Құқық нормасы туралы мәселе


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Құқық нормасы (ағыл. rule of law; нем. Rechtnorm f ;лат. norma - улгі) -
Құқықтың білдірілу нысаны; қоғамдық қатынас саласындағы сол немесе басқа да
мемлекетпен рұқсат етілген жалпы сипаттағы (заң, жарлық, қаулы) міндетті
тәртіп.
Біртекті қатынастарды реттеп, құқық саласын құрайтын (азаматтық,
қылмыстық, әкімшілік құқық және т.б.) құқық нормасының жиынтығы.
Құқық нормалары жалпыға міндетті күшке ие, жауапкершілікті бұзған
жағдайда, субъектілерге заңдық құқықтар мен міндеттерді беруді
қарастырады.[1]
Мораль (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер
арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу
қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың
этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-
ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады. Моральдың
бірқатар ерекшеліктері бар:
• Моральдық ережелер мен талаптар қоғамның ғасырлар бойы қалыптасқан
құндылық негізін құрайды және жалпылама сипатта болады;
• Моральдық қағидалар мен сезімдер нормативті, міндетті, тиісті болып
табылады;
• Мораль әлеуметтік мұраттың бір түріне жатады, ол күнделікті тұрмыс
қалыптарынан жоғары қойылады;
• Мораль мемлекеттік күшпен танылмайды, ол адамның еркіндігі аясымен
байланысты.
Мораль — тарихи кұбылыс, этиканың зерттеу объектісі. Мораль деп — белгілі
бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік
құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз. Мораль жеке адамның
қоғамда өмір сүре алу, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста болу кабілетін
танытады. Басқаша тұжырымдайтын болсақ, мораль — ізгілік, адамгершілік
ережелерінің жиынтығы екен. Моральдык нормаларды ұстану арқылы әрбір жеке
тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады. Мораль
адамдардың бірлесе өмір сүруге дағдылану нәтижесінде, қарым-қатынас жолында
туындап отырған қарама-қайшылықтардан шығу барысында тарихи түрде
қалыптасқан. Мораль өзінің түп-тамырымен сонау қадым замандарға жалғасып
жатыр.
Бізді өзіміздің ең көне тегімізден алшақтататын уақыт аракашықтығына
орасан зор екендігін көзге елестету үшін мынадай шаманы алуға болады.
Адамның қалыптасуының тарихи кезеңін тұтас жүз пайыз деп алсақ, соның тек
бір пайызы ғана біздің "өз есімізді білген" тарихи уақыт болып табылады.
Яғни адамзаттың мақтан тұтар бес-алты мың- жылдық мерзімдегі мәдени-
өркениеттік кезеңі оның алдындағы адамзаттың қапастағы "тарихымен"
салыстырғанда түкке тұрмастай шамада. Ол — бізге таңсық, түсінгенімізден
түсінбегеніміз көп уақыт мерзімі.[1]
Адамдардың бірлесе өмір сүру тәжірибесінен, мәдениеттің дамуынан Моральдық
нормалар шыққан және оның орындалуын қоғамдық пікір қадағалап отырады.
Ынтымақтастық пен адамгершілікті нығайтатын қалыптар Мораль ережелері болып
қабылданады. Жеке тұлға қоғамның әдеп мәдениетін игеру барысында өз мінез-
құлқын реттей алатын қабілетке ие болып, айналасында болып жатқан
оқиғаларға Моральдық баға бере алады. Нәтижесінде адам кісілік қасиеттерін
дамыта алатын субъектіге айналып, оның бойында ар-ұят, жауапкершілік,
парыз, намыс, ізгілік секілді жоғары Моральдық, кісілік қасиеттер
қалыптасады. Моральдық сана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтың түсінігі мен мәні
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылу
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІ ӘРЕКЕТ ЕТУ ҚАҒИДАТТАРЫ
Тұлға туралы ұғым. Заңды тұлға
ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ. ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ҚҰРЛЫМЫ, ТҮРЛЕРІ
Құқық нормалары әлеуметтік нормаларының ерекше түрі
Мемлекетшілік және халықаралық құқық кепілдіктері
Қылмыстық құқық пәні және түсінігі мен міндеттері
Пәндер