Қылмыс объектісінің түсінігі, құрылымы және түрлері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қылмыс объектісінің түсінігі, құрылымы және түрлері
1. 1. Қоғамдық қатынастар - қылмыс объектісі
1. 2. Қоғамдық қатынастардың құрылымы және түрлері
ЌОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
К І Р І С П Е
Еліміздегі өткен ғасырдың сексенінші жылдарының аяқ шенінде басталып, келесі онжылдықта қарқын алған қоғамдық қатынастардың өзгерісі шарықтау шегіне жетіп, жаңа және жаңарған базис бой көрсетті де өзіне сай қондырмасын талап етті. Оның себебі - Социалистік мемлекеттің (қоғамның) Кеңестік моделі қалыптастырған қоғамдық қатынастардың КСРО-ның құлдырау кезеңінің басталуынан-ақ ірге сөгілуі өріс алған еді. Ақыр аяғы қондырмалық қатынастардың бір және бірегей бөлігі құқықтық қатынастардың өзгерісіне, соңғысы заңды түбегейлі реформалау үрдісіне алып келгендігі аян. Осы социалистік қатынастарды нарықтық қатынастардың ығыстырып, орнығуы кезінде Конституцияның өзі екі рет қабылданып, тіпті, соңғысының он сегіз бабына өзгеріс еніп те үлгерді. Тіпті, кейбір маңызды заңдар әлі күнге жаңа қатынасқа сай етіп қайта қабылданған жоқ.
Базистің, оның ізімен қондырманың өзгеруі салдарынан әрекетті бағалауда қоғамның, заң шығарушының позициясының өзгеруі нәтижесінде жаңадан қабылданған ҚК-те Кеңес дәуірінде қылмыс болып келген әрекеттер қылмыссыздандырылса (декриминализация), керісінше бұрын беймәлім қылмыс құрамдары да көрініс тапты. Осының өзі де қылмыс объектісін құрайтын қоғамдық қатынастардың мазмұны ғана емес, сипаты да өзгергендігін көрсетеді. Сондай-ақ, қоғамдық қатынастар әлі де өзгеру үстінде екендігін және заң шығарушының көзқарасы әлі де орнықпағанын ҚК-тің қабылданғанына жыл өтпей-ақ белгілі баптардың (210, 211, 212-б. б. ) күшін жоюынан да білуге болады. Сол секілді Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы жолында өткізіліп жатқан реформаларға байланысты қоғамдық қатынастардың әлі де сан өзгеріске ұшырайтыны аян.
Жаңа ҚК-тің Ерекше бөліміндегі баптардың 29% -ке жуығы мүлде жаңа. Олар: 97, 113, 114, 123, 128, 133, 137, 138, 142, 144, 151, 153, 156, 158, 160, 161, 162, 168, 169, 180, 189, 191, 193, 197-205, 207, 208, 210, 213, 215, 216, 218, 225, 226, 228-230, 232, 233, 238, 240, 242-244, 254, 258, 268, 270, 272, 277, 279, 289, 290, 293, 294, 297, 303, 305, 309, 310, 322, 328, 329, 331, 338-340, 342, 343, 345, 348, 356, 379, 388 -баптар. Кеңестік кезеңдегі ҚК-тің 36% -ке жуығын жаңа Кодекс мүлде білмейді. Олар: 55, 56-1, 58, 59, 62-1, 62-2, 68, 71-1, 72-1, 72-2, 74, 75, 75-1, 76-6, 77, 79, 80, 81-2, 84, 86, 87, 105, 106, 107, 109, 126, 127-1, 127-2, 130, 132, 133, 133-1, 134-139, 141, 142, 149, 150, 151-1, 153, 154, 155, 157, 158, 160, 165, 166-2. 1 66-3, 168, 168-1, 168-2, 170, 170-2, 172-1, 172-2, 173-1, 174, 179, 180, 180-1, 180-2, 181-184, 191-1, 191-3, 198, 199-3, 200 -1, 200-3, 201-1, 201, 2, 204-1, 205, 2 05-3, 205-4, 206, 209, 211-1, 213-3, 214-2, 217-, 218, 219, 220, 223, 226, 228, 232, 235, 250, 252, 254, 256 -баптар.
Бұған қарап та қоғамдық қатынастарды зерттеу мәселесі өз өзектілігін жоймағандығын аңғаруға болады.
Қылмыс объектісінің түсінігі, құрылымы және түрлері
- Қоғамдық қатынастар - қылмыс объектісі
Қылмыс қашан да бір құндылықтарға қол сұғып, зардап әкеледі немесе әкелу қаупін туғызады. Не нәрсеге қол сұғылса, не қол сұғылмақ болса, сол қылмыс объектісі болып табылмақ. “Қылмыс объектісінің проблемасы кінә, зиян келтіру проблемаларынан кем түспейтін маңызды да философиялық терең проблема болып табылады”.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісі болып қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар танылады.
Қазақстандық құқық ғылымы ҚР КСРО ыдырағанша оның құрамында болып келгендіктен, сол Кеңестік құқық ғылымының оған дейінгі жеткен ортақ жетістіктерін мұралап, енді өз желісімен дамып келе жатқандығы аян. Ал Кеңестік қылмыстық құқық өзінің алғашқы күндерінен бастап-ақ қылмыс объектісі ретінде, оған дейін әр түрлі көзқарастар болса да, Марксизм идеяларын жалғастырып, қоғамдық қатынастарды таныған еді.
А. А. Пионтковскийдің 1925 ж. жарық көрген “Қылмыстық құқық” оқулығында “қоғамдық қатынастарды” қылмыс объектісі ретінде атап өтеді.
Шынында да, Қазан төңкерісінен бұрын бұл тұрғыда Ресей мен шет ел ғылымында әр түрлі пікірлер орын алған еді. Мысалға, Ресейдің төл ғалымы Н. С. Таганцев “шынайы болмысындағы құқық нормасын” таныды. Оның осы сөзін тарата келе, А. В. Наумов “Таганцев шынайы болмыстағы құқық нормасы деп қылмыстық құқық арқылы қол сұғушылықтан қорғалатын игіліктің (мүдденің) шынайы мазмұнын көрді”, -деген қорытындыға келеді.
Ал Н. С. Таганцев енді бір жерінде, қылмыстың мәні қылмыскердің шынайы құқыққа ие адамға зиян әкелгенінде емес, мемлекеттің талабын бұзуға еркінің жеткендігінде, зиян келтіру қылмыстың мәні емес, амалы ғана, “сондықтан да қылмыстан құқық үстемдігін қорғаушы ретінде қашан да мемлекет зардап шегеді. Қылмыс объектісі деп шынайы игіліктер мен мүдделерді танысақ біз қандай да бір игіліктер мен құндылықтарды жою заңсыз болып табылмайтын әрекеттердің құқықтық табиғатын түсіндіре алмаймыз” дегенді айтады. Яғни, игіліктер мен мүдделер қылмыс объектісіне айналуы үшін олардың міндетті түрде мемлекет қорғайтын құқық нормаларымен қамтылуына сілтейді.
Сондай-ақ мүдде мен оның құқықтық формасының бірлігі туралы ой толғамдарды Е. І. Қайыржановтан да кездестіреміз (ол туралы төменде баяндалады) .
Сол сияқты шетел және төңкерістен бұрынғы Ресей әдебиеттерінде қылмыс объектісі деп тұлғаның субъективтік құқығын (А. Фейербах), қоғамның дұрыс қызмет ету шарты ретінде құндылықтарды (К. Биндинг), құқықтық нормамен қорғалатын өмірлік мүдделерді (Ф. Лист), құқықтық игіліктерді (Х. Уелрел), парыз бен оның көрінісі қатынасты (И. Я. Фойницкий) танитын пікірлер орын алды.
Қазіргі заманның Қазақстандық (және ТМД елдерінің) қылмыстық құқығында “қылмыс объектісі қорғалатын қоғамдық қатынастар” деген пікір жалпылама қабылданған ереже болғанымен, Кеңес дәуірінің өзінде де бұған өзіндік әр қосушылар мен сын айтушылар болды және әлі де бар.
Айталық, В. Г. Смирновтың ойы бойынша “құқықтық тәртіп шын мәніндегі қоғамдық қатынастардың өзінше бір “құқықтық қабығы” ретінде қылмыс және басқа да құқық бұзушылық кезінде белгілі бір зардап шегеді, осы тұрғыдан келгенде ол қылмыстық -құқықтық қорғау мен жалпы құқықтық қорғау объектісіне енуі тиіс. Өз сөзімен айтсақ, “Бұл ұғымның дәл мағынасында қылмыстық қол сұғушылық объектісі деп тек қана социалистік қоғамдық қатынастарды ғана емес, олардың қамтамасыз етілу шарттарын да”, яғни құқықтық тәртіпті де тану керек. Құқықтық тәртіп (құқықтық шарттар) нақты қоғамдық қатынастардың құрамына енбейді, сол себепті қылмыстық құқықтық қорғау объектісінің айрықша бір құрамдас элементі болып табылады.
Сол сияқты, М. И. Федоров та қылмыс объектісі деп тек қана қоғамдық қатынастарды емес, сонымен қоса, құқық нормасын да тануды ұсынады.
Бұған А. А. Исаев құқық нормасының мазмұны оған берген түсініктемесіне қарай өзгеріп отыратын тұрақсыздығын алға тартып, сондай-ақ барлық қоғамдық қатынастардың құқық арқылы реттелмейтінін келтіре отырып, келіспейтіндігін баяндайды.
Ал Е. І. Қайыржанов болса, қылмыс объектісінің материалдық және формальдық жақтарын ажыратады. Материалдық жағы қорғалатын мүдде болса, формальдық жағы - ол мүддені бүркеп, қорғап тұрған құқықтық норма. “Құқықтық қорғаусыз құқықтағы мүдде жоқ. Сондай-ақ олар қорғайтын әлеуметтік құнды мүддесіз құқық, нақты құқықтық нормалар жоқ”, - дейді Е. І. Қайыржанов, оның ойынша, - “қылмыстың объектісін анықтау үшін. кез келген жеке жағдайда екі түрлі өзара байланысты мәселеге тоқталуға тура келеді. Біріншіден, кімнің қандай мүддесі. ? Және, екіншіден, қандай құқықтық норма. . бұзылды?”.
“Формальдық тұрғыдан қылмыс объектісі болып құқықтық норма шығады. Бірақ бұл жәй беткі . . . жағы ғана. Объектінің неғұрлым терең мазмұнды жағы, мәнісі немесе қоғамдық құндылығы қоғам мен мемлекет атынан. қорғалатын мүддеде, қоғамның. материалдық не моральдық игіліктерінде жатыр”.
“Мүдде қоғамдық қатынастардың нақты көрінісі бола тұра, өз кезегінде, өзінің құқықтық формасымен жанамалануы, рәсімделуі, киінуі керек”, әйтпесе қылмыс объектісі емес. Е. І. Қайыржанов, сондай-ақ, объект турасындағы академик М. Т. Баймахановтың, құқық бұзушы осы екі жақты объектіге (қоғамдық қатынастар мен оны қорғаушы заң) зиян келтіреді деген сөзін ат-үсті айтып өтеді.
Н. И. Коржанский болса, нормативистік теорияға өз қарсылығын былайша білдіреді: біріншіден, қылмыс кейде құқық нормаларымен реттелмеген қоғамдық қатынастарға (кейбір жыныстық қатынастар, қоғамдық тәртіп) қол сұғады, екіншіден, қылмыстық-құқықтық қатынастар қылмыс жасаудан бұрын өмір сүрмейді, сол сияқты бұл қатынастардың объектілері де одан бұрын өмір сүре алмайды. Ал қылмыс объектісі, керісінше, әрқашан қылмыс жасаудан бұрын өмір сүреді.
Біз өз тарапымыздан нормативистік теорияны қолдамағанымызбен, соңғы пікірге қосар ойымыз да бар. Н. И. Коржанский айтатын “құқықтық реттелмеген” кейбір жыныстық қатынастардың өзі ҚК-те аталып өтсе (қылмыс хақында), соның өзі оны қорғаумен қатар реттеп өтеді. Демек, ненің жасалуға тиісті емес екенін білген соң, ненің (қандай әрекеттің) жасалуы мүмкін екені шығады. Ал бұл реттеу емес пе ?!!
Бұдан шығатын қорытынды - құқықтың аясына енбеген айдаладағы нәрсеге қылмыстық қолсұғылады деу қиыспайды.
Кейбір авторлар қоғамдық қатынастардың қылмыс объектісі екендігін айта отырып, объектіні нақтылауға көшкенде “мүмкіндікке” қарай ауысып кетеді (Б. С. Никифиров, А. Е. Фролов, Н. И. Коржанский т. б. ), оның да себебіне өз кезегінде ораламыз.
“Қоғамдық қатынастарға” соңғы жылдарда сүбелі қарсылықты А. В. Наумов білдірді. Оның пайымдауынша, қоғамдық қатынастар теориясы жеке адамға қарсы қылмыстардан басқаларына келеді, ал адамды “тек қоғамдық қатынастардың жиынтығы” деп түсіну өмірдің биологиялық құбылыс ретіндегі, адамның биологиялық тіршілік иесі ретіндегі абсолюттік құнын төмендетеді. Сондықтан да А. В. Наумов қоғамдық қатынастар иедеясынан бас тартып, XІX ғасырдың аяқ шенінде қылмыстық құқықтың классикалық және социологиялық мектептерінде іргесі қаланған “құқықтық игіліктер” теориясына оралуға шақырады.
Десек те, Н. И. Коржанскийдің пікірі бойынша адамды қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде емес, биологиялық тіршілік иесі деп қарасақ, онда қажетті қорғану жағдайында, үкімді орындау кезінде адамға қаза келтірудің заңды екендігін түсіну мүмкін болмай қалады.
Біздің ойымызша, қоғамдық қатынастар идеясынан мүлде бас тартуға болмайды. Себебі, айталық, әрекетсіздік арқылы жасалатын “Науқасқа көмек көрсетпеу” (ҚР ҚК 118-б. ), “Қауіпті жағдайда қалдыру” (ҚК 119-б. ) сияқты қылмыстар орын алғанда адам мүддесіне зиян келіп тұрғанын егер қоғамдық қатынастар (арқылы жүктелетін міндеттер) болмаса, қалай білуге болады? Оларға көрсетілмек көмекті кімнен талап ету керектігіне заңмен қалыптасқан қоғамдық қатынастар (арқылы жүктелетін міндеттер) ғана жауап береді.
Сонымен, қазіргі қазақстандық қылмыстық құқық ғылымы қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастарды қылмыс объектісі деп біледі. Бірақ қылмыс объектісі деп қоғамдық қатынастарды танудан қылмыс объектісі проблемаларының барлығы шешіле қалмайды, қайта проблема осы жерден басталады. Соның ішінде оның түсінігі мен құрылымын анықтау, топтастыру проблемалары алдыңғы кезекке сытылып шығады.
Қоғамдық қатынас тек адамдар арасында ғана болады. Өзге тіршілік иелері бұндай қасиеттен ада. Адамдар бір-біріне байланысын, кіріптарлығын сезінген сәтінен бастап қоғамдық өмір (қатынастағы) басталады. Ал аталмыш байланыс, кіріптарлық қайдан пайда болмақ? Басқа биологиялық тіршілік иелері өздерін бұлай сезіне алмайды. Оларда тек қана биологоиялық, табиғи мұқтаждықтарды қанағаттандыруға ұмтылу сезімі ғана бар. Оларды жүйелі қанағаттандырудан соң да ешқандай жаңа мұқтаждықтар пайда болмайды.
- . Қоғамдық қатынастардың құрылымы
Қоғамдық қатынастардың құрылымы туралы да ғылымда әр түрлі пікірталастар болды.
Қылмыс объектісіне қатысты алғашқы болып кешенді зерттеу жүргізген Б. С. Никифоров қоғамдық қатынастардың үш түрлі құрамдас элементін атайды: 1) қоғамдық қатынасқа қатысушылар; 2) қатысушылардың арасындағы қатынас; 3) қатынастардың жүзеге асу шарты.
Ал философиялық, социологиялық әдебиеттерде кездесетін пікір бойынша қоғамдық қатынастарды: 1) олардың қатысушылары; 2) аталмыш өзара байланысты тудыратын факторлар (қатынас соған қатысты туатын “зат”) ; 3) қоғамдық маңызды әрекет (әлеуметтік байланыс) 1 құрайды.
Қоғамдық қатынастардың құрамдас бөліктеріне жеке-жеке тоқталайық.
А. Қоғамдық қатынасқа түсушілер (субъектілер) . Қатынас болған соң оның субъектілері де болатыны аян. Субъект дегеніміз (лат. subjectum) “1) сыртқы әлемді танушы және оған өзінің практикалық әрекетімен ықпал етуші адам; 2) қандай да бір қасиеттерге ие адам, тұлға; 3) құқықтар мен міндеттерге ие заңдық субъект: жеке тұлға және заңды тұлға. ” (тәржіме бізден) .
Демек, қоғамдық қатынастардың субъектілерінің қатарына жеке адамдар ғана емес, сонымен қоса, мемлекет, оның мекемелері, заңды тұлғалар, ұжымдар, топтар т. б. жатады. Әрине, жеке адамнан басқалары тікелей өздері әрекет ете алмайды. Қашан да олардың функциясы жеке адамдар арқылы атқарылады.
Осы мәселеге орай XІX ғ. орта шенінде “фикция теориясы” немесе кейіптеу теориясы пайда болған еді. Оның іргесін қалаушы неміс заңгері Фридрих Карл Савиньи (1774-1861) . Бұл теория бойынша заңды тұлғалар қарапайым фикцияға орай әрекет жасайтын құқықтың жасанды субъектілері, әрекет қабілеттілігі тек адамдардан тұратын заңды тұлғалардың органдарында ғана бар. “Заңды тұлға - фикция, заң техникасы арқылы жасанды жолмен құрылатын өмірде жоқ құбылыс”.
Бұл жерде XІІІ ғасырда Рим папасы ІY Инокентидің осыған орай айтқан пікірін келтіріп өтсек, артық болмас. Оның ойынша “Заңды тұлға фикцияның арқасында тек ұғымда ғана өмір сүреді, оның тәні жоқ демек еркі де жоқ. Корпорацияның өзі емес тек, мүшелері ғана әрекет ете алады”2.
Заңды тұлғалар құқық арқылы жасалған тек санада ғана өмір сүретін фикция болғанмен, олардың субъектілік қабілеті бар. Демек, жоғарыда аты аталған субъектілер де қоғамдық қатынастардың толыққанды қатысушылары ретінде басқа қатысушылармен қатынасқа түсе алады.
Ф. Энгельс айтпақшы, қатынас болған соң оның бір-біріне қатынасатын екі жағы бар. “Біз әрбір жағын жеке-жеке қараймыз; бұдан олардың бір-біріне қатынасының, өзара әрекетінің сипаты шығады”
Осы орайда В. Я. Таций Н. В. Климонтевичтің: “Күн системасын оған кіретін планеталарсыз сипаттауға болмайтыны сияқты. өндірістік қатынастарды олардың субъектілерінсіз елестету мүмкін емес”3, -деген сөзін тілге тиек ете келіп, қоғамдық қатынастардың субъектілеріне ғана емес, сонымен қатар, олардың осы қатынастардағы функцияларына назар аударады. Оның ойынша, қоғамдық қатынастардың “субъектілік құрамы мен олардың функцияларын анықтау қылмыс объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастарды анықтауға”, сондай-ақ “зиян келтіру механизмін анықтауға мүмкіндік береді”.
Қауіп сырттан келген жағдайларда қылмыс субъектісі қылмыстық құқық арқылы қорғалатын дәл сол қоғамдық қатынастардың әдеттегі қатысушылары болмайды. Бірақ қатынастан тыс басқа біреу аспаннан түсіп оны бұзуы мүмкін емес. Қылмыс дегеніміздің өзі біреудің мүмкіндігін бұзу (немесе қауіп туғызу), ал ол өзіне жүктелген мүмкіндікті бұзу арқылы бола алады.
Мүмкіндігі бұзылатын жақ (жәбірленуші) тек жеке тұлға ғана емес сондай-ақ заңды тұлға да болуы мүмкін. Оны КІЖК 75-бабының 12-бөлігі де растай түседі.
Ал міндетті бұзатын тұлға болып, яғни қылмыскер болып қазіргі қазақстандық қылмыстық құқықтың қағидаларына сәйкес тек жеке тұлға (адам) ғана табылады. Дегенмен, бұл заңды тұлғалардың да қылмыстық жауаптылығын жақтаушы авторлар жоқ деген сөз емес. Бірқатар ғалымдар “фикция-заңды тұлғалардың” субъектілік талаптарға жауап бере алатындығын алға тартып, оларға қылмыстық жауаптылық шараларын да қолдануды ұсынады.
Бұл шетел практикасында Нидерландта -1976 ж., Португалияда - 1982 ж., Францияда -1992 ж., Финляндияда -1996 ж., Қытайда -1997 ж. орнықтырылды.
Ә. Қатысушылардың өзара байланысы (немесе тар мағынадағы қатынас) . Бұл өзара байланыс (әлеуметтік байланыс) қоғамдық қатынастардың мазмұны болып қарастырылады. Себебі, ол қоғамдық қатынастың мәні мен негізгі қасиеттері көрініс табатын айнасы4.
Бұл өзара байланыс бізге кейде субъектінің басқа қоғам мүшелеріне қатысты (қарағандығы) . күйі, жәй-күйі және оның өзін белгілі бір жолмен ұстаудың (алып жүрудің) нақты мүмкіндігі (әлеуметтік мүмкіндік) болып, кейде осы мүмкіндікті жүзеге асыру немесе қоғамдық қатынас субъектілерінің әрекеті болып көрінеді.
Бұл жерден А. Е. Фроловтың Б. С. Никифоровқа арқа сүйегенін аңғаруға болады.
“Сол себепті, - деп жалғайды Е. І. Қайыржанов сөзін осы анықтамаларды келтіре келіп, - нақты қоғамдық қатынастың мағынасы кей жағдайда қатынасқа қатысушылардың белгілі бір позицияларының үйлесімі болып, ал кейде осы позициядағы олардың әрекеті болып көзге шалынады”5.
Жоғарыдағы пікірлерден біз әлеуметтік өзара байланыс туралы екі бағытты аңғарамыз. Субъектілердің өзара байланысы, біріншіден, қоғамдық қатынасқа түсушілердің сырттай көрініс табатын әрекеті.
Екіншіден, әлеуметтік байланыс тек әрекет болып қана емес, “олар “қатып қалған” пассивті формада да, мысалға, адамдардың бір-біріне қатысты “позициясы” түрінде де, азаматтардың құқықтары немесе әлеуметтік статусы нысанында да, әлеуметтік институттар т. б. түрінде де өмір сүре алады”.
Алғашқысы - байланыстың динамикасы болса, екіншісі - қозғалмайтын статикалық мағынасы. Соңғысы “қатынас” категориясының методологиялық мағынасына көбірек жақындайды (6/8) .
Бұл байланыстарда қоғамдық қатынастың өзге элементтерінің негізгі қасиеттері көрініс табады, қоғамдық қатынастардың негізгі сөлі осы өзара байланысқа жинақталады; оған субъектілердің ерекше белгілері мен функциялары әсерін тигізеді, сондай-ақ үшінші элемент - қоғамдық қатынастардың объектісінсіз байланыстың өзі де болмас еді.
Жоғарыда атап өткеніміздей, құқықтық қатынастардың мазмұнын субъективтік құқықтар мен міндеттер құрайды. Ал құқықтық емес байланыстардың мазмұнын не құрмақ?
Әңгіме қоғам мүшелерінің әрекеттерін реттеуші тетік қалыптасқан қоғамдық қатынастардың арқасында болған соң да, субъектілердің әлеуметтік байланысы тек олардың “жанасуы” тұрғысынан қарала алмайды. Онда біз үшін қоғамдық қатынастың (өзара байланысты қоса алғанда) мәні де жоқ.
Субъектілер әуелгі кезде құр жанасудан соң, бірте-бірте “үйренісіп”, бір-біріне деген позицияларын үйлестіріп, өзара байланыстың өзі, соның ауқымында әрекет етуге болатын “қалып” күйіне ене бастайды. Біз үшін мәндісі де осы қалып. Марксизмнің өзі қоғамдық қатынасты “адамдардың өз әрекетін. жүзеге асыратын формадан басқа ештеңе де емес” демей ме?!
Ал ол “қалып” (форма) несімен қалып? Ол қалып адамдар әрекетіне қатысты болғасын, сол әрекеттерді “қалыпқа келтіріп” тізгіндеп отыруы - шарт.
Демек, оның мазмұнын бір субъектінің белгілі бір әрекет ету (немесе хәлде болу) мүмкіндігі мен қарсы жақтың осы мүмкіндік пен мүмкін еместік қалыбына салып, субъектілердің позициясын сәйкестендіріп жымдастырғанда ғана, үйлесім болады, әйтпесе ол түпкілікті қалыптаспаған не шешімін таппаған қоғамдық қатынас болар еді.
Құқықтық қатынастардың ерекшелігі сонда ол мүмкін болатын әрекетке (жай-күйге) “құқық” деген, ал мүмкін емес (болуға тиіс емес) немесе қатаң түрде болуға тиісті әрекеттерге “міндет” деген айдар тағады. Өз кезегінде мемлекет оларды өзінің пәрменді ықпалымен жүзеге асырады. Құқықтық қатынастардан басқа қатынастардың айырмашылығы олардың құқық нормаларымен қамтылмағанында ғана. Мемлекет сияқты билік тұтқасы демеп тұрмағандықтан олардың “мүмкіндік -мүмкін еместік” қалыптары қатаң сақталмауы мүмкін.
Жоғарыда аталған А. Е. Фролов әлеуметтік байланысқа берген анықтамасында “субъектінің. өзін ұстаудың нақты мүмкіндігіне” басты назар аудармап па еді?!! Энгельстің өзі ‘’Қандай да болсын қозғалыс тарту мен тебудің өзара ықпалынан тұрады’’, -деп көрсеткен болатын.
Демек, бұл әлеуметтік байланыстағы ең бастысы әлеуметтік мүмкіндік жағы. “Мүмкін еместік” жағы аталған мүмкіндіктерді жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін жасалады.
Бұл тұрғыда, қоғамдық қатынастардың өзге элементтерін оның мазмұнына енгізбей, тек аталмыш (әлеуметтік байланыс) элементтің өзін ғана қоғамдық қатынас деп түсінетін авторлар бар (мысалға, Ю. И. Ляпунов, В. С. Прохоров. Олар туралы сәл кейінірек) .
Б. Қоғамдық қатынастардың объектісі (пәні, заты) . Қоғамдық қатынастар өздігінен туындамайды, олардың субъектілері өз мұқтаждықтарының ықпалымен қандай да бір материалдық немесе рухани құбылысқа қатысты байланысқа түседі6.
Қандай қоғамдық қатынас болмасын затсыз (пәнсіз) болмайды. Әйтпесе адамдар “құр бос” қатынасқа түспес еді.
Әлеуметтік субъектілердің белгілі-бір мұқтаждықтарын қанағаттандыруға қабілетті әр түрлі игіліктер қоғамдық қатынастардың объектісі бола алады7.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz