Қылмыстың түсінігі туралы ұғым


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
ÄÈÏËÎÌÄÛ² ƵÌÛÑÛ
òàºûðûáû ²ûëìûñòû» ò¾ñiíiãi
ЖОСПАР:
- Кіріспе бөлім.
- Негізгі бөлім.
І-тарау. Қылмыстық құқықгағы қылмыс туралы ұғым, оның белгілері және ол туралы ғалымдардың пікірлері.
- Қылмыстық қүқықгағы қылмыс туралы ұғым мен оныңбелгілері.
- Заңгер ғалымдардың қылмыс және оның белгілері туралыпікірлері.
- Қылмыстың баскда құқық бұзушылыктан айырмашылығы. ІІ-тарау. Қылмыстың турі мен құрамы.
ПІ-тарау. Қылмыс санаттары.
- Қорытынды.
- Қолданылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Бітіру жұмысы қылмыстық құқық бойынша «Қылмыстың түсінігі» деген тақырыпқа арналтан. Жұмыс кіріспеден, қорытындыдан жоне үш тараудан тұрады. Олар:
1) Қылмыстық қүқық бойынша қылмыстың түсінігі мен белгілері;
2) Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың құрамы мен түрі;
3) Қылмысты топтастыру;
Қорытынды пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспеде пайдаланылған әдебиеттерге шолу жасалған.
Бірінші тарауда қылмыстық қүқық. бойьшша қылмыстың (топтастыру) түсінігі мен белгілеріне анықтама берілген.
Екінші тарауда қылмыс күқық бойынша қылмысты топтастыру туралы айтылады. Қылмысты жіктеуде оның коғамға қауіптілігінің мәні мен дәрежесіне және К. К, 9-бап бойынша кінәсінің түріне қарай қарастырылады. Қьшмыс қоғамға кауіптілік дәрежесіне қарай түрі 4 топқа бөлінген: 1) онша ауыр емес; б) ауырлығы орташа; 3) ауыр; 4) ерекше ауыр қылмыс. Мүнда қылмыстың басқа тәртіп бүзушылыққа қарағанда қоғамдық қауіптілігінің дэрежесі мен сипаты айтылған.
Қорытынды бөлімде қылмыстың алдын-алу мәселелері сөз болады.
Бітіру жүмысы қылмыстық қүқық саласындағы ғылыми дәрежелерге, соңғы жылдардагы мемлекеттік қүжаттарға негіздеуді басты мақсат еткен.
Зерттеу еңбектері:
- Прохорова В. С. Монография. Қылмыс және жауапкершілік. Ленинград университеті баспасы. 1984ж. 135 б. Бүл еңбек қылмыстық-күқықтық категориясы - қылмыс пен жауапкершіліктің іргелілігін зерттеуге арналған.
Бұл еңбекте қылмыс күрделі әрі жан-жақты әлеуметтік құбылыс ретінде қаралып, оның бір жағынан, әлеуметтік құқықтык мәні мен мазмұны, екінші жағынан, құқықтық түрі талданған. Бұл үшін қылмыстын зияндылығы мен оның себебінің механизмін зерттеп, әрбір қылмыстың қоғаммен адамдардың тиісті байланысына қатысты нақты заман әкелгенін дәлелдеуге ұмтылады.
2. Кривоченко Л. Н. Қылмысты жіктеу. Харьков. Жоғарғы мектеп. 1983 ж., 130 бет.
Бұл монографияда қылмысты жіктеу мәселесі оның қоғамдық қауіптілігінің мәні мен дәрежесі қылмыстық-қүқықтық жалпы бөлігіндегі олардың орны зерттеледі. Мүндай жіктеудің материалды және формальды белгісін, нақты қылмыс категориясының жалпы және өзіндік ерекшелігін, оның занды қылмыстық-қүқықтық зардабын зерттейді. Қылмысты жіктеуді жетілдірудің қылмыс зандарының сот, тергеу практикасында қолданылуына қолайлы жағдайлар жасалуына арналған тиісті ұсыныстар енгізілді.
3. Сахаров А. Б. КСРО қылмыскерлердің жеке ерекшелігі мен қылмыстық себептері. М. Заң әдебиеті, 1961 ж., 277 бет.
Сахаров еңбегінде қылмыскердің жеке ерекшелігімен оның қоғамға қарсы қылықтарының себебі туралы мәселе әлеуметтік жағынан зерттеледі.
Автор соттау кезіндегі сот тәжірибесін пайдалана отырып, қылмыскердің мінезінің негізіне жататын оның жеке көзқарасы мен қылмысқа түрткі болушы жағдайдың себебін тандайды. Қылмыскердің іс-әрекет жасауының субъективті және объективті жағдайы, жеке түлғаның адамгершілігінің қалыптасу жайы қандай болатыны да сөз етіледі.
4. Дурманов Н. Д. Қылмыс туралы түсінік. М. Л. КСРО Ғ. А. баспасы, 1948 ж., 3116.
Профессор Дурмановтың монографиясы бұл күнде де өзінің ғылыми және практикалық құндылығын жойған жоқ.
Бұл жұмыстағы басты ой - қылмыс заңдылық ұғым бола отырып, қоғамдық өмірдегі белгілі бір байланыста болатынын, содан негіз алатындығын айту.
Мұнда алғашқыда қылмыс нақтылы жасалған объективті өмірдегі адамның іс-әрекеті ретінде аныкталады. (I бөлім) .
Келесі бөлімде қылмыстық материалдық белгілерінің ерекшелігі анықталады. (III, IV, V бөлімдер) .
Мұнда одан кейінгі екі бөлім кылмыстык заңға қарсы әрекет-әрекетсіздік екендігін заң жүзінде анықтауға арналған (VI, VII бөлімдер) .
VIII бөлімде қылмыстық әрекеттің моральға қатынасын айтады.
IX бөлімде жоғарғы бөлімдерде айтылғандарға тандау жасайды, қылмысқа жалпы анықтама береді.
Соңғы X бөлім қылмыс пен тәртіпті бұзышылықтың өзгешелігін бір-бірінен шектеу туралы айтылған.
5. Б. Саркисов Г. С. Қылмысты ескертудің әлеуметтік жүйесі. Ереван "Аэстан" баспасы, 1975 ж. 157 б.
Монография қылмысты ескертудің проблемаларына арналған. Мүнда қылмысты жоюдың міндеттері мен шаралары қаралады, әлеуметтік жүйесіне талдау беріледі. Яғни оның үғымы, мазмүны, субъектісі, жіктелуі бүл жүйе қүрылысының кебір ерекшеліктері, оның тиімді болуына жасалатын жағдай айтылған.
6. РСФСР-ға еңбегі сіңген қайраткер, заң ғылымының докторы, профессор М. И. Ковалевтің монографиясыңца ("Қылмыс үғымы мен белгілері және оның жіктеудегі мәні", Свердаовск, 1977 ж. )
Монографиясында кеңестік қылмыстық-қүқықтық ғылымдағы негізгі проблемалардың бір ретінде қылмыс туралы түсінік зерттеледі.
Автор бүл тақырыпта қылмыстық жауапкершіліктің заңды негізінде қылмыстық белгілері мен құралын анықтауға байланысты көптеген сұрақтар төңірегінде сөз еткен. Сондықтан қылмыс туралы Қазақстан Республикасы криминалист ғалымдардың, оның ішінде профессор Г. Ф. Поленовтың, профессор Жекебаевтың, Нұртаевтың, Баймурзиннің ғылыми еңбектерінде де айтылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің жаңа жобасында Қылмыс туралы щдңем жаңа анықтама берілген. Мұнда қылмыстың да жазамен қорқытып тыйым салған адамнан жеке басының, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіретін немесе зиян келтіру қауіпін тудыратын кінәлі іс-әрекет /әрекет немесе әрекетсіздік/ қылмыс болып табылады деп көрсетілген. Бұл жерде қылмыстың негізгі белгісі қоғамға қауіптілік деген сөз жоқ. Оның орнында зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупі деген сөз бар. Яғни болашақта зиян қылмыстың ұғымының негізгі белгісі қарастырылады. Ал, бітіру жұмысында қарастырылатын мәселе қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша қылмыстың түсінігіне тоқталу болып табылады.
БІРІНШІ ТАРАУ.
1. 1. Қылмыстық кукықгағы қылмыс туралы ұғым мен белгілері
Қылмыстың алғашқы нормативті анықтамасы "РСФСР қылмыстық құқығын басқарудың бастамасында" /1919 ж. / берілді, 5-бап "қылмыс қылмыстық кұқықпен қорғалатын қоғамдық қатынас тәртібін бұзу". 6-бап қылмыс "сол жүйенің қоғамдық қатынасына қауіпті әрекет не әрекетсіздік" ретінде анықталған. 8-бап қылмыстың сол жүйенің қоғамдық қарым-қатынасын қауіпті деп танылуының негізі айтылған. Мұнда бұл жүйенің қоғамдық қатынасы "пролетариат диктатурасы кезеңінде капитализмнен коммунизмге өтудегі ұйымдастырушы таптық, көпшілік еңбекшілердің мүддесіне" сәйкестігі көрсетілген.
1922 жылғы РСФСР ҚК 6-бабында қылмыс "коммунистік құрылысқа өтудің өтпелі кезеңінде жүмысшы мен шаруалар өкіметі белгіленген кеңес қүрылысына қауіп төнетін әрекет пен әрекетсіздік" деп мойыңдаған.
1928 жылғы РСФСР ҚК 6-бабыңда "социалистік қүрылысқа өтудің өтпелі кезеңінде жүмысшы мен гаруалар екіметі белгіленген кеңестік қүрылысқа қарсы бағытталған не болмаса тәртіп бүзушы қоғамдық қауіпті әрекет не әрекетсіздік деп белгіленген.
Қылмыстык материалдык белгілерін одан әрі дамыта отырып қоғамға қауіптілігін 6-бап ескертпесінде былай белгілеген: "Осы кодекстің негізгі бөлімінің баптарында маңызы шамалы және зияндылығының зардабы қоғамдық қауіптілік мәнінен айырылған жаттанды және теріс ықпалға түскен белгілері бар әрекет қылмыска есептелмейді.
Осыған үқсас қылмыс туралы үғым мен маңызы шамалы істер одақтас республикалардың ҚК 1926-1935 жылдарға дейін болды. 1
Қылмыс туралы ұғымның кейбір заңды жинағында өзара айырмашылықтар болғанымен, қылмыстың басты белгісі ретінде ның әлеуметтік табиғатын білдіретін қоғамға қауіптілігі негізге алынды.
Қазақстан Республикасында қылмыстық анықтама берілген. Ол ҚК 9-бабы бойынша айтылған: Қылмыстық занда көзделген қоғамдық құрылысына оның саяси және экономикалық жүйелеріне, меншікке, азаматтардың жеке басына, саяси, еңбек, мүліктік және басқа құқықтарымен бостандықтарын қиянат жасау қылмыстық занда көзделген қоғамдық қауіпті іс-әрекет қылмыс деп танылады. 2 Бұл анықтамаларда қылмыстың қауіптілігі тікелей айтылған. Бұл туралы басқа да баптарда айтылған, мысалы, 2-бап: Бұл міндетті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қандай қылмыс болып табылатындығын анықтайды және қылмыс істеген адамдарға қолдануға тиісті жазаны белгілейді. 3
3-бап бойынша "қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық занда көрсетілген, қоғамға кауіпті іс-әрекеті қасақана немесе абайсызда істегенде айыпты адам тартылады. 4 Қазақстан ҚК 9-бап қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің белгілерін саралап, оның жалпы түрлерін көрсеткен: қоғамдық қүрылыс, шаруашылық жүйесі, сонымен қатар мемлекет тәртібін қылмыс пен бүзушылықтың барлық түрі. Бүдан шығатын қорытынды қылмыстың басты белгісі - оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамдық қауіптілік адам іс-әрекетінің формасын емес, оның материясы мен мазмұнын беретін материалдық белгісі ретіңде қаралады. 2
2 Қазақ ССР қылмыстык кодексі. А. 1997 ж.
3 Бұл да сонда. 4-бет.
4 Бұл да соңда. 5-бет.
Қылмыстық қоғамдық қауіптілігі объект және субъекті белгілерінің жиынтығына байланысты.
Қоғамдық қауіптіліктің мазмұны қылмыстық объектіге әкелген зияндылығының көлеміне де байланысты. 3
Қоғамдық қауіптілік көбінесе зияндылықтың зардабының мәні мен өлшемін, кінәсінің формасы мен түрінен, ниетінен, қылмыстың мақсатынан, оның жасалуынан, т. б. көрінеді.
Қоғамдық қауіптіліктің мәні қылмыстың зандылығының өзгешелігінің сапасын анықтайды. Ол қылмыстық қол сұғудың объектісінің мазмұнына нақты қоғамдық қатынас, әкелген зиянның мөлшері, көлемі, маңызы, мазмұны /материалдық, моральдық, идеологиялық, рухани, әлеуметтік психологиялық, ұйымдастыру-басқару/ қылмысты қол сұғудың жасалу ерекшелігіне /зорлау, зорлықсыз, қарапайым немесе машықтанған/, кінәсінің түріне "/әдейі не байқаусызда/, қылмыстық ниет пен мақсатының мазмұнынан /арам пиғылы, жеке опасыз ниеттері/ байланысты.
Қоғамдық қауіптілік дәрежесі - ол қауіпті істің бір немесе сол мәнімен салыстырғанда топтық көрінісі. Ол шығынның көптігінен /ірі материалдық шығын, жеңіл тән жарақаты/, кінәнің дәрежесі мен /алдын ала ойластрылған, кенеттен ойланған өрескел байқаусыздық/, қылмыстық мотиві мен мақсатының опасыздық дәрежесімен, қылмыстық қауіптілігінің орнының ерекшелігіне, уақытша байланысты "қылмыстың жасалу жағдайы мен /соғыс кезінде, қоғамдык апат жағдайында/ және басқа қылмыстың жасалу жағдайларымен анықталады.
Қоғамдық қауіптілік әрекеті, егер жасалғанда ол занда көрсетілген болса, яғни заңға немесе құқыққа қарсы болмаса қылмысқа есептелмейді.
Қылмыстык құқыкқа қарсылық қылмысты әрекеттің басқа міндеті белгісіне жатады. Құқыққа қарсы қылмыс занда қаралған нақты қоғамдық қауіпті әрекетпен сипатталады.
Заңға карсы әрекет қылмыстық занда көрсетілген норманы бүзып, тиым салған іс жасап, заңмен қорғалған белгілі объектіге зиян жасау. Мысалы, Қазақстан ҚК 175-бапта "Үрлық, ягни бөтеннің мүлкін жасырын үрлау, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе 2 жыл мерзімге түзеу жұмыстарына жазаланады" делінген. Бұдан байқағанымыз біреудін мүлкін ұрлау заңға қарсы әрекет, себебі заңмен қорғалған біреудің меншігіне шығын жасау болып табылады.
Қылмысты сипаттай келе оның адамгершілікке жатпайтын қылық басқалардың моральдық қарсылығы тудыратын жат қылық екенін аңғарамыз.
Біздің қоғамға құқық пен адамгершілік бір-біріне қарсы шықпайды, қайта толық бірлікте"олады. Бұл біздің қоғамға қүкық пен адамгершілікті бір қағидамен қатар қоятындығын байқатады. Бірақ адамгершілікке жат қылықтың барлығы бірдей қоғамдық қауіптілік дәрежесіне жете бермеуі мүмкін. Ол әкімшілік, азаматтық немесе т. б. ретте адамгершілік жағының талқыға салынуы мүмкін.
Сонымен қорыта келгенде, біздің қылмыстык теорияда заңмен қорғалған объектіге қастык жасау, зиян келтіру немесе зиян келтіру каупін төндіру, заңға қарсы іс-әрекет қылмыс деп есептеледі. 7
7 Қазақстан қылмыстык құқығы. Жалпы бөлім. А. 1986 ж. 53-бет.
1. 2. Заңгер галымдардың қылмыс және оның белгілері
туралы пікірлері
Қылмыс онымен тікелей байланысты жаза қоғам тарихының барлық дәуірлерінде өзгеріссіз болып келген ұғымдар емес. Қылмыста құбылмалы, өзгеріп тұратын ұғымдардың бірі. 1926 ж. Ресей Қылмыстық Кодексі: 1959 ж. қабылданған Қазақстан Қылмыстық Кодексімен салыстырғанда, қазіргі уақытқа дейін 75 бап алынған.
Қылмыс дегеніміз - біріншіден, қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекет. Бұл қылмыстың тарихи анықтамасы: екіншіден, бұл коғамға қауіпті іс-әрекет. Бұл жерде бірінші формальды аныктама, ал екінші материалды аныктама. Ягни қылмыс қауіпті ғана әрекет немесе әрекетсіздік емес, тек қылмыстық занда атап көрсетілген әрекет немесе әрекетсіздік.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 9-бабында қылмыс дегеніміз - қылмыстық занда көзделген қоғамдық кұрылысқа, оның саяси және экономикалық жүйелеріне, мемлекеттік меншікке, азаматтардың жеке басына, саяси, еңбек, мүліктік және басқа құқықтарымен бостандықтарына қиянат жасайтын коғамдық қауіпті іс-әрекет /әрекет немесе әрекетсіздік/. Соңдай-ақ құқық тәртібіне қиянат жасайтын кылмыстық занда көзделген коғамға қауіпті іс-әрекет.
Қылмыс кез келген заңға қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік емес, ол тек қылмыстық заңда көрсетілген нормаға қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыстық заңға кайшы әрекет немесе әрекетсіздік дегеніміз қылмыстық зандарға кіретін нормаларға көрсетілген құрамдағы белгілерге дәл келтіретін әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыстық заңға қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздіктердің басқа да зандарға кайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздіктерден өзгешелігі бар. Ол мынада: қылмыс деп саналатын әрекет немесе әрекетсіздік тек қылмыстық заңда қаралатын нормаларға қайшы болуға тиісті. Қылмысты әрекет қылмыстық заң оны істеуге тыйым салған әрекет. Қылмыстық әрекетсіздік - қылмыстық заң істе деп міндеттеген әрекетті істемеушілік.
Болгарияның Қылмыстық Кодексінің 2-бабында қылмыс дегеніміз - кінәлі түрде істелген занда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс" делінеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық зандарының міндеті Қылмыстық кодекстің 2-бабында былай делінген: "Қоғамдық және мемлекеттік құрылысты, меншікті, азаматтардың өз басы мен кұқықтарын және бүкіл құқық тәртібін қылмыстық қол сұғушылардан қорғау".
Қазіргі уақытта қылмыстық негізінің 4 белгісі бар.
а/ қоғамға қауіптілігі
б/ қылмыстың кінәлі сілтеуі
в/ қылмыстық занда көрсетілуі
г/ жаза
Қоғамдық қауіптілік бұл қылмыстың негізгі белгісі, ол қылмыс мағынасын ашады және де іс-қимылды мемлекет қылмыс деп танитынын көрсетеді.
Л. Шуберт "Іс-әрекет қоғамдық қауіпті деп тануды анықтау тек заң шығарушыларға байланысты деп санайды", сондықтан онымен келісуге болмайды. Заң шығарушыға тек қандай қоғамдық қауіпті іс-қимылды қылмыс деп тануды ғана анықтау қатысты немесе байланысты.
Ал, осы Л. Шуберттің кітабында М. Д. Шаргородский мынадай пікір жазды: "Қоғамдық қауіптілік - бұл адамның нақты іс-қимылының объективті-әлеуметтік қасиеті, ол белгілі бір сатыда қоғамдық қауіптілік құқыққа қарсылық, ал кейде қылмыстық жазалау болады".
Қылмыстың қоғамға қауіптілігі туралы мәселені шешу қылмыстыд қандай маңызы бар объектіге қол сұғуына немесе кол сұғуға бағытталуына, оған, ягни объективті келтірілген, немесе келтірілетін зиянның молшеріне байланысты.
Қоғамдық қауіптілік қоғамға зиян іс-қимылды білдіреді. Ал басқаша айтқанда қоғамдық қауіптілік іс-қимылы қоғамдық қатынастарға белгілі бір зиянды каупін жасайды, келтіреді. Ал қылмыс зиян келтіретін қоғамдық қатынастардың тізімі ҚР Қ-дегі 2, 9-баптарда көрсетілген.
Бұл қоғамдық қауіптілік көптеген елдер әдебиетінде талқыланған, Солардың ішінде жалпы қылмыс түсінігінің қоғамдық қауіптілік белгісі, оның мәні мен мағынасы поляк әдебиетінде де талқыланады. Польша КІЖК-нің 49-бабына маңызы аз іс-қимыл түсінігін енгізгеннен кейін, коғамдық-қауіптілік қателік пен барлық қылмыстық құкықтағы қиыншылық панацеясьш айналдырылған деген көзқарастар айтылады.
Өсек, жала, қорлау, сабау, зорлау сияқты ерекше процессуалдық ретпен қозғалатын қылмыстық істердің қылмыс категорияларыңда қоғамдық қауіпті іс-қимыл оның объективті мәнін өзгертпейді.
Н. Ф. Кузнецов өз кітабында: "Барлық қауіптілік зияннан басталуын көрсетеді, сондықтан қылмыстың аяқталуын қоғамдық қауіпті дұрысырақ, қоғамдық зиян деп айтсақ болады, " - деп жазды. /Н. Ф. Кузнецов. "Преступление и преступность". 618 с. /
Н. Кузнецов ҚК-не қылмыстық сипаттамасын көрсету үшін "қоғамдық зиянның іс-қимылын қолдану қажет", - деді.
Барлық қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі болады. Олар қоғамдық қауіптілік сипаттамасымен, дәрежесімен ерекшеленеді, яғни осыған байланысты әр түрлі зардап дәрежесі болады. Ол көбінесе қылмыс түрлеріне бөлген кезде заң шығарушымен есепке алынады.
Қоғамдық қауіптіліктің сипаты - қылмыстың қоғамдық қауіптілік сапасын, ерекше қасиетін, ерекшелігін біддіреді. Қоғамдық қауіптілік сипаты оның сапасын, ал дәрежесі қоғамға кауіпті қылмыстың санын жинақтайды.
Барлық құрам элементтері - объект және субъект, олардың өздерінің мазмұны - қоғамдық қауіптілік сипаты. Олардың барлығы бірігіп тиісті қылмыстардың мазмұны мен сипатын құрайды. Қылмыс объектілерінің мазмұнын қылмыстық занмен қорғалатын қоғамдық қатынастар мазмұнын құрайды. Объектілердің мазмұны қоғамдық қауіпті қылмыстың сипатын анықтауда маңызды роль атқарады. Объектіде байланысты олар шамалы емес, ауыр, өте ауыр болып бөлінеді.
Қылмыс қауіптілігінің сипатын анықтау үшін, объектіге қарау қажет. Міне осы жерден бандитизм өзінің қоғамдық қауіптілік сипатымен, әскерге қызмет етуде бас тартудан, бұзақылық заңсыз емделушілікпен шұғыл түрде бөлінеді.
Қауіптілік зиянның сипатына байланысты материалдық, моральдық зиян келтіретін қылмысты бөлуге болады. Және де олардың біркелкі сипаты анықталады.
Қоғамдық кауіптілік қоғамдық қылмыстың сипатына - күштеу тәсілі, ауырлату белгісі, құралы бұлардың барлығы әсер етеді.
Қоғамдық қауіптілік қылмыс сипатының басты маңызды белгісі болып, кінә формасы қасақана немесе абайсызда және қылмысты іс-әрекеттің мазмұнының себебі және мақсаты болып табылады.
Бір объектіге жасалынған қылмыс өзінің сипатымен бәліне алады, ягни кінә формасының бөлінуіне байланысты, мысалы, қасақана өлтіру, абайсызда жасалынған қылмыстан басқа сипатка ие болады. Сондықтан да зың шығарушы оларға жауаптылықты әр апта әр түрлі қарайды.
Себеп және мақсат мазмұны қылмыстың қоғамдық қауіпті қылмыс сипатына әсер етеді. Ол қылмыстарды спецификалық туыстық сипаты бойынша бөлуге мүмкіндік туғызады.
Практикада бандитизмдік пен шабуыл жасап тонау қылмыстары қылмыстық қауіптілік сипаты бойынша бір текті болып есептеледі.
Қоғамдық қауіптілік қылмыс сипатына аз да болса, субъект мазмұны әсер етеді /ол жалпы немесе арнаулы, жай қылмыскер болмаса, ерекше кауіпті рецидивист/.
Қоғамдық қауіптілік сипаты - қылмыс топтары үшін және ерекше қауіпті рецидивистерді анықтау үшін үлкен мағынасы бар.
Қоғамдық қауіптілік дәрежесі бұл қылмыстың материалдық белгісінің сандық жағы. Барлық қылмыстың іс-әрекетін сапалық белгілерімен қатар сандық жағы бар.
Қылмыстық қоғамдық қауіптілік дәрежесі негізінен залал дэрежесінің қауіптілігіне, оның көлеміне байланысты. жасалынған қылмыс тәсілі, орны, уақыты, сипаты бойынша болғанымен, қоғамдық қауіпті қылмыстың дәрежесі бойынша әр түрлі болып келеді. Күштеу тәсілі әртүрлі күштеу дәрежесінде болады.
Кінә және оның формаларының дәрежесі болады. Қоғамдық қауіпті қылмыс дәрежесі бойынша заң шығарушымен, ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларға бөлінеді. Бүл типтік қоғамдық қауіптілік дәрежесі. Оны заң шығарушының өзі топтап, түрлі жеңілдіктерді, қылмыс белгілерін көрсетіп оны анықтайды.
Қылмыстық қоғамдық қауіптілік дәрежесі сотта нақты жаза және жазаны қоғамдық ықпал, әсер етуі мен ауыстыру сүрағын шешуде маңызды роль атқарады. Қылмыстық қоғамдық қауіптілігінің нақты дәрежесін анықтауда, жазаны дараландыру үшін және кінәліні жүртшылыққа қайта тәрбиелеуге беруді шешу үшін екі топтағы жағдай есепке алынуы қажет: барлык қылмыстық іс-әрекеттің субъективті және объективті белгілерінің қоғамдық қауіптілігінің нақты дәрежесі бір жағынан және жеңілдететін ауырлататын Қылмыстық Кодексте көрсетілген 53-54 баптағы жағдайлар екінші жағынан.
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері Қазақстан Республикасының Қылмыстық Коедксінің 52-бабына сәйкес істелген сипатын және коғамға қауіптілік сипатын, айыптының жеке басының кім екендігін, істің жауаптылықты жеңілдететінін және ауырлататынын мән-жайларды есепке алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz