Қазақстанның топырақтары мен табиғи зоналары және олардың сипаттамалары



1 Қазақстан территориясында кездесетін зоналық топырақтардың қысқаша сипаттамасы
2 Таулы алқаптың топырақтары
Қазақстанның жазық алқаптарында климаттың, топырақтың терістіктен оңтүстікке қарай өзгеруі табиғаттың көлденең зоналық заңына бағынса, таулы алқаптардағы топырақ, климат жағдайларының тау етегінен, таудың биік шыңына қарай өзгеруі табиғаттың тік зоналық заңына бағынады. Енді біз Қазақстан территориясында кездесетін зоналық топырақтардың қысқаша сипаттамасына және бұл топырақтарды ауыл шаруашылығында пайдалану мәселелеріне тоқталамыз.
1)Республиканың қиыр терістігінде біраз территорияны жеткілікті ылғалданған орманды-далалы зонаша алып жатыр. Бұл зонашада ауадан түсетін ылғғалдың орташа жылдық мөлшері 330-350 мм, ерден буланатын ылғалдың мөлшерімен шамалас, ылғалдану коэффициенті бірге жуық. Жер беті жазық, ойпатты келеді, сондықтан бұл аймақта ылғалды-шалғынды топырақтар көп таралған, негізінен шайылған орманның сұр топырағы мен шалғынды қара топырағы және сілтісізденген қара топырақтар кездеседі. Топырақтың беткі қабатындағы қара шірінді мөлшері 8-9%. Зонаша негізінен Батыс Сібір ойпатында орналасқан. Мұнда суарылмайтын егіншілік дамыған, негізінен жаздық бидай егіледі. Картоп, көкөністер өсіріледі, етті-сүтті мал шаруашылығы дамыған. Егістікке жарамды жерлердің барлығы түгелдей игерілген. Қалған жерлері орман, шабындық пен жайылым үшін пайдаланылады. Қазақстан территориясында бұл зонаша не бары 0,4 млн ( республика жерінің 0,2%) гектар, зонаның негізгі бөлігі , Терістіктегі Ресей жерінде.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның топырақтары мен табиғи зоналары және олардың
сипаттамалары

Қазақстанның жазық алқаптарында климаттың, топырақтың терістіктен
оңтүстікке қарай өзгеруі табиғаттың көлденең зоналық заңына бағынса,
таулы алқаптардағы топырақ, климат жағдайларының тау етегінен, таудың
биік шыңына қарай өзгеруі табиғаттың тік зоналық заңына бағынады.
Енді біз Қазақстан территориясында кездесетін зоналық топырақтардың
қысқаша сипаттамасына және бұл топырақтарды ауыл шаруашылығында
пайдалану мәселелеріне тоқталамыз.
1)Республиканың қиыр терістігінде біраз территорияны жеткілікті
ылғалданған орманды-далалы зонаша алып жатыр. Бұл зонашада ауадан
түсетін ылғғалдың орташа жылдық мөлшері 330-350 мм, ерден буланатын
ылғалдың мөлшерімен шамалас, ылғалдану коэффициенті бірге жуық. Жер
беті жазық, ойпатты келеді, сондықтан бұл аймақта ылғалды-
шалғынды топырақтар көп таралған, негізінен шайылған орманның сұр
топырағы мен шалғынды қара топырағы және сілтісізденген қара
топырақтар кездеседі. Топырақтың беткі қабатындағы қара шірінді мөлшері
8-9%. Зонаша негізінен Батыс Сібір ойпатында орналасқан. Мұнда
суарылмайтын егіншілік дамыған, негізінен жаздық бидай егіледі. Картоп,
көкөністер өсіріледі, етті-сүтті мал шаруашылығы дамыған. Егістікке
жарамды жерлердің барлығы түгелдей игерілген. Қалған жерлері орман,
шабындық пен жайылым үшін пайдаланылады. Қазақстан территориясында бұл
зонаша не бары 0,4 млн ( республика жерінің 0,2%)
гектар, зонаның негізгі бөлігі , Терістіктегі Ресей жерінде.
2) Осы зонашадан оңтүстікке қарай байтақ қара топырақты далалы зона
жатады. Өзінің топырағы мен климаттық жағдайына қарай бұл зона екі зонашаға
бөлінеді. Бұл аймақтың біразы Батыс-Сібір ойпатында жатыр. Солтүстік
Қазақстан облысының көпшілік жері, Қостанай, Павлодар облыстарының терістік
жағы, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік
шеттері осы зонада орналасқан. Ылғал көбінесе күз және қыс айларында
түседі, ал мамыр мен шілде аралығы біршама құрғақ болады. Егістік өніміне
әсер ететін қатты құрғақшылық бұл аймақта сирек қайталанады. Оның
топырақтары мен топырақ зонаның Батыс Сібір провинциясында кездесетін
кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктің қара топырағы.
Егістікке жарамды жерлердің бәрі жыртылған. Бұл аймақта негізінен
суарылмайтын астық егіледі. Дегенмен сортаң, сорланған топырақтар және
комплексті учаскелер күрделі мелиорациялауды, ал жыртылған жерлер фосформен
тыңайтуды қажет етеді. Бұл зонаның көлемі -25,4 млн гектар, яғни республика
жерінің 9% жуық. Бұл алқаптың көп жері 1954-1958 жылдары тың игеру кезінде
астықты дақылдар үшін жыртылды.
2) Кәдімгі топырақты зонаша республиканың 11,7 млн гектарын, яғни барлық
жерлердің 4,3%-алып жатыр. Ауадан түсетін ылғал 300-330 мм. Негізгі
топырақтары –кәдімгі ортагумусты қара топырақтар. Топырақ қарашіріндісінің
мөлшері беткі 0-10 см қабатында 7-8%, табиғи күйінде құнарлы топырақтар.
Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық орта есеппен он жылда бір рет
қайталанады.
3) Оңтүстік қаратопырақты зонаның көлемі 13,7 млн гектар, республика
жерлерінің 5,1%-ы. Ауадан түсетін ылғал жылына 280-300 мм, оның жылы
уақытта түсетіні 150-180 мм. Топырақтардың басым бөлігі азгумусты қара
топырақтар. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірінді мөлшері 4-6%.
Топырақтар жамылғысында сортаңданған, әктенген топырақтар түрлері басымырақ
кездеседі. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық он жылда 2-3 рет
қайталанады.
4,5,6) Қара топырақты далалы зонаның оңтүстігінде Қазақстан батысынан
шығысына қарай-Шығыс Қазақстан облысына дейін созылып құрғақ және шөлді-
далалы қара қоңыр топырақты зона жатыр.
Оның көлемі 90,4 млн гектардай, яғни бұрынғы КСРО-дағы мұндай зонаның 70%
жерін қамтиды. БҰл аймақта Павлодар облысының көп жері , Солтүстік
Қазақстан облысының батыс жағынан біраз бөлігі, Қостанай, Ақмола
облыстарының көпшілік жері, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс
Қазақстан,Қарағанды облыстарының көп жерлері орналасқан.
6) Шөлді-далалы зонаша солтүстіктегі далалы аймақ пен оңтүстіктегі
шөлді аймақтың аралығында жатыр. Сондықтан бұл зонашада солтүстіктегі
далалы зона мен оңтүстіктегі шөлді зонаның табиғи ерекшеліктері кездеседі.
Климаттың құрғақ болуына байланысты мұнда өсетін шөптердің түрлері аз, әрі
сирек. Топырақтың құнарлылығы кем, әсіресе оның құрамындағы қарашірік аз,
топырақ түсі ашық қара-қоңыр, көбінесе сортаңданған. Ауадан түсетін ылғал
мөлшері жылына орташа есеппен 180-210 мм-ақ, бұл егістің өнімді шығуын
қамтамасыз ете алмайды.
7,8) Жартылай шөлді зонашаның оңтүстігін кең алқапты шөл зонасы алып
жатыр. Бұл зонада Батыс Қазақстан облысының біраз жері, Атырау, Маңғыстау,
Қызылорда облыстары түгелімен, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс
Қазақстан облыстарының біраз жерлері, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан
облыстарының басым көпшілік жерлері орналасқан.
Бұл алқапта ауадан түсетін ылғал мөлшері өте аз. Ылғалдану
коэффициенті 0,1-0,05-ке шейін кемиді. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері 80-
150 мм-дей. Үсіксіз уақыттың ұзақтығы 170-220 күнге жетеді. Күні бұлтсыз,
ыстық, 100-тан жоғары болатын күндердің температура қосындысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ түрлері. Қазақстанның таулы аудандарының топырағы
Топырақтың минералдық құрамы
Топырақтардың химиялық құрамы
Таулы аймақтардың шөл зонасы
Орманды дала зонасы
Топырақтың табиғатта таралу заңдылықтары. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің негізгі топырақ зоналары
Жыртуға жарамды сапасы орташа жерлер
Белдеулер
Жер бетінің биогендік компоненттері Жер шарының топырақ жамылғысы, таралу заңдылығы
Алматы облысы Балқаш ауданы
Пәндер