Қазақстанның уран өндiрiсi және бiрiккен кәсiпорындар



1 Қазақстанның уран өндiрiсi және бiрiккен кәсiпорындар.
2 Елiмiздегi атом энергетикасының болашағы
3 Қазақстанға атом электрстанциялары керек пе?
Биылғы жылдың алғашқы күндерi Қазақстандық «Қазатомөнеркәсiп» Ұлттық компаниясы уран шикiзатын өндiруден ғалам елдерi арасында бiрiншi орынға шыққанын және жалпы өндiрiлген шикiзат өнiмiнiң 13 665 тоннаны құрағанын, екiншi жүлделi орынға 9 934 тонна өндiрген Канаданы ысырып, уран қоры жағынан ғаламда бiрiншi орын алатын құрлық – мемлекет Австралияны да үшiншi көрсеткiшке, яғни 8 022 тоннамен артқа тастап кеткенiн жариялап, сүйiншi сұрады. Алайда бұл көрсеткiш «Қазатомөнеркәсiп» АҚ бұрынғы басшысы М.Жәкiшовтiң 23.11.2007 жылы Қызылорда облысындағы Шиелiде сол кездегi табиғи ураны алынып жатқан 16 уран кенiшiнен, «2010 жылы 15 000 тонна уран алып ғаламда 1–орынға шығамыз!»- деп айтқан көкейкестi арман-жоспарындағы межеден 1 335 тонна кем болып шықты (Қызылорда. 23.11.2007 ж.Казинформ).
Уран – Д.И.Менделеевтiң химиялық элементтерiнiң топтық жүйесiндегi табиғатта кездесетiн 92-ншi, радиоактивтi элемент. (Қазiр бұл жүйеде 109 химиялық элемент бар). Әрi орасан қуат көзi. Уран табиғатта сирек кездесетiн және шашыранды элементтер қатарына жатады. Бiрақ жер қыртысындағы шашыраңқы орналасқан уранның үлесi алтыннан 1000 есе, күмiстен 30 есе көп. Табиғаттағы үлес салмағы мырыш пен қорғасынмен бiрдей болса да, негiзгi массасы тау жыныстарында, топырақтарда, табиғи суларда шашырап таралған соң оны өндiру iс жүзiнде тиiмсiз, әрi мүмкiн де емес. Табиғатта оның аз бөлiгi ғана кен орындарында шоғырланған. Ал мұндай кен орындары көптеген елдерде мүлдем жоқ. Ұлы Жаратушымыз бұл аса бағалы стратегиялық байлықты, яғни келешектегi энергияның сарқылмас көзiн кең-байтақ даламызға, халқымызға молынан ырыс-несiбе етiп берiптi. Қазақстан бүгiнгi күнi табиғи уран кенiнiң қоры жағынан ғаламда Австралиядан кейiнгi екiншi орынды алады. Оның барланған қоры – 1 миллион 600 мың тонна. Оның 1,2 миллион тоннасы құмды-шөлейттi аймақтарда орналасқан. Бүгiнгi күнi уран кенiштерiнiң жалпы саны 21-ге жеткен. «Қазатомөнеркәсiп» АҚ геологиялық барлау, уран шикiзатын өндiрумен және Өскемендегi Ульба металлургия зауытында атом электр станцияларына ядролық отындық таблеткалар шығарумен, сирек кездесетiн металлдар алумен және ҚР Ұлттық ядролық орталығында (НЯЦ РК) ғылыми зерттеумен де айналысуда. Бүгiнгi күндерi Ұлттық компанияда 25 мың адам қызмет жасайды.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның уран өндiрiсi және бiрiккен кәсiпорындар.
Биылғы жылдың алғашқы күндерi Қазақстандық Қазатомөнеркәсiп Ұлттық
компаниясы уран шикiзатын өндiруден ғалам елдерi арасында бiрiншi орынға
шыққанын және жалпы өндiрiлген шикiзат өнiмiнiң 13 665 тоннаны құрағанын,
екiншi жүлделi орынға 9 934 тонна өндiрген Канаданы ысырып, уран қоры
жағынан ғаламда бiрiншi орын алатын құрлық – мемлекет Австралияны да үшiншi
көрсеткiшке, яғни 8 022 тоннамен артқа тастап кеткенiн жариялап, сүйiншi
сұрады. Алайда бұл көрсеткiш Қазатомөнеркәсiп АҚ бұрынғы басшысы
М.Жәкiшовтiң 23.11.2007 жылы Қызылорда облысындағы Шиелiде сол кездегi
табиғи ураны алынып жатқан 16 уран кенiшiнен, 2010 жылы 15 000 тонна уран
алып ғаламда 1–орынға шығамыз!- деп айтқан көкейкестi арман-жоспарындағы
межеден 1 335 тонна кем болып шықты (Қызылорда. 23.11.2007 ж.Казинформ).
Уран – Д.И.Менделеевтiң химиялық элементтерiнiң топтық жүйесiндегi
табиғатта кездесетiн 92-ншi, радиоактивтi элемент. (Қазiр бұл жүйеде 109
химиялық элемент бар). Әрi орасан қуат көзi. Уран табиғатта сирек
кездесетiн және шашыранды элементтер қатарына жатады. Бiрақ жер
қыртысындағы шашыраңқы орналасқан уранның үлесi алтыннан 1000 есе, күмiстен
30 есе көп. Табиғаттағы үлес салмағы мырыш пен қорғасынмен бiрдей болса да,
негiзгi массасы тау жыныстарында, топырақтарда, табиғи суларда шашырап
таралған соң оны өндiру iс жүзiнде тиiмсiз, әрi мүмкiн де емес. Табиғатта
оның аз бөлiгi ғана кен орындарында шоғырланған. Ал мұндай кен орындары
көптеген елдерде мүлдем жоқ. Ұлы Жаратушымыз бұл аса бағалы стратегиялық
байлықты, яғни келешектегi энергияның сарқылмас көзiн кең-байтақ даламызға,
халқымызға молынан ырыс-несiбе етiп берiптi. Қазақстан бүгiнгi күнi табиғи
уран кенiнiң қоры жағынан ғаламда Австралиядан кейiнгi екiншi орынды алады.
Оның барланған қоры – 1 миллион 600 мың тонна. Оның 1,2 миллион тоннасы
құмды-шөлейттi аймақтарда орналасқан. Бүгiнгi күнi уран кенiштерiнiң жалпы
саны 21-ге жеткен. Қазатомөнеркәсiп АҚ геологиялық барлау, уран
шикiзатын өндiрумен және Өскемендегi Ульба металлургия зауытында атом
электр станцияларына ядролық отындық таблеткалар шығарумен, сирек
кездесетiн металлдар алумен және ҚР Ұлттық ядролық орталығында (НЯЦ РК)
ғылыми зерттеумен де айналысуда. Бүгiнгi күндерi Ұлттық компанияда 25 мың
адам қызмет жасайды. Бiрақ осы 13 500 тонна табиғи уранның барлығын да
Қазатомөнеркәсiп өзi өндiрiп, қазынаға түсетiн қаржыны тасқындатып отыр
ма?
Соңғы жылдары Қазатомөнеркәсiп АҚ, Ресейдiң ААҚ Атомредметзолото
холдингiмен, Канада, Франция, Жапония мен Қытаймен бiрiккен кәсiпорындар
ашып, солармен бiрге Қазақтың кең даласының төсiн жаппай ашып тастап, уран
өндiруге кiрiстi. 2009 жылы бұл бiрiккен кәсiпорындар: БК Қаратау – 900
тонна, БК Ақбастау – 150 тонна, БК Заречное (Табақбұлақ) – 232 тонна
уран өндiрiптi. Ресейдiң бұл холдингi Ресей мен шетелдерден уран өндiру
үшiн арнайы құрылған. Холдингтiң 2009 жылға арналған уран өндiру жоспары 4
693 тонна. Ресейдiң Росатом мемлекеттiк корпорациясының қарамағындағы ААҚ
Атомредметзолото компаниясы Effective Energy компаниясының иелiгiндегi БК
Қаратаудың (барланған қоры – 49,8 мың тонна) - 50 пайыздық, ал БК
Ақбастаудың (барланған қоры – 84 мың тонна) - 25 пайыздық акциясын тағы
да сатып алып, қазiр бұл кенiштердiң 100 пайыздық акциясына толығымен иелiк
етiп, нағыз қожасына айналып отыр. (Москва.23.11.2009год. Интерфакс –
Госхолдинг Атомредметзолото).
Күн астындағы Жапон елiнiң бизнес өкiлдерiнiң қатысуымен Қазақ-Жапон БК
Аппақ кенiшi­нiң (барланған қоры – 18 мың тонна) акциялық үлесiнiң 65
пайызы Қазатомөнеркәсiп тиесiлi болса, қалған акцияларының 25 пайызын
Sumitomo Corporation компаниясы (Жапония), 10 пайызын Kansai Electric
Rower (Жапония) компаниясы өз үлестерiне сатып алған
(Сузак.ЮКО.03.06.2008г.Интерфакс –Казахстан).
2007 жылдың сәуiр айында Жапонияның Marubeni, Tokio Electric Rower Company
және Chubu Electric Rower Company cияқты компаниялары Қазатомөнеркәсiптен
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Бүкiл түркi әлемi мен Қазақ
халқының ұлы тектiлерi жерленген киелi жерiмiздiң бiрi Хорасан әулиенiң
айналасында орналасқан уран кенiштерiне иелiк еткен Байкен – U және
Қызылқұм ЖШС үлестерiн алып, БК құрғанын хабарланған болса, Жапонияның
БАҚ-ның хабарлауынша ядролық реакторлар жасайтын Toshiba Corp. корпорациясы
бұл үлестен – 22,5 пайыздық акциясын сатып алуды жоспарлаған едi. Бұл
жерлердегi уран кенiштерi қазiр Хорасан – 1 және Хорасан – 2 деп
аталады. Барланған, дәлелденген қоры – 160 мың тоннаны құрайды. БК-ғы
Marubeni компаниясының үлес акциясы – 55 пайыз болса, Tokio Electric Rower
Company-сының үлесi – 30 пайыз, Chubu Electric Rower Company-сының үлесi –
10 пайыз, ал Tohoku Electric Rower Company-сының үлесi – 5 пайыз.
(Токио.10.08.2008г.Интерфакс-АФИ)
Қазатомөнеркәсiп АҚ мен Канаданың Cameco компаниясымен бiрiгiп құрған,
уран гексафторидiн шығаратын БК Ульба Конверсия жобасындағы
Қазатомөнеркәсiптiң үлесi – 51 пайыз, ал Cameco-ның үлесi – 49 пайызды
құрайды.
Қазақстан мен Канада бiрiгiп құрған, Созақ ауданының Тайқоңыр елдiмекенiне
жақын орналасқан, табиғат қорғау шараларын бұзып келе жатқан БК Инкай
уран кенiшiнiң акциясының 40 пайызы Қазатомөнеркәсiп АҚ-на тиесiлi болса,
60 пайызы Cameco-ның үлесiнде.
Француздармен бiрiгiп құрған БК Каткодағы акцияның үлесi 49 пайызы
Қазатомөнеркәсiпте, ал 51 пайызына Францияның ядролық отындық таблеткалар
жасайтын AREVA компаниясы иелiк етуде. Бұл кәсiпорын 2039 жылға дейiн бұл
жерден 4 мың тонна уран өндiрудi жоспарлаған. Бар шығынын мойнына алып
отырған кәсiпорын табиғат пен қоршаған ортаға залал келтiргенi үшiн 2008
жылы 40 млн. тенге айыппұл төлеген. Және AREVA компаниясы Өскемендегi Ульба
металлургия компаниясында қуаты жылына – 1 200 тонналық атом
электрстанцияларына арнап ядролық отындық жинақ таблеткаларын өндiрудi
жоспарлаған.
Қытайдың атом электрстанцияларына (АЭС) ядролық отындар дайындау мақсатында
Қазақстаннан табиғи уран өндiру үшiн Қытайдың China Guandong Nuclear
Power Company (CGNPC) және China National Nuclear Corp (CNNC)
компанияларымен Қазатом­өнеркәсiп АҚ бiрiгiп құрылған кәсiпорындар Иiркөл
уран кенiшiнен жылына –750 тонна, Семiзбай кенiшiнен – 500 тонна, Жалпақ
кенiшiнен – 700 тонна табиғи уран алуға кiрiсiп те кетiптi.
(Reuters.06.11.2008г; КАЗИНФОРМ. Астана. 15.01.2010г.)
Қазатомөнеркәсiп АҚ-ның уран кенiштерiнiң басым көпшiлiгi оңтүстiктегi
Қаратау, Созақ, Бетпақдала өңiрлерi мен Мойынқұм-Шу аймағында, Каспий өңiрi
мен Маңғыстауда, Қызылорда облысындағы Шиелi, Жаңақорған аудандары
жерлерiнде орналасқан. Қазiргi уран алу технологиясы бұрынғы шахты арқылы,
немесе ашық әдiспен алудан мүлдем ерекшеленедi. Қазiргi күнi ұзын саны 21-
ден асатын кенiштерден алынатын уран шикiзаты негiзiнен жер астындағы кенi
бар жердi бұрғылау арқылы ұңғылар жасалынып, одан кейiн кендi қабатқа
күкiрт қышқылын айдау арқылы кен ерiтiледi. Одан соң күштi қышқылды ортада
ерiген уран мен басқа iлеспе металдар ерiтiндiсi жоғарыға арнаулы
сораптармен сорып шығарылып, бұл ерiтiндiлер арнаулы ыдыстарға құйылып,
одан кейiн оны байыту, бөлу және тазалау зауыттарына жiбередi. Қазiр
көптеген кен орындарында байыту мен тазалауды ұйымдастыру үшiн арнаулы
технологиялық қондырғылар орнатылып, жұмысты бастап та жiберген. Бұл әдiстi
алғаш рет Кеңес үкiметi кезiнде, яғни ХХ ғасырдың 70-жылдары басқармасы
Ташкентте орналасқан Краснохолмскi экспедициясы Өзбекстандағы Үшқұдық
уран кенiшiнде қолданған. Бұл әдiс уран кендерiн шахтылардан қазып алуға
қарағанда әлдеқайда қауiпсiз, құмды-шөлейттi аймақтарда суды да үнемдейдi,
әрi кеншi-оператор жоғарғы радиоактивтi кендермен және оны өндiру кезiнде
пайда болатын асқан зиянды радиоактивтi шаңдармен тiкелей байланысқа
түспей, жердiң бетiндегi технологиялық қондырғыларда арнаулы басқару
тетiктерi арқылы процестердi басқарып отырады.
Одан кейiнгi ең жауапты кезең, кенi ерiтiлiп сорылып алынған жер асты
қабаттарындағы қышқылды ортаны залалсыздандыру қажет. Себебi, жер астындағы
жыныстардың арасында өте күштi қышқылдар мен радиоактивтi ерiтiндiлер қалып
қояды. Жер жыныстарында табиғи сiлтiлi орта өте сирек кездеседi. Оның бәрiн
түк қалдырмай сораптармен сорып алу әрине мүмкiн емес. Сондықтанда бұл
жынысты қабаттарға сiлтi (щелочь) немесе негiз ерiтiндiлерi, ең арзаны
сөндiрiлген кәдiмгi әк суы (известковое молоко) айдалынуы тиiс. (Таулы
жерлердегi жыныстар сiлтiлi болса, яғни онда табиғи известь шөгiндiлерi
басым болса, құмды-шөлейттi аймақтарда мұндай табиғи жыныстардың кездесе
бермейтiн белгiлi). Сонда ғана қышқылды орта бейтараптандырылып, бұл өз
кезегiнде айналадағы жерасты суларының бүлiнбеуiне оң әсерiн тигiзедi. Және
бұл iс-шаралар қышқылды ортамен табиғат пен қоршаған ортаның күресуiн
оңайлатады. Бұл көп сатылы жұмыс бiткесiн арнаулы лабораториялар жер
астындағы сұйықтықтардың рН – 6,5-8,5 көрсеткiшiне жеткенiне сенiмдi
болған соң ғана ураны алынып залалсыздандырылған бұл ұңғыларды жабуға
рұқсат бередi. Ендi бұл ұңғыларға мiндеттi түрде қатты тұқымды (үйеңкi,
қызыл ағаш) ағаш бөренелер тасталынып, әр бөрене арнаулы (тампонажды)
цемент тығындармен бекiтiлуi тиiс. Себебi қышқылды, радио-активтi ортада
металл құбырлар шыдас бермейдi. Ал ағаш бөренелер уақыт өте келе жер
астындағы ауасыз қабаттарда өмiр сүретiн анаэробты бактериялардың әсерiмен
қатты жер жынысына айналып кетiп, радиоактивтi сулар мен газдардың қоршаған
ортаға таралмауына негiз болады. Бұл – қосымша шығындарды талап ететiн
процесс. Бұл табиғат қорғау технологиясын Қазатомөнеркәсiп сақтап отыр
ма? Мiне, бар мәселе осында болып тұр. Қазатомөнеркәсiп АҚ қышқылды
ортаны бейтараптандырмай, ураны алынған жерлердi: табиғат өзi
залалсыздандырады! деп, ұңғыларды жауып кетiп жатыр. Бiрақ бұл ұңғыларды
жапқанда, жоғарыдағы талаптар сақталына ма? Мұны табиғат қорғау органдары
тексерiп жатыр ма? Тексерсе, қалай тексерiп жатыр? Шетелдiктер жоғарыдағы
табиғат қорғау шараларын жүзеге асырып жатыр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КазАтомПром
Қазақстандағы уран өндіріс орындары
ҚАЗАТОМПРОМ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ САЯСИ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасының химиялық өндірістері
Қазақстан Республикасы атом өнеркәсібінің тарихы
Оңтүстік Қазақстан облысының біріккен кәсіпорындарының қаржыларын ұймдастырудың теориялық негіздері
Халықаралық еңбек бөлінісі жайлы мәлімет
Әлемдік шаруашылықтың даму кезеңдері
Халықаралық қатынастардың басты формалары
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер