Қорлардың есебі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1. Қорларды жіктеу және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Қорлар жайлы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Қорлардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау ... ... ... ... ..13
1.4 Қорларды бағалау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

2. Қорлардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.1 Қорлар және №2 ХҚЕС ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.3 Материалдардың бухгалтериядағы есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
2.4 Материалдық қорларды түгендеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

3. Есептеу бөлімі. Шоғырландырылған қаржылық есеп жасау ... ... ... ... .38

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
Кіріспе
Нарықтық экономиканың қай саласында да өндірістік запастар кәсіпорынның айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда өндірістік шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.
Материалдар айналым активтерінің құрамды бөлігі ретінде өндіріс процесінде толықтай қолданылады және өзінің құнын өндірілетін өнімнің құнына толығымен алып барады.
ЖШС “МТС Құрылыс” мәліметтері негізінде «Тауарлы-материалды құнды бұйымдарының есебі және аудиті» тақырыбына жазылған дипломдық жұмысты қорытындылай келе мынадай тұжырымға келуге болады. Осы жұмысты орындау барысында ең алдымен тауарлы-материалды құнды бұйымдарының есебін теориялық жағынан ашуға тырыстық. Тексеру жұмысы үшін методикалық база ретінде тауарлы-материалды құнды бұйымдарының есебі теориясы мен тәжірибесі бойынша Қазақстандық және Ресейлік ғалымдардың еңбектері алынды.
Көріп отырғанымыздай ЖШС “МТС Құрылыс” қаржылық жағдайы қарастырылған жылдары өзгеріске түскенімен жыл соңында табыспен аяқтап отыр. Тауарлы өнім көлемі есепті жылы жоғарылауда. Алайда алдыңғы екі жылмен салыстырғанда біршама өскендігін байқаймыз. Кәсіпорынның соңғы кезде қаржылық жағдайының жақсаруы және сомалар бойынша өсімдік шаруашылығы үлкен үлес алып отыр, тек өндіріс көлемін ұлғайтумен ғана емес, сондай-ақ бұдан шаруашылықтың өсімдік шаруашылығына мамандандырылғанын көреміз.
Қаржы және есеп жұмысының көлеміне қызметкерлерінің міндеттерін тиісті адамдарға бөліп, тиімді ұйымдастырылған. Жалпы есеп кәсіпорындарында журнал-ордерлік формада жүргізіледі.
Шаруашылық тауарлы-материалды құнды бұйымдардың есебін бекітілген нұсқаулықтар, ұсыныстар бойынша жүзеге асырады. Жалпы алғанда материалдардың жабдықтау-өндіру-сату процесіндегі үздіксіз қозғалысы сәйкес құжаттармен жабдықталады.
Осы ЖШС “МТС Құрылыс” есептерінің синтетикалық және аналетикалық есебінің жағдайына тоқтала келе мен үшінші бөлімнің аналитикалық есебіне тоқталдым. Шаруашылықта есептің ұйымдастырылуы жаман емес.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Абдиманапов А.А., Юсупжанова А.К. Организация учета том 3. // Бухгалтерский учет и аудит: - 2006 год. № 2. – стр. 44-54.
2. Әбдіманапов Ә.Ә. Есеп көрсеткіштерін өзара салыстру мен талдау принциптері. // Бухгалтерлік есеп және аудит. – 2006 жыл.
3. Әбдіманапов Ә.Ә. Бухгалтерлік есеп счеттарының жаңа типтік жоспарымен қалай жұмыс істеу керек. // Бухгалтерлік есеп және аудит. – 2007 жыл.
4. Әбдіманапов Ә.Ә. Қаржылық қорытынды есеп терминдері мен элементтерін тану. // Бухгалтерлік есеп және аудит. – 2007 жыл.
5. Әбдіманапов Ә.Ә. Есеп саясатының концептуалды негіздері мен қалыптасуы. // Бухгалтерліқ есеп және аудит. – 2006 жыл.
6. Әбдіманапов Ә.Ә. Есеп саясатының концептуалды негіздері мен қалыптасуы. // Бухгалтерліқ есеп және аудит. – 2007 жыл
7. №2 Халықаралық қаржылық есеп стандарты. www.google.kz
8. "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" заң 02.09.2009 жыл

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ----------------------------------- --------------------------------
--------------------4

1. Қорларды жіктеу және бағалау ----------------------------------- ---------
-----------6
1.1 Қорлар жайлы түсінік ----------------------------------- ---------------
--------------6
1.2 Қорлардың жіктелуі ----------------------------------- ------------------
--------------8
1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау ------------------
13
1.4 Қорларды бағалау әдістері ----------------------------------- -----------
-----------18

2. Қорлардың есебі ----------------------------------- ----------------------
--------------21
2.1 Қорлар және №2 ХҚЕС ----------------------------------- -----------------
---------21
2.2 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі ----------------------------------
-- 27
2.3 Материалдардың бухгалтериядағы есебі -----------------------------------
----30
2.4 Материалдық қорларды түгендеу ----------------------------------- -------
------33

3. Есептеу бөлімі. Шоғырландырылған қаржылық есеп жасау -----------------38

Қорытынды ----------------------------------- -------------------------------
--------------47

Пайдаланылған әдебиеттер ----------------------------------- ----------------
----------49

Қосымшалар ----------------------------------- ------------------------------
--------------50

Кіріспе
Нарықтық экономиканың қай саласында да өндірістік запастар
кәсіпорынның айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың
өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау
әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда өндірістік
шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.
Материалдар айналым активтерінің құрамды бөлігі ретінде өндіріс
процесінде толықтай қолданылады және өзінің құнын өндірілетін өнімнің
құнына толығымен алып барады.
ЖШС “МТС Құрылыс” мәліметтері негізінде Тауарлы-материалды құнды
бұйымдарының есебі және аудиті тақырыбына жазылған дипломдық жұмысты
қорытындылай келе мынадай тұжырымға келуге болады. Осы жұмысты орындау
барысында ең алдымен тауарлы-материалды құнды бұйымдарының есебін теориялық
жағынан ашуға тырыстық. Тексеру жұмысы үшін методикалық база ретінде
тауарлы-материалды құнды бұйымдарының есебі теориясы мен тәжірибесі бойынша
Қазақстандық және Ресейлік ғалымдардың еңбектері алынды.
Көріп отырғанымыздай ЖШС “МТС Құрылыс” қаржылық жағдайы қарастырылған
жылдары өзгеріске түскенімен жыл соңында табыспен аяқтап отыр. Тауарлы өнім
көлемі есепті жылы жоғарылауда. Алайда алдыңғы екі жылмен салыстырғанда
біршама өскендігін байқаймыз. Кәсіпорынның соңғы кезде қаржылық жағдайының
жақсаруы және сомалар бойынша өсімдік шаруашылығы үлкен үлес алып отыр, тек
өндіріс көлемін ұлғайтумен ғана емес, сондай-ақ бұдан шаруашылықтың өсімдік
шаруашылығына мамандандырылғанын көреміз.
Қаржы және есеп жұмысының көлеміне қызметкерлерінің міндеттерін
тиісті адамдарға бөліп, тиімді ұйымдастырылған. Жалпы есеп кәсіпорындарында
журнал-ордерлік формада жүргізіледі.
Шаруашылық тауарлы-материалды құнды бұйымдардың есебін бекітілген
нұсқаулықтар, ұсыныстар бойынша жүзеге асырады. Жалпы алғанда
материалдардың жабдықтау-өндіру-сату процесіндегі үздіксіз қозғалысы сәйкес
құжаттармен жабдықталады.
Осы ЖШС “МТС Құрылыс” есептерінің синтетикалық және аналетикалық
есебінің жағдайына тоқтала келе мен үшінші бөлімнің аналитикалық есебіне
тоқталдым. Шаруашылықта есептің ұйымдастырылуы жаман емес.

1. Қорларды жіктеу және бағалау
1.1 Қорлар жайлы түсінік
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген
дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзір
ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс,
басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және
қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері,
отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа
да материалдары сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түріндегі ағымдағы
активі болып табылады.
Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық
үдерісіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып
өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек
заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей
өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың
өзіндік құнның көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар
еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.
Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған
материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын
бақылау.
3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе
төмендеп кетпеуін бақылау.
4. Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен
анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
5. Мтериалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.
6. Дйындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы
есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын
әр объектінің шығынына қосу.
Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына,
үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс
сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды
жасау қажет:
- тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма
немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың
белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;
- материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары,
өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі
кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы
керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді
таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі
тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыруы керек. Ұйымның басшысы материалдарды
қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен
материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасайды. Сондай-ақ кәсіпорын
басшысы материалдарға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жұмыстан босату
барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын ала келісіп отыруы керек.
Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына
ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының немесе ол
сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады.
Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:
- материалдардың біріңғай наменклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу
бағасын белгілеу;
- құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу
мен есептен шығару операциялардың тәртібін сақтау;
- біріңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу
және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар материалдарды алдағы уақыттарда пайдалану үшін өндіріске
босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп
отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай
түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке
алып отыру қажет.

1.2 Қорлардың жіктелуі
Еңбек заттары бір тектес емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын
міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химимялық қасиеттеріне қарай
өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс
ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген
жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда
атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:
- шикізат;
- негізгі материалдар;
- көмекші материалдар;
- жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып табылады.
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп,
оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды.
Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің
өндірген дөнімдері - мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа
материалдар жатады.
Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші
өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш және т.б. жатады.
Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет
ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл
түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған
өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда
жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да
әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып
алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар
қатрына құрылыс ұйымдарында – бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда –
шойын мен болатты жатқызуға болады.
Көмекші материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және
жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың
негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық)
негізін құрамайды. Олар өндіріс үрдісінде қолданылуы барысында негізгі
материалдарға өзінің қандай да бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі
материалдардың түсін тағы да басқа жақтарын өгертеді. Материалдардың бұл
түріне бояуларды, әктерді жатқызуға болады.
Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық
материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары, т.б. есептеледі.
Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға
пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.
Материалдық босалқы қордың барлық түрін есепке алу үшін 1300 Босалқылар
бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланылады. Бұл бөлімше
құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1310 Шикізаттар мен
материалдар, 1311 Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы
бұйымдар, 1312 Отын, 1313 Ыдыс және ыдыстық заттар, 1314 Қосалқы
бөлшектер, 1315 Өзге материалдар, 1316 Өңдеуге берілген материалдар,
1317 Құрылыс материалдары, 1320 Дайын өнімдер, 1330 Тауарлар, 1340
Аяқталмаған өндіріс, 1350 Басқалай босалқылар, 1360 Босалқыларды
есептен шығару резерві.
1310 Шикізаттар мен материалдар шотында шығарылған өнімнің негізін
салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет
шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді
шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне
септігін тигізетін көмекші материалдар да есепке алынады.
1311 Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар
шотында сатып алынған жартылай фабрикаттар және өндірілген өнімді құрастыру
үшін алынған дайын құрастырушы бұйымдар және жинауға немесе өңдеуге кеткен
шығындар есепке алынады.
1312 Отын мұнай өнімдері, қатты және басқа да отын түрлері есепке
алынады.
1313 Ыдыс және ыдыстық заттар ыдыстың барлық түрі (цистернаны,
бочкілерді, флягтарды қоспағанда) және ыдысты жөндеуге арналған материалдар
есепке алынады.
1314 Қосалқы бөлшектер жөндеуге және машинаның тозған бөлшектерін
айырбастауға (бөлшектер, агрегаттар, аккумуляторлар, дөңгелектер т.б.)
аранлған қосалқы бөлшектер есепке алынады.
1315 Өзге материалдар өндіріс қалдықтары, жөнделмейтін ақау бөлшектер,
негізгі құралды жою барысында алынған материалдар және т.б. алынады.
1316 Өңдеуге берілген материалдар шотында сыртқа өңдеуге берілген
материалдардың және өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнға енгізілгені
есепке алынады.
1317 Құрылыс материалдары құрылыс бөлшектерін, монтаждау жұмысын және
құрылыс процесінде тікелей пайдаланатын құрылыс материалдарын есепке алады.
Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар бойынша
субшоттар және материалдық есебі бойынша аналитикалық шоттар аша алады.
Мысалы, Шығыс ААҚ аяқ киімді өндіру үшін, сары ЦЛ терісін жабдықтаушыға
тапсырыс берген, оның 1 дм2 90 теңге (ҚҚС-мен) тұрады. Келісім шарт
жасасқаннан соң, Шығыс ААҚ-на тапсырыс берген материалы келіп түскен.
Барлық келіп түскен терінің мөлшері 35555,6 дм2 құраған, ал оның сомасы
3200004 теңге болған. Тасымалдау шығыны 800000 теңге және түсіру шығыны
(Түсірушәлердәі жалақысы – 300000 және әлеуметтік - 56700-(300000-
300000*10%*21%)=356700 теңге құраған. Түсіруге дейінгі қоймадасақтау шығыны
630000теңге құраған. Шығыс ААҚ теріне өңдейтін тәсілін жетілдірудің
арқасында, оның құнын 90 теңгеден 75 теңгеге дейін түсірген. Нәтижесінде
алынған терінің нарықтық бағасы 16,67% төмендеген.
Біз бұл мысалда алынған терінің өзіндік құны 4545324 теңге немесе 1 дм2-
ты 127,84 теңге құраған:
- сатып алу бағасы -   2758624 теңге (ҚҚС қоспағанда);
- көлік-дайындау шығындары (КДШ) - 1156700 теңге (800000+356700);
- сақтау шығындары - 630000 теңге сақтау шығыны өзіндік құнға
енгізілуі мүмкін, егер олар қойманың тұрған жеріне дейін жеткізіп
берсе ғана).
Алынған материалдар нақты өзіндік құны бойынша бухгалтерлік есепке
кірістеледі (127,84 теңге бойынша). Содан соң олар сатуға немесе өндіріске
босатуға не нақты өзіндік құны бойынша, не сатылатын таза құны бойынша
босатылуы мүмкін. Тек осындай өнімді басқа кәсіпорны 90 теңгеден емес, онық
бір дм2 75 теңгеден сатқан, сондықтан Шығыс ААҚ-на да сол бағадан сатуына
тура келген.
Енді біз осы операциялар бойынша жасалатын шоттар корреспонденциясын
қарастырып көрейік.

1-кесте Қорлар бойынша шоттардың корреспонденциясы
Рет Сома, мың Шоттардың
№ Шаруашылық операцияларының мазмұны теңге корреспонденциясы
дебет кредит
1 2 3 4 5
1 ТМҚ жеткізіп беру үшін жабдықтаушыға 3200004 2910 1040
аванс берілген
2 Жабдықтаушыдан сары тері алынды:
материалдардың құнына 2758624 1310 3310
1410 3310
ҚҚС-ның сомасына 441380
3 Тасымалдау шығындары өтелді 800000 4240 1040
4240 1040
Сақтау шығыстары төленді 630000
4 Сары теріні алумен байланысты
шығыстары материалдық құнына қосылды:
тасымалдау шығысы 800000 1310 4240

артып-түсіру бойынша кеткен шығыстары 1310 3350,3140
356700
1310 4240
сақтау шығыстары
630000
5 Жабдықтаушының қарызын өтеуге
бұрындары берілген авансы зачет 3200004 3310 2910
жасалды
6 Таза сатылған құнына дейін
материалдардың құны есптен шығарылды.
Өзіндік құны 4545324 теңге болған.
Таза сатылған құны
2300447(355555,6*64,7) теңге құраған
(ҚҚС қоспағанда). Материалдардың
өзіндік құны оларды алумен байланысты 7450 1310
шығыстарын қоспағанда 2758624 теңге 458177
құраған. Таза сатылған құны мен
материалдардың өзіндік құнының
арасындағы айырмасы 458177 теғге
құраған (2758624-2300447).

1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау
Кәсіпорындар мен ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз
ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша
келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша
өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап,
жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт
жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін
уақыты көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жабдықтау бөлімі шартта
көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін
материалдарды алып келген тасымаладу көлігінің жолдама құжаты, теміржол
жүкқұжаты (накладнойы), көліктік жүк құжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да
құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни
жабдықтау бөлімінде келген құжаттар М-1 түрлі келген жүкті есептеу
журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін
экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін
сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін
М-1 түрлі журналға қол қояды.
Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап
отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған
уақыты (күні, айы, жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттың атын және
номерін жазады. Жабдықтаушы мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан
материалдарды немесе жүктерді алу үшін кәсіпорыннан тағайындалған
экспедиторған немесе жүкті алатын басқа адамға үлгілі түрі М-2 немесе М-2А
сенімхаты беріледі. М-2 түрлі сенімхатты лауазымды адамның материалдық
қорларды қабылдап алуға ұйымның сенімді адамы ретінде қатысу құқығын
ресімдеу үшін беріледі. Бұл сенімхатты бухгалтерия бір дана етіп жазады.
Сенімхатты алған адам оны алғаны үшін хаттың бухгалтерияда қалған
түбіршегіне қол қояды. Сенімхаттың М-2А түрі жабдықтаушы ұйымдардан
белгіленген мерзім ішіндегі материалдарды тұрақты алып тұратын экспедиторға
береді. М-2А түрлі сенімхат алдын ала нөмірленген барлық парағы арқылы
жіп өткізіп тігілген, және үлгілі түрі М-3 берілген сенімхаттарды есептеу
журналына тіркелуі керек. Кәсіпорындар мен ұйымдардың экспедиторы немесе
басқа қызметкері М-2А түрлі сенімхатты алғаны үшін осы журналға қол
қояды. Кейіннен олар осы журналға сенімхатта көрсетілген материалдарды
алған уақытын (күні, айы, жылы), кіріс ету құжатының номерін жазады.
Қоймаға қабылданған материалдық қорларға жауапты адам сол күні үлгілі түрі
М-4 кіріс ету ордерін бір дана етіп толтырады.
Жабдықтаушы ұйым тауарлық-материалдық қорларды автомобиль көлігі арқылы
жеткізіп беретін жағдайда жіберілетін материалдарға 4 (дана) етіліп тауар-
көлік жүкқұжаты толтырылады. Оның бірінші данасы жіберілген материалдарды
есептен шығару үшін материалдарды жіберушіде қалдырылады; екінші, үшінші
және төртінші даналары материалдарды жіберуші (босатушы) ұйымның мөрі және
лауазымды адамдардың қолымен расталып, сондай-ақ жүкті қабылдап алғаны
жайлы көлікті жүргізушінің қолы қойылып жүргізушіге тапсырылады.
Жүргізуші тауар-көлік жүк құжатының екінші данасын материалдарды қабылдап
алушы ұйымға тапсырады. Бұл құжаттың негізінде ұйым келген материалдарды
кіріске алады.
Құжаттың үшінші және төртінші даналары материалдарды қабылдап алғанын
растайтын құжат ретінде ұйымның мөрі басылып және тиісті адамдардың қолдары
қойылып, жүкті тасымалдаушы автомобиль көлігі тіркелген ұйымға тапсырылады.
Кейіннен ол құжаттың үшінші данасы материалдық құндылықтарды тасымалдауға
тапсырыс берген ұйымға тасымалдау құнын төлеуге табыс етілетін шотқа
негіздеме ретінде қосылып беріледі.Құжаттың төртінші данасы автомобиль
көлігінің жол қағазына тіркеліп, жүргізушіге еңбекақы және автомобиль
көлігінің атқарған жұмысына сәйкес тұрлі есептеулер есептеу үшін
пайдаланылады.
Егер келіп түскен материалдардың нақты саны, көлемі, сапасы онымен келген
құжаттағы дерекке сәйкес келмесе үлгілі түрі М-7 қабылдау актісі
жасалынады. Сонымен қатар үлгілі түрі М-7 қабылдау актісі жіберу
құжатынсыз келген материалдарға да толтырылады. Бұл акт екі дана етіліп
міндетті түрде материалдарды қабылдап алған кісінің және материалдарды
жіберген жабдықтаушы кәсіпорын өкілінің қатысуымен, егер де жабдықтаушы
ұйымның өкілі болмаған (келмеген) жағдайда бұл ұйымға ешқандай қатысы жоқ
ұйым өкілінің қатысуымен жасалады. Матиалдарды қабылдап болғаннан кейін бұл
актінің бір данасы материалдармен бірге келген жөнелтпе құжатымен бірге
қабылданған материалдарды есепке алу үшін ұйымның бухгалтериясына, ал
екінші данасы кәсіпорынның жабдықтау бөліміне келіп түскен материалдардың
жетіспейтіндігін жабдықтаушы ұйымға хабарлау үшін табыс етеді. Кәсіпорындар
мен ұйымдарға жаңылыс келіп түскен немесе ұйымның алудан бас тартқан
материалдары уақытша қабылданып, бөлек жиналады. Ондай материалдар үлгілі
түрі М-4 кіріс ету ордері бойынша қабылданып, баланс сыртындағы
уақытша сақтауда тұрған материалдық қорлар деп аталатын шотта
есептелінеді.
Матриалдар кәсіпорындар мен ұйымдардың ішіндегі цехтарына, бөлімшелеріне,
өзінің аумағы сыртындағы шаруашылықтарына, сондай-ақ басқа ұйымдарға үлгілі
түрі М-15А материлдарды босату (ішкі ауыстыруды) талап ету жүк құжаты
бойынша босатылады.
Материалдарды босату (ішкі ауыстыруды) талап ету жүк құжаты екі дана
етіліп жазылып, оған бас бухгалтардің немесе ол сенім білдірген тұлғаның
қолы қойылуы арқылы шешіледі.
Егер материалдар қоймадан кәсіпорынның өзінің шаруашылықтарына
(цехтарына, бөлімшелеріне) босатылатын жағдайда үлгілі түрі М-
15Аматериалдарды босатуды (ішкі ауыстыруларды) талап ету жүк құжатының
бір данасы материалдарды алушыға беріледі де, ал екінші данасы қоймада
қалдырылып, кейіннен бухгалтерияға табыс етіледі. Бұл жағдайда толтырылатын
құжаттарды материалдарды босататын қойманың (цехтың) сол материалдарға
жауапты тұлғасы толтырады.
Үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды бұзғаннан, бөлшектегеннен алынатын
іске жарамды материалдарды кіріске алу үшін үлгілі түрі М-35 санды акт
толтырылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірісінде жиі пайдаланылаты материалдық
құндылықтар үшін толтырылатын талап ету қағаздарының санын кемітіп, есеп
жұмысын жеңілдету үшін және материалдарды өнідіріске босату лимитінің
сақталуына ағымдағы бақылау жүргізу үшін лимиттік-заборлық (шектеу
картолары) карталарды қолдануға болады. Лимиттік-заборлық картаның үлгілі
түрі М-8 бойынша ұйымның қоймасынан босатылатын материалдардың санын, ол
материалдар арқылы өндірілетін өнімнің және оның біреуіне жұмсалатын
материалдардың көлеміне қарап экономикалық жоспарлау бөлімі есептен
шығарады. Лимиттік-заборлық карта бойынша материалдар онда көрсетілген
мөлшер шегінде ғана босатылады. Онда қаралған материалдардан артық
өндіріске керек болған материалдар бөлек талап ету қағазы бойынша
босатылады. Лимиттік-заборлық картаның негізіне сүйене отырып өндіріске
босатылатын материалдарды қойманың есебінен шығарады. Лимиттік-заборлық
карта қоймадан бір ай бойы босатылатын материалдарға жасалынады. Бұл
картада шығарылатын өнімнің, шығынның немесе тапсырыстың коды көрсетілуі
тиіс. Лимиттік-заборлық картаның бір данасы жаңа айдың басына дейін
материалдарды алатын цехқа немесе бөлімшеге, ал екінші данасы материалдарды
босататын қоймаға табыс етіледі. Материалдар қоймадан өндіріске цехтың
өкілі өзіндегі лимиттік-заборлық картаны әкелгенде ғана босатылады. Қоймашы
лимиттік-заборлық картаның екі данасына да материалдардың босатылған уақыты
(күні, айы, жылы) мен олардың санын номенклатуралық номері бойынша жазады.
Содан кейін лимиттік-заборлық картаның цехтағы данасына қомашы, ал
қоймадағы данасына цех басшысы немесе оның өкілі қол қояды. Материалдарды
есептеуге осы күнгі санайтын машиналар пайдаланған жағдайда толтырылатын
алғашқы құжаттардың санын азайту үшін қоймада босатылатын материалдарды
тікелей қойманың карточкасына жазу жүйесін деқолдануға болады. Бұл жағдайда
материалдарды қоймадан босатуға ешқандай құжат жазылмайды. Лимиттік-
заборлық картаға барлық бір дана болып жазылатын бухгалтерлік құжаттар
негізделініп жасалады. Материалдарды босату лимитін қоймадағы картаның
өзінде де көрсетуге болады. Бұл карточканың үлгілі түрі – М-17. Цехтың
өкілі материалдарды алған кезде қоймашының есептеу карточкасына қол қояды
да, ал қоймашы цехтың лимиттік-заборлық карточкасына қол қояды. Сондай-ақ
лимиттік-заборлық карточкада өндірісте пайдаланылмай қоймаға қайтарылып
берілген материалдар да есептелінеді. Қоймадағы есеп карточкасына
материалдардың әрбір номенклатуралық номері бойынша босатылғаны, қоймада
қалғаны, материалдарды цехқа әрбір босатқан уақыт сайын немесе лимиттік-
заборлық картаны жапқаннан кейін, бірақ келесі айдың біріне дейін жазылып
отырылуы тиіс. Бұл жағдайда лимиттік-заборлық картаны қоймалық есептің
тиісті карточкаларымен бірге сақтау керек. Лимитті пайдаланып болғаннан
кейін қоймадағы лимиттік-заборлық картаның қорытынды дерегі лимиттік-
заборлық картаның цехтағы данасымен салыстырылады. Егер бұл лимиттік-
заборлық картадағы деректер өзара сәйкес болса, екі жақтың өкілдері, яғни
қоймашы мен цех өкілі деректердің дұрыстығын мақұлдап қол қояды.
Айдың аяғында лимиттік-заборлық картада көрсетілген материалдардың
пайдаланылған-пайдаланылмағанына қарамастан барлық лимиттік-заборлық
карталар бухгалтерияға тапсырылады.
Құрылыс ұйымдарында көбіне лимиттік-заборлық картаның М-28 және М-28А
номірлі үлгілі түрлеріқолданылады. Үлгілі түрі М-28 нөмірлі лимиттік-
заборлық карта материалдарды салынып жатқан құрылысқа ол құрылыс
басталғаннан бастап, аяқталғанға дейін босатуға арналған. Лимиттік-заборлық
картаның бұл түрі құрылыс жұмысына жүргізуші прорабтар немесе мастерлер
т.б. жұмыс жүргізушілердің біреуінде болады.
1.4 Қорларды бағалау әдістері
Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:
1. Арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі
2. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
3. ФИФО әдісі
4. ЛИФО әдісі
Арнайы сәкестендірілген есептеу әдісі
Арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі әдетте бірімен бірін алмастыруға
болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл
металдардың, асыл тастардың т.б.) нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын
есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдар мен істелген
жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл
есетпеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне
қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын
есептеуге арналған.
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған
әрбір материалдық қорлардың бағасы оның кіріске алынғандағы шоты бойынша
бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар
түрінің орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы
қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының
жиынығын материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске
алынған тиісті материалдарының сандарының қосындысына бөлу арқылы
анықталады.
ФИФО әдісі
ФИФО есптен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте
кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады.
Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске
алынғаны, алғашқы болып, яғни бірінші шығыс етіледі деп жорамалданады.
Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен
соң бірі кіріске алынғандағы тізімі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді.
Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың
бағасымен бағаланады.
ЛИФО әдісі
ЛИФО әдісі кәсіпорынға ең соңғы кезекте кіріске алынған материалдар тобы
бірінші болып шығыс етіледі немесе жұмсалады деген қағидаға негізделген,
яғни алғашқы жұмсалатын немесе шығыс етілетін материалдар кәсіпорынға ең
соңғы кіріске алынған материалдардың тиісті өзіндік құны бойынша
бағаланады. Ал ай срңында кәсіпорында қалған материалдар алғашқы кіріске
алынған материалдардың өзіндік құны бойынша бағаланады.
Өндіріске жұмсалынған және материалдардың қоймадағы қалдықтары ФИФО және
ЛИФО әдістері бойынша мына түрде есептелінеді. Мысалы: А – түрлі
материалдар тобы
2-кесте. Қорларды бағалау әдісі
Саны (дана) Бағасы Сомасы
(теңге) (теңге)
А) Қаңтар айының бірінші жұлдызына 50 100 5000
кәсіпорынның қоймасындағы
материалдардың қалдығы
Қаңтар айында кіріске алынған материалдық қорлар
1-Топтамада 100 110 11000
2-Топтамада 80 120 9600
3-Топтамада 90 130 11700
4-Топтамада 100 140 14000
5-Топтамада 70 150 10500
Кіріске алынған материалдық қорлардың жиынтығы
440 --- 56800
Бастапқы қалдықпен қоса есептегендегі қалдығы
490 --- 61800
Ай бойы материалдық қорлардың шығыс етілгені
ФИФО әдісімен бағалағанда 250 28200
ЛИФО әдісімен бағалағанда 250 34900
Ай соңындағы материалдық қорлардың қалдығы
ФИФО әдісімен бағалағанда 240 33600
ЛИФО әдісімен бағалағанда 240 26900

Бұл кестеден көріп отырғанымызда йшығыс етілген 250 дана материалдық
қорлардың құны бойынша есептелінеді.
ФИФО әдісі бойынша:
Бірінші кіріс етілгенде, соның ішінде: айдың басындағы кәсіпорынның
қоймасындағы материалдардың қалдық саны 50 дана сомасы 5000 теңге, бірінші
топтамада кіріске алынғаны 100 дана сомасы 11000 теңге, екінші топтамада
кіріске алынғаны 80 дана сомасы 9600 теңге, үшінші топтамада кіріске
алынған материалдардың тек қана 20 данасы сомасы 2600 теңге шығыс етіледі.
Барлығы 250 (50+100+80+20) дана, сомасы 28200 (5000+11000+9600+2600)
теңгенің материалдары.
ЛИФО әдісі бойынша:
Соңғы кіріс етілгендер, соның ішінде: бесінші топтамада кіріске алынғаны
70 дана, сомасы 10500 теңге, төртінші топтамада кіріске алынғаны 100 дана,
сомасы 14000 теңге, үшінші топтамада кіріске алынған 90 дана
материалдардың сомасы 11700 теңге, 80 данасы сомасы 10400 теңге шығыс
етіледі. Барлығы 250 (70+100+80) дана сомасы 34900 (10500+14000+10400)
теңгенің материалдары.
Материалдық қорларды ФИФО және ЛИФО әдістерімен бағалау барысында
материалдардың талдамалық (аналитикалық) есебін олардың түрлері бойынша
ғана жүргізіп қоймай, егер олар әр түрлі бағамен сатылып алынған болса,
онда келіп түскен материалдарды олардың топтамасы бойынша есептеу керек.
Материалдар баланста нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар
материалдар өздерінің топтамалық (синтетикалық) есебінде нақты өзіндік
құнымен көрсетіледі де, ал талдамалық есебінде жоспарлы есептуе бағасымен
немесе келісілген бағасы бойынша көрсетіледі. Егер кәсіпорын материалдардың
талдамалық есебін келісілген бағасы бойынша есептейтін болса, онда олардың
нақты құны материалдық қордың сатып алынған құны мен дайындау-тасымалдауы
шығындарының қосындысынан тұрады.

2. Қорлардың есебі

2.1 Қорлар және №2 ХҚЕС

№2 ХҚЕС мақсаты босалқылар есебін жүргізу тәртібін орнату
болып табылады. Босалқылар есебін жүргізудегі негізгі мәселе актив ретінде
танылуға жататын және тиісті түсімдерді танығанға дейінгі келесі кезеңдерге
көшірілетін шығындардың шамасын анықтау болып табылады. Стандарт шығынды
анықтау және сатудың ықтимал таза бағасының шамасына дейінгі құнның кез
келген азаюын қоса алғанда, оларды кейіннен шығыстар ретінде тану бойынша
нұсқау береді. Сондай-ақ ол босалқылардың өзіндік құнын анықтау үшін
пайдаланылатын өзіндік құнды есептеу тәсілдері жөнінде түсінік береді. №2
ХҚЕС қызмет көрсетулерге тікелей байланыстыны қоса алғанда, құрылыс салуға
жасалған шарттар бойынша туындаған, аяқталмаған өндірістерді (қараңыз:
Құрылыс салуға жасалған шарттар IAS Халықаралық стандарты);(b)қаржы
құралдарын; Ауыл шаруашылығы қызметімен және жинау кезінде ауыл шаруашылығы
өнімімен байланысты биологиялық активтерді қоспағанда (қараңыз: 41-Ауыл
шаруашылығы IAS) барлық босалқыларға қатысты қолданылады. (b)
ауыл және орман шаруашылығы өнімін, жиналғаннан кейінгі ауыл шаруашылығы
өнімі, сондай-ақ осы өнеркәсіп салаларында қабылданған есеп практикасына
сәйкес іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын пайдалы
қазбаларды өндірушілер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды.
Іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын осындай
босалқылар осы құнның өзгерістері болған кезеңде пайда және залалдар туралы
есепте танылады. (b) сатуға жұмсалған шығындарды есептемегенде
өзінің босалқыларын әділ құн бойынша бағалайтын тауар брокерлері және
трейдерлер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Осындай
босалқыларды сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда, әділ құн
бойынша бағалаған кезде, сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда
әділ құнның өзгеруі өзгерістер болған кезеңдегі пайда және залалдар туралы
есепте танылады. 3(а)-параграфында айтылған босалқылар өндірістің белгілі
бір кезеңдерінде өткізудің ықтимал таза құны бойынша бағаланады. Бұл,
мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жинау немесе пайдалы қазбалар
өндірілген кезде, бұл болашақтағы келісім-шарт немесе мемлекеттің кепілдік
беруі арқылы сатуды растайды немесе белсенді нарық пен сату тоқтап қалатын
тәуекелдің алдын алу мүмкіндігі болған жағдайда болады. Мұндай босалқылар
№2 ХҚЕС бағалау бойынша талаптардан ғана алынып тасталады. Брокерлер және
трейдерлер - тауарларды басқалар үшін немесе жеке өз есебіне сатып алатын
немесе сататын тұлғалар. 3(б)-параграфында айтылған босалқылар негізінен
жақын болашақта сату және бағаның немесе брокерлер мен трейдерлер
маржасындағы ауытқулардан пайда табу мақсатында сатып алынады. Осындай
босалқыларды сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда, әділ құн
бойынша бағалаған кезде олар осы Стандарттың бағалау бойынша талаптарынан
ғана алынып тасталады. төменде көрсетілген мәндерінде мынадай терминдер
пайдаланылады: Босалқылар - бұлар: Қалыпты қызмет барысында сатуға
арналған;осындай сату үшін өндіріс процесіндегі; (c) өндіріс процесінде
немесе қызмет көрсетулері кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе
материалдар нысанындағы активтер. Өткізудің ықтимал таза құны - бұл жұмысты
орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал
шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату
бағасы.Әділ құн - бұл активтерді олармен айырбастаған немесе осындай
мәмілені жасаудан жақсы хабары бар, мәміле жасағысы келетін және бір-
бірінен тәуелсіз тараптар арасында мәміле жасалған кезде міндеттемелерді
реттеуге болатын сома. Өткізудің ықтимал таза құны ұйым әдеттегі қалыпты
қызмет барысында босалқыларды сатудан өтеуді күтетін таза сомаға
байланысты. Әділ құн мәмілені жасау кезінде, нарықта жақсы хабардар,
осындай мәмілені жасағысы келетін сатып алушылар және сатушылардың арасында
ұқсас босалқыларға ауыстыруға болатын соманы көрсетеді. Біріншісі нақты
ұйымға тән болып табылатын құн; соңғысы ондай болып табылмайды.
Босалқыларды өткізудің ықтимал таза құны сатуға жұмсалған шығындарды
шегеріп тастағанда әділ құнға тең болмауы да мүмкін. Босалқыларға қайта
сату үшін сатып алынған және сақталатын тауарлар кіреді. Оларға, мысалы,
бөлшек саудамен айналысатын сатушының алған тауарлары, немесе қайта сатуға
арналған жер немесе басқа мүлік кіреді. Сонымен қоса босалқылар дайын
немесе ұйым шығарған және шикізат пен өндіріс процесінде одан кейінгі
пайдалануға арналған материалдар кіретін жартылай дайын өнім кіреді. Қызмет
көрсету аясының ұйымы 19-параграфта сипатталғандай, ұйым тиісті түсім
шамасын осы уақытқа дейін танымаған қызмет көрсетудің құны босалқыға
кіргізілген жағдайда (18-Түсім ІAS Халықаралық стандартын қараңыз).
Босалқылар міндетті түрде ең кемі екі деңгей бойынша: өткізудің өзіндік
құны мен ықтимал таза құнында өлшенуге тиіс.Босалқылардың өзіндік құнына
міндетті түрде сатып алуға, қайта өңдеуге жұмсалған барлық шығындар және
босалқыларды ағымдағы жай-күйіне және орналасқан жерге дейін жеткізу
мақсатында жұмсалған шығындар жатады. Босалқыларды сатып алуға
жұмсалған шығындарға сатып алу бағасы, импорттық баж салықтары мен басқа да
салықтар (ұйымдар кейіннен салық органдары арқылы өтейтін салықтардан
басқалары), сондай-ақ тасымалдауға, өңдеуге арналған шығыстар және
объектіні сатып алумен тікелей байланысты шығыстар жатады. Сауда
жеңілдіктері, төлемдерді қайтару және басқа да осындай баптар сатып алуға
жұмсалған шығындарды анықтаған кезде шегеріп тасталады. Босалқыларды қайта
өңдеу шығындарына еңбекақы төлеуге жұмсалған тікелей шығындар сияқты өнім
бірліктерімен тікелей байланысты шығындар кіреді. Сонымен қоса оларға
шикізаттан дайын өнім жасап шығару кезінде орын алған тұрақты және ауыспалы
үстеме өндірістік шығыстарды жүйелі түрде бөлу кіреді. Тұрақты үстеме
өндірістік шығыстар амортизация мен үйлерге қызмет көрсету және жабдықтар
мен әкімшілік-басқару шығыстары сияқты өндіріс көлемінен тәуелсіз салыстыра
алғанда өзгеріссіз болып қалатын жанама өндірістік шығындар болып табылады.
Ауыспалы үстеме өндірістік шығыстар шикізаттың жанама шығындары мен
еңбектің жанама шығындары сияқты өндіріс көлемінің өзгеруінен тікелей
немесе тікелей дерлік тәуелді жанама өндірістік шығыстар болып табылады.
Тұрақты және үстеме өндірістік шығыстарды қайта өңдеу бойынша шығындарға
бөлу қалыпты жағдайда жұмыс істеу барысында ұйымның өндірістік қуаттылығына
негізделеді. Қалыпты өндірістік қуаттылық - жоспарлы техникалық қызмет
көрсету нәтижесінде қуат ысырабын есепке ала отырып, істің қалыпты
орындалуы барысында жұмыстың бірнеше кезең немесе мезгілінде орташа
көрсеткіштер негізінде есептелетін өндірістің күтілетін көлемі. Өндірістің
нақты деңгейі қалыпты жағдайдағы қуаттылыққа жуық мәнде сәйкес келгенде
ғана пайдаланыла алады. Өнімнің әрбір бірлігіне қатысты тұрақты үстеме
өндірістік шығыстар сомасы өндіріс деңгейінің төмендеуі немесе ұйымның
тоқтап қалуы салдарынан өспейді. Бөлінбеген үстеме шығыстар оның пайда
болуы кезеңіндегі шығыстар ретінде танылады. Өндіріс деңгейі ерекше жоғары
болған кезеңде өнімнің әрбір бірлігіне қатысты тұрақты үстеме өндірістік
шығыстар сомасы босалқылар өзіндік құнынан жоғары бағаланбайтын мөлшерде
азаяды. Өндірістік қуаттылықты шын мәмінде пайдалану негізінде ауыспалы
өндірістік үстеме шығыстар өнімнің әрбір бірлігіне жатқызылады.
Өндірістік процесс нәтижесінде бір мезгілде көп өнім шығарылуы мүмкін.
Мысалы, бұл бұйымды бірігіп шығару жағдайында, немесе негізгі өнімнің
өндірісі қосымша өнімді өндірумен қатар жүріп отырған жағдайда болады.
Әрбір өнімге жұмсалған шығындарды бөлек анықтай алмаған жағдайда, оларды
өнімдердің арасында теңбе-тең және бір ізді бөледі. Бөлу, мысалы, не
өндіріс процесі кезеңінде өнімдер ұқсас болғанда, не дайын өнім шығарылған
кезде анықталатын әрбір өнімді сатудың салыстыра алғандағы құнына
негізделуі мүмкін. Қосалқы өнімдердің көбісі табиғатынан мардымсыз. Осындай
жағдайларда оларды көбінесе сатудың ықтимал таза бағасы бойынша бағалайды
және бұл шама негізгі өнімнің өзіндік құнынан шегеріледі. Нәтижесінде
негізгі өнімнің баланстық құны оның өзіндік құнынан аз ғана ерекшеленеді.

Басқа да шығындарға босалқыларды қазіргі орналасқан жеріне дейін
жеткізуге және жай-күйіне байланысты деңгейдегі олардың өзіндік құны ғана
жатады. Мысалы, босалқылардың өзіндік құнына өндірістік емес үстеме
шығыстарды немесе нақты клиенттерге арналған өнімді әзірлеу жөніндегі
шығындарды жатқызу орынды болуы мүмкін.Төменде босалқылардың өзіндік
құнынан алынып тасталатын және олардың пайда болуы кезеңінде шығыстар
ретінде танылатын шығындардың мысалдары келтірілген: (а) шикізаттың,
жұмсалған еңбектің нормативтен тыс ысырабы немесе басқа да өндірістік
шығындар;егер олар тек өндірістік процестің келесі кезеңіне көшу үшін осы
өндірістік процесте қажет болмағанда ғана сақтауға жұмсалатын
шығындар;босалқыларды қазіргі орналасқан жеріне және жай-күйіне дейін
жеткізуге байланысты емес әкімшілік үстеме шығыстар;сатуға жұмсалатын
шығындар.23-Қарыздар бойынша шығындар IAS Халықаралық стандарты
босалқылардың өзіндік құнына заем бойынша шығындар кіретін сирек
жағдайларды анықтайды. Ұйым босалқыларды төлем мерзімін кейінге қалдыру
шартымен сатып ала алады. Осындай келісімде іс жүзінде қаржыландыру
элементі болғанда, бұл элемент, мысалы, әдеттегі сауда кредиті шартымен
сатып алу бағасы және төленген сома арасындағы айырмашылық қаржыландыру
кезеңіндегі пайыздар бойынша шығыс ретінде танылады. Қызмет көрсету
саласындағы ұйымдардың босалқыларының өзіндік құны. Қызмет көрсету
саласының ұйымдарындағы босалқылардың болу дәрежесінде оларды өндіруге
жұмсалған шығындар бойынша бағалайды. Бұл шығындарға, ең алдымен, жалақы
төлеу және қызметтер көрсетуге, оның ішінде бақылауға тікелей қатысатын
қызметкерлерге жұмсалатын басқа да шығындар, сондай-ақ тиісті үстеме
шығыстары жатады. Жалақы және сауда және жалпы әкімшілік қызметкерлерге
жұмсалатын басқа да шығындар босалқының өзіндік құнына кіргізілмейді, бірақ
олар туындаған кезеңдегі шығыстар ретінде ескеріледі. Қызмет көрсету саласы
ұйымдарының босалқылардың өзіндік құнына көп жағдайда ұйымдар көрсететін
қызметтердің бағасына кіретін пайда немесе үстеме шығыстарға жатпайтын
нормалар кірмейді.Биологиялық активтерден алынған жиналған ауыл шаруашылығы
өнімінің өзіндік құны 41-Ауыл шаруашылығы (IAS) ХҚЕС-на сәйкес ұйым
биологиялық активтерден жинаған ауыл шаруашылығы өнімдерінен тұратын
босалқылар бастапқы тану кезінде жинау орнында сатуға жұмсалған шығындары
шегерілген әділ құны бойынша бағаланады. Бұл осы Стандартты қолдану
мақсатында босалқылардың сол күнгі өзіндік құны болып табылады.
Нормативтік шығындар бойынша есепке алу әдісі және бөлшек баға әдісі сияқты
босалқылардың өзіндік құнын айқындаудың әр алуан әдістері, егер олардың
нәтижелері өзіндік құнға жуықтап сәйкес келетін болса, қолайлылық үшін
пайдаланылуы мүмкін. Нормативтік шығындар шикізаттар мен материалдарды,
еңбекті пайдаланудың, тиімділік пен қуаттың қалыпты деңгейін ескереді.
Оларды ұдайы тексереді және қажет болған жағдайда, ағымдағы жағдайларға
қарай қайта қаралады. Бөлшек саудада тез арада өзгеретін көптеген
бұйымдардан тұратын, олар үшін өзіндік құнды бағалаудың басқа әдістерін
пайдалану орынды болып табылмайтын босалқыларды бағалау үшін көбінесе
бөлшек баға әдісі пайдаланылады. Босалқылардың өзіндік құны сатылған
босалқылардың жалпы құнын жалпы маржаның тиісті пайызына азайту арқылы
анықталады. Пайдаланған пайыздың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылығы ұйымдарындағы қорлар есебі мен бақылауын жетілдіру
Материалдық қорлар
Қоймадағы қорлардың есебі
Тауар- материалдық қорлар есебі
Қорлардың мәні және олардың классификациясы
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы тауарлы – материалдық қорлардың есебі және талдауы
Материалдардың номенклатурасы
Қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық қорлардың есебі
Есепке алу әдістемесі
кәсіпорындағы тауарлы материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуын зерттеу және «ЕмбіМұнайГаз» АҚ – ның мәліметтері негізінде кәсіпорынға экономикалық сипаттама беру
Пәндер