Қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі күші


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 140 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ гуманитарлық заң университеті

Алматы заң академиясы

ӘОЖ 343. 2/. 7:1 Қолжазба құқығында

ӘБДІЖӘМИ АЙТУҒАН ЖҰМАХМЕТҚЫЗЫ

Қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі күші

12. 00. 08 - қылмыстық құқық және криминология;

қылмыстық-атқарушылық құқығы

Заң ғылымының кандидаты дәрежесін

алу үшін ұсынылған диссертация

Ғылыми жетекшісі - заң ғылымдарының

докторы, профессор Ү. С. Жекебаев

Қазақстан Республикасы

Астана, 2007

МАЗМҰНЫ

Анықтамалар … . . . 3

Белгілеулер мен қысқартулар . . . 5

Кіріспе . . . 6

1 Қылмыстық заңдардың уақыттағы және кеңістіктегі күші мәселелерінің қалыптасуы мен дамуының негізгі бағыттары

1. 1 Қылмыстық заңдардың уақыттағы және кеңістіктегі күші мәселелеріне тарихи шолу . . . 14

1. 2 Қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі күшінің теориялық мәселелері . . . 23

2 Қылмыстық заңның уақыттағы күші институтының құқықтық табиғаты

2. 1 Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы мен оның заңнамада бекітілуі . . . 36

2. 2 Қылмыстық заңның кері күші . . . 48

2. 3 Кейбір қылмыстарды жасау уақыты мен орнын анықтау . . . 64

3 Қылмыстық заңның кеңістіктегі әрекет етуі

3. 1 Қылмыстық заңның кеңістіктегі күшінің негізгі қағидалары . . . 72

3. 2 Қылмыстық заңның кеңістіктегі күшін халықаралық реттеу . . . 94

3. 3 Қылмыс жасаған адамдарды ұлттық және халықаралық заңдарға сәйкес ұстап беру . . . 105

Қорытынды . . . 121

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 136

Анықтамалар

Қылмыстық заң - қылмыстық құқықтың маңызды көрінісі әрі қылмыстық құқықтың бірден бір қайнар көзі ретінде қоғам үшін қауіпті іс-әрекеттерді жасауға салынған тыйымдар мен оларды бұзғаны үшін жауаптылықты белгілейтін нормалардың жүйесі.

Қылмыс - жазалау қатерімен тыйым салынған, қылмыстық заңда көзделген айыпты қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) .

Қылмыстылық - бұл белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір мемлекетте жасалған қылмыстардың жүйесін білдіретін тарихи өзгермелі әлеуметтік және қылмыстық-құқықтық құбылыс.

Криминализация - бұрын қылмыс болып табылмаған іс-әрекеттерді қылмыстар қатарына жатқызу.

Декриминализация - заң бойынша қылмыс деп танылатын іс-әрекеттерді қылмыстар қатарынан алып тастау.

Қылмыс санаттары - қылмыстық кодексте көзделген әрекеттер сипатына және қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлінеді.

Қылмыстардың бірнеше рет жасалуы - Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлігінде көзделген екі немесе одан көп әрекетті жасау және олар үшін қылмыстық жауаптылықты өтемеген болуы.

Қылмыс қайталануы - қылмыстық заңға сәйкес бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамның қайтадан қасақана қылмыс жасауы.

Созылмалы қылмыстар - к інәлінің қылмыстық жазамен қорқыту арқылы заңмен жүктелген міндеттерді ұзақ мерзімге орындамауымен ұштасқан іс-әрекет.

Жалғаспалы қылмыстар - бір ниетпен, бір мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда бір ғана қылмысты құрайтын бірқатар бірдей қылмыстық әрекеттерден тұратын қылмыстар.

Дипломатиялық иммунитет - шетелдік дипломатиялық өкілдікке, оның басшылары мен қызметкерлеріне берілетін құқықтар мен артықшылықтардың жиынтығы.

Дипломатиялық агент - дипломатиялық өкілдіктің басшысы немесе дипломатиялық өкілдіктің қызметшілері (дипломатиялық рангісі бар қызметкерлер) ; Дипломатиялық агенттерге олармен бірге тұратын, бірақ барған мемлекетінің азаматы емес адамдар да теңестіріледі.

Халықаралық қылмыстар мен халықаралық құқықтық тәртіпке қол сұғатын қылмыстар - мемлекеттің, ұлттар мен халықтардың өмір сүру негіздеріне қол сұғатын, халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидаларын бұзатын, әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп туғызатын халықаралық құқыққа қайшы іс-әрекеттер.

Халықаралық сипаттағы қылмыстар - халықаралық қатынастарды бұзатын немесе оған тікелей қауіп төндіретін, қалыпты халықаралық және мемлекетаралық қызметке зиян келтіретін, бірақ халықаралық қылмыстарға жатпайтын халықаралық құқыққа қайшы іс-әрекеттер.

Белгілеулер мен қысқартулар

АК - Азаматтық кодексі

ӘҚБК- Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі

БҰҰ-Біріккен Ұлттар Ұйымы

БП ҚСжАЕК - Бас Прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі Комитеті

ҚР - Қазақстан Республикасы

ҚК - Қылмыстық кодексі

ҚІЖК - Қылмыстық іс жүргізу кодексі

КСРО - Кеңес Социалистік Республикалар Одағы

ҚазКСР - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

ҚХР-Қытай Халық Республикасы

ҚІІО-Қалалық ішкі істер органдары

РФ - Ресей Федерациясы

РФ КСР- Ресей Федеративтік Кеңестік Социалистік Республикасы

ТМД-Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ІІМ - Ішкі істер министрлігі

Кіріспе

Диссертацияның жалпы сипаттамасы

Диссертациялық жұмыс қылмыстық құқықтағы өзекті де, даулы, әрі күрделі құрылысымен, оған жүктелетін міндеттерінің біржақты болмауымен ерекшеленетін және оларға қатысты қылмыстық құқық ғылымының қазіргі жағдайын терең талқылауды қажет ететін - қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі күші, қылмыстық заңның кері күші, заңның кеңістіктегі қолданылуының қағидалары, оның қазақстандық және алыс-жақын шетелдердің заңнама жүйесіндегі шешілуі, қылмыс жасау уақыты мен орнын анықтау және қылмыскерлерді шет мемлекетке ұстап беру сияқты мәселелерді кешенді түрде зерттеуге арналған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, саяси даму сатылары заңның дамуына да елеулі ықпал ететіні анық. Осындай даму жолында әр түрлі жағымсыз құбылыстар кездесіп жататыны да заңды. Олардың қатарында қылмыстылық атты қоғамдық құбылысты жатқызуға болады. Бұл орайда, адам мен азаматтың, мемлекеттің мүдделерін қылмыстық әрекеттерден қорғау, қоғамның қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету мен қылмыстылықтың алдын алу міндеттерінің қылмыстық заңға жүктелгені белгілі. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық заң қылмыстылықты жою мен оның алдын алуда дер кезінде жауап беруге қабілет танытып, өз қызметін атқарады.

Бұл талапты қанағаттандыру барысында қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі күшіне байланысты мәселелер де өзінің құрылымына және онда қарастырылатын мәселелердің түріне қарай теориялық және практикалық тұрғыдан өзекті болып танылады.

Қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі күшінің теориялық тұрғыдан өзектілігі осы тақырып бойынша қылмыстық құқық теориясында келтірілген шешімдер мен ұсыныстардың қылмыстық заңды жетілдіру бағытындағы қызметте қолданылуынан көрінеді. Сонымен қатар, қылмыстық-құқықтық нормаларды іске асырудың теориясы мен практикасының тарихи тұрғыда дамуын зерттеу, күшіне енген заңды қазіргі жағдаймен үйлестіру де ауқымдылығымен көзге түседі.

Кез келген заңның күші «уақыт», «кеңістік» сияқты ғылыми категориялармен байланысты. Өйткені, заңның қолданылу шегі бар: ол белгілі бір уақыт ішінде және белгілі бір кеңістікте адамдарға қатысты қолданылады, ал қылмыстық заң болса, заңмен көзделген қылмысты іс-әрекеттерді жасаған адамдарды жауаптылыққа тартуды көздейді. Егер оның жасағаны қылмыс болса, қанша уақыт өтсе де, заң негізінде жүргізіледі. Бірақ заң мәңгі емес, ол уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Мәселен, кеңестік және қазақстандық қылмыстық заңнаманы салыстыру кезінде екі заң арасында сәйкес емес тұстардың көптігі назар аудартады. Қазіргі заңда кеңестік кезеңдегі ҚК баптарының 35 % - дайы кездеспейтін болса, ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміндегі баптардың 30 % - ға жуығы мүлде жаңа құрамдар. Тіпті, қазіргі қолданыстағы Қылмыстық кодекстің түпнұсқасында белгіленбеген қылмыс құрамдарының да саны уақыт өткен сайын қордаланып келеді. Осыған байланысты екі заң реттейтін қарым-қатынастарды құқықтық реттеуде ерекшеліктердің болуы заңды, яғни заңға қылмыс құрамының жаңа белгілері енгізіліп, қылмыстың кейбір түрлерінің қоғамға қауіптілік дәрежесі өзгертіліп, заңдарға сәйкес туындаған мәселелерді шешуге ұмтылдырады.

Зерттеу әдебиеттерінің деректеріне сүйенсек, қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі қолданылу мәселесінде дау тудыратын әр түрлі пікірлер кездеседі. Оларда қылмыстық заңның әрекет ету шегі, яғни заңның кеңістіктегі күші және кінәлінің азаматтығына байланысты жауапкершілігін жеке қарастыру, қылмыстық заңның кері күші бойынша жауаптылықтан босатып немесе жеңілдетіп белгілеу, ұзақ уақыт бойы істелетін қылмыстардың жасалу уақытын анықтау, қылмыс жасау орнын белгілеу, қылмыскерді басқа мемлекетке ұстап беру мен соттау үшін беру, оларға өзге мемлекетте жауаптылық толық қолданылмаған жағдайда қайта тарту, сонымен қатар, ұлттық және халықаралық заңдарды кеңістікте қолдану шегі сияқты т. б мәселелер даулы болып саналады және кешенді талдау жүргізуді қажет етеді.

1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі еліміздің Конституциясының 1 - бабында баянды етілген «ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» деген норма бекітілген. Аталған норманы іске асыру ұзақ уақыт бойғы ауыр еңбектің жемісі екені, ол қызмет әлі де жетілдіріле түсетіні сөзсіз. Дегенмен, біздің жүргізген зерттеулеріміздің нәтижесі бойынша қолданыстағы заңдарға практика және ғылыми қызметкерлер тарапынан айтылған сын-пікірлер Қылмыстық кодекске де қазіргі уақытқа дейін көптеген өзгерістер енгізуге әкелді. Соның ішінде қылмыстық заңның кеңістіктегі және уақыттағы күшіне байланысты құқықтық ережелер де жетілдіруді қажет етеді және бұл қызметті практика қызметінің талаптарын қанағаттандыратындай түрде шешу керек. Әрі заңның уақыттағы және кеңістіктегі күші екі заң арасындағы (бұрынғы және қазіргі) қайшылықтарды туындатпауы тиіс, оның дұрыс шешілуі көп жағдайда нақты құқықтық қатынастарға қолданылатын заңды (жаңа немесе ескі) дұрыс анықтауға байланысты болып келеді.

Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші мәселесінің қылмыстық құқықтың өзге институттарымен салыстырғанда күрделілік байқататын жері - ол бұл тақырыпқа қатысты қатынастардың бір мемлекет аумағы ішінде шешілмей, қылмыстық жауаптылыққа тартудың көбінесе, өзге мемлекеттермен бірлесе қарастыру, ортақ шешім табу негізінде реттелетіндігінде. Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші тақырыбының практикалық тұрғыдан өзектілігін танытатын проблемалардың қатарында осындай мемлекетаралық қатынастарды реттеу, өзге мемлекеттерде жасалған әрекеттердің басқа мемлекетте қылмысты болып саналу дәрежесіне қарай жауаптылықтың көлемін анықтау, қылмыскерді басқа мемлекетке тапсыру да бар. Сондай-ақ, басқа мемлекет аумағында жалға алған жерлері болғанда, ол аймақта қолданылатын заңның түріне, қолданылу көлеміне қатысты сот-тергеу органдары қызметінде туындайтын қиындықтарды да қарастыруға болады.

Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші мәселесінің практикада дау тудыратын тағы бір жері, ол құқықтық шешімдердің барлық мемлекеттерде бір тектес еместігі, нәтижесінде қылмыскерді ұстап беру сияқты қатынастарда әр мемлекет өз заңын қолдануға тырысып, мемлекеттер арасында келіспеушіліктер кездесетіндігі, сонымен қатар, халықаралық және ұлттық заңдарда мүлде реттелмеген немесе аз реттелген жағдайлар орын алғанда, қылмыскерлерді ұстап беру бойынша құқықтық шешім жасау қажеттілігі болып табылады.

Заңның кеңістіктегі күші туралы ұлттық заңдардың кейбір жағдайларда бір-біріне үйлеспеуіне орай заң шығарушы мұндай қатынастарды толық және басқалардың да мүдделеріне сыйластықпен қарай отырып шешу мақсатында өзара құқықтық көмек көрсету келісімдерін жасап, осындай нормативтік актілердің қолданылу практикасын кеңейтуде. Бірақ қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері мен қызметін толық сақтау үшін мұндай мемлекетаралық келісімдердің санын арттыру негізінде емес, қылмыстық құқықтың ролін, қызметін пайдалану негізінде шешуді мақсат еткен жөн. Бұл мақсатты іске асыру үшін практика қызметінде қиындық туғызатын мәселелер іріктеліп, әрі терең зерттеліп, оның сапалы ұсыныстары заңшығармашылық қызметте қолданылуы қажет.

Жоғарыда көтерілген және шешімін толық таппаған мәселелер зерттеу тақырыбының өзектілігін сипаттайды.

Бұл жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасындағы заңның уақыттағы және кеңістіктегі күші мәселелеріне тарихи, теориялық және салыстырмалы талдау жүргізу, қылмыстық заңның кеңістіктегі әрекет етуі қағидаларының шетел заңнамаларында жүзеге асырылу тәжірибесін зерттеу болып табылады. Бұл мақсат қылмыстық құқықтық заңнаманы және оның қолдану практикасын жетілдіру үшін осы тақырып көлеміндегі теориялық мәселелерді толығымен зерттей отырып, барынша ұтымды және дұрыс бағыттағы шешім ұсыну, оларды тәжірибеге енгізу мүмкіндіктерін қарастырумен ұштасады. Жұмыстың мақсаты қылмыстық заңның мақсатына (қылмыстылықтың алдын алу) жетуге үлес қосуды, яғни қылмыстық заңның уақыттағы күші ережелерін және оны кеңістік бойынша қолдану қағидаларын дұрыс анықтауды да көздейді.

Диссертациялық зерттеудің міндеттерін алға қойылған мақсаттар айқындайды және олардың қатары төмендегідей түрде анықталады:

- қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі күші институтының негізгі үрдістері мен заңдылықтарын ашып, оның тарихи кезеңдерін анықтау;

- қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі күші тақырыбы бойынша ғылымдағы өзекті де даулы мәселелерге талдау жүргізіп, құқықтық баға беру;

- туындаған мәселенің түйінін тарқату үшін алдымен тақырып көлемінде қолданылатын ұғымдарды белгілеп, мазмұнын ашу қажет. Зерттеу барысында ашылатын түсініктердің қатарында қылмыстық заңның әрекет етуі, заңның уақыттағы және кеңістіктегі күші ұғымдарын беру;

- қылмыстық заңның кері күшін анықтауда әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығын белгілейтін немесе жоятын не оны жеңілдететін заңдарды ажыратып көрсету, сондай-ақ қылмыс жасаған адамның жағдайына Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің ғана емес, Жалпы бөлімінің нормаларының да әсер ететінін ескеру;

- қылмыстық заңның кеңістіктегі күші мен оның адамдарға қатысты қолданылуын реттейтін нормаларды екіжақты норма ретінде тану;

- қылмыстық заңның кеңістіктегі күші ережелерінің тұтас алғанда қылмыстық заңның міндеттерін орындау мен шешуде негізгі роль атқа-ратынын ескеріп, заңның кеңістіктегі күшінің қағидаларының мазмұнын ашып көрсету;

  • қылмыс жасаған адамды шет мемлекетке ұстап берудің түсінігін анықтап, экстрадиция институтының қылмыстық құқық пен халықаралық құқықтағы, сол сияқты қылмыстық іс жүргізу құқығындағы өзге сабақтас институттармен («қылмыскерлерді ұстап беру», «экстрадиция» және «қылмыс жасаған адамдарды шет мемлекетке ұстап беру», «қосарлы айыптау», «депортация», «халықаралық сотқа беру», «экстрадициялық қамау» және т. б. сияқты) арақатынасын анықтау.

Зерттеудің объектісі болып қылмыстық құқықтың Жалпы бөліміндегі қылмыстық заң институтының нормалары - қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі күшіне қарай заңды қылмыс жасаған адамдарға қолдану мәселелерін реттейтін құқықтық қатынастарды қамтиды.

Зерттеудің затын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі күшін құқықтық реттеуге арналған 4 - 8 - баптарының ережелері және осы заң нормаларының мазмұны мен оларды қолданудың тиімділігі, сонымен қатар осы тақырып көлеміндегі қылмыстық заңдардың негізінде құқық қорғау қызметін жетілдірудің амалдары мен қылмыстық заңнаманы қолдану тәжірибесі құрайды.

Зерттеудің әдістемелік негізін ж оғарыда көрсетілген міндеттерді орындау жолында қылмыстық құқықтың жалпы теориялық тұжырымдары, нақты шындықты танудың жалпы негізі ретіндегі диалектикалық заңдылықтар, нақты әлеуметтік және формальдық логиканың ережелері құрайды. Диссертация тақырыбына арқау болған қылмыстық заң институтының уақыттағы және кеңістіктегі күші мәселелерінің осы күнге дейінгі даму сатыларын қарастыруға және осының нәтижесінде оның болашағын бағалауға мүмкіндік беретін тарихи әдіс те пайдаланылды. Бұл зерттеуде салыстырмалы-құқықтық әдістерге баса назар аударылды, себебі осы мәселені зерттеген ғалымдардың пікірлері мен шетелдердің заңдарын салыстыру белгілі бір тұжырым жасауға көмектеседі. Қылмыстық-құқықтық ғана емес, қылмыстық құқықпен сабақтас өзге де құқық салаларының, атап айтқанда, қылмыстық іс жүргізу құқығы, халықаралық құқық (оның ішінде, халықаралық қылмыстық құқық) салаларының әдістері мен ережелері қолданылды.

Диссертация жұмысының теориялық негізін осы тақырыпқа тікелей қатысты жазылған отандық және шетелдік заңгер-ғалымдардың монографиялық еңбектері мен оқулық әдебиеттері құрайды. Зерттеу жұмысына дайындық жасау және жұмысты орындау барысында психология, әлеуметтану және қылмыстық-атқарушылық құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығы, халықаралық құқық, компаративистік құқық ғылымдары бойынша жазылған еңбектер де қолданылды. Зерттеу тақырыбын қолданудың теориялық негіздері әр түрлі уақыттарда Н. С. Алексеев, С. С. Алексеев, Я. М. Брайнин, Б. В. Волженкин, В. И. Гойман, Н. Д. Дурманов, Н. И. Загородников, Б. В. Здравомыслов, А. Н. Игнатов, В. Н. Кудрявцев, И. И. Карпец, М. А. Кауфман, С. Г. Келина, М. И. Ковалев, Г. А. Кригер, Л. Кругликов, Ю. И. Ляпунов, А. В. Наумов, З. А. Незнамова, Б. С. Никифоров, А. А. Пионтковский, А. С. Пиголкин, Н. Н. Полянский, П. С. Ромашкин, Н. С. Таганцев, Ю. А. Тихомиров, М. Д. Шаргородский, Г. Ф. Шершеневич, В. Ф. Щепельков, Б. В. Яцеленко сынды ғалымдардың құнды еңбектерінде қозғалған. Мәселенің халықаралық құқықтық элементтерін зерттеушілер арасында С. Д. Беди, Л. Н. Галенская, В. К. Звирбуль, А. Кибалник, Ф. Лист, И. И. Лукашук, Ф. Ф. Мартенс, Г. Мюллер, Д. П. Никольский, Оппенгейм, Н. А. Сафаров, Э. Симсон, В. А. Туманов, В. П. Шупилов, Г. В. Швеков т. б. сияқты ғалымдар бар. Сол сияқты жұмыс барысында Н. М. Абдиров, А. Н. Ағыбаев, Ү. С. Жекебаев, Е. І. Қайыржанов, С. С. Молдабаев, М. С. Нәрікбаев, Р. Т. Нұртаев, И. М. Рогов, Д. С. Чукмаитов, Е. А. Оңғарбаев, С. М. Рахметов, Б. К. Сыздық сияқты қазақстандық ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.

Қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі күшінің жекелеген мәселелері көптеген монографиялық еңбектерде қарастырылып, диссертация көтерген проблемаларды терең зерттеген. Олардың қатарында Кеңестік дәуір мен ТМД елдерінің ғалымдары М. И. Блум, А. А. Тилле, А. И. Бойцов, В. М. Волженкин, А. Е. Якубовтардың монографиялық еңбектері бар. Тақырыптың жекелеген мәселелеріне әр түрлі жинақтар мен мерзімді басылымдарда мақалалар түрінде қалам тартушылар қатарында Ю. А. Зюбанов, И. Костенко, И. Б. Колчевский, А. М. Медведев, Ю. А. Мельников еңбектерін атауға болады. Сондай-ақ зерттеу тақырыбының кейбір мәселелерін М. К. Жолумбаев, Г. А. Ағыбаев диссертациялық жұмыстарында қарастырған.

Зерттеудің нормативтік базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қаз КСР-інің Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасы Қылмыстық және Қылмыстық істер жүргізу кодекстері мен өзге де заңдары (кей тұстарын салыстыру үшін Ресей Федерациясының ҚК-де), кейбір шет елдердің қылмыстық заңдары, Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі және өзге де елдермен бекіткен халықаралық келісім-шарттары, Қазақстан Республикасының Құқықтық саясаты Тұжырымдамасы мен ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары құрайды.

Бұл жұмыстың жаңалығы ретінде қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі күші мәселелерін алғаш рет мемлекеттік тілде Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңнамасы негізінде кешенді түрде зерттелуі танылады. Ол үшін қылмыстық заңның уақыттағы күші және қылмыс жасау уақытын, қылмыстық заңның кері күші, заңның кеңістіктегі қолданылуының қағидалары, қылмыс жасаған адамдарды шет мемлекетке ұстап беру мәселелері толығымен қамтылды. Олардың отандық және кейбір шетел мемлекеттерінің қылмыстық заңдарында бекітілуі мен зерттелуі деңгейі, Қазақстан Республикасы азаматтарының өз мемлекеті аумағынан тыс жерлерде және шетелдіктердің Қазақстан аумағында жасаған қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттеріне ҚР Қылмыстық кодексін қолданудың ерекше-ліктеріне ғылыми-теориялық талдау жасап, сипаттама беру жұмыстың жаңа-шылдығын көрсетеді.

Қорғауға шығарылатын негізгі ережелер

1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне ҚР Құқықтық саясат Тұжырымдамасында мазмұны белгіленген қағидаларды заң жүзінде бекітетін арнайы нормаларды енгізу қажет. Бұл жерде заңдылық қағидасының мазмұнын заң шығарушының бұрынғы жіберген қателіктеріне қарамастан, кез келген күшіндегі заңның сақталуын қамтамасыз ететін қағида ретінде, ал заңның кері күшінің ережелерін бекітуді гуманизм қағидасының көрінісі деп емес, заң шығарушының бұрынғы қызметі барысында жіберген қателігін түзетуге бағытталған қадамдар жасауы деп немесе қоғам талаптарына жауап беруге ұмтылыс жасауы деп тануды ұсынамыз.

2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 5 - бабын мынадай редакциядағы нормамен толықтыруды ұсынамыз: «Қылмыстық жауаптылықты ішінара жеңілдететін немесе ішінара ауырлататын санкциясы бар заңның тек жауаптылықты жеңілдететін бөлігінде ғана кері күші болады». Мұндағы қылмыстық жауаптылықты ішінара жеңілдететін заң ретінде норма санкциясында көзделген жаза мөлшерін төмендететін де, жоғарылататын да заң танылады.

3. «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексін күшіне енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі № 169 Заңының:

- 2-бабының 3-бөлігін: «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі күшіне енген уақытқа дейін аталған заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің қайшы емес тұстары қолданыла береді» деп өзгерту;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық заңның кері күші
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІ ӘРЕКЕТ ЕТУ ҚАҒИДАТТАРЫ
Қылмыстық заң жүйесі, құрылымы туралы ақпарат
Қылмыстық заңның уақытта және кеңістікте қолданылуы
Құқықтың нысаны
Қылмыстық заңның нормаларының құрылысы
Қылмыстық заңның кері күшінің ұғымы
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Қылмыстық құқыққа қайшылық
Аса қажеттілік жағдайында қылмыс жасау жағдайлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz