Қытайдағы «мәдени революция»


Қытайдағы «мәдени революция»
Адамзат тарихы әр түрлі революцияларға толы. Солардың бірі 1966-1976 жылдары Қытайда болған «мәдени революция». Қазіргі таңда бұл революцияның тарихи шындығына әр зерттеушілер әр түрлі баға беруде. Жазылған көптеген монографияларда кеңестік идеологияның иісі аңқып тұр. Кейбір зерттеушілер жалпы революцияларға тән белгілерді таба алмай, болған көтерілістің қаншалықты атына заты сай екенін ажырата алмауда. Аталған революция қазіргі заманда, жаңаша көрініс табатыны ақиқат.
«Үлкен секіріс» жылдарындағы экономиканың құлдырауы, елдің дамуын 7 жылға кейін шегерді. 1961-1965 ж. ж. экономиканы қалпына келтіруге тырысқан Қытай еңбекшілері, «үлкен секіріс» науқаны әкелген қиыншылықтарды тікелей маоистік саясаттан көрді. Бұл саясаттың салдары еңбекшілердің әлеуметтік жағдайын нашарлатып қана қоймай, жұмысшы-шаруалар мен интелигенцияның билікке деген қарсылығын өршелендіре түсті. Елде оппозициялық күштер көбейді. Партия қызметкерлері мен қатар, өкімет аппаратындағы кадрлар да оппозицияның құрамын толықтырды. Мао Цзедун билігіне қарсылық елдің ішкі жағдайы мен қатар, мемлекеттің сыртқы саясатына да байланысты болды. Бұлай дейтін себебіміз Мао Цзедунның әлемдік аренадағы бірнеше акцияларды құлдыратып, Вьетнамдағы АҚШ агрессиясына немқұрайдылық танытуы еді. 1963-1964 ж. ж. КОКП мен ҚКП өкілдері арасында сөзталас жүрді. 1965 жылы көктемде екі жақ мемлекет басшылықтары арадағы қатынасты үзеді. Мао Қытайдың Кеңес одағы көлеңкесінде қалуынан қорықты. Әлемдік сахна төрінен орын алған қос держава КСРО мен АҚШ-тан кейінгі, «үшінші күш» ретінде өзін танығысы келмеді. Мао Цзедун кеңестік байланыстан қол үзіп, мемлекетті өз жолымен дамытуды аңсады. «Кемелденген социализм» бағытын ұстанды. Мемлекетте шексіз әскери-коммунистік билік орнатып, сахнадағы қос мемлекеттің бірі, КСРО-ның орнын басқысы келді. Бірақ, елдегі капитализмнің сарқыншақтарын дамытуды қалаған ганьбулар, Маоның идеяларына сын айта бастады. Ендігі кезекте Мао өзінің алғашқыда қолданып жүрген Сталиндік үлгідегі саясатын жалғастыруды жөн тапты. Кезінде Сталиннен қаншалықты қорыққан болса, кейіннен соншалықты идеал тұтты. Одан үлгі алып, халық санасына коммунистік идеологияны, өзінің жеке басына табынту арқылы сіңірмек болды. 1966-1976 жылдары елді жаппай репрессияның ошағына айналдырды. Қара тізімге халық қаһармандарын, ақын-жазушыларды, қоғам қайраткерлерін қоса есептегенде 100 млн-дай адам тіркеліп, жаңа жүйенің құрбаны болды. Барлық жерде тек Маоның кітаптары, суреттері, сөздері жаңғырылды. Адамдардың әрбір таңы «Коммунизм»-деп атса, кештері «Мао»-деп батуы керек болды. Басқа жүйені еске салатын барлық саяси-мәдени құндылықтар жойылды. Мемлекеттің экономикалық дамуын тағы да 10 жылға артқа шегеріп, «Мәдени революция»-деп аталған бұл жылдар халық санасында өшпейтін қанды із қалдырды.
XX ғасырдың феномені - тоталитаризм, фашизм сынды саясаттар еді. Қытайдың өзге де коммунистік мемлекеттер сияқты тоталитарлық саясат ұстануы жаңалық емес. КСРО да болған Сталиндік режимнің Қытайда Маолық режим болып қайталануы, елде болған «Мәдени революцияға» сыншыл көзқарас қалыптастырды. Кейбір адамдар мағлұматы аз болғандықтан бұл революция жайлы «Қытай мәдениетінің дамуына үлес қосқан революция» деп ойлайды. Болған революцияны «мәдени революция» емес «асыра сілтеушілік революциясы», «анти мәдени революция» деп бағалауға болатын еді. Қалай болғанымен де әр тарихшы өзінше пайымдайды. Ал бұл мақаланың басты мақсаты, сол әртүрлі пайымдаулардың арасындағы, ұқсас пікірлерді жинақтап, ортаға салу.
Әлемдік тарихта Қытай көрнекті орын алады. Өзінің белсенді шығармашылық енбегі мен Қытай халқы адамзат мәдениетіне үлкен үлес қосқан ел. Қытай көптеген жылдар бойы өзінің мәдени экономикалық, саяси және әскери орны жағынан Шығыс Азиядағы жетекші ел болып келеді. Жаңа заман кезеңінде Қытай капиталистік мемлекеттердің отарлық экспансиясының обьектісіне айналды және Тынық мұхитындағы империялистік қақтығыстардың біріккен орталығы болды. Англия, АҚШ Франция, Жапония және тағы басқа капиталистік державалар Қытайды кұлдыратып, оны жартылай колонияға айналдырды. Бірақ Қытай халкы жат жерлік елдердің басқыншылық езгісімен келіспеді. Жүздеген жылдар бойы шікі жаулар мен сыртқы реакцияға қарсы үздіксіз күрестер жүргізді.
Өткен кездегі соғыстар халық пен халықты іштей қырқыстырып, ел мен елді күндестей аңдыстырып қойғаны сонша, бір халық бір халық туралы, бір ел енді бір ел туралы жақсылық ойлаудан айрылып қала жаздады . Ал, ортақ жер бетінде, асапан астында бірге тіршілік кешіп отырған адам баласы ретінде бір - біріне мейіріммен қарау, бір-бірін түсінуге тырысу кезіккен мәселені сөзбен шешуге ұмтылу сияқты саналы да, таза адами қасиеттер енді-енді ғана ырыққа келе жатқандай. Әрине, бүтіндей солай болып кетті деу артығырақ болады. Өйткені, дәл осы кездің өзінде болып жаткан орынсыз кантөгістер де қаншама. Дегенмен, бүгінгі әлемде жалпы адами саналылықтың басым тұрғаны ақиқат. Қытай халқында "Бәрінен де түсінісу жасасын ! " деген аталы сөз бар. Сол айтқандай бүкіл адамзат, әр ел бір бірін білуден, түсіне жүруден ұтпаса, ұтылмайды. Міне, осындай адами саналылықтың нәтижесінде, ондаған жыл тарс бекітулі жатқан Кеңес Одағы мен Қытай шекарасы ашылды.
"Синьхай" ескі Қытай жыл санағы бойынша 1911жылдың 30-шы қаңтарынан 1912жылдың 17ақпанына дейін созылды.
Одан көп ұзамай Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды да, Қытай мен көршілік қатынасқа шықты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz