Қытай 20 ғ. І-ші жартысында


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Лекция сабағының жоспары: Ќытай 20 ѓ. І-ші жартысында

1. І-ші д‰ниеж‰зілік соѓыстан кейінгі Ќытайдыњ саяси жєне экономикалыќ дамуы

2. Ќытай революциялыќ ќозѓалысыныњ себептері. Сун Ят-Сен

3. Чань Кайшидіњ контрреволюциялыќ төњкерісі

4. Манчьжурияны Жапон империализімініњ басып алуы.

Лекция сабағының мақсаты:

Қытай орталық шығыс Азиядағы мемлекет. Территориясы 9. 6 млн. шаршы шақырым. Ол Ресеймен, Қазақстанмен, Қырғызстанмен, Тәжікістанмен, Кореямен, Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерімен шектеледі. Астанасы - Пекин қаласы. Халқының саны 1. 5 млрд. жоғары. Оның 91% қытайлықтар. Ресми тілі - қытайлық. Қытайда дін мемлекеттен бөлінген. Волютасы - юань.

1911 жылы қазанда Қытай календары бойынша Синьхай жылы деп аталады. Учань қалаларында басталған қарулы көтеріліс Синьхай көтерілісінің бастамасы еді. Оның нәтижесінде Цинь монархиясы құлап, Қытай республикасы жарияланды.

ХХ ғасырдың басында Қытайдың саяси тарихында Сунь Ятсен ерекше рөл атқарады. Ол 1912 жылы күзде Гоминьдан партиясының (Ұлттық партия) негізін қалайды. Сунь Ятсен оңтүстіктегі қозғалыстармен белгілі бола бастайды. Сунь Ятсеннің танымалдығын жергілікті милитаристер пайдаланып, оны Гуанчжоуға билікке шақырады. 1911 жылы Қытайда мемлекеттік ыдырау басталып, монархия құлатылды. Қытайдан нақты түрде Тибет, Синцзянь, Монголия бөлінді. Қытай чиновниктері елден қуылды. Моңғолияға Ресей көмектесті, ал 1915 жылғы келісім негізінде Қытай сыртқы Моңғолияның автономиялық статусына қол қояды.

Елдегі саяси бірліктің жоқ болуы сол кездегі Қытайдың негізгі проблемаасы еді. Азамат соғысы жылдарында Қытайда екі негізгі орталық құрылады. Олар Оңтүстік және Солтүстік. Оңтүстікте Гуанчжоу қаласы, ал солтүстікте Пекин қаласы негізгі орталықтар болды.

Оңтүстік Қытайда билікке таласқан генералдардың топтары өздері шыққан провинциялар атымен гуандундық және гуансилік деп аталды. Ал солтүстікте билік үшін күрес 3 топ арасында жүрді: аньхойлық (оның жетекшісі генерал Дуань Цижуй), чжилік (генерал У Пэйфу) және маньчжурлық (генераллиссимус Чжан Цзолин) . Юань Шикай өлгеннен кейін Пекиндегі билік Дуань Цижуйдің қолына көшті. Осы билеушінің кезінде 1917 жылы Қытай І-ші дүниежүзілік соғысқа кіреді.

1919 жылы париж конференциясы өз жұмысын бастайды. Қытайда өз талаптарымен жеңген мемлекеттер қатарында қатысады. Оның талаптары соғыс кезінде жапондықтар тарапынан оккупацияланған территорияларды (Шаньдун провинцясын қайтаруды) қайтару және жапондықтардың Қытайға қойған “21 талабын” жоюды, сонымен қатар Қытайдың бүтіндігін және тәуелсіздігін тануды сұрайды.

1919 жылы 30 сәуірде Батыс державалары тарапынан Қытай мәселесінің қанағаттанарлықсыз шешімінің ресми жауабы берілген мәлімдеме жасалады. Бұл талапты кейінгі халықаралық форумда қайта қарауға уәде береді, өйткені париж конференциясында негізгі мәселе Германия және Ұлттар Лигасын құру мәселесі тұрған болатын.

1919 жылы 4 мамырда Қытай астанасында бірнеше студенттік демонстрациялар өріс алды. Олардың талаптары: Париж конференциясына қатыспау және татулық келісімінен бас тарту болды. Сонымен бірге халық жапон товарларына байкот жариялады және “21 талапқа” қол қойған чиновниктерді жазалауды қалады. Осылайша Патриоттық қозғалыс басталды. Тез арада жапон товарларына байкот бүкіл елді жайлады. Пекинде үкімет басындағы Дуань Цижуй Париждағы елшілікті шақыруға мәжбүр болды.

Студенттер қозғалысы өз орталығын Шанхайға ауыстырып, 1919 жылы 4 маусымда жаппай халықтық наразылық туды, оларға ірі саудагерлермен ұлттық кәсіпкерлер көмектесті. Қытай студенттерінің қозғалысы бүкілхалықтық сипат алды, ол “жаңа мәдениет үшін” қозғалысына ұласты. Бұл қозғалыс нәтижесінде саяси публистикаға және әдебиетте жаңа байхуа жазба тілінің кіріспесі жасалды.

1919 жылы 25 шілдеде Кеңестік Ресейдің Совнаркомы “Қытайдың солтүстік және оңтүстік өкіметіне” назар аударуды көздеді. Мұнда Қытаймен тең емес құқықтар келісіміне қарсылық білдіру және көмек көрсетуге әрекет жасау айтылды.

1919 жылы 10 қазанда Сунь Ятсен Шанхайда Джунго Гоминьдан (Қытай ұлттық партиясы) партиясын қайта жандандырды және оңтүстікте саяси билік үшін күресті бастады. Партия 3 белгілі принциптің негізінде әрект жасады: Ұлт үшін, халық билігі үшін, халық берекесі үшін.

1920 жылғы шілдедегі оқиғалардың нәтижесінде орталықтанбаған үкімет құлайды, Пекинде аньхойлық лидер Дуань Цижуйдің орнына, Англия мен АҚШ қолдаған чжилік генерал У Пэйфу билікке келді. АҚШ негізінен Қытайға көбірек назар аударды, оның тәуелсіздігін нығайтуға әрекет жасады. Сол сияқты европалық державалар да Қытайда өз позицияларын ұстауға тырысты.

Вашингтон конференциясына Қытай 1921 жылы сәуірден 1922 жылы ақпанға дейін қатысады. Конференциядағы ең басты нәтиже “Қытай туралы 9 держава” келісімі болды. Барлығы Қытайдың тәуелсіздігін сақтауға, оның территориялық бүтіндігін тануға уәде берді. Ал Жопония аты шулы “21 талап” құжатынан бас тартты және Қытайға Шаньдунды қайтарып берді. Қытай өзінің осы келісімдер арқылы халықаралық позициясын нығайтты. Жапония Қытайда өзінің экономикалық позициясын жоғалтты, бірақ Манчжурияда нықталып қалуға тырысты. . Ол жерде үлкен өнеркәсіптік комплексін құрды және коммуникация тармағын дамытты. Бұл кейіннен Жапонияның Қытайға агрессиясында үлкен рөл атқарды.

“4 мамыр” қозғалысы шаруалардың белсенділігінің артуына септігін тигізді: олар бірігіп арендаторлар одағын құрды, сөйтіп ежелгідегі сияқты құпия қоғам жанданды (“Черные пики”, “Желтые пики”, “Союз голоштанников”, “Общество подтянутих животов” және т. б. ) . Тез арада шаруалардан құралған отрядтар өздерінің қауіпсіздігін сақтау үшін армия құрады.

Шаруалар рулық, жергілікті негізде әрекет жасайды. Қытай шаруаларының дүниетанымдық сипаты - өзге жерліктерге сенімсіздікпен қарау болды. Оны бір сөзбен айтқанда ксенофобия дейді.

1920 жылдары Қытайда максистік идеялар туындай бастады. Олар Пекинде (университетте проф. Ли Дачжаоның айналасына жиналған топтар), Шанхайда (Чень Дусюдің айналасындағылар) жанданды. Хунань провинциясының астанасы - Чанша қаласында марксистік ортаны Мао Цзэдун ұйымдастырды, сонымен қатар Ухан және Гуанчжоуда да сондай топтар болды. Сондай - ақ Сарбон университетінде Чжоу Эньлай аймағынан барған марксистік топтарда болды.

Москвада құрылған Коминтерн Қытай революционерлерімен жақын қатынас орнатты. 1921 жылы 1 шілдеде Шанхайда коммунистік партияның І-съезді болды. Жұмыс жетекшісі Коминтерннің өкілі Маринг болды. Съезд Қытайда Коммунистік партияның құрылғанын бір ауыздан мақұлдады, бірақ саны жағынан өте аз еді (53) .

Партия ұзақ мерзімге бағытталған жоспар құрды. Қытай Коммунистік партиясының (ҚТП) Орталық Комитетіне (ОК) бірінші секретар етіп Чень Дусты тағайындады. Қытай тарихында Коммунистердің жағдайы осылайша басталған еді.

1920 жылы қазанда Сунь Ятсенді Гуанчжоуға гуандундық генералдар билікке шақырды. 1921 жылы сәуірде Парламенттік сайлау негізінде Сунь Ятсен Қытайдың төтенше президенті болып сайланды. Бірақ, шындығында президенттің билігі болмады, армия генералға бағынатын еді, ал президенттің 200 адамдық қорғаушысы болған. 1922 жылы Сунь Ятсен жұмыстық бағдарламамен астанадан кетеді. Бірақ тез арада 1923 жылы ақпанда қайта оралады. Сол аралықта басқа рудың генералы билікке келіп қойған болатын. Дәл осы кезде Сунь Ятсен Кеңестер Одағымен қарым - қатынас жасауға, өзінің позициясын нығайтуға әрекет жасады. 1923 жылы КСРО-ның әскери және саяси кеңесшісі Михаил Бородин Қытайға көмекке келді. Олардың рекомендациясымен Сунь Ятсен Коммунистер партиясымен келісім шартқа отырады. Қытай Коммунистік партиясының Гоминдандармен қарым - қатынасы 1922 жылы жасалды. 1923 жылы көктемде ҚКП ОК Гуанчжоуға көшті. 1923 жылы маусымда ҚКП-ның ІІІ - съезінде Гоминьдан партиясымен бірігу туралы шешім қабылданады.

1924 жылы қаңтарда біріккен Гоминьдан съезінде жаңа Жоспарлар мен Жарғылар қабылданады. Сунь Ятсен жаңа “үш халықтық принцип” трактатын ұсынады. Олар: “Национализм” - шет елдіктердің қанауын ликвидациялау, “халық билігі” - милитаристерді билігін шектеу, “халықтық қайырымдылық” - мемлекет азаматтарын әлеуметтік қорғау.

Жарғыда 3 саяси мәселе көзделді: Кеңестік Ресей және ҚКПмен одақ құру, жұмысшылар және шаруаларға сүйеу болу. Жоспар бойынша алдағы мақсаттарды этаптарға бөлді:

  1. Әскери бірлік;
  2. 6 жылдық қамқаршылық кезеңі;
  3. Конститутциялық басқаруға көшу.

Гоминьданда ЦИК-тің құрамына 9 коммунист таңдалды (олардың арасында Мао Цзэдун да бар еді) .

1924 жылы Қытайдың оңтүстігінде Ванпу аралында офицерлер мектебі құрылды. Бұл мектеп КСРО-ның есебінен құрылды: арнайы кемелер қарумен қоса жіберілді, жаттығуды екңестіктер жүргізді, бірақ мекемеге Чан Кайши билік етті. Мектепке 4. 5 мың курсант дайындыққа келді. Бітірушілер Гоминьдан армиясының негізін құрады. 1924 жылы тамызда олардың 2 полкі ұйымдастырылады. Сунь Ятсен 1924-1925жылдары оңтүстіктегі барлық милитаристерді жойып, Гуаньдун провинциясын азат етеді. Әйтсе де 1920 жылдан бастап Пекинде чжилік лидер генерал У Пэйфу басқаратын болатын. 1921 жылдың соңында Манчжурлық генерал Чжан Цзолин мен У Пэйфу арасында қақтығыс басталады. Бұл қақтығыс 1922 жылдың мамырына дейін созылып, генерал У Пэйфуның жеңісімен аяқталды.

1924 жылы қазанда чжилік генералдардың бірі Фэн Юйсян У Пэйфу өлген соң, Пекиндегі билікті жаулап алды. Ол Сунь Ятсенмен, Гоминданмен, ҚКПмен келісім шартқа отыруды көздеді, сонымен қатар КСРО-дан көмек сұрады. Ол өзінің әскерін халықтық армия деп атады. Фэн Юйсян Қытай коалициялық өкіметін құру мақсатымен Сунь Ятсенді шақырады. Бұл жерге Халық жиналысын ұйымдастыру мақсатымен барлық лидерлер жиналды. Қытайды бейбіт жолмен біріктірудің мүмкіндігі бар екені айқындалды (1924жылы) . Бірақ бұл кезде Сунь Ятсен қатты ауруға шалдыққан болатын. Сол себепті 1925 жылы наурызда Сунь Ятсен дүние салды. Сол себепті бұл мәселе кейінге қалады.

Гоминьдандар арасында Сунь Ятсеннің өлімінен соң билік үшін тартыс өршіді. 1925-1927жылдар арасында Қытайда азамат соғысы болды. 1927 жылы маусымда Фэн Юйсян және солтүстіктегі көптеген генералдар Нанкин қаласында Чан Кайшидің билігін таныды. Осы кезде Чан Кайши үкіметі КСРО мен қатынасты түбегейлі бұзды. Чан Кайши 1927 жылы контрреволюция жасайды. Сөйтіп ірі жер иелері мен капиталистерден құрылған ұлттық үкімет құрды. Ол коммунистерді өзіне жау ретінде қарап оларға қарсы репрессия ұйымдастырды. 1932 жылы 2-наурызда Жапония Қытайға қарсы агрессия бастап, үш ай ішінде солтүстік шығыс провинцияларын оккупациялап, Маньчжоу-ГО қуыршақ мемлекетін құрды. Оның жоғарғы басшысы етіп 1912 жылдар құлатылған Маньчжур династиясының соңғы императоры Пу-И ді қойды. Жапон милитаристері КСРО мен, МХР мен шектесетін осы аймаққа енуге плацдармға айналды. Барлық Қытай халқына қарсы ортақ жауға қарсы Гоминдан мен ҚКП қайтадан бірыңғай майдан құрды. Чань Кайшидің үш миллиондық армиясы соғыс қимылының бар ауыртпалығын көтерді. Оған АҚШ пен КСРО экономикалық және әскери көмек көрсетті. Қытай әскерлерінің қимылдары сәтті болмады. Жапония Қытайдың Маньчжуриядан Вьетнам шекарасына дейін созылып жатқан бүкіл шығысын басып алды. Оның ішінде Пекин мен Нанькинде бар. Қытайлықтарға қарсы жүрген Жапон агрессиясы елде патриоттық антижапондық толқу туғызды. Гоминьдан басшылығы агрессорларға қарсы тұрудан бас тартты. 1935 жылы ҚКП Гоминьданға елде азамат соғысын тоқтатып, күшті Жапонияға қарсы біріктіру жөнінде үндеу тастады. 1937 жылы тамызда бір-біріне соғыс ашпау туралы кеңес-қытай келісіміне қол қойылды. Жапонияның Қытайды халықаралық оқшаулау саясаты жүзеге аспады. Кеңес одағы Қытайға әскери және басқа көмектер берді. Кеңес одағының қолдауы Гоминьдан үкіметінің Жапон агрессорларына қарсылығын жалғастыра беруге мүмкіндік берді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдік Азия халықтарының өсу динамикасы
ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ САУДА
ХІХ ғасырдың екінші шерігінде крепостнойлық правоның әсеріне қарамастан
Шетелдік Азия халықтарына этнодемографиялық сипаттама
Цинь империясының сыртқы саясатының кезеңдері
Шешілуі міндетті саяси мәселелерді реттеу
Сауданың сипаты
Дүние жүзі тарихы
ХХ ғасырдың 40-90 жылдарындағы АҚШ-Қытай қарым – қатынастары
Ғұндар аңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz