкімшілік салалары құқық
қатынастарын реттеудің жалпы ережелерін белгілейді және құқықтың әр түрлі
салаларында (мысалы, экологиялық) олар өзінің айрықша көрінісін табады.
Экологиялық құқық қатынастарының субъектілері заңды және жеке
тұлғалардың кең ауқымы болып табылады, оларды жіктеу субъектілердің
құқықтары мен міндеттерінің көлеміне, нақты құқық қатынасының түріне, өзге
де жағдайларға байланысты болады.
Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналарды жатқызуға болады:
1) Қазақстан Республикасы - біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының
меншік иесі бола отырып, экологиялық қатынастардың субъектісі болып
табылады және табиғат пайдалану мен табиғатты қорғау мәселелері бойынша
құқық қатынастарында міндетті тарап ретінде қатысады;
2) шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану
мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады,
республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді ("Байқоңыр"
кешенін жалға беру, шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су
пайдалануы);
3) халықаралық ұйымдар - экологиялық қатынастардың субъектілері ретінде
халықаралық ұйымдарға мамандандырылған экологиялық ұйымдарды (ЮНЕП, МСОП,
Грин Пис), сондай-ақ экологиялық проблеманы шешуде белгілі бір қызметті
орындайтын ұйымдарды (ХВҚ, ББҮ. Сорос қоры, Эберта және т.б.) жатқызуға
болады;
4) заңды тұлғалар - бұл топта тұлғалардың кең ауқымын атауға болады. Бұл
кез келген меншік нысанының заңды тұлғалары - мемлекеттік кәсіпорындар,
ұйымдар, мекемелер; шағын және орташа бизнестің мемлекеттік емес жекеше
кәсіпорындары; шетелдік кәсіпорындар, бірлескен кәсіпорындар, олар
Қазақстанның пайдалы қазындыларын игеруге маманданған және т.б.;
5) жеке тұлғалар - бұл арада Қазақстан Республикасының азаматтарын,
шетелдік азаматтарды, азаматтығы жоқ адамдарды атауға болады. Олар әлеуетті
табиғат пайдаланушылар, экологиялық құқықтарға ие бола алады және
экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапты болады.

2. Экологиялық сақтандырудың құқықтық талаптары.
Қазақстанның осы заманғы дамуы мен басталған реформаларды тереңдете
түсу жөнінде қабылданған стратегиялық құжаттар республиканың ішкі әлуетін
және оның инвестициялық мүмкіндіктерін пәрменді түрде пайдалануды көздейді.
Осы көзқарас тұрғысынан, ұлттық сақтандыру жүйесін дұрыс ұйымдастыру мен
сақтандырудың әлеуметтік маңызды түрлерін жедел дамытуда үлкен резерв негіз
болып отыр. Сақтандыру жүйесі адам өмірінің, өндірістік-экономикалық
қызметтің барлық жақтарын қамтиды, ол өтемдік және жинақтаушы - сақтық
міндеттерін атқарады.
Осы заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру, сақтандыру қызметтерінің
нарығын сапалық жаңа деңгейге көтеру жөніндегі шараларды әзірлеу мен кезең-
кезеңімен іске асыруды қажет етеді. Нарықтық экономика жағдайларында
сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы бірқатар факторлармен
анықталады.
Біріншіден, сақтандыру мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты
мен көлеміне қарамастан халық пен ұйымдардың әр түрлі мүдделерін қосымша
қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта табиғи және техногендік
зардаптарды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мемлекеттік
бюджетке түседі, оның мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылады.
Екіншіден, қазіргі жағдайларда сақтандыру тетігін пайдалану елде
кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі
салаларының, оның ауа райының және географиялық орналасуының, экология
деңгейінің ерекшеліктерін ескере отырып, өндірістің пайдаланылып отырған
технолгиясын одан әрі жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономика, өндіріс, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші
субъектілер үшін оның маңыздылығын ескере отырып, сақтандыру нарығының
қызмет атқаруын қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру қызметі мемлекеттік
реттеуді көздейді және кеңінен пайдаланады. Шаруашылық қызметінің кез
келген саласындағы табиғи зілзалалардың, әр түрлі күтпеген оқиғалар мен
қатерлердің жайсыз зардаптарын жою сақтандыру ұйымдарының есебінен болған
кезде, нақ сол кезде мемлекет те сақтандыруды дамытуға мүдделі болады,
өйткені материалдық нұқсанның орнын толтыру үшін мемлекеттік бюджеттің
қаражаттары салынады.
Сақтандыру қызметі тұтынушыларды қорғау тұрғысында біркатар ерекше
проблемалар болып табылады, мұның өзі мемлекеттік органдардың мынадай
қызметтерді атқаруын: сақтандыру заңдарын орындауға бақылау жасауды,
сақтандыру қызметін лицензиялауды,сақтанушылардың қаржы тұрақтылығы мен
төлем қабілеттерін тексеру мен оларға талдау жасауды, сақтандырушылар
мүдделерін қорғауды көздейді.
Сақтандыру жүйесі мемлекеттің, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші
субъектілерінің мүдделерін қорғаудың шынайы құралы болуға қабілетті осы
заманғы және тұрақты сақтық нарығын сенімді түрде қалыптастыруға
жәрдемдесуге тиіс.
Экологиялық сақтандыру өзінің лайықты орнын алуға тиіс, өйткені
өндірістік авариялардың алдын алу шараларына мемлекет пен кәсіпорын
қаражатының болмауы қоршаған ортаның жай-күйінің нашарлауына әкеп соқтырған
болар еді. Экологоиялық сақтандыру зиян келтірушінің қаржылық жағдайына
қарамастан зардап шегушілердің заң бойынша өздеріне тиесілі сомаларын алуға
кепілдік беруіне мүмкіндік жасайды.
ҚР-ның 1995 жылғы 15 шілдедегі "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының
32-бабына сәйкес экологиялық сақтандыру қоршаған ортаға, басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық ұғымы
Қазақстан Республикасында адам өмір сүруінің денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғаудың конституциялық құқықтық негіздері
Экологиялық құқықтың түсінігі, пәні, жүйесі
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
«Экологиялық – құқықтық реттеудің түсінігі, мәні. Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы.»
Экологиялық құқықтың қоғамдағы ролі
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы
Пәндер